Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Адам жəне азамат құқықтарын қорғау институтының қалыптасу жəне даму кезеңдері, мəні

Адам құқықтары көптеген мыңжылдықтар бойы адамзаттың басты назарында болды. Жеке тұлғалар мен биліктің өзара қатынас əдістерін іздеу үрдісі тұрақты түрде жүріп отырды. Адам құқықтарының мəселесі өмірге, ар-намысқа, тұлғаның қол сұғылмаушылығына, нанымның бостандығына құқығы адам өмірінің қажетті шарты болғандықтан, əрқашанда өткір таптық шайқастардың, əр түрлі соғыстар мен көтерілістердің себепшісі болды. Адамзат дамуының əрбір са- тысында жаңа ұрпақ, өзінің құқықтарын қорғай отырып, субъектілерге таралған бостандық шеңберін кеңейту      жəне   мемлекеттік       органдар       мен     лауазымды   тұлғалардың        тарапынан       туындайтын немқұрайлық əрекеттерін шектеуге қол жеткізуге талпынғандығы сирек емес.

Адам құқықтары қоғам мен мемлекеттің тіршілік етуінің барлық салаларында көпқырлы мүдделерге ие тұлға болған барлық жерлерде құқықтық қорғануды талап етеді. Мемлекеттің адам құқықтарын қамтамасыз ету сəтінде туындаған міндеттерді жүзеге асырудың басты құралдарының бірі ретінде қоғамдағы тұлға құқықтарын жан-жақты сақтау, сонымен қатар оларды бұзылу мезетінде заңды əдістермен қорғау мүмкіндігін құрайтын шарттарды туғызу болып қарастырылады. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттік басқару органдарының немқұрайлықтары мен шендердің билікпен қиянат етуінен қорғау механизмдердің ішінен ерекше орынға омбудсмен институты ие.

Скандинавиялық текті заңды феноменнің ерекшеліктерін талдау екінші дүниежүзілік соғыстан кейін əлемнің көптеген елдерінде басталды.

Омбудсмен алғаш рет 1809 жылы Швецияда құрылды, бірақ екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ол əр түрлі құқықтық жүйелер мен басқару нысандарына ие мемлекеттермен заңды тұрғыдан мойындалды. Бұл барлық елдер бюрократиямен күресу мəселелермен кездесетіндігімен түсіндіріледі. Сонымен қатар олар тұрақтылықты сақтау мақсатында мемлекет пен азаматтың арасындағы шиеленісті төмендетуге мүдделі. Атқарушы билік əрекетін ұйымдастыратын масштабтардың ең үлкені — мемлекетте. Мемлекеттің əкімшілік қызметтерін кеңейтумен Омбудсмен институтының кеңеюі оның дүниежүзінің елдерінің көбінде конституциялық-саяси жүйеге енуімен түсіндіріледі. Мемлекеттік-əкімшілік органдар мен азаматтар арасындағы қақтығыстардың пайда болуына, сондай- ақ мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің санының тұрақты өсуі, құқық нормалар мен ережелердің үлкен мөлшері де, атқарушы биліктің əрекетінде парламенттің ақпараттық  жеткіліксіздігі де əкімшілік соттардың шамадан артық əрекетіне де т.б. əсер етті.

Швецияда, Финляндияда (1919), Норвегияда (1952), Данияда (1953) адам құқықтары жөніндегі уəкілді парламенттік омбудсмен деп, Ұлыбританияда (1967) — парламенттік комиссар,  Кипрда (1991) — əкімшілік істер жөнінде комиссар, Нидерландыда (1983) — ұлттық омбудсмен, Грецияда (1969) — азаматтардың қорғаушысы, Австрияда — халықтың қорғаушысы, Испанияда (1978) — халықтың қорғаушысы, Македонияда (1991) — ұлттық құқық қорғаушы, Молдавияда (1997) — парламенттік адвокат, Польшада (1987) — азамат құқықтары жөнінде өкіл, Францияда (1973) — Франция Республикасының делдалы, Португалияда (1976) — сот төрелігі істері жөнінде уəкіл (проведер) деп атайды. Омбудсмен институты мемлекеттерге əр түрлі аталса да, бір мағынаға ие — мемлекеттегі шенеунік тарапынан билікпен қиянат ету мен немқұрайлық əрекеттерден адам құқықтарын қорғау.

ХІХ ғасырдағы қоғамдық қатынастардың өзгеруі Швецияда король мен парламенттің кең өкілеттіктерін теңестіретін конституциялық нормаларды туғызды. Соңғысына парламент пен басқа да билік органдарының заң актілерін сақтауын бақылайтын арнайы парламенттік комиссарды (омбудсменді) сайлау құқығы берілді. Басынан бастап бұл орган атқарушы билік пен басқа да органдардың əрекетін конституциялық бақылау қызметтеріне ие болды. Сонымен қатар  ол  əкімшілік  тарапынан туындайтын немқұрайлықтан азамат құқықтарын қорғауды жақсартуға мүмкіндік туғызды   [1].

«Омбудсмен» — швед сөзі, басқа тұлғалардың адвокаты, агенті, сондай-ақ өкілі болатын тұлғаны білдірді. Біреулер бұл термин неміс тегінен шықты деп есептесе, басқалары исландиялық тамырлары бар деп көзқарастарын білдірді. Теоретикалық тұрғыдан қарағанда, «омбудсмен» термині жинақтаушы ұғым болып табылады, яғни адам құқықтарын қорғаудағы арнайы қызметті білдіретін топтық түсінік ретінде қарастырылады. Мемлекеттік-құқықтық мағынада омбудсмен жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға парламентпен құзырет берілген жəне барлық мемлекеттік лауазымдарға кең бақылау жүргізуді жүзеге асыратын тəуелсіз тұлға деп танылады.

Омбудсмен институтының пайда болуына ХІХ ғасырдың басындағы қоғамдық қатынастардың либерализациясы себеп болғандығы анық (бұл Швециядағы конституциялық нормаларды тудырды). 1809 жылы Рикстаг (мемлекеттің парламенті) парламентке арнайы парламенттік комиссарды (омбудсменді) сайлау құқығын беретін басқарушылық құжатты қабылдады. Оған сəйкес арнайы парламенттік комиссар король мен парламенттің кең өкілеттіктерін теңестіру үшін парламент пен биліктің басқа органдарының заң актілерді сақтайтынын қадағалауды жүзеге асырады. 1809 жылы Швецияда күшіне енген конституциялық құжаттар бұрын ұқсастығы болмаған лауазымды riskens standlers justitie — ombudsman деп көрсетеді. Кейін мемлекеттік органдардың бұндай құрылымы екі палаталы  парламентпен  ауысқандықтан,  көрсетілген  атау  justitie  —  ombudsman  дегенге   ауысты.

«Омбудсмен»  түсінігінің  өзі  umbup  дегеннен  шықты.  Швед  тілінде  бұл  күш,  немесе  абыройды, білдірді. 1919 жылдан бастап осындай органдар басқа елдерде де құрылып, құқықтық бақылау жүйесіне енді. Буржуазиялық құқықта бұл парламенттік жəне соттық бақылау деп, сонымен бірге əкімшілік органдарды бақылау деп сипатталды. Бұндай институтқа қажеттілік, ең алдымен, қоғамда бар институттардың мемлекеттік бақылауы, бақылау міндеттері көлемінің қоғам мүшелерінің, барлығын қанағаттандырмағанда туындады. Бұл уақытта «демократиялық мемлекеттегі əкімшілік немқұрайлыққа қарсы» азамат құқықтарын қосымша қорғау қажеттілігі пайда болады. Финляндия, Швецияның бірінші көршісі ретінде, Омбудсмен институтын 1919 жылдың 17 шілдедегі Конституциясына енгізді. Ұқсас құрылым 1953 жылы Данияда да ашылды. Онда құқықтық жүйе англо-американдық жəне еуропалық континенталды құқықтық мəдениетіне жақын болғандықтан, омбудсменнің дания моделі дүние жүзінде ең үлкен мəнге ие. Норвегиялық омбудсмен лауазым ретінде 1952 жылы 21 сəуірдегі парламенттің шешімімен енгізілді. Алғашқы кездерде ол тек қарулы күштерге бақылауды жүзеге асырды. 1962 жылы осындай орган азаматтық əкімшіліктің əрекетін бақылау үшін құрылған [2].

1967 жылы Ұлыбританияда омбудсмен лауазымын құру үшін халықтың  наразылығы, бюрократия тарапынан өскен қысым жəне құқықтық қорғау құралдарының тиімсіздігі негіз болды. Бастапқыда күшейту мəселесін шешу арнайы əкімшілік трибуналдың санын көбейту сияқты əдістер арқылы жүзеге асырылды.

Бірақ, тəжірибе көрсеткендей, қатаң бақылау қажет. Халықаралық құқық комиссиясының британдық бөлімшесімен дайындалған «Whyatt Report» баяндамасы британдық жағдайларға бейімделген Омбудсмен институтын құруды ұсынды. Лейбористік үкімет бұл ұсыныстарды қолдап, 1967 жылы Ұлыбританияда Омбудсмен (парламенттік уəкіл — Parliamentary Commissioner) институтының құрылуы жөнінде заң қабылданды. Омбудсменнің бақылау шеңбері басында тым шектеулі болды. Билік органдары 55 млн. тұрғыны бар елде шағымдардың көп болуынан күдіктенді. Сондықтан да жергілікті органдар бақылаудың объектісіне кірмеді, сонымен бірге оның қызметтері шектелді. Испанияның 1981 жылғы заңы бұл институтты, португалиялық жəне француз үлгілерін қолдана отырып, конституциялық-саяси жүйесіне енгізеді. Аймақтық омбудсмендер Швейцарияда, Бельгияда, Италияда əрекет етеді. Бұл институт Гаяна, Мавриний, Фиджи аралда т.б. дамып келе жатқан елдерде де таралды.

Омбудсмен институтының қалыптасу мен таралу үрдісінде дүние жүзінде бұл мəселе бойынша халықаралық дебаттар белсенді түрде өтті. Көптеген халықаралық ұйымдар да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңдылықты сақтау мақсатымен мемлекеттік əкімшіліктің немқұрайлығын тоқтатудың соттан тыс шараларын қолданудың бұндай мүмкіндігін көңілсіз қалдырмады. Бұл ұйымдар омбудсмен институтын осы мақсатта жүзеге асыру үшін қолайлы құрал ретінде есептеледі деген ой қалыптасады. Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы жыл сайын барлық еуропалық елдердің омбудсмендері бұл мəселемен айналысатын жəне мақсаты Еуропа елдерінің омбудсмен институтын жетілдіру, осы институт жоқ құқық жүйелеріне игі ықпалды күшейту жəне халықаралық  қызметтестікті  қолдау  деп  танылатын  белгілі  заңгерлер  мен  ғалымдар    қатысатын

«дөңгелек үстелді» ұйымдастыруы бұған мысал бола алады. Идеяның қарсыластары тəуелсіз омбудсменнің бақылауы министрлік жауапкершілік қағидасымен (себебі министр парламенттің алдында оның аппаратына ие болатындығы үшін жауапты болып табылады) жəне парламенттік демократияда əкімшіліктің орталық саяси бағытпен дауласады деп сендірді. Бірақ Данияда омбудсмен институты енгізілгеннен соң, омбудсмен мен министрлер арасында даулар туындамады. Демек, бұл аргумент өзінің қолдауын тапқан жоқ. Сонымен қатар омбудсменді енгізуге қатысты қарсылықтар еуропалық елдерде əдетте азамат құқықтарының заңдылығын сақтауды қамтамасыз ететін əкімшілік соттардың кең құрылымы бар болғандығында құралады.

Бірақ əкімшілік əділеттіліктің жақсы дамыған жүйесіне ие Франция 1973 жылы заңымен делдал (медиатор) лауазымын — омбудсменді енгізді. Бұл лауазымды енгізу екі мəн-жайға байланысты болды, олар: реформа мен парламенттік сайлау.

1987 жылы Польша Шығыс Еуропалық елдердің ішінен өзінің саяси-құқықтық жүйесіне омбудсмен институтын енгізді: азамат құқықтарын құқық қорғаушысы туралы жеке заң 1988 жылы күшіне енді. Бұл орган елдегі болған азамат құқықтары мен заңдылықтың сақталуын бақылау жүйесімен қарама-қайшылыққа түспей, қоғамдық қатынастардың кейінгі демократиялануы міндеттеріне, азаматтардың билік органдары мен əкімшіліктің құрылымдарымен іскерлік қатынастарын бекітуге, жағымсыз құбылыстармен күресуге қызмет етуі тиіс. Польшадан кейін конституциялық өзгерістердің шегнінде 1989 жылы азамат құқықтарының қорғаушысы лауазымын Венгрияда құрып алды [3].

1991 жылдың қазанында Парижде адам құқықтары жөнінде БҰҰ  комиссиясының көмегімен адам құқықтарын қорғайтын 35 ұлттық мекеменің қатысуымен халықаралық конференция өтті.

1992 жылғы Маастрихтік шарты Еуропалық Одақ органдары жүйесіне омбудсмен институтын енгізді. Еуропа Кеңесі оның адам құқықтары жөніндегі комиссары лауазымын құрды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1993 жылы адам құқықтарын қорғау мақсатында мемлекеттерде халықаралық үлгілердегі адам құқықтары бойынша ұлттық ұйымдарды енгізу қажеттілігі  жөнінде қорытындыларды (кейін «Париждік қағидалар» деп аталынған) бекітті. Париждік қағидалар омбудсмен институты Конституцияға немесе арнайы заңға сəйкес құрылуы қажет екенін, сондай-ақ тəуелсіз, жақсы юрисдикцияға ие, қол жетерлік болатын, басқа да үкіметтік емес құқық қорғаушы ұйымдармен қызметтес жəне есепті болу керек екенін анықтады.

Қазақстан Республикасы қатысқан 1993 жылдың адам құқықтары бойынша дүниежүзілік конференцияда адам құқықтары жөнінде ұлттық институттарды құру жəне Париждік қағидаларды сақтау қажеттілігін белгіледі.

Социалистік елдердің ішінен ең ірі болған Ресей, 1993 жылғы жаңа Конституциясының 103- бабында алғаш рет омбудсмен лауазымын қарастырды. Ол «адам құқықтары бойынша уəкіл» деген атаумен 1994 жылдың 17 қаңтарында Мемлекеттік думамен тағайындалды. Шамамен сол уақытта, 1994 жылдың 11 қаңтарында, Литва Республикасының Парламенті де парламенттік омбудсмендер туралы заңды қабылдады. Кейін Грузияның жаңа Конституциясында «адам құқықтарын халық қорғаушысы» атауына ие болған омбудсмен лауазымы енгізілді, ал 1996 жылдың мамырында халық қорғаушысы жөнінде заңды қабылдады.

Омбудсменнің одан да тиімді жұмысы үшін, ең алдымен оның əрекеті жүзеге асырылатын оңтайлы шарттарды құра отырып, мемлекеттік басқару органдардың ұйымдастырылуы мен нақты қызмет ету мəселелерін шешу қажет. Тек осыдан кейін омбудсмен жұмысының  жағымды нəтижелерін күтуге болады. Мысалға, скандинавиялық омбудсмендер, шығыс еуропалық елдерге қарағанда, əріптесі мен қарсыласы ретінде жоғарғы ұйымдастырушылықпен, кəсіби тиімділік пен жауапкершілікпен сипатталатын мемлекеттік басқару органдар болатын жүйенің шегінде əрекет етеді. Бұл жағдайда Омбудсмен институты жетекшіліктің қызметін бақылау механизмінің бөлігі ретінде қабылданады жəне заңдылықты қамтамасыз ету мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда нақты орынға ие екені түсінікті. Оның жетістігі демократиялық дəстүрлер мемлекеттік органдар қызметкерлерінің дамыған кəсіби этика мен жоғарғы моралдық  белгілер сияқты факторларға байланысты, сондай-ақ бұл шарттар институттың тиімді қызмет етуі үшін қажетті алғы шарты болады.

Омбудсмен шешетін міндеттер, сөзсіз, маңызды болып табылады, бірақ ол бір мезгілде қандай да бір жолдармен шектелген. Ең алдымен, омбудсмен өзінің əрекеттерін жүзеге  асыруда ағартушылық əдісті қолданатындығын белгілеу қажет (заңдарды қолдану туралы ақпаратты тарату, құқықтық мəдениет пен қоғамдық құндылықтар жөнінде ойлардың дəріптелуі). Сəйкесінше, омбудсмен өзінің мақсатына жетуі үшін басқарушылықтың қоғамдық органдар мен заңдылықты қамтамасыз ету органдарының қызметін бақылаудың басқа да «классикалық» құралдардың нақты жəне дұрыс қолдануы талап етіледі (парламенттік бақылаудың əр түрлі түрлері, ішкі немесе инстанциялық бақылау). Адамға деген тұлғаның ар-ождан мəселесіне қызығушылық қазіргі қоғамдағы демократизмнің негізгі көріністерінің біріне айналды. Қазақстан дүниежүзінен қауымдастықтың толық құқылы мүшесі болып, өзінің Конституциясында адамдарды мемлекеттің жоғарғы əлеуметтік құндылығы деп жариялады, сонымен қатар адамның табиғи құқық теориясын таныды. Қазақстан Республикасы Кеңестер кезінде маңызды болған тұлға мүддесіне қатысты мемлекет мүдделерінің артықшылығынан бастартты. Мемлекет барлық тыйым салынбаған құралдармен құқықтар мен бостандықтардың жəне билікті шектеудің сыртқы механизмін шынайы жүзеге асыруын кепіл етуі қажет. Осыған сəйкес мемлекет пен мемлекеттік қызметкерлер тарапынан билікпен қиянат етуге қарсы жаңа құқық механизмдерді құру, болғандарды жетілдіру жүзеге асырылып жатыр, сондықтан да Қазақстан Республикасы үшін дүниежүзіндегі елдердің көбінде, ал XX ғасырдың 90-жылдардың ортасынан бастап ТМД мен Балтия елдерінің (Əзербайжанның, Грузияның, Молдованың, Латвияның, Ресейдің, Украинаның, Өзбекстанның, Қырғыстанның) құқықтық жүйелерінің жетістігі болған Омбудсмен институтын ұсына бастады. Мемлекеттердің омбудсмен үлгісіне байқау салуы азамат құқықтарын мемлекеттік органдар тарапынан туындайтын бұзушылықтардан қорғанысты күшейту ниетімен түсіндіріледі [4].

Дүние жүзінде мемлекеттік əрекеттердің күшейген санына қарамастан, омбудсмен əкімшілікке бұқаралық   сенімнің  өсуіне  жағдай   жасайды  деп  танылған.  Реңсіз  бюрократтармен     ұсынылған жасырын мемлекет одан сайын ізгілендірілген. Омбудсменнің көмегімен азаматтардың шағымдары тіпті шамалы шығындарда да тиімді шешіледі, лауазымды тұлғалардың əрекеттеріне нақтылап түсіндіру нысанында арыздалған талапқа тез жауап қамтамасыз етіледі. Адамдардың мемлекеттік қызметкерлермен əрекеттесуде одан да аз үрей туындайды, ақырғыларда аса міндеттілік жəне зейінділік белгілері ұлғаяды. Омбудсмен түрінде болған «қауіпсіздік» торы қателіктерді  ұстап, қауіпті əділетсіздіктер мен əкімшілік кемшіліктерге жарық түсіреді. Омбудсмен институты қоғамдық ойды тыныштандырады жəне лауазымды тұлғалардың анықталған бұзушылықтары түзетіледі деген сенімді қостайды.

Көптеген мемлекеттер атқарушы омбудсмендердің қызметтерін құрды. Францияда ол Үкіметпен тағайындалады. Францияның медиаторымен орындалатын əкімшілік емес мəні оны  атқарушы билікке жатқызуға мүмкіндік туғызбайды.

Заңның негізінде мемлекеттердің басшыларымен, Президенттермен тағайындалатын омбудсмендер де пайда болды (Ирландия Республикасы, Кипр Республикасы, Ұлттардың Одақтастығының мемлекеттері). Бұл институттың əр түрлі жаңартуларына қарамастан,  оның маңызды белгілері болып қызметтік бағыттар мен шешілетін міндеттер болады.

Омбудсмен мəртебесіне қатысты кейбір мəселелерді салыстырмалы-құқықтық зерттеу бұл институттың жалпы белгілерін анықтауға мүмкіндік туғызды.

Омбудсмен институтының таралуы дүниежүзілік қауымдастық саясатының Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін адам құқықтарын қорғайтын ұлттық тəуелсіз мекемелерді құру мен қоғамның демократиялануының қорытындысы болып табылады.

Омбудсмен əрекетінің басты міндеті — азамат құқықтарын қорғау. Бұл оны əрекеттің бақылау мен қадағалаудың парламенттік, соттық, əкімшілік жəне т.б. нысандарымен қатар жүзеге асырылған құқықтық тəртіпті қорғау жүйесінің элементі ретінде анықтады.

Омбудсмен институты Конституцияға немесе арнайы заңға сай құрылады. Қазақстанда омбуд- смен институты 2002 жылдың 16 қыркүйегінде «Адам құқықтары жөнінде уəкіл лауазымын құру ту- ралы» Президенттің Жарлығымен енгізілді, бірақ 2002 жылдағы Үкіметтің заң жобалық жұмыстарының жоспарында «Адам құқықтары жөнінде уəкіл туралы» заң жобасын Парламентте қарастырылды. Қазақстан омбудсмені өзінің əрекетін республика Президентімен бекітілген Адам құқықтары жəне Уəкіл туралы ережеге сəйкес жүзеге асырады.

Омбудсмен институты Париждік қағидаларға сəйкес тəуелсіз, қолжетерлік, сондай-ақ басқа ор- гандармен, Үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдармен қызметтес, жедел жəне есептес болу керек.

Омбудсмен лауазымы мемлекеттің жоғарғы лауазымына жатады. Дүниежүзілік елдердің заңдылығын зерттеу омбудсмен лауазымы Конституциялық соттың төрағасына немесе оның мүшелеріне Жоғарғы Соттың төрағасы немесе судьяларына, не Үкімет төрағасының орынбасары лауазымына теңестірілетінін көрсетеді.

Адам құқықтары жөнінде уəкіл əрекетінің қажетті шарты — оның саяси бейтараптылығы. Ом- будсмендер əділетті, объективті болу қажет. Көптеген елдердің заң шығарушылары омбудсменге сая- си əрекетпен айналысуға тыйым салады (Ресей, Молдова, Грузия т.б.).

Омбудсмен көп жағдайда істі тек шешімдер мен əкімшілік əрекеттерінің заңға сəйкестігі тара- пынан ғана қарастырмайды, сонымен бірге олардың əрекеттерінің адамгершілігі, əділеттілігі, мақсатқа сəйкестігі жөнінде шешім шығарады.

Елдің əр түрлі əлеуметтік-саяси шарттарына байланысты омбудсмен институты өзінің негізгі белгілері мен мазмұнын өзгертпей, жаңарту қабілетіне ие. Омбудсмендік үлгілердің көпқырлығын ескере отырып, бастысы деп, оның қызметтік бағытын айтамыз. Бұл институттың қандай да бір ны- санды, үлгіні беру үшін қатаң шектеулерді бекітуге болмайды.

Омбудсменнің бақылау шараларының нəтижелері, ең алдымен, өз құқықтарын жүзеге асыруға жəне мемлекеттік əкімшіліктің қызметінде бұзушылықтарды өзгертуге бағытталған. Бұған жету үшін тек омбудсмен үшін тəн құралдарды қолданады. Ол сендіру, сын, жариялылық əдістерін қолданады.

Омбудсмен болған кепілдік жəне құқық қорғау органдардың жүйесін толықтырады, мемлекеттік қызметкерлердің əрекеттерінің дұрыстығында күмəн туындағанда, азаматтарды қарсылық білдірудің тағы бір жолымен қамтамасыз етеді; бұл жағдаймен мүмкін болғанша бюрократиялық заңсыз əрекеттерін азайтуына жол ашады. Омбудсменнің болуының өзі қоғамның мемлекеттік органдардың тиісті əрекеті де, оның азаматтарымен жақсы қарым-қатынасты қалыптастыруда мүдде білдірудің белгісі, адамның ар-ождан құндылығының өзара ерік пен құрметтің дəлелі болып табылады. Институттың үлкен тəжірибелік мəні бұқаралық қызметкерлерге ескертпелі ықпалында көрініс табады. Шағымдар  лауазымды  тұлғалардың  хабарсыздығы,  кері  таным  жағдайларын айқындайды.

Тіпті шамалы жеке зақым азамат пен мемлекет арасында шиеленісті тудыруы мүмкін, бұл себептен лауазымды тұлғалар мен клиенттердің, тұлғалардың өзара қатынасының жұмсаруында мүдде білдірген демократиялық мемлекеттер шынайы түрде бұл озық құқықтық институтты қабылдады [5].

Тəуелсіздікті алу мезетінен Қазақстан Республикасы өзінің пейілін демократиялық түрлендіруге қалыптастырды. Бұл бағыттағы əрекеттердің бірі ОБСЕ (БДиПЧ) адам құқықтары  мен демократиялық институттар жөніндегі Бюромен өзара түсінушілік туралы Республика Үкіметімен 1998 жылда меморандумға қол қою болды. Оған сəйкес Қазақстанда омбудсмен офисін құру үшін техникалық жəрдемнің жобасы дайындалды.

Атқарушы билік органдарының əрекетіне адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты бақылау мен қадағалауды жүзеге асырушы органдар жүйесінде омбудсмен институты маңызды орынға ие. Оның құрылуы мен əрекеті мемлекет пен азамат арасындағы қатынастарда жаңа жол ашты. Дүниежүзінің əр түрлі елдерінде қоғамдық қатынастардың бұндай саласын реттейтін механизмдердің алуан түрлері, сонымен бірге азамат құқықтары мен атқарушы билік органдарының əрекетінде заңдылықтың сақталуын қадағалайтын органдардың тұтастай жүйесі бар. Тəжірибе көрсеткендей, басқарушылықта жауапкершілік пен заңдылықтың қағидаларын нормативті түрде бекіту ғана жеткіліксіз, олардың іс жүзінде іске асырылатын шарттар құру мен олардың əрекет етуіне жолдар қалыптастыру маңызды болып табылады. Бұндай қажеттілік, бірінші жағынан, биліктің қандайда немқұрайлығынан, əділетсіздіктен қорғауға қажетті азаматтардың мүдделерімен білдіріледі, ал екінші жағынан — бұндай бақылау атқару билігінің мүддесі үшін де қажет.

Азаматтың көзқарасынан омбудсмен, ең алдымен, егер азамат əкімшілік шешіммен, оның қабылдау үрдісімен, сонымен қатар мемлекеттік аппараттың қызметкерлердің əрекеттерімен қанағаттандырылмаған жағдайда жолдауға болатын лауазымды тұлғаны білдіреді. Омбудсмен басқа мемлекеттік органдарға қатысты парламенттің дəстүрлі бақылау қызметтерін толықтырады.

Арнайы жылдық есептер мен баяндамаларды зерттеу негізінде жүргізілген омбудсмендердің əрекеттері мен олар жөнінде заңдылықты талдау азамат құқықтарын қорғаудың  құқықтық мəселелерін осы институттар арқылы қарастыруға мүмкіндік береді.

Барлық елдер үшін əкімшілік əрекетті бақылаудың барлық нысандары да маңызды болып табыла береді. Альваро Хиль-Роблестің байқауынша, қазіргі таңда соттық немесе парламенттік бақылау азаматты мемлекеттік əкімшіліктің заңсыз əрекеттерінен тиімді жəне жеткілікті деңгейдегі қорғауды қамтамасыз ете алатынын ешкім дəл бекіте алмайды. Қазіргі қоғамның шындығы азамат бұрынғыдай емес əділетсіздіктен, билікпен қиянат етуден, мəжбүрлеуден, тағы басқадай қорғаныста қажетілікке душар болатындығында. Қорғауды қамтамасыз ету үшін барлық тиімді əдістер жақсы. Ғылыми əдебиетте Омбудсмен институтына мəнді сипаттамалардың біртұтас ұғымы жоқ. Оларды жиі омбудсмен үлгіде құрылған немесе омбудсмендік идеяға негізделген институттар деп атайды. В.В.Бойцованың  ойынша,  бұл  идеяның  кең  таралуы  «омбудсмен»  атауын  иелену     тəжірибесіне «квазиомбудсмендер» деп атауға тиісті, омбудсмендіктен алшақ қызметтерді орындайтын мəселелердің сыншыл емес қатынасының нəтижесі болды [6].

2002 жылдың 19 науырызында Женевада өткен адам құқықтары жөнінде БҰҰ Комитетінің 58-ші сессиясында Қазақстан Республикасының Шетел істерінің мемлекеттік министр-хатшысы Қ. Тоқаев Омбудсмен институты Қазақстанда 2002 жылдың 30 тамызында құрылатындығын айтты. ҚР Конституциясының жеті жылдығын тойлауына қатысты халықтың Президенті Н.Ə. Назарбаев сөз сөйлеуде «тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын соттан тыс қорғау механизмдерінің дамуы халықаралық тəжірибесі көптеген демократиялық мемлекеттерде, оның ішінде ТМД-да сəтті қызмет ететін адам құқықтары жөнінде уəкіл институтының қалыптасуына себеп болды» деп белгіледі. Адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін толтыратын бұндай институт 2002 жылдың 19 қыркүйегінде Президенттің жарлығымен құрылды. Бұл қоғам демократиялануының маңызды əрекетіне айналды жəне халықаралық ұйымдармен байқалды. Сол уақытта ОБСЕ бұл институт толық көлемде халықаралық үлгі-қалыптарға, оның ішінде БҰҰ-ң Париждік қағидаларына сай келетінін айтты.

Қорытындылай келе, омбудсмен заңдылықты жүзеге асыруда жəне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда алатын жəне алуға тиіс ролі аталған шарттарды сақтауда ерекше маңызды мəнге ие. Бұл институт адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңызды түрлерінің бірі болып табылғандығы сөзсіз, бұл сапада ол демократиялық санатқа жататын мемлекеттердің бірінде де артық болып санала алмайды жəне саналуға тиіс емес.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Мюллерсон Р.А. Права человека. — М.: Юрид. лит., 1991. 
  2. Фридмэн Л. Введение в амариканское право. — М.: Наука, 1993. 
  3. Хиль-Роблес А. Парламантский контроль за администрацией. — М.: Норма, 1997.
  4. Лентовская Е. Как начиналась работа уполномоченного по гражданским правам. — М.: Наука, 1997. .
  5. Башимов М.С. Институт омбудсмена в странах СНГ и Балтии // Правовая реформа в Казахстане. — — № 4. — С. 15.
  6. Башимов М.С. Институт омбудсмена в РК // Правовая реформа в Казахстане. — 2003. — № 2.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.