Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық елдеріндегі инвестициялық қызметті басқару

Инвестиция нарығында нарық конъюнктурасын зерттеу əсіресе инвесторлар үшін маңызды. Бұл тəуекелділік себебінен келген төмен табыс немесе инвестицияланатын капиталдың жоғалуына байланысты болады. Барлық нарықтағы сияқты, инвестициялық нарық бөлігі дамудың төрт негізгі сатысымен: конъюнктуралық көтерілу, конъюнктуралық тойтарыс, тұрақтылық кезеңі, конъюнктуралық құлдыраумен сипатталады. Барлық нарықтар үшін инвестициялық нарық құрамының сатылары бірдей емес (1-кесте).

Кəсіпорын инвестиция нарығының конъюнктурасын зерттеу үшін оның мониторинг жүйесін құру керек. Əлемдік тəжірибеде инвестиция нарығында жұмыс істеу жүйесі дамыған, əрдайым инвестицияланатын нысанның рейтингісі жарияланып отырады.

  1 - к е с т е Инвестициялық нарықты зерттеу 

 Инвестициялық нарықта макроэкономикалык зерттеу елдің инвестициялық ахуалын бағалауға бағытталған жəне келесідей болжамды зерттейді:

  • жалпы ішкі өнім серпінін, ұлттық табыс жəне өнеркəсіп өнімінің өндірістік көлемі;
  • ұлттық табысты бөлу серпіні (қор жинау жəне тұтыну);
  • жекешелендіру үрдісін дамыту;
  • инвестициялық қызметті заңды түрде зерттеу;
  • жеке инвестиция нарығын, оның ішінде қор жəне акшалай.

Экономиканың жеке салаларына инвестицияны тартуды зерттеу осы салаларға деген өнім қажеттілігі келешегін, серпінін жəне конъюнктурасын зерттеумен сипатталады. Кəсіпорынның əрбір өнім түрі белгілі тіршілік циклінен, оның ішінде туылуы, өсім, кеңейту жəне құлдыраудан өтеді. Қоғамның қажеттілігі жеке салаларды дамытуды анықтайды, яғни олар отын-энергетикалык кешен, машина құрылысы, көлік, құрылыс жəне ауыл шаруашылығы.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) (Беларусь, Қазақстан, Қырғыстан, Ресей жəне Тəжікстан) елдерінің орталық буыны үш ел — Ресей Федерациясы, Қазақстан жəне Беларусь Республикалары құрған Кеден одағы болып табылатындықтан, осы елдердегі инвестициялық үдерістерді басқару жүйесі қарастырылды.

Қазақстанның алдында өтпелі кезеңде тұрған басты мақсаттардың бірі — республиканың əлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялануы, тұрақты саяси жағдай; табиғи ресурстардың бай қорлары, шетел капиталының тартылуы сыртқы экономикалық байланыстарының дамуының стимулдары болып табылады. Бəсекеге қабілетті өнімнің шығарылуы, экспорттық базаның дамуы, кəсіпкерліктің дамуы үшін қазіргі заманғы инфрақұрылымның жасалуы мақсатымен экономикадағы құрылымдық түрлендірулерде шетел капиталы рөл атқарады [1].

Сондықтан Қазақстанға шетел капиталын тартудың негізгі мақсаттары:

  • экономиканы, оның дамуы үшін қажет инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету;
  • алдыңғы қатарлы технологияны тарту, ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын енгізу;
  • халықаралық еңбек бөлінісіне Қазақстанның қатысуын арттыру, оның экономикасының əлемдік шаруашылыққа интеграция процесін жеделдету;
  • шетелдік инвестициялардың жəне экономикалық ынтымақтастықтағы серіктерінің Қазақстан экономикасына деген сенімін арттыру.

Шетел инвестицияларын тартудың негізгі мақсаттарына жету процесінде келесідей маңызды əлеуметтік-экономикалық міндеттер шешіледі:

  • экономикадағы құрылымдық түрлендірулер мен нарықтық қатынастардың дамуын жүзеге асыру;
  • өндірісте бəсекелестік ортаны дамыту;
  • экспорт потенциалының тиімділігін дамыту жəне арттыру, оның шикізатқа бағыттылығынан құтылу, экспорттық экспансияны күшейтіп, оның сыртқы нарықтағы позициясын бекіту;
  • өндірістің ғылыми-техникалық деңгейін жоғарлату жəне жаңа техникамен технологияның басқару жəне сату əдістерінің негізінде бəсекеге қабілетті өнімнің үлесін арттыру;
  • өндірістік жəне өндірістік емес тұтынуға жоғары деңгейде дайын өнімнің шығарылуымен толық жəне аяқталған технологиялық циклдерді қалыптастыру;
  • депрессивті, алшақ, экологиясы нашар аймақтардың дамуына көмек беру;
  • жаңа жұмыс орындарын ашу.

Қолданылатын шаралардың негізгі мəні инвесторлар, əсіресе шетел инвесторына қолайлы инвестициялық климатты жасау, болашағы бар жəне тұрақты шетел инвесторларын іздеу жəне олардың капиталын өндірістің жəне қызметтің тиімді салаларына бағыттау. Қойылған мақсаттарды орындау үшін келесідей шарттардың болуы қажет:

  • таяу 10 жыл ішінде Қазақстан экономикасына қажет шетел инвестициясын жəне шын мəніндегі олардың келу мүмкіндігін болжау;
  • шетел инвесторларының инвестициялық тəуекелділіктің азайтылуына, олардың меншігінің кепілдігі мен құқықтарының қорғалуына бағытталған тұрақты режимді қалыптастыру жəне заңды түрде бекіту;
  • тікелей жəне портфельді инвестициялардың келуіне нəтижелі ынталандыру жасау;
  • шетел инвестицияларын реттеудің қажетті жəне тұрақты құқықтың негіздерін жасау;
  • бағдарламадағы іс-шаралардың   іске     асыруының    бақылауының    жəне    жетілдіруінің ұйымдастыру механизмін жасау.

Бұл міндеттердің шешілуі елде қолайлы инвестициялық климат жасауға жəне шетел инвесторларының инвестициялық қызметін жандандыруға мүмкіндік береді. Бірақ, ол информация бəсендетіліп, макроэкономиканың тұрақталуға қол жеткізіп, банктік 10 %-тік мөлшерлеменің біршама төмен деңгейде белгіленуіне, инвесторлардың қажетті табыс нормаларын алуға мүмкіндік берілген жағдайда ғана жүзеге асады.

Шетел капиталын тарту саясатын жүргізу барысында келесідей қағилаларды ұстану керек.

Шетел инвесторлары қатысатын инвестициялық жобалардың алынатын қарыз бен несиелердің экономикалық лайықтылылығы қағидасы олардың экономикалық лайықтылығы тек қана сапалық деңгейде анықталады: инвестициялар жетіспеушілілігі, ішкі резервтер мен мүмкіндіктердің шектеулі жағдайында əлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешудің қажеттілігі:

  • несие пайыздарын өтеу, инвестицияларды уақытында төлеу мүмкіншілігі;
  • шетел инвесторлары қатысатын инвестициялық жобалар мен несиелік ұсыныстардың тартымдылығы;
  • ұсыныстардың экономика     жағдайында     олардың     прогрессивтілігіне,    халықаралық стандарттарға, əлемдік деңгейліктері сай шешуіне əсері.

Əлеуметтік-экономикалық тиімділік — кез келген формада шетел инвестицияларын тартудың міндетті шарты. Бұл қағиданың мəні шетел инвесторлары қатысатын инвестициялық жобалардың жоғарғы деңгейде пайдалы жəне тиімді болуын қарыздар мен несиелердің басқа да инвестициялардың тиімді берілуін білдіреді.

Экономикалық жəне экологиялық қауіпсіздік ұлттық меншіктің мүдделер мен ел егемендігінің қамтамасыз етілуі қағидасы келесі аталғандарға мүмкін жобалар мен ұсыныстардың жүзеге асуына жол бермейді:

  • республиканың табиғи ресурстарының тез алынуы мен тиімсіз қолданылуы;
  • қоршаған ортаның ластануы;
  • капиталдың елден заңсыз шығарылуы;
  • артта қалған   технология   мен   техниканың,   əлемдік   деңгейден   көрсеткіштері   төмен құрылғылардың қолданылуы;
  • өндірістің шикізатқа   бағытталуын   сақтау   есебінен   экономиканың   деформацияланған құрылымын бекіту;
  • əлемдік нарықта бəсекеге қабілеттіліктің төмендеуі;
  • бəсекелік емес əдістер арқылы нарықтан отандық тауар өндірушілерді ығыстыру;
  • достық қатынастағы елдермен, ең əуелі ТМД елдерімен қалыптасқан өзара тиімді ынтымақтастықтың бұзылу мүмкіндігі бар келісімдерге зиян тигізу, үшінші елге қарсы бағытталуы;
  • тиімсіз жобалар   мен   келісімдерге  төмен   ету   мақсатымен   жемқорлықтың   жергілікті қызметкерлерге пара берудің күшеюі.

Сонымен қатар бұл қағида ұлттық ресурстардың кейбір түрлеріне шетел капиталының құйылуына шек қоюды білдіреді (жер). Сондай-ақ Қазақстан экономиканың дамуының шетелдік капиталға тəуелді болуы жағымсыз құбылыстардың пайда болуының қауіпті факторына айналуы мүмкін.

Біріншіден, маңызы саладағы билік шетел компанияларының қолына көшуі мүмкін, ол ұлттық мемлекеттік мүддеге зиян етіп, шетел компаниялары Қазақстанға өз шарттарына көндіруі мүмкін.

Екіншіден, несиелердің тым көп болуынан мемлекет төлем жасауға қабілетсіз болып қалуы мүмкін, ол қарыздардың қайтарылмауы Қазақстанның халықаралық қаржы несие нарығында тұйықталып экономикалық жəне саяси тəуелсіздігінен айырылуына, басқа мемлекеттер мен шетел компанияларының табиғи байлықтың иелеріне айналуына соқтыруы мүмкін.

Шетел инвестицияларын тартудың маңызды қағидасы болып жобалар мен келісімдердің өзара тиімді болуы табылады. Экономикаға шетел инвестицияларын басымдық қою қағидасын оларды елдегі құрылымдық жəне инвестициялық саясатқа сəйкес басым объектілерге қоюды білдіреді.

Донор елдерді басымдық таңдау қағидасының мəні белгілі бір елдердің инвестицияларына басымдық бере алатынында, ол елдердің экономикасына, əлемдік экономиканың жүйедегі орнына, беделіне, нақты салаларындағы үстемдігіне байланысты.

Шетел капиталын салу объектіні таңдау кезінде біздің республика мен шетел инвестицияның мүдделері үнемі сəйкес келмейді. Шетел инвестициялары өз капиталын экспорттық секторға тез өтетін өндірістерге салуға тырысады. Біздегі көптеген кəсіпорындар қолайсыз, олардың тым үлкен болуы нарықтағы монополиялық орны енгізген жабдықтар мен технологиялары өнімнің шығындылығы жеке шетел инвестицияларын қызықтырмайды. Оларды тек үкіметтік кепілдіктердің көмегімен қызықтыруға болады.

Қазақстан дағдарыс жəне күтілудегі жандану, экономиканың қайта құрылуы жағдайында жаңа кəсіпорындардың ашылуына ғана емес, сондай-ақ бар өндірістердің қайта жабдықталуына мүдделі. Сондықтан мемлекет экономиканың кез келген саласына шетел инвестициясының келуіне кедергі жасамай, құрылымдық қайта құруға бағытталған шетел капиталын қолдау саясатын жүргізеді.

Осы концепцияларға сəйкес Қазақстан соңғы жылдары шетел капиталының келесі салаларға келуіне жағдай жасауда:

  • энергетика, мұнай жəне газ өндірісі;
  • қара жəне түрлі-түсті металлургия;
  • химия жəне мұнай химиясы өнеркəсібі;
  • машина жасаудың инновациялық саласы;
  • халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы үшін маңызды көлік жəне байланыс;
  • тұрғын үй саласы;
  • ғылыми білім.

Алайда мемлекет бұл салалардағы барлық жобаларға емес, келесі талаптарға жауап беретін жобаларды қолдады:

  • экспортқа бағытталған;
  • жоғары технологияның енуіне бағытталған;
  • тез уақытта өтелетін;
  • болашағы бар тиімді ішкі жəне сыртқы нарықтарда бəсекеге қабілетті бола алатын, бірақ қазір дамуға қаражаты жоқ өндірістерді қолдауға бағытталған;
  • бар жұмыс орындарын сақтап қалу жəне жаңаларын ашу, шығынды кəсіпорынды жауып, жұмыссыздық төлемін төлеу шығындарына сəйкес келгенін есептегенде əлеуметтік маңызы бар [3].

Жалпы, республикаға шетел капиталын тартудың қағидалары конструктивті деуге болады. Қазақстанда болып жатқан өзгерістер оның халықаралық капитал қозғалысы жүйесіне енудің негізін қалайды. Отандық құрылымдардың трансұлттық компанияларымен, олардың шетелдік серіктерімен байланыс орнатуға дайын болмауы, нарықтық ынтамақтастық шарттары мен кəсіпкерлікті инвестициялаудың тиімді аймаққа бағыттауының құралдары саласында білімнің жеткіліксіз болуы.

Қазіргі уақытта инвестициялық стратегияны, негізінен, шетелдік инвестицияларды тарту бағытында дамыту қажет. Осыған орай халық шаруашылығының нақты қажеттіліктерін ескере отырып, шетелдік несиелерді оңтайлы пайдалану мəселелері ерекше маңызға ие болып отыр. Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту проблемасы экономиканы реформалауда түйінді мəселелердің бірі болып табылады, инвестициялық климат нарықтық реформалардың жетілу белгісі болып табылады.

Жалпы алғанда, инвестициялық стратегия басты фактормен — отандық орталықтандырылған ресурстардың жəне кəсіпорынның өзіндік құралдарының шектілігімен анықталады. Бүгінгі таңда отандық инвестициялар өнеркəсіп салаларының техникалық қайта қаруландыруында елеусіз роль атқарады, себебі қайта өңдеу мен жинақтау процесінің төмен деңгейіне байланысты.

Еліміздің экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту тікелей шетелдік инвестициялар түрінде, инвестициялық жобалар мен тауарлық сатып алулар үшін несиелер беру түрінде, дамуға ресми көмек түрінде жүзеге асырылады. Елімізде дамуға ресми көмек техникалық жəне қаржылық көмек түрінде беріледі. Техникалық көмек əдетте бірнеше негізгі бағыттар бойынша — ауыл шаруашылығы, отын-энергетика саласы, жекешелендіру, қаржылық сала, көлік саласы, телекоммуникациялар жəне т.б. салалар бойынша құжаттарды дайындау, семинарлар өткізу, кеңес беру түрінде беріледі.

2010 жылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншік нысандарына қарай негізгі капиталға шетелдік инвестициялардың құрылымы 2-кестедегі мəліметтермен сипатталады.

К е с т е Негізгі капиталға шетелдік инвестициялардың құрылымы

 2011 жылдың 1 қаңтары бойынша республикада 1388 бірлескен жəне шетелдік кəсіпорындар, оның ішінде үкіметпен шетелдік инвесторларға басқаруға берілген 100-ден аса кəсіпорындар қызмет етеді. Осындай кəсіпорындарға капитал келуінің ерекше белгісі болып құралдардың трансферті ғана емес, кəсіпорынды жеке не толық басқару да табылады. Мұндай инвестициялар елден инвестициялар бойынша табыстар мен дивидендтерді репатриациялау кезінде қаражаттарды шығаруды да туғызады. Алайда бұл ағымдар инвестициялардың табыстылығына тəуелді болады жəне міндетті болып табылмайды. Республикаға шетелдік капитал коммерциялық несиелер түрінде, халықаралық ұйымдардың займдары жəне бағалы қағаздар портфелі түрінде келеді. 2010 жылы, халықаралық ұйымдардың займдары мен бағалы қағаздар портфелінің есебінсіз, шетелдік инвестициялар 2446,7 млн долл. көлемінде игерілді.

Өнеркəсіп салаларының жəне алдынғы қатарлы донор-елдердің қимасында тікелей шетелдік инвесторлар алдындағы міндеттер төмендегі 3-кесте келтірілген. 2010 жылы Қазақстан 1830,8 млн долл. игерген.

Шетелдік инвестициялардың негізгі бағыттары — үлесі 52,2 %-тен асатын қара жəне түрлі-түсті металлургия саласы (сəйкесінше 498,9 жəне 285,7 млн долл.), мұнай-газ саласы (269,4 млн долл.) жəне энергетика саласы (120,6 млн долл.) (3-кесте).

 Салалар қимасындағы шетелдік инвестициялардың игерілуі

 2010 жылы Қазақстан экономикасына салынған шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша донор-елдер арасында сөзсіз алда болып Жапония (25,4 %), АҚШ (21,5 %), Ұлыбритания (17,0 %), Оңтүстік Корея (9,2 %) жəне инвестициялардың меншікті салмағы шамамен бірдей Германия, Түркия, Нидерланд (6,2–5,6 %) табылады. 2010 жылы Ресей 188 млн долл., немесе 0,6 %, инвестициялады.

Еуропалық қайта құру мен даму банкімен (ЕҚДБ) берілген техникалық көмектің жалпы көлемі 336,2 млн долл. құрайды. Негізінде көмек ТЭО жобаларын құру үшін зерттеулерді жүргізуге бағыт- талған. Жобаларды дайындау бөлімін құру үшін Ауыл шаруашылық министірлігіне берілген, 7700 мың долл. сомасындағы техникалық көмек жобасы жүзеге асырылуда.

Еуропалық қайта құру мен даму банкі Қазақстанға «Шағын жəне орта кəсіпорындарды дамыту» жобасы бойынша 240,1 млн евро сомасына несие берді. Бұл несиелік желіні ашу туралы келісімге 1992 жылдың аяғында қол қойылып, 2012 жылы 15 қаңтарда ратификациялаудан кейін күшіне енді. Несие ЕҚДБ тексерген өкілетті банктер арқылы (Казкомерцбанк, Центробанк) беріледі. 2011 жылы өкілетті банктерде ЕҚДБ талаптарын қанағаттандыратын жобаларды іріктеу өткізілді.

Республикаға қаржылық көмек мақсатты жəне салалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін (жүйелік түрлендірулер бағдарламасы, ұлттық валютаны қолдау бағдарламасы, дағдарысты импортты қаржыландыру бағдарламасы, шағын жəне орта бизнесті қолдау бағдарламасы, экономиканың жетекші салаларын қаржыландыру бағдарламасы, мамандарды оқыту бағдарламасы жəне т.б.) жеңілдік шарттарында займдар беру түрінде Халықаралық валюталық қорымен, Дүниежүзілік даму банкімен, Жапония мен Германияның үкіметтерімен беріледі.

Республикада қолайлы инвестициялық климатты құру үшін қажетті іс-шаралар: шетелдік, бірлескен кəсіпорындарды тіркеу шарттарын оңайлату, жобалардың өту жылдамдығының оперативтілігін, олардың ашықтығын қамтамасыз ету, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу, теңге курсының тұрақтылығына қол жеткізу; сыртқы экономикалық қызметті либерализациялау; салықтық жəне кедендік режимдердің тұрақтылығын, экономиканың басқа да инвестициялау шарттарын қамтамасыз ету, барлық экономикалық заңдар мен нормативті актілерді қамтамасыз ету; Қазақстанның əр түрлі халықаралық саудалық, қаржылық жəне экономикалық ұйымдарға енуін қамтамасыз ету.

Экономикалық өсу мен құрылымдық қайта құруларға қол жеткізу мақсатында жүргізілетін экономикадағы бағдарламалық түрлендірулер, ең алдымен, ішкі мүмкіндіктерге сəйкес болуы тиіс. Сыртқы қаржылық көмек экономиканы жаңартудың негізгі жолы емес, қосымша тəсілі болу керек. Бұл ұстаным алынатын займдар шектеулі жəне ұзақ мерзімді болу тиістігін білдіреді. Қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру үшін негізгі қажетті шаралар мынадай:

  • инфляция қарқындарының төмендеуі, соның нəтижесінде проценттің нақты ставкаларының жоғарлауына əкелуі тиіс;
  • шетелдік те, отандық та инвесторлардың инвестицияларына кепілдік беруге қабілетті жеке банк саласын нығайту;
  • акционерлік (қор) нарығын дамыту;
  • заңдардың тұрақтылығы мен оларды жетілдіру;
  • инвестициялық жəне ақпараттық қызмет ұсынатын қызмет орталығын құру;
  • инвестициялық жобаларды іріктеу мен лицензиялаудың нақты талаптары мен процедураларын əзірлеу жəне бекіту;
  • жобаларды индикативті іріктеуден соң міндетті банк сараптамасын жүргізу;
  • шарттар мен мəмлелердің келісім-шарттарын қатаң ұстану үшін құқықтық негізді нығайту;
  • салық заңдылығының тұрақтылығы;
  • сауда саясатын ары қарайғы либерализациялау, сандық шектеулерді (лицензиялар мен квоталар) қысқарту;
  • сыртқы сауданы тарифтік реттеуге көшу.

Еуразияның елдерінде капитал салымдары жинақтаулардың жеткіліксіздігінен тежеледі, ол экономиканы дұрыс жолға қою бағдарламасында мемлекеттік жəне жеке жинақтауларды мадақтау əдістерін қолданудың маңыздылығын арттырады.

Бұл мемлекеттік сектор үшін қаржылық жағдайды жақсартуға бағытталған шараларды қолдануды білдіреді, ал жеке сектор үшін ақша құралдарының жинақталуына бөгет болатын нарықтағы проценттік ставкаларға қатысты ерекше саясаттың жүргізуді білдіреді. Мұндай шаралар ішкі жеке капиталдың қалыптасу қарқындарының тездетілуіне əкелуі мүмкін, ал салдары ретінде өндірістік қуаттарды толық пайдаланып, өнім өндірісі көлемінің өсуіне əкелуі мүмкін.

Капитал салымдарының сапасын (ЖІӨ өзгерісінің капитал салымдары көлеміне қатынасы арқылы өлшенетін капитал салымдарының тиімділігі) жоғарлатуға мынадай шаралар жағдай жасауы мүмкін:

  • пайданың нормалары жеткілікті шамада бейнеленетін пайыздың оң ставкалары, жеке сектор тиімді капитал ставкаларының жүзеге асуына əсерлеседі; капитал салымдарының орташа тиімділігі артады;
  • дамыған елдердің тəжірибесі қарыз бойынша өлшенетін мемлекеттік сектор жағынан капитал салымы бағдарламасының нəтиже бермейтінін көрсетеді. Капитал салымдардың жалпы сапасының жоғарлауының маңызды бөлігі — жобаны тиімді бағалауды қолдану.

Шетелдік инвестициялардың жалпы көлемдері мен құрылымын болжамдау кезінде келесідей факторлар ескеріледі: бір жағынан, Еуразия елдеріне шетелдік инвестициялардың едəуір көлемдегі келуіне əсер ететін жағдайлары бар, олар:

  • бай минералды-шикізатты ресурстары (мұнай, газ, кокстелетін жəне энергетикалық көмір, қара жəне түрлі-түсті металл кендері, сирек жəне сирек жерді металл кендері, кенді емес қазбалар, құрылыс материалдары жəне т.б.);
  • елеулі табиғи жер ресурстары;
  • түрлі-түсті жəне қара металлургиямен, химиямен жəне мұнай химиясымен, едəуір қуатты əскери-өнеркəсіп кешенімен қамтамасыз етілген өндірістік əлеует;
  • салауатты тұрғын халық, білікті кадрлар.

Екінші жағынан, шетелдік капиталдың ағымы үшін қолайсыз да жағдайлар бар:

  • Қазақстан мен Ресейдің Азиялық бөлігі — Еуропа, Америка, Таяу Шығыстың негізгі дəстүрлі сыртқы нарықтарынан алыс, олар негізгі инвестор-елдерден алыс;
  • шет елдердің нарықтарымен көлік байланысы əлсіз;
  • инфрақұрылымы əлсіз дамыған;
  • Қазақстанда ішкі нарығы кең емес, алдымен тұтыну тауарларының нарығы;
  • шетелдік капиталдың келуі үшін құқықтық реформа базасы тұрақсыз жəне тартымды емес;
  • шетелдік инвестициялар экономиканы жаңарту мен өсуін қамтамасыз етудің факторы ретінде көптеген елдерді қызықтырады.

Сонымен қатар егер бұрын бұл инвестициялар көп мөлшерде дамушы елдерге бағытталса, 80- жылдары басқа тенденция пайда болды. Олар көп мөлшерде өнеркəсібі дамыған елдерге бағытталды. Қазіргі кезде Еуразия елдері ірі тікелей шетелдік инвестициялардың ірі тұтынушысына айналды. Бұл осы елдерде өзіндік инвестициялық ресурстардың жеткіліксіздігімен байланысты болды.

Үшіншіден, шетелдік инвестициялар негізгі екі канал бойынша тартылуы мүмкін: ТШИ (тікелей шетелдік инвестициялар) жəне ШН (шетелдік несиелер) [4].

ТШИ-ды тарту тиімділігі таңдап алынған нысанына тəуелді болады. Нақты жоба үшін ТШИ нысанын таңдау саланың ерекшелігіне, нақты өндірістің ерекшелігіне, жобаның сипаттамасына, мақсаттары мен міндеттеріне тəуелді. Осы уақытқа дейін ТШИ Еуразия елдеріне бірлескен кəсіпорындарды құру арқылы түсті. Қазір олардың саны 3000-нан асады. 2004 жылдардан шетелдік инвесторлар жеке кəсіпорындарды тікелей сатып ала бастады. 2010 жылы инвестицияның тағы бір нысаны — қызмет көрсету келісімдері тарала бастады. Бірқатар кəсіпорындарда ұйымдастыру мен басқару шетелдік менеджерлер мен фирмаларға беріледі.

2009–2010 жылдары портфельдік инвестицияларды шикізат салаларының, АӨК кəсіп- орындарының, көлік, байланыс салаларының акцияларына тарту процесі басталады. Өнім бөлімі («продакшн-шеринг») мұнай мен газ өндірісінде, бірқатар шикізат салаларында, түрлі-түсті жəне қара металлургия саласының, химиялық өндірістің соңғы өнімі өндірісін құруда ары қарай дамыды.

Шетелдік инвестициялық несиелер ішкі инвестициялық ресурстардың жоқтығынан жəне ТШИ- ды тарту мүмкіндігінің жоқтығынан мəжбүрлі шара ретінде қолданылады. Қазіргі уақытта олар шетелдік инвестицияларды алуда басты нысандары болып табылады, болашақта олардың үлесі азаяды, бірақ елеулі болып қалады. Байланысқан инвестициялық несие өңдеу өнеркəсібіне, ауыл шаруашылығына түседі. Инфрақұрылымның шикізат салаларында байланыспаған несиелер дами түседі; лизинг ауыл шаруашылығында, энергетикада, құрылыста, көлікте кең таралады.

2012 жылға болжанатын ТШИ-дың келуінің кепілі жоқ болғандықтан, оларды тартудың негізгі нысаны болып займдық капитал болады.

Республикамыздың экономикасында құрылымдық түрлендірулерге əкелуі мүмкін бірінші кезектегі салалар:

  • отын-энергетикалық кешені;
  • қара жəне түрлі-түсті металлургия;
  • көлік;
  • химиялық өндірістің жеке өндірістері.

Негізгі құрылымдық түрлендірулер түйінді жобаларды жүзеге асырудан болады, олар басқа салалардың дамуына ұйытқы болады. Алайда Қазақстандағы шетелдік инвестицияларды тарту деңгейі төмен, процесі көбінде лездегі сипатта өтеді, онда үкіметтік несие нысаны басым болып келеді, ал ол алдын ала төлеуді, үкіметтік кепілдіктерді жəне процентпен қайтаруды талап етеді. Жеке инвестициялар дамымайды. Бір жағынан, инфляцияның жоғары деңгейі, екінші жағынан, теңге курсының тұрақсыздығы, өндірістің жалғасушы төмендеуі, шетелдік инвестицияларды тартудың құқықтық базасының əлсіздігі, салық жүйесінің тұрақсыздығы, экономиканың қылмыскерлілігі жəне басқа факторлар елімізде шетелдік инвестициялар үшін қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыруға жағдай жасамайды.

Елімізде инвестициялық климатты жəне шетелдік инвесторлар үшін барынша қолайлы режимді қалыптастыру мəселесін экономикалық, ұйымдастырушылық, өндірістік, ақпараттық сипаттағы көптеген факторларды ескере отырып, шешуге тура келеді. Мəселеленің күрделілігі, оның ұзақ мерзімді сипаты бағдарламалық-мақсаттық жолды қолдану қажеттілігін шарттайды. Оның нақты бейнесі болып Қазақстан экономикасына шетелдік капиталды тартудың мемлекеттік кешендік бағдарламасын əзірлеу табылады.

Мұндай бағдарламаны əзірлеу қазақстандық экономикаға шетелдік инвестициялардың қажетті көлемдегі, тиімді шарттардағы жəне тиімді нысандарындағы келуін қамтамасыз ету бойынша белсенді мақсатты жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұл жұмысқа тиімділік пен «мөлдірілікті» беру үшін, қазақстандық нарықта инвесторлардың қызметін жеңілдету үшін Елбасының Қаулысымен Инвестициялар бойынша мемлекеттік комитет құрылды. Экономикамыздың салаларына капитал саламын деушілерге жеңілдіктерді қарастыратын

«Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдауы туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ұлттық режим принципі шетелдік инвесторларға қатысты басты болып табылады. Бұл Халықаралық сауда палатасының «Халықаралық инвестициялар үшін жетекші принциптер» (1972), Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (ЭЫДҰ)

«Капитал қозғалысын либерализациялау кодексі» (1961) жəне «Халықаралық капитал салымдары мен көп ұлтты кəсіпорындар туралы декларация» атты (1976) құжаттарында бекітілген.

Батыста шетелдік инвесторлардың қызметі негізінен барлық жергілікті кəсіпкерлер үшін де, ұлттық та, шетелдік те кəсіпкерлер үшін арналған ұлттық заңдармен, қаулылармен жəне əкімшілік процедураларымен реттеледі. Шаруашылық қызметтің көптеген аспектілері бойынша ұлттық заңдылық өзінің кең ауқымды азаматтық жəне саудалық құқық жағдайларын, оның ішінде акционерлік заңдылығын қолдана отырып, ұлттық жəне шетелдік компаниялардың арасын ажыратпайды. Сондықтан да батыс елдерінің көпшілігінде шетелдік инвестициялар үшін арнайы заңдар не кодекстер мүлдем жоқ, тек оларға арналған əкімшілік қаулылары бар. Арнайы заңдар мен кодекстер кейбір Жерорта теңізі елдерінде жəне де бұрынғы британдық отарларда бар.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерінің мемлекеттік кепілдіктері үш деңгейде ресімделген:

  • сол елдердің ата заңының деңгейінде;
  • өзара қорғау мен шетелдік инвестицияларды мадақтау туралы екі жақты мемлекет аралық келісулер арқылы;
  • мемлекеттер арасындағы жəне басқа елдердің азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу Конвенциясына қатысу арқылы.

Батыс елдері шетелдік инвесторларға қатысты ұлттық режим принципін ұстанса да, бұл жайт оларда ұлттық кəсіпкерлермен салыстырғанда, шетелдік кəсіпкерлер үшін ешқандай шектеулер жоқ дегенді білдірмейді. Мұндай шектеулер барлық батыс елдерінде бар, алайда олардың көбін жеңілдету жəне мүлдем жою тенденциясы байқалады [5].

Сөйтіп, Батыста олардың территориясында тікелей инвестициялардың жүзеге асырылуына алдын ала рұқсат беру қажеттілігі жайлы мəселені əр түрлі көзқарастарда қарастырады. Бірқатар елдерде шетелдік компаниялардың болуына шектеу қойылатын салаларға салымдар үшін кейбір жағдайларда рұқсат талап етіледі. Сондай-ақ көптеген жағдайларда алдын ала рұқсат талап етілетін елдер тобы бар (Австралия, Бельгия, Греция, Испания, Ирландия, Исландия, Канада, Жаңа Зеландия, Норвегия, Финляндия, Франция, Швеция). Мысалға, Австралияда көлемі 10 млн австралиялық долл. құрайтын инвестицияларға, Ирландияда — кем дегенде 1 млн ирландтық фунт инвестицияларына, Канадада — кем дегенде 5 млн канадалық долл. инвестицияларына рұқсат талап етіледі.

Шетелдік тікелей инвестицияларды жүзеге асыру үшін рұқсат талап етілетін жерлерде шетелдік қатысуы бар компанияларды құру мен олардың қызмет етуін бақылайтын ұлттық органдар бар. Бір елдерде бұл орталық банктер немесе сауда жəне өндіріс, қаржы, экономика министрлігі болып табылады. Кейбір елдерде бұл істермен шетелдік инвестицияларды бақылау үшін арнайы құрылған органдар айналысады.

Арнайы органдардың функциялары шектеулі болуы мүмкін, мысалы, Финляндиядағы Сауда жəне өнеркəсіп министрлігінің жанындағы шетелдік капитал салымдары бойынша Кеңес беру комиссиясы; ол тек шетелдік инвесторлар құрылатын компаниялардың негізгі акция пакетін иемденуге талпынған жағдайларды қарастырады. Бұған қарсы мысал ретінде Сыртқы сауда институты бар Португалия мысал бола алады. Ол шетелдік инвесторларға ақпаратпен көмектеседі, оларға қажетті қатынастарды қамтамасыз етеді, Шетелдік инвестициялар кодексінің ұсталуын қадағалайды, сонымен қатар шетелдік инвесторлардан өтініштерді құруға, өтеуге жəне келістіруге көмек көрсетеді. Сондай-ақ көптеген батыс елдерінде шетелдік инвесторларға демеу көрсететін ұлттық ұйымдар бар. Британия мен Канадада — бұл мемлекеттік «Invest in Britaіn Bureau» жəне «Investment Canada», Шотландия мен Ирландияда — жартылай мемлекеттік «Locate in Scotland» жəне «Industrial Development Authority». Айтып кететіні, егер де Британия мен Шотландияда — бұл негізінен кеңес беру-ақпараттық ұйымдары, Канада мен Ирландияда бұл бір уақытта реттеуші органдар болып табылады.

Барлық елдерде де шетелдік капитал салымдары шектелген не мүлдем тыйым салынған салалары бар. Əр түрлі елдерде ондай салалардың тізімі бірдей емес, бірақ көбіне бұл кен өнеркəсібі мен əскери сала, қызмет көрсету салалары, əсіресе банк ісі мен сақтандыру ісі, көлік пен байланыс салалары. Бұл салалардың кейбіреулері шетелдік компаниялар үшін толығымен жабық. Басқа жағдайларда ол салаларға қатынау тек алдын ала рұқсат алынғаннан кейін беріледі. Дамыған елдердің көпшілігінде тек қана ұлттық мемлекеттік не жартылай мемлекеттік ұйымдар мен компанияларға қызмет етуге рұқсат берілген салалар бар. Бұлар пошта саласы, телеграф, телефон, теле- жəне радиоайдарлар, көлік, энергетика, арақ-шарап өнеркəсібі болып табылады.

Сондай-ақ шектеулерге кейбір елдердің бірқатар салаларында бар өзаралық талаптарын жатқызуға болады, яғни шетелдік инвестицияларға рұқсат тек осы инвестициялардың шыққан елінде бірінші елдің инвесторларының осындай қызметі рұқсат етілген жағдайда ғана беріледі. Алайда тəжірибе жүзінде бұл талаптар сирек қолданылады, көбінесе шетелдік əріптестерге əсер ету құралы болып табылады. Мысалға, Еуроодақ шетелдік инвесторлардың елдерінен, оларға қаржы саласында компанияларды ашуға жəне ЕО елдерінің биржаларында өздерінің бағалы қағаздарын орналастыруға рұқсат берудің алдында, өзаралықты талап ету құқығын сақтап қалады.

Көптеген дамыған елдерде шетелдік қатысуы бар компаниялар үшін жергілікті нарықтарда өз бағалы қағаздарын орналастыру үшін кедергі жоқ, олар жергілікті компаниялармен тең несие алуы мүмкін. Алайда бірқатар елдерде мұндай шектеулер бар, сондықтан да бұл жайт соңғы үш ондық жылда еуровалюталық нарықтың аса белсенді дамуының бір себебі болып табылады.

Нарықтың базалық активтерімен компьютерлік сауда, секьюритизациялау, деривативтердің тез өсімі жəне т.б. капиталдың жылдамдатылған айналымын анықтайды. Əлемдік қаржылық нарықтың құрылымы өзгереді. Займ алушылар мен несие алушылардың аймақтық, елдік жəне салалық диверсификациясы бекиді. Əлемдік нарыққа «өтпелі экономикалы» елдерде соңғы уақытта қалыптасқан жаңа капитал нарықтары белгілі бір əсер етеді. Инвестициялық климаттың жеңілдеуі, қаржылық сектордың либерализациясы, көптеген əкімшілік шектеулердің алынуы жүреді.

Бұл жағдайларда ТМД елдерінің халықаралық қарыздық нарықтарына шығуы жақын болашақта, орта жəне ұзақ мерзімді перспективада маңызды рольді ойнайды. Бүгінгі таңда шетелдік инвестицияларды тарту мəселесі ұлттық стратегиялық мүдделерді ескеретін экономиканың даму бағыттарының бірі болып табылады.

Шетелдік инвестицияларды кең ауқымды тартудың қарсыластарының көпшілігі инвестициялық ынтымақтастықты халықаралық монополиялармен отарлау жəне инвестициялық бірлескен колониялар арқылы қарап алады. Бұл ойлар өнеркəсіп ортасының жетекшілерін қолдайды. Олар шетелдік бəсекелестерден қорғанады жəне өз бизнестерін жүргізуде тиімді жақтарды қарайды.

Кеңес Одағы ұзақ уақыт бойы шетелдік жеке капиталға жол беруден сақтанды. 1987 жылы алғаш рет кеңестік жəне шетелдік экономикалық субъектілерінің қатысуымен бірлескен кəсіпорындар туралы заң қабылданды.

1990 жылдың қазанында «КСРО-дағы шетелдік инвестициялар туралы» Қаулы жарияланды, сол жылдың желтоқсан айында Жоғары Кеңес «КСРО-дағы инвестициялық қызмет туралы заңдылық негіздерін» қабылдады. Бұл бұрынғы кеңестік республикалардың бірқатарында шетелдік инвестициялар туралы өзіндік заңдарды қабылдау үшін құқықтық базаны кеңейтті. Ресейде

«Шетелдік инвестициялар туралы» Заң 1991 жылдың 4 шілдесінде қабылданған, онда алғаш рет шетелдік инвесторларға ресейлік компанияларда 100 % капиталды иемденуге жəне оларды толығымен бақылауға рұқсат етілді.

Шетелдік инвестициялар деп кəсіпкерлік жəне өзге қызмет объектілеріне шетелдік инвесторлардың пайда алу мақсатында салған мүліктік жəне материалдық құндылықтардың барлық түрлері түсінілді. Барлық инвесторлар өз қызметін жүзеге асыру үшін тең құқықтарға ие болды.

«Шетелдік инвестициялар туралы» Заң келесілерді белгіледі:

  • шетелдік компаниялар үшін ұлттық режим;
  • шетелдік инвестициялар ұлттандыруға жатпады;
  • өтеуге жатқызылмады, тек ондай шаралар қоғамдық мүдделермен шартталған жағдайдан басқа жағдайларда ғана;
  • жаңа нысандардың қолданылуы, мысалға, өнім бөлінісі туралы келесімдер, концессиялар жəне т.б. қолданылуы қарастырылды.

Ресейде 1996 жылы РФ Азаматтық кодексі қабылданды, онда екінші бөлімінде шетелдік инвесторлармен келісімдерді азаматтық-құқықтық реттеу енгізілген. Кодексте шетелдік инвестицияларды тартудың əр түрлі келісімді-құқықтық нысандары белгіленді: коммерциялық концессия келісімі; мақсатты займ; қаржылық жалға алу жəне т.б. Дегенмен де олардың тəжірибе жүзінде іске асуына нақты нормативті-құқықтық механизмінің жоқтығы кедергі болды, əсіресе бұл кен жəне мұнай өнеркəсібінде аса білінді.

Іс жүзінде қажетті құқықтық механизмді құру оңай болмады. 1996 жылдың қаңтар айында, екі жылдық өңдеуден кейін, «Өнім бөлінісі жайлы келісім туралы» (ӨБК) Заң күшіне енді. Келісімнің тараптары болып, бір жағынан, инвесторлар (ресейлік жəне шетелдік) жəне, екінші жағынан, атқарушы билік органының субъектісі түрінде Ресей Федерациясы табылады.

Осы Заңның негізінде:

  • конкурстық негізде өнім бөлінісі шарттарында жер қойнауы учаскесімен пайдалану құқығы инвесторға жасасқан келісім негізінде беріледі;
  • лицензия келісім мерзіміне беріледі жəне минералды шикізатты табудың экономикалық дұрыс түрде аяқтау мақсатында ұзартылуы мүмкін;
  • өндірілген өнім келісім-шарттарына сəйкес мемлекет пен инвесторлар арасында бөлінеді;
  • өтеу өнімі мен пайдалы өнімнің бір бөлігі инвестордың меншігінде табылады жəне Ресей Федерациясының кедендік шекарасынан шектеулерсіз шығарылуы мүмкін;
  • салық салудың ерекше тəртібі көзделді, пайда салығы мен жер қойнауымен пайдалану құқығы үшін төлемдер көзделеді;
  • РФ-ның кедендік территориясына тауарлар мен қызметтерді əкелуге жəне келісім- шарттарында көзделген инвесторлардың меншігі мен минералдық шикізаттарды шығаруға қосымшы құн салығы мен акциздерден босату;
  • валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті сату туралы талаптың инвесторға қойылмайтыны;
  • келісімнің мерзімінде келісім-шарттарының тұрақтылығы.

Ал даулар заңға сəйкес сотта, арбитраждық сотта (оның ішінде халықаралық арбитраждық институттарда) қарастырылады.

Бұл Заң тау-геологиялық жағдайлары күрделі, əрі табиғи-климаттық жағдайлары қатал Шығыс Сібірдің, полярлық жəне алыс шығыс теңіздерінде минералдық ресурстарды игеруге инвесторларды тартуға бағытталды. Бұл жайт инвестициялық климатты жандандырды, бірақ мұнай-газ саласына тікелей капитал салымдары интенсивті түрде келмеді. Себебі — жобаларды бекітудің процедурасының күрделілігі, олардың Мемлекеттік думамен жақтаудың қажеттілігі.

Тек екі заң жобаларын қабылдағаннан соң ғана 2010 жылдан бастап өнім бөлінісі жайлы Келісім туралы заңдылық елге шетелдік инвесторларды тарту үшін қызмет етеді деп айтуға мүмкіндік туды.

«Өнім бөлінісі жайлы келісім туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар туралы» заңдылықта (2010 жылдың 14 қаңтарында күшіне енген) белгіленген:

  • жер қойнауларын тізімдерге енгізу үшін негіз, сол бойынша жер қойнауларында ӨБК шарттарында жұмыс істеуге құқық беріледі;
  • үкіметтің кейбір «шағын» жер қойнауларында ӨБК шарттарында жұмыс істеуге федералды заңдармен бекітусіз рұқсат беру құқығы;
  • жер қойнауларын пайдалану шарттарын жəне келісім мəтінін дайындаудың институттық механизмдері.

Сонымен бірге инвесторлардың іс-əрекетін шектейтін бірнеше шарттары белгіленген:

  • ӨБК шарттарында 30 %-тен аспай жер қойнауларының запастарында жұмыс жасауға квота белгіленген;
  • ресейлік резиденттерге келісімді жасасу кезінде жеңілдіктер қарастырылған;
  • жобада жұмыс істейтін жұмыскерлердің кем дегенде 80 %-і ресей азаматтары болуы тиіс;
  • жобаны жүзеге асыру үшін арналған жабдыққа тапсырыстардың жалпы сомасының кем дегенде 70 %-і ресейлік кəсіпорындарда орналастырылуы тиіс.

2001 жылдың шілде айында Мемлекеттік дума «РФ-дағы шетелдік инвестициялар туралы» Заңы қабылданды. Оның бірқатар кемшіліктері мен əлсіз жақтары бар. Бұның барлығы шетелдік инвесторлардың қауіптілік сезімін жəне сенімсідігін туғызады. Ресейдегі шетелдік инвестициялардың құқықтық реттелуінің күйін сипаттай отырып, көптеген ресей мамандары оны қанағаттанарлықсыз деп бағалайды. Бұл орайда жаңа инвестициялық саясатты жүргізу аса актуалды болып көрінеді, ол тікелей шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалануға жаңа қадам болар еді [4].

Қазақстандағы үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырған 2,5 жылдың ішінде ТШИ бағытында нақты жағымды нəтижелерге қол жеткізіле бастады. 2010–2014 жылдарға арналған экспортты ынталандыру жəне арнайы экономикалық аймақтарды дамыту, инвестициялар тарту бойынша салалық бағдарлама жасап шығарылған. Оны жүзеге асыру барысында шетелдік инвестор-елдердің ірі компанияларымен 200 инвестициялық бастамалар бойынша жұмыстар басталды. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен 20-дан астам халықаралық түрлі бизнес форумдар ұйымдастырылды. Елбасының тікелей тапсырмасымен Франция, Оңтүстік Корея, Қытай елдері компанияларымен жұмыс жүргізіліп, байланыс орнатылған. Сондай-ақ Германия, Жапония жəне Таяу Шығыс елдерімен жұмыс белсендіріле түсуде.

2012 жылы 12 тілде қызмет көрсететін ұлттық инвестициялық веб-сайт қолданысқа енгізілді. Мұндай 12 тілде интерфейс үздік шетелдік 10 сайттың бірі болып табылатын француздық сайтта ғана бар болатын. Веб-сайтта Қазақстанда бизнес жүргізудің қыр-сыры, барлық қажетті мəлімет, тіпті коммуналдық төлемақы туралы да ақпарат табылады. Веб-сайт ашылғаннан кейінгі 8 ай ішінде оған елімізге инвестиция салуға байланысты 100-ден астам өтініш келіп түсіп, 48 мыңнан астам келушілер тіркелген.

Инвестициялық заңнаманы жетілдіру мақсатында биыл арнайы экономикалық аймақ туралы заң қабылданды. Заңда инвестиция салушыға ұсынылатын жеңілдіктер пакетін кеңейту мен арнайы экономикалық аймақ (АЭА) қатысушыларына рұқсат берілетін шаралар санын қысқарту қарастырылған. Жағымды тенденцияларды статистикалық мəлеметтер де растап отыр. 2007–2009 жж. жаһанды қаржы дағдарысы жағдайында əлемге тікелей шетелдік инвестициялар ағысы екі есеге азайған кезде, Қазақстанға тартылған шетелдік инвестициялар саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Мамандардың айтуынша, 2012 жылы əлемдік экономиканың жағдайы нашарламақ. Қазірдің өзінде Қашағандағы жұмыстардың белсенді фазасына байланысты елге келетін ТШИ көлемінің азайғаны байқалды, сондықтан бізге күшімізді тиянақтап, қаржымызды төмендетіп алуымыз қажет. Сонымен қатар елімізде бірнеше рет өңдеуші өнеркəсіпке тартылған инвестиция көлемінің өсуі байқалады. Мысалы, металлургияға тартылған ТШИ 12 %-ға артып, ал қара металлургияға екі есе көп тартылды. Электр өндірісі мен электронды жабдықтар өндіруге салынған шетелдік салымдар 16 %-ға артқан. Жалпы, Қазақстан ТШИ үшін бəсекелес елдер негізінен ТМД елдері болып табылады. Еліміз тартылған инвестицияның ІЖӨ-ге жəне жан басына шаққандағы көлемі бойынша Ресейден кейінгі толассыз көшбасшы болып табылады.

Қазіргі таңда қалыптасып отырған экономикалық жағдайға байланысты ТШИ-ға деген тартыс кенеттен күшейді. ТМД елдерін қоспағанда агрессиялы инвестициялық саясатты Еуропа да жүргізе бастады. Сондықтан дəл қазір Қазақстан алдында екі маңызды міндет тұр. Біріншісі, шетелдік инвестицияларды белсенді тарту болса, екіншісі, олар үшін өзге елдермен бəсекелестікті табысты жүргізу. Жүргізілген зерттеулер Қазақстанның инвестициялық сыйымдылығының өсу əлеуеті жоғары екендігін көрсетеді. Сəйкесінше, экономиканың бəсекеге қабілеттігін арттыру жəне ел əлеуетін тиімді қолдану арқылы ТШИ-ды жылына 10 млрд АҚШ долл. дейін өсіруге мүмкіндік бар. Қазақстан экономикасының бəсекеге қабілеттілігін арттыру — барлық мемлекеттік жəне квазимемлекеттік құрылымдардың еліміздің бағдарламалық құжаттарын жүзуге асыру арқылы қол жеткізетін негізгі міндеті. Осы мақсатта Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына инвестиция тартудың ұлттық жоспары жасақталды. Ол жоспар 4-ке бөлінеді. Алғашқысы — стратегиялық инвестициялық жобаларға арнайы режим қолдану. 1994–2007 жж. аралығында «Инвестициялар туралы» Заңның заңнамалық тұрақтылық нормасын қайтару қажет. Ол сол кезеңде ынталандыру факторы ретінде қолданылды, алайда индустрияландыру бойынша мемлекеттік бағдарламалардың болмағандығы себепті оны шикізат секторының инвесторлары игілігіне жаратты. ҮИИДБ міндеттерін есепке ала отырып, оны 10 жыл тек қана өндеуші сектор инвесторларына қайтару ұсынылады. Екінші бағыт виза алу тəртібін оңтайландыру болса, үшінші бағыты — қазақстандық қызмет көрсетуді жақсарту, ал төртіншісі мақсатты индикаторларды бекіту болып табылады.

Қазақстан Республикасының Кедендік үштік одаққа енетін Беларусь Республикасымен қатынастарының негізгі тірегі болып табылатыны сауда-экономикалық байланыстар. Ол Қазақстан мен Беларусь Республикасы арасында 2009–2016 жж. аралығында бекітілген экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы негізінде іске асуда. Ресей мен Қазақстан экономикасынан бір өзгешілігі, Белоруссияның экономикасы əлеуметтік əділеттік қағидатын ұстана отырып, дамытуға бет алған. Оның құрылымындағы өндіріс, энергетика, көлік, өндіру, құрылыс, ауыл шаруашылығы жəне банк жүйесінің негізгі бөлігі мемлекеттік меншікте. Жекеменшік сектордың үлесі бұл салаларда тіпті мардымсыз. Тек сауда саласында ғана жекеменшіктің үлесі басым. Бірақ социалистік құрылыс- тағыдай орталықтанған жоспарлау тəртібі жоқ, тек макроэкономикалық көрсеткіштер ғана бақыланады. Мемлекет əлеуметтік маңызы бар тауарлар тобының бағасын үйлестіріп отырады. Елдегі энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, химия жəне орман өнеркəсібінің даму қарқыны жоғары. Шеттен алатын негізгі тауарлардың қатарына мұнай өнімдері, калий тыңайтқыштары, металлургия, машина жасау жəне химия өнеркəсібінің тауарлары жатады. ІЖӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 6 мың долл. жуық.

2011 жылдың қорытындысы бойынша екі елдің арасындағы сыртқы сауда айналымы 726,9 млн АҚШ долл. құрады. 2010 жылмен салыстырғанда бұл 5 %-ке артық. Бірақ осы мерзімде Қазақстаннан Белоруссияға шығарылатын тауарлар көлемі 60 %-ке дейін төмендеп, бар болғаны 103,5 млн долл. құрады. Ал аталмыш мерзімде Белоруссияның экспорты 37 %-ке артып, 623,4 млн долл. жетті. Тауар түрінде айтатын болсақ, беларусь экспортында сүт өнімдері (қойытылған жəне құрғақ) 63,8 млн, түрлі техникалар дөңгелегінің резеңкелері 50,8 млн, жүк машиналары 36,5 млн, ауыл шаруашылығы техникасы 20,7 млн долл. құраған. Қазақстаннан Беларуське шығарылған тауарлар арасында қара металл 36,9 млн, мұнай өнімдері 34,5 млн, алюминий 24 млн, минералды жəне фосфор тыңайтқыштары 6,2 млн долл. болған. Қазақстан Беларусьтің ТМД-дағы Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орындағы сауда-экономикалық əріптесі болып табылады. Қазақстанның экономиканы индустрияландыру картасына беларусь техникасын құрастыру жөніндегі құны 98,6 млн долл. құрайтын 5 жоба енгізілген. Екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы 2012–2013 жж. арналған бірлескен шаралар жоспарын қабылдаған. 2012 жылдың 1 қаңтарындағы мəліметке қарағанда, Қазақстанда Беларусь капиталының қатысуымен 115 бірлескен кəсіпорын тіркеліпті. Біздің елдің рыногында Беларусьтің «МТЗ», «БелАЗ», «МАЗ», «Атлант» секілді өнеркəсіптік брендтері сұранысқа ие.

Белоруссия Қазақстан үшін саяси жəне экономикалық сенімді əріптес болып табылады. Екі ел əрқашан да əріптестікті тереңдете түсудің барлық амалдарын жасауда. Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында екі ел арасындағы тауар айналымы былтырғы жылдың сəйкес мерзімімен салыстырғанда 80 %-ке артты. Бұл — тұрақты өсімді көрсететін факт. Экономикалық кооперациялануға Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Нурланова И. Инвестирование в РК и экономический рост // Деловой мир Казахстана. — — № 3. — С. 56.
  2. Михилев А. Инвестирование в агропромышленное производство // Экономика сельского хозяйства России. — № 8. — С. 6.
  3. Инвестиционный климат в Казахстане. Новые правила игры. Официальный сайт компании ARG-Казахстан / www.risk.кz
  4. Никулин Н.Н. Иностранные инвестиции в экономике стран Содружества Независимых Государств // Вопросы ста- тистики. — 2001. — № 211. — С.
  5. Оспанов М.Т., Мухамбетов Т.И. Иностранный капитал и инвестиции: вопросы теории, практики привлечения и использования. — Алматы: Факси-информ, 2007. — 54 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.