Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени дамуындағы Д.А.Қонаевтың рөлі

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени дамуына Д.А.Қонаев зор үлес қосты. Ол жай жұмыскерден бастап əлемге əйгілі Кеңес Одағының белгілі партия жəне мемлекет қайраткеріне айналды. Атап өтсе, Д.Қонаев Балқаш, Қонырат, Риддер құрлыстары кезінде басқарушы қызметке ілігіп, кейін Қазақстан Халық Комиссарлар төрағасының орынбасары, Қазақ ұлттық ғылым академиясының президенті, Қазақстанның Министрлер Кеңесінің төрағасы, ал 1964 жылдан 1986 жылға дейін Кеңестер Одағы Коммунистік партиясының Саяси Бюросының мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші Хатшысы болды.

Қай қызметте жүрсе де Д.А.Қонаевтың республикамыздың əлеуметтік-экономикалық жағдайына көп назар аударуында белгілі себептері де болды. 1936 жылы Мəскеудегі түрлі-түсті металдар жəне алтын институтының тау-кен факультетін бітірген жас маман Қоңырат-Балқаш құрлысына арнайы жолдамамен жіберілді. Өткен ғасырдың 30-жылдарындағы жағдайға тоқталып: «Біз ескі буын адамдары Қазақстанның ірі өнеркəсіп орталықтарының қандай қиын жағдайда салынғанын есте сақтап келеміз. Көптеген құрлыстар республиканың ел тұрмаған далалы жəне шөлді жерлерінде салына бастады. Сол уақытты қайта-қайта еске алудың көп себептері бар, өйткені сол кездегі еңбегіміздің қазіргі күнмен сабақтастығы бар, сонымен қатар ол кездегі жұмысымыз біз үшін өмір мектебі жəне ең басты университетіміз болды»,— деп жазды Д.Қонаев өзінің кейінгі кездегі естеліктерінде [1].

Қоңыраттағы жұмыс кезеңінде Мəскеудің əйгілі институтын бітіріп келсе де Д.Қонаев ең басынан «портфельге» таласпай, жарты жыл бойы бұрғылаушы станоктың жұмыскері болып істеді. Осындай қарапайым жұмысшының қызметін атқарғаны оған қатардағы жұмысшылардың жұмысын, олардың күнделікті өмірін жəне психологиясын түсінуге мүмкіншілік жасағандай болды. Осы кезден бастап жас инженер Д.Қонаев қандай қызмет атқарса да, жұмысшылардың əлеуметтік жағдайына көп мəн беретін болды жəне осы маңызды мəселені өз назарынан тыс қалдырған жоқ. Мысалы, Қоңырат, Балқаш жəне Риддер құрлыстарында жұмысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету ең күрделі проблемаларының  бірі  болды,  сондықтан  біртіндеп  басшылық  қызметке  араласқан  жас  инженер тұрғын үй құрлысына көп мəн беріп салынып жатқан жұмысшылар пөселкелерінің тез жəне сапалы салуын күнделікті қадағалап жүрді. Риддерде кен басқармасының бастығы болып тұрғанда ол  кісі осы қаланың əлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосты. Осындай қызметі үшін Д.Қонаев 1939 жылы Мəскеуде М.Калининның қолынан «Еңбектегі ерен қызметі үшін» атты медаль алды.

1942 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде Д.Қонаев Қазақстанның Халық Комиссарлар төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Осы кезенде ол кісінің басқаруымен Қазақстанда көптеген өнеркəсіп орталықтары іске қосылып, олар майданға ерекше көмек көрсетті, əсіресе бұл уақытта Қарағанды, Өскемен, Балқаш, Жезқазған жəне т.б. ірі өнеркəсіп орталықтары қалыптасты, солардың əлеуметтік-экономикалық дамуында Д.Қонаев үлкен қызмет атқарды, сонымен қатар жас мемлекет қайраткері көптеген кездесулерде, митингтерде жалынды сөз сөйлеп еңбекшілерді аянбай майданға көмек көрсетуге шақырды [2].

1952 жылы Қ.Сатпаевтың орнына Д.Қонаев Қазақ Ұлттық ғылым академиясының Президенті болып сайланды. Осы кезеңде Ғылым академиясына 13 адам толық жəне 16 адам корреспондент мүшелері болып сайланды, мұнын өзі республикадағы басты ғылым орталығының жұмысын жақсартып жандандырды. Академия президентінің басқаруымен жаңа перспективтік фундаменталдық жəне қолданбалы зерттеулер жүргізілді, ғылыми жұмыстардың сапалы жүргізілуіне көп көмек көрсетілді, сонымен қатар ғалымдардың өнеркəсіп орталықтарымен байланыстары жаңа деңгейге көтерілді жəне минералдық шикізат комплекстерін қолдануда жаңа ғылыми бағыттар орын алды. 1955 жылы Д.Қонаев Қазақстанның Министрлер Кеңесінің басшысы болып тағайындалғанда, Қазақ ғылым академиясының президенттігіне қайтадан Қ.И.Сатпаевты сайлатқызады [3].

1955 жылдан Қазақстан үкіметінің басшысы қызметінде, кейін Қазақстан Компартиясының Бірінші Хатшысы қызметінде де Д.Қонаев бүкіл Қазақстандағы əлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізуде басты рөл атқарып отырды. 1955–1985 жылдары Қазақстан экономикасы 7 есе өсті [4], көптеген кəсіпорындармен қатар республикада жүздеген жаңа мекенжайлар пайда болды, 63 жұмысшылар поселкелері мен 43 қала салынды [5]. Осы кезеңде көптеген жұмысшылар поселкелеріндегі жəне қалалардағы еңбекшілер сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Əсіресе Теміртау, Арқалық, Жаңатас, Қапшағай, Қаражал, Сатпаев қалаларының əлеуметтік-экономикалық дамуларына үкімет жағынан көп көмек көрсетілді.

Д.Қонаевтың республика астанасы — Алматының дамуына қосқан үлесі өте зор болды. Өткен ғасырдың 30–50-жылдары Алматы қаласында көбінесе 1–2 қабатты тұрғын үйлер жəне қоғамдық ғимараттар болатын, өйткені 1854 жылда салына бастаған қалада бірнеше рет жер сілкіну жəне сел болып оның үйлері мен ғимараттары жермен жексен болған. Осыған байланысты қалада көп қабатты үйлер салынбайтын болды, сонымен қатар халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету басты проблемалардың біріне айналды. Осы проблемаларды шешуде Д.Қонаевтың басқаруымен көптеген мəселелер өз шешімдерін тапты. Оған дəлел ретінде мынандай дерек келтіруге болады — тек 1955– 80-жылдары Алматыда жаңа 12 ықшам аудандары салынып іске қосылды, сөйтіп мыңдаған жұмысшылар мен интеллигенция өкілдері тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Осы жылдары Алматы қаласының жаңа архитектуралық жобасы жасалып, қаладағы барлық құрылыс сол жоба бойынша салынды. Сол жобаны жасауға Кеңес Одағының көптеген қалаларының сəулетшілері тартылып, олар өздерінің əр түрлі архитектуралық жобаларын ұсынып, соларды іске асыруға белсенді қатысты [6]. Енді 1–2 қабатты үйлердің орнына Алматыда бүкіл Одаққа белгілі болған ірі əкімшілік ғимараттар, жəне көп қабатты үйлер мен əлеуметтік құрылыстар көптеп салына бастады. Атап отырған уақытта Алматыда: Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ғимараты, Пионерлер сарайы, Достық үйі, Мемлекеттік цирк, Ғылым академиясының ғимараты, Мемлекеттік музей, жаңа Қазақ жəне Орыс драма театрлары, 25 қабатты «Қазақстан», көп қабатты «Отырар», «Алматы», «Алатау» қонақ үйлері іскек қосылып, қаланың көріктеріне айналды.

Алматыда жаппай тұрғын үй құрылысы жүріп жатса да көптеген адамдарға пəтер алу қиын болды. Сол кездегі қаланың Фрунзе ауданын басқарған Сұлтан Жиенбаев былай деп еске алады: «Бір күні Д.Қонаев үй ала алмай жүрген қаланың байырғы тұрғындарының тізімін сұрады, біз ол тізімді дайындап бердік, бір айдан кейін Алматының жер кепе үйлерінде тұратын 20 жанұя жаңа пəтерлерге көшті» [7]. Осы оқиға нені көрсетеді? Көп адамдардың, əсіресе қарттардың үй ала алмай жүргенін білетін Димекең мүмкіншілік болғанда оларға өзі кірісіп үй бергізіп тұрған, сөйтіп, ол кісі қаланың байырғы тұрғындарының қамқоршысы болғанын байқаймыз.

Осыған орай тағы бір мысал келтіруге болады. Д.Қонаев əйгілі композитор Ш.Қалдаяқовтың əндерін жақсы көрген екен. Бірде ол кісі атақты композитор Н.Тілендиевке Ш.Қалдаяқовты шақырып кел деп тапсырма береді. Бірнеше күннен кейін Ш.Қалдаяқов Н.Тлендиевпен бірге Д.Қонаевтың қабылдауында болады. Осы кездесуден кейін Д.Қонаев Шəмші Қалдаяқовқа  Алматының орталығынан үй беруге жəне оның шығармаларын басқызып шығаруына көмек көрсетеді.  Бұл дерекке қарасақ, Д.Қонаев қазақ өнерінің əйгілі өкілдерінің əлеуметтік жағдайына көп мəн бергенін байқауға болады.

Сонымен қатар аталып отырған кезеңде республика астанасында ірі спорт нысандарын салу қолға алынды, солардың ішінде: 5 мыңдық Спорт сарайы, Алатау қойнауында əлемге аты шыққан «Медео» мұз айдыны жəне 30 мың көрерменге арналған Республикалық Орталық стадион т.б. атауға болады.

70-жылдары Алматы өңірі су тапшылығын көп көрді, сондықтан осы проблеманы шешу үшін Қазақстан үкіметі Мəскеуден көмек сұрады, бірақ Орталық шешім қабылдауға асықпады. Сондықтан осы мəселені шешуге Д.Қонаевтың өзі кірісуге мəжбүр болды, ең соңында ол кісінің көмегімен ірі Бартоғай су қоймасы жəне ұзындығы 168 км Үлкен Алматы каналы іске қосылды. Осының нəтижесінде Алматы облысының көптеген жерінде егін бақшаларды суландыру мəселесі шешілді [8]. Ол кезде Қазақстанда əрбір ірі құрылыс салу үшін Орталықтың (Мəскеудің) рұқсаты керек болатын, осындай жағдайда тіпті Д.Қонаевтың өзі əр түрлі амал пайдаланатын, мысалы, Алматыда үлкен монументалды сарайды салуға Одақтық үкімет рұқсат бермегенде, ол: «Салынатын ғимарат Лениннің 100 жылдығына арналып, оған көсемнің аты беріледі» деп Д.Қонаев хабарлаған соң, Мəскеу рұқсат беруге мəжбүр болады. Сөйтіп, ол кісінің тапқырлығының арқасында қазіргі ерекше үлкен жəне салтанатты Республика сарайы тез арада салынып болды. Осылай Д.Қонаевтың КСРО басшыларымен сөйлесе білуі, көптеген жағдайда оларды көндіре білуі Қазақстан  жағынан    баратын бірқатар ұсыныстардың өтіп кетуіне жағдай жасайтын [9].

1955–1985 жылдары Қазақстан экономикасында орасан зор өзгерістер, көптеген ірі кəсіпорындар жəне өнеркəсіп орталықтары қарқынды жұмыс істеді. Мысалы, республика түрлі-түсті, сирек жəне қымбат металлдар шығару бойынша Одақта ерекше орын алатын болды. Бұл дəрежеге жетуге Өскемен тау-кен, Лениногор жəне Ащысай полиметалл комбинаттары, Зырян қорғасын, Павлодар алюминий, Шымкент қорғасын, Ертіс химико-металлургиялық зауттары жəне т.б. зор үлес қосты. Олар жыл сайын жаңа қуаттарды іске қосып, өздерінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартып отырды [10].

Д.Қонаевтың қатысуымен Қазақстанның қара металлургиясы зор жетістіктерге жетті. Атап отырған кезеңде Соколов-Сарыбай жəне Лисаковск кен байыту комбинаттары Қазақстан мен Оралдың ірі металлургия орталықтарына айналды [11]. Сонымен қатар Қарағанды металлургия комбинаты КСРО Үкіметінің Қаулысымен салынып, оның негізгі салалары жұмыс істей бастады, бұл алып кəсіпорында болат, құрыш жəне ақ қаңылтыр қарқынды шығарыла бастады [12]. Осы кезеңде Ермак жəне Ақтөбе ферросплав зауыттары іске қосылып өздерінің толық қуатына жетті.

Машина жасау жəне металды өндеу, республиканың ірі салаларына айналды, мысалы, Павлодар трактор, Целиноград ауыл-шаруашылық машина жасау, Қарағанды, Петропавл, Орал, Алматы машина жасау зауыттары іске қосылып, əр түрлі өнімдер беріле бастады.

Осы кезеңде Қазақстанның шикізат өңдеу жылу-энергетикалық ресурстарын пайдалануда белгілі өзгерістер болды. Соған байланысты Қарағанды жəне Екібастұз көмір бассейндері қарқындарын күшейтті, Шевченкода пластмасс, Қарағандыда резина-техникалық бұйымдар, Павлодар жəне Шымкент мұнай өңдеу зауыттары, Екібастұз, Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай ГЭС-і», Қарағанды ГРЭС-і жəне Маңғыстауда орта қуатты атом электростанциясы т.б. іске қосылды [13].

Республиканың экономикасындағы ауқымды өзгерістер жергілікті жəне жеңіл өнеркəсібінде айқын байқалды, осы кезеңде Алматы мақта-мата, Қостанай мата, Өскемен жібек комбинаттары өздерінің толық қуатына жетті, ал Семей, Көкшетау, Қарағанды, Шымкент, Алматы қалаларында ірі тігін фабрикалары өздерінің сапалы өнімдерін бере бастады [14].

Өткен ғасырдың 50–70-жылдары Қазақстанның ауыл-шаруашылығы үлкен жетістіктерге жетті. Солардың ішінде қомақтысы — республикада тың жəне тыңайған жерлерді игеру болды. Бұл бүкілхалықтық науқанды көрсеткен КСРО тарихшылары біраз жылдар бойы Н.С.Хрущев пен Л.И.Брежневтің рөлдерін ерекше бағалап, оларды науқанды ұйымдастырушы, басқарушы жəне іске асырушы ретінде мадақтап бақты. Шын мəнінде тың жəне тыңайған жерлерді игеру кезінде оның басынан аяғына дейін жүргізілген жұмыстарында Қазақстанның басшысы ретінде Д.Қонаевтың қосқан үлесі зор болды. Тың жерлерді игеру кезеңінде ол кісі көктем, жаз жəне күз мезгілдерінде республиканың солтүстік аймақтарында міндетті түрде болып тұрды жəне өзінің көптеген сапарлары кезінде тың игерушілерге нақты көмек көрсетіп, олардың əлеуметтік жағдайын жақсартуға көп мəн беріп тұрды. Бүкіл Кеңес Одағында 42 млн гектар тың жерлер игерілсе, оның 25 млн гектары Қазақстанда игеріліп, мұнда 300 астам жаңа совхоздар пайда болды, мыңдаған км жолдар, 70 астам жаңа элеваторлар салынды. Соның нəтижесінде тың жəне тыңайған жерлерді игерудің арқасында Қазақстан мемлекетке астық беруді 6 жарым есеге көбейтті [15], сөйтіп Қазақстан КСРО-ның ірі астық беруші аймағына айналды.

Сонымен қатар Д.Қонаев Мəскеудің кейбір ұсыныстарын өткізбеуге мəжбүр болды, мысалы, Павлодар қаласын Хрущевград деп атау туралы, Маңғыстауды Түркіменстанға беру туралы. Н.С.Хрущевтың кезінде Оңтүстік Қазақстанның кейбір жері Өзбекстанға берілсе де, кейінгі уақытта Д.Қонаев сол жерлердің бірқатарын қайтарып алды.

Д.А.Қонаевтың Қазақстан мəдениетін дамытуға зор үлес қосқаны туралы айтып кеткен жөн. Осыған орай ол кісінің бұл саладағы əлеуметтік-тұрмыс мəселелерінің бірқатарын шешкені болды Мысалы, көптеген мəдениет саласындағы адамдардың тұрғын үй мəселесін шешуге көп көмек көрсетті. Осы жылдары Қарағанды, Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында жаңа театрлар салынып, іске қосылды, «Қазақфильм» киностудиясы, Қазақ мемлекеттік университетінің қалашықтары пайда болды. 1972 жылы Қарағанды қаласында республикадағы екінші университеттің ашылуы білім жəне ғылым саласындағы белгілі оқиға болды [16]. Д.А.Қонаев Қазақстан мəдениетінің əр түрлі салаларының дамуына мəн беріп, олардың жандануына көп көмек көрсетіп отырды. Олардың ішінде: əдебиет, театр, кино өнерлерін атап кетуге болады, мысалы, Д.Қонаев əрбір спектакль, кинофильм премьераларында міндетті түрде қатысып, өзінің ақыл-кеңесін жəне ұсыныстарын беріп отырған. Сонымен қатар нақты Д.Қонаевтың қолдауымен М.Əуезов Ленин сыйлығына, көптеген қазақ өнер қайраткерлері, КСРО-ның Мемлекеттік сыйлықтарына ие болды. Д.Қонаевтың өзі де мемуарлық əдебиетке белгілі үлес қосты, осыған байланысты ол кісінің «О моем времени», «От Сталина до Горбачева» деген еңбектерін атап кеткен жөн.

Д.Қонаев қазақ мəдениетінің, оның өкілдерінің қорғаушысы да бола білді. Өткен ғаксырдың 70- жылдарының басында белгілі ақын О.Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабы шықсымен, Мəскеуде шығатын «Звезда», «Москва», «Молодая гвардия» журналдары бұл ерекше жазылған еңбекті қатты сынға алды. Сол кездегі Коммунистік партияның екінші адамы М.Суслов бұл кітапты «ұлтшылдық сипатта жəне орыс халқына қарсы бағытта жазылған еңбек» деп көрсетіп, «Аз и Я» кітабының авторын жазалау керек деген мəселе көтерген [17]. Осы нұсқауды ұстанып, КСРО-ның көптеген газет-журналдары қазақтың жас ақынын əр түрлі негативті түрде көрсетіп, оны құдалаудың идеологиялық негіздерін қалыптастырды. 70-жылдардың басында кеңестік ақпарат құралдары Олжас Сүлейменовты «пантюркизм», тіпті «сионизмге» берілген коммунистік қоғамға қауіпті адам» деп көрсете бастады [18]. Осы кезеңде талантты ақын жəне зерттеушінің басына қауіп төнгенін сезген Д.Қонаев сол кездегі Коммунистік партияның басшысы Л.И.Брежневпен кездесіп, сол кісі арқылы О.Сүлейменовты қуғын-сүргіннен құтқарып алды [19].

Д.Қонаевтың тікелей ықпалымен 60–80 жылдары бір кезде саяси репрессияға ұшыраған қазақ халқының зиялы өнер қайраткерлері: М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, М.-Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, И.Жансүгіров, Б.Майлин т.б. ақтала бастады, қазір ол кісілер тарихтағы өз орындарын толық  алды  деп  айтуға  болады  [20].  Сонымен  қатар  1951  жылы  Мəскеудің  шешімі      бойынша «клерикалдық  жəне  халыққа  қарсы  бағытталған»  деп  тыйым  салынған  атақты  қазақ     эпостары: «Қорқыт», «Алпамыс», «Ер-Сайын» жəне «Қобыланды батыр» қайтадан басылып шыға бастады [21]. Осы кезеңде Қазақстанның тарихына жəне тарихи мұрасына көп мəн берілді, Ұлттық ғылым академиясы республиканың көптеген жерлеріне археологиялық жəне этнографиялық экспедициялар ұйымдастырды. Түркістандағы жəне Тараз қалаларындағы тарихи ескерткіштерді зерттеу жəне қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіле бастады. Жыл сайын Д.Қонаев уақыт тауып, аталған қалаларда болып, соларда жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып тұрған.

Республика басшылығының нақты көмегімен білім, ғылым, кино өнері жəне бейнелеу өнерінде көп жағымды жаңалықтар болды, осы жылдары Ə.Қастеев атындағы Республикалық бейнелеу өнері музейі жаңа зəулім ғимаратқа орналасты. Сонымен қатар елмізде радио жəне телевидение жұмысы жаңа деңгейге көтерілді, мысалы, бірнеше каналы бар телестудиялар республиканың барлық облыс орталықтарында жұмыс істей бастады [22].

Д.А.Қонаев басқарған жылдары Қазақстан əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени даму жағынан Кеңес Одағында Ресей, Украинадан кейінгі үшінші орынға шықты. Республиканың атағы жалғыз Одақ көлемінде емес, сонымен қатар халықаралық аренада белгілі бола бастады.

Əрине, Д.А.Қонаевтың осындай орасан зор еңбегін КСРО-ғы басқарушы Коммунистік партия жəне Кеңес үкіметі жоғары бағалады, ол кісі үш рет Социалистік Еңбек Ері атағын алып, 8 мəрте Ленин орденімен жəне шетелдік мемлекеттердің 12 наградаларымен марапатталды [23].

Қазіргі кезде Кеңес Одағының тарихына, оны басқарған белгілі мемлекет жəне партия қайраткерлеріне деген əр түрлі көзқарас қалыптасып жатыр. Сондықтан СОКП-ң атақты қайраткері, кеңестік Қазақстанды жарты ғасыр басқарған Д.А.Қонаевтың өмірі мен қызметі  зерттеушілерде заңды қызығушылық тұғызады, оларды əр түрлі тұжырым жасауға, заманға тарихи тұлғаларға баға беруге итермелейді. Осы жағынан қарасақ, Д.Қонаев өзінің асқан білімділігіне сүйеніп, басқарушы Коммунистік партияның аса беделді қайраткері ретінде СОКП-ның саясатын екпінді жүргізуге мəжбүр болды жəне бұл жағынан үлкен дəрежеге, көптеген жетістіктерге жетті. Сонымен қатар Димекең КСРО-ның белгілі қайраткері бола тұра өзінің халқына жəне Отаны — Қазақстанға орасан зор еңбек сіңірді. Кеңес Одағының басшылары жүргізген кейбір китұрқы саясатқа қарамастан, ол кісі республикамыздың əлеуметтік-экономикалық дамуына, мəдениетіміздің жандануына ерекше үлес қосты. Сондықтан Қазақстанның өнеркəсіп салаларының ауыл шаруашылығының, мəдениеті мен ғылымының ерекше дамуы Д.Қонаевтың атымен тығыз байланысты. Қандай қызмет атқарса да, ол кісі өзінің ұлтжандылығын, туған жеріне деген патриоттық сезімін анық байқатып отырды.

Өзінің өмірі мен қызметі туралы белгілі публицист Геннадий Толмачевке 1991 жылы берген сұхбатында ол кісі былай дейді: «Мен ұзақ өмір сүрдім жəне ол өмірде көп жақсылықтар да жəне қиыншылықтар да болды, бірақ бұл менің өмірім болды. Жас кезімде алдыма қойған мақсатымды орындадым деп айтуға болады. Мен өмір бойы өз халқыма адал қызмет еттім жəне осы принципті өмірімнің аяғына дейін ұстанам. Осыған орай өткен өміріме өкінішім жоқ жəне ешкімге ренішім де жоқ».

Қызметтен кетіп құрметті демалыста болса да Димекең өз халқының зор құрметіне бөленді. Мысалы, 1992 жылы Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қор құрылған болатын. Оның мақсаты — Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайту, елімізде жүргізіліп жатқан саяси жəне экономикалық реформаларға қолдау көрсету, қазақ халқының тарихи, мəдени жəне рухани мұрасын игеріп, оның өркендеуіне септігін тигізу болды. Аталған қордың қызметі Димекеңнің өмір бойы іске асырған жұмыстарының аз да болса жалғасы болып отырған жайы бар.

Тоталитарлық жүйеде қызмет атқарып, КСРО сияқты алпауыт державаның ірі қайраткерлерінің қатарына көтерілген қазақ халқының ардақты ұлы Д.А.Қонаевтың зор еңбегі қазіргі тəуелсіз Қазақстанда да жоғары бағаланады жəне құрметтеледі. Д.А.Қонаев өмірден өткен соң, 1994 жылы Д.А.Қонаевты еске қалдыру жөнінде ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев қол қойған арнайы Жарлық шықты [24]. Соған орай ол жұмыс істеген мекемеге, институтқа оның аты берілді. Тек Алматыда ғана емес, республиканың жер жерінде, елді мекендерде Д.Қонаев атындағы көшелер бар, сонымен қатар Алматыдан бастап басқа мекендерде де ескерткіштер қойылып жатыр.

Ұлы тұлғаның өмірі халыққа өнеге дейміз. Бұл ретте оның атындағы музейдің орны бөлек. Онда Димекеннің  көзіндей болған жəдігерлер жинақталған. Дəл осы күндері, Дінмұхамед     Ахметұлының 100 жылдығына орай, ол тұрған үй де музей-үйге айналып, есігін халыққа айқара  ашты. Қазақстанның Президенті Н.Назарбаев өзінің «50 встреч с Кунаевым» деген кітабында былай деп жазады: «Дінмұхамед Ахметұлы шын мəнінде заманымыздың əйгілі саяси қайраткері болды... Сол кездегі системада Д.Қонаев көп жылдар бойы өте қиын жағдайда үлкен қызмет атқарды... Сондықтан ол кісі Қазақстан тарихындағы ерекше ірі тұлға ретінде қала береді» [25]. Елбасының осы сөздерін негізге алып, қазіргі қазақ тарихшыларының алдағы уақытта да Д.А.Қонаевтың Қазақстанды дамытудағы партиялық-мемлекеттік ерекше қызметін əрі қарай терең зерттеп, оның көптеген жақтарын тарихи-объективтік көзқараспен көрсете беру керек.

 

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Kunaeev D.A. About my time. — Almaty: Dauir, 1992. — 314
  2. Everything for the front, everything for victory! // Documents and photos / Composer: N.Buhonova, N.P.Kalita. — Alma- Ata: Kazakhstan, 1985. — Р. 67.
  3. Kazakhstanskaya pravda. — 1955. — March, 23.
  4. Talimjanuly D. A.Kunaeev. Кreml kushagynyn kyspagy // Egemen Kazakhstan. — 2012. — January, 16. — P. 10.
  5. Jienbaev S. He served the country and people // Kazakhstanskaya pravda. — 2012. — January, 12. — P.
  6. Central State Archive of the Republic of Kazakhstan. — 1965 fund. — 2 list. — 515. — 64 р.
  7. Malachoy O. Who holds the name of the story // Kazakhstanskaya pravda. — 2012. — January, 13. — P.
  8. Sabden He lives in the memory of the people. On the 100th anniversary of the D.A.Kunaev // Kazakhstanskaya pravda. — 2012. — January, 14. — P. 2.
  9. History of Kazakhstan (since ancient times to the present). In five volumes. — Vol.5. — Almaty: Atamyra, 2010. — P.
  10. Central State Archive of the Republic of Kazakhstan. — 1965 fund. — 2 list. — 515. — 59
  11. Shaymuhanov D. Iron and steel industry. — Alma-Ata: Kazakhstan, 1966. — P.
  12. Archive of the President of the Republic of Kazakhstan. —708 fund. — 31 list. — 39. — 13
  13. Kahn G. History of Kazakhstan / Tutorial. — Almaty: Arkaim, 2002. — P.
  14. Kazakh SSR: A Brief Encyclopedia in 4 — Vol. 2. /Ed. calls.: S.A.Abdildin, I.A.Abugaliev, etc. — Almaty: Main. Revision of the Kazakh Soviet Encyclopedia, 1988. — Р. 338.
  15. Berkhin I.B. History of the USSR (1917–1978) / Tutorial. — Moscow: High School, 1979. — P.
  16. History of Kazakhstan (since ancient times to the present): In five vol. — Vol. 5. — Almaty: Nauka, 1980. — P.
  17. History of Kazakhstan: A Manual for Students. — Almaty: Kazintergraf, 1998. — P.
  18. Olzhas Suleimenov. Essays, journalism. Poems, poems. AZ-i-IA. — Alma-Ata: Zhalyn, 1989. — P.
  19. History of Kazakhstan (since ancient times to the present): In five vol. — Vol. 4. — Almaty: Atamyra, 2009. — P.
  20. History of Kazakhstan since ancient times to the present (Essay). — Almaty: Dauir, 1993. — P.
  21. Аdambekov B.К. History of the Russian Empire, the Soviet state and the CIS in the XX century: A tutorial. — Karagandy: Pub- lishing house KarSU, 2005. — P.
  22. Rysbayev History of the Republic of Kazakhstan. A textbook for university students. [History of the Republic of Kazakh- stan. A textbook for university students] — Almaty: Bilim, 2002. — P. 350.
  23. The first person in the country: political portraits (in terms of history and modernity) / Eds: Aben, E.Aryn and etc. — Almaty: Kazakhstan damu instituty, 1998. — P. 321.
  24. Jienbaev S. Elin tanytkan er //Kazakhstanskaya pravda. — 2012. — January, 12. — P.
  25. Dysenbaev G. He will be remembered by the people // Kazakhstanskaya pravda. — 2012. — January, 11. — P.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.