Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қайталап жасалатын қылмыстылық детерминаттары

Қайталап жасалатын қылмыстылықпен күресу — жалпы қылмыстылықпен күрес жүргізудің алдыңғы бағыттарының бірі. Сондықтан қайталап жасалатын қылмыстылықпен күрес жүргізу, ғылыми тұрғыдан қайталап жасалатын қылмыстылықты ескертудің тиімді жолдарын іздестіру, бірнеше мəрте қылмыс жасаған тұлғаларға нақты қылмыстық-құқықтық əсер ету шаралар кешенін қарастыру жалпы қылмыстылықты ескертуге қосқан үлеспен бірдей.

Қылмыстық құқық пен криминология теориясында қайталап жасалатын қылмыстылық себептері жалпы қылмыстылық себептерімен тығыз байланысты деген пікір мойындалуда. Сондықтан қайталап жасалатын қылмыстылық проблемаларын криминологиядағы себептіліктің негізгі параметрлерінсіз қарастыру мүмкін емес.

Қылмыстылық детерминанттары проблемасы — криминология ғылымындағы ең басты жəне күрделі мəселелердің бірі.

Қылмыстылық себептері проблемасына көптеген фундаменталды еңбектер арналған. Кеңестік криминология ғылымының қылмыстылықты ескерту жалпы теориясына Г.А.Аванесов, Ю.М.Антонян, М.М.Бабаев, А.А.Герцензон, П.С.Дагель, И.И.Карпец, М.И.Ковалев, Н.Ф.Кузнецова, В.Н.Кудрявцев, Н.С.Лейкина, А.Б.Сахаров, Л.И.Спиридонов, Н.А.Стручков, С.А.Тарарухин, В.Д.Филимонов, М.Д.Шаргородский, А.С.Шляпочников, A.M.Яковлев сияқты ғалымдар өз үлестерін қосты.

Бұл мəселеге қатысты ғалымдардың пікірлері əр түрлі. Бір авторлар адамзат қоғамында қылмыстылықтың əлеуметтік проблемаларын жоққа шығарса, басқалары тек əлеуметтік проблемаларды ғана мойындайды.

«Кез келген қоғамдағы қылмыстылықтың жалпы себебі — объективті əлеуметтік қарама- қайшылықтар», — десе [1], Н.Ф. Кузнецова: «..толық себептілік қылмыстылық туғызушы əлеуметтік құбылыстардың сипаты мен механизмі бойынша əр түрлі əрекеттер жиынтығын құрайды», — дейді [2], ал қайталап жасалатын қылмыстылықтың негізгі себептері мен жағдайларын зерттеуге өз үлестерін қосқан отандық криминолог-ғалымдар Е.И. Қайыржанов пен Б. Нақыпов та қылмыстылық (қайталап жасалатын қылмыстылық та) себептері мен жағдайларын əлеуметтік қарама-қайшылықтар шиеленісіне талдау жасау жолымен ашу қажет деген қорытындыға келеді [3]. Қылмыстылық себептеріне барлық деңгейлерде талдау жасау объективтік жəне субъективтік сипаттағы құбылыстарды есепке алу қажеттілігін көрсетеді. Бұл туралы А.А. Герцензон: «Қылмыстың жасалу себебінің алуан түрлілігіне қарамастан, оларды төмендегідей екі топқа бөлуге болады:

  1. Сыртқы (объективті) сипаттағы себептер мен жағдайлар.
  2. Ішкі (субъективті) сипаттағы себептер мен жағдайлар» [4]. Сөйтіп, автор бірінші себептерге адамның тəрбиесі мен тұрмыстық, еңбек жағдайын жатқызса, екінші себептерге оның ішкі болмысын жатқызады.

Сөйтіп, біздің пікірімізше, қылмыстылық себептері əлеуметтік құбылыс ретінде қоғам дамуындағы қарама-қайшылықтардан байқалады. Осы проблемаға қатысты түрлі пікірлерді жалпылама қарастыра отырып, қылмыстық мінез-құлық себебі ретінде қарама-қайшылық концепциясы əмбебап сипатқа ие деген пікірге келеміз. Философияда себеп дегеніміз — басқа құбылысты туындататын құбылыс немесе құбылыстар жиынтығы. Алайда себеп белгілі бір салдарлар мүмкіндігін ғана туғызатындықтан, себептің тууы үшін жағдай да қажет. Жағдайлар өздігінше себептерді туындата алмайды, дегенмен белгілі бір жағдайларда себептер əрекетін жүзеге асыруға ықпал етеді.

Əлеуметтік құбылыстар себебі, оның ішінде қылмыстылық себебі түрлі негіздерде өріс алып, түрлі себептерге əкеледі.

Сонымен қатар əлеуметтік өмір саласындағы себептік байланыстың əмбебап ерекшелігі олардың көп жағдайда адамдар əрекетінің мотиві мен мақсаты қалыптасатын сана арқылы өтетіндігінде болып табылады. Адам санасындағы объективті өмір шындығы мақсат болжамына əкеледі [5].

Криминологияда себептілікке себеп, жағдай, салдар, себеп пен салдар арасындағы байланыс жəне салдар мен себеп арасындағы кері байланыс жатады.

Сөйтіп, себептік байланыс — бұл құбылыстың пайда болуы көрініс табатын заңды өзара байланыстардың айрықша нысаны. Алайда себептермен қатар жағдайлар да бұл процестің оперативті факторлары болып табылады. Бұл түрлі қоғамдық қатынастарда бір құбылыстың себеп те, жағдай да болып саралануымен байланысты.

Сонымен себеп пен жағдай арасында ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар екендігі белгілі болды. Бұл туралы Г.А. Аванесов былай дейді: «Əрекеттері мен өзара əсері жаңа құбылыстар туындатып, оның себептері болатын белгілі жағдайлар немесе олардың жиынтығына əкелетін көптеген жағдайлар туралы айтуға болады. Мысалы, арамтамақтық пен қаңғыбастық маскүнемдікке əкеліп, сол негізде көптеген қылмыстар жасалып, маскүнемдік пен осы қылмыстардың себебі болады. Бірақ осымен қатар құбылыстың пайда болуында рөл ойнайтын басқа жағдайлар себеп процесіне тікелей енбей, жағдай болып қала береді. Мысалы, мигранттардың орналастырылмауы арамтамақтық, қаңғыбастық пен маскүнемділікке əкеледі. Осылардың негізінде жəне басқа себептерді есепке ала отырып, қылмыстар жасалады. Алайда бұл жағдай (мигранттардың орналастырылмауы) бұл қылмыстар себебіне жатпай, жағдайы болып қала береді [6]. М.Д. Шаргородский қылмыстылық себебі туралы: «Қылмыстылық себептері деп осы сөздің кең мағынасында онсыз пайда болып, өмір сүре алмайтын барлық жағдайларды санауға болады. Алайда бұл жағдайлардың рөлі бірдей емес. Біреулері қылмыстық мотивтің шынайы мүмкіндігін жасаса, басқалары бұл мүмкіндікті шындыққа айналдырады. Сондықтан біріншісін жағдай ретінде, ал екіншісін себеп ретінде қарастырған жөн... Қылмыстылық себептері өз əрекеттері арқылы себепті туындататын белсенді күштер болып табылады. Нақты қылмыстылық себептері — бұл субъектілердің оны жасауға деген қызығушылықтары мен мотивін тудыратын белсенді күштер» [7]. Егер проблемаға осы жағынан келсе, қылмыс жасау себептері мен жағдайлары арасында айырмашылықтың бар екендігін көреміз. 1997 жылы В.Н. Кудрявцев пен В.Е. Эминовтың редакциялауымен шыққан «Криминология» оқулығында қайталап жасалатын қылмыстылық туғызушы себептер мен жағдайларды төмендегідей топтарға бөледі: бірінші соттылыққа дейін орын алған жəне жазасын өтеген соң да өмір сүріп, жаңарып отыратын жағдайлар; қылмысты қайталап жасаушы тұлғаларға қатысты қылмыстық істерді тергеу, жаза тағайындау жəне атқару кезіндегі құқық қорғау органдары қызметіндегі кемшіліктер; жазасын өтеуден босаған тұлғалардың əлеуметтік бейімделуіндегі қиындықтар.

Бірінші топ — бұл жағымсыз ортаға (соның ішінде криминогенді отбасына) оралу, қоғамға қайшы үлгіде өмір сүретін тұлғалармен байланысын жаңарту. Сонымен қатар қылмыс жасап жүрген, жазасын өтеп, қылмысты қайталап жасаушы тұлғалармен жаңа байланысқа түсу.

Екінші топ — бұл жасалған қылмысқа уақытымен əрекет етпеу, қылмыстық іс қозғаудағы баяулық, бұлтартпау шарасын қолданудағы дəрменсіздік, жасалған қылмыс жағдайларын жан-жақты, толық жəне объективті зерттеу заңдылығы талаптарын бұзу.

Үшінші топқа бірінші кезекте сотталғанды қоғамнан оқшаулаудың жағымсыз салдары жатады. Олар: сотталғанды қоғамның қалыпты өмір жағдайынан шығарып тастау; əлеуметтік-пайдалы байланыстарын əлсірету немесе жою; бас бостандығынан айыру жағдайы мен режиміне өзінше көндігу жəне бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққаннан кейінгі соған байланысты қиындықтар, ұзақ уақыт қамауда ұсталуына байланысты психикалық бұзылушылықтар; қылмыскерлердің бір-біріне қылмыстық ортаның салт-жоралғыларын таңуы жəне таратуы [1; 226].

Осы үшінші топта көрсетілген жағдайлардың жалпы адамның қылмысты қайталап жасауына итермелеуші əсері зор деп санаймыз. Себебі, тəжірибе көрсетіп отырғандай, бас бостандығынан айыру орнына түскен адам заңнамаға сəйкес, жаза мақсаттарының тиісінше қанағаттандырылуын қамтамасыз етіп, түзеліп шықпай, керісінше, сол ортаның жағымсыз əсеріне бейімделіп, қылмыстық жолға түсіп немесе қылмыс жасау тəжірибесін байытып шығады деп ойлаймыз.

Пенитенциарлық қылмыстардың қайталануына ықпал етуші факторларды шартты түрде төмендегідей топтастыруға болады:

  1. Сотталғандарды еңбекпен қамтамасыз ету жағдайындағы кемшіліктер. Мұның мəні — еңбекпен қамтамасыз етілген сотталғандардың жыныстық қылмыстар мен түрлі зорлық əрекеттер жасауға бейім тұлғаларының оқшаулануға мүмкіндігі бар өндірістік орындарға жұмысқа орналасуы. Нəтижесінде қылмыскерлер мұндай өздері үшін оң мүмкіндіктерді пайдаланады.
  2. Сотталғандардың тұрғын жайларда, айыптық оқшаулау орны мен камералық үлгідегі жайларда дұрыс орналастырылмаулары. Түзеу мекемесі (бұдан əрі — ТМ) əкімшілігінің сотталғандардың мінез-құлық, жас ерекшеліктерін жəне криминалдық тəжірибелері мен басқа да тұлғалық ерекшеліктерін есепке алмаулары. Бұл жағдай көбіне тəжірибелі агрессивті қылмыскерлердің бас бостандығынан бірінші рет айрылған сотталғандармен, белсенділердің белсенсізбен орналасулары болып табылады. Белсенді тұлғалар мұндай мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тұрақсыз тұлғаларды жыныстық қатынастарға бейімдейді немесе жыныстық қатынасқа мəжбүрлейді.
  3. ТМ əкімшілігінің жазаны өтеу режимін қамтамасыз ету саласындағы кемшіліктер мен олардың негізгілері:
  • тұрғын жаймен қатар өндіріс аймақтарындағы сотталғандарға жасалатын қадағалаудың əлсіздігі. Əкімшілік тарапынан бақылаудың төмендігін пайдалана отырып, режимді қасақана бұзушылар құмар ойындар ұйымдастырып, спирттік ішімдіктер пайдаланады жəне сатып алады, қылмыс немесе жыныстық қатынас жасауға ыңғайлы жерге оқшаулану үшін тұрғын жай мен жұмыс орындарын қалдырып кетеді;
  • кейбір сотталғандарға олардың жүріс-тұрыстарын бақылауды қиындатушы коммуналдық- тұрмыстық жəне басқа да оқшауланған жайларда (кітапхана, клубтар, мектептер мен т.б.) тұруларына рұқсат беру;
  • сотталғандардың ұйықтау орындары бойынша тұрғын секцияларда дұрыс орналасу жағдайларына бақылау жасалмайтындығы;
  • шатырлар мен жертөлелерде сенімді жабу құралдары мен дабыл құралдарының болмауы жəне тұрғын аймақ пен өндіріс аймақтарындағы жарықтың аздығы.
  1. Сотталғандармен жүргізілетін тəрбие жұмыстары деңгейінің төмендігі:

а) бұл жұмыста сараландыру мен жекелей жұмыс істеудегі кемшіліктер байқалады, мысалы, ұрылар мен адам өлтірген қылмыскерлерге тəрбиелік əсер ету шараларында айырмашылық жоқ;

ə) түзеу мекемесінде отырған сотталғандардың қылмыстық əрекеттері немесе ниеттері туралы тəрбие бөлімі тарапынан сирек анықталады, мінез-құлықтың криминогенді механизмдері туралы қызметкерлердің, əсіресе жасақ бастықтарының тіптен жалпы түсініктері де болмайды;

б) сотталғандардың өз ұжымдарында криминогенді факторлардан арылудың позитивті мүмкіндіктері пайдаланылмайды. Қоғамдық ұйымдар мен түзеу мекемесінен тыс жерлердегі мəдени ұйымдардың да профилактикалық мүмкіндіктерді пайдалануы туралы да соны айтуға болады;

в) аталған мекемелердің қызметкерлерінің қылмыскерлерге психологиялық-педагогикалық əсер ету тəсілдер мен дағдылары жоқ. Психологиялық ақпараттарды педагогикалық мақсаттарда тиісті профилактикалық деңгейде пайдалана алмайды;

г) түзеу мекемесі қызметкерлерінің өз көмектері мен қолдауларын қажет етуші сотталғандарға көмектесуге бөлетін уақыттары жоқ, мысалы, жасақ бастықтарының жасақта ұсталатын сотталғандар санының көптігіне байланысты олардың əрқайсына уақыт бөлуге шын мəнінде мүмкіндігі жоқ.

  1. Түзелу жолына түспеген сотталғандарды қоныс-колонияларға ауыстыру немесе толық зерттеліп болмаған сотталғандарға айдауылсыз жүріп-тұру құқығын беру жəне олардың мінез- құлықтарына бақылау жасау əлсіздігі. Осы кемшіліктер нəтижесінде сотталғандардың ТМ оқшауланған аудандарда түрлі қылмыстар жасауына ықпал етуші жағдайлар туындайды. Өздерінің мінез-құлықтарына жасалатын бақылаудың əлсіздігін пайдаланатын сотталғандар жүріп-тұру бағыттарын өзгертіп, жақын орналасқан елді мекендерге барып, спирттік ішімдіктер ішеді, əйел зорлау мен басқа да қылмыстар жасайды. Сотталғандардың əлеуметтік ортасы да мұқият зерттеуді қажет етеді. Ең жоғарғы криминалды əлеует бас бостандығынан айыру түріндегі жаза өтеушілерге тəн құбылыс. Оның криминогенді болу себебі адамды күнделікті өмір жағдайынан мəжбүрлі түрде шығарумен байланысты.

Түзеу мекемелерінен босап шыққандардың 30–35% өмірге бейімделу механизмдерін қалпына келтіру үшін арнайы психологиялық немесе психиатрлық көмекті қажет етеді [8]. Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандар арасында өзара криминалды «жұқпалы дерт» бар. Ол — түрме салтын ұстану.

Сотталғандар арасында жасалатын қылмыстардың басым көпшілігі абақты заңдарын бұзғаны үшін формалды емес санкциялар қолдану түрінде көрініс табады (73%). Көбіне бұл санкциялар (47%) түзеу мекемесі əкімшілігімен қарым-қатынастағы сотталғандарға қолданылады. Қылмыстың 12% қарым-қатынас жасауға тыйым салынатын «төмендетілген» сотталғандармен байланыста болғаны үшін. Қылмыстың шамамен 18 % қарызды қайтарып алу мақсатында жасалады [9]. ТМ-нің формалды емес заңдарының сақталуына олардың жұмыспен қамтамасыз етілмеулері ықпал етеді. Сотталғандардың еңбек етулерінде еріктілік элементі жоқ, əрі жұмыс түрін таңдау құқылары да жоқ, ал еңбектен бастарту тəртіптік теріс қылық деп саналады. Ал сотталғандардың шартты мерзімнен бұрын босаулары үшін еңбекке деген қарым-қатынас міндетті болып табылады. Бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстық орта дəстүрлерін белсенді түрде ұстанушылар мазмұны бойынша қылмыстық əлемнің əлеуметке қарсы «заңдарын» насихаттаушы құқықбұзушылардың ерекше типі болып табылады. Криминалдық элементтер арасында қоғамға қайшы дəстүрлердің тарауына ықпал етуші себептер мен жағдайлардың терең тарихи тамырлары болып, бұл құбылыстар «басқаша өмір» сүретін жеке топтар өмірімен тығыз байланысты. Бұрмаланған өмірлік құндылықтарға негізделген жасырын «басқаша өмір» пенитенциарлық мекемелер жүйесінің режимдік-оқшаулау жағдайында сотталғандардың түзелу процесі тиімділігінің төмен болуының басты себебі болып табылады. Бұл процесті ынталандыру үшін түрлі сипаттағы проблемалардың кең спектрін шешу қажет. Енді төмендегі кестедегі көрсеткіштерге көңіл бөлер болсақ, келесі статистикалық мəліметтер аламыз.

 К е с т е Қазақстан Республикасында 2010–2014 жылдар аралығында қайталап жасалған қылмыстардың үлестік салмағы

 Жалпы қылмыстылықпен салыстырғанда, қайталап жасалатын қылмыстылық көрсеткіштері соншалықты көп те емес сияқты, дегенмен мұндай қылмыстар тұрақты жəне жүйелі сипатқа ие болуымен қауіпті. Сонымен қатар сотталғандар жасаған қылмыстарды есепке алу жүйесі субъективтік сипатқа ие екендігін де ұмытпаған жөн. Оның төмендегідей объективті себептері бар:

  • біріншіден, статистикалық мəліметтердің кез келген саны латентті емес, тек тіркелген қылмыстарды көрсетуі;
  • екіншіден, құзыретті органдардың қылмыстылық көрсеткіштерін көтермеуге ұмтылуы.

«Қылмыстылықтың тек статистикалық болмысын негізге алу демек, істің шынайы жағдайын талдаудан кету жəне қылмыстылық статистикасының мысал үшін туу жəне өлім статистикасынан айырмашылығы бар екендігін есепке алмау. Соңғысы туу немесе өлімге байланысты фактілердің əрқайсын тіркесе, қылмыстылық статистикасы біршама бағалаушылық сипатқа ие» [10]. Сондықтан бұл жерде қылмыс латенттілігінің де болу мүмкіндігін естен шығармаған жөн.

ҚР Президентінің 25 қыркүйек 2006 жылғы № 906 Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының 2007–2015 жылдарға арналған қылмыстық-атқару саясатын жетілдіруге байланысты Концепциясы мақұлданып, оның 4.2 пунктінде қылмыстық-атқару жүйесі қызметін əрі қарай жетілдіру туралы айтылған «…қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қылмыстық əлем дəстүрлерімен күрес жүргізудің құқықтық жəне ұйымдастырушылық жағдайларын жетілдіру шеңберінде криминалды ортада беделге ие сотталғандар тобының түзелуіне тиімді əсер ету шараларын қабылдау қажет. Сондай-ақ сотталғандардың кейбір категорияларын қылмыстық орта «беделділері» мен ұйымдасқан қылмыстық топ көшбасшыларының құқыққа қарсы əрекеттерінен қорғауды қамтамасыз ету қажет [11].

Алайда қазіргі қолданыстағы ҚР қылмыстық заңында осы уақытқа дейін түзеу мекемесінде ұсталатын сотталғандар арасында өздері үшін паразиттік өмір салты құқығын белгілеп алып, бас бостандығынан айыру орындарында «ортақ ақша жинау», құмар ойындар ойнау, төлеу мүмкіндігі жоқ қарызгерлерден ақша талап ету сияқты қылмыстық дəстүрлерді таратушы құқықбұзушылар жауапкершілігін қарастырушы баптың жоқтығын айтуға болады. Себебі олар өздерінің құқыққа қайшы əрекеттері үшін ешқандай қылмыстық-құқықтық баға алмайды. Мұндай əрекеттер бас бостандығынан айыру орындарында қасақана жасалатын қоғамдық қауіпті əрекет ретінде қарастырылатын жалғасушылық сипаттағы құқықбұзушылық жиынтығының айрықша түріне жатады. Олардың кейбірі теориялық тұрғыдан белгілі бір қылмыс белгісіне жатса, өз сипаты, ең бастысы бағыты мен салдары бойынша заңда қарастырылғаннан қауіпті болып табылады.

Аталмыш проблеманы «ТМ ұсталатын сотталғандар жасайтын қылмыстардың алдын алу проблемалары» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелде «Біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау факультетінде» жоғары аттестациялау курсына келген практик-қызметкерлер де көтеріп, дөңгелек үстел қорытындысы бойынша жасалған ұсыныстарда бұл проблемаға əсер етудің құқықтық тетігін əзірлеу туралы айтылды.

Шын мəнінде, қоғамға қайшы əрекеттердің барлық əдіс-тəсілдерін реттеуші жетілдірілген заң жасау мүмкін емес шығар, себебі онда бəрібір қандай да бір проблемалар туындайды. Бұл мəселелердің шешімі параллельді түрде барлық құқыққорғау органдары жүйесі мен түзеу мекемелерінің үйлесімді жұмысы болуға тиіс. Бұл науқастылықтың негізгі емі қылмыстық саясат шегінен тыс жерде жатқан қоғамымыздың əлеуметтік-экономикалық жəне имандылық сауығуы болып табылады. Осы негізде біз ұсынатын шаралар бас бостандығынан айыру орындарында кəсіби қылмыскерлер тарататын жағымсыз құбылыстармен күресуді жетілдіру бойынша ұсыныстар кешеніне қосылған қосымша болып табылады. Е.Абиканов өз еңбегінде құқықтық жəне ұйымдастырушылық шаралардың төмендегідей кешенін ұсынады:

  • əлеуметке қарсы дəстүрлер мен олардың құқыққа қайшы əрекеттерін ұстанушыларды табу жəне есепке алу;
  • түзеу мекемелерінде   ұсталатын   қылмыстық    дəстүрлерді   таратушы   «беделділерді» сотталғандардың басым бөлігінен оқшаулау;
  • қарастырылып отырған құқықбұзушыларға қатысты олардың түзелуіне тиімді əсер ету (жаза қолданумен байланыссыз);
  • бас бостандығынан айырылғандар ортасында қылмыстық əлем «заңдарын» таратушы «беделділер» тобының мүшелеріне ескерте əсер ету;
  • сотталғандардың жеке категорияларын «беделділердің» құқыққа қайшы əрекеттерінен құқықтық қорғау [12]. Е. Абикановтың пікірі бойынша, ол ұсынған шаралар кешеніндегі бірінші элементі əлеуметке қарсы дəстүрлер мен олардың құқыққа қайшы əрекеттерін ұстанушыларды табу жəне есепке алу болып табылады. Бұл процестің өте күрделі екендігін айта отырып, оны төмендегі жағдайлармен байланыстырамыз.

Біріншіден, қылмыстық əлем өкілі өзінің құқыққа қайшы əрекеттерін жасырын ұстап, əдетте олар ұйымдастырушылар мен айдап салушылар рөлін атқарады. Ал атқарушылар, куəлер мен жəбірленушілердің «беделділер» тарапынан болатын қоқан-лоққыдан қорқатындықтан, қандай да бір мəліметтер беруден бастартады. Егер оларға заң жүзінде режим талаптарын бұзғаны, құқықбұзушылық жасағандары, айғақ беруден бас тартқандары үшін оларға сөгіс, айыптық оқшаулау орнына қамау немесе бас бостандығынан айыру мерзімін ұзарту сияқты жаза түрлері қолданылса, «қылмыстық дəстүрлерді ұстанушылар» талабын орындаудан бас тартқандары үшін оларға ауыр соққыға жығу немесе өлім сияқты жазалар қолданылады.

Екіншіден, қылмыстық орта дəстүрлерін белсенді түрде ұстанушыларды табу түзеу мекемесінде ұсталушылар санының лимиттен асып кету жəне сотталғандар құрамының тұрақсыздығы жағдайында болады.

Қарастырылып отырған шаралар жүйесіндегі келесі маңызды қадам түзеу мекемелерінде ұсталатын қылмыстық дəстүрлерді таратушы «беделділерді» сотталғандардың басым бөлігінен, əсіресе олардың қолдауына ие болғандардан оқшаулау болып табылады. Мұны құққбұзушылармен күресуге бағытталған бай тарихи тəжірибе де дəлелдеуде. Тəжірибеде оларға қатысты қолданылатын жазаларды екі топқа бөлуге болады: сотталғаннның сол түзеу мекемесіндегі жүріп-тұру бостандығын шектеуші жазалар мен басқа түрдегі түзеу мекемесіне ауыстыру түріндегі жазалар. Алайда «беделдіні» айыптық оқшаулау орнына қамау, камералық үлгідегі жайға ауыстыру (айрықша режимдік түзеу колониясындағы жалғыз адамдық камераға) оның өзге сотталғандарға тигізер жағымсыз əсерін жоймайды. Осыған байланысты «ұрылар» мен «қараушыларды» түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін ауыстыру олардың өзге сотталғандардан қоғамдық қауіптіліктері бойынша айырмашылықтары барын көрсетеді. Бір жағынан, «беделділерді» түрмеде ұстау олардың түзеу мекемелеріндегі одақтастарымен қарым-қатынастарын қысқартып, «əдеттегі» қылмыстық элементтердің өзге сотталғандарға тікелей əсер етуін ұйымдастыруға жағымды жағдайлар жасалады. Бұл жерде қолданылатын шараның артықшылығын атап кеткен дұрыс. Осы мəселені басқа қырынан қарастырар болсақ, бұл еліміздің түрлі аймақтарынан келген «беделділердің» жасанды түрде біріктірілуі болып табылады. Алайда бұл жағдай бірқатар жағымсыз құбылыстарға əкеп соқтырады: біріншіден, қылмыстық ортада лидерлік үшін күрес басталып, олардың арасында «тазарту» жүргізіле бастаса, екіншіден, «беделділер» қылмыстық əлем «заңдарын» жетілдіріп, өз қоғамдастық мүшелерінің ақылдаса отырып, бір бағдарлама бойынша əрекеттесуіне мүмкіндік туады жəне ең соңында олардың түрмеде жазаларын өтеп жатқан өзге сотталғандарды қоғамға қайшы əрекеттерге тарту үшін үлкен мүмкіндіктер туындайды.

Бас бостандығынан айыру орнында жазаны осылайша өтеу жүйесінде жұмыспен қамтамасыз етілмеу сотталғандар жағдайын қиындатып, оларды криминогенді факторларға итермелейді.

Бас бостандығынан айыру орындарында жасалатын қылмыстар көбіне адам өлтіру, ұрлық, тонау, денеге зақым келтіру, бұзақылық жəне жазаны өтеуден жалтару, түзеу мекемесі қызметі мен қызметкерлері жұмысына кедергі жасау, сотталғандарды ұстауына тыйым салынған заттарды алу, жыныстық эксцестер, сотталғандардың жаппай қылмыстық əрекет жасаулары сияқты бас бостандығынан айыру орындарына тəн əрекеттер [13].

Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесін стратегиялық реформалау шеңберінде сотталғандарды камераларда ұстауға көшуге ниет білдіруде. Себебі түзеу мекемелерінде қылмыстың жасалуына ықпал етуші факторлардың бірі пенитенциарлық қайталанып жасалатын қылмыстар мен ауыр жəне аса ауыр қылмыс жасағандардың концентрациясының жоғарылығы болып табылады. Сондықтан сотталғандарды камераларда ұстауға ауыстыру, біздің пікірімізше, бас бостандығынан айыру орындарында адамдардың ізгілікті ұсталуларына мүмкіндік беріп, олардың туберкулезбен ауыру деңгейін төмендетуге жəне жалпы денсаулық жағдайларын жақсартуына, сондай-ақ қылмысты қайталап жасаушы қылмыскерлердің бас бостандығынан айыру орындарына бірінші рет түскендерге жағымсыз əсерін болдырмауға ықпал етеді. Сотталғандардың қауіпсіз жағдайларда өмір сүруін, адамдардың құқықтары мен бостандығын бұзу фактілерін қысқартуды қамтамасыз етіп, криминалды «беделділердің» өзге сотталғандарға жағымсыз əсері жоғалады. Сөйтіп, бас бостандығынан айыру орындарында отырған сотталғандардың ұсталу жағдайы мен тəртібін концептуалды өзгертіп, түзеу мекемесі түрлері мен құрылымын қайта қарастырып, оны топтастырудың маңызы зор. Ол үшін бас бостандығынан айыру орындарын лагерліктен камералық типке, ал колония-қоныстарды 1–4 адамға дейін ұсталатын жатақханалық типке ауыстыру бұрыннан талқыланып, ғалымдар мен практиктер тарапынан тиімділігі дəлелденгенмен, əлі күнге дейін шешімін таппай жүрген, жауыр болған мəселе. Осы мəселенің оңтайлы шешім табуы пенитенциарлық қылмыстылықтың азаюына ықпал етіп, ол өз кезегінде бірінші рет сотталғандарға рецидивистердің тигізер кері əсерін төмендетіп, оларды кезекті қылмыс жасаудан сақтандырған болар еді.

Біз мақала шеңберінде қылмысты қайталап жасау детерминанттылығын қарастыра отырып, қылмысты қайталап жасаушы тұлғалардың нақты қылмыстар жасауының негізгі басты себебі барлық субъективтік жағдайлар мен қылмыскердің жеке басының психикалық ерекшеліктері түріндегі жиынтық мотивация — тұлғаның қоғамға қарсы бағыттылығы деп санайтын авторлар пікіріне қосыламыз.

Сөйтіп, жоғарыда айтылғандарға қорытынды жасай отыра, қайталап жасалатын қылмыстар себебін жоюдың бір жолы ретінде төмендегідей шаралар қолдануды жөн санаймыз:

  1. ҚР ҚК 15-тарауына (сот төрелігіне жəне жазалардың орындалу тəртібіне қарсы қылмыстар) сотталғандардың түзеу мекемелерінде қоғамға қайшы өмір салтын ұстанғандары үшін қылмыстық жауапкершілік белгілейтін бап енгізудің маңызы зор деп санаймыз.
  1. ТМ-нен босап шыққан сотталғандардың қайта қылмыс жасап, ТМ-не қайтып оралмаулары үшін сотталғандарды қайта əлеуметтендіру шаралары тиімділігін арттырып, онда қылмыстық-атқару инспекциясымен қатар, жергілікті атқарушы билік органдарының да қызметтері мен өкілеттіліктерін қарастырған дұрыс.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Криминология: Учебник / Под ред. В.Н. Кудрявцева и В.Е. Эминова. — М.: Юристъ, — С. 61.
  2. Криминология: Учебник / Под ред. Н.Ф.Кузнецовой. — М.: Юристъ, 1979. — С.
  3. Каиржанов Е.И., Накипов Б. Рецидивная преступность: состояние и профилактика. — Алматы: Жеті жарғы,— 232 с.
  4. Герцензон А.А. Вопросы методики изучения и предупреждения преступлений // Вопросы борьбы с преступностью.— 1962. — Вып. V. — С. 23.
  5. Курс советской криминологии / Редкол.: В.Н. Кудрявцев и др. — М.: Юрид. лит., — С. 15.
  6. Аванесов Г.А. Криминология и социальная профилактика. — М.: Изд-во Акад. МВД СССР, — 173 с.
  7. Шаргородский М.Д. Преступность, ее причины и условия в социалистическом обществе. — Л.: Лениздат, — С. 13.
  8. Старков О.В. Пенитенциарная преступность. Криминология. — М.: Щит-М, — С. 655.
  9. Михлин А.С. Личность осужденных к лишению свободы и проблемы их исправления и перевоспитания. — Фрунзе: Кыргызстан, 1980. — 150 с.
  10. Петров Э.И. Организация деятельности органов внутренних дел по предупреждению преступлений: Учебник /
  11. Под ред.: В.Д. Малкова и А.Ф. Токарева. — М.: Академия управления МВД России, 2000. — С. 122.
  12. О Концепции совершенствования уголовно-исполнительной политики в Республике Казахстан на 2007–2015 годы /Указ Президента РК от 25 сентября 2006 года № 906. — [ЭР]. Режим доступа: http://adilet.zan.kz/rus/docs/P060000906_
  13. Абиканов Е. Традиции преступного мира // Предупреждение преступности. — 2005. — № 3. — С. 43–46.
  14. Хохряков Г.Ф. Криминология. — М.: Юристъ, 2000. 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.