Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тұрмыс аясындағы абайсыз қылмыстар маңызды əлеуметтік жəне қылмыстық-құқықтық мəселе ретінде

Абайсыз кінə нысанымен жасалатын қылмыстарды зерттеу құқықтық ғылымның дара, ауқымды бөлігін құрайды. Соңғы өркениетті дамыған жылдары аталған қылмыстарды алдын  алудың əлеуметтік мəні артуда. Оларды болдырмау — маңызды əлеуметтік-экономикалық міндеттердің бірі. Қылмыстық абайсыздықтың аса қауіптілігіне, өсу қарқынына көңіл бөле отыра, қазіргі криминологтар мен социологтар абайсыз əрекеттердің басымшылық мүмкіндігін болжайды, өйткені қасақана қылмыстардың азаюын көздейтін факторлар табиғатының түрлілігінен абайсыз қылмыстар үшін тиімсіз болуы ықтимал.

Абайсыз қылмыстардың салдарынан туындайтын моралдық-саяси зардап қасақана қылмыстардың криминогендік роліне ие болуы мүмкін, себебі қылмыстық ұқыпсыздық, мемлекеттік жəне қоғамдық мүлікке деген салғырттық милиондаған залалмен өрнектелетін, мүлікті талан- тараждауға əкеп соғады. Қазіргі қол жеткізілген білім деңгейін ескерсек, абайсыз  қылмыстарды алдын алу мəселелерін кешенді зерттеудегі шешуші ролді əлеуметтену, психология, қылмыстық құқық, криминология жəне басқа өзара байланысты ғылымдар иеленеді.

Алайда алған бағыттағы отандық қылмыстық құқық жəне криминологиядағы зерттеулерге үңілсек, анықталып, ашылмаған сұрақтар шамасы жеткілікті. Əсіресе тұрмыс аясында «абайсызда жасалатын қылмыстар» ұғымы, олар үшін қылмыстық жауаптылық, жаза тағайындау ерекшеліктері, қылмыскер тұлғасы сынды сұрақтар əлі де терең қарастыруды талап етеді. Тұрмыс аясындағы абайсыздыққа ықпал ететін тиімді шараларды жасақтау үшін аталған  қылмыстарды қылмыстылықтың өз бетінше жеке элементі ретінде зерттеу жүргізу — еңбегіміздің басты мақсаты. Оған себеп тұрмысқа қарсы абайсыз қылмыстардан көрі, техниканы қолданумен байланысты абайсыз қылмыстарға бағытталған зерттеулер басым.

Криминологиялық əдебиеттерде абайсыз қылмыстарды жіктеудің алуан түрлері кездеседі. Қылмыстарды жіктеу жүйені құрайтын əр түрлі белгілерге тəуелді. Жүйелеудің негізінде, бір жағынан, ең мəнді, екіншіден, аталған жіктеуші жүйенің алдындағы мақсат пен міндеттерге жауап беретін белгі жатыр [1], онсыз қылмыстарды жіктеу мүмкін емес. Қылмыстарды жіктеу жүйесі ретінде осы жүйе үшін маңызды белгінің негізінде топтасқан қылмыстар кезектілігінен тұратын құрамды түсінеміз. Қылмыстарды криминологиялық жиыстырудың басты критерийі — жүзеге асырылған қылмыстар шоғырлайтын адамның өмір сүру орталары. Адамның əрбір өмір сүру ортасы қылмыстың сипатымен шектелмей, олардың шарты боп табылатын себептер мен жағдайларды айқындайды. Адам өмірінің тұрмыс, өндіріс, бос уақыты, қоғамдық орта сынды салаларындағы қылмыстарды жеке зерттеу олардың криминологиялық мəнін арттырады.

Абайсыз қылмыстылықтың:

1) техникалық құралдар немесе өзге жоғары қауіптілік қайнар көздерінің əсерінен тыс салада жасалатын тұрмыс аясындағы абайсыз қылмыстар;

2) техникалық құралдар  немесе  өзге  жоғары  қауіптілік  қайнар  көздерінің  əсері  аясындағы  абайсыз қылмыстар;

3)техникалық құралдарды жəне лауазымдық қызмет бабын пайдаланусыз кəсіби қызмет аясында жасалған абайсыз қылмыстар;

4) лауазымдық қызметін жүзеге асыру үрдісінде жасалған абайсыз қылмыстар деп төрт негізгі түрлерін ажыратуға болады [2]. Əйтпесе шартты түрде «тұрмыстық» абайсыздық жəне кəсіби міндетін орындаумен байланысты «кəсіби» абайсыздықты айтуға болады [3]. Сонымен қатар, М.С.Гринбергтің пайымдауынша, абайсыздық «тұрмыстық» əрі «техникалық күшейтілген» болып бөлінеді. Берілген жіктеудің ішінде ерекше біз көңіл бөлген сұрақ — тұрмыс аясындағы абайсыздық.

Ғылыми-техникалық үрдіс əлеуметтік өзгерістердің мəнді сапасына жеткізді. Ол əлі де қоғамның даму бағытын сомдап отыр. Осы тұста əлеуметтік үрдістер жекеліктен арылмағанын ұмытпау керек. Олардың субъектісі көптеген əсер етуші күштермен шартталған адамдар, адамдар қауымдастығы, олардың қызметі. Адамдардың келеңсіз əрекеттерінің объективтік көрінісі боп табылатын негативтік құбылыстардың бірі қылмыстылық қоғамда өтіп жатқан əлеуметтік үрдістер ішінде ерекше орын алады. Осы негативтік құбылысты сипаттайтын негізгі белгілері оның  жеке құрылымдылық бөлімдері мен бөлшектерін анықтаудың шарты болып табылады. Қылмыстылықтың дара құрылымдылық элементі ретінде тұрмыс аясында абайсызда жасалатын қылмыстар жиынтығы танылады.

Абайсызда жасалатын тұрмыстық қылмыстылық түсінігінің мазмұнын ашу — белгілі бір əлеуметтік орта шеңберіндегі қылмыстылықтың құрылымын, деңгейін, қарқынын анықтау, тұрмыста қылмыстық мінез-құлықтың қалыптасу үрдісін байқау, аталған қылмыстарды алдын алу мүмкіндігін білу. Əлеуметтік өмірдің өзге салаларында жасалатын ұқсас ниетті қылмыстарды ажырата отыра, қылмыстық əрекеттің қоғамдық қауіптілігін бағалау зерттеліп отырған қылмыстардың қылмыстық- құқықтық мазмұнын айқындауға жағдай жасайды. Сол себепті бір қылмыс əр түрлі əлеуметтік салаларда жасалса, оны алдын алу адамдардың əлеуметтік салаларда өз ара қарым-қатынасқа түсу сипаты, əлеуметтік қадағалауды жүзеге асыру мүмкіндігі мен осы қатынастарды реттеуге байланысты.

Белгілі бір уақыт аралығында əрі белгілі бір орында абайсыздықпен жүзеге асырылған қылмыстардың жиынтығы абайсыз қылмыстылықты құрайтыны мəлім. Қызмет аясына сай абайсыз қылмыстарды тұрмыстағы, адам жəне техниканың қатынасы саласындағы, техниканы қолданбайтын кəсіп саласындағы жəне кəсібін басқару функциясын қолдану арқылы жүзеге асыратын саладағы деп сараптаймыз.

Тұрмыс аясында абайсызда жасалатын қылмыстардың орны мен мəнін ашу үшін оның ерекшеліктерін, табиғатын анықтап, ұқсас қылмыстардан ажыратып, мұндай қылмыстардың дұрыс анықтамасын құрастыру қажет.

Абайсыздықпен тұрмыс аясында жасалатын қылмыстарға анықтама бермес бұрын, тұрмыс аясымен қамтылатын жалпы қылмыстылықтың ұғымын ашу орынды.

Əлеуметтік ортаның ішіндегі ең ауқымдысы əрі күрделісі — тұрмыс. Тұрмыстың мазмұнын құрайтын қатынастар көп қырлы, оның ішінде материалдық қажеттілік, үй-жай қалыптылығы, отбасындағы дағдылық, балаларды тəрбиелеудегі дəстүрлік, бос уақытын құрастыру мүмкіндігі, демалыс жайлылығы т.б. Тұрмыстың өзі ішінде сан қырлы салаларға толы. Осы салалардың барлығында адам үнемі өзін қоршағандармен тікелей қарым-қатынаста болады. Əрине, біз қоғамдық тұрмыс жөнінде ұмытпауымыз керек, өйткені субъектінің өзге адамдармен тығыз қарым-қатынасқа түсетін ортасы осы жер. «Тұрмыс» ұғымын сипаттайтын құрылымдылық элементтерінің көп жақтылығына қарамастан, оның жеке тұлғалық-тұрмыстық (отбасы, туысқандық, достық, жолдастық, көршілестік) жəне қоғамдық-тұрмыстық (өндірістік жəне қоғамдық тұрмыс, тұрмыстық қызмет ету, қоғамдық ортадағы қарым-қатынас) бағыттарын айқындаймыз.

Тұрмыс — қоғамның маңызды саласы. Ол адамдардың күнделікті өмірінің шарты мен қалыбы, бірлесіп тұрудың дəстүрі, əдет-ғұрпы, дағдысы əрі материалдық қажетін қанағаттандырудың əдісі мен нысандарының жиынтығы. Əлеуметтануда «тұрмыс құрылымының» ұғымы мен мазмұны кең талқыланады. Мысалы, тұрмысты «өндірістік-тұрмыстық», «мəдени-тұрмыстық», «тұрмыстық ұжымдар (отбасы, туыстық, көршілер, достық, жолдастық)» деп бөледі [4]. Кей авторлар тұрмыс құрылымының элементтерін төмендегілерден құрайды: «отбасы, туыстық, жəне үнемі қоғамдық орындарда, көлікте кездесетін адамдардың территориялық қауымдастығы, достар шеңбері, əріптестер шеңбері, үйдегі, тұрғын кешеніндегі, пəтердегі көршілестік, тұрмыстық қызметтікпен байланысты қарым-қатынасқа түсетін қоғамдық орта» [5]. М.А.Кривошеина тұрмысты екі бөлікке бөледі: қоғамдық жəне үй, отбасылық [6]. Біздің зерттеуде қолдау тапқан анықтамада тұрмыс өндіріс, қоғамдық-саяси жəне əлеуметтік-ұйымдастырушылық салаларынан тыс адамның өмір сүруінің бөлігі ретінде түсіндіріледі.

Қоғамдық өмірдің аталған саласына қол сұғатын қылмыстарды, оның ішінде абайсыздықпен сипатталатын əрекеттерді жеке қарастырудың маңыздылығы осы қылмыстарды болдырмау шараларының қалыптастыру мақсатынан туындайды. Мемлекеттік ықпал ету мүмкіндігі ең мардымсыз сала — адамның тұрмыс жайы. Оны түсіндіру қиын емес. Өндіріс ұжымы, жұмыс ортасына қарағанда, тұрмыста адам жеке қалады немесе өзінің жақындары, таныстары, көршілерімен қатынасады. Жеке тұрмыстан көрі, қоғамдық тұрмысты мемлекет мейлінше қадағалайды. Өндірістік, кəсіби қатынастар тиісті мемлекеттік, локалдық нормалармен, ішкі жұмыс тəртібі ережелерімен реттелген. Бірақ оның өзі көңіл толтыратындай емес. Адамның жеке өмірімен  байланысты тұрмыстық қатынасын келер болсақ, оны тікелей реттеудің мемлекет үшін мүмкіндігі аз деп айтуға болады. Қазіргі адамдардың құндылықтары мен қажеттіліктері түбегейлі өзгерген экономикалық қарқынды заманда тұрмыстық қатынастарға нұқсан келтіретін қылмыстарды алдын алу мəселелері қатты толғандырады. Бұл қылмыстарды болдырмаудың жаңа институттары, өркениетті жолдары қажет.

Тұрмысты криминологиялық зерттеу, біздіңше, тек отбасылық-тұрмыстық қатынастармен шектелмеу керек, қоғамдық тұрмыстық қатынастарды да қамтуы қажет. Жалпы тұрмыстағы қылмыстылықты анықтау өте күрделі, өйткені адамдардың өмір сүру салаларының шекарасы бұлыңғыр. Г.А.Романовтың пікірінше, тұрмыстық қылмыстылықтың негізгі белгісі күнделікті (өндірістік емес) қатынастардың нəтижесінде пайда болатын тұрмыстық ниет [7].

Тұрмыстық қылмыстардың кеңейтілген анықтамасын «Жеке тұлғаға моральдық жəне материалдық зардап келтіретін немесе қоғамдық тəртіпті бұзатын, тараптардың тұрмыстық қатынастарға түсуі салдарынан жəбірленушімен жеке қарым-қатынас ниетінен, жұмыс уақытынан тыс тұрмыстық уəзіптерді жүзеге асыру орындарында жасалатын қылмыс», — деп Г.А.Панфилов береді [8], сонымен қатар қоғамдық тəртіпті бұзумен байланысты болуы мүмкін [9]. Үйде отбасы өкілдері, көршілерге қарсы жасалатын тұрмыстық қылмыстардың көбі үй жұмысын атқарумен емес, тұрғылықты орны бойынша бос уақытын өткізумен байланысты болған соң, мазмұны бойынша бос уақыттағы қылмыстар деп танылуы тиіс [10].

Əдебиетте кездесетін келесі пікір абайсызда адам өміріне қаза келтіру, абайсызда денсаулыққа зиян келтіру, ауыруға көмек көрсетпеу, абайсызда бөтеннің мүлкін жою жəне бүлдіруді қамтитын тұрмыстағы мінез-құлық ережелеріне қарсы абайсыз қылмыстар [8].

Кінə нысанын жеке ескермей, тұрмыстық қылмыстардың əдебиеттегі кездесетін құрылымы — қасақана кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, азаптау, қасақана жəне абайсызда бөтеннің мүлкін жою жəне бүлдіру, тұрмыс аясындағы өзге де қылмыстар. Сонымен қатар Л.М.Давыденко тұрмыстағы қылмыстар жеке тұлғаға қарсы қылмыстар жəне мүліктік зардап келтірумен байланысты əрекеттер деп бөлген. Бұл автордың пікірі бойынша, тұрмыстық қылмыстарды қылмыс жасаған тұлға мен жəбірленушінің қарым-қатынасына қарай отбасылық-тұрмыстық əрі жай тұрмыстық деп айыруға болады. Ғалым тұрмыстық қылмыстылықтың ішінен адамның бос уақытын қамтамасыз ету қатынастарын бұзатын, тұлғалардың дем алыс уақытын өткізу барысында жасалатын бос уақыттағы қылмыстарды ажыратады. Л.А.Волошинаның ұсынысын қолдай отыра, автор бос уақытын өткізу қатынастарына қол сұғатын əрекеттер деп төмендегі: бұзақылық, денсаулыққа зиян келтіру (кінə нысанын айқындамайды), басқа қылмыстарды көрсетеді [10; 28–29].

Қолсұғышылықтарды жасаған орнына байланысты жартысын тұрмыстағы қылмыстар, қалғанын адамның бос уақытын өткізумен байланысты қылмыстар деп жіктеу қылмыстылықтың алдын алу жұмысын есепке алуды жəне жоспарлауды ұйымдастыруда түсінбеушілік тудырады деген күдік бар. Демек, тұрмыстық қатынастарды тым тарылтып, оның ішінен бос уақытын өткізу бөліп қарастыру даулы демекпіз. Адамның бос уақытын ұйымдастыру уəзіптері оның тұрмысын құрудың бір қыры, біздіңше, тұлғаның бос уақытын өткізу үрдісі тұрмысын қалаптастыру қатынастарымен қамтылады.

Тұрмыстық қылмыстарды жіктеудің бірнеше критерийлері бар. Оларды қолсұғу объектісіне қарай жеке тұлғаға қарсы, меншікке қарсы, қоғамдық тəртіпке қарсы жəне кінə  нысанына байланысты қасақана жəне абайсызда жасалған қылмыстар деп бөлеміз. Аса қауіпті қоғамға қарсы қылықтар ретінде танылатын қасақана қылмыстарды жүзеге асыру барысында тұлға өз əрекетінің қоғамға қауіпті нəтижесін алдын ала болжайды, олардың туындауын қалайды немесе саналы түрде оларға жол береді. Қасақана қылмыстардың мақсатын қасақаналықтың мазмұны мен кінəлі əрекетінің бағытталғанынан анықтау қиын емес. Абайсыз қылмыстарды жасағанда кінəлінің санасы əрекетінің барлық кешенін қамтымайды. Егер бұл қылмыстар арасындағы айырмашылықты кінəлінің санасында қылмыстық нəтижеге əкеп соғатын əрекетті кескіндеу сипаты бойынша жүргізсек, онда ол қасақана қылмыстарды жүзеге асыру кезінде əрекеттің қылмыстылығын ұғынады, ал абайсыз қылмыстың қылмыстылығын тұлға тек өзі қаламаған қоғамға қауіпті зардаптар туындаған соң біледі.

Қасақаналықпен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі төмендігіне қарамастан, тұрмыс аясындағы абайсыз қылмыстардың объектілері қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдағы басты құндылықтар. Жүргізілген зерттеуіміз тұрмыс аясында жасалатын қылмыстылықтың құрылымын өзіміз жасақтаған іспетте ұсынуымызға себепші болды. Біз ұсынып отырған абайсыздық кінəсімен тұрмыстық қатынастарға қолсұғатын қылмыстардың құрылымы келесі көрініске ие: а) жеке тұлғаға қарсы жасалатын қылмыстар ҚР ҚК 101-бабымен реттелген абайсызда кісі өлтіру (объектісі адам өмірін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар), ҚР ҚК 111-бабында көрсетілген адамның денсаулығына абайсызда зиян келтіру (объектісі адам денсаулығының тұтастығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар); ə) ҚР ҚК 188-бабында жауаптылық бекітілген тұрмыс аясындағы меншікке қарсы қылмыстар; б) объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылатын ҚР ҚК 253-бабында көзделген атыс қаруын ұқыпсыз сақтау тұрмыс аясындағы абайсыз қылмыстардың қоғамдық  қауіпсіздікпен ұштасқан түріне жатады.

Демек, адам өмір сүруінің маңызды саласы тұрмыстық жағдайға қарсы қылмыстардың құрылымын сараптап, біз қылмыстық-құқықтық белгісі бойынша əр қилы, бірақ криминологиялық тұрғыдан қылмыс оқиғасының мазмұнын құрайтын жалпы белгілерге ие болатын бір топты құрайтын қолсұғушылықтар тізімін алдық.

Л.М.Давыденкодан басқа (оның өзі бос уақытын өткізу қатынастарымен байланысты қылмыстар қатарына бұзақылықты жатқызады) жоғарыдағы авторладың ешқайсы тұрмыстағы қылмыстардың құрылымына қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстарды кіргізбейтіні көңіл аударарлық жайт.

Қызметтегі қылмыстық заңда абайсызда бөтеннің өміріне қаза келтіру, бір жағынан,  жеке тұлғаға қарсы қылмыс ретінде, екіншіден, басқа қасақана жəне абайсыз қылмыстардың саралаушы белгісі ретінде бекітілген. Қасақана кісі өлтіру абайсызда бөтеннің өміріне қаза келтірумен салыстырғанда аса жоғары қауіптілікпен сипатталатынына күмəнданбаймыз, бірақ адамдардың абайсыз мінез-құлқының зиянды нəтижесінен туатын қатенің бағасы өте мəнді. Əлеуметтік жауапсыздық, тəртіпсіздік, тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау, ұқыпсыздық, тиісті көңіл бөлмеушілік орны толмас жағдайларға, яғни адам өліміне өте жиі əкеп соғады. Теорияда да, тəжірибеде де аталған қылмыстар үшін құқық қорғау органдарының ықпал ету  шараларын жасақтауға қажетті көңіл бөлмеу, абайсызда адам өміріне, қаза келтіру, денсаулыққа зиян келтіру, бөтеннің мүлкін абайсызда жою жəне бүлдіру, атыс қаруын ұқыпсыз сақтаудың қоғамдық қауіптілігі дəрежесін бағаламаудың салдары.

Қылмыстық заңнамада аталған қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті бекітіп қою, əлеуметтік  жауапсыздық  мінез-құлық  танытатын  тұлғаларға  қылмыстық  құқықтық  ықпал     етуді жетілдірмеу дегенді білдірмейді. Бұл үрдіс еліміздегі əлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, құқық теориясының дамуына, ауытқымалы мінез-құлықты құқықтық реттеу нысандары мен əдістері жетілдірілуіне сəйкес жалғасады.

Тұрмыс аясында абайсызда жасалатын қылмыстардың əрқайсысының ерекшелігіне тоқталып өтсек, алдымен олардың ішіндегі ең қауіптісі адам өміріне абайсызда қаза келтіруден бастайық. ҚР ҚК 101-бабында бекітілген адам өміріне абайсызда қаза келтіру қылмысы кінəлі қаламаған немесе болжамаған жағдайда бөтен адамға қаза келтіруден көрінген, түрлі қауіпсіздік  жəне сақтау ережелерін бұзу. Абайсызда қаза келтіру болып табылатын, адам өміріне қарсы қылмыстардың жəне адамның денсаулығына қарсы абайсызда денсаулыққа зиян келтіру, адамның меншігіне қарсы бөтеннің мүлкін абайсызда жою жəне бүлдіруді менмендік пен немқұрайдылықтан тұратын субъективтік жағы біріктіреді. Тек жауаптылығы ҚР ҚК 253-бабымен реттелген атыс  қаруын ұқыпсыз сақтау ғана, субъективтік жағынан немқұрайдылықпен ерекшеленеді.

Тұрмыс аясындағы қылмысты жасау кезінде, кінəлі жəбірленушіге келтірген зардаптың туындау мүмкіндігін тиісті ұқыптылық танытса болжауы мүмкін жағдайды болжамаған болса, ол немқұрайлықпен жасалатын қылмыс. ҚР ҚК 253-бабында көзделген қылмыстан басқасын жасау кезінде кінəлі тұлға жəбірленушіге келтірген зардабының туындау мүмкіндігін болжап біліп, жеткіліксіз жағдайда сол зардаптарды менмендікпен болдырмауға сенген əрекеті менмендікпен жасалған деп танылады.

Заң шығарушы абайсызда адам өміріне қаза келтіруді кісі өлтіру жүйесінен қысқартқаны негізді, себебі тұлға қылмыс жасауға мүлде оқталмайды, немесе тұрмысты қалыптастыру ережелерін бұзған кезде, туындайтын зардаптарды болжамайды, болжаған күнде оларды тойтаруға атсалысады. Қылмысттық заңнаманы қолдану тəжірибесі абайсызда кісі өлтіру үшін жауаптылықты реттейтін қылмыстық-құқықтық нормаларды қайта қарастыру жəне дəлдеуді талап етеді.

Ірі зардаптарға жəне адамға зиян келтіруге əкеп соққан бөтеннің мүлкін абайсызда жою жəне бүлдіру үшін жауаптылықты бекітетін нормаларды талдау олардың ерекше табиғатын  ашты. Бөтеннің мүлкін жою қылмыстық құқықтық анықтамасын берсек құртылу немесе тиісінше қолдану əрі қайтадан қалпына келтірілу мүмкіндігінен арылу, сəйкесінше меншіктік айналымнан нəтижесіне жеткізілген бөтеннің мүлкіне заңсыз ықпал ету. Мүлікті бүлдіру оны қажетіне пайдаланудан айыру немесе алдын ала жөндеусіз пайдалану мүмкін болмайтын жағдайға жеткізу. Қолсұғушылықтың субъективтік жағы менмендік жəне немқұрайлық.

Криминологиялық əдебиеттердегі пікірлердің басым көпшілігі атыс қаруын ұқыпсыз сақтау қылмысын тұрмыс аясындағы абайсыз қылмыстар қатарына жатқызбайды. Біз керісінше пікірді дəлелдеуге тырыстық.

Атыс қаруын ұқыпсыз сақтаудың салдарынан ол қаруды кез келген адам, соның ішінде өзінің жасы немесе ауыру жағдайынан қарудың жоюшы күшін тиісінше бағалай алмайтын ақыл есі жеткілікті дамымаған адам иеленуі мүмкін. Талдап отырған қылмыстың тікелей объектісі — қарудың айналысы саласындағы қауіпсіздік ережелері. Қылмыс заты — заңды негізде сақталып отырған қолданылуға жататын барлық атыс қарулары. Атыс қаруы дегеніміз — күкірт жəне өзге зарядтың көмегімен қозғалатын нысананы механикалық түрде жоятын құрылғы. Бұл заттардың қауіпі адам өлімі, денсаулығына ауыр зардап келтірумен ұштасады.

Объективтік жағын өзінде заңды негізде сақталып отырған атыс қаруын тұлғаның ұқыпсыз сақтау құрайды. Атыс, суық қаруды, жарылғыш заттарды сақтау оларды тікелей иелену, аталған заттарды өзінің бойында ұстамай өзге жерлерде, мысалы, пəтерде, аулада, сарайда ұстау, орманда жасыру [11]. Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау дегеніміз — осы қару иесінен басқа адамдардың иеленуіне немесе пайдалануына мүмкіндік жасаған нормативтік актілермен бекітілген  ережелерді жəне жалпыға бірдей қауіпсіздік шараларын бұзу, сақтамау, немқұрайлық таныту (қаруды, əсіресе балалардың, есі дұрыс емес адамдардың қол жететін жерлерде қалдыру).

ҚР ҚК 253-бабымен реттелген қылмыстың төмендегі объективтік белгілері:

  • атыс қаруын сақтау ережелері мен шаралары бұзылып, қаруды бөтен адам иеленді (бөтен адамның иеленуі аталған қарудың иеленуге еш құқығы жоқ кез келген тұлғаның (əріптестер, туысқандар, таныстар, бала-шаға) қолына түсуі);
  • атыс қаруын сақтау ережелерін бұзу мен басқа тұлғаның ол қаруды пайдалануы арасында себептік байланыс бар (егер атыс қаруыын қылмыскер үйге ену арқылы иеленсе, ҚР ҚК 253- бабы бойынша атыс қаруының иесін қылмыстық жауапкершілікке тартудың негізі жоқ);
  • ауыр зардаптар келтірілді (атыс қаруын иеленіп алған адамның өзін-өзі өлтіруі, кісі өлтіру, біреуді жарақаттау, адамға қауіп төндіретін жəне ірі материалдық зардап келтіретін өрт шығару); осы қылмысты қоғамдық қауіпсіздікті бұзатын тұрмыс аясындағы қылмыстар қатарына жатқызуға негіз болады.

Жүргізілген зерттеулер бойынша атыс қаруларының заңды иелері, атыс қаруын сақтаудың ережелерін бұза отыра, ондай заттарды үйінде, аулада, бақтарда, жолдастарында, таныстарында, жұмысында сақтаған, кейбір жағдайларда атыс қаруы тіпті шаруашылық-тұрмыс қажеттілік ретінде пайдаланылған.

Өзінің заңды тұрғыда иелігіндегі атыс қаруын сақтау ережелеріне немқұрайдылықпен қараудың нəтижесінде туындайтын ауыр зардаптардың жəбірленушілері кінəлінің туысқандары, балалары, жақындары, таныстары, көршілері, əріптестері. Аталған қылмыс қоғамдық қауіпсіздік талаптарын бұзғанымен, зардап тікелей адам өмірі, денсаулығына келтіріледі. Тəжірибе көрсеткендей, атыс қаруының сақталу орны тұрмысты құратын үй-жай, аула, қора, кінəлінің достарының, таныстарының үй-жайы болғандықтан, ол атыс қаруын ұқыпсыз сақтауды тұрмыс аясындағы абайсыз қылмыстар қатарына жатқызуға негіз болады.

Немқұрайлықпен жасалған атыс қаруын сақтау ережесін бұзудың объективтік жəне субъективтік белгілеріне терең талдау жүргізу арқылы біз ҚР ҚК 253-бабының диспозициясымен қамтылған қолсұғушылықты тұрмыс аясында қоғамдық ережелерді бұзумен ұштасқан қылмыс деген пікір беруді жөн көрдік.

Біз тұрмыс аясында абайсыздықпен жасалатын қылмыстылықтың құрылымын сомдайтын əрекеттерге талдау жасау арқылы, бұл негативтік құбылыстарды біріктіретін ұқсас белгілерді көре аламыз. Ол белгілердің қатарына:

  • біріншіден, абайсызда жасалатын əрекеттердің психологиялық табиғаты жəне қылмыстық нəтиже кінəлінің санасы мен əрекетінің бағытымен қамтылмайтын əлеуметтік-психологиялық мазмұны. Қылмыстық-құқықтық жəне криминологиялық əдебиеттерде абайсыз əрекеттердің қайнар көзі ретінде «жауапсыздық», «жеткіліксіз қамқорлық», «ұқыпсыздық» жəне т.б. танылған;
  • екіншіден, объективтік жəне субъективтік белгілердің ара-жігі қасақана қылмыстарға қарағанда басқа сапаға ие;
  • үшіншіден, бұл қылмыстарды жасаған тұлғалардың санасында əлеуметтік құндылықтардың құнсыздану деңгейі өзгеше;
  • төртіншіден, біз атап өткен абайсыз қылмыстардың тікелей объектілері əр қалай болғанымен олар тұрмыс қалыбында жүзеге асырылған;
  • бесіншіден, мұндай қылмыстардың ерекшелігі алдын алу шараларын жасақтауда қиындық тудырады, өйткені абайсыз қылмыстар кездесетін тұрмыс ортасы түрлі қауіпті факторларға толы, əрі бұл салада заңмен бекітілген қауіпсіздік шаралары мүлдем жоқ.

Жоғарыдағыларды қорытындылай келе, тұрмыс аясындағы абайсыз қылмыстар жəбірленушімен жеке тұлғалық қарым-қатынаспен байланысты жағдайда жəне абайсыз ниетпен адам өмірі, денсаулығы, ар-ожданы, бостандығы немесе қоғамдық тəртіпке бағытталып, жасалған қылмыстық заңмен бекітілген қоғамға қауіпті əрекет деп пайымдаймыз.

Кінəнің абайсыздық нысанымен жасалатын қылмыстылықтың ірі құрылымы тұрмыс аясындағы қылмыстардың төмендегі тізімін ұсынамыз: а) жеке тұлғаға қарсы жасалатын қылмыстар ҚР ҚК 101- бабымен реттелген абайсызда кісі өлтіру (объектісі адам өмірін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар), ҚР ҚК 111-бабында көрсетілген адамның денсаулығына абайсызда зиян келтіру (объектісі адам денсаулығының тұтастығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар); ə) ҚР ҚК 188- бабында жауаптылық бекітілген тұрмыс аясындағы меншікке қарсы қылмыстар; б) объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылатын заңды иелігіндегі атыс қаруын сақтаудың нормативтік ережелері мен қауіпсіздік шараларын бұзатын ҚР ҚК 253-бабында көзделген атыс қаруын ұқыпсыз сақтау.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Давыденко Л.М. Криминологическая классификация преступлений // Вопросы борьбы с преступностью. — М.: Юрид. лит., 1984. — Вып. 41. — С.
  2. Дагель П.С. Неосторожность. Уголовно-правовые и криминологические проблемы. — М.: Юрид. лит., — С. 18, 19.
  3. Клочков В.В., Серебрякова В.А. и др. Проблемы преступной неосторожности в советской криминологии //Вопросы борьбы с преступностью. — М.: Юрид. лит., 1977. — Вып. 27. — С.
  4. Юферов О.В. Планирование социально-бытовой инфраструктуры. — М.: Экономика, 1990. — С.Борисов М.Н. Социология быта: Учеб. пособие. — Рыбинск: Изд-во Рыбинского авиационного технолог. ин-та,— С. 57.
  5. Кривошеина М.А. О структуре быта // Вопросы философии и психологии. — Л.: Изд-во ЛГУ, — Вып. II. — С. 28.
  6. Романов Г.А. О борьбе с бытовой преступностью // Правоведение. — 1973. — № 1.
  7. Панфилов Г.А. О содержании понятия бытового преступления // Вопросы борьбы с преступностью. — М.: Юрид. лит., — Вып. 26. — 167 с.
  8. Лившиц Ю.М. Криминологические проблемы взаимосвязи личности и общественного порядка: Автореф. дис... д-ра юрид. наук. — М., 1975. — С.
  9. Волошина Л.А. Об одном из криминогенных аспектов досуга // Вопросы борьбы с преступностью. — М.: Юрид. лит., 1979. — Вып. 31. — 160 с.
  10. Рустамбаев М.Х. Ответственность за незаконное ношение, хранение, приобретение и сбыт оружия, боевых припасов и взрывчатых веществ. — Ташкент, 1985. 

  

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.