Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ ұлтының туыстық қарым-қатынас ерекшеліктерінің ұлттық сана-сезімнің қалыптастасуына əсерін зерттеу

Мақалада қазақ отбасының ерекшеліктері жəне ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы ролі теориялық тұрғыда сипатталған. Сонымен қатар қазақ ұлтының туыстық қарым-қатынасын анықтауға бағытталған зерттеу нəтижелеріне талдау жасалған. Туыстық қарым-қатынас ерекшеліктерінің адамның ұлттық сана-сезімінің қалыптасу процесіне əсері зерттеу нəтижелерінің негізінде көрсетілген. Зерттеу əдісі ретінде сұрақнама жүргізілген. Ұлттық сана-сезім əрбір ұлт өкілінің ажырамас компоненті болғандықтан, оның қалыптасуның бір факторы ретінде туыстық қатынастар жүйесінің ерекшеліктерін алуға болады. Эксперименталдық зерттеу нəтижелері оқушылар мен ересек адамдардың туыстық қарым-қатынас ерекшеліктерін білу деңгейіне негізделеді.

Туыстық қарым-қатынас қазақта бір-біріне қол үшін беріп, көмек көрсету тұрғысында да өзінің кең пейіл бауырмалдығымен, дархандылығымен, жомарттығымен байқалады. «Балалығыңды сағынсаң — нағашыңа бар, жігіттігіңді сағынсаң — қайныңа бар» дегендей, қазақ халқының туыстық ерекшеліктері бір-бірімен байланысты үш жұрттың арасындағы қатынастардан анық көрінеді.

Отбасы қоғаммен қатар дамып, қоғаммен бірге өзгеріске түседі. Ұлттық сана-сезімнің қалыптасуында, негізінен, басты рольді отбасындағы тəрбие атқарады. Ал қазақтардың жанұядағы ұлттық ерекшеліктеріне келетін болсақ, ол ең бірінші салт-дəстүрден басталады. Салт-дəстүр дегеніміз — халықтардың кəсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасындағы тəрбиеде қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды немесе бұрынғы қалыптасқан салтты жоғалта алмайды [1].

Осыған орай біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты қазақтың туыстық қатынастарының ерекшеліктерінің ұлттық сана-сезімнің қалыптасуына əсерін зерттеуге негізделеді. Бұл мақаламызда ұлттық сана-сезімнің оқушылармен ересек адамдарда қалыптасу процесін салыстырмалы зерттеу негізінде ұсынғанды жөн көрдік.

Зерттеуіміздің өзектілігі туыстық қарым-қатынас ерекшеліктерінің, ұлттық сана-сезімнің қалыптасуына əсер ететіндігін дəлелдеу мақсатымен анықталады.

Ұлттық психологияның құрылымдық белгілерінің бірі — ұлттық сана-сезім. Ол адамдардың ұлттық мүддесіне, салт-дəстүрлеріне, əдет-ғұрыптарына, тіліне, мəдениетіне қатынастан көрінеді. Ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда қоғамның басты əлеуметтену институттарының бірі отбасының орны бөлек.

Ұлттық сана-сезім дегеніміз — өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып, ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын, мақтанышын бағалай білу [2].

Ұлттық сана-сезім өз ұлтының əлеуметтік-этникалық мəнін түсіну, ұлтаралық қатынастарда қандай жағдайға ие екендігін, жалпы адамзат дамуында қандай үлесі барын ұғыну, əрі өзге халықтармен бірдей бостандықта өмір сүруін т.б. жағдайларды жете түсіну болып табылады. Ұлттық сана-сезімнің пайда болуы халықтардың тарихи дамуының ерекше кездерімен байланысты. Ұлттық сана-сезімнің қалыптасуында рухани-мəдени шығармалар, ұлттық рухани мұралар үлкен роль атқарады. Ұлттық сана-сезімді əрбір топ өздігінше қалыптастырып, негізгі топтық мүддеге, мұқтаждыққа, тілегіне, талабына сай жүзеге асыруға тырысады. Ұлт өкілі алдымен өзінің сол ұлт мүшесі екендігін мойындамаса, оның барлық өміріндегі тарихи-əлеуметтік, саяси жəне мəдени құбылыстарына, жеріне, еліне, халық батырларына, қайраткерлеріне т.б. деген мақтаныш сезімі, қуанышы болмаса, онда шындыққа толы шынайы ұлттық сана-сезімнің болуы мүмкін емес. Себебі белгілі бір ұлттың өкілі емес адам жоқ. Соған сəйкес ол ұлттық психологиясын алдымен өз ұлтын сезінуден, оған жауапкершілікпен қараудан бастауынан қарастыру қажет [3].

Ұлттық ерекшеліктердің өзі ұлттардың табиғатымен шарттас емес, олардың дамуының тарихи жағдайларына байланысты. Ұлттық сана-сезімді ұлтшылдық көріністен ажырата білу керек. Ұлттық сана-сезім ұлттық өмірдің табиғи компоненті болса, ұлтшылдық ұлттық сана-сезімнің бұрмаланған, жалған түрі болып табылады. Адамның рухани байлығы оның ұлттық сана-сезімімен байланысты.

Қоғамның дамуының тарихи қалыптасуының барлық кезеңінде адамдардың əлеуметтік қоғамы қалыптасқан. А.Г.Харчев: «Отбасы — ата-ана мен балалардың өзара қарым-қатынасы жəне мүшелерінің бір-бірімен туысқандық қатынастары арқылы көрінетін нақтылы тарихи, əлеуметтік кіші топ жүйесі», — деп көрсетеді.

Халықтар өмірінің деңгейі өзгеруіне сəйкес дəстүрлер де ауысады, дамиды. Қазақ халқы:

«Дəстүрдің озығы бар, дəурені өткен тозығы бар», — деп заман талабына сай дəстүрлерді дəріптеп, тəлім-тəрбиенің пəрменді құралы ретінде пайдаланып келген. Мысалы, көп жылдар бойы «діни мейрам» деген жаңсақ көзқараспен Наурыз мейрамын еліміз мүлде атаусыз қалдырып келсе, қазіргі демократия кезінде ол қайта жаңғыртылып, жалпы халық мейрамына айналды. Салт-дəстүр белгілі бір əдет-ғұрыптарымен байланыста туады. Мысалы, бала тəрбиесімен байланысты шілдехана, сүйінші сұрау, бесікке салу, сүндетке отырғызу; ал үйленумен байланысты құда түсу, жасау беру т.б. салт-дəстүрлер қазақ халқында ежелден сақталған. Мұны тұрмыс-салт дəстүлері деп атайды. Оған байланысты əдет-ғұрыптарымен салт-дəстүрлерде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады.

Олардың барлығы тойларда, жиындарда, сонымен қатар туыстық қарым-қатынастарда жүзеге асырылады. Осындайда жастайынан баланы келешекке дайындайтын отбасының ролі, атқаратын қызметі өте ерекше. Қазақ халқының отбасында жастар жағына имандылық қасиеттерді дарыта отырып, тəрбие берген. Қызды құтты жеріне шығарып салу, келін түсіру, құда күту, нəрестені бесікке салу т.б. эстетикалық тəрбиенің құралы болған.

Осының бəрінде ынтымақ, кішіпейілдік пен қайырымдылық, адамдық пен шыншылдық рухын ардақтап отырған. Халқымыздың дəстүрлерінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген. Əрбір қазақ жанұясында жас баланы сəби кезінен үлкендермен қол алысып амандаса білу дағдысына үйреткен. «Ағаңның қолын ал», — деп жатады ата-ана. Осы тəлімді ұстанған қазақ жұртында əдетте бірінші болып жасы кішілердің үлкендерге қол беру дағдысы қалыптасқан. Бұл үлкенге деген ілтипаттың, қадірлеудің белгісі.

Үлкенге сəлем беру, орын беру, жол беру, баса көктеп өтпеу, үйіне келе қалса, атын байлап, есік ашып, төрге шығарып, аттандыру сияқты дəстүрлер өмір бойы ескірмейді.

Қазақ меймандос халық, ол ең жақсы төсенішін қонағының астына төсейді, асының дəмдісін соның алдына жаяды. Қазақта «түбін білмеген — түгін білмейді» деген сөз бар. Жеті атасына дейін жазбай білетін халқымыздың айрықша қасиеті осында. Міне, сондықтан да «қазақ шыққан тегін зерделеп, отбасында балаға жастайынан бастап үйретіп, ұрпағының ертеңіне ерекше мəн берген» — деп, Н. Елікбаев өз еңбегінде көрсетеді [4].

Қазақ дəстүрінде жастардың үлкендер бар жерге адуындап кіріп, асқақтай сөйлеуі сөкеттік саналады. Сырттан жасы үлкен адам кірген кезде орнынан тұрып қарсы алу, оларды атқа қолтығынан демеп мінгізу, сөйлесу, əңгімелесу барысында ізет пен ілтипат танытып отыру секілді жасы кішілерге тəн əдеп салттары бар. Осы орайда ата жолын, қонақ кəдені, сыбағаны, жеңге назын, келін ізетін, күйеу мізетін, сəлем салуға, көңіл айтуға деп қойған ұл мен қыз осындай ұғымдардың тек атын ғана емес, затын да білуге талпынатынына шек келтіруге болмайды.

«Ердің де, əйелдің де өзіне тəн тиісті міндеттері бар. Тиісті міндеттерін дұрыс бөліп атқарса, онда қуаныш та, өмір мəні де толық болады», — делінген Құранда. Əйелдің міндеттерінің ең қасиеттісі — бала туу, оны шыр еткеннен тəрбиелеп өсіру, жеткізу. Еркек бұл кезде тек қосалқы көмек бере алуы мүмкін. Бұл шақта анадан өзге ешкім де сəбиге қамқор бола алмайды. Сол себепті сəби сезіну түйсігі арқылы анасынан қамқорлық пен қорған табады. Ана мен бала арасындағы өте нəзік дəнекер-талшықты табиғаттың өзі қалыптастырған. Сол себепті де əйелдер өте нəзік, ер адамның қорғауы мен көмегіне зəру.

Отбасының ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда алатын орны маңызды. Ұлттық психологияның құрылымдық күрделі элементтерінің бірі — ұлттық сана-сезім. Ол қоғамдағы өз орнын түсінудің белгілі бір сатысына жеткен этникалық-əлеуметтік топтардың тарихи формасы ұлттарға тəн. Э.Ренан «ұлт — адамдардың бірге өмір сүруге келісушілік тілегі» десе, Ф.В. Бромлей: «Ұлттық сана-сезім — адамдардың өз этносының қасиеті туралы көзқарасы, халықтың психикалық қоймасы мен мəдениеті көрінетін көзқарасы», — деген. Ұлт бар жерде ұлттық сезім де бар жəне оны құрметтеу заңды.

Ұлттық ерекшеліктердің өзі ұлттардың табиғатымен шарттас, олардың дамуының тарихи жағдайларына байланысты. Ұлттық сана-сезім дегеніміз — өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып, ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын, мақтанышын бағалай білу [5].

Ұлттық сана-сезім өз ұлтының əлеуметтік-этникалық мəнін түсіну, ұлтаралық қатынастарда қандай жағдайға ие екендігін, жалпы адамзат дамуында қандай үлесі барын ұғыну, əрі өзге халықтармен бірдей бостандықта өмір сүруін т.б. жағдайларды жете түсіну болып табылады. «Ұлттық сана-сезімнің пайда болуы халықтардың тарихи дамуының ерекше кездерімен байланысты», — дейді Ф.В. Бромлей өз еңбегінде.

Ұлттық сана-сезімнің қалыптасуында рухани-мəдени шығармалар, ұлттық рухани мұралар үлкен роль атқарады. Ұлттық сана-сезімді əрбір топ өздігінше қалыптастырып, негізгі топтық мүддеге, мұқтаждыққа, тілегіне, талабына сай жүзеге асыруға тырысады.

Ұлт өкілі алдымен өзінің сол ұлт мүшесі екендігін мойындамаса, оның барлық өміріндегі тарихи-əлеуметтік, саяси жəне мəдени құбылыстарына, жеріне, еліне, халық батырларына, қайраткерлеріне т.б. деген мақтаныш сезімі, қуанышы болмаса, онда шындыққа толы шынайы ұлттық сана-сезімнің болуы мүмкін емес. Соған сəйкес ол ұлттық психологиясын алдымен өз ұлтын сезінуден, оған жауапкершілікпен қараудан бастауынан қарастыру қажет. Ұлттық ерекшеліктердің өзі ұлттардың табиғатымен шарттас емес, олардың дамуының тарихи жағдайларына байланысты. Ұлттық сана-сезімді ұлтшылдық көріністен ажырата білу керек. Ұлттық сана-сезім ұлттық өмірдің табиғи компоненті болса, ұлтшылдық ұлттық сана-сезімнің бұлмаланған, жалған түрі болып табылады. Адамның рухани байлығы оның ұлттық сана-сезімімен байланысты.

Рухани байлық көптеген фактілерді жинап, оны ұмытпауға тырысу жəне сол фактілердің қандай заңдылықтарға бағынатынын білуде. Əрбір адамның рухани өмірінің байлығы оның ұлттық қадір- қасиетімен де өлшенеді. Ұлттық өзіндік сананы зерттеуде Б.Ф. Поршнев «біз — адамдардың еліктеу, еру, норма, тəртіптерді меңгеруі» десе, «олар — осы механизмдердің негізінде бір қауымның екіншісінен бөлектенуі», деп көрсетеді [6].

Сонымен ұлттық сана-сезім əрбір ұлттың ажырамас бөлігі ретінде, адамның күнделікті тұрмысында көрінетін, өз ұлтының мəдени-тарихи дамуына көзқарасын білдіретін компонент болып табылады.

Этнос дегеніміз — тарихи даму барысында құрылған адамдар тобы. Өз ұлтының пайда болуына деген қызығушылық əр түрлі формада көрінеді. Ол ұлттық біртектілік ұғымымен байланысты. Бұл ұғым ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған. Этникалық біртектілік дегеніміз — жеке адамның əлеуметтік біртектілігінің бір бөлігі. Оның екі компонентін бөліп көрсетуге болады. Олар: когнитивті (өз тобы туралы білімдер жəне сол топтың мүшесі ретінде сезінуі) жəне аффективті (өз тобының сапаларын бағалауы). Балада отбасында тəрбиелену барысында ұлттық біртектілік ата- анасының ұлтына, тұрып жатқан жеріне, тіліне жəне мəдениетіне байланысты.

Баланың бойындағы ұлттық біртектілік жасөспірімдік шақта этникалық топқа жататындығы, эмоционалдық бағалаушылығы арқылы көрінеді. Ұлттық біртектілік адамның полиэтникалық немесе моноэтникалық ортасына да қатысты. Этникалық біртектілік процесі адамның бір топтың мүшесі деп сезінуіне ғана байланысты емес, сонымен қатар топтың индивидті қабылдауына да байланысты болады. Ол адамның жүріс-тұрысында, қоршаған ортаға бағдар жасауында жəне бағыттылықтарында көрінеді. Д. Мид пен Г. Теджфел біртектілік этнос аралық қарым-қатынаста қалыптасады деп көрсетеді. Э.Эриксон əлеуметтік психологияда біртектілікті қарастыруда идеологияның əсері ерекше екендігін көрсетеді. Ал этнопсихологияда — біртектілікті танымдық процестерімен, таптаурындармен, бағыттылықпен жəне фрустрация, агрессиямен бірге қарастыра отырып, ұлттық біртектіліктің бес типін бөліп көрсеткен.

Ұлттық біртектіліктің типтеріне қалыпты, этноцентристік, этнобасымдылық біртектілік, этникалық фанатизм жəне этникалық индеффиренттік жатады.

Ұлттық сана-сезім индивидтің өз ұлтына деген қатынастарын айқындау формасы ретінде үш элементтен тұрады. Олар: а) адамның белгілі бір ұлттың өкілі екенін сезінуден; ə) сол ұлттың жетістіктерін мақтан тұтудан; б) ұлттық жəне өзінің ұлтқа тəндігін қадірлеу.

Адам өз ұлтының құндылықтарын, ережелерін меңгере отырып, ұлттық мəдениеттілікке көтеріледі. Сезім алдымен дара көрінетін психологиялық қалып, ол өнер арқылы қоғамданып жалпыланады, яғни ұлттық сезімнің де қоғамдануы, өнер мен мəдениет негізінде болады. Əр адам өз ұлтының мəдениетін, басқа да құндылықтарын неғұрлым тереңірек білсе, соғұрлым ұлттық сана- сезімі жоғары деңгейде болады.

Ұлттық сананың қалыптасуындағы мəдениет, өнер рольдерін ашуда Л.С.Выготскийдің триадасы «сана — мəдениет — жүріс-тұрыс» туралы пікірін тікқары қалдыруға болмайды. Себебі əр ұлт өзінің ұлт болып қалыптасуында өзінің рухани мəдениеті: əдебиеті, өнері, ғылымы арқылы мінез-құлық, сана-сезім ерекшеліктерін анық көрсетеді. Қандай да болмасын халықтың өмір ұзақтығы, мəдениетінің ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ұлт бастамасы «баланың» өз мəдениетіне ену мүмкіндігімен анықталады.

Баланың тілі шыққаннан бастап, оның ой-сезімі, санасы бесік жыры арқылы қалыптасып, қанына сіңе бастайды. Өйткені бала жастайынан ауыз əдебиетінің асылдары арқылы ұлттық сана-сезімін жетілдіріп, қалыптастырады. Ұлт өкілінің əлеуметтенуі, яғни ұлттық сана-сезімнің жетілуі, оның өз ұлтының құндылықтарын ажырата білуінде көрінеді. Ендеше ұлттық өзіндік сананың қалыптасуы əлеуметтік процесі барысында мəдениет арқылы жүзеге асады. Ұлт өкілдерінің рухани мəдениетті, яғни халық əндерін, ертегілерін, салт-дəстүрлерін жəне т.б. білу деңгейі, ұлттық сана-сезімнің дамуына əсер етеді.

Мəдениет мазмұнының əсерін өлшеуде, дəстүрдің əр түрлі элементтері: құндылықтар, ережелер, салттар т.б. негізі құрылым компоненттері алынады. Г.Тормандистің пікірінше, оны мəдени синдром деп атай отырып, бұл мəдени синдромның санасын анықтауда жеке адамның автономдық бағдары алынса, ал оның жалпы халықтық сипатын мəдени синдромның отбасына, руға, т.б. тигізетін əсерін анықтауға болады, деп көрсетеді.

Адам өз халқының салт-дəстүрлерін, мəдениетін, əдебиетін терең білген сайын, оның ұлттық сана-сезім деңгейі жоғары дəрежеде болады. Біз оны қазақ ұлтының туыстық қарым-қатынасын анықтауға бағытталған зерттеу нəтижелерін талдау барысында сипаттап көрсетеміз.

Зерттеу барысында қазақтың туыстық қарым-қатынас ерекшелігін анықтау сұрақнамасын оқушылар мен ересек адамдарға жүргіздік. Бұл зерттеу оқушылар мен ересек адамдардың қазақтағы туыстық қарым-қатынастардың ерекшеліктерін білу деңгейін, яғни білімдерін анықтау мақсатын, қояды.

Сұрақнаманың жауаптарын балдық көрсеткіштермен белгілеп, соңынан контент-талдау əдісінің көмегімен пайыздық (%) көрсеткіштерін есептедік.

Нақты сұрақнаманың нəтижесіне жүгінсек, екі топтың да білім деңгейлері өте жақсы деген көрсеткішті көрсетті. Нəтижесінде оқушылар сұрақнамаға жауап беруде өз жұртының туыстық қатынастары бойынша 30%, нағашы жұрты бойынша 50 %, ал қайын жұрт бойынша 20% білім деңгейлерін көрсеткен. Ал ересек адамдар өз жұртының туыстық қатынастары бойынша 50%, нағашы жұрты бойынша 30%, қайын жұрты бойынша 20% білім деңгейлерін көрсеткен (кестені қара.).

Оқушылар мен ересек адамдардың қазақтың туыстық қарым-қатынастары бойынша білім деңгейлері

 

Оқушылардың үш жұрт бойынша, анасы жақтан туысатын нағашы жұртының туыстық ерекшеліктерін 50%-ы біледі екен. Бұл олардың немере мен жиеннің айырмашылықтары, жалпы жиен деп кімді айтады, «нағашылап келу», «қырық серкешті алу» деген не, неліктен «ерке жиен» деп атаудың жауаптарын жақсы білетіндіктерін көрсетеді. Нағашы туысқандарының ішінен, əсіресе нағашы ағалары мен бөлелерін жақсы көретіндіктері, нағашы туысқандардың «қырық серкешті» бөліп беруі, еркелету, бетін қақпай, айтқандарын орындауымен байланыстыруға болады. Ал өз жұрты бойынша, яғни əкесі жағынан туысатын, туыстық ерекшеліктерді 30%-ға білетіндіктерін көрсетті. Бұл немере туысқан деген кім, жеті атаны білудің мақсаты, шөпшек пен туажат туралы түсініктері жайлы білулерін көрсетеді. Ал қайын жұрттың туыстық ерекшеліктерін 20%-ға білулерін, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, яғни қайын жұрттары əлі болмағандықтан, жалпы елестетулері бар екендігі, білімдерінің аз деңгейлілігімен түсіндіруге болады.

Қазақтың туысқандық қарым-қатынасының ерекшелігін анықтау сұрақнамасын оқушыларға жүргізу барысында барлығы өте жақсы білім деңгейін көрсетті. Орта көрсеткіш 83%-ға тең болды. Туыстық қарым-қатынас қазақта бір-біріне қол ұшын беріп, көмек көрсету тұрғысында өзінің кең пейіл, бауырмалдығымен, дархандылығымен, жомарттылығымен айқын байқалады. Оқушылардың туыстық қарым-қатынаста, мəселен, енші беру, нағашылап келу, үлкендерді қадірлеу, жеті атаны білу, əр туыстың орнын, кімнің қалай туысатынын білу, олардың ұлттық əлеуметтену деңгейінің жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» дегенді халық тегін айтпаған. Аға мен қарындастың арасында болатын ерекше туысқандық сыйластықты, жеңге мен қайнысының арасындағы сырластықты оқушылар көрсеткен. Туыстық қатынасы жақын нағашы жұртының ішінен ерекше бөлелерін жақсы көріп, нағашы атасы мен əжесіне, үлкендерге деген сый-құрмет, нəзік ілтипат, кішіге деген қалтқысыз қамқорлық лебі, оқушылардың қазақтың туыстық қарым-қатынастарына ерекше мəн беретіндіктерін жəне ұлттық əлеуметтену деңгейінің жоғарылығын көрсетеді.

Ересек адамдардың əкесі жағынан туысатын өз жұртының туыстық ерекшеліктерін 50%-ға біледі екен. Бұл адамдардың жеті атаға толмаған жағдайда бір-бірімен қыз алыспау, жеті ұрпақты білу, «немеурін» немесе «үме» деген не, аға мен қарындастың қарым-қатынас ерекшеліктерін білулерін, туысқандарының ішінде үш жұрттан өз жұрттарын жақын тұтатындықтарын көрсетеді. Ал анасы жағынан туысатын нағашы жұртының туыстық ерекшеліктерін 30%-ға біледі екен, яғни, жиен, бөле, нағашы аға, нағашы апа туралы білімдерінің бар екендігін көрсетеді. Ал қайын жұртының туыстық ерекшеліктерін 20%-ға біледі екен. Ол үлкен адамдардың құда, құдағи, балдыз, бажа, күйеудің сыбағасы жайлы білімдерінің бар болғанымен, жақын тұтпайдындығымен, алдыңғы қатарларға қоймайтындығымен түсіндіруге болады.

Қазақтың туысқандық қарым-қатынасының ерекшелігін анықтау сұрақнамасын ересек адамдарға жүргізу барысында барлығы өте жақсы білім деңгейін көрсетті. Орта көрсеткіш 87%-ға тең болды. Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұртының туыстық ерекшелігін білу мақсатында қойылған сұрақтарға толығымен жауап берген. Шаңырақты ұстап қалатын кенже бала, қадірлі адам — үлкен аға, аға мен қарындас арасындағы сыйластық, қайнысы мен жеңгесінің арасындағы қарым-қатынас, бөле, жиен, абысындар, бажалар, күйеудің сыбағасы, қайын жұртқа қатысты туыстық қатынастарды білулерін, біріншіден, ересек адамдардың жас ерекшеліктеріне сай барлығының отбастарының болуымен, екіншіден, ұлттық əлеуметтену деңгейінің жоғарылығымен байланыстыруға болады. Халқымыздың ғұрпы бойынша келіндердің күйеуінің туыстарына ат қою, жиендердің «қырық серкешті алуы» нағашысына еркіндігін, еркелігін білдіреді, «сүйек жаңғырту» салтын білулері т.б. халқымыздың тұрмысындағы ғасырлар бойы бұлжымай қалыптасып келген дəстүрлердің əлі де ұмытылмағандығын көрсетеді.

Қорыта айтқанда, егер біз отбасында ұлттық сана-сезім гүл шашқан əрі жеміс беретін ағашқа айналуын қаласақ, онда оны ұлттық топыраққа, мəдени қөректік ортаға отырғызуымыз керек. Сонда ғана оның тамыры ұлттық сана-сезім, ал ұшар басы туыстық қарым-қатынастардың кеңінен дамуына мүмкіндік береді. Бұдан халқымыздың ұлттық рухы көтеріліп, ұлттық сана-сезім өз дейгейіне жете бермек деген ойдамыз.

Əр адам өзінің өмір жолында халқының құндылығын, бағыт-бағдарын дəріс етіп, атадан балаға мұра ретінде қалдыра береді. Сөйтіп, əр ұлт өкілінің əр адамның рухани, мəдени байлығы, ұлттық сана-сезімі өсе береді.

Қорыта келгенде, қазақтың туысқандық қарым-қатынасының ерекшеліктерін оқушылар да, ересек адамдар да өте жақсы деңгейде білетіндіктері, сонымен қатар үш жұрттың ішінен оқушылардың нағашы жұрттың, ал ересек адамдардың өз жұртының туыстық еркешеліктерін жетік білулері, ұлттық əлеуметтену деңгейінің жоғары дəрежеде екендігін көрсетеді. Ал бұл өз мəнінде ұлттық сана-сезімнің қалыптасқандығын білдіреді деп айта аламыз.

Біз алдағы зерттеу жұмыстарымызда тақырыбымыздың мақсатына сəйкес, қазақтың туыстық қарым-қатынас ерекшеліктерінің, оның ішінде жаңсақ нанымдардың да ұлттық сана-сезімнің қалыптасуына əсер ететіндігін эксперименталдық тұрғыда зерттеуді жөн көріп отырмыз.

 

Əдебиеттер тізімі 

  1. Штейнталь Л., Лацарус С. Мысли о народной психологии. Основы этнической психологии / Под ред. А.О.Боронаева. — СПб., 1991. — С. 105.
  2. Бромлей Ю.В. Этнос и этнография. — М.: Наука, 1983. — С.
  3. Джакупов С.М. Теоретические и прикладные проблемы социализации личности. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 2000. — С.
  4. Елікбаев Н. Ұлттық психология. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1992. — 35-б.
  5. Джандильдин Н. Природа национальной психологии. — Алматы, 1981. — С.
  6. Поршнев Б.Ф. Принципы социально-этнической психологии. — М.: Наука, 1987. — С.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.