Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тарихи санадағы рухани ізденістер

Ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, ата-баба дəстүрінен рухани құндылықтарды баянды етуде ұлттық рухты дəріптеу шарт. Бұл жерде ұлттық құндылықты айқындаушы фактор ретінде əрі оның өзектілігін айқындауда халқымыздың тыныс-тіршілігінің көзі ұлттық таным алыс замандар қойнауынан қайта жаңғыруда. Бұл өз кезегінде халқымыздың ұлттық негізінен бастау алатын басты факторлардың бірі екендігін əйгілей түседі.

Халқымыздың жүріп өткен күрделі де көпқырлы тарихын айқындайтын, қадір-қасиетін танытатын, сайып келгенде оның рухының өміршеңдігін негіздейтін – бұл ұлттық сана. Ел тарихында ұлттық болмысқа жəне санаға бағытталған құндылықтарды айқындау мен оларды сараптау - осы құндылықтардың көпшілікті шоғырландыра, рухтандыра, біріктіре алатындай күші мен əсер етуін жүзеге асыратын ұрпақтар сабақтастығының ықпалды да белсенді ролі қазіргі таңда биіктен көрінуде. Бұл еліміздің сан ғасырлық тарихына, ұлтымыздың ұлы перзенттеріне, олардың асыл  мұратына,

ата-жұртымызға арналған мəңгілік ескерткіші іспеттес. Шын мəнінде, бүгінде мағынасы  терең осынау тарихи мұралардың мəн-мазмұнының тереңінен ашылуы тарихи əділдіктің салтанат құруын айғақтайды. Халқымыздың рухани мұралары ұрпақтар байланысын жəне уақыт үндестігін білдіреді. Бұл — ата-бабамыздың рухына тағзым етіп, жас ұрпақты ізгілікке, отан-сүйгіштікке бағыттайтын бағыт-бағдар. Міне, сондықтан да қазіргі өркениет «жедел» алға басқан сайын келер ұрпақ үшін оның маңызы зор демекпіз.

Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың: «Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі жəне болашақтағы – тарих толқынында өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр. Бірақ бұл мүмкіндік қана: ол шындыққа, қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет» [1], — деп атап өтуінде өмір ақиқаты бар екендігі байқалады.

Ұлттық тарих қойнауынан бастау алатын күнделікті өмір тынысы ата-баба жəне олардан қалған рухани мұраларға деген жауапкершілік арасындағы үзілмес байланыс өз маңызын жоймақ емес. Сондықтан да ұлт тарихымен байланысты ұлттық рухтың тұлғалық көріністерінде «үнемі дəстүрлілік үрдісі сабақтасады. Дəстүрлілік үрдісі ұлттық санада орнығады, ал ұлттық сана өзінің толық көрінісін ұлттық   мəдениетте   табады».   Кез   келген   халықтардың   мəдени   орталарында   олардың   өзіндік «ұмтылыстары мен мақсаттары жүзеге асырылады. Мəдениеттің деңгейлері мен типтерінде ұлттық өзіндік сананың құндылықтары мен қасиеттері өлшенеді. Ұлттық мəдениет дəстүрлері, ұлттың еңбекке икемділігінен, қауымдастықтардың əдептері мен əдеттерінен, бірлесе өмір сүруінен, ата-баба рухына табынудан, бейіттерді, ескерткіштерді қастерлеуінен, ата-ана мен бала қарым-қатынасынан, жақсыға ұмтылуынан, бақыт пен əділеттілік үшін күресінен туындайды. Ұлттық мəдениет мəселесі күрделі əрі көп астарлы. Ұлттық мəдениет ұлтқа тəн моральдық құндылықтарды, ұлттың рухани тəжірибесін жеткізуші фактор. Яғни, ұлттық мəдениет — ұлттық сана-сезім өзегі» [2].

Адамзат баласының бойына бітетін небір қасиеттер ең алдымен жеке тұлға — адам арқылы, соның рухани қасиеті, ішкі жан-дүниесі арқылы оның мəдениет деңгейін көрсетеді. Демек, адам мен мəдениет өзара тығыз байланыста дамып, жетіледі. Əркез мəдениет адамның  рухани  болмысы ретінде көрінетіндіктен, адам өз кезегінде мəдениеттің қайнар көзі іспеттес. Мəдениет адамзат баласының рухани қалыптасу, жетілу тарихы негізінде оларды өзара бір-бірінен ажырата қарастыруға болмайды. Жеке адамның даралығы, тұлғалығы оның бойына біткен қабілетіне байланысты анықталады. Адамның рухани болмысы, яғни мəдениетінің жетілуі адам өмірінің мəні болып табылады.

Мəдениет ол адам баласының жан дүниесінің тұңғиық түбінде жатқан болмыстық қасиетінің бастамасы ретінде танылады. Демек, адамның адамшылығын, азаматтығын, болмыстығын оның рухани шығармашылығынан, іс-əрекетінен, бір сөзбен айтқанда, мəдениетінен көреміз. Яғни адам болмысын оның мəдениеттілігінен, шығармашылық мүмкіндіктерінен, өнерінен, т.б. ерекше қабілеттерінен танып-білуге болады.

Ендеше, ерен қасиеттер бойына дарыған, рухани болмысының жоғары дəрежеде жетілуі – дара тұлғалардың мəдениеттілігінің айғағы.

Міне, дана тұлғалардың асқақ адамгершілік қасиеттерін, рухани болмыстары арқылы олардың мəдениетін көреміз. Яғни бұл ең алдымен өз басы өте жоғары дəрежелі мəдениет иелері болғандықтарын айғақтайды. Ой-өрісінің кендігі, рухани келбеті, жалпы өмірі терең адамгершілік мазмұнға ие, даналық мұрасы тəрбиелік мəні жағынан баға жетпес құнды дүние болып табылады. Бүгінде адамгершілікке, мəдениеттілікке, рухани өмірге қарай талпындыратын даналар шығармашылығы, даналық құндылықтар біздің болмыстық негізімізді жоғалтпауымызға ұмтылдырушы негізі құбылыс.

Жалпы дара тұлғалардың философиялық көзқарастарының қалыптасуына негіз болған, əсерін тигізген, яғни ұлылықтарына арқау, даналықтарына бастау болған, бұл — бабалар мұрасы. Ұлтты ұлт, халықты халық ететін, оның ежелгі əдеби-мəдени мұрасы екені баршаға аян. Ес жоқ ерте кезден жасап келе жатқан ауыз əдебиетінің негізі дүниетанымға айналған мəдениетте өз жетістігі бар.

Тарихтың керуен көшінде «сабақтастық» деген ұғым бар. Ғасырлар бойы ауызша тарап, рухани тұтас бір игілік дəстүрін жалғастырып келген, адамзат ұрпағының сонау ежелгі тіршілік болмысымен тікелей сабақтас түйсіну ерекшелігі қайнар бастау ретінде жұртшылық игілігіне айналдырылған. Ғасырдан ғасырға жалғасқан адамзаттық керемет қадір-қасиетке ие болған өшпес  даналық үлгілерінің үрдісті даму жолында өткен кезеңдер игілігі ешқашан да ескерусіз қалмаған.

Халқының мың жылдық даналығын бойына сіңірген ұрпақтар жалғастығының рухани дəнекер ретіндегі ролі зор. Туған халқының басқа елдерді зерде мен зейін, қабілеттілігі арқасында таңқалдырып қана қоймай, еркін елде, азат қонысты өз тарихының жаңа бір кезеңіне бой сермеп, елінің бақытты болашағына сенген еді. Ұлт мүддесіне қатысты зерделі, саналы ой-пікірлерді ортаға салған ұлттың ұлағатты тұлғаларының іс-əрекеті, қызметі ұлттық танымға, рухани өмірге кең өріс əкелді. Халқымыздың азаматтық тарихы жаңаша байыпталған уақытта, ежелгі дəуірден күні бүгінге дейінгі кезең ұлттық мұрат тұрғысынан зерделеніп, кең құлашты зерттеулерді қолға алғызды.

Бірлігінен айрылмаған, ұлттық санасынан арылмаған елдің рухани тізгіні ендігі жерде көркем сөз билігіне көшкен еді. Ежелгі мұра ұлттың тұтастығын сақтауда оның рухына жол беріп, болашаққа бой сермеген, айрықша қуатты құбылыс ретінде өміршеңдігімен елдің көкірек көзін ашты. Ұлттық рухтың ауыр салмағы осы қайраткерлерге түскен еді. Өткен тарихтың руханият арналарын қайта көтеруде көне мұралардың деректану көзі ретінде мəн атқаратындығы айдан анық. Себебі бұл руханияттар ата-бабаларымыздың қайратын, ерлігін, ұлттық рухымызды дəріптейтін танымдық тағылымдары болды. Қайраткерлердің тұлғалық қадір-қасиеттерін танытатын олардың көркемдік үлгі-өрнектер дəстүрі, қоғамдық ой-пікірлері, философиялық көзқарастары – барлығы да өз заманының тілек-талаптарына сəйкес қалыптасқан. Тек сөзімен ғана емес, адамдар мұраты үшін тындырған ісіне қарасаңыз да  дана тұлғасымен дараланып тұрады.

Даналық болмыс адамның өткен-кеткен өмірінің мəнісін, баянды болашақ жайлы мəңгілік ұғымдармен өзектес ой-толғаныстары, тұжырымдары арқылы əрбір дана тұлғаның шығармашылығында өз өрісін аша түскен. Туған жердің топырағын, күллі тіршілік-тынысын сезіну ғана, адам баласының өмірінің мəн-мағынасын танып-түйсіну ғана дара тұлғаны даналықтың шырқау шыңына көтереді. Олардың көтерген мəселелерінің əрбір ой-қорытындыларында көрегендік, философиялық, терең астарлы ой салмағы жатады. Демек, олардың шын мəніндегі дүниетанушылық сыры да осыдан аңғарылады. Дара тұлға бір қалыптан шыққандай өз тегі, өз заманының ортақ ұлы ғана емес, ол қайталанбас дарынды дара тұлғасымен, ой жəне тіл шеберлігімен, ерекше қатынас көзқарасына өзі жасаған төлтумаларында өз қолтаңбасын, өз ой нақышын қалдыра алатын адамдар ғана танылады.

Ұлы тұлғалар — адамдар, əр уақытта мемлекет пен мемлекетті, ел мен елді, жалпы бір өркениет пен екінші бір өркениетті өзара байланыстырушы дəнекері. Ұлы адам деген сөздің өзі адам баласының тіршілгінде, санасында айқындалған, ұғымы жағынан кең көлемді  еншілейтін түсінік екені бəрімізге белгілі.

Адамзат баласына тəн абзал қасиеттердің бəрінің де бастауы рухани мұраларға негізделеді. Кез келген жағдайды жан-тəнімен сезінетін иманды, мінезді қазақтың мəңгілік асыл рухы оның ұлт, мемлекет ретінде сақталып қалуының кепілі болды.

Мұның бəрі əр заманда қалыптасқан философиялық, қоғамдық, саяси жəне əлеуметтік көзқарастардың мəн-мазмұнымен өз көріністерін айқындаған. Адамдық, азаматтық қасиеттердің болмыс-бітімі де осы ата-бабалар дəстүрінен жалғастық тапқан. Бүгінгі жас толқын, жаңа буын өкілдеріне іскерлік, дарындылықты ғана емес, сонымен қатар ұлтын сүйетін,  болашақта халқына тұлға болуға лайық күш-қуат беретін ұлтымыздың рухы осылайша барлық жерде ұлттық өрісін кеңінен жайған еді. Рухани ізденіс əрі тарихи байланыс арқылы халқымыздың ғасырлар бойғы қалыптасқан тарихи тамырын танимыз. Əрине, танымдық ұғымы тың, ой-таным деңгейі  биік тұлғалар əрқашанда озық ойшылдық қалпын танытады.

Логикалық таным жүйесі өмір тəжірибесінен қорытқан өзіндік ой түйіндеу ерекшелігі өрісінен көрінеді. Сонымен бірге ойдың логикалық дара мəнділік сипатын ой-толғамдық үлгілердегі диалектикалық толассыз тіршілік мазмұнынан тани аламыз. Адамзаттың рухани дүниесін жетілдіруде тарихи тағылым сабақтары, дала ақылмандарының өнегелік өрістері өзіндік роль атқарады.

Тарих тағылымын бүгінгі көзқарастар шеңберіне салсақ, данышпан қайраткерлер тағдыры ойлана білген жас ұрпақ үшін аса күрделі дүниетаным негіздері жатқандығы айғақ.  Осы дəстүрлерден бастау алған, кейін кең арнаға түсіп дамыған алдыңғы қатарлы идеялар, халықтың азаттығын биікке көтерген, еркіндікті тəуелсіздік тұғыры еткен жарқын көріністер — халықтың түпкі түбегейлі арман-мүдделерін терең түсінуден туғаны анық.

Кез келген ұлттың философиялық ойының өмір сүру формаларын, оның философиялық ойының тарихи кезеңдерінен көре аламыз. Қазақ халқының даналық ойының дамуы біртұтас қалыпта көрініс береді. Себебі қазақ халқында философиялық ой шешендік сөздер, нақыл сөз, мақал-мəтел, аңыз- əңгімелер, поэзия арқылы беріледі. Көркем сөз зергерлері өмір құбылыстарын, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды дүниетанымы негізінде халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан əдет-ғұрып, рухани өмірімен, арман-мүддесімен таныстыра білген. Бұлардың дені қоғамға, дүниеге, табиғат құбылыстарына, адам өміріне белгілі бір маңызды оқиғаға немесе өз басына деген көзқарасын білдіретін философиялық ой-толғаныстар, даналық ой тұжырымдар болып келеді.

Енді бір арнасы адам баласының бойында болатын небір асыл қасиеттер туралы ақыл-ой даналығы ұлы мұрат, ізгі мақсаттармен сабақтасып жатыр. Адам баласының рухани игілігіне айналған тау суындай тасқындаған сөз өнері мен арқалы поэзия сонау ерте дүние тарихынан бастау алып, халық даналығының өзіндік дүниетанымының қазына-қайнарына айналған еді. Халық даналығы ұлттық болмыс пен бабалар дəстүрін ұрпақтан ұрпаққа жалғастырған рухани мұраларды өмірге əкелді. Ал өз кезегінде кез келген халықтың ерте уақыттан бергі қалыптасқан өмір салты, рухани мұралары — сол халықтың бастан өткерген ғұмыр жолының айғағы. Тек оны тани білер көз, түсіне білер көкірек керек. Мұның барлығы тарих қойнауында жатыр. Тарих тағылымы, тарих сабақтары деген осы. Міне, осы мəдени-рухани мұраның бүгінмен жалғасқан сабақтастығын зерделеу философия  жəне оның тарихы, тарих, əдебиет жəне т.б. ғылымдардың үлесінде.

«Тарих өткен өмірді əңгіме еткенімен бүгінге жəне болашаққа қызмет етеді». Халық жадында сақталған асыл қазыналар, жасырын сырлар енді-енді ел игілігіне айналуда. Халқымыздың тарихы, түптеп келгенде, ел болу жолындағы күресінің тарихы. «...Қазақ тарих сынынан өткен халық... Қазақ елінің шалқайса тарих шыңы бар, еңкейсе иен елі бар. Қиянға шықса қасқая қарап тұрар сайын қыран ері бар, ұлан-байтақ қойны қазына жері бар» деп М.Қозыбаев айтқандай [3], XVII–XVIII ғасырларда өмір сүріп, ел тізгінін қолға алып, ұрпағына алымды да шалымды да сөз үлгісінің үрдісін салып берген, даналықтың, дарындылықтың ұранына айналған атақты үш биіміз — Төле, Қазыбек, Əйтекелер осындай тұлғалар еді. Бұл уақыт Қазақ хандығының түгелдей қалыптасып бекуімен қатар, сыртқы жаулардың жойқын шабуылдарының да мейлінше асқынып, тағдырының сынға түскен ауыр кезеңдерінде халқының рухын көтеріп, күш беруде ту ұстаған көсемге, сөз ұстаған шешеннің бағыт беріп, бағдар көрсетіп, тіл өнерінің ерекше мəнге ие болған кезеңі еді. Əр адам алдымен өзі ғұмыр кешіп жатқан уақытының жұрағаты демекші, дала данышпандары осы кезеңде мемлекет қайраткері деп орынды бағаланған еді.

Дүниені түйсіне білу қатынасы қашан да уақыт, дəуір тынысы арқылы айқындалады. Табиғаттағы əр қилы əлеуметтік мəселелерде жеке тұлға заман талабынан ешқашан бейтарап қала алмайды, олардың шығармаларынан əрқашан да əлеуметтік, философиялық дəуір сарынын көреміз. Себебі адам əрқашан да бірегей заңдылық бойынша дамиды. Бұл орайда айтпағымыз, аумалы-төкпелі күрделі де қилы заманда ғұмыр кешкен, рухани таза болмысымен, даналығымен батырлық, шешендік өнердің шыңына көтерілген ақыл-ой алыптары жер тағдыры, ел тағдыры үшін жасаған қызметтері, сіңірген еңбектері. Осындай ата-бабаларымыздың өнегесін жалғастырушы тарихи-мəдени ұрпақтар сабақтастығы, сайып келгенде, біздің ұлттық мəдениетіміздің, баянды болашағын айқындауға барынша себін тигізері анық. Себебі əр халықтың дəстүрлі дүниетанымдық көзқарасына терең үңілу арқылы ғана сол халықтың талғам деңгейінің тереңдігін тануға болады.

Қазақ өз рухани дүниесінде мынау шексіз де шетсіз аспан əлемі мен жер бетін оймен бағдарлай танып, білуге ұмтылған. Бүкіл əлем арқылы өзін-өзі тануға, ұғынуға əрекеттенеді. Сондықтан да қазақ даналыққа, əсемдік пен көркемдікке, ізгілік пен ар-ұжданға мойын сұнған, олардың құдіретіне бас иген.

Демек, өмір өрісінің ақиқаттылығын ашумен байланысты, оның философиялық мəнде нағыз өмірмен өзектесіп жатқан дүние шындығының астарлы ауқымы мейлінше қомақты болмақ. Ұлы дала төсінің келбеті арқылы ұлттық болмыс, қадір-қасиет, дарын-қабілеті өрісін ашып, сөз өнерінің мəн- мазмұнын «нұрландырып», дүниетаным тіршілігінің өзіндік ерекшелігін айқындаған. Жалпы рухани жан байлығы, терең ойшылдық, көкірек-көзімен сезіне білу қабілеті ұлттық ой, көркемдік сананың талай ғасырларға ұласар ұлан-ғайыр өрістерін көрсетіп берген. Бұдан мейлінше сезім əсерімен байытылған, шабыттанған рухани ізденістер, өмір тəжірибесін аңғаруға болады. Мұнда ең алдымен қиялмен, көкірек көзімен сезе білетін де, дүние сырын қисынына қарай тереңінен зерделей отырып, ақыл таразысымен саралайтын, ой жүгіртіп, қорытындылайтын сұңғыла көңіл қажеттігі өзінен-өзі көрінісін береді.

Аңдау, аңғару түріндегі ойлау машығы таным əрекетінің өзіндік бір ерекшелігі ретінде дүние құбылысын бар болмысымен қисынды да дəлелді сөзбен өрілтіп, рухтандырып өзіндік көзқарасты қалыптастырған сияқты.

Демек, абыз-данагөйлеріміз бен ділмəр сөздің көсемі, əрі батыр, əрі би атағы алты алашқа тараған атақты би-шешендеріміздің ақыл-парасатын ел билігіне жаратып отыру үрдісі ертеден қалыптасқан. Бұл жерде əсіресе көкірек көзімен сезе білетін, əр ойын ақыл таразысына салып, ой толғаммен шешетін сұңғыла көңіл, рухани байлық қана өз кезегінде парасатты ақылмен, логикалық жолмен ойлау жүйесін қалыптастыруға негіз қалай алса керек. Ұлы философ əл-Фарабидің мына бір даналық ойы осыған қатысты айтылғандай əсер қалдырады: «Сөзге тапқырлық - жақсы адамшылық қасиет ... Адамның өз ожданы алдында адал, шыншыл болуы адам өзіне өзі игі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы  ізгі  болуымен  ғана  туады»  [4].  Ізгілік,  кішіпейілділіктің  адам  болмысынан  көрген тəлімі, білімі арқылы егілетін қасиеттер, шын биіктік, жан дүниесінің байлығы, парасаттылық деген осы болады. «Оқыған білмейді, тоқыған біледі» дейді халқымыз. Данагөй тұлғалар текті де мінезге бай, адамгершілігі мол, адамшылығы зор, бір сөзбен айтқанда, даналық қасиетті дарытуда, дана ретінде танылуында туып өскен ортасының əсерімен қатар, оның өзі, ақыл-зеректігі, түсінігі ең бастысы, ар-ұяты басты орында тұрады. Дананың өмірден түйген тəжірибесі əр алуан, сан салалы. Яғни тіршіліктегі əрбір оқиға адам өмірінде сараланып, дараланып, қорытындыланып, тəжірибе болып қалыптасады. Дана адамдар осы қазынаны өзгелерге таратады, халық игілігіне асырады. Даналықтың сан салалы қыруар сырын, сөз сиқырын меңгерудің өзі құдірет, рухының биіктігі. Мұның барлығы сайып келгенде ертеңгі мұрагер ұрпақтардың тəлім-тəрбиесі, ар-ұждан, ақыл-қайрат, білім-білік тəрізді абзал қасиеттерге негізделген саналы тіршілігімен тығыз байланыста қарастырылған. Егер де арман-мұрат ізгі болса, биік кемел қуатында көрініс тапса, онда ол жарық көріп, халықтың игілігіне айналады.

Яғни бұл табиғи заңдылық. Ұлттық рухтың өміршеңдігін тарих өз алдына ертеден танытып берген. Сол тарихты зерттеп, талдау жасау арқылы ғана өз уақытындағы ірі-ірі тарихи тұлғалар халықтың дұрыс бағасын алады. «Тарихқа деген шын мəніндегі объективті, диалектикалық жəне ғылыми көзқарас тарих дамуына ықпал еткен жеке тұлғаларға да шын баға беру деген сөз» [5]. Ұлт ұғымы — ұланымен ұлы. Бұл даналық ойдың одан əрі жалғасы — бұл ер мен елдің жарасымдылығы, үндестігі, үйлесімділігін танытады.

Ə.Кекілбаев айтпақтай, даналық қасиет — «саф алтындай ілуде бір кездесетін сирек талант, ...ел- ананың сан жылдап сарғая күтіп жүріп табатын сағынышты перзенті». Сондықтан да, қазақ даналығының Сарыарқадай шалқар сахарасында Алатаудай Асан қайғыдан бергі көл-көсір жазықта көзге ілігер, көңіл шүйлігер қарауыл биіктер қадау-қадау. Солардың ішінде хан төбедей көкпен тайталасқан қайсар, қай жағынан қарасаң да қапысын тапқызбай тəкаппар биіктердің бірі — Қаз дауысты Қазыбек би [6].

Бейнесі жоғары, рухы биік тұлғалардың басты қасиеттерінің бірі — батырлықтарының дəлелі. Бабаларымыздың осы бір елден ерек, көптен бөлек болмыстарын ғұлама М.Əуезовтың батыр болып қалыптасуды алмасты шыңдаумен теңеген мына бір философиялық толғауымен салыстыру орынды болмақ. «Жалыннан шыға су жұтып, судан шыға жалын құшып, көк болат шымырлап алмас болады. Əуел шыққан сəтінде оның өткір өктем жүзінде көкшіл-қошқыл даты бар, ыстық суық тегінің, ыстық суық майдан үшін берген салқын қайрат лебі сол. Сарапқа түсіп, сын кеше жүріп, қаттыны тіліп, қолыңды жарып, толқымай өтіп барып, бір замандарда жарқырап жүзі, жалтырап алмас бойы ашылады. Айдыны басқа ақ алмас сонда анық аңғарылады» [7]. Мінеки, ұлы дана билік пен батырлық үндестігін осылайша іске асырған екен. Дара тұлғалардың дүлдүл шешендіктері, батырлықтары, парасаттылықтары бүкіл қазақ еліне жайылған. Ол туралы халық жадында сақталған естелік мол. Оған дəлел Шоқан Уəлиханов еңбегінде Абылай айтыпты деген құрметпен баға беру сол естеліктермен ұштасып жатқанын көреміз. Халық өз ұландарының ел ішіндегі дауларда айтқан төрелігімен қатар сырт жаулардан ел есесін қайтарған мезеттеріне ерекше көңіл қоюы мейлінше орынды. Қандай əңгіменің түп негізінде қуатты шындық жататыны бəрімізге белгілі. Демек, бұл ең мəнді, неғұрлым сенімді əңгімелер ретінде замана, оқиғалар шындығын толығымен аңдап түсінуге көмектесе алады. Бұл аңыз-əңгімелердің тарихи да, мəдени де мəні мол. Олар өз тарапынан ХVІІІ ғасырдағы жаугершілік кездің шындығын толығырақ, тереңірек тануға көмектеседі. Тарихи жазбаша деректер ауқымынан онша алыс кетпейтін, мұндай əңгіме-аңыздар белгілі бір оқиғалардың, адамдардың нағыз келбетін білуге жəрдемдесе алатын құнды естелік орнына жүреді. Аңыздар сол замандағы көрнекті адамдардың іс-əрекетін мінездейтін, ел аузында біреуден екіншіге көшіп, қорытылып, өңделіп жеткен сөздер, ...халық естелігі ретінде аса бағалы [8; 55,56]. ...Ендеше бұл мағлұматтар аталған батырлардың документке түспеген, бірақ шындықты танытарлық сипаттамасы бола алатыны күмəнсіз [8; 59].

Салыстырмалы деректану əдісі негізінде сарапталған фольклорлық мəліметтер жалпы таным аясын толықтыра түседі. Кезінде Е.Бекмаханұлы да өз зерттеулерінде осы мəселеге көңіл аударып, жыр-аңыздарды тарихи деректермен салыстыра отырып, тиімді пайдалану қажеттігіне назар аударған еді [9]. Себебі өзара салыстыру барысында жазба деректер мен ел аузында сақталған ауызекі мəліметтердің бір-біріне сай келе бермеуін, немесе кей жерін тым əсерлеп көрсету сияқты т.б. жағдайлар фольклорға тəн заңды құбылыс ретінде тани отырып, еліміздің тарихын зерттеуде мол мағлұмат көзі болып табылатын халық ауыз əдебиеті үлгілерін тиімді пайдалану маңыздылығына назар аударған жөн. Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уəлиханов ауыз əдебиетін тек көркемдік əлемі ғана емес, халық тарихын түсінудің де сенімді құралы деп қараған [10]. Демек, аңыздар — халық тарихы мен таным түсінігінен мол хабар беретін халықтық мұра. Қорыта келгенде байқағанымыз, аңыздар белгілі бір оқиғаға негізделеді, бірақ сол оқиғаны фольклорлық дəстүрлі үлгілермен көркемдеп, өзгертіп, жаңадан мазмұн енгізіп өрнектейді. Тарихи тұлғалар мен атақты батырлардың өмірін, іс- əрекетін аса дəріптеп көрсететін этикалық шығармалар секілді аңыздар кейіпкер бейнесін сомдауда романтикалық дəріптеу, күрделі көркем жинақтауды кеңінен қолданады. Бұл жөнінде С.Қасқабасов былай деп жазады: «Аңызда айтылатын хабар, оқиға еш күмəн туғызбайды, өйткені оның түп негізі — тарихи шындық. Бұл біріншіден. Екіншіден, аңыздың мазмұнын растайтын дерек ретінде жердің аты, белгілі қайраткерлердің есімі, я болмаса жыл мезгілі аталып отырады. Үшіншіден, аңыздың айтылу мəнері тұрақтанған, ол ылғи үшінші жақтан жəне өткен шақта баяндалады. Аңыздың түпкі мазмұны өмірдің танылған бір фактісі болып келеді» [11]. Бұл жалпы тарих тұғырынан орын алған дара тұлғалар туралы аңыз əңгімелердің бəріне де қатысты болмақ.

Қазақ елі ерте дүние тарихынан бастап-ақ өзіндік табиғи даму жолында қалыптасқан құндылықтары мен өзіндік мəдени өркениет жетістіктерінің тұтастығын сабақтастыра дамытқан көшпелі халық. Ұлттық мəдениетіміз тарихи дамудың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық бейнелер болмысының қадір-қасиеті жүйелерін бір-бірімен байланыстырушы дəнекері болып келеді. Қазақ өз болмысына тəн руханилық пен дүниетанымды өмірге əкелді. Бұл қазақ менталитетіне тəн қасиет, яғни дүниені танудың қазақи формасы, дүниені өзінше қабылдау ерекшелігі. Бұл өз кезегінде ұлттық рух жəне ұлттық сана көрінісі. Оның «тəрбиешісі жəне дəнекері» — тарихи тағылым. Өзіндік ерекшелік ұлт болып қалыптасқан уақыттан бастап-ақ халқымызға тəн ұлттық қасиет ерекшеліктерімен бірге жетілген ақыл-парасат, ой-толғам, сезім-күйлермен қатар жасап келеді.

Атамыз қазақ қай заман, қай кезде де өсер ұрпақтың қамын бір сəтке де есінен шығармаса керек. Бұған дəлел бабаларымыздың жас ұрпаққа ерте кездің өзінде аңыз, ертегі, қисса, небір ғажайып жырларды да жаттатқан. Осылайша дана халықтың дана философиясы мен əлеуметтік-этикалық ой- санасын бойға сіңіріп, рухани жағынан жетілуіне ықпал жасаған. Осының негізінде қазақ баласы өмір сүруге, дүниені танып-түсінуге қабілеті ертеден қалыптасса керек. Қазақтың халық өлеңдерін, ертегісін, батырлар жырын зердесіне жастайынан сіңіре білсе керек. Оны бесік  жырынан бастап үлкен даналық жолына дейін рухани демеген ең алғашқы қайнар бастауы болған, өзіндік дүниетанымын қалыптастырған — далалық ауызша тарихнамасы, халықтық мұра — ауыз əдебиеті. Оның бастау-бұлағы болған — халық мұңын, қуанышы мен қайғысын, болашаққа үмітін, арман- мұратын жеткізген, ана сүтімен ең аяулы ізгілік қасиеттерін бойына дарытар туған топырақ, туған жер туралы аңыздармен астасып, шендесіп жатқан тарихи тағдырлар мен оқиғалардың шындығы. Ендеше тұлғалы бидің бала кезінен нəр алып, сусындаған ауыз əдебиетіне тəн шығармалардың қай- қайсысы болмасын оның болашақ тағдырына негіздеуге жол салған. Бұның барлығы тұлғаның тарихи келбетін, тектіліктің, болашақта ел басқарып, билік айтқан көсем, туған жері, елі үшін ата жауға қарсы шыққан батыр, кемел ой толғап, кемеңгер ой түйген би əрі шешен болып қалыптасуда даналықтарына арқау болған дүниелер. Демек, жас кезінен өнер бұлағы болған — ауыз əдебиетінен нəр алуы əбден табиғи құбылыс.

М.Əуезов айтпақтай, «қазақ халқының есте жоқ ескі заманнан жиып, өсіріп келген өз даналығы, халықтың ауызша əдебиет қорынан көп нəр алып», сол арқылы құйма құлақ көреген көкіректің арқасында даналық, шешендік қасиеттері қалыптасса керек. Халық даналығын жасаған бесік жыры мен есепсіз мол ертегіден бастап қаһармандық, іңкəрлік эпостары табиғаттан тасқынды талантымен ұштасып жатыр. Даналық — халық мұрасы деген осы болады. Халық философиясы даналыққа негізделген. Тарихта дана адамдардың қай-қайсысы болсын — сөзі мен ісінде, адамшылығы мен өмір салтында алшақтық болмаған тұтас, кесек тұлғалар. Олар өздерінің болмыс-бітімімен, шама-шарқын, парызы мен борышын абайлап, бар өмірін, дарынын, күш-жігерін сол азаматтық борышын ақтауға жұмсаған. Сонымен, даналықтың шыңына жеткен текті де рухы биік тұлғаларымыздың философиялық көзқарастарының қалыптасып жетілуіне зор ықпал жасаған, ең алдымен о бойына біткен дара қасиеттер. Даналық — адамның сөзі, ісі, оның бүткіл болмыс-бітімімен көрінеді. Демек, даналық — тұлғаның сөзі мен ісінің үндестігі, жарасымдылығы. Алға қойылатын мақсаты — ұлт мүддесі, ұлтының жанын ұғынып, рухын асқақтату. Даму тарихымыздың өрісіне тереңінен бой алған рух түсінігін ұрпақтарына табыстыра білген тұлғалардың тарихи келбеттері болашаққа жол сілтер бағыт екендігі анық.

Адам жан дүниесін, мінез-құлқын бір көргеннен-ақ тап баса танитын, кəнігі психолог қасиеттері тағы бар. Яғни əр сөздің жүректен шығып, жүрекке жетіп отыруын көздеген. Жоқ-жітіктің, əлдіден зəбір көрген əлсіздің жоғын жоқтап, ел мүддесін көздеген, өзінен кейінгі көзінде оты, көкірегінде сəулесі бар, талапты жастарға батасын беріп, өмір бойы жинақталған тəлім-тəрбиесін, ұлағат сөздерін құлақтарына құюдан жалықпаған. Бұл бабаларымыздың бойына біткен дара қасиеттердің жиынтығы іспеттес асқан тəрбиеші болған даналықтарының бір көрінісі болып табылады. Бұның бəрінен біз жылдар тəжірибесі дарытқан даналықты көреміз. Өнегелік, ұстаздық ұлағаты ұшан теңіз ой сарабы оның даналығының көрінісі. Тек сөзімен ғана емес, адамдар мұраты үшін тындырған ісіне қарасаңыз да дана өзіндік тұлғасымен дараланып тұрады.

Мұның айғағы ретінде көшпелілер əлеміндегі ұлы тұлғалар табиғатының адамдарға  жақындығы - логикалық ой желісіндегі жан əлемін тербетіп өткен негізгі басты идеялық тебіреністерін, тағылымды өнегесін, ұлы мұраларының мəңгілік бағдарлама болып тұратындығы. Олардың барша болмысы, бүкіл өмірін бағыштаған түпкілікті мақсаттары, арман-мұраты — адамзат болашағы, ұрпақтарының келешегі, елдігі, мемлекеттілігі.

Ұлы адамдардың дүниеге келуі де, дүниеден өтуі де тарихи құбылыс. Олар біздің ұлттық шежіремізде ғана емес, бүкіл адамзаттың ақыл-ой жадында қалды. Қадым заманнан бергі есімдері есте қалған, ел аузында жүрген ірі тұлғалардың тағдыры ерлік пен елдіктің шырағы болды. Егемендік бізге аспаннан түскен жоқ. Аталар дəстүрі жасаған рухы күшті мұраларды, тəуелсіздікті білдіретін ұлы тұлғалар сайын Даланың ел бостандығын мұрат тұтқан.

 

 Әдебиеттер тізімі:

  1. Nazarbayev N.A. In the flow of history. — Almaty: Atamura, 1999. — Р.
  2. From Kazakh nationality to Kazakh people / Collective monograph. — Almaty: Atamura, 2010. — Р.
  3. Kozybayev M. World-wide meeting of Kazakh people. — Almaty: Sanat, 1993. — Р. 42.
  4. Al-Farabi. Socio- ethical treatise. — Almaty: Gylym, 1975. — Р. 11,12.
  5. Rysbekov T. History of native state. — Oral: Sanat, 1997. — Р. 11.
  6. Kekilbayev A. The Dialogue with epoch: thoughts and discussions. — Almaty: Zhazushy, 1996. — Р. 295.
  7. Auezov M. Collection of works in 20 volumes. — Almaty: Zhazushy, 1984. — Vol. 15. — Р. 60.
  8. History of Kazakh folklore: pre-revolutionary period / Editor-in-chief R. Berdybayev. — Almaty: Gylym, 1988. — 432 p.
  9. Bekmakhanov E. Kazakhstan in 20–30 years of XIX century. — Almaty: Sanat, 1994. — Р. 37–39.
  10. Berdybayev R. Clear spring: articles and researches. — Almaty: Zhazushy, 1989. — Р. 76. 11  Kaskabasov S. Kazakh national prose. — Almaty: Gylym, 1984. — Р. 121.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.