Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Таңдау компоненті ретінде интеллектуалды жүйелер

 Қазақстан қоғамының қазіргі заманғы даму кезеңінде ғылымның жəне білім берудің дамуы əлеуметтік-экономикалық жүйенің бəсекелі маманды даярлау жағдайында алдыңғы қатарлы мемлекеттің санына енеді [1]. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сəйкес прогрессивті технологияларды жəне оқыту жүйелерін жасау жəне енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады [2]. Еліміздегі басты бағыттардағы негізгі көрсеткіштердің бірі ақпараттық технологиялардың қолданылуы екендігі белгілі. Ал ақпараттық технологиялардың дамуы туралы айтқанда, интеллектуалды жүйелердің дамуы жайлы айту орынды. Осы орайда еліміздегі интеллектуалды жүйелердің жоғары оқу орындарында оқытылуын, жалпы даму көрсеткіштерін қарастыру қажет болғандықтан да аталмыш бағытты талдау зерттеу міндеті болып қойылды, яғни:

  • жоғары оқу орындарында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлаудың негіздерін жəне жағдайын анықтау;
  • интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің моделін жасау, оның компоненттерін, критерийлері жəне көрсеткіштерін анықтау;
  • интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің моделін жүзеге асыратын педагогикалық жүйе жасау;
  • студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіруді оқу-əдістемелік қамсыздандыру;
  • студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің педагогикалық жүйесінің тиімділігін тəжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу арқылы жүзеге асыру.

Зерттеудің жетекші идеясы жоғары оқу орнында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру арқылы қазіргі заманғы ақпараттық саладағы дамуларға сай, өз кəсіби қызметінің талаптарын қанағаттандыратын маман даярлау болды.

Зерттеу жұмыстары төмендегідей бірнеше кезеңдермен жүзеге асырылды:

  • бірінші кезеңде зерттеу мəселесі бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, математикалық, ақпараттық технологиялар, интеллектуалды жүйелер бойынша əдебиеттер қарастырылды, ғылыми-əдістемелік, диссертациялық жұмыстар талданды. Зерттеудің ғылыми аппараты қалыптасты, негізгі ұғымдар нақтыланды, айқындаушы эксперимент өткізілді;
  • екінші кезеңде осы салада маман дайындайтын мамандықтар бойынша оқу жұмыстық бағдарламалары жасалды, интеллектуалды жүйелер бойынша студенттерді даярлауды жетілдірудің моделі, модельді жүзеге асыратын педагогикалық жүйе жасалды, студенттердің интеллектуалды жүйелер бойынша білімдерін, іскерліктерін жəне дағдыларын қалыптастыру деңгейлері анықталды жəне негізделді, студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің педагогикалық жүйесін қолдану жəне енгізу тиімділігі бойынша қалыптастырушы эксперимент өткізілді;
  • үшінші кезеңде алынған эксперимент нəтижелері талданды жəне статистикалық өңделді. Алынған нəтижелер салыстырылды жəне жалпылама қорытындылар, ұсыныстар жасалды.

Жоғары оқу орындарында интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру жəне оқу- əдістемелік қамтамасыз ету мақсатында:

  • «Эксперттік жүйелер» жəне «Логикалық бағдарламалау» арнайы курстары;
  • «Интеллектуалды жүйелер» оқу құралы;
  • «Жасанды интеллект жəне интеллектуалды жүйелер негіздері» электронды оқу құралы;
  • «Информатика негіздері» электронды оқу құралы;
  • интеллектуалды жүйелер, жасанды интеллект, эксперттік жүйелер, логикалық бағдарламалау бойынша тақырыптар ретімен теориялық материалдар орналастырылған Интернет-сайт (www.ai.nxt.kz/lectures адресі бойынша) дайындалды;
  • еліміздегі жоғары оқу орындарында интеллектуалды жүйелердің оқытылу жағдайын білу мақсатында «Ai-интеллектуалды жүйелер» Интернет-форумы (www.ai.nxt.kz адресінде) ұсынылды.

Бірнеше жылдар бойы білім беру процесі бірсарынды дамыды жəне адамның мектеп, орта кəсіби білім беру мекемесі мен жоғары оқу орындарында жинаған білімі интеллектуалды-еңбек қызметі үшін жарамды болып табылатын. Алайда ғылыми-техникалық прогрестің даму қарқыны артуына байланысты білім берудің бұрынғы моделін сақтау техникалық жəне əлеуметтік дамудың одан əрі дамуына қауіп төндірді [3]. Сондықтан да жоғары оқу орындарында кейбір пəндер мазмұнын қайта қарау қажеттілігі туындады. Ол əдіснамалық негіздеумен байланысты.

Сонымен, зерттеу барысында мынадай тұжырымдар жасалды:

  • проблеманың теориялық жақтарын зерттеп, əдіснамалық негіздерін аштық, яғни «табиғи тілден — жасанды тілге» принципіне сүйенетіні негізделді;
  • алгоритмдік шешімі жоқ есептерді, яғни сандық түрде берілмейтін есептерді, шешудің теориялық-практикалық негіздері анықталды;
  • логикалық бағдарламалаудың  негіздерін   қарастыра   отырып,   интеллектуалды  жүйелер бойынша даярлығын жетілдіру мақсатында оқыту технологиясы ұйымдастырылды.

Осы теориялық жағдайлардың барлығы жоғары оқу орнында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің моделі көмегімен анықталып, практикада педагогикалық жүйе арқылы жүзеге асырылды. Яғни, жоғары оқу орнында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің моделін жасап, оның барлық элементтері анықталғаннан кейін, сол модельді жүзеге асыратын, білім мазмұнын жəне оқыту процесін жетілдірудің, яғни студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің, педагогикалық жүйесі анықталды. Педагогикалық жүйе — адам дамуы үшін қойылған мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін барлық факторлардың бірлігі. Қазіргі кезде бір бағдарламаны басқа жерде қолдану əдістері мен құралдары бар [4]. Құрылған педагогикалық жүйенің мақсаты студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру болса, мазмұндық компоненті ҚР МЖМБС бойынша міндетті компонеттер мен таңдау бойынша компоненттерді қамтиды. ҚР МЖМБС-қа сəйкес 050111 — «Информатика» мамандығында 3-курста міндетті компоненттер «Информатика», «Информатиканың теориялық негіздері», «Математикалық логика», «Дискретті математика», «Ықтималдықтар теориясы жəне математикалық статистика», «Физика» пəндерінен кейін «Эксперттік жүйелер жəне деректер базасы», 050602 — «Информатика» мамандығында 3-курста міндетті компоненттер «Информатика»,

«Математикалық логика», «Дискретті математика», «Ықтималдықтар теориясы жəне математикалық статистика», «Программалау технологиясы жəне тілдер» пəндерінен кейін «Эксперттік жүйелер жəне деректер қорын басқару жүйелері», ал 050703 — «Ақпараттық жүйелер» мамандығында 3-курста міндетті компоненттер «Информатика», «Ықтималдықтар теориясы жəне математикалық статистика», «Электр желілер теориясы», «Мəліметтер қоры жүйесі» пəндерінен кейін «Логикалық программалау» пəндері таңдау бойынша компонент ретінде оқытылады.

Мазмұндық компонентті толық жүзеге асыру элементтері «Ai–интеллектуалды жүйелер» Интернет-форумы, «Жасанды интеллект жəне интеллектуалды жүйелер негіздері» электронды оқу құралы, «Информатика негіздері» электронды оқу құралы, www.ai.nxt.kz/lectures адресінде теориялық материалдардан тұратын сайт болатын технологиялық компонент қажеттілігін туғызады. Жалпы

«технология» ұғымы əр түрлі түсіндіріледі, дегенмен де педагогикалық технология, яғни оқу мен тəрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске түсіру барысында қолданған құралдар мен əдістер жиынтығы, олардың білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндігі оқу үрдісінде тиімді.

Осы элементтер бір-бірімен байланыста бола отыра, қойылған мақсат бойынша нəтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Қоғамды ақпараттандыру жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі төмендегілерге сүйенетіні белгілі:

  • білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту жəне дербестендіру есебінен қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру;
  • өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту жəне міндетті емес білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызу, сонымен бірге білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:
  • əдіснамасын жетілдіру мен стратегиялық мазмұнын таңдау;
  • əдістері мен ұйымдастыру формаларын таңдау;
  • қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тəрбиелеу мен дамыту;
  • оқытудың əдістемелік жүйесін жасау;
  • студенттің интеллектуалды потенциалын дамытуға бағыттау;
  • өз бетімен білім алу іскерлігін қалыптастыру;
  • ақпараттық-оқу, эксперименттік-зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі іс-əрекеттерін жүзеге асыру;
  • тестілік, диагностикалық бақылау əдістері мен студенттердің білім деңгейін бағалау [5]. Аталған ойларды ескере, студенттердің интеллектуалды жүйелерді жобалау даярлығын жетілдіруді мақсат еткен педагогикалық жүйе жүзеге асырылды.

Жалпы студенттің білім потенциалы дегеніміз — студенттің білім жүйесін, шығармашылық қызмет тəжірибесін, тиімді кəсіби қызметін жүзеге асыруына қажетті нақты жəне болашақ жеке мүмкіндіктерінің жиынтығы десек те, сол білім потенциалына қол жеткізетін педагогикалық жүйе — адамды дамыту мақсатындағы жетістіктерге жеткізуші барлық факторлардың біртұтас бірлігі [6].

Ақпараттық жүйелерге, ақпараттық технологияларға оқыту барысында мəселені шешуде формалды əдістер мен сəйкес математикалық аппараттарына көп көңіл бөлінеді. Ал интеллектуалды жүйелерді оқыту мəселесі назардан тыс қалып отыр жəне мамандарды іргелі даярлау пəндер интеграциясы арқылы шешілетіндігі, студенттердің əр пəн бойынша алған білімдерінің арасындағы алшақтануды жою арқылы жүзеге асыратындығына да көңіл бөлінуі керек. Бірақ жоғары оқу орындарында пəндер интеграциясын қарастыруда жасанды интеллект, интеллектуалды жүйелер тақырыптары қарастырылмаған. Жалпы интеллектуалды жүйелер информатика, математикалық логика, ықтималдықтар теориясы, лингвистика, психология жəне т.б. пəндермен байланысты екенін атадық. Интеллектуалды жүйелер бағытындағы пəндерге оқытуда тек бір ғана пəн бойынша тақырыптармен шектелу жеткіліксіз. Ол ең алдымен мамандықтар бойынша ҚР МЖМБС-да міндетті компоненттерге жататын жасанды интеллект жүйесі, ықтималдықтар теориясы жəне математикалық статистика, деректер базасы жəне ақпараттық жүйе, информатика, дискретті математика, математикалық логика пəндерінің тақырыптарына сүйенеді жəне «Эксперттік жүйелер» арнайы курсының кейбір тақырыптары психология, философия, электр тізбегінің теориясы, физика пəндерімен де байланысты. Сондықтан да интеллектуалды жүйелерге қатысты арнайы курс жоспарын аталған пəндер мазмұнымен санаса отыра құру керек.

Мамандарға қойылатын жаңа талаптар, жасанды интеллект негіздерінің басты бөлімдерінің маңыздылығы, жасанды интеллект əдістерінің негіздері арқылы қолданбалы интеллектуалды жүйелерді құру студенттердің фундаменталды даярлығын жетілдіру мəселесіндегі білім мазмұнындағы көкейкесті тақырып. Атап өткеніміздей, «жасанды интеллект» түсінігі төмендегі бағыттарды қамтиды:

  • интеллектуалды ақпараттық жүйелер;
  • сөзді генерациялау жəне тану;
  • табиғи-тілдік интерфейс жасау;
  • машиналық аударма;
  • бейнелерді тану жəне т.б.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 050602 — «Информатика» мамандығында «Жасанды интеллект жүйелері» пəні ҚР МЖМБС бойынша міндетті компонент ретінде оқытылады. Ол пəннің мақсаттары мен міндеттерінде анықталғандай: жоғары оқу орындарында жасанды интеллект жүйелерін оқыту нəтижесінде студенттер төмендегілерді меңгереді:

  • жасанды интеллект аумағының даму тарихы мен түрлі бағыттары; инттеллектуалды есептерді шығарудың қазіргі тəсілдері; жасанды жүйелердің құрылымы мен сезінуі; əсер жасау механизмдері; эксперттік жүйелермен танысу;
  • эксперттік жүйелердің құрылымы мен жобалау əдістері; білімдерді ұсыну моделі; адамның қабылдау механизмі мен құрылымы;
  • адам жəне ЭЕМ арасында сұхбат құру жəне бағдарламалау; эксперттік жүйелерді жəне жасанды интеллект жүйелерін жобалау жəне құрастыру;
  • Турбо, Пролог ортасында жұмыс істей білу.

«Логикалық бағдарламалау», «Эксперттік жүйелер» атты интеллектуалды жүйелер бойынша арнайы курстар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, «Балқаш гуманитарлық-техникалық институты» АҚ оқу процесіне енгізілді. Сөзді генерациялау жəне тану, табиғи-тілдік интерфейс жасау аталған жоғары оқу орындарының арнайы пəндерінің мазмұнына белгілі бір тақырыптар тізбегі түрінде ендіріліп, оқытылуда. Машиналық аудармаға байланысты «Компьютерлік лингвистика» арнайы курс Қарағанды медициналық академиясында орыс тілі кафедрасының оқытушыларының зерттеу жұмыстарында қарастырылып, ендірілуде. Жалпы компьютерлік лингвистика жасанды интеллект жасау ісімен, машиналық өңдеумен тығыз байланысты. Болашақта компьютерлік лингвистика тар көлемдегі ғылым шеңберінен шығып, тілші мамандардың кəсіптік біліктілігін көрсететін пəнге айналары сөзсіз [7]. Қазіргі таңда компьютерлік лингвистика ғылымының құрамы мен құрылымы жайлы пікірлер əлі де болса тұрақтала қойған жоқ. Компьютерлік лингвистика туралы сөз болғанда, оны қолданбалы лингвистиканың компьютерге, компьютерлік бағдарламалар жазуға, жасанды интеллектіге қатысты мəселелер деп түсінген жөн. «Компьютерлік лингвистика» термині (computational linguistics) негізінен, тіл қызметін модельдеуге қатысты пайдаланылатын компьютерлік бағдарламалар мен тілдік деректерді өңдеу, сол үшін қажетті компьютерлік технологияны жинақтау жəне компьютердің араласуына қатысты басқа да тіл білімі аясына қатысты теориялық жəне практикалық мəселелердің шешімін табуға байланысты компьютердің араласу жағдайларының бəрін бірдей компьютерлік лингвистика саласына жатқызуға болады. «Жасанды интеллектіге» қойылатын негізгі талап ми қызметінің моделін «ойлау құралы» деп ұйғарудан туындайды. Адам өміріне электрондық техниканың араласуы адам үшін көптеген жұмыстарды жеңілдетімен қатар ми қызметінің де іс-əрекеттеріне араласа бастағаны баршаға мəлім. Адам миына бəсеке тудыратын неше түрлі «ақылды», «аутоматты ойлау қабілеті бар» электронды машинада жайлы соңғы уақытта басылым беттерінде көптеп айтылып жүр [8].

Қарастырылған үш жоғары оқу орындарының 050111 — «Информатика», 050703 —«Ақпараттық жүйелер», 050602 — «Информатика» мамандықтарының жұмыс оқу бағдарламаларын саралай келе, интеллектуалды жүйелерге оқыту басқа пəндердің өзара байланысын пайдаланатындығы көрінді.

Интеллектуалды жүйелер эксперттік жүйелерге оқыту теориялық жəне практикалық негіздерін жəне əдістерін құрумен анықталады.

Қоғам салаларында интеллектуалды жүйелерді қолдану ол ертеңіне сенім арттыратын сала болғандықтан, интеллектуалды жүйелерді дамыту сапалы мамандарды бірнеше бағытта даярламай іске асырылмайтыны анық:

  • жасанды интеллект аумағында іргелі теориялық, соның ішінде эксперттік жүйелер теориясы мен практикасы бойынша даярлық;
  • студенттерді жасанды интеллект негіздері бойынша даярлауда сол бағыттағы оқу-əдістемелік құралдарды қолдана білу үшін əдістерді игерту;
  • əдістерді жүйелеуді білу, пəн бойынша алынған білімді формальдау, игеру;
  • оқыту процесінде жасанды интеллект, эксперттік жүйелердің əдістерін қолдану ерекшеліктерін меңгерту;
  • қазіргі заманғы интеллектуалды жүйелерді қолдана отырып, кəсіби мəселелерді шеше білу жəне практикалық жүзеге асыру [9].

Студенттердің интеллектуалды жүйелерді жобалау жəне құру білімдерін арттыруға арналған педагогикалық жүйенің құрамына енетін 050111 — «Информатика», 050703 — «Ақпараттық жүйелер», 050602 — «Информатика» мамандықтарында «Эксперттік жүйелер», «Логикалық бағдарламалау» арнайы курстары бар. Жалпы ақпараттық технологиялар бағытындағы мамандықтарда төменгі курстардан бастап бағдарламалаудың негізгі тілдері ретінде Паскаль, Бейсик, Фортран тілдері оқытылады. Оқытылатын дəстүрлі бағдарламалау тілдерімен қатар, қазіргі уақытта логикалық бағдарламалау тілдері өзінің қажеттілігін танытып отыр. Ол «Пролог» логикалық бағдарламалау тілінің бағдарламалау тілдері қатарында болуынан көрінеді.

Студенттерді ақпаратты жүйелердегі жасанды интеллектінің мəселелерімен əрі қолдану аумақтарымен таныстыру, білімді өңдейтін жүйелерді құрастыру жəне жұмысын ұйымдастыратын теоретикалық пен ұйымдастыру-əдістемелік сұрақтарды қарастыру, білім базасын жобалау кезіндегі практикалық жұмыстың дағдысын дамыту, сонымен бірге жасанды интеллект жүйесін құру əдістері мен олардың топтарымен таныстыру — оқу процесіндегі басты мақсат. Эксперттік жүйелер, логикалық бағдарламалау курстарын студенттер толық меңгеруі үшін «Информатика»,«Бағдарламалау тілдері», «Алгоритмдер жəне деректер құрылымы», «Мəліметтер қоры жəне ақпаратты жүйелер», «Математикалық логика жəне дискреттік математика», «Ықтималдықтар теориясы жəне математикалық статистика», «Физика» пəндері бойынша алған білімдеріне сүйенеміз. Бүгінде еліміздегі жоғары оқу орындарында бағдарламалау тілдеріне оқыту тек дəстүрлі бағдарламалау тілдерімен шектелмей, ақпараттық технологиялардың, компьютерлік бағдарламалардың даму тенденциясын ескере отыра, арнайы курстарда өз орнын тауып келеді.

Жоғарыда айтылған ойлар білім мазмұнын толықтыру негізінде, педагогикалық жүйенің мазмұндық компонентіне енген «Эксперттік жүйелер», «Логикалық бағдарламалау» атты жаңа арнайы пəндерді енгізу арқылы жүзеге асырылды. Жаңа пəндерді енгізу əдіснамасы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, «Балқаш гуманитарлық техникалық институты» АҚ 050111 — «Информатика», 050703 — «Ақпараттық жүйелер», 050602 — «Информатика» мамандықтарындағы оқу жоспарларына талдау жасау негізінде анықталды.

Бұл тақырып бойынша талдау жасау — даму үстіндегі интеллектуалды жүйелер мен келер кезеңнің компьютерлерінің негіздерін игерудің алдыңғы шарты. Ал келер кезеңнің компьютерлері табиғи тілге жəне жасанды интеллектке негізделген компьютерлер. Аталған мамандықтарда логикалық амалдарға қатысты тақырыптардың барлығы «Алгебра», «Математикалық логика»,

«Ықтималдықтар теориясы жəне математикалық статистика», «Дискреттік математика» пəндерінде қарастырылатын болғандықтан, міндетті компоненттер де педагогикалық жүйенің мазмұндық компонентіне топтастырылды.

Студенттермен жүргізілген пікіралмасу нəтижесінде бұл пəндерде оқытылып өткен тақырыптардың мағынасы мен мазмұны толық түсінікті болмағаны, көбінесе жаттауды қажет еткені анықталды. Тек математикалық ұғымдар теориясы жағынан жалпы білім алған. Емтиханға дайындық кезінде логикалық амалдарды, олардың интерпретациясын тестік сұрақтарды оқығанда, жаттап алған жағдайлар болған.

Жоғарыда айтқандарды ескере келе, логикалық бағдарламалаудың теориялық негіздерін, физикалық негіздерін толық қарастыра келіп, білім мазмұнын жетілдіру мақсатында оқыту технологиясы ұйымдастырылды. Бұл технология мынадай жағдайларды қарастырады:

  • білім мазмұнындағы қазіргі кезде кең таралып келе жатқан интеллектуалды жүйелерге оқытудың жағдайын талдау;
  • білім мазмұнын интеллектуалды жүйелер бойынша мəнін ашу жəне толықтыру;
  • интеллектуалды жүйелер, оның ішінде эксперттік жүйелер, логикалық бағдарламалау бойынша бағдарламалауға үйретуді жетілдіру;
  • логикалық бағдарламалау дағдысын жетілдіру мақсатында осы пəнді оқитын мамандықтардың оқу жұмыс бағдарламаларына өзгерістер енгізу;
  • студенттерге арнап электронды оқу құралын жасау;
  • арнайы тесттер мен практикалық тапсырмалар дайындау;
  • Интернет мүмкіндіктерін, қызметін пайдалану.

Мамандар даярлау процесін жоғары сатыға көтеруге арналған шаралар қазір практикалық жүзеге асырылуда. Есептеу техникасы мен оны қолдану əдістерінің дамуы білім мазмұнын ұсынудың жаңа мүмкіндіктерін беріп отырған бүгінгі таңда тек мəтіндік ақпаратты беру мүмкіндігі ғана емес, ол ақпаратты мазмұнына қарай дербес компьютерді қолдана отыра меңгеру ретін ұсынатын

«электронды оқулық» ұғымы да бар. Электронды оқулықтардың артықшылығы да сол экранда тек мəтін ғана пайда болмай, сонымен қатар оқыту жүйесінің электронды моделі көрсетіледі. Осы мүмкіндіктермен қатар əр тарау бойынша білім бекітуге арналған практикалық тапсырмалар мен тесттерді қатар ашуға да жағдай бар. Осы мақсатта «Жасанды интеллект жəне интеллектуалды жүйелер негіздері» атты электрондық оқу құралы жасалды. Интеллектуалды жүйелер бойынша жасалған оқу құралының құндылығы — кез келген уақытта студенттер алған білімін қадағалай отырып, бағдарламаның, яғни электронды оқу құралының, келесі кезеңіне өте алады жəне əр кезең сайын алған білімін тексеріп отыру мүмкіндігі бар. Электрондық оқу құралының мазмұнына келесі тақырыптар енгізілді: Жасанды интеллект даму тарихы; Жасанды интеллектінің қазіргі даму жағдайы; Интеллектуалды жүйелер облысының зерттеулер құрылымы; Эксперттік жүйелер: дамуы, қолданылуы; Логикалық бағдарламалау жəне Пролог тіліне кіріспе; Пролог: Арифметикалық есептеулер мен шығару. Аталған электрондық оқу құралы жоғары оқу орнында қолданылатын пəндердің мүмкіндігін кеңейтеді жəне оларға қосымша əдебиет бола алады.

Зерттеудің теориялық жəне тəжірибелік-эксперименталдық жұмыстарының нəтижелеріне сүйене отырып, интеллектуалды жүйелерді таңдау компоненті ретінде жоғары оқу орнында студенттерді даярлауды жетілдіру үшін төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:

  • ақпараттық технологиялар, оның ішінде интеллектуалды жүйелерге қатысты ағымдық материалдар жиі ауысып отыратындығын жəне жоғары оқу орнында алған білімдерін мамандар өндірісте тиімді қолдану қажеттілігін ескере отыра, əрбір келесі жаңа оқу жылдарында оқу жоспарын қайта талдап, қарастыру;
  • интеллектуалды жүйелер бойынша арнайы семинарлар, конференциялар, форумдар ұйымдастырып, осы саладағы алдыңғы қатарлы ұжымдарда қызмет атқарушы кəсіби мамандарды студенттермен пікір алмасуға тарту, практикада кездесетін жағдайлармен таныстыра отыра, жоғары оқу орнының маман даярлау процесінде орын алған кемшіліктерді толықтыру;
  • «Студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру» атты педагогикалық жүйені еліміздің басқа да жоғары оқу орындарында қолдану.

Зерттеу жұмысын орындау барысында қол жеткізілген барлық нəтижелерді болашақ мамандарды кəсіби даярлау жүйесінде жəне оларды қайта даярлау жүйесінде қолдануға болады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. — № 319. — 2007. — 27 шілде // www. kz
  2. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңы. — № 217. — 2007. — 11 қаңт. // Егемен Қазақстан. —— № 28–29. — 2 ақп.
  3. Назарбаев Н.А. К экономике знаний через инновации и образование // Информационные технологии в высшем образовании. — 2006. — № 2. — С. 3–15.
  4. Адаменко А., Кучуков А. Логическое программирование и Visual Prolog. — СПб.: БХВ-Петербург, 2003. — 990 с.
  5. Нұрашев Х., Бүркіт Н., Əжібеков Қ., Асан Е. Компьютермен оқытудың негіздері // Информатика негіздері. — 2005. —№ 6. — 8–12-б.
  6. Педагогика / Абай атындағы Ұлт. пед. ун-нің педагогика кафедрасының автор ұжымы. — Алматы: Білім, — 256 б.
  7. Жұмабаева А.М., Макишева А.      Компьютерлік      лингвистикадағы       мəтін      //      www.nich.tarmpi.kz/n_publ/.../ doc
  8. Жұбанов А. Қолданбалы тіл білімінің мəселелері. — Алматы: Арыс баспасы, 2008. — 528-б.Хеннер Е.К. Об углубленной подготовке учителей информатики по некоторым вопросам искусственного интеллекта //Информатика и образование. — 2007. — № 3. — С. 125–127.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.