Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Студенттердің шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыру

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі — оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», — деп аталынған. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін — білім». Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мəселесін қойып отыр. Оқытудың əр түрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тəжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек [1].

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бəсекеге қабілетті маман дайындау.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мəнін түсінуге, соның нəтижесінде өзіндік іс-əрекетке енуге жəне жеке өміріндегі тəжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мəртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы жəне кəсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтардың еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мəселелеріне үлкен мəн берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар əрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтардың, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты [2].

Жоғары кəсіби білім беретін оқу орындарының, білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаудың басты мақсаты мамандықтарды игерту ғана емес, əлемдік білім кеңестігіне ене отырып, бəсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін кəсіби құзыреттілік мүмкіншіліктері арқылы нəтижеге бағдарланған білім беру жүйесін жүзеге асыру — қазіргі таңда негізгі өзекті мəселелердің бірі.

Шығармашылық құзыреттілікті қалыптастыру дегеніміз — студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, дəстүрлі өнерді, білімді қолдана білу, жан-жақты ізденуге бағыттауды қалыптастыру [3].

Бүгінгі таңда əр пəннің оқытылуы баланың жан-жақты дамытуды көздеу, бала бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту, оның дербестігі мен белсенділігіне дұрыс бағыт беру сияқты мəселелерді жан-жақты шешу қажеттілігі ескерілуде. Білім берудегі шынайы мақсат адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мəнін дамыту. Бүгінгі таңда балалардың өмірден өз орнын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне де көмектесудің қажеттілігі арта түсуде. Өзін-өзі тану баланы жолдастары арасында өзін сыйлата білуге, өзін-өзі жетілдіріп, басқадан үлгі алуға, қоршаған орта жағдайында өзіне-өзі бағыт алуына, өз бетінше бір шешім айта алуына, əр іске жауапкершілікпен қарауға тəрбиелейді. Бірақ бұл жолда мұғалімге үлкен шығармашылық пен ізденіс керек. Онсыз ұстаздың бала жүрегіне жол табуы мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық жəне адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктер негізінде жеке адамды қалыптастыруға жеке кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, білім беруді ақпараттандыру деп білім беру жүйесіне одан əрі дамыту міндеттерін көздейді.

Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: «Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі құдіретті мəдениет үлгілерін дүниеге əкелген, əрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап əкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді», — делінген.

Оқыту екі жақтың да, мұғалім – оқушы, бірдей еңбек етуін талап ететін үрдіс, сондықтан ұстаз өзінің іс-əрекетін ұйымдастырып, тек оның орындалысымен ғана қанағаттанып қоймай, оқушының да белсенділігін, білім игерудегі əрекетін дамытуға ықпалын тигізуі қажет.

Қазіргі қоғам шығармашылық қабілеті бар, талантты іскер мамандарға мұқтаж.

Қабілет — адамның тұтас психикалық қалпындағы басқа қасиеттермен табиғи бірлік. Шығармашылық өте күрделі процесс. Əр адам осы уақытқа дейінгі жинақталған тəжірибесін меңгертуге бағытталған оқу əрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды жəне шығармашылық əрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу əрекетінде шығармашылық, ізденгіштік қабілеттерін дамыту өте ерте кезден бастап қолға алуды қажет етеді. осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Шығармашылық — құзыреттілік — қолөнер жəне тағы басқа да əрекеттің нəтижелі түрлері туралы білім негізіне алғашқы қызығушылықтың оянуы.

Шығармашылық-эстетикалық құзыреттілік — əлемге саналы жəне белсенді эстетикалық көзқарастың тууы, көркем-шығармашылық қабілеттің байқалуы, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыда қабылдауға дайын болуы. Шығармашылыққа тəрбиелеу көркем-эстетикалық құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді, соның ішінде:

  • көркем ойлаудың қарапайым дағдыларын көрсетуі;
  • көркем бейнелерді өзара салыстыра білуі;
  • бейнелеу өнерінде бұйымдарының қызметі мен оларды жасаушылар туралы білуі;
  • кескіндеменің бейнелі мазмұнына эмоционалды көңіл бөлуі мен көркем бейнелердің көңіл- күйін түсінуі;
  • халықтық-қолданбалы өнерінің кейбір түрлері туралы білуі;
  • шығармашылықпен бейнелеу, сəндік іс-əрекеттің дағдылары мен білігінің болуы [4].

Шығармашылық білім беру саласындағы педагогикалық процеске қойылатын талаптар:

  • эстетикалық талғамы бар, оны балаларға үйретуге қабілетті;
  • педагогикалық процесті Қазақстан Республикасы халықтарының этномəдени дəстүрлері негізінде құрады;
  • өзінің шығармашылық қабілетін қандай да бір іс-əрекет аясында көрсетеді;
  • əр баланың шығармашылық əлеуетін оның жеке өсуі үшін пайдаланады [5].

Қазіргі əлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында біздің қоғамызда өздігінше шешім қабылдай алатын жəне оның жүзеге асыра алатын əлеуметтік белсенді, шығармашыл тұлғаға сұраныс күшейді. Осыған орай əр тұлғаның кəсіби құзыреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы да арта түседі. Жоғары дəрежелі кəсіби құзыреттілік маманның бəсекеге қабілеттілігін арттырады. Өздігінше еркін ойлау қабілеті бар, тəрбие-білім беру үрдісін модельдей алатын, тəрбие беру жəне білім берудің жеке технологиялары мен жаңа идеяларын өздігінше іске асыра алатын мұғалімнің кəсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру — өзекті мəселе, себебі, біріншіден, кəсіби құзыретті мұғалім мектептің тəрбие-білім беру процесінде шығармашылық оқушылардың қалыптасуына дұрыс əсер етеді; екіншіден, өзінің кəсіби қызметінде жақсы нəтижелерге қол жеткізе алады; үшіншіден, кəсіби мүмкіндіктерінің іске асуына ықпал жасайды.

Мұндай құзыреттіліктің қатарына мыналар жатады:

  • мəдениеттанымдылық құзыреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мəдениеті мен өзге ұлттар, əлем мəдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
  • оқу-танымдық құзыреттілік (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік əрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
  • ақпараттық-технологиялық құзыреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық объектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
  • тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық жəне саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тəжірибесінің болу қабілеті) [6].

Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы əлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан-жақты болуы талап етіледі. Егер педагог өзінің кəсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кəсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана, студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан-жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дəрежеде ұсыну педагогтың құзыреттілігіне байланысты болады.

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет əр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мəселелер енгізіліп отырғаны белгілі. ХХI ғасыр — бəсеке ғасыры, бұл бəсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Еліміз егемендігін алып, өзін бүкіл əлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды қажет етеді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат — ұлттық құндылықты əлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тəрбиелеу. Ұлттық құндылықты əлемдік деңгейде көрсетуге қазақ халқының мəдениеті,тарихы қолөнерінің ерекшелігін ескеру маңызды.

Қазақ халқының қолөнерінің көпғасырлық мəдениет тарихы бар. Бұл мəдениет тарихы ғасырлар тереңінен көшпенділердің күнделікті тұрмысында қолданылатын əдеттегі заттары, яғни қолөнер шеберлерінің жұмысы, қолөнер заттары болып табылады. Сондықтан да қазір оларды өнер туындысы ретінде қарастырып жатады, практикалық жағынан ғана емес, эстетикалық мəні жағынан да маңызды дайындалған жəне көркем жасалған шебер туындысы. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау ете білген. Қолөнер дүние жүзінің əр халқына тəн, бұл — халық қазынасы, ғасырлар мұрасы, əр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғат ерекшелігі мен эстетикалық талғамына байланысты қолөнері өзіндік ерекшелігімен халық өмірінде өшпейтін із қалдырып отырған.

Ұлттық қолөнер мəдени мұраның өшпес бір бөлігі болып саналады. Бұл дəстүрлі өнерді қамқорлыққа алу нəтижесінде қазақ халқының қолөнерінің аса қымбат, қайталанбас сұлулығын, ғажайып көркін, тоқымашылық өнерін жандандырып, Б.Зəуірбекова, Сəуле мен Əлібай Бапановтар, Қ.Тыныбеков, М.А.Қалқабаев сияқты қолөнер шеберлерінің шығармашылығын үлгі тұтып, болашақ тарихымызды, дəстүрімізді сақтаушы ұрпақты өсіру іміз қажет.

Əрине, дүние жүзіндегі əр халыкқа ата-баба мұрасын, халық қолөнерін сақтап қалу — парыз. Атадан балаға мирас болған қолөнерін жалғастырушы шеберлердің қатары бірте-бірте азая түсуде. Халық шеберлерінің тендесі жоқ ғажайып өнер туындылары болашақ ұрпақты қуантып, өнердің жаңаша туындылырын алып, өміршеңдігі арта түсеріне сөз жоқ.

Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді сəндік-қолданбалы өнерді оқушыларға үйрету барысындағы білім беру моделінің жаңа бағыттарының бірі болашақ мұғалімдерді кəсіби даярлау болып табылады. Болашақ мұғалімнің оқушыларды сəндік-қолданбалы өнеріне үйретуде үздіксіз педагогикалық білім алуының маңызы мынадан көрінеді: кəсіби даярлық кезеңінде оның бойына педагогикалық тəжірибенің шынайы жағдайларында қажетті білімдер мен дағдыларды өз бетінше алуға мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыру; өзінің кəсіптік-шығармашылық əлеуетін жетілдіру; оқушылардың мектепте технологиялық білім алу жағдайлары мен мазмұнын дамытуға ықпал ету.

Мұндай жағдайларда болашақ мұғалімнің жетекші кəсіптік қасиеттеріне мыналар жатады: шығармашылық ойлауын дамыту; кəсіби белсенділік; ақпаратпен жұмыс істеудің əдіснамалық білімдері мен тəсілдерін меңгеру; іс-əрекеттің жаңа түрлерін меңгеруге дайындығы мен қабілеттілігі; кəсіби-тұлғалық даму мен жетілуге деген қажеттілік [7].

5В010700 – «Бейнелеу өнері жəне сызу» мамандығы оқу жоспарына жəне оқу түріне сəйкес, «Қолданбалы-сəндік өнер негізі» пəні қолданбалы сəндік қолөнердің қоршаған ортаның көркемдік танымға бағытталған теориялық жəне методологиялық білім негізін игеруге жəне бағдарламалық қолданбалы материалдардың қасиетін, құрылымын білуге жəне игеруге, қолданбалы қолөнердің технологиялық үрдісін игеруге, іс-əрекеттің тəсілдерін оқып үйренуге бағытталған.

«Қолданбалы-сəндік өнер негізі» пəнінің мақсаты:

  • көркемдік-əшекейлеу арқылы заттық орта объектілерінің пішінін құрастыру;
  • көркемдік өнер жəне қолөнер саласындағы кəсіптік біліктілігі;
  • көркемдік-əшекейлеу арқылы заттық орта объектілерін жəне бұйымдарын құрастыру (пішін жасау, конструкциялау);
  • көркемдік өнер мен қолөнер дамыту процесіне қатысу;
  • көркемдік өнер жəне қолөнер кəсібінің бұйымдарын, объектілерін дайындаудағы қазіргі заман талабына сай технологияларды меңгеру.

Студенттердің «Қолданбалы-сəндік өнер негізі» пəнінің бағдарламалық материалын игеру нəтижесінде келесі құзыреттіліктері қалыптасады:

  • сəндік-қолданбалы өнерінің   даму   тарихын;   сəндік-қолданбалы  өнерінің   түрлері   мен ұғымдарын игерген;
  • көркем шығармашылық ұжымдарда өндірістік шеберханаларда, дизайнерлік фирмаларда меншік түрлері көп салалы болып келетін халықтық кəсіпшілік өндірістерінде қызмет жасауға бейім;
  • қазіргі материалдардың негізгі қасиеттерін, материалдардың құрылысын, сонымен қатар материалдардың өңдеу ерекшеліктерін оқып-біліп, шығармашылық жұмыс жасағанда əдіс- тəсілдерін дұрыс қолдана біледі;
  • бұйым көркемдеуде қолданылатын түрлі тəсілдердің ерекшеліктерін; түрлі фактуралы материалдардың бір-бірімен дұрыс үйлесімділігін таба біледі;
  • студент ойындағы жобалау эскиздерін зерттеп, бұйымды көркемдеп, сəндеудің техникаларын игереді.

Сəндік өнердің теориясы мен практикасы, форманың құрылуы, сəндік-қолданбалы өнер бұйымдарын орындау жəне көркем жобалау саласында білікті болу жоғарыда аталған құзыреттіліктер арқылы қамтамасыз етіледі.

Оқушыларды сəндік-қолданбалы өнеріне үйретуде болашақ педагогтардың кəсіби даярлығын жетілдірудің басты заманауи үдерістерінің бірі педагогикалық білім беруді ізгілендіру болып табылады, ол өз пəнінің құралдары арқылы оқушыны тəрбиелеу мен дамытуға, оқытудың заманауи формалары, əдістері мен құралдарын жүзеге асыруға кəсіптік деңгейде дайын болып келетін болашақ маманның субъектілік дамуы мен өзін-өзі дамытуын қарастырады [8].

Сəндік-қолданбалы қолөнер оқыту барысында оқушылардың ойлау қабілеті, көргенін есте сақтау, шығармашылық қиялы, көркемдік икемділігі, адамгершілік жəне сұлулық сезімі дамиды, əрине, бұл қасиеттер жеке тұлғаның жан-жақты дамуына негіз болары сөзсіз. Оның үстіне ұлттық қолөнер өзінің тарихы терең, мазмұны сан қилы ерекшеліктерімен болашақ жастарға рухани, эстетикалық тұрғыда əсер етіп, олардың тұлғалық жəне салалық қасиеттерін дамыта түсері сөзсіз.

Қазіргі таңдағы өміршең міндеттердің бірі халықтың ұрпаққа қалдырған мəдени мұраларына назар аудару, ұлттық мəдениеттің ерекшеліктері мен түп тамырын тану болып табылады. Оқушылармен жұмыс барысында сəндік-қолданбалы өнердің жалпы сипаттамасы жəне оның басқа өнер түрлерінен айырмашылығы, өзінің ерекшелігі туралы түсінік қалыптастырып, халықтық сəндік өнердің негізгі көркемдік тілі, бейнелеуші құралдары, қолданбалы бұйымды жасау мен əшекейлеудің негізгі көркемдік принципі туралы жүйелі түсінік берілуі тиіс.

Еліміздегі үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттық мəдениет, өнер жəне қолөнер негізінде біліктілік пен іскерлік қалыптастыру, мəдениеттілікке баулу, адамзат қоғамында бұрын-соңды жасалған мəдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы əлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тəрбиелеу қажеттілігіне баса көңіл бөлу керектігіне мəн берілген. Осыған байланысты болашақ маман бойында кəсіби мəнді сапалардың қалыптасып, ол тұлға дамуымен ұштасып, нəтижесінде жас ұрпақтың біліктілігі мен іскерлігін қалыптастыру мəселесінің өзектілігі артады. Аталмыш мəселенің əсіресе ел болашағының кілтін ұстап отырған жас буын — мектеп оқушылары үшін маңызы айрықша.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. «Қазақстан – 2050»: Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» // Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы. — 2010. — 6 б.
  3. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Астана. — 2004. — 3–4 б.
  4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. —Астана. — 2004. — 28 б.
  5. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімнің шығармашылық əлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: Теория жəне тəжірибе // Aлматы. — 2005. — 174 б.
  6. Құдайбергенова К. Құзырлылық — тұлға дамуының сапалық критерийі // «Білім сапасын бағалаудың мəселелері: əдіснамалық негізі жəне практикалық нəтижесі» атты халықарал. ғыл.-практ. конф. материалдары. — 2008. — 30–32 б.
  7. Технология профессионально-личностного развития будущего учителя, его готовности к организации воспитатель- ного процесса в образовательном учреждении: Науч.-метод. рекомендации / Под рук. В.А.Сластенина. — М.: Новый учеб- ник, 2003. — 176 с.
  8. Əбдіғаппарова Ұ.М., Ұзақбаева С.А.    Қазақ     сəндік-қолданбалы     өнерін     білім     беру     жүйесінде     пайдалану тұжырымдамасы. — Алматы, 2007. — 23 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.