Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халықаралық көші-қонның тарихи сипаттамасы жəне көші-қон құқығы нормаларының қалыптасу барысы

Көші-қон адамзат баласы өмірінің белгілі бір сипатын білдіреді. Жайлы тұрмыс іздеп бір орыннан бір орынға ауыса жүріп немесе өз жауларынан ығыса отырып, адам баласы ежелден бері жер бетінің көпшілік бөлігіне орналасады. Адамдардың көші-қон тарихына көз жіберсек, оның көптеген жерлер мен құрылықтарды, сонымен бірге ол жердің тұрғындарының нəсілдік, ұлттық жəне тілдік құрылымын өзгеріске ұшыратқанын көреміз. Адамзат тарихының қысқа мерзімі болып саналатын 400 жыл бойында Америка, Австралия мен Мұхит жағалауы, Азияның солтүстік бөлігі мен Африканың бір бөлігі ақ адамдардың тұрағына айналды. Еуропа картасы да көптеген көші- қонның нəтижесі болып табылады. Британ энциклопедиясында халықтардың ұлы қоныс аударуы деп аталған миграция Рим империясының құлауына себепші болды. Бұдан тіпті кейінірек,  б.з.д. 900 жылы Будапештте бірде-бір венгрдің болмағаны секілді, Берлинде бірде-бір неміс, Мəскеуде бірде- бір орыс болмаған, Мадрид маврлардың тұрағы болса, бірде-бір түрік Америкада тұрмаған жəне т.б.

Адамзат өмірінің кейінгі екі мың жылында мынадай орасан зор көші-қон ағымдары жүріп өтеді: б.з. ІІ жүзжылдығы мен б.з. Х жүзжылдығының басында халықтардың ұлы қоныс  аударулары болады. Осы кезеңде озбыр жабайылардың соққысынан сол кездегі əлемнің ірі империясы Рим өмір сүруін тоқтатады (410 ж.).

Нəтижесінде VІ жүзжылдықтың басында ерте феодалдық дүниеде жаппай көші-қон басталады:

  • Солтүстік Еуропадан оңтүстікке қарай (Азов теңізі маңы мен Дунай құйылысы) герман тайпасы — готтар шығып, бүкіл Еуропаны басып өтеді;
  • славяндық көші-қон орта Днепр ағысынан (Украинаның орманды дала аймақтары) Батысқа жəне Оңтүстікке қарай (Қара теңіз жағалауы, Балқан түбегі);
  • Азиядан Еуропаға қарай ғұндар қозғалысы басталады. Олар Ғұн тайпа одағын құрып, Паннония жеріне тұрақтанады;
  • Волга Бұлғариясы жерінен Балқан түбегіне болгарлар қоныс аударады;
  • VI–VII жүзжылдықтың соңында арабтар Азиядан солтүстік Африка мен Еуропаға көшіп- қонады;
  • венгрлер Орал маңы мен Поволжьеден Орталық Еуропаға келеді.

ХІІІ жүзжылдықта Азия мен Еуропа кеңістігін монғол-татарлар жаулап алып, Алтын Орда құрылады (1242 ж.).

ХV жүзжылдықтың басында Еуропаға осман түріктері басып кіреді. 1453 жылы Константино- поль құлайды да, Таяу Шығыста жаңа ірі мемлекет — Осман империясы құрылады.

ХV жүзжылдықтың аяғы ұлы географиялық ашылулармен есте қалады. 1492 жылдан бастап еуропалықтар америкалық құрылыққа ене бастайды.

Оны игеру мақсатында 100 миллиондай адам көшіріліп əкелінеді (олардың тек шамамен 30 мил- лионы ғана Атлантикадан жүзіп өтеді, қалғандары тасымалдаудың жан түршігерлік жағдайында қырылып қалады). Адам ресурстары күрт кеміген Африка құрлығы өзінің дамуында жүздеген жылдарға артта қалады.

XVII–XIX жүзжылдықтарда көші-қон ағымдары қоныс аударушыларды тұрақты қабылдайтын отар елдерде көбірек көрініс береді (АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Аргентина, Бразилия, Солтүстік Африка жəне Родезия).

ХІХ жүзжылдық. Бұл жүз жыл ішінде құлдықтың заңсыздығын «ресми» мойындауға дейін (яғни 1834-тен 1937 жылға дейін) 30 миллионнан астам адам Ұлыбритания мен Үнді субконтинентінен басқа отарларда жұмыс істеу үшін тасып əкелінді. Шығыс Азияда мұндай  көші-қон салдарынан қытай халқы тұратын Гонконг, Индонезия, Тайланд пен Малайзияда жұмысшы күші 1945 жылға дейін 16 миллион адамнан асқан.

ХІХ жүзжылдықтағы көші-қон ағымдарының басқа да едəуір бөлігі қоныс аударушыларды тұрақты қабылдайтын алыс елдерге еуропалықтардың көшіп-қонуымен қалыптасады.

1846 жыл мен 1924 жыл аралығындағы кезеңде бұл елдерге 50 миллиондай еуропалық қоныс аударған польшалық зерттеуші Малгожата Налевайконың деректері бойынша, 1830–1930 жылдар аралығындағы жүзжылдықта 60 миллионнан астам адам ескі құрлықты тастап кеткен жəне 40 мил- лионы қайтып оралмаған. Олардың үштен екісі Америка Құрама Штаттарына аттанған.

Ресей империясынан теңіз асып кеткен қоныс аударушылар сол кезеңде 2 250 мың адамды құрайды; 7 миллионы азиялық Ресейге кеткен (1914 ж. дейін), Орал, Сібір жəне Таяу Шығысқа — 0,3 млн., ал Орта Азияға (1927–1939 жж.) — 2 млн. Оралдың ар жағына ерікті, еріксіз түрде Ресейден қоныс аударғандар əлемдегі көші-қон қозғалысының ең ірі бөлігін құраған [1].

ХІХ жүзжылдықта басталған индустрияландыру кезеңінде экономикалық  либерализм біріктіріліп жəне ұлттық мемлекеттер қалыптасқаны, салыстырмалы түрде ерікті көші-қон саясатымен сипатталады. Халықаралық көші-қон үшін ең басты нəрсе көшіп-қонуға қаражат қана болады, төлқұжаттардың болмауы себепті ол кезде басқа елге тұрақты мекен-жай немесе жұмыс іздеп қоныс аударуға шек қойылмайды.

Салыстырмалы түрдегі ашық жəне шектеусіз көші-қон Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен аяқталады. Жүйелі түрде көші-қоны бақылау соғыс жылдары енгізіледі. Осы кезеңде шекарадағы бақылау құралы ретінде төлқұжаттар да пайда болады.

Жалпыға бірдей оқиға Екінші дүниежүзілік соғыс орасан зор көші-қон процестерін тудырды. 1940–1950 жылдары отарлық жүйенің ыдырауынан соң жаңа тəуелсіз мемлекеттер экономика мен халықты орналастыру саласында бұрынғы метрополия мүдделері емес, өздерінің мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін саясат жүргізуді бастады. Мұның ішінде көші-қон саясаты маңызды орынды алды.

Салыстырмалы түрде либералды саясат соғыс жылдарынан кейінгі Батыс Еуропада жұмысшы күшімін орасан зор қажеттілігін қамту үшін іске кірісті. Соғыс жылдары қоныс аударуға мəжбүр болған бірнеше миллион адам негізінен Орталық жəне Шығыс Еуропадан Батыс Еуропа мен жоғарыда айтылған қоныс аударушыларды тұрақты қабылдайтын елдерге көшіп-қонады.

1960 жылдардың басында Солтүстік Еуропа экономикалық өркендеу жолына түсті. 60- жылдардағы Германия Федеративті Республикасы экономикасының ғажайып өсіп-өркендеуі өз халқының аясынан шығып, ірі көлемдегі жұмысшы күшін қажет етті. Бұл кезеңде Шығыс Еуропаға 10  миллион  гастербайтерлер  (отбасы  мүшелерімен  бірге)  Жерорта  теңізі  елдерінен  жəне  тағы  2 миллион жұмыскер бұрынғы отар елдерден келген.

Мұнай бағасы 3 долл. артып, баррель үшін шашамен 30 долл. құраған 1973 жылғы мұнай дағдарысы Батыс Еуропа үшін «алтын ғасырдың» аяқталғанын білдірді. Біліктілігі төмен жұмысшы күшіне сұраныстың азаюына сəйкес елге кіргізуге шек қою арта түсті [2].

Алпысыншы жылдары жаппай еңбек көші-қоны тек Еуропа жəне тұрақты қабылдайтын елдерге ғана емес, сонымен бірге экономикалық өрлеу үстіндегі елдерге де тəн құбылыс болады. Бұл кезеңдегі басты көңіл аударатын жайт, Еуропадан қоныс аударатындарға тұрақты артықшылық беретін көші-қон саясатының тиісті тəжірибесі мен біліктілігі бар кез келген ұлт өкілінің көшіп келуіне мүдделі саясатқа ауыстырылуы болып табылады. Мұндай саясат дамушы елдерден талантты адамдардың қоныс аударып кетуіне жəне қоныс аударушылар арасында еуропалық еместердің санының артуына əкелді.

Қазіргі кезең (1990 жж.) жаппай халықаралық көші-қон қозғалысымен сипатталады. Олардың ішінен халықаралық көші-қон ағымдарының ең басты деген төрт түрін бөліп алуға болады: еңбек көші-қоны; отбасыларды біріктіру; босқындар мен баспана іздеушілер; жасырын көші-қон. Қазіргі көші-қон ағымдарына барынша жан-жақты талдау көші-қон ағымдарын жүргізудің аймақтық ерекшеліктерін қарастыруда ашып көрсетіледі.

Қазіргі көші-қон көлемі: Халықаралық көші-қон ұйымының (МОМ) деректері бойынша, бүгінгі күні əлемдегі қоныс аударушылар саны 125 миллионнан асқан. 1993–1994 жж. халықаралық көші- қонның негізін құрайтын түрлерін былай жіктеуге болады: еңбек көші-қоны — 25–30 млн.; тіркелмеген қоныс аударушылар — 30; босқындар — 18,2; басқалары — 24; барлығы — 97–102 млн.

Халықаралық қоныс аударушылардың нақты санын есептен шығару көптеген қиындық келтіретінін ескерген жөн. Халықаралық еңбек ұйымы зерттеушілерінің қазіргі  есебінше, жұмыс іздеп қоныс аударушылардың саны 60–65 миллион адамға жеткен.

Кейде түрлі жағдайларға байланысты оның көлемі астрономиялық жылдамдықпен өзгереді. Мысалы, 1994 жылы қайғылы жағдайға байланысты Руандадан Заирға босқындар ретінде қоныс аударғандардың жалпы саны тек бір аптаның ішінде ғана 1,2 миллионға жеткен.

Əлемдегі көші-қон процестерінің көлеміне қатысты жалпы деректерден басқа олардың аймақтық орналасуын да білу маңызды: Африка — 22–26 млн.; Орталық Шығыс, Оңтүстік жəне Оңтүстік Шығыс Азия — 17–21 млн., Солтүстік Америка — 25–27, Еуропа — 23–24, басқа аймақтар (Латын Америкасы, Кариб аймағы мен Шығыс Азияны қосқанда) — 12,5 — 18, барлығы — 99,5 — 116 млн.

Көші-қон құқығының көшіп-қону еркіндігі (елден көшу жəне қайта оралу), саяхат, баспана құқығы, белгілі бір тұлғалар топтарының құқығы: босқындар, баспана іздеушілер; азаматығы жоқ тұлғалар, шетел азаматтары, азаматтар сияқты нақты бір элементтері болады [3].

Көшіп-қону еркіндігі. Көшіп-қону еркіндігі құқығы ұзақ тарихи даму жолынан өткен  жəне бүгінгі күнге дейін ерекше маңызға ие болып отыр.

Адамдардың, идеялар мен тауарлардың еркін қозғалысының құқығы ретінде ежелден қалыптасқан бұл құқықтық норманың көптеген түсіндірмесі, өзгерістері, рұқсат беру мен тыйым салу үлгілері бар болғанымен, олардың ешқайсысы халықаралық көші-қон тұрғысынан түпкілікті анықталған жоқ. Бұған БҰҰ Экономикалық жəне Əлеуметтік Кеңесінің адам құқығы Комиссиясының (Ұлттық кемсітушіліктің алдын алу жəне азшылықты қорғаудың ішкі комиссиясы) еркін көшіп-қону проблемасына тұрақты назар аударуы куə бола алады. 1952 жылғы Ішкі комиссияның бесінші сессиясынан бастап еркін көшіп-қону мəселелері оның мəжілістерінде тұрақты қаралып келеді.

Көшіп-қону еркіндігі кез келген елді, оның ішінде өз елінде тастап шығу жəне өз еліне қайтып оралу құқығы, сонымен бірге кез келген елде тұрғылықты мекен-жай таңдау мен еркін көшіп-қону құқығы сияқты жалпыға ортақ бүгінгі күнгі ережені білдіреді.

Көшу құқығы. Көшу құқығы ежелгі дəуірден бері белгілі. Ол туралы  Платон «Диалогтары» былай дейді: «… осыны қажет ететін əрбір афиналық азаматтық құқығын алған соң, мемлекеттік істермен жəне бізбен, Заңдармен танысқан соң, егер біз оған ұнамасақ, бар мүлкін жинап алып Афинадан кетуіне болады — қайда барып тұрғысы келсе өзі біледі». Сол дəуірден бастап-ақ көшуге тыйым салатын мысалдар да жеткілікті.

Жеке тұлғаның өз елін тастап шығуы алғаш рет 1215 жылы Magna Carta-да көрсетіледі, 41-бабы барлық саудагерлерге: «Англияға еркін кіріп-шығу, тек ежелгі, ғұрыппен белгіленген баж салығын ғана төлеп, ешбір салық төлемей сауда жасау үшін Англияға келуге жəне саяхат жасау құқығы» сияқты кепілдік береді. Кейінгі жүзжылдықтарда жалпы құқыққа, Корольге белгілі бір тұлғаларға арнайы рұқсатсыз көшуге тыйым салу құқығын беретін Ne E xeat Regno (Англия) қағидасы енгізілді. Сонымен бірге елден көшу еркіндігі тіпті король өкілеттілігі біртіндеп мəнін жоғалтса да, еске алынып отырылады [4].

Ортағасырлық Германияда елден көшуді феодалдық құрылымнан қалған белгі деп есептейді.

«Ерікті» деп саналған ауыл тұрғындары мен қала тұрғындары да елден көшіп кету құқығына ие болады, бірақ бұл артықшылықтары үшін салық төлейтін болған. Басыбайлы шаруалар, басыбайлық тəуелділіктен құтылмайынша, бұл құқыққа ие бола алмайды. 1555 жылғы Аугсбург Эдикті Германиядан діни себептермен көшу құқығын шығарды. 1648 жылғы Вестфаль бітімінде де елден көшу құқығы қарастырылады.

Елден қоныс аудару құқығы XVIII жүзжылдықтың аяғында беріледі. Американдық тəуелсіздік декларациясы, Құқықтар жөніндегі билль (U.S.Bill of Rights) жəне 1789 жылғы адам мен азамат құқығының Француз декларациясы (des Droits de I Homme et du citoyen) елден кету құқығын бермесе де, адам құқығының негіздерін салады.

1791 жылғы Француз Конституциясы елден көшу құқығын арнайы бекітті. Сыртқа қоныс аударудың жалпыға ортақ құқығы болмаса да, көптеген еуропалық елдер өз азаматтарына елден көшуіне рұқсат береді.

Елден қоныс аудару құқығы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірқатар халықаралық нормалар  қабылданған  соң  таныла  бастады.  1929  жылы  шетелдіктер  тəртібі  мəселелері бойынша Женева конференциясы (Ұлттар Лигасының ұйымдастыруымен) шетелдіктер құқығының халықаралық конвенцияларының біріне «сол елдің заңы мен халықаралық құқыққа сəйкес, құзыретті өкіметтің елден көшуге тыйым салған жеке жағдайлардан басқа реттерде аумақты кедергісіз тастап кету» туралы ұсынысты енгізді. 1945 жылы БҰҰ Жарғысы адам құқығының негізгі халықаралық құжаты болып табылады. 1948 жылдың 10 желтоқсанында Бас Ассамблея қабылдаған Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясында адам құқығына шынайы түсінік береді жəне «əрбір адамның кез келген елді, сонымен бірге өз елін де тастап шығуға құқығы бар» деп бекітеді. Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы (1966) Халықаралық келісімнің 2 (2)-бабында осыған ұқсас мəтін бар. Шамамен алғанда осындай мазмұн адам құқығының (1963) Еуропа Конвенциясы Төртінші хаттамасының 2 (2)-бабында бар.

Елден қоныс аудару құқығы Адам құқығының американдық конференциясы 22 (2)-бабында мойындалған (1969). Елді тастап шығу құқығы бұл құжаттарда тек ескеріліп отырады, бірақ бұл құқыққа азаматтықтан бастарту құқығы да кіреді деп тұжырым жасауға болады.

Кез келген елді, оның ішінде өз елін де тастап шығу құқығы ТМД елдеріне жəне тиісті басқа елдерге қайтып оралған босқындар, еріксіз қоныс аударғандар, басқа да еріксіз қоныс аударуға ұшыраған тұлғалар проблемалары бойынша Аймақтық конференцияның қолданыстағы бағдарламасының 11 (а) бабында көрсетілген (Женева, 1996 ж. 30–31 мамыр).

Қайтып оралу құқығы. Өз елін тастап кеткен адамға сол мемлекет қайтып оралуға рұқсат бермейтін жағдайлар да кездеседі. Əсіресе мұндай проблемалар басқарушы билікке оппозициялық бағыттағы тұлғалар уақытша елден шығып шетелде қыдырып жүрген кездерінде жиі туындайды.

Қайтып оралу құқығы бізге белгілі Еркіндіктің Ұлы Хартиясының 42-бабында кездеседі, онда былай делінген: «Əрбір адамның біздің корольдіктен шығуына жəне тек бізге берілгендігін сақтай отырып оралуына болады». Профессор В.Г.Буткевичтің əділетті түрде көрсеткеніндей, бұл құқықтың жалпы мойындалуы үшін адамзат баласының əлі де көп тер төгуіне тура келді. Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясының 13 (2)-бабында, азаматтық жəне саяси құқықтар туралы Халықаралық келісімнің 12 (4)-бабында, Адам құқығының Еуропа конвенциясының Төртінші хаттамасында жəне адам құқығының американдық конвенциясының 22 (5)-бабында адамдардың өз елдеріне қайтып оралу құқығы мойындалады. Ұлттық кемсітушіліктен сақтандыру жəне азшылықтың құқығын қорғау бойынша БҰҰ-ның ішкі комиссиясы əрбір адамның кез келген елді, оның ішінде өз елін де тастап шығуға жəне оған қайтып оралу құқығына қатысты кемсітушілікке жол берілмейтін жəне бостандық туралы декларацияның жобасын қарастыруда.

Елге кіру құқығы. Ежелгі біріккен қауымдастықтарда шетелдіктерге жалпы күдікпен қарау жəне оларды өз аумақтарына жібермеу тенденциялары үстемдік етеді. Ежелгі үнділік Ману Заңдары былай дейді: «Жау — ол сенің көршің». Тіпті феодалдық құжаттарды егжей-тегжейлі зерттеу де лордтар өкіметінің өз иеліктерінен жекелеген жат жерлік адамдарды немесе шетелдіктерді қуғанға ұшыратуы жөнінде көптеген мысалдар келтіреді. Англия королі Генрих ІІ Плантагенеттің берген Клорендондық (1166 ж.) жəне Нортгентондық (1176 ж.) өкімдерінде бөтен адамдарға бір түннен артық баспана беруге тыйым салынады.

Сонымен бірге жүйелі түрде біртіндеп, сатылы түрде көші-қонды бақылау жолға  қойылып келеді. Белгілі бір шарттар аясында елге кіруге, тыйым салынудан рұқсат берілуге, көшуге бетбұрыстар жасалуда. Англияда Норман кезеңінің соңына қарай шетелдіктерге жол құжаттарын берудің король белгілеген тəжірибесі дəстүрге айналды.

Көптеген елдер көші-қонды қатал түрде шектеп отырады. Ол елдер жат жерліктерді азаматы болып табылатын ел мен оны қабылдайтын ел арасындағы сауда, үкіметаралық жəне су жолдары келісімдері бойынша ғана тұрақты қабылдап отырады. Бұл келісімді жасаған тараптар, тəртіп бойынша, жеке тұлғаларды дəрігерлік анықтама бойынша, моральдық немесе əлеуметтік тұрғыдан сай келмесе, елден шығарып жібере алады. Адам құқығына қатысты халықаралық келісімдер адамдарға өз елінен басқа кез келген елге еркін кіру құқығын бермейді.

Еркін жүріп-тұру құқығы. Бұрын айтылып өткендей, бір елден бір елге еркін кіріп шығудың жалпы халықаралық құқығы берілмеген. Кез келген адам кез келген елден еркін шығуына болады, ал онда басқа бір елге кіру құқығы болмайды. Дегенмен жүріп-тұрудың арнайы  құқықтары еріксіз қоныс аударушылар мен босқындарға беріледі.

Сонымен бірге мемлекеттер əсіресе сауда, үкіметаралық немесе су жолдары келісімдерінің бір тарауы болып табылса, жат жерліктерге көші-қонға қарағанда олардың уақытша болуына көбірек ықылас білдіреді. Көші-қон құқығы тұтас алғанда халықаралық қатынастарда бағдарлаушы қызметін атқарады. Мемлекет оның көмегімен адамдар арасындағы түрлі қарым-қатынастардың, оның   ішінде көші-қон саласындағы жүріс-тұрыстың жалпыға ортақ стандарттарын белгілейді. Көші-қон құқығының бағдарлаушы қызметі көші-қон процестерін халықаралық деңегейде реттеп отыру жеке тұлғаның жүріс-тұрыс еркіндігі құқығын қамтамасыз ету мақсатында тəртіпке келтіріп, келістіріп отыру болып табылады. Ол көші-қон құбылыстары мен процестерін жүргізуге қатысты көші-қон құқығының жалпыға ортақ стандарттары мен нормаларын қолдау, орындау жəне қалыптастыруға бағытталған тараптардың келісім-шарт нəтижелерімен белгіленеді.

Көші-қон құқығы құқықтың басқа да салалары сияқты əлеуметтік құбылыс болып табылады, оның əлеуметтік негізі болады, тиісті қоғамдық қатынастарды, оның ішінде халықтық көші-қон процесінде пайда болатын қатынастарды да реттеп отыру үшін туындайды жəне даму үстінде болады. Адамзат баласы жаратылғаннан бері халықтың көші-қоны да, сол сияқты көші-қон құқығы да бірге жасасып келеді. Көші-қон құқығының қағидалары мен қалыптасу барысын жете түсіну үшін пайда болу негіздерін, сонымен бірге көші-қон процестерінің түрлі топтары мен түрлерінің дамуындағы себеп-салдарларды үйлестіре білу қажет. Сонымен бірге əлемдік көші-қонның өткеніне шолу жасап отырған дұрыс.

Көші-қон құқығының институттары мен нормаларының құрылымы халық көші-қонының əр алуан түрлері мен топтарынан тұрады. Бұрын айтылғандай, халықтың көші-қонына күрделі əлеуметтік феномен ретінде көптеген мамандық иелері — демографтар, экономистер, географтар, тарихшылар, этнологтар, əлеуметтанушылар, құқықтанушылар, саясаттанушылар зерттеу жүргізеді. Əрбір білім саласының аясындағы ғылыми талдау жасаудың мақсаты мен сипатына байланысты көші-қонды талдаудың, атап айтқанда, анықтамасына, тұрпатына жəне зерттеу əдістеріне арнайы көзқарас қалыптасады.

Демографиялық, əлеуметтану мен экономикалық зерттеулерде «көші-қон» түсінігінің кең көлемдегі мəні оның ұзақтығына, реттелуіне немесе мақсаттылығына байланыссыз халықтың қандай да бір қоныс аударуын білдіреді. Демек, көші-қон деп тұрғылықты жерін тұрақты немесе уақытша өзгертуге байланыссыз қоныс аударуға əкелетін халықтың осындай көшіп-қонуын айтамыз.

«Көші-қон» термині тар мағынада бір мезгілде екі жағдайды білдіреді: біріншіден, халық бір мекен-жайдан екіншісіне көшіп қонады, екіншіден, қоныс аудару тұрақты мекен-жайды өзгертуді білдіретін аумақтық тұтастық үлгісіне қатысты қолданылады. Мұндай көзқарастағы көші-қон процестеріне кезеңдік немесе маусымдық қоныс аударулар (туристік, іскерлік, оқуға байланысты) жəне бағарлы көші-қон актілері (тұрғын жерінен жұмыс орнына дейін жəне кері бағыты) кірмей қалады.

Əлеуметтік-экономикалық жəне саяси-құқықтық талдау нысаны ретінде көші-қон қозғалысының ерекшелігі бұл құбылыстың аумақаралық сипатымен белгіленеді. Егер табиғи құбылыстар мен басқа да ішкі демо-, экономикалық процестер қоғамдағы жекелей дамуды білдірсе, ал көші-қон адамзат қоғамдастығының əр алуан аумақтық жəне əлеуметтік бөліктерінің өзара ықпал етуін білдіреді. Көші- қон процесі тек географиялық, аумақтық мекен-жайдың ғана емес, сонымен бірге тиісті социумның, əлеуметтік, саяси-құқықтық ортаның да күрт өзгеріп отыруына жиі байланысты болады. Жеке тұлғалар бұрынғы аумақтық (географиялық) мекен-жайын тастап қана қоймайды, бір социумнан шығып жаңасына барады, бұл өз кезегінде тиісті қатынастарды саяси-құқықтық жолмен реттеу қажеттілігін тудырады.

Көші-қонды əлеуметтік-экономикалық жəне саяси-құқықтық жолмен талдау мен олардың жіктелуі халықтың қоныс аударуының қозғаушы күштерін, осы процеске қатысты тұлғалардың ниеттерін; көші-қон процесінің қоғамдық дамудың басқа да түрлерімен өзара байланысын анықтау мақсатында жүргізіледі. Расында, бұл көші-қон процестерінің демографиялық дамуы мен еңбек нарығының өзгеруі, əлеуметтік-экономикалық жəне саяси-құқықтық жағдайларына ықпал етуін бағалауға; сонымен бірге көші-қон процестерінің даму барысын, олардың алдағы беталысын жəне тиісті саяси-құқықтық жолмен реттелуіне баға беру үшін қажет.

Ұлттық мемлекеттердің құрылуы кезеңінде еркін жүріп-тұру құқығы əр түрлі елдердің белгілі құқық  қайраткерлерінің  күшімен  мойындалды.  Испанияда  Франциско  де  Витторио  былай  дейді: «Əрбір адам қайда барғысы келсе, қайда саяхатқа шыққысы келсе, өзі біледі». Голландияда Гуго Гроций: «Егер жерлер, өзендер немесе теңіздің қандай да бір бөлігі қандай да бір елдің иелігі болып саналса, оған түзу пиғылмен барғандардың барлығына жол ашық болуы тиісті». Швейцарияда Эмер де Ваттель: «Бейбіт жəне тыныш уақытта, егер Отаны өз балаларын нақты сол кезеңде қажет етпесе, сол мемлекет азаматтардың мүддесіне орай, егер олар азаматтық міндетін орындау үшін кейін оралуға əрқашан дайын болса, əрбір адамға өз мақсаттары бойынша жүріп-тұруға рұқсат берілуі қажет», — дейді.

XVII жүзжылдықта Германияда əскерден жалтаруға жол бермеу үшін əскери төлқұжаттар (Militarpass), оба жұқпалы ауруы байқалған елдерден келген саяхатшыларға оба төлқұжаттары, еврейлер мен оқушы-қолөнершілер жəне т.б. ерекше төлқұжаттар енгізіледі.

Төлқұжат жүйесі өзінің барынша даму кезеңін төңкерістер дəуірінде енгізілген XVII жүзжылдықтың соңы мен ХІХ жүзжылдықтың басында бастан кешеді. Төлқұжат жүйесінің бекітілуімен бірге төлқұжат жүйесі азаматтардың жүріп-тұруына бақылау жасау сияқты «сенімсіз» адамдарды қадағалау үшін «полицейлік мемлекет» түсінігін тудырады. Алайда ХІХ жүзжылдықтың барысында көптеген еуропалық мемлекеттер біртіндеп төлқұжат шектеуін жеңілдетеді де, артынан ол шектеуді алып тастайды, бұл оның қоғамдық, ең алдымен экономикалық қатынастардың дамуына кері əсер етуінен туындайды. Жүріп-тұру еркіндігінің құқығына қатысты жалпыға ортақ стандарттарды əзірлеуге бағытталған қызметтерді жандандыру Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясының 13-бабын қалыптастыруға дайындықпен байланысты [5].

Бұл баптың талқылау кезеңінде-ақ жүріп-тұру еркінділігінің жіберу  нормаларының мынадай төрт түрін қалыптастыруға қатысты пəтуа жасалды: əрбір мемлекеттің шегінде жүріп-тұру еркіндігі құқығы; əрбір мемлекет шекарасының шегінде өзіне еркін орын таңдау құқығы; кез келген елді, оның ішінде өз елін де тастап шығу құқығы; өз еліне қайтып оралу құқығы. Сонымен бірге жүріп-тұру еркіндігінің бесінші құрамдас бөлігі — өз еліне емес, басқа бір елге бару құқығы (елге кіру құқығы немесе қоныс аудару құқығы), бұл алдын ала талқылауда аталғанымен, қолдауға ие болмады да, Адам құқығының жалпы декларациясының 13-бабына кірмей қалды. Ұлттық кемсітушіліктен сақтандыру мен азшылықты қорғаудың ішкі комиссиялары, БҰҰ адам құқығының Экономикалық жəне Əлеуметтік Одақтар комиссиялары 1952 жылдан бастап жүріп-тұру еркіндігі туралы мəселені талқылау аясында уақыт санап қоныс аудару құқығына оралып отырса да, əлі күнге дейін ортақ бір келісімге келген жоқ. Бұл кезең ішінде еркін жүріп-тұру проблемасына үш арнайы баяндамашы: Хосе Д.Инглес (1954 ж.); К.Л.К.Мубанга-Чипойя (1982 ж.) жəне Владимир Буткевич (1996 ж.) зерттеу жүргізіп, талқылауға əзірледі [6].

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бірнеше миллион адам еріксіз  қоныс аударуға, көшіріліп жіберілуге мəжбүр болды. Босқындар проблемасын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы төтенше маңызды мəселе ретінде бірінші сессиясының күн тəртібіне енгізеді. Іске асырылуға тиісті қағидалар белгіленеді: босқындар проблемасы өзінің көлемі мен сипаты жағынан халықаралық болып табылады; өз отанына оралмауға байланысты маңызды себебін ерікті түрде алға тартқан бірде-бір босқын немесе қоныс аударушы бұған мəжбүр етілмеуі керек; босқын жəне қоныс аударушыға айналған тұлғалар ықпал ететін халықаралық органдар қызметінің объектісіне айналуы тиіс; негізгі міндет — босқындардың өз елдеріне барынша жедел оралуына жəрдем беру жəне мүдделілік таныту.

Босқындар проблемасын шешуге қатысты институттық шаралардың қабылдануымен бірге халықаралық                        қызметтің   құқықтық      шеңберін       белгіледі.   Бұл     саладағы   Халықаралық       құқық босқындарға қатысты негізгі стандарттарды белгілейтін халықаралық құжаттармен қалыптасады да, гуманитарлық құқық ретінде арнайы жағдайдағы адам құқығының нақты бір санаты болып табылады.

БҰҰ-ның адам құқығы бойынша Комиссиясының ұсынысына сəйкес 1947–1950 жылдары əзірленген Босқындар мəртебесі туралы 1951 жылғы Конвенция аса маңызды құжыт болып табылады.

Конвенция «босқын» түсінігіне жалпы анықтама беруіне (1-бабы), босқындарды шығаруға немесе оларды елдеріне еріксіз қайтаруға тыйым салу қағидаларын бекітуге (33-бабы), босқындарға қатысты төменгі стандарттарды, оның ішінде баспана беретін елдің негізгі құқықтарын қалыптастыруына байланысты босқындар мəселесі бойынша халықаралық құқықтағы қол жеткен аса маңызды құжат болып табылады.

Босқындар мəртебесі туралы 1951 жылғы Конвенция жəне Босқындар мəртебесі туралы 1967 жылғы Хаттама босқынға мынадай анықтама береді: «Нақты қауіп туу салдарынан нəсілдік, дін, азаматтық белгісімен, белгілі бір əлеуметтік топқа жатуына немесе саяси көзқарасы үшін азаматтығы бар ел сыртында тұратын жəне жоғарыда айтылғандарға байланысты ол елдің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қажет етпейтін тұлға; немесе азаматтығы жоқ жəне осындай жағдайлармен өзінің тұрақты тұрғын жерінен бөлек басқа елде тұратын жəне еліне жоғарыдағыдай қауіп туу салдарынан қайта алмайтын немесе қайтқысы келмейтін тұлға» [7].

Конвенция 1951 жылы 1 қаңтарға дейін Еуропадағы оқиғалардан зардап шеккен тұлғаларға да қатысты. Хаттама Конвенция кепілдігін кеңіте түседі жəне кеңістігіне де, уақытына да ешқандай шек қоймайды. Конвенция мен Хаттамада елдерге босқындарды белгілі бір нəсілге, дінге, азаматтыққа, əлеуметтік  топқа  жатуы  себепті  қауіп  туындайтын  шекараларға  қууға,  қайтаруға  тыйым салатын немесе белгілі бір саяси көзқарастарды қолданатын ерекше қағида  поп-refoulement қалыптастырылды. Бұл құжаттар сонымен бірге мемлекеттердің іс жүргізу процедураларынсыз заңды түрде де қууына тыйым салады. Елден шығарылуға жататын босқынға баспана бере алатын  басқа елді табу мүмкіндігін беретін босқынды тану жағдайы қарастырылған.

Хельсинки келісімі (1975 жылы қабылданған еуропалық аймақтық шарт) келісімге келген елдер арасында барынша еркін жүріп-тұруды қамтиды.

Атап айтқанда, бұл Келісім отбасылық байланыстар, отбасыларды біріктіру, некеге тұруға ұсыныстар, жеке жəне кəсіби сапарлар негізінде барынша еркін жүріп-тұруды қамтамасыз етеді.

1985 жəне 1990 жылдарғы Шенген келісімі, 1992 жылғы Маахстрихт шарты жəне 1997 жылғы Амстердам шарты осы келісімге келген мемлекеттердің Еуропа Одағы елдері азаматтарының мүше- мемлекеттер аумағында еркін жүріп-тұру еркіндігі туралы келісімге келді.

Адам Құқығының Жалпыға бірдей декларациясы (13-бабы (1)), Азаматтық жəне саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық келісімі (12-бабы (1)), Адам құқығы туралы Еуропа конвенциясының Төртінші хаттамасы (2-бабы (1)) жəне адам құқығы туралы Американдық конвенциясы (22-бабы (1)) елдер арасындағы жүріп-тұруды заңды түрде қамтамасыз етпейді, бірақ оларда мемлекеттер шегінде еркін жүріп-тұру ережесі белгіленген. Еріксіз қоныс аударушылар мəртебесі туралы Конвенция (26- бабы) жəне босқындар мəртебесі туралы Конвенцияда да бұл топтарға бір елдің шегінде жүріп-тұру еркіндігін береді. Соңғы екі құжат еркін жүріп-тұру құқығы шетелдіктер үшін бірдей жағдайда қолданылатын тиісті ережелермен реттеліп отыруын қарастырады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1.  Weissbrodt, David Immigration Law and procedure in a nutshell / David Weissbrodt. — 3rd ed. — St. Paul. Minn.: WEST PUBLISHING CO, 1992. — P. 16.
  2. Plender Richard. International Migration Lav. — Leiden: A.W.Sijthoff, 1972. — P.
  3. Гуго Гроций. О праве войны и мира / Репринт и изд. 1956 г. — М.: Ладомир,1994. — С.
  4. Martin P., Widgren. International Migration: A Global challenge // Population Bulletin. — Vol. 51. — No. 1. — 1996. —P. 2.
  5. Trends in international Continuous Reporting System on Migration. Annual Report 1996/1997 Edition. — Paris: OECD, 1997. — Р. 270.
  6. Activities of the Council in the migration field. Information paper prepared by the Secretariat / CDMG (94) 17 E. — Strasbourg: Council of Europe, 1994. — Р.
  7. Положение беженцев в мире 1997–1998 / Перемещенные лица — гуманитарная проблема. — М.: УВКБ ООН, «Интер-диалект +», 1997. — С. 311.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.