Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Құзыреттілік ұғымының педагогикадағы мағынасы

Н.Ə.Назарбаев   «Инновациялық   білім   арқылы   экономикалық   білімге»   атты   дəрісінде:

«Қазақстанды əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енудің негізгі міндеті жоғары мамандандырылған білікті де білімді азамат, ғылыми технологияны оңай меңгеріп, нарықтық экономикада өзін-өзі басқара алатын жəне алған білімін өмірде қолдана білетін болса, тек сол уақытта жүзеге асыру мүмкін» деген болатын. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде: «... терең білім мен кəсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға жəне өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,деп көрсетілді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани жəне күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту», — деп атап көрсетілген. Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу жəне тиімді пайдалану секілді мəселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде əркімнің өзінің білім алуға деген жеке əлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді. Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бəсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады.

Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзыретттілік тəсілді алу ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нəтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілік көрсетілген. «Құзырлық» сөзі туралы Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) — жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нəрсені жасау» деп берілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық — өз ісін жетік білу, танымы мол, тəжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлылықты меңгерген тұлға өз саласына сəйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын жəне тиімді əрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Тұлға құзырлылығының құрылымын анықтауда өте көптеген тəсілдер бар.

Қоғамда болып жатқан əлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Қазақстанның əлемдік қауымдастыққа интеграциялануға ұмтылысы еліміздің білім беру жүйесіне өзіндік əсерін тигізуде. Бұл жерде бірінші кезекте оның алдына қойылатын мақсаттың өзгеруі, соның салдары ретінде білім беру мазмұнын жəне сапасын өлшеу құралдарын жаңарту мəселелері шығады. Қазіргі уақытта іс- əрекет субъектісі ретінде мұғалімге, оның тұлғалық-кəсіби қасиеттеріне қойылатын талаптар өзгерді. Бұл талаптарға жауап беретін педагог даярлау, ең алдымен, оның құзыреттілігін қалыптастырумен байланысты болады. Бұл мақалада осы құзыреттілік мəселесінің педагогикалық əдебиеттерде қарастырылуы сөз болады.

Ең алдымен, «құзыреттілік» терминінің мəнін филологиялық тұрғыда ашып алайық. Ол үшін құзыр (компетенция) жəне құзыреттілік (компетенттілік) ұғымдарына жекелеп тоқталу қажет. Өйткені педагогикалық-психологиялық əдебиеттерде бұл ұғымдар бірде бір мағынада, негізінен көбіне түрлі категорияларды белгілеу үшін қарастырылады.

«Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде» «құзыр» ұғымына «қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нəрсені жасау» деген анықтама берілсе [1], С.И.Ожегов сөздігінде «құзыреттілік — белгілі бір мəселені жан-жақты білу» екендігі айтылады [2].

«Шет тілдері сөздігі» «құзыретті» түсінігіне «құзырларға — қызметтік өкілеттікке ие» деген анықтама берген [3]. Ал жалпы педагогикалық əдебиеттерде «құзыреттілік» аясында білім алушылардың мына негізде əрекеттің күрделі түрлерін жасай алу қабілеті түсіндіріледі, яғни нəтижесі:

  • білімдер болып табылатын танымдық іс-əрекет тəжірибесі;
  • іскерліктер түрінде болатын іс-əрекет тəсілдерін іске асыру тəжірибесі;
  • проблемалық жағдайда шешім қабылдай алу іскерлігі болып табылатын шығармашылық іс- əрекет тəжірибесі.

Сонымен қатар педагогикалық-психологиялық əдебиеттерді талдау құзыреттіліктің түрлі мағыналық деңгейде қолданылатынын көрсетті. Олардың бірқатарын атап көрсетсек: субъектінің қоғамдық-практикалық тəжірибесінің қалыптасқандығы деңгейі (Ю.Н.Емельянов); қызметтік талаптарды іске асырудың адекваттылығы (Л.И.Анциферова); белсенділіктің арнайы жəне дара формаларын меңгергендігі деңгейі (Л.П.Урванцев, Н.В.Яковлев). Құзыреттілікке берілген анықтамалардың əр түрлілігі жəне көптігі, біздің ойымызша, оның кең мағыналылығынан жəне əр салада мамандар даярлау ерекшеліктерінен, сол сияқты оны зерттеуге ғалымдардың түрлі теориялық тұрғыдан келуінен шығады. Солай бола тұра бұл ұғымды неғұрлым кең сипаттаған анықтаманы Н.Ф.Талызина, Р.Х.Шакуров, А.И.Щербаковтар берді. Олардың айтуынша, құзыреттіліктің негізгі сипаттамасы — маманда кəсіби іс-əрекетті атқаруды қамтамасыз ететін білімдер, іскерліктер, дағдылар мен тəжірибенің бірыңғай кешенінің қалыптасқандығы деңгейі болып табылады.

Педагогикалық əдебиеттерде құзыреттіліктің төмендегідей түрлері көрсетіледі:

  • түрлі ақпарат көздерінен білімдер алу тəсілдерін меңгеруге негізделген өзіндік танымдық іс- əрекет саласындағы құзыреттілік;
  • азаматтық-қоғамдық іс-əрекет саласындағы құзыреттілік (азамат, сайлаушы, тұтынушы ролін орындау);
  • əлеуметтік-еңбек іс-əрекеті саласындағы құзыреттілік (өзінің кəсіби мүмкіндіктерін бағалай алу, өзін-өзі ұйымдастыру дағдылары т.б.);
  • тұрмыстық саладағы құзыреттілік;
  • мəдени-демалыс саласындағы құзыреттілік (бос уақытты тұлғалық сұраныстарға жауап беретін талаптарға сай ұйымдастыра алу).

Білім беру мазмұнында түсініктердің, іс-əрекет тəсілдерінің жəне жеке позицияның көрініс табуы тəжірибесінің кіріктірілуі білім алушының өзіндік іс-əрекет тəжірибесін оқытушымен бірлескен шығармашылық іс-əрекетте жүргізіледі. Бұл жерде құзыреттілік оқыту нəтижесі бола отырып, одан тікелей шықпайды, керісінше, индивидтің өзіндік дамуының, тұлғалық жəне іс- əрекеттік тəжірибені қорытудың салдары болып табылады [4].

Жаңа сапаға қол жеткізу үшін берілетін білімдердің, іскерліктердің, дағдылардың санын арттыру шарт емес. Бұл жерде тек берілетін білім көлемін ұлғайту арқылы жоғары сапаға қол жеткізу мүмкін болмайтындығын айта кету керек. Егер біз сапаға сан арқылы қол жеткізу жолымен жүретін болсақ, онда тиісінше қалыптастырылатын құзыреттіліктердің саны да шекіз болып шыға келеді. Бұл өз кезегінде оларды шын мəнінде қалыптастыруды қиындатып, білім беруге құзыреттілік тұрғыдан келудің мəнін жояды. Сондықтан негізгі немесе басым құзыреттіліктерді іздеу барысында кілттік (базалық) құзыреттіліктер түсінігін қолданылады. Кілттік (базалық) құзыреттіліктер дегеніміз — неғұрлым спецификалық құзырлар қалыптастыруға негіз болатын кең спектрлі əмбебап құзыреттіліктер.

Э.Ф.Зеер кілттік құзыреттіліктердің мынадай ерекшеліктерін бөліп көрсетеді:

  1. Олар көпфункционалды (құзыреттіліктерді меңгеру күнделікті, кəсіби жəне əлеуметтік салаларда проблемалық жағдаяттарды шешуге мүмкіндік берген жағдайда олар кілттік болып табылады).
  2. Кілттік құзыреттіліктер пəнді меңгеруден тыс жəне пəнаралық болып табылады.
  3. Кілттік құзыреттіліктерді қалыптастыру интеллектуалды дамудың белгілі бір деңгейіне сүйенеді (абстрактілі, сыни ойлау, саморефлексия жəне т.б.).
  4. Кілттік құзыреттіліктер көпжақты, яғни олар өзінің құрамында түрлі тұлғалық қасиеттерді, интеллектуалдық қабілеттерді, коммуникативті іскерліктерді қамтиды [5].

Маңызды заңнамалық құжаттарды талдау кəсіптік білім беру ұйымы түлегінің келесі кілттік құзыреттіліктерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

  • белсенді өмірлік жəне кəсіби ұстанымның болуы;
  • өзінің жəне қоғамның жақсы жағдайда өмір сүруін қамтамасыз ете алуы, өзіндік ұйымдастыруға (синергетика) жауапкершілігі;
  • əлеуметтік жəне кəсіби өзіндік анықталуға жəне өзін өзі іске асыруға бағдарлану;
  • экономика жəне əлеуметтік қатынастар саласындағы негізгі əлеуметтік дағдылар мен практикалық іскерліктерді игеру;
  • жаһанданған дүниеге, ашық ақпараттық қоғамға ене алуы;
  • толеранттылық (басқаның пікіріне төзе білу), диалог жүргізе алу іскерлігі, мазмұндық компромистерді іздей жəне таба алу іскерлігі;
  • заманауи жалпымəдени деңгейге жету;
  • құқықтық мəдениет: мемлекеттің құқықтық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалана алу іскерлігі мен негізгі құқықтық нормаларды білуі.

Қазіргі кезде қалыптасып отырған əлеуметтік-кəсіби жағдайда бірінші кезекке маманның білімділігі емес, оның алынған білімдерді нақты практикалық іс-əрекетте іске асыра алу қабілеті шығады. Бұл жерде тағы да «құзыреттілік» жəне «құзыр» терминдерінің ара-жігін ашып алу қажеттігі көрінеді.

Бұл түсініктердің арасындағы ерекшеліктерді көрсете отырып, бірқатар авторлар құзыреттіліктердің білім беру нəтижесі ретінде көрінетінін, ал құзырдың осы құзыреттіліктің əрекеттегі түрі екендігін көрсетеді (М.К.Кабардов, Е.В.Арцишевская). Бұл жерде кəсіби іс-əрекетті меңгеру процесін психологиялық тұрғыда талдау үшін игеру (білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды) жəне қолдану (іс-əрекетті атқаруға қатысты) сияқты бағалау параметрлері қолданылады.

«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кəсіби-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.

Арнайы құзыреттілік өзінің кəсіби дамуын жобалай білетін қабілеті. Əлеуметтік құзыреттілік — кəсіптік қызметімен айналысу қабілеті. Білім беру құзыреттілігі педагогикалық жəне əлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті. Ендеше, құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтарымыз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы: ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы — бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім — қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нəтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шəкіртті оқытуда, білім беруде, тəрбиелеп өсіруде белгілі бір құзыреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.

Кəсіби құзыреттілікті қалыптастыру — кезеңдік үдеріс, яғни педагогикалық іс-əрекетте үнемі кəсіби шеберлікті арттыру қажет жəне аталған сатылар əрдайым қайталанады, бірақ жаңа сапада. Өзін-өзі дамыту үдерісі биологиялық, əлеуметтік жеке тұлғалық ерекшеліктерге байланысты, ол жеке өмірін саналы ұйымдастырса, өзіндік дамуында қамтиды. Кəсіби құзыреттілікті қалыптастыру үдерісі əлеуметтік ортаға тəуелді болып келеді, сондықтан орта кəсіби өзіндік дамуды ынталандыруы қажет.

Білім беру нəтижесі екі тұрғыдан қарастырылады. Біріншісі — бұл нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын жəне білім беру стандарты формасында тіркелетін нəтиженің бейнесі. Қазіргі замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын өту үстіндегі адамның тұлғалық сапасына, оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды. Стандарттың мазмұны, əлеуметтік мəдени тəжірибенің идеалды формада сақталатынына əлбетте қол жететін көрінісі екені мəлім.

Екінші тұрғыдан, білім берудің нəтижесі бұл белгілі бір білім беруші жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Интеллектуалды, тұлғалық, мінез-құлықтық қасиеттерінің қалыптасқан жиынтығы ретіндегі оның тəжірибесі оған кез келген жағдайда адекватты əрекет жасауға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан білім берудің нəтижесі білімділік болып табылады, ол жалпы жəне кəсіптік-мазмұнды бола алады. Осылайша, мектеп түлектерінің жалпы білімділігін қалыптастырады. Кез келген жоғары оқу орнының түлегі осы негізде арнайы кəсіптік білімімен сипатталады. Адамды білімді ететін терең жəне жүйелі білім беру өмір ағымының ауыспалы кезеңдерінде сенімділік, бəсекеге қабілеттілік жəне өзінің ар-намыс сезімінің негіздерін салады.

Педагог іс-əрекеті білім саласында кəсіби міндеттерді шешуге бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-əрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық — іс-əрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең іс-əрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-əрекет бағдарламасын құру үшін қандай əрекеттер жəне қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нəтижесінде əрекет бағдарламасы педагог іс-əрекетінің моделі пайда болады. Іс-əрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кəсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-əрекеттің бұл кезеңі педагог құзыреттілігінен шешіледі.

Кəсіби оқытушы педагогының құзырлығы жоғары, əлеуметтік тұрғыдан жетілген, əдіс- тəсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кəсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, педагог мамандығы зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-əрекеті көбінде оның кəсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-əрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада — педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды жəне оқушыларға (студенттерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды.

Кəсіби оқытушы педагогтың іскерлігінің негізгі бағыты болашақ мамандардың кəсіби білімін (теориялық жəне тəжірибелік) жетілдіру болып табылады. Кəсіби білім педагогы педагогикалық іскерлікке даярлықтан басқа кəсіби оқыту мекемесінде кадрларды дайындауға арналған халық шаруашылығының маманы болып табылады.

Кəсіби оқыту педагогының кəсіби іскерлігінің мазмұны оның еңбегінің педагогикалық жəне инженерлік интегралмен анықталады.

Оқушылардың кəсіби дайындығының мақсаты — ғылыми-педагогикалық тапсырмаларды орындауға жəне кəсіби оқыту педагогы мен еңбек технологиялары мұғалімінің кəсіптік қызметінің қажетті функциялары мен түрлерін орындауға бейім маманды қалыптастыру болып табылады. Маман оқыту үрдісінің білім беру саласы, мəні, мағынасы жəне құрылымы туралы білім жүйесін білуі керек. Сондықтан осы бағытта педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсетілуімен тұлғалық сапалары қарастырылады.

«Кілттік құзырлар» термині алғаш рет 1992 жылы «Еуропадағы орта білім беру» деп аталатын Еуропалық кеңестің жобасында қолданылды, бұл дүниежүзілік білім беру процесінің нəтижелік компонентін жаңа жағдайда, басқа тұрғыда қарастыруға мүмкіндік берді. Кейінірек, 1996 жылы, «Еуропа үшін кілттік құзыреттіліктер» деген атпен Еуропа кеңесі өткізген симпозиумде түлектердің төмендегідей бес кілттік құзырлары бөліп көрсетілді:

  • саяси жəне əлеуметтік құзырлар (өзіне жауапкершілік алу, бірігіп шешім қабылдауға қатысу, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу қабілеттері);
  • көпмəдениетті қоғамда өмір сүруге байланысты құзырлар (толеранттылық — айырмашылықтарды қабылдай алу, басқаларды құрметтеу, басқа мəдениет, тіл, діндер өкілдерімен өзара қатынас жасай алу қабілеттері);
  • басқа тілде жазбаша жəне ауызша қарым-қатынас жасай алуға байланысты құзырлар;
  • ақпараттық қоғамның пайда болуына байланысты құзырлар (жаңа технологияларды меңгеру, оларды пайдалану мүмкіндіктерін түсіну, бұқаралық ақпарат құралдары жəне жарнама тарататын ақпаратқа сын тұрғысынан қатынас);
  • кəсіби даярлық контексінде өмір бойы білім алуға қабілеттілік, білім алудың үздіксіздігін түсіну [6].

Ресейлік ғалым И.А.Зимняя Б.Г.Ананьевтің, В.Н.Мясищевтің, Н.В.Кузьминаның, А.К.Маркованың тұлғалық даму жəне кəсіби даярлық жөніндегі теориялық қағидаларын негізге ала отырып, кілттік құзырларды топтайды. Осы тұрғыда ол кілттік құзыреттіліктердің үш тобын бөліп көрсетеді:

  • тұлға ретінде, өмір сүру əрекеті субъектісі ретінде адамның өзіне қатысты құзыреттіліктер;
  • басқа адамдармен өзара қатынас жасауға байланысты құзыреттіліктер;
  • адамның іс-əрекетіне қатысты құзыреттіліктер.

Сол сияқты құзырлардың белгілі бір дəрежеде ішкі, потенциалды психологиялық жағдай (білімдер, көзқарастар, əрекет алгоритмі (бағдарламасы), құндылықтар мен қатынастар жүйесі) екендігін ескере отырып, оның (құзырдың) он түрін үш топқа бөліп көрсетеді:

а) тұлға ретінде, өмір сүру əрекеті субъектісі ретінде адамның өзіне қатысты құзырлар:

  • денсаулық сақтау құзырлары: салауатты өмір салты нормаларын білуі жəне сақтауы; жеке гигиена ережелерін білуі жəне сақтауы; дене тəрбиесінің маңыздылығын түсінуі;
  • дүниеде құндылықтық-мағыналық бағдарлану құзыры: болмыс құндылығы; мəдениет (бейнелеу өнері, əдебиет, өнер, музыка) құндылығы; ғылым; өндіріс; өркениет тарихы; өз елі; дін құндылығы;
  • интеграция құзыры: білімдерді құрылымдау, көкейкестілендіру, жинақталған білімдерді кеңейту, толықтыру;
  • азаматтылық құзырлары: азамат құқықтары мен міндеттерін сақтау; еркіндік жəне жауапкершілік; азаматтық борышты түсіну; мемлекет рəміздерін құрметтеу;
  • өзіндік жетілу, өзіндік реттелу, өзіндік даму, тұлғалық жəне пəндік рефлексия: кəсіби жетілу; тілдік жетілу;

ə) адам мен əлеуметтік ортаның өзара əлеуметтік қатынасына қатысты құзырлар:

  • əлеуметтік өзара қатынас құзырлары: қоғаммен, қауымдастықпен, отбасымен, ұжыммен, достармен, т.б. өзара қатынас, қақтығыстардың алдын алу жəне шеше білу басқаны құрметтеу жəне қабылдау (толеранттылық), əлеуметтік мобильділік;
  • қарым-қатынастағы құзырлар: ауызша, жазбаша қарым-қатынастағы, диалог, монолог, мəтінді жасау жəне қабылдау, этикетті, дəстүрлерді білу жəне сақтау; кросс-мəдени қарым-қатынас; іскерлік қатынас; коммуникативтік міндеттерді шешу;

б) адам іс-əрекетіне қатысты құзырлар:

  • танымдық іс-əрекет құзырлары: танымдық міндеттерді қоя жəне шеше білу; стандартты емес шешімдер; проблемалық жағдаяттарды тудыру жəне шешу; продуктивті жəне репродуктивті таным, зерттеу, интеллектуалдық іс-əрекет;
  • іс-əрекет құзырлары: ойын, оқу, еңбек; іс-əрекет құралдары мен тəсілдері: жоспарлау, жобалау, үлгілеу, болжау, зерттеу іс-əрекеті;
  • ақпараттық технологиялар құзырлары: ақпаратты қабылдау, өңдеу, беру; массмедиалық, мультимедиалық технологияларды меңгеру, компьютерлік сауаттылық; электрондық, Интернет- технологияларды игеру.

Бұл құзырлар адамның мінез-құлқында, іс-əрекетінде көрініс бере отырып, оның тұлғалық қасиеттеріне айналады. Яғни олар іс-əрекет жəне тəжірибе барысында мотивациялық, мазмұндық, қатынастық, реттеушілік құрамдас бөліктерден тұратын оның құзыреттіліктеріне айналады.

Педагогикалық əдебиеттерді талдау əлі де болса ғалымдар арасында құзыр жəне құзыреттілік түсініктеріне анықтама беруде, олардың құрылымдық мəнін анықтауда бірізділіктің болмай отырғандығын көрсетеді. Бұл мəселе оларды топтастыру жəне жіктеу проблемасына да қатысты бо- лып отыр.

Тұлғаның кəсіптік қажетті құрамдас бөлігі кəсіби құзыреттілік болып табылады. Кəсіби құзыреттілік мəселесі отандық жəне шетел ғалымдарының жұмыстарында қарастырылады. Кəсіби құзыреттіліктің заманауи бағыттары жəне түсіндірмелері тіптен əр түрлі. Қазіргі кезде шетел əдебиеттерінде бар кəсіби құзыреттілік анықтамалары, яғни «терең білім», «тапсырманы адекватты орындау күйі», «қызметті актуалды орындау қабілеттері» жəне басқалары бұл ұғымның мазмұнын толық нақты түсіндіре алмайды. Жəне де отандық ғалымдармен кəсіби құзыреттілік мəселесі белсенді зерттелуде. Көп жағдайда бұл ұғым біліктіліктің жоғары деңгейін жəне кəсібилікті айқындау үшін ішкі оймен пайдаланылады. Кəсіби құзыреттілік маманның дайындық сапасының сипаттамасы, еңбек қызметінің тиімділік əлеуеті ретінде қарастырылады. Педагогикада бұл категория «жалпы мəдени құзыреттіліктен» туындаған өнімді компонент ретінде, немесе «маманның білімділік деңгейі» ретінде, қарастырылады. Егер кəсіби шеберлік деңгейлер жүйесінде құзыреттілік орнын анықтайтын болсақ, онда ол орындаушылық пен кемелдену арасында орналасқан. Төменде біз педагогикалық зерттеулерде педагогтің кəсіби құзыреттіліктің тұлғалық қасиеттерге, кəсіби іс-əрекеттің мазмұндық жəне процессуалдық компоненттерден тұратынын айқындайды.

Педагогикалық құзыреттіліктің иерархиялық моделі қызығушылық туындатып отыр, онда əр келесі блок келесі компоненттердің «өсуіне» арналған платформа» құра отырып, алдыңғысына сүйенеді. Блоктың құрамдас моделі педагогикалық құзыреттіліктің алты түрін ұсынады: білімдік, қызметтік, қарым-қатынастық, эмоционалдық, жеке, шығармашылық. Педагогты оқыту процесінде оның құзыреттілігінің қалыптасуына тікелей қатысы бар бірізділік ұстанымының ерекше мəні атап көрсетіледі. Мəтіннен алынған бөлек бір блок педагогқа қажетті кəсіби құзыреттілікті қамтамасыз етпейді. Кəсіби құзыреттілік мəселесі бойынша зерттеулерді талдауды ескере отырып, педагогикалық бейіндегі мамандарға қатысты қарастырылатын ұғымды нақтылаймыз. Жоғарыда айтылғандарға сай педагогтың кəсіби құзыреттілігі маманның тұлғалық сапалы сипаттамасын ұсынады, оған пəндік сала жəне педагогика психология саласы бойынша да ғылыми-теориялық білім жүйесі енгізіледі. Құзырлылық оқыту перспективалы болып табылады, өйткені мұндай тəсілмен жұмыс істегенде оқу қызметі зерттеуге жəне практикалық бағдарланған мəнде болады, білім игеру құралына айналады.

Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, мынадай тұжырым жасауға болады: тұлғаның құзыреттілігі сол адамның жеке тұлға ретіндегі қасиеттерінің жəне ішкі психикалық жағдайларының күрделі жүйесі болып табылады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика жəне психология / Жалпы ред. басқ. А.Қ.Құсайынов. — Алматы: Мектеп, 2007. — 256 б.
  2. Ожегов С.И. Словарь русского языка / Под ред. чл.-корр. АН СССР П.Ю.Шведовой. — 18-е изд., стереотип. — М.: Рус. яз., 1987. — 797 с.
  3. Словарь иностранных слов. — 18-е изд. — М.: Рус. яз., 1989. — С.
  4. Болотов В.А., Сериков В.В. Компетентностная модель: от идеи к образовательной программе // Педагогика. —— № 10. — С. 16–21.
  5. Зеер Э.Ф. Профессиональное становление личности инженера-педагога. — Свердловск: Изд-во Уральск. ун-та,— 120 с.
  6. Зимняя И.А. Ключевые компетенции — новая парадигма результата образования // Высшее образование сегодня. — 2003. — № 5. — С. 18–24.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.