Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Инвестицияларды белсендірудегі мемлекеттік жеке серіктестіктің механизмдері

Инвестициялық саясаттың негізгі мақсаты мемлекеттік емес секторлардың инвестициялық белсенділігін жоғарлатуға, отандық жеке меншік жəне шетелдік инвестицияларды кəсіпорындарға тартуға, сондай-ақ капиталдық салым тиімділігінің жоғарлауына байланысты əлеуметтік сфералар мен тұрмысқа қажетті маңызды өндірістерге қолдау көрсететін мемлекеттік бағдарламаларға бағытталған қолайлы ортаны қалыптастыру болып табылады.

Мемлекет инвестициялық процестің белсенді қатысушысы болуға тиіс. Экономиканың белгілі бір салаларын мемлекеттің тікелей инвестициялау жеке меншік инвестор салымдарын жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайды. Осыған байланысты, біріншіден, мемлекет инвестициялық процестің қатысушысы мен бастамасы болса, екінші жағынан, экономикалық-құқықтық қадағалау арқылы мемлекет жеке меншік инвесторлардың мүддесін ескере отырып, оның жүзеге асырылуын қадағалап отырады.

Мемлекеттің жиынтық инвестициялық саясатты жүргізудегі бағыты инвестициялық қызметтің экономикалық механизмін жандандыру мен отандық өнімнің бəсекеге қабілеттілігін қолдауға арналғанын көреміз, бірінші кезекте оған халықаралық нарықта бəсекелестік артықшылықты қалыптастыра алатын өндіріс сегменті мен өндірістің соңғы өнімін дайындап шығару жатады.

2008 жылғы əлемдік дағдарыс көрсеткендей, Қазақстанда жəне басқа да ТМД мемлекеттерінде байқалған интенсивтік экономикалық өсім негізінен қолайлы ішкі экономикалық конъюнктураның уақытша салдары болып табылады [1]. Қол жеткізілген экономикалық өсім қарқынын күшейту үшін қиындықтарға төтеп бере алатын жəне мықты инвестициялық даму қажет.

Біздің көзқарасымыз бойынша, оңтайлы экономикалық саясат монетаристік теорияға емес, кейнсиандық теория тұжырымдарына сүйенуі қажет. Бұл тұжырымдама екі түрде қарастырылады:

  1. Экономикалық өсім қарқынын ойдағыдай қамтамасыз ету үшін тұтынушылық жəне инвестициялық ұсыныстың белгілі бір деңгейін ұстану қажет, бұл қызмет мемлекеттің бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.
  2. Тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі негізгі қиындықтар инвестицияның тұрақсыздығынан туындайды [2].

Инвестиция мөлшері ставкаға кері пропорционал болса, тиімділік шегіне тура пропорционал. Егер инвестицияның тиімділік шегі жоғары болса, онда пайыздық ставкалардың өскеніне қарамастан, инвестициялар өседі, ал егер де инвестицияның тиімділік шегі төмен болса, онда пайыздық ставканың төмендегеніне қарамастан, олардың көлемі азаяды. Сондықтан да пайыздық ставкамен амалдар жасау жəне ақшалай ұсыныс (ақша-несие саясатының құралдары) инвестиция көлемінің жоғарғы деңгейін ұстап тұруға жеткіліксіз болып табылады. Инвестиция көлемі азайған сайын, мемлекеттің инвестор ретіндегі рөлі арта түседі. Сондықтан да экономиканы реформалаудың либералдық-монетарлық тұжырымдамасының отандық нұсқасы да дəрменсіз, ол қаржылық тұрақтылыққа жету мен экономикадағы мемлекет рөлін азайтуға негізделген.

2008 жылғы ғаламдық экономикалық дағдарыс қалыптасқан қаржылық жүйенің құлдырауының нəтижесі болып табылады, оның негізінде үлкен тəуекелдерді қадағалаудың төмен сапада жүргізілгендігі анықталды. Сол кезеңде əлемдік нарықтарда «commodities қашу» деп аталатын үрдіс (процесс) жүріп жатты: инвесторлар өз қаражаттарын ипотекалық қағаздар мен акцияларға салғылары келмеді, себебі бұл жағдай үлкен тəуекелге бару болып есептелді. Сондықтан нарықтардағы commodities деп аталатын ойындарға үлкен қаражаттар салына бастады. Commodities бұл сатып алуға келісім-шарттарды биржалық құралдар құрайтын тауарлар. Олардың көбі биржада жанама түрде сатылады (мысалы, Brent маркалық мұнайы жəне WTI, бидай, болат жəне т.б.). Əр түрлі тауарларға келісім-шарт құны да жоғарлайды [3].

Шикізат пен басқа да тауарларға бағаның өсу салдары өндіріс көлемінің артуына əкеліп соқтырды, əсіресе өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық жобаларды ойлап табу көрініс тапты.

Жаңа зауыттарды құруда немесе жаңа өндіріс орындарын зерттеу туралы шешім қабылдайтын кезде компания басшылығы болашақтағы зауыт немесе кеніш өнімінің бағасын болжауға жіті көңіл бөледі. Кейбір тауарлар мен шикізаттарға бағаның күрт өсуі, көп инвесторларды бағаның жоғарғы деңгейінің сақталуына, баяу тербелістермен ғана айқындалып, ешқандай сəтсіздіктердің болмайтынына сендірді.

Тауарларға баға мен сұраныстың төмендеуі көптеген əрекет етіп жатқан жобалардың пайдасыздығын көрсетті. Мұндай құрылыстарға салынған қаражаттар мен жаңа өндіріс орындарын игеру қиындыққа əкеліп соқтырды. Бұл өз кезегінде компанияның өнімдеріне бағаның төмендеуінен, акцияларға баға белгілеуден, несиелерді қайта қаржыландырудан жəне т.б. туындаған компанияның қаржылық жағдайына кері əсерін тигізді.

Қазақстанның дағдарыстан шығу мен дағдарыс жағдайларын болдырмау модельдері жылдамдатылған индустриалдық-инновациялық даму саясатына негізделді. 2010 жылдың бірінші қаңтарынан бастап, Қазақстан жылдамдатылған индустриалдық-инновациялық дамудың бес жылдығын бастайды деп мəлімдеді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. «Əлемнің барлық мемлекеттері өткен ғасырдың соңында индустриаландыруды бастан кешірді, Совет Үкіметінде индустриаландыру 30 жылдарда болды — бұл индустриаландыру бізге жарамсыз. Біз инновациялық индустриаландыру жайлы айтамыз», — деді мемлекет Басшысы, сондай-ақ ол мыналарды атап өтті:

«Біздегі индустриаландыру қазіргі экономикалық дамумен сəйкес келуі керек, ал бұл мүлдем басқа жағдай. Қазақстанды индустриаландыру үшін біз қазіргі мүмкіншілігімізді барынша пайдалануға тиіспіз» [4].

Тиімділікті арттырудың көптеген экономикалық жəне əлеуметтік бағыттарының ішінде тиімділігі жоғары шаруашылық пен нарықтық экономика жағдайындағы басым түсетін форманың дамуының негізі болып есптелетін, өндірістің интенсивтік дамуын ынталандыратын ұйымдық- экономикалық қатынастарды құру, ғылыми-техникалық жəне ұйымдық-шаруашылық жағдайларды іздестіру жатады. Қазақстандағы өндірістің даму тəжірибесі, басқа да мемлекеттердің тəжірибесі көрсеткендей, дамудың интенсивтік формасына өтудің міндеттелген шарты болып, өндірістік қатынастарды жетілдіру мен өндірістің дамуында ұйымдық-экономикалық факторлардың артықшылықтарын пайдалану болып табылады.

Индустриалдық-инновациялық даму ұзақ мерзімдік əрі тұрақты өсім потенциалын қалыптастыратын, болашақта тұрмыс деңгейін жақсартатын мəселелерді шешу мүмкіндігін, экономиканың бəсекеге қабілеттілігі мен тиімділігіне қол жеткізетін жəне мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қазақстандық экономика моделін қалыптастырудың құралы болып табылады.

Осыған байланысты, мемлекеттегі инвестициялық үрдістер бірінші кезекте индустриалдық- инновациялық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған, бұл дамуда көптеген жетістіктерге қол жеткізілді: ірі импортты алмастыратын жəне ғылымды қажет ететін жобалардың жүзеге асуы, мемлекеттің даму институты мен ұлттық компаниялардағы маңызды инвестициялық ресурстарды шоғырландыру, жобаларды аймақтақ дифференциалдау жəне т.б. Бірақ қалыптасқан индустриалдық- инновациялық даму мен оның əрі қарай даму механизмін қамтамасыз ететін инвестициялық жүйе көптеген шешілмеген мəселелерге байланысты түзетулер енгізуді қажет етеді. Осыған байланысты индустриалдық-инновациялық дамуды инвестициялық қамтамасыз етуде қалыптасқан жағдайдың ерекшелігін ескере отырып, Қазақстандағы инвестицияларды басқару жүйесінің жетілдіру механизмі мен приоритеттік бағыттары айқындалды [5] (1-сур.).

Анықталған басымдылықтарға сəйкес, Қазақстандағы инвестициялық басқару жүйесін жетілдіру үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын мемлекеттік-жеке серіктестігінің (МЖС) механизмін дамыту қажет. Қазіргі кезде экономиканы тиімді басқарудың бірден-бір ажырамас бөлігі болып мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасы табылады. Бұл қатынастардың ерекшелігі,  тəсілдері мен нақты формалары əр түрлі мемлекеттердегі нарықтық қатынастардың өзгеше ерекшеліктеріне байланысты бір-бірінен ажыратылады. Соңғы онжылдықта дамыған жəне дамушы елдер экономикасында мемлекеттік-жеке серіктестік деп аталатын қатынастар байланысы қарқынды даму үстінде деп айтуға болады. Серіктестіктің бұл түрінде қолданылатын сфералардың, механизмдер мен формалардың əр түрлілігі ұзақ мерзімдік бағдарламаларды шешуде серіктестікті əмбебап механизм ретінде көрсетеді. Бұл бағдарламалар экономика мен технологияның əр түрлі сфераларында қолданылады: инфрақұрылымның құрылуы мен дамуынан бастап, жаңа перспективалық технологиялар мен қызметтер түрін өңдеп, бейімделуге дейін.

   2-сурет. ҚР əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорацияларының холдингтік моделіЕскерту. Авторлар құрастырған.

Ескерту. Авторлар құрастырған.

1-сурет. Қазақстандағы инвестицияларды басқару жүйесін жетілдіру механизмі мен оның басым бағыттары

Қазіргі жағдайда барлық əлем ғаламдық дағдарыс мəселесіне тап болып, соған сəйкес үнемдеуге көшті. Бір жағынан алып қарасақ, қатал бюджеттік шектеулерге байланысты бүкіл əлемде МЖС тақырыбы қозғала басталды. Инфрақұрылым — капиталды өте қажет ететін сала, ешқандай мемлекеттің, аймақтың немесе қаланың жол құрылысын, инженерлік инфрақұрылымды, əлеуметтік инфрақұрылымды қазіргі экономика талабына сəйкес игеруге бюджеті жетпейді. Қаражаттарды тиімді пайдалану қажет. Қазіргі жағдайда ақшалар экономикадан жоғалған жоқ, тек нарықтағы контрагенттер арасында, əсіресе банктік сфераларда сенімсіздік мəселесі туындады, егер де мемлекет өзінің жобаларына деген сенімділікті арттыратын қадамдар жасайтын болса, инфрақұрылымдық жобаларға жеке меншік қаражаттарды тарту мүмкіндігі туады. Тарихтан мысал келтірсек: Ұлы депрессия кезінде американдықтар жолдар салды, сол кездердегі құрылыстарға мемлекет ақшаны қарызға алды, ол өз кезегінде құлдырап жатқан банктер мен тоқырауға ұшыраған қор нарықтары үшін маңызды баламалы таңдау болып табылды.

Мемлекеттік-жеке серіктестіктің қазіргі əлемдік тəжірибесі МЖС негізінде жобаларды жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі мен шынайы перспективаларын қолдайды. XX ғасырдың 90- жылдарынан бастап, «өтпелі экономикасы бар мемлекеттер мен дамушы елдерде жəне инфрақұрылым сфераларында 2700-ден астам МЖС құрылған» [6].

Британдық қаржылық қызметтер экспорттарын қолдаумен айналысатын Лондонның халықаралық қаржылық қызметінің есеп беруіне сəйкес, МЖС негізделген жобалар қазіргі кезде əлемнің 60 мемлекетінде өңделеді.

«Мемлекеттік-жеке серіктестік» термині (МЖС, Public Private Partnership) 90-жылдардың басында пайда болды. Ол «британдық модельдің» МЖС-не байланысты. 1992 жылы Д.Мейджора үкіметі мемлекеттік меншікті басқарудың модернизацияланған тұжырымдамасын, яғни «меншікті қаржылық бастамасын», жариялады (Private Finance Initiative – PFI). PFI-дың негізгі əрекетін келесілер құрады: мемлекеттік-жеке серіктестіктің келісім-шарт негізінде жеке меншік секторға мемлекет меншігіндегі əлеуметтік-мəдени жəне өндірістік инфрақұрылым объектілерінің (құрылыс, қайта құрылыс, эксплуатация, басқару жəне т.б.) қызмет ету функцияларын беру болып табылады. Ұлыбританиядағы мемлекеттік басқару жүйесінің түбегейлі өзгеруі институционалдық ортаның, сондай-ақ мемлекеттік аппараттар мен жеке бизнестің қарым-қатынастарының өзгеруіне алып келді [7]. Əлемнің барлық аймақтарындағы МЖС-тің əр түрлі формаларының интенсивтік дамуын ескере отырып, бұл формалардың қарым-қатынасын қазіргі аралас экономиканың ерекшеліктеріне жатқызуға болады.

Мемлекеттік-жеке серіктестіктің (ағылшын тіліндегі əдебиеттерде — Public Private Partnership, PPP) экономикалық əдебиеттерде бірыңғай анықтамасы жоқ. Сондай-ақ бұл термин басқа формада да қолданыла береді, мысалы, жеке-мемлекеттік серіктестік. Біздің көзқарасым бойынша, қазақстандық экономиканың ерекшеліктерін мен МЖС механизмінің қалыптасуы мен дамуындағы мемлекеттің маңызды рөлін ескере отырып, «мемлекеттік-жеке серіктестік» терминін қолданған дұрыс сияқты [8].

Жалпы МЖС-ті маңызды мəселелерді ұтымды шешетін мемлекет пен жеке бизнестің орташа жəне ұзақ мерзімдік формаларының қарым-қатынастар жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

Оның базалық нышандарына келесілерді жатқызуға болады:

  • МЖС-тің тараптарына мемлекет пен жеке бизнес жатады;
  • екі жақтың қарым-қатынасы арнайы жəне заңды негізде бекітіледі;
  • екі жақтың əрекеті тепе-теңдік жағдайда жүзеге асырылады;
  • МЖС жарияланымды жəне қоғамдық бағытқа негізделген;
  • МЖС негізінде жүзеге асырылатын жобалар үрдісінде екі жақтың ресурстары мен салымдары біріктіріледі;
  • қаржылық тəуекелдер мен шығындар, сондай-ақ қол жеткізілген нəтижелер алдын ала айқындалған пропорциялар негізінде екі жаққа бөлінеді [9].

Мемлекеттік-жеке серіктестік формаларының əр түрлілігіне қарамастан, халықаралық тəжірибе көрсеткендей, бөлу қызметі арқылы қарым-қатынастар жүйесінде тепе-теңдік пен серіктестіктің жетістігін қамтамасыз ететін айрықша функциялармен үлестірілген.

Мемлекет жобаның тараптарының бірі бола отырып, МЖС бойынша тікелей емес (басқару мен билік органдары арқылы), мемлекеттік корпорациялар, агенттіктер мен мекемелер арқылы қатысады. Билік органдары берген өкілеттікті ұйымдар сəйкесінше нормативтік актілерді қабылдау жолымен жүзеге асырады. Əрбір серіктес жобаға өз салымын кіргізеді. Бизнес қаржылық ресурстарды, кəсіпқой тəжірибелерді, тиімді басқаруды, шешім қабылдаудағы икемділік пен оперативтілікті, жаңа тауарларға икемделуді қамтамасыз етеді. Мемлекет болса өз қарамағынан меншік иесінің құқықтық өкілеттілігін, салықтық жəне басқа да жеңілдіктерді, кепілдемелерді, сондай-ақ материалдық жəне қаржылық ресурстарды қамтамасыз етеді. МЖС-тің қоғамдық сапалы қызметті пайдалану барысында тұтынушы қызметін атқаратын қоғам ең соңында жеңіске жетеді.

Атап өткендей, МЖС бойынша мемлекет, мемлекеттік корпорациялар, агенттіктер, мекемелер жəне т.б. арқылы əрекет етеді, сонымен қатар Қазақстанда МЖС дамуының формасы ретінде ірі əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациялар (ƏКК) формасын бірден енгізе бастады. Ұйымдық-құқықтық форма бойынша ƏКК коммерциялық емес корпорациялар түрінде құрылады, бірақ аймақтардың əлеуметтік-экономикалық дамуын инвестициялау мен табыстарды есептеп шығару сияқты мəселелерді шешуге атсалысады. Əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациялардың коммерциялық корпорациялардан айырмашылығы — алған табысты сол аймақтың əлеуметтік жобаларына қайта инвестициялау. Сонымен қатар əлеуметтік жауапкершілік ретінде əлеуметтік жобаларға табыстарды инвестициялау ғана емес, бəсекеге қабілетті бизнесті құру мен жүргізу, тиімсіз кəсіпорын базасы негізінде жаңа өндірістерді құру, мемлекеттік меншікті тиімді пайдалану жатады. Бұл корпорациялардың əрқайсысы кооперациялардың күшеюіне мүмкіндік беретін дамудың аймақтық институты болуы тиіс.

Қазақстанның аймақтық даму институтының өзіндік ерекшелігіне белгілі бір статус пен регламентке ие федералдық жəне жергілікті билікпен байланысы бар мамандандырылмаған агенттіктер жатпайды, оған аймақтық кəсіпорындардың жұмысын жандандыратын, үйлестіретін қандай да бір холдинг болып табылады. Қазақстанның аймақтық даму институтының холдингтік моделі 2 суретте сызба түрінде берілген [10].

Холдинг үлгісі ұлттық корпорацияның əкімшілік ресурсы ретінде əрекет етуіне икемді болып табылады, сондай-ақ мемлекеттік-жеке серіктестіктегі жеке бизнестің еншілес қатысушылары мен сенімді басқармалары көбіне кəсіпорындарға тəуелсіз болып есептеледі. Мұндай құрылым «Сарыарқа» ƏКК-де əрекет етеді, оған қазіргі кезде 10 еншілес кəсіпорындар, 12 тəуелсіз жəне 17 қауымдастық кəсіпорындар жатады [11].

   2-сурет. ҚР əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорацияларының холдингтік моделі

 Корпорациялардың холдингтік құрылымы мен мемлекеттің ƏКК қызметіне белсенді қатысуы қазақстандық əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациядағы тəжірибенің əлемдік тəжірибеден жалғыз ғана айырмашылығы емес.

Тұжырымдамалардағы ƏКК-ның басымды мəселелері анықталды:

  • энергетикалық жəне өндірушілік емес секторлардағы жаңа нарықтарды дамыту;
  • саудалық маркалар мен интеллектуалдық меншік құқығы мен қорғалған тауарлардың өндірісіне жағдай жасау;
  • фермерлік шаруашылықты дамыту;
  • кəсіпкерлік өнімнің ішкі жəне сыртқы нарықтағы қозғалысы;
  • кластерлерді құру жəне əрекет етуші кəсіпорындарды кластерлерге біріктіру, жер учаскелерін жəне инфрақұрылым объектілерін жүзеге асуына мүмкіндік жасау;
  • инвестицияларды тарту жəне инновацияны енгізу;
  • маркетингтік базаларды құру, шикізаттарды көтерме бағамен сатып алу арқылы өнімнің өзіндік құнын түсіру;
  • өнімді өндіру мен соңғы өнімді жүзеге асырудың халықаралық стандарттарының қауіпсіздігі.

Атап өтетін жайт, ƏКК-ның шетелдік аналогтарында мəселелердің бағыттары басқаша анықталған. Шетелдік корпорацияларда негізгі бағыты жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға, тұрғындардың табысының жоғарлауына, жеке инвестициялау есебінен жаңа кəсіпорындарды құру барысында салықты базаларды кеңейтуге бағытталады. Жаңа жəне əрекет етуші бизнесті қолдау мен əрекет етуші бизнесті кеңейтуді ынталандыру, экономикалық дамуға мүмкіндік беретін бағдарламаларды енгізу, жұмысбастылық пен инвестициялау мүмкіндігін қамтамасыз ететін жергілікті экономиканы құру мен жүзеге асыру əлеуметтік корпорациялардың негізгі бағыттары болып саналады [12].

Даму тұжырымдамасында көрсетілген ƏКК қызметінің негізгі əрекеттерін жəне соңғы бес жылдағы нəтижелерін талдай келе, қазіргі кезде ƏКК-нің негізгі қызметі негізінен аймақтағы бизнесті дамытуға жəрдемдесуге емес, қызмет етуші бизнеске бағытталғанын көреміз, ол өз кезегінде шетелдегі əлеуметтік корпорациялардың негізгі функциясы болып табылады. Сондай-ақ ƏКК-нің негізгі функцияларының бірі кластерлік бастамалардың жүзеге асырылуына негізделген. Кластерлік бастама шағын жəне орта бизнес сфераларын дамытуда мемлекеттік саясаттың негізі болуы тиіс. Мемлекеттегі кластерлік дамудың шешуші рөлі жеке бастамаларға, əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациялар мен жергілікті атқарушы органдарға байланысты əрекет етеді. Бұл жағдай əрекет етуші бастамалардың аумақтық нышандары мен аймақтық жобалардың дамуына ƏКК бағыттарының арасындағы байланыс үлкен рөл атқарады. Кластерлік бастамалардың жүзеге асуы экспорттық «еңіске» (күшті бəсеке үшін тым аз немесе əлі ешкім жайғаспаған тауарлар мен қызметтер нарығы) шығу үшін шағын жəне орта компаниялардың бірігуінің есебінен жүргізілуі керек, бұл жерде аймақтар (немесе жақын орналасқан бірнеше аймақтар) потенциалдық жəне бəсекелестік артықшылыққа ие. ƏКК-ның негізгі тапсырмаларының бірі болып жобалардың жеке құрылымдармен бірге əрекет етуі жатады. Бірақ ƏКК- да серіктестікті таңдау құқығы əрекет етуші кəсіпорынға беріледі.

Қорытындылай келе, əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациялар мемлекеттік жеке серіктестіктің дамуында маңызды рөл ойнайтынын айтуға болады, ол ҚР Үкіметінің дербес əзірлемесі болып табылады, себебі берілген құрылымның аймақтық органдары əлемде кездеспейді. ƏКК-ның құзырына барлық аймақтың жер қойнауымен иелік ету құқығы берілген (Республикаға маңызы бар стратегиялардан басқа), сонымен қатар ƏКК-ның мемлекеттік жəне коммуналдық кəсіпорындары мен инфрақұрылым объектілері аймақтық экономиканың дамуында маңызды потенциалға ие болып саналады, сондай-ақ жеке бизнеспен тығыз өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады.

ƏКК-да қолданылатын құрылым (холдингтік құрылым) ƏКК-ға еншілес кəсіпорындарды немесе біріккен кəсіпорындарды құруға жəне қауымдасқан кəсіпорындарға инвестицияларды қатыстыратын экономиканың нақты секторларына қатысуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, атап кететін жайт, ƏКК-ны құрудағы құжаттарда көрсетілген алға қойылған тапсырмалар (ƏКК-ның дамуының тұжырымдамасы) бағытынан əлдеқайда ерекшеленеді. Жалпы алғанда, егер де ƏКК-ның негізгі ерекшеліктері мен оның МЖС-дің рөлін жинақтасақ, онда ƏКК-ның қызметтері негізінен əрекет етуші бизнестің дамуына бағытталғанын көруге болады, ал жаңа субъектілерді құрудағы ынталандыру мен ƏКК қызметінің əлеуметтік аспектісі екінші дəрежелі ерекшелікке ие (мысалға, батыстық корпорациялардың негізгі тапсырмалары болып жаңа жұмыс орындарын құру, аймақтағы тұрғындардың табысын жоғарлату жəне т.б.).

 МЖС механизмі мемлекет жауапкершілігінде əрекет ететін ұлттық сфераларындағы жобаларды жүзеге асыру үшін инвестицияларды тартудың бірден-бір маңызды құралы бола отырып, біріншіден, қосымша қызметтер үшін жаңа нишаларды ашса, екіншіден, жеке сектордың ресурсы мен интеллектуалдық потенциалын пайдалану үшін мүмкіндіктерді құрады. Ал қоғам болса, өз кезегінде жеделдетілген инфрақұрылымдық даму формасындағы «бонусқа» ие болады [13].

Біз «ҰК «ƏКК «Сарыарқа» АҚ Қарағанды облысындағы индустриалдық-инновациялық инфрақұрылымының дамуындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асуына бағалау жүргізген едік. Аймақтың индустриалдық-инновациялық инфрақұрылымының дамуы желілік (кластерлік) модельдердің дамуы негізінде жүзеге асырылады. Инновациялық-индустриалдық кластерлер моделінің жемісті қалыптасқан мысалы негізінде біздің жұмысымызда Қарағанды облысы территориясындағы

«Индустриалдық парк «Металлургия-металөңдеу» ЖШС базасы бойынша «Металлургия-Металөңдеу-Машинақұрастыру» кластерінің жұмыстары қарастырылған (3-сур.).

Индустриалдық парктерді ұйымдастыру идеясы бірінші кезекте қазіргі заманғы қоймалар мен жаңа өндірістік күштерді қажет ететін шағын жəне орта өндірістік компанияларға бейімделген. Бұл мүмкіндіктерді біріктіру арқылы жалпы өндірістік ортаны құруға болады, сондай-ақ компанияларды бұрынғы зауыт пен фабрикалардың аумақтарында қызметтерді жүзеге асыру қажеттілігінен құтқарады, ол аумақтар бүгінгі күнгі талаптарға мүлдем сəйкес келмейді.

Потенциалдық инвесторға мемлекеттік ұйымдармен біріге отырып, мəселелерді шешу мен өндірістерді ұйымдастырумен байланысты барлық сұрақтар бойынша жан-жақты көмек көрсетілетін болады. Инвестор өндірісті өзі қаржыландырады, құрады жəне жүзеге асырады немесе «ҰК» ƏКК

«Сарыарқа» АҚ бірге біріккен кəсіпорын құрады.

Индустриалдық парк инвесторға парк ішіндегі барлық талаптарға сəйкес келетін жəне қолайлы инфрақұрылымға ие жерді мезгілсіз жалға береді.

Қазіргі кезде көптеген қазақстандық кəсіпорындар бірінші кезекте экономиканың базалық салаларында жоғарғы инновациялық жəне өндірістік əлеуетті құрды. Сондықтан да олардың инновациялық əрекет ету стратегиясы бірінші кезекте индустриалдық-инновациялық кластердің қалыптасуындағы бірлескен немесе əртараптандырылған өсімге бағытталған. Қорытындылай келе, бұл жағдай əлемдік нарықтағы өнімге бəсекеге қабілетті өндірісті қамтамасыз етуге əсерін тигізеді, артынан отандық кəсіпорындардың тиімділігі мен оның одан əрі өсу потенциалына барлық жағдай жасалады.

Аймақтың индустриалдық-инновациялық инфрақұрылымының дамуының келесі кезеңі бұл Индустриалдық парктің базасы негізінде еркін-экономикалық аймақты құру болып табылады. Қазақстан Республикасының Қарағанды облысында ЕЭА-ны құру еліміздегі тұрғындар жағдайын арттыру үшін басшылықпен қойылған стратегиялық мақсаттарға бағытталған. Бұл мақсаттарға келесілер жатады: аймақтар экономикасын əртараптандыру арқылы өндірістің шикізатқа бағытталуы, жоғарғы деңгейлі жаңа инновациялық өндірістерді құру, өндірілген өнімдердің экспортын арттыру, жұмыс орындарын құру, өнімділікті жəне тұрғындардың табысын арттыру, адами капитал сапасын арттыру жəне т.б.

Құрылған ЕЭА-ның негізгі жетістіктеріне келесілер жатады:

  • тауарлық экспорттың өндірісі мен қозғалысын қамтамасыз ететін (өндірістік, ғылыми-өндірістік,сауда, тауарлық, транспорттық) заманауи инфрақұрылымдарды құру;
  • ғылым мен техниканың дамуы үшін жағдай жасау, заманауи отандық жəне батыстық ғылыми зерттеулерді пайдалану, оларды өңдеу жəне қолданысқа енгізу, ноу-хау жəне технология, сондай-ақ экология сфералары;
  • экспорттаушылар үшін сервистік қолдауды қамтамасыз ету;
  • «жалғыз терезе» принципі бойынша ЕЭА қатысушылары үшін мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
  • экология мен табиғатты қорғаудың халықаралық талаптарын енгізу мен оларды сақтау;
  • мемлекетте бай табиғи жəне минералды ресурстардың болуы;
  • аймақтардың Орталық Азия мен Ресейдің ірі тұтынушылық нарықтарына қатысты географиялық тұрғыдан қолайлы орналасуы;
  • Кедендік одақ пен басқа да мемлекеттер нарығына шығу мүмкіндігі;
  • жалпы Қазақстан Республикасы мен Қарағанды облысының кейбір аймақтарындағы оңтайлы имидждің жүзеге асуы.

  3-сурет. «Металлургия-Металөңдеу-Машина құрастыру» моделінің индустриалдық-инновациялық кластері

 ЕЭА-ны қалыптастыруда жетістікке жеткен мемлекеттердің бірі Қытай болып табылады. Бүгінгі күнде Қытай территориясында 6 ЕЭА, 60 мемлекеттік маңызға ие даму аймақтары, əр түрлі деңгейдегі жаңа жəне жоғарғы технологияларды игеретін 120-дан астам зоналар бар.

Қытайдағы ЕЭА-ның ерекше дамуының мысалы ретінде Қытайдағы алғашқы əрі арнайы экономикалық зона Шынжанды келтіруге болады, ол 1980 жылдың тамызында қабылданған

«Гуандун провинциясындағы арнайы экономикалық зоналарды қадағалау» туралы заңы бойынша маңызды мəртебеге ие болды:

  • 28 жыл ішінде кішкентай шекараға жақын балықпен айналысатын Шынжан ауылы заманауи қалаға айналды;
  • он миллионнан астам тұрғыны бар;
  • қаланың көлемі бастапқы 3 шаршы км қазіргі 700 шаршы км дейін өсті;
  • ЖІӨ көлемі 179 млн юаннан 2007 ж. 670 млрд астам юанға дейін жетті.

Сонымен қатар Шынжан қаласы 10 жыл қатарынан Қытайдың ірі жəне шағын қалаларының ішінде импорт пен экспорттың жалпы көлемі бойынша бірінші орынға ие болып келе жатыр. 2007 жылғы жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің көлемі Шынжан қаласында 10,628 мың АҚШ долл. жетті, ал Қытайдың басқа да қалаларының жан басына шаққандағы ЖІӨ 10 мың АҚШ долл. құрады [14].

Тұрғындардың орналасу тығыздығына байланысты Гуандун провинциясында Шынжан бірінші орынға шықты. Шынжан Қытайдың басқа да континенталдық қалаларының ішінде өнімнің экспорты мен импорты бойынша көш бастап келе жатыр. 10 жылдың ішінде бұл жердегі өндіріс көлемі 3 мың есе өсті. Тұрғындардың орналасу тығыздығы бойынша Шынжан Гуандун провинциясында бірінші орынға шықты. Жергілікті кəсіпорындардағы еңбек өнімділігі орта есеппен көрші орналасқан мемлекеттік секторлық кəсіпорындарға қарағанда 3,3 есе, ал ҚХР-ның жалпы өндірісі бойынша 6,5 есе өсті. Шынжан мемлекеттегі өндіріс бағдарламасын қамтамасыз ететін үш негізгі базаның бірі болып табылады, дүние жүзіндегі сағат өндірісінің 25%-ын құрайды, жібек пен синтетикалық маталардан жəне былғары бұйымдардан тігілетін киімдерді, дəрі-дəрмектерді, медициналық құралдар мен жабдықтауларды дайындау мен экспорттауда көш бастайтын позициялардың бірін алады.

Бүгінгі күнде Шынжан Қытайдағы экономикасы ең жақсы дамыған қалалар қатарына кіреді.

Қала экономикасының демеу болатын салаларына жаңа жəне жоғарғы технологиялар индустриясы, заманауи логистика, банктік-қаржылық қызмет көрсету жəне мəдени индустрия жəне т.б. жатады.

Қытайлық ЕЭА-ның жеңілдік беретін инвестицияларымен қызмет ету тəжірибесі үлкен жетістіктерге алып келді. Қытайлық жəне шетелдік мамандар ЕЭА-ның жетістіктеріне бірінші кезекте экономикалық өсім қарқынының жоғарлылығы мен тұрақтылығын, шетел инвестицияларын үлкен көлемде тартуды, еңбек өнімділігінің артуы жəне тұрғындардың өмір сүру деңгейінің өсуін жатқызды.

Осыған байланысты, ЕЭА-ны құру берілген аймақтағы кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды қолдайды немесе экономиканың басқа да салаларының дамуына негіз болатынын атап өткен дұрыс. Сондай-ақ ЕЭА тауарлық-экономикалық, ғылыми-техникалық жəне əлеуметтік өсімнің полюстері болып есептеледі.

Қарағанды облыстарында ЕЭА-ны құру келесі қызметтердің жүзеге асуына мүмкіндік береді:

  • өндірістің бəсекеқабілеттілігін жоғарлату;
  • тікелей шетел инвестицияларын тарту;
  • жоғары қосымша құндылығы бар өнімнің экспорттық потенциалын арттыру;
  • импорттық өнімдерді сатып алудағы шығындарды азайту;
  • жаңа өтпелі техника мен технологияларды пайдалана отырып, жаңа бұйымдар мен қызметтер өндірісін игеру;
  • мемлекеттік, коммерциялық жəне шетел капиталдарын біріктіру мен оларды кешенді пайдалану;
  • іскер, коммуналдық-шаруашылық, құқықтық жəне қаржылық инфрақұрылымдарды заманауи деңгейде дамыту;
  • табиғи ресурстарды тиімді пайдалану;
  • жалпы алғанда мемлекет пен оның аймақтарындағы экономиканың жедел дамуын қамтамасыз ету.

ЕЭА шетел капиталдарының түсімі, технологияларды, «ноу-хауды», жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жергілікті өндірушілерді шетелдік фирмалармен (өнімді экспорттау жағдайында) тікелей бəсекелесте қорғайды, өндірістің импорттық қарыз алушының əрекет етуіне мүмкіндік береді (өндірілген өнімнің əрекеті ұлттық нарықта жүзеге асырылған жағдайда).

ЕЭА-ның стратегиялық мақсаты болып батыстың жаңа технологиялары мен жабдықтарын кең көлемде игеретін аймақтық экономика дамуының техникалық жəне технологиялық дамуының күрт жоғарлауы табылады.

Қарағанды қаласындағы ЕЭА-ды құру «Металлургия мен Металөңдейтін» Индустриалдық парк базасы негізінде қарастырылады, ол мемлекет үшін маңызды болып табылатын əлеуметтік- экономикалық тиімділігі бар маңызды көрсеткіштерге жетуге көмектеседі, сондай-ақ жеке инвесторлар үшін де қажетті қаржылық тиімділік көрсеткіштерін көрсетеді [15].

ЕЭА 25 жылға құрылады деп пайымдалады. ЕЭА əрекет етуінің құқықтық шарттары, салықтық жəне кедендік жеңілдіктер түрі мен соңғы процестерде туындайтын қоғамдық қатынастарды қадағалау, қызмет туралы келісімді атқару мен тоқтату, Қазақстан Республикасының Заңы мен кедендік одақтың келісім-шарттарымен анықталады.

ЕЭА-ны құруда тікелей пайда алатындарға келесілер жатады:

  • бюджет табыстарының тікелей жəне жанама түрі бойынша жəне ЕЭА-ны құрудан əлеуметтік- экономикалық тиімділікке жететін — мемлекет;
  • ЕЭА бойынша жүзеге асырылатын, өз қызметінен табыс алатын жəне ЕЭА қатысушысы болып табылатын — инвесторлар;
  • қызметтердің қосымша түрлерін жүзеге асыратын (жобалық, құрылыс жəне қаржылық ұйымдар мен жеке тұлғалар), жобаға қатысқаны үшін табысқа ие болатын шағын жəне орта бизнестің өкілдері;
  • экономикалық белсенді халық, себебі ЕЭА бойынша 10 000-нан кем емес жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

ЕЭА-ның құрылуы мен жүзеге асырылуы келесі кезеңдерді қамтиды:

  • дайындық кезеңі: ЕЭА-ны құру жəне инженерлік инфрақұрылымды қалыптастыру;
  • құру кезеңі: ЕЭА компоненттерін салу (объектілер);
  • қызмет ету кезеңі: құрылысты аяқтау жəне ЕЭА-ның барлық компоненттерінің толыққанды əрекет етуі.

Қазіргі кезде қазақстандық ЕЭА территорияларында салықтық жеңілдіктер (корпоративтік табыс салығынан, жер салығы мен мүлікке салынатын салықтардан 100% босату) мен кедендік баж алымдарын төлеуден босату қарастырылған.

Инвесторларға салықтық жəне кедендік жеңілдіктерді көрсеткен соң өтелімділік мерзімі едəуір төмендейді. Мысал ретінде ферросиликаталюминий өндіретін компанияға қаржылық талдау жүргізілді, оның өтелімділік мерзімі 30 жылды құрады.

Салықтық жəне кедендік жеңілдіктер əсері берілген компанияның өтелімділік мерзімін 20 жылға дейін қысқартты.

Осыған байланысты ЕЭА территорияларында келесі салықтық жеңілдіктерді беруді ұсынамыз:

  • корпоративтік табыс салығын төлеуден 100 % босату;
  • жер салығын есептеу кезінде сəйкес ставкаларға 0-дік коэффициенттеу;
  • мүлікке салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыздық ставка;
  • шартта көрсетілгендей, жерді уақытша пайдаланудың (жалға алу) белгілі бір уақыт ішінде жер учаскелерін пайдаланатын төлемдерді есептеу кезінде, сəйкес ставкаларға 0 коэффициенті, жерді уақытша пайдалану (жалға алу) құқығы берілген күннен бастап 10 жылдан аспауы тиіс.

Осыған байланысты, ЕЭА-ны құру шикізат тыс экспорттық бейімдеушілік пен өндірістер үшін тікелей инвестицияларды тартуға жағдай жасайды, өңделген тауарлар экспортының қозғалыстары негізінде əлемдік сауда жүйесіне ықпалын тигізеді.

Қазақстанның орталық аймақтарында ЕЭА-ның əрекет етуі кезінде аралас салалардың дамуы арқасында мультипликативтік эффект құрылады. Инфрақұрылымға салынған əрбір 1 теңге үшін 9 теңгеге дейін инвестициялар тартылады. Көп жағдайда аймақтардағы экономиканың аралас салалары əрекет етеді, оған құрылыс секторлары, консалтингтік жəне қаржылық сектор, тау-кен өндірісі, энергетика, ірі кəсіпорындарға қызмет ететін шағын жəне орта бизнес жатады.

ЕЭА-ның инженерлік инфрақұрылымын құру барысында қолданылатын жаңа технологиялар жаңа тұрғындар пунктерін құруда мысал ретінде пайдаланылуы керек, оған сумен қамтамасыз етудің айналым жүйесі, жаңбыр ағындарын тазалау, пайдалы жылу энергияларын өндіру үшін кəсіпорыннан артылған қалдықтарды пайдалану жəне т.б. жатқызуға болады.

ЕЭА жұмыс қызметкерлері мен жұмыскерлердің инженерлік-техникалық квалификациясын арттыру арқылы адами капитал сапасын жақсартуда белгілі бір жұмыстарды жүзеге асыру қажет.

Мемлекет пен оның аймақтарының экономикасына ЕЭА-ның позитивтік əсері келесі аспектілерде көрсетілген:

  • шетел инвесторлары ЕЭА кəсіпорындарына жаңа технологияларды, өндіріс процестеріне қажетті менеджмент пен кəсіпорынды басқарудың жаңа тəсілдерін үйретті;
  • жергілікті жұмыс күштері қосымша еңбек дағдаларын үйренуде, əсіресе жаңа техникаларды игеру үрдістерінде;
  • ЕЭА-ға инвестицияларды салатын компаниялар, оларға көрсетілген əр түрлі қызметтерге ақша төлейді;
  • жергілікті тұрғындардың хал-ахуалының өсімі мен табыстар деңгейінің артуы көрінеді;
  • жұмыспен қамтылған тұрғындар ішкі нарықтағы сұраныстың төлемқабілеттілігінің артуына жағдай жасайды, яғни жергілікті нарық қандай да бір дамуға ие болады;
  • ЕЭА-ны құру аймақтағы кəсіпкерлік қызметті белсендіреді;
  • ЕЭА əрекет етуші компанияларға маңызды бəсекелік артықшылықтарды береді [16].

Бұл территорияларда өндірілген өнімдердің бəсекеқабілеттілігі өндірістегі шығындардың төмендеуіне байланысты күшейе түседі, ол өз кезегінде шикізат пен материалдарды алу кезінде салық салудан толықтай босатылады, сондай-ақ жергілікті жұмыскерлерге еңбекақы төлеудегі шығынның төменділігімен айқындалады. ЕЭА-дағы жер мен инфрақұрылымдарды пайдаланудағы шығындар төмен деңгейімен ерекшеленеді [17].

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына 17.01.2014 ж. Жолдауы«Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». — Астана, 2014.
  2. «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалдық-инновациялық дамытудың ІІ кезеңі»: Мемлекеттік бағдарлама// «Юрист» анықтама жүйесі. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: www.adilet.zan.kz
  3. Шумпетер Й.А. Теория экономического развития: Исследование предпринимательской прибыли, капитала, кредита, процента и цикла конъюнктуры. — М.: Прогресс, 1982. — C.
  4. Лившиц В.И., Виленский П.А., Смоляк С.А. Теория и практика оценки инвестиционных проектов в условиях переход- ной экономики. — М.: Дело, 2000. — C.
  5. Каренов Р.С. Основы государственного регулирования экономики: учеб. пособие. — Алматы: Білім, — С. 248.
  6. Оспанов М.Т., Мухамбетов Т.И. Иностранный капитал и инвестиции: вопросы теории, практики привлечения и ис- пользования. — Алматы: Факсинформ, 1997. — C.
  7. Бочаров В.В. Инвестиции. — СПб.: Питер, 2008. — 176 с.
  8. Закон Республики Казахстан «Об инвестициях» / Утв. 8 января 2003 года. — [ЭР]. Режим доступа: online.zakon.kz
  9. Нурланова Н.К. Формирование и использование инвестиций в экономике Казахстана: стратегия и механизм. — Ал- маты: Ғылым, 1998. — 240 с.
  10. Сабден О.С., Хусаинов Б.Д. Национальная конкурентоспособность в условиях глобализации: Устойчивое развитие Казахстана в условиях глобализации: модели, стратегии, приоритеты и механизмы реализации. — Алматы, 2008. — Т. 1. — C.
  11. Казахстан за годы независимости: cтат. сб. — Астана: Агентство РК по статистике, — 194 с.
  12. ҚР Президентінің Жарлығы / «Қазақстан Республикасының 2003–2015 жылдардағы индустриялық-инновациялық даму стратегиясы» жөнінде: 2003 ж. бекітілген. — № — 17 мамыр. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: www.adilet.zan.kz
  13. Барышева Г. Инвестиции в научно-производственный комплекс // Экономист. — — № 9. — C. 13.
  14. Кучуков Р.А. Теория и практика государственного регулирования экономических и социальных процессов. — М.: Гардарики, 2004. — С.
  15. Таубаев А.А. Пути совершенствования государственной научно-технической политики на современном этапе: Рес- публиканская науч.-практ. конф. «Роль науки и интеллектуальной собственности в реализации стратегии индустриально- инновационного развития страны на 2003–2015 годы». — Астана: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева,
  16. Parris B. Pisky Development: Export concentration, Foreign Investment and Policy Conditionality // Word Vision— 2003. — P. 28.
  17. Kojima K. Direct Foreign Investment. — London Croom: Helm, 1987. — 496

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.