Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Білім берудегі макдональдизация қазіргі кезеңнің тенденциясы ретінде

Кең тұрғыда білім беру дегеніміз — бұл тұлғаның қалыптасуы, оның əлеуметтенуі жəне адамды қоғам өміріне дайындау. Білім қоғамның негізгі функциясы ретінде адам мен қоғамға байланысты мəдени, əлеуметтік, экономикалық, азаматтық жəне этикалық қызметтерді атқарады. Ол əрбір адам үшін, сонымен бірге əрбір қоғам үшін қажетті саланың бірі екендігін жəне де қоғамның кез келген саласы, оның ішінде экономика, əлеуметтік т.б. салалар мемлекеттің білім жүйесіне тəуелді. Білім жүйесінде ғасырлар бойы қалыптасқан нормаларды, тəжірибелерді, «ноу-хауларды»  ұрпақтан ұрпаққа бере отырып, сонымен қатар жаңа да өзгерістерді қоғам талап етеді. Білім қоғамды алға қарай итермелейтін белгілі бір потенциалды қалыптастырады. Білім халықтардың өркениетті ерекшелігін тасымалдаушы жəне тарихи тұрақтылықты қамтамасыз етуші жүйе болып табылады.

Білім жүйесі қоғамның əлеуметтік құрылымына, қоғамдық қатынастарына, еңбек өнімділігіне, өндіріске жəне басқа іс-қызметтің тиімділігіне əсерін, жеке адамды тұлғаға айналдырудағы интеллектуалды, білім процесінің ролін, адамның табиғат жəне қоғам туралы  білімді, озық тəжірибені игеріп, бойына сіңіріп, оның үйлесімді дамуын, білім деңгейінің қызметке, жұмысқа тəртіпке əсерін, адамдардың ғылыми көзқарасының қалыптасуын, адамның қоғамдағы əлеуметтік жағдайының өзгеруін т.б. талдап көрсетеді.

Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында көрсетілгендей, білім — адамның негізгі құқығының бірі жəне ол көптеген елдердің конституциясында анықталып, кепілдік берілген [1].

Адамзат қоғамы қалыптасқан кезден бастап, білім əр түрлі формада əр кезеңде дами отырып, қазіргі кезеңдегі сипатқа ие болды. Əрбір кезең, əрбір өркениет, əрбір əлеуметтік-экономикалық жүйе білімнің міндеті мен оның мазмұнында қандайда бір із қалдырып отырды. Білімнің қандай түрі болмасын (классикалық немесе макдональдизациялық білім жүйесі) ол өзінің фундаменталды функциясын, яғни тұлғаны қалыптастыру, оның əлеуметтену процесі жəне қоғам өміріне дайындау, ұзақ ғасырлар бойы жинақталған білім мен тəжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру т.б. қызметін жойған жоқ.

Адам қоғамы қазіргі нарықтық жағдайда еңбекті, қызметті, жұмысты табысты əрі тиімді жүргізуі үшін жан-жакты, терең білімді, мамандандырылған, білгір адамдарды қажет етеді. Сондықтан оқу- ағарту, білім беру саласына қоғамда ерекше көңіл аударылып отыр.

Бұрынғы КСРО-да, оның ішінде одактас республикаларда бұл игілікті істі жүргізіп, дамыту тек қана экономика саласын дамытудан қалған қаржыны білім беру, мəдени салаларға көшіру арқылы жүзеге асырылған. Осыған байланысты, практика дəлелдегендей, халықтың рухани дамуы төмендеп, қоғамның дамуына үлкен кедергілер келтірді [2].

Екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін АҚШ пен Жапония қоғамды дамытудың екі жолын тандап алды. АҚШ-та «капиталды техникаға жұмсау» жолы таңдап алынса, яғни бұл техниканы, техникальқ  паркті  жаңарту,  басқаша айтсақ,  модернизация —  технологияны  жаңарту; ал  Жапония «капиталды адамға жұмсау» жолын ұстанды. Бұнда адамның шығармашылық жəне кəсіби қабілетін дамытуға зор көңіл бөлінді. Əрине, «қаржыны адамға салу» өзінің артықшылығын көрсетті. Оны бүгінгі жапон қоғамының дамуынан көруге болады.

Еуропаның көптеген елдерінде, əсіресе Германиядағы білім беру жүйесін зерттеуде жаңа бағыттар, əлеуметтік педагогика мен антропософия сияқты бағыттар дамыды. Сол сияқты «табиғи тəрбие» идеясының негізінде қалыптасқан бағыт «жаңа мектеп» деп аталды. «Жаңа мектеп» баланың өміріндегі отбасын, құндылықты жəне қызығушылық əлеміне үлкен мəн берді [3; 42]. Дегенмен бұл бағыттардың барлығы білім беру жүйесінде белгілі бір орын ала алмады. Батыс əлеуметтануында білім беру жүйе ретіндегі проблема XX ғасырдың ортасынан бастап кең етек ала бастады. Т.Парсонс, Е.Хоппер, Ф.Кумбс, М.Арчер, тағы басқалар білім берудің ішкі құрылымын, қоғам жүйесіндегі білімнің ролі жəне де тұтастық ретіндегі оның динамикасына өз еңбектерінде үлкен мəн берді. Ал, біздің елімізде білім беру жүйе ретіндегі проблемаға көпке дейін мəн берілмеді. XX ғасырдың 90-шы жылдарына дейін басқарушылар мен зерттеушілерді кеңестік білім беру жүйесі қанағаттандырған болатын. Міне, сондықтан білім беру жүйесіндегі теоретикалык ақпараттың болмауы, оның дефициттілігі білім берудегі дағдарысқа алып келді. Жалпы, зерттеушілердің пікірінше, білім беру жүйесіндегі дағдарыс XX ғасырдың 60-шы жылдарынан басталған. Кеңес үкіметінің басшылары Жердің жасанды спутнигінің алғашқы рет космосқа ұшырылуын, білім берудің дамуының шарықтау шегі жəне кеңестік одақтың əлемдік жүйе алдындағы тəжірибесін көрсетеді деп қарап, білімге көңіл аударылмады. Бұл құбылыс Батыс қоғамы үшін, əсіресе АҚШ үшін шок болып табылды. Сол кезде бүкіл əлем КСРО-ның ғылым мен техника саласында ең дамыған капиталистік елдерді басып озғандығының куəсі болды. Бұл кеңестік білім беру жүйесінің алда екендігінің тағы да бір дəлелдеді.

Ал Америка болса, осы кезден бастап «Ұлтты қорғау мақсатында білім беру туралы заңды» («Закон об образовании в интересах национальной обороны») қабылдады. Бұл Заң боынша білімге жəне оған кететін қажетті қаржы көлемін бекіту қарастырылды. Сол кезендегі Америка Президенті Дж.   Кеннедидің   бастамасы   бойынша,   американдық   университеттердің    саны    екі    есе көбейді. ХХ ғасырдың 80-шы жылдарының аяғында АҚШ-та білім беру жүйесін дамытуға ұлттық табыстың — 6,7 %, ал Жапонияда 5,7 % жұмсалды. КСРО-дағы білім беруге келетін болсақ, мемлекеттік бюджеттен білім беруге қанша шығын бөлінді десек, XX-шы ғасырдың 20-шы жж. — 12,5 %, 1965–1980-ші жж. 15–17 %-ке көтерілген, 1980-ші жж. 12 % болса, ал одан кейін күрт төмендегенін байқауға болады. 1992-ші жылдары — 5,8 %, 1993-ші ж. — 4,4 [3; 263].

Сол сияқты білім берудің стратегиясының күрделі қателіктері болған. КСРО-да 60–80-шы жылдары аралығында кəсіби-техникалық училищелерде жұмысшылар мамандығын дайындау 2,5 % есе өссе, жоғарғы білімді мамандарды даярлау 1,3 %-ке ғана өскендігін сол кезеңдегі мəліметтерден көруге болады. Əлемдік тəжірибе көрсеткендей, экономиканың дамуына, еңбектің өсуіне бірден-бір əсер ететін фактор — білім деңгейі, яғни жоғарғы білімді мамандарды дайындау болып табылады.

Р.Коллинз (1971, 1974) «Америкада білім жүйесінің кеңейтілуі, кəсіби жоғарғы білімді мамандарға қажеттіліктен ғана емес, əсіресе əр түрлі «мəртебелі топтардың» байлық, билік жəне атақ үшін күресуінен туындайды» деген. Коллинздің бұл қағидасымен де келісуге болады.

Кез келген елдің білім беруінің ұлттык жүйесі халықаралық еңбек нарығының ішкі жəне сыртқы талаптарының деңгейінде бəсекеге тұрақты кадрларды дайындауға кепілдік беруі тиіс. Қазіргі уақыт талаптарына барабар сапалы білім жүйесін құрудың маңызды жағдайларының бірі — білім берудің барлық сатыларын жоғарғы білікті мамандармен қамтамасыз ету.

Қазақстанның білім беру жүйесінің ұлттық моделі мазмұнындағы моноеуроцентристік дүниетанымды жеңу жөнінде орасан зор жұмыстар жүргізілуде.

Еліміздің Президентінің Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бəсеке ең алдымен білімділік деңгейімен анықталады. Əлемдік білім кеңістігіне толық кіру білім берудің ұлттық жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап етеді...», — деген болатын [4].

Еліміздің нарықтық шаруашылық əдістеріне өтуі, жеке сектордың дамуы, еңбек нарығының қалыптасуы, экономиканың қайта кұрылуы, ашық демократиялық мемлекеттің құрылуы, қазақ ұлтшылдығының қайта жаңғыруы, əлемдік экономикалық кеңістікке бірігуі білім жүйесі мен кадрларды дайындау, елдің экономикасын көтерудегі білім жүйесінің орнын анықтау сияқты негізгі бағыттарын қайта ойластыруды талап етті.

Қазақстандағы білім беру жүйесінің тарихи-кеңестік білім беру моделі аумағында дамыды. Осы орайда білім жүйесінің бір саласы кəсіптік білім берудегі оң жақтарды айта кетсек:

  • халықтың көпшілік құрамының сол кезде қол жеткізе алатын оқу орны (мысалы, кəсіптік- техникалық училищелер əр аудандарда болды, совхоз-техникумдар, кəсіби техникумдар əр облыста болды);
  • жұмысшылар мен орта техникалық звенолардағы мамандарды тəжірибе деңгейіндегі жоғарғы дайындыққа босатып отырды (негізгі кəсіпорындарға институттар бекітілген болатын);
  • барлық кəсіби-білім беру бағдарламасының жоғарғы əдеби жəне əдістемелік нұскаулармен қамтамасыз етілуі.

Ал қазіргі уакытта Қазақстанда құрылыс жабдықтармен қамтамасыз ету, оқу мекемелерін қажетті материалдармен қамтамасыз етуге бағытталган негізгі институттар жоқ. Сондықтан, білім беру мен ғылымның дамуы саяси жəне ұлтқа ортақ міндет болып тұр. Осыған байланысты мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда дайындық кезеңі өткізілді. Соңғы жылдары білім беру жүйесі мен ғылым жүйесінің мемлекеттік қаржыландыру деңгейі айтарлыктай өсті. Мысалға, ағымдағы жылда ол 192 млрд. құрайды, ал келесі жылға 250 млрд. өсіру жоспарланып отыр. Сонымен бірге білім берудің отандық жүйесі жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуге қабілеті жоқ болды. Осыған орай білім беру жүйесінің бөлек сегменттеріне модернизациялау жүргізе отырып, осы мəселелерді шешуге тырысты. Барлық деңгейдегі оқу мекемелерінің өз бетімен өмір сүруі, яғни жекешеленуі, басталды, жаңа оқулықтар шыға бастады т.б.

Бірақ мұның барлығының оң жақтары болғанымен, мəселені түбірімен шешпеді, атап айтсақ: біріншіден, қабылданған шаралар білім беру жүйесінің сапасын арттырмады; екіншіден, жалпы орта білім жүйесі демографиялық процестерге əлсіз бейімделді. Өйткені ұзақ уақыт мектептер мен бала- бақшалар салынбағандықтан, оларға күш көптеп түсті; үшіншіден, отандық білім беру жүйесінің қабылданған қадамдары халықаралық білім беру жүйесіне бейімделуге əкелмеді. Кеңестік білім жүйесінде көптеген позитивті табыстар болғанмен, бұл жүйе əлемдік прогрессивті дамуды ескермеді. Осыған байланысты барлық деңгейдегі білім беру жүйесін мектепке дейінгі білім беру жүйесінен жоғары оқу орнына дейінгі жəне одан кейінгі жүйені қайта кұру басталды.

Қазіргі кезде біздің қоғамымызда білім беру жүйесі дағдарыста. Бұл дағдарыстың болу себебі елдегі жүйенің басқа сапалы жүйеге ауысудағы қиындықтарға байланысты. Жаңа жүйе барлық салалардағы іс-қызметтің жаңа өндіріске, технологияға сəйкес жаңа түрін, əдісін, стилін, тəртібін, оқу-білімінің, ғылымның дамуын қажет етеді.

XXI ғасырда үздіксіз оқу, білім алу басқа өркениетті, дамыған елдердегідей біздің саясатымыздың басты қағидасы болып табылады. Сондықтан білім беру, оқу мəселелері қазіргі кезде өзінің актуалдылығымен ерекшеленеді.

Қоғамның əлеуметтік-экономикалық саласындағы өзгерістер қоғамдағы білім беру жүйесінің түбегейлі өзгерістеріне алып келуде. Қазақстан Республикасы Президентінің 10 қазан 2004 жылы бекіткен «2005–2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына» сəйкес білім реформасы басталды. Республикада білімді реформалау екі кезеңде жүзеге асырылуда. Бірінші кезең — 2005–2007 жж., ал екінші — 2008–2010 жж. Реформаның мақсаты — Қазақстандағы білімді жаңа сапалық деңгейге көтеру, білімді дүние жүзіндегі дамыған елдердің білім беру стандарттарына жақындату [5; 3].

Қазіргі кезде əлемдік экономика жаңа сапалық деңгейге — білімге негізделген экономикаға өзгерген. Сондықтанда кез келген мемлекеттің алдында тұрған мақсат өз қоғамына қажетті маман иелерін дайындау, оларға сапалы білім беру арқылы мемлекеттің даму деңгейін көтеру болып табылады.

Адам игілігі, оның қоғамдағы мəдени жəне рухани жағдайы, экономикалық, ғылыми- техникалық, саяси прогрессивті даму қарқыны білім деңгейі мен сапасына байланысты. Білім берудің қалыптасуы, қызмет етуі жəне дамуы объективті, занды процесс болып табылады. Білім əр кезде объективті тұрғыда шындықты көрсете отырып, қоғамның алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға ықпал етеді. Оның іс жүзінде жүзеге асырылуы белгілі бір субъективті факторларға байланысты, яғни білім беру жүйесінің қызметкерлерінің саналы, мақсатты іс-əрекеттері жəне білім саласын қоғам мен мемлекеттің алға қойған міндеттерін жүзеге асыру. Егер «білім беру» ұғымының этимологиясына келетін болсақ, ол «бейне» ұғымына сəйкес келеді екен жəне адамдардың қалыптасу əдісін ашып көрсететін процесс болып табылады. Сондықтан түсініктеме деңгейінде (на понятийном уровне) қандай бейне екендігін, оның қандай үлгіде жəне білім беру концепциясында өзін жүзеге асыратындығын əр кез анықтап отыруы қажет [5; 6].

Мұндай бағытта адамның білім алуын түсіндірудің бірнеше варианттарын көрсетуге болады. Мысалы, егер білім берудің мақсаты максималды тұрғыда біліммен қамтамасыз етілген адам болса, онда білім беру концепциясы максималды тұрғыдағы білім көлемінің жиынтығын көрсететін процесс ретінде көрінеді.

Ал, егер адамның бейнесі, идеясы оның творчестволық табиғатын сипаттайтын болса, онда білім беру концепциясының негізгі мақсаты адамдардың творчестволық тіршілік иесі ретіндегі қалыптасу процесін бейнелейді.

Айта кететін бір мəселе, білім берудің кез келген моделі жəне білім беруді түсіну қандайда бір бейнемен, əлеуметтік шындықпен анықталатын адамның идеясымен тығыз байланысты.

Қазіргі кездегі білім саласындағы жаңашылдық қоғамдық талаптан пайда болуда. Ол талап білім саласының демократизациялануын жəне де рационализациялануын тудырады. Сондықтан ХХІ ғасырдағы білім тек білім деңгейін ғана жоғары көтеру емес, сонымен қатар жан-жақты маманданған мамандарды, жаңа технологияны, адамға деген индивидуалды бағытты талап етеді. Бұл процестер қоғамда өздігінен пайда болған жоқ, оған жаһандану процесі əсер етуде. Бұл процесті американ социологы Дж.Ритцер «макдональдизация» ұғымы арқылы түсіндіреді. Бұл процесс ХІХ ғасырда неміс ғалымы Макс Вебер қарастырып кеткен рационалдылықтың жаңа типі болып табылады. Егер өз ғасырында М.Вебер рационалдылықты «əлеуметтік іс-əрекеттің» (сол дəуірдегі қоғамдық қызығушылықтың мəнін анықтайтын) қандайда бір үлгіге сəйкестілігі ретінде қарастырса, ал қазіргі кезеңдегі «макдональдизация» процесі де қоғам талабына сай пайда болған құбылыс [6]. Мысалы, өз кезеңінде М.Вебер əлеуметтік іс-əрекеттің рационалды тұрғыда болуын жəне рационалдылықтың қажеттілігін айтқан болатын. Ал қазіргі жаһандану кезеңінде макдональдизация процесіде бүгінгі күннің талабынан туындап отырған құбылыс.

Алғашқы рет бұл процесс əлеуметтік практикада дəмханаларда тез қызмет көрсету жүйесі, яғни MacDonalds, пайда болып тез қарқынмен бүкіл əлемге тарай бастады. Макдональдизация жаһандану процесінің негізгі символының бірі болып табылады. Қызмет көрсету саласындағы макдональдизация постиндустриалды қоғамның алғы шарттарының бірі екендігін білеміз. Бұл процесс минималды уақыт көлемінде негізгі қажеттіліктерді тиімді түрде жоғарғы сапалық деңгейде қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Сондықтанда дамыған қоғамдарда тек қызмет көрсету салаларында ғана (сфера обслуживания) макдональдизация процесі емес, сонымен қатар білім беру жүйесіндеде бұл процесс кең тұрғыда дамуда.

Постиндустриалды қоғамның даму процесінде қоғамның басқа салалары сияқты білім жүйесіне де макдональдизация параметрлеріне жауап беретін талаптар қойылуда. Дж.Ритцер білім жүйесіндегі мынадай талаптарға тоқталады:

  • эффективтілік, яғни аз уақыттың ішінде қажетті ақпаратты меңгеру. Эффективтілік параметрі дегеніміз — білімді бақылаудағы стандартты формаларды енгізу, яғни тестілеу. Дж.Ритцердің пікірінше, стандартты тестілерді енгізу оқытушы еңбегін жеңілдетеді жəне студенттердің емтиханға дайындалу уақытын үнемдейді. Егер бұған дейін студенттер емтиханға дайындалу барысында көптеген мақалалар, монографиялар, оқулықтар, арнайы əдебиеттер оқып уақыт кетірсе, қазіргі кезде «макоқулықтар» (макучебники) студенттің емтиханға аз уақыт ішінде дайындалуына мүмкіндік береді;
  • калькуляция — макдональдизация процесінің келесі параметрі. Калькуляция дегеніміз — рейтинг түрінде қойылатын баға жүйесі. Мұны студенттер бірнеше жұмыс орындау арқылы өз білімдерін балдар негізінде бағалайды. Дж.Ритцер бұл жүйеде оқытушылар үшін қойылатын рейтингттік баға жүйесін енгізуді ұсынады;
  • макдональдизацияланған білім беру стандартталған техникалық бақылау əдісіне бағынуы қажет, яғни студенттер компьютер арқылы тест тапсырып, өзінің білімін бағалайды. Бұл параметр біздің қоғамда коррупция деңгейін төмендетеді;
  • макдональдизацияланған білім беру міндетті түрде студенттің алған білімін қорытындылай отырып, студенттің білімін алдын ала жорамалдауға мүмкіндіқ береді [7].

Қазіргі кезеңдегі əлеуметтік-мəдени динамиканың тез қарқынмен дамуы білім жүйесінің макдональдизациялануын талап етіп отыр. Мысалы, білім жүйесіндегі макдональдизация бұқараға (для масс) белгілі бір мамандық деңгейінде қысқа уақытта білім алуға мүмкіндік береді. Оған біздің еліміздегі екінші жоғарғы білім алуды, яғни дистанциондық білім алуды, жатқызуға болады.

Осы концепцияның авторы Дж.Ритцер жаһандану процесін макдональдизациямен байланыстыра отырып, макдональдизация əлемде тұрақтылықты жəне қандайда бір құбылысқа жорамалдылықпен қарауды қамтамасыз етеді дейді. Атап айтсақ, макдональдизациялық практика мықты брендтің негізінде қаланып, оны құрайтын негізгі белгі ретінде капитал, белгілі бір марканың дəрежесі жəне де корпоративті мəдениет алынады. Мысалы, MacDonalds қоғамдық тамақ саласындағы ең мықты маркалы жүйе болып табылады жəне қазіргі кезеңде бүкіл əлемге таралған. Ал кез келген оқу орнының символикалық капиталы ретінде қандайда бір мамандықты меңгерудегі эксклюзивті жоғарғы деңгейде білім алып, алған дипломы индивидтің карьера жасауына жол ашуы болып табылады. Жоғары оқу орнының мəртебесі (престиж), оның дипломының жоғарғы деңгейде болуы оқу   орнының  студенттерге  белгілі  бір  уақытта  сапалы   білім  беріп,  стандартты   емес      білімді меңгертуімен ерекшеленеді. Сондықтан қазіргі кезеңде білім беру жүйесіндегі инновациялық дамуға бағыт алу жəне ақпараттық, телекоммуникациялық салаларды көптеп қолдану бүгінгі күннің сұранысы болып отыр.

Қазіргі кезде көптеген мемлекеттердің арасында білімді модернизациялаудың жолдары мен халықаралық ынтымақтастық немесе əріптестіктің даму жолдары жөнінде мəселелер қарастырылуда.

Көптеген ресейлік ғалымдар жоғарғы білім жүйесінің американдық жəне басқа да англосаксондық мемлекеттердің білім жүйесін қабылдауын дұрыс бағыт емес деп санайды. Атап айтсақ, қазіргі білім жүйесінің əлемдік жүйеге көшуін, яғни орта білім +3/4жыл — бэчелор/бакалавр дəрежесі; +2/3жыл мастер/магистр дəрежесі; +2/4жыл доктор дəрежесі берілуі, тез уақыттың ішінде индивидтің докторлық дəрежеге жетуі кейбір ғалымдарды сақтандырып отыр. Егер бұған дейін қандайда бір ғылыми атаққа жету үшін жылдар қажет болса, ал қазіргі кезде дəрежені аз ғана уақыттың ішінде алуға мүмкіндік бар.

Жалпы, білім берудегі макдональдизацияны қызмет көрсету саласындағы макдональдизациямен салыстырмау керек. Егер бұл ұғым білім беру саласында жоғарыда Дж.Ритцер атап өткен параметрлерге жауап берсе, ал қызмет көрсету салаларында Мак Дональдс тез арада асқа деген немесе басқада қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.

Біздің білім беру жүйемізде əлі де болса дəстүрлі білім жүйесі сақталған. Мысалы, лекция, семинар сабақтары толығымен өткізіледі. Неміс университеттерінде лекция мен семинарға қатысудың қатаң есебі жүргізілмейді. Онда сессиялар да жоқ. Келесі курсқа өту үшін студенттің емтиханды қашан тапсыратынын өзі біледі. Тек егер жеке оқу орны болса, дер кезінде оқудың ақшасын төлесе болғаны. Ал Америкада өз азаматтарына білім беру үшін біраз мемлекеттік қаражат жұмсалады екен. 90-шы жылдары білімге жұмсалған қаражаттың көлемі 300 млрд. долл. асады.

Баварияда жоғарғы оқуға түсерде емтихан тапсырылмайды, бірақ оқуға қабылдаудың өзіндік жүйесі бар. Талапкердің орташа бағасының өзі қалап отырған университеттің қандайда бір факультетінің нақты семестрдағы балға сəйкес келуі жəне оқу процесі дəрістік кезеңмен, сол сияқты дəрістен бос уақыт кезеңі деп бөлінеді, яғни студенттер өздігінен үй тапсырмасын орындаумен (hausarbeit) жəне емтиханға дайындалумен айналысады [8].

Міне, əрбір елдің білім беру жүйесінде дəстүрлі сол елге тəн құрылымы бар. Қазақстан өзінің егемегендігін алғаннан кейін тек саяси, экономикалық жүйелерге ғана өзгерістер енгізген жоқ, сол сияқты білім беру жүйесін де көптеген жаңалықтар енуде. Соның бірі — БҰТ орта мектепті бітіруші үшін, МАБ — жоғарғы оқу орнына түскен студенттің екі жылда алған білімінің қорытындысын бағалау, бұл сонымен бірге оқытушыныңда қандай деңгейде студентке білім бергенін көрсетеді.

Сонымен, қорыта айтсақ, адам игілігі, оның қоғамдағы мəдени жəне рухани жағдайы, экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси прогрессивті даму қарқыны білім деңгейі мен оның сапасына байланысты болғандықтан, білім беру қазіргі өркениеттерде басқа əлеуметтік институттардың арасында негізгі орынды алады.

Жаһандану процесінің дамуы кезеңінде білім берудің мақсаты мен білім берудің технологиясына үлкен мəн берілуі қажет. Белгілі американ социологы Даниел Белл мынадай тұжырым айтады, болашақ қоғамда, ол постиндустралистік қоғам, капиталист табы жойылып, оның орнын жаңа билеуші элита басады. Бұл тап жоғарғы білім деңгейімен, ақпаратты меңгеруімен ерекшеленеді дейді. Постиндустриалды қоғамда индивидтің кəсіби қызметі (профессиональная деятельность) негізгі орын алады. Мұндай өзгерістерді қазіргі кезде дамыған мемлекеттерден байқауға болады жəне бұл процесс «нарықтық ренессанс» деп аталады. Нарықтық ренессанстың артында нарықтық емес саланың дамуын: əлеуметтік қорғау жүйесі, білім беру, денсаулық, мəдени жүйелердің тұрғандығы жəне оларда белгілі бір ренессансты қажет етеді.

Білім беру қоғамның белсенді «айнасы» болып табылғандықтан, ол қоғамда не болып жатқандығын көрсетпейді, қоғамдьқ процестерге қалай ықпал ететіндігін бейнелейді жəне қазіргі дамыған қоғамда білім адамның тұлғалық ерекшелігін сипаттайтын бірден-бір фактор болып табылады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Нечаев В.Я. Социология образования. — М.: Изд-во МГУ,1992. — С.76
  2. 3иятдинова Ф.Г. Социальные проблемы образования. — М., 1999. — С.110
  3. Гайко О. Концепция образования: идеологический аспект // Саясат. — 2006. — №2
  4. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Орталық Қазақстан. — 2004. — 28 қазан. — 5-б.
  5. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // Егеменді Қазақстан. — 2006. — Наурыз.
  6. Вебер М. Избранные произведения // Прогресс. — 1990. — С.245
  7. Филиппов Р.И. Макдональдизированное образование: подходит ли оно для России // Социология образования. —— № 4.— С. 12.
  8. Томпсон Д.Л., Пристли Л. Социология. — Л., 1998. С.67
  9.  

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.