Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Заттық-дамытушы ортаның балаларды əлеуметтендірудегі орны

«Балалар сұлулық əлемінде, яғни ойын, ертегі, əн, сурет, қиял жəне шығармашылық əлемінде, өмір сүруі керек. Бұл əлем баланы қоршап алуы қажет...», — деп В.Сухомлинский айтқандай, мектепке дейінгі жастағы балалардың қалыпты дамып, жетілуі үшін қажетті дамытушы ортаны қалыптастыру керек.

Заттық-дамытушы орта — педагогикалық үрдісті жүзеге асыруға қажетті уақыт пен кеңістік жағынан жүйелі ұйымдастырылған, қажетті заттармен, ойын құралдарымен жабдықталған эстетикалық, психологиялық-педагогикалық шарттардың жиынтығы. Бұндай ортада бала белсенді танымдық, шығармашылық іс-əрекетке қосылады, қызығушылығы дами түседі, қиялы, ақыл-ой жəне бейнелік қабілеттері, қарым-қатынас жасау дағдысы дамиды, ең бастысы, үйлесімді тұлға дамуы жүзеге асады.

Дамытушы орта баланың өзіне деген сенімділігін арттыруға, оны бойына сіңіруіне септігін тигізеді, мектеп жасына дейінгі балаға өз қабілеттерін сезіну жəне қолдануға мүмкіндік береді, өз қабілетін, шығармашылық шешімдер қабылдай алу дағдыларын дамытады.

Заттық-дамытушы орта баланың түрлі əрекеттерін қамтамасыз етеді, жеке белсенді əрекетінің негізін қалайды. Дегенмен де, мектеп жасына дейінгі баланың негізгі əрекеті ретінде ойын жетекші рөл атқарады. Ойындар балаларды мектепте оқуға даярлайды, əр адамға қажетті жеке сапалық көрсеткіштердің алғашқы баспалдағы болып табылады. Ойын əрекетін ұйымдастыруда, қарым- қатынас мəдениетін жүйелеуге қажетті баланың шығармашылық қиялын қалыптастыруда заттық- дамытушы орта ерекше орын алады. Оның мазмұны ойынның сипатына, таңдалуына жəне рөлдердің бөлінуіне ықпал етеді:

  • мектепке дейінгі мекемедегі заттық-дамытушы орта:
  • мектепке дейінгі білім беру — адамның үздіксіз білім алу жүйесіндегі алғашқы баспалдақ.
  • мектепке дейінгі білім берудің сапасы, білім беру қызметтерінің сапасы көптеген шарттармен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде рационалды, мақсатқа бағытталған шарттар заттық дамытушы ортаны мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруды міндеттейді.

Мектеп жасына дейінгі балаға дамытушы заттық орта не үшін қажет? Жеке дамуындағы нақты кезеңдердегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін. Жинақталған орта жағдайындағы іс-əрекет балаға белсенділігін, қоршаған ортаны еркін тануға деген қызығушылығын, танымын шығармашыл бейнелеуге деген ынтасын қалыптастырады.

Бұл кеңістіктің көлемі мен ұйымдастырылуы баланың жас ерекшеліктерімен байланысты. Заттық-дамытушы орта тəрбиешіге не үшін қажет? Мектепке дейінгі баланың жеке жəне жалпы дамуын жүзеге асырудағы тəрбиешіге өте сапалы көмекші құрал болып табылады. Дамытушы орта балалардың алуан түрлі жəне мақсатқа бағытталған белсенді əрекеттерінің көптеген мүмкіндіктерін жүзеге асыру мақсатында құрылады. Балалардың əрекеттерін ұйымдастыруда арнайы кеңістік ретінде тəрбиешіге қызмет көрсетеді, тəрбиелеу үдерісіне ықпал етеді [1].

Тəрбиешінің қызметі заттық-дамытушы ортаны жəне оның құралдарын пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі баланың өз бетінше оған табиғатынан тəн қасиеттерін анықтауға жəне дамытуға көмектесу болып есептеледі. Сондықтан мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық белсенділігін өзіндік дамыту жəне білім алуы жүзеге асатын дамытушы ортаны ұйымдастыруға балабақшада ерекше көңіл бөлінеді.

Тəрбиеші арнайы құрастырылған заттық-дамытушы ортада тəрбиелеу жəне білім беру үдерісін ұйымдастырудың түрлі əдіс-тəсілдерді, формаларын пайдалануы қажет. Тəрбиешінің мақсаты: мектепке дейінгі мекемедегі тəрбиеленуші дамуының əрбір кезеңінде жеке шығармашылығын қалыптастыруды жүзеге асыру үшін заттық-дамытушы ортаны көп кезеңді, көп қызметті етіп құрастыру.

Тəрбиешінің міндеттері:

  • заттық-дамытушы ортаны қажетті құраммен толтыру жəне құрастыру;
  • баланың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін, өз бетінділігін жəне шығармашылығын қалыптастыруда заттық-дамытушы ортаны ұтымды пайдалануға жағдай жасау.

Тек осы мақсат-міндеттер орындалған кезде ғана, мектеп жасына дейінгі баланың қалыпты дамуын, шығармашылық белсенділігін қамтамасыз етуге деген мүмкіндік артады.

Мектепке дейінгі балалардың тұлғасының дамуы негізгі құралдардың бірі — орта. Орта — баланың жаңа білім мен əлеуметтік тəжірибесінің көзі. Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық кеңістіктегі орта мектепке дейінгі баланың белсенділігі ғана емес, өздігімен əрекетін, өздігінен білім алуын қамтамасыз етеді. Ересектер баланы өнерге баулығанда жеке тұлғаның эстетикалық жəне өнегелік жағынан дамуына, оның «ізгіленіп, өнерден бірлесіп лəззат алуына жағдайлар жасайды». Жеке тұлғаға бағдарланған үлгінің қағидалары мектепке дейінгі ұйымды дамытушы орта құрудың мына ұстанымдарын қамтиды:

  • аралықтар, өзара əрекеттестік кезіндегі орныққан орындары;
  • белсенділік, дербестік, шығармашылық;
  • тұрақтылық-ұтқырлық;
  • жинақылық пен оңтайлылық;
  • ортаның əсерлілігі, əр бала мен ересектің жеке жайлылығы мен сезім қолайлылығы;
  • ортаны эстетикалық тұрғыдан ұйымдастыруда үйреншікті жəне əдеттен тыс элементтерді үйлестіру;
  • ашықтық-жабықтық;
  • балалардың жыныстық жəне жас ерекшеліктерін ескеру.

Дамытушы ортаны құрудың зерттелген ұстанымдарын айта келе, авторлар мынадай тұжырым жасады: «Балалар мекемелерінде ортаны ұйымдастыру осы аймақпен тарихи байланысты фольклор элементтері бар сəндік-қолданбалы кəсіпшілік мəдениеттің аймаққа тəн ерекшеліктеріне де негізделеді. Бұл, сөз жоқ, балалардың отаншылдығын, өзінің туған жері үшін мақтаныш сезімін,«шағын отан» туралы түсініктері мен оған деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруға көмектеседі» [2].

Зерттеушілер Р.И.Куличенко, Р.М.Егорова РБА ЦСП-мен бірлесіп, ашық əлеуметтік- педагогикалық жүйе ретіндегі мектепке дейінгі мекеме қызметінің тұжырымдамасын əзірледі. Авторлар мектепке дейінгі мекеменің ашық əлеуметтік-педагогикалық жүйе ретіндегі негізі шағын қоғам жағдайларын барынша ескеріп, мемлекеттік жəне қоғамдық құрылымдармен, отбасымен өзара ықпалдастықты қамтамасыз ету деп есептейді. Шағын қоғамдағы ашық əлеуметтік-педагогикалық жүйе ретіндегі мектепке дейінгі мекеменің қызметі, авторлардың пікірінше, қоғам мен мемлекет тарапынан қорғалу мен көмек алу жөніндегі отбасы мен балалар құқықтарының жүзеге асуына ықпал жасау, əлеуметтік институт ретіндегі отбасының дамуы мен нығаюына, əлеуметтік саулық пен амандық көрсеткіштерінің көтерілуіне жəрдемдесу, қоғаммен жəне мемлекетпен, еңбек ұжымдары жəне қоғамды құйымдармен байланыстарды ізгілендіру, үйлесімді ішкі отбасылық қатынастарды орнату. Авторлар ұсынған тұжырымдама балабақшаның педагогикалық қызметін аудандық қоғам жағдайларына барынша бейімдеп, онда ортаның əлеуметтік институтымен өзара əрекеттестігі негізінде тəрбие əлеуетін құру, дербес негізде үйлестіруші жəне ұйымдастырушы тəрбие орталығын ұйымдастырушы жəне ықшам ауданның барша ортасын педагогикамен қамтамасыз етуге бағытталған. Алайда аталған тұжырымдамада балаға əлеуметтік тəрбие беруде айналадағы ортаның дəстүрлерін игеруге негізделген мəдениеттанушылық көзқарас жетіспейді [3].

О.В.Дыбина-Артамонованың зерттеуінде бұйымдық əлем əлеуметтік болмысты тану көзі ретінде қарастырылады. Автор: «Нақтылы іс-əрекет процесінде бұйымдық əлемнің тұрақты əсерінің арқасында бала ересектердің шығармашылық əрекеттерінің нəтижелері туралы білім беретін жəне қолдан жасалған дүниеге болжамды көзқарасты дамыту үшін түрткі болатын бұйымды ортаға ретроспективті көзқарасты игереді, — деп санайды. О.В.Дыбина-Артамонованың пікірі бойынша, осының бəрі баланың затты қалай жетілдіріп, əдемі, пайдалы етуге болатыны жайында ойлану қабілетін қалыптастыру үшін жағдай жасайды. «Заттар əлемін» осылайша игерудің баланың тұлғалық жағын дамыту, бұйымдық əлемге шығармашыл көзқарасын ояту үшін зор маңызы бар. Баланың ойынды қажетсінуі ойыншықтардың алуан түрлері арқылы, еңбекте жұмыс құралдары арқылы қанағатандырылады. Адамның табиғи қажеттіліктері оның тұрмыс-тіршілігі үшін керек болатын заттар: ыдыс-аяқ, жиһаз, киім, аяқ киімдер, жеке бастың тазалығына қажетті заттар жəне т.б. арқылы қанағаттандырылуы мүмкін. Музыкалық аспаптар, суреттер, кітаптар, қолданбалы халық өнерінің туындылары — бұның бəрі баланың да, ересектердің де рухани жəне зияттық қажеттерін қанағаттандыруға көмектеседі. Сөйтіп, ғалым заттық əлем ақпараттық, сезімдік жəне реттеушілік қызмет атқарады да, балалардың бойында бұйымдар ересектердің шығармашылық əрекеттерінің жемісі деген ұғымды, «адам-бұйым» байланысы туралы түсінікті жəне əлеуметтік танымын қалыптастырады [4].

Əлеуметтендіру мəселесін көтерген О.Нұсқабаевтың ойынша, іс-əрекет өскелең ұрпақты əлеуметтендірудің негізгі саласы болып табылады. Өйткені кез келген адам, ең алдымен, еңбек үстінде өзінің өмір сүру ортасынында, өзін де өзгертеді деп көрсетеді. Бұдан заттық-дамытушы ортамен іс-əрекеті тұлғаны əлеуметтендірудің негізгі шарты жəне қоғамның маңызды қызметі деп түсінуге болады. Мектепке дейінгі баланың əлеуметтенуі — тұлғаның қажетті өмір тəжірибесін жинақтап, қоғамдағы тəртіп нормалары мен ережелерін игеруі. Сондықтан баланы қоршаған орта құндылықтарға негізделген, мəдени бағытта құрылуы шарт.

Н.Крылова күрделі субмəдени кеңістікке қосылу баланың бойында өнерде, дінде, əлеуметтік қозғалыстарда, білім алуда мəдени сұхбатына демократиялық бағдарлардың қалыптасуына көмектеседі. Күрделі субмəдени кеңістікке ену балаға қарым-қатынастың демократиялық ұстанымдарын — ойлау икемдігі, кең көлемде мəдени білімдер мен қызығушылықтарды қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының Білім, мəдениет жəне денсаулық министрлігінің 1998 жылғы 5 ақпандағы № 54 «Балалардың мектепалды даярлығының тұжырымдамасы мен бағдарламаларының жобаларын əзірлеу жəне апробациялау туралы» бұйрығына сəйкес «Мектепалды даярлық бағдарламасы» (5–6 жастағы балаларға арналған) (1998), «Балабақшада 5–7 жастағы балаларды мектепалды даярлау бағдарламалары» (1999) жарық көрді. 1999 жылғы 22 қарашадағы № 1762 бұйрыққа орай «Балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлау мəселелері туралы» (1999) Қаулысы жарияланып, соған сəйкес оның Ережесі мен Тұжырымдамасы ұсынылып, «Отбасында жəне балабақшада баланы мектепке даярлау бағдарламасы» (2000) жасалды. Бағдарламалардың мақсаты — қазіргі өтпелі кезеңдегі, еліміз экономикалық қиыншылықтарды бастан кешіріп отырғанда, жас ұрпақты оқу-тəрбиелеу ісіне басты назар аударып, балаларды мектепалды даярлау.

«Кемпірқосақ» бағдарламасының мақсаты — əр баланың мектеп жасына дейінгі шақты көңілді əрі мазмұнды өткізуін қамтамасыз ету. Тəрбиенің əлеуметтік жағына «Бала əлемді тануда», «Бейнелеу іс-əрекеті», «Музыкалық қабілеттерді дамыту» деп аталған тарауларда көбірек көңіл бөлгенін атап өткен жөн. Бағдарламада өнердің əрқилы түрлеріне бағдарланудағы қайшылықтардың, жалпы көркем жəне əлеуметтік-мəдени тəрбиеге таяз көзқарастың орын алғанын бөліп көрсетуге болады. Дегенмен, қай бағдарлама болса да, баланы əлеуметтендіруде заттық-дамытушы ортаны құрудың педагогикалық талаптарға сəйкестігі болашақтың зерттеу проблемасы деп есептейміз.

Мақсатты ұйымдастырылған заттық-дамытушы орта баланың үйлесімді дамуы мен тəрбиеленуінде үлкен рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған заттық-дамытушы орта балаларда қуаныш сезімін балабақшаға деген жағымды эмоциялық қарым-қатынасты, оған келуге деген тілекті шақырады, жаңа əсерлер жəне білімдермен байытады, белсенді шығармашылық əрекетті тудырады, мектепке дейінгі балалардың зияткерлік жəне əлеуметтік дамуына мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі баланың жеке басын жəне танымдық процеcтерін дамыту, қарым-қатынас дағдыларын жəне тұтастай алғанда айналадағы əлеммен əлеуметтік өзара іс-қимылын қалыптастыру баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз байланысты. Заттық-дамытушы орта — бұл бала қызметінің материалдық объектілерінің жүйесі, оның рухани жəне физикалық дамуының

функционалдық үлгідегі мазмұны. Заттық ортаның негізгі элеметтері — сəулетті-ландшафтық жəне табиғи-экологиялық объектілер; ойын жəне спорт алаңдары, олардың жабдықтары; баланың өсу барысына байланысты ірі ауқымдағы конструкторлармен (модульдермен), ойыншықтардың тақырыптық жинақтамаларымен, ойын материалдарымен, ойын жабдықтарымен жарақтандырылған ойын кеңістіктері; тəрбие мен оқытудың аудиовизуалдық жəне ақпараттық құралдары болып табылады [5].

Заттық-дамытушы орта мынадай психологиялық-педагогикалық өлшемдерге жауап беруге тиісті:

  • баланың психикалық даму деңгейіне сəйкестігі;
  • жүйелілігі;
  • көп функциялылығы;
  • баланың шамасына сай болуы;
  • трансформациялануы;
  • мазмұны бойынша жəне функционалдық міндеттері бойынша вариативтілігі.

Заттық ортаға қойылатын бастапқы талап — оның дамытушылық сипаты. Ол балабақша бөлмелерін, сондай-ақ учаскені заттық кеңістікте ұйымдастыру арқылы баланың мүдделері мен қажеттіліктеріне, ал олардың элементтері (құрал-жабдықтар, ойыншықтар, дидактикалық материал т.б.) баланың дамуына қызмет етуге тиіс.

Баланың ортасын дұрыс ұйымдастыру тəрбиелеу мен оқыту үдерісін даралауға мүмкіншілік береді.

Заттық-дамытушы орта келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • жаңа құралдар мен өзгерістер енгізуге ашық жəне икемді болуы;
  • тартымды, ақпаратқа бай, қызметі алуан түрлі;
  • құралдар кіріктірілген сабақтың мазмұнына сəйкес жəне жан-жақты;
  • ересектер мен балалардың бірігіп əрекеттесуіне лайықты ұйымдастырылуы қажет.

Баланы жан-жақты тəрбиелеу, оның дүниетанымын жетілдіру, заттық орта туралы түсінік ой- өрісін дамытып, еңбекке баулу балабақшалардағы барлық топтарға бірдей ортақ міндеттер. Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін кеңейтудің негізгі айналадағы ортамен табиғат құбылыстарын бақылату. Заттық орта жұмысында айналадағы қоғамдық өмір шындығын, табиғат тамшыларын бақылатып, баланың таным, сезім қабілетін жетілдіру басты роль атқарады. Балалармен арнайы өтілетін осы жұмыс барысында тəрбиеші əр заттың аты, сапасы, қажеттігі жайында түсіндіреді. Баланы заттың атын сөзбен айтуға үйретеді. Айналадағы қоғамдық өмір өлі, тірі табиғат құбылысын бақылатқанда да əр объектіні сөзбен атап, түсіндіріп, баланы заттық ортаға сөзбен қызықтырып, қабілетін дамыту көзделеді.

Дамытушы орта бала тəрбиелеуде ең маңызды факторлардың бірі болып табылады, сондықтан да дамытушы ортаны жабдықтаған да оны өзгертуге жəне толықтыруға болатындай етіп жабдықтаған дұрыс. Өйткені бала жылдам өседі, сондықтан да, ертеңіне ол орта баланың дамуына əсер бермейді, ал кейін оның дамуына кедергі келтіреді. 2 айдан соң дамытушы ортаны өзгертуді жəне толықтыруды қажет етеді, бұл практикада дəлелденді. Кішкентай сəбилер ірі ойын жабдықтарын ұнатады, сонымен қатар ол жабдықтар көзге тартымды, ашық түсті болғаны дұрыс. Топтағы дамытушы орта балаға сан- түрлі іс-əрекет кездерінде сараптауға, ойлауға септігін тигізуші болып табылады. Балалардың саусақ моторикасын дамыту үшін арнайы ойыншықтарды пайдаланған жөн.

Дамытушы ортаны жобалағанда баланың жеке тұлғасына да аса көңіл бөлген жөн.

  1. Баланың жеке тұлға ретіндегі іс-əрекетімен байланыстыру керек. Осы мақсатта топтарда сəбилердің жас ерекшеліктеріне сəйкес, əр түрлі белсенді іс-əрекеттерді атқаруға бірнеше орталықтар жасақталады:
  • қимыл-қозғалыс орталығы;
  • ойын əлемі;
  • бейнелеу-шығармашылық орталығы;
  • конструктивтік орталық.
  1. Топта балалардың тынығып демалуына «тыныштық əлемі», немесе «оңашалану орталығын», ұйымдастыруға болады.
  2. Мүмкіндігінше «жеке бұйымдар» орталығын ұйымдастыруға болады, яғни əр бала өзінің жеке затын сақтау үшін арнайы жер дайындау.

 Дамыту ортасын ұйымдастырып жасақтауда бала дамуындағы маңызды ролі басшылыққа ала отырылып ұйымдастырылады жəне онда бала өзін еркін сезіне алуына, денсаулығына нұқсан келтірілмеуіне, дүниетанымын кеңейтуге қолайлы жағдай туғызуға аса көп мəн беріледі. Ұйымдастырылған дамытушы орта ыңғайлы болуы керек жəне баланың айнала қоршаған əлеммен байланысын айқындатуына септігін тигізу керек [6].

Педагогтардың жасақтаған дамытушы орта модельдері педагогикалық ұжымның көп жылғы іс- тəжірибелері мен шығармашылық ізденістерінің нəтижесі болып табылады.

Мектепалды даярлықта балаларды ұлттық тəрбиеге баулуды дамытушы орта арқылы қалыптастыру тақырыбында біз дамытушы ортаны дұрыс қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі жастағы балаларды ұлттық тəрбиеге баулудың ерекшеліктерін зерттедік. Балалық шақта берілген білім бүкіл өмір бойына қалады жəне белгілі бір көзқарас қалыптасады. Тəрбиеші келешек Отанының патриот азаматын тəрбиелейтін болғандықтан, оған өз ұлтының салт-дəстүрлерін, ұлттық аспаптарын, халық ауыз əдебиетін, ою өрнек, нақыштарын, ұлттық кəсіпкерліктің қыр-сырлары жайлы біліммен таныстырады. Кез келген тəрбие бастауы баланың тілін дамытумен тікелей байланысты. Демек, халық ауыз əдебиетінің бұл жерде алар орны ерекше. Ол үшін балабақша топтарында дидактикалық материалдар орталығы, кітаптар бұрышы ұйымдастырылады. Бала бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін түрлі макеттерді, құралдарды, заманауи технологияларды пайдалануға болады.

Мектепке дейінгі мекемелердегі заттық ортаны ұйымдастыру əр тəрбиешінің шеберлігіне байланысты. Егер заттық ортаны қозғалмалы етіп ұйымдастырса, баланың қалауын есепке ала отырып, оның орнын ауыстырып отыруға болады. Ұлттық би элементтерін не əн, күйлерін таныстыру жұмыстарын арнайы əн-күй залында өткізер болса, онда құрал-жабдықтарды көшіру тиімді болмақ. Заттық-дамытушы ортаның тағы бір ерекшелігі — оның сан алуандығы. Кіші сəбилер тобынан бастап ұйымдастырылған заттық-дамытушы орта ересек топқа дейін толықтырылып отырады. Тəрбиеші міндетті түрде сол топтағы тəрбиеленуші балалардың жас ерекшеліктерімен қатар, психологиялық ерекшеліктерін, танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын есепке алып отыру қажет. Себебі əр баланың мінез-құлық ерекшеліктеріне сəйкес сан түрлі шығармашылық істерге бейім болады. Тəрбиеші-педагог заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыруда міндетті талаптарға сүйеніп жұмыс жасауы қажет.

Балабақшаның əр түрлі жас топтарындағы заттық-дамытушылық ортаны ұйымдастыра отырып, педагогтар балалардың ойын əрекетін дамытудың кезеңдік ерекшелігін, тəрбиенің жеке тұлғалық- бағытталған моделі қағидасын есте ұстаулары керек. Мектепке дейінгі ұйымдардағы заттық- дамытушылық орта белгілі талаптарға жауап береді: бұл, бəрінен бұрын, баламен тақырыпқа, ойын желісіне, сол немесе басқа ойыншықтарға, ойынның орны мен мерзіміне еркін жету. Сонымен бірге балалар белгілі оқыту бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын мектепке дейінгі ұйымда болатын сол жағдайды жəне мектепке дейінгі жастағы балалардың жас ерекшеліктерін ескермеуге болмайды. Бұл мектепке дейінгі ұйымда балалармен ойнау құқығын жүзеге асыру үшін жағдайлар құрып, пайдалы ойындардың əр түрлі түрлерін ұйымдастыру үшін оны əмбебап заттық ойындық ортамен жабдықтап, ойын үшін қажетті барынша ыңғайлы күн тəртібіндегі уақыт емес, сонымен бірге ыңғайлы орын бөлу.

Мектепке дейінгі ұйымдардың топтарында заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру кезінде күрделі, көп жоспарлы жəне жоғары шығармашылық əрекет қажет. Себебі ойыншықтардың алуан түрлі болуы баланың дамуына негізгі жағдай болып табылмайды. Сондықтан тəрбиешілер топты дұрыс стандартты емес жабдықтай білуі керек.

Мақсатты ұйымдастырылған заттық-дамытушы орта баланың үйлесімді дамуы мен тəрбиеленуінде үлкен рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған заттық-дамытушы орта балаларда қуаныш сезімін балабақшаға деген жағымды эмоциялық қарым-қатынасты, оған келуге деген тілекті шақырады, жаңа əсерлер жəне білімдермен байытады, белсенді шығармашылық əрекетті тудырады, мектепке дейінгі балалардың зияткерлік жəне əлеуметтік дамуына мүмкіндік береді [7].

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Данашева А. Заттық-дамытушы ортаның ұйымдастырылу тəртібі // Бастауыш мектеп. — — № 10. — 14 б.
  2. Петровский В.А., Кларина Л.М., Смывина Л.А., Стрелкова Л.П. Построение развивающей среды в дошкольном учреждении. — М.: Новая школа, 1993. — 346 с.
  3. Нұсқабаев О. Мектеп — жас ұрпақты əлеуметтендіру институты. — Алматы: Қазақстан, 1997. — 156 б.
  4. Мудрик А.В. Социализация и смутное время. — М.: Просвещение, 1995. — 250 с.
  5. Крылова Н. Детский сад — дом радости. — СПб.: Библиотека для воспитания, 1992. — 144 с.
  6. Дыбина-Артамонова О.В. Предметно-пространственная среда: её роль в воспитании личности // Дошкольное воспи- тание. — 1995. — № 4. — С.
  7. Виноградова Н.А. Интерактивная предметно-развивающая среда детского сада: учебник. — М.: Перспектива,— 123 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.