Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Трумэн əкімшілігі тұсындағы американ-жапон əскери-саяси одақтастығының қалыптасуы

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы халықаралық қатынастар жүйесінде жаңа əлемдік тəртіптің дүниеге келуіне ықпал етті. Вестфаль бейбіт реттеуі кезінде қалыптасып, бірнеше ғасыр бойы сақталып келген көпполярлы жүйе орнына АҚШ пен КСРО үстемдік еткен биполярлық əлем тəртібі дүниеге келді. Биполярлық əлемдік тəртіпте «еркін əлемнің көшбасшысы» АҚШ пен КСРО арасында «қырғи-қабақ соғыс» басталды. Бұл соғыстың алдыңғы соғыстардан ерекшелігі АҚШ пен КСРО арасындағы қақтығыс əскери қақтығыс сипатында ғана емес, оның, ең алдымен, идеологиялық сипатта көрініс табуында еді. Сол себепті идеологиялық қақтығыста басымдыққа ие болу үшін екі мемлекеттің басшылығы сыртқы саяси тұжырымдамалардың мазмұнына айрықша мəн берді.

«Қырғи-қабақ соғыс» жылдарындағы АҚШ-тың сыртқы саяси стратегиясында КСРО-мен күрес бірінші орындағы мəселе болды. АҚШ кеңестік ықпал үшін қарсы күресте, ең алдымен, əскери одақтастарға сүйенді. Əскери одақтастармен байланыс мəселесі соғыстан кейінгі американдық əкімшіліктің сыртқы саяси тұжырымдамасында көрініс тапты. Осындай тарихтағы ұзақ жылдық тарихы бар, əрі «қырғи-қабақ соғыс» жылдарындағы АҚШ-тың Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік жүйесінің негізі болған одақ — Жапониямен əскери-саяси одақ еді.

Жапониямен қарым-қатынас мəселесі соғыстан кейінгі кезеңде Американың сыртқы саясатында маңызды  орынға  ие  болды.  Американдық  басшы  Г.Трумэн  атомдық  дипломатияны       жариялай отырып, өзінің «қырғи-қабақ соғыста» күш тұрғысынан əрекет етуге ұмтылысын байқатты. Трумэн əкімшілігі сыртқы саясатта алдына АҚШ-тың əлемдік ықпалды мемлекет ретінде беделін қалыптастыру жəне кеңестік жүйеге қарсы күресті бастау ұранын міндет етіп қойды. Алайда американдық басшылық екі жүйе арасындағы күресте жалғыз əрекет ете алмайтындығын анық ұғынды. Сол себепті Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары американдық сыртқы саяси стратегияда Жапониямен Азия-Тынық мұхиты аймағындағы əскери-саяси одақтастықты орнату мəселесіне айрықша көңіл бөлінді.

Трумэн билік басында болған кезеңде американдық сыртқы саяси стратегияның негізігін Кеннанның жеделхаты негізінде ұсынылған «коммунизмді тежеу» доктринасы құрады [1].

Алғаш рет «коммунизмді тежеу» доктринасының идеялары 1946 жылдың 22 ақпандағы АҚШ- тың Мемлекеттік департаментінің сыртқы саяси жоспарлау тобының жетекшісі жəне Мəскеудегі АҚШ-тың төтенше жəне өкілетті елшісінің кеңесшісі Кеннан телеграммасында көрініс тапты. 1947 жылы жеделхатындағы ойдың жалғасы ретінде «Мистер Х» деген автордың есімімен «Кеңестік əрекеттің себептері» атты мақала жарық көрді. Біраз уақыт өте келе, автордың Кеннан екендігі анықталды. Кеннанның жарық көрген мақаласының мазмұнына жүгінер болсақ, КСРО тарапынан қауіп тек қана əскери емес, сондай-ақ идеологиялық болуы мүмкін. Сол себепті американдық басшылық кеңестік экспансияға қарсы тұруы тиіс. Кеннанмен анықталған АҚШ-тың əрекет етуі тиіс басымдылық берілген геосаяси аймағына Жапония жəне Филиппин, Канада, Гренландия, Исландия, Скандинавия жəне Батыс Еуропа мемлекеттері кірді. Кеннан жоспарына немесе АҚШ-тың Трумэн əкімшілігі тұсындағы «коммунизмді тежеу» доктринасына сəйкес басымдылық берілген геосаяси аймақта жəне əлемнің бірнеше жерлерінде Америка үшін қажетті күштердің тепе-теңдігін сақтайтын біршама əскери контингентті орналастыру көзделді [2].

Дж. Кеннанның ұсынылған «коммунизмді тежеу» доктринасына сəйкес Трумэн əкімшілігі КСРО-мен ықпал ету аймақтары үшін күресте Кеннанның мақаласында көрсетілген мемлекеттермен əскери-саяси одақтастықты дамыта бастады. АҚШ əкімшілігі белгілеген осындай одақтастардың ішінде Жапония да болды. Американдық сыртқы саяси жоспарлардағы Жапонияның рөлінің артқандығын Трумэн əкімшілігімен қабылдаған маңызды құжаттардың мазмұнынан байқауға болады. 1949 жылғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің құжатында: «Ғаламдық соғыс жағдайында Жапонияның мүмкіндіктері оның кімнің мүдделерін қамтамасыз етуде пайдалануы елеулі жағымды немесе жағымсыз ықпалын тигізуі мүмкін», — деп атап өтілген [3].

Г.Трумэн əкімшілігінің Жапонияға деген қызығушылығының артуына Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қалыптасқан жағдай айрықша ықпал етті. Азия-Тынық мұхиты аймағындағы АҚШ-тың «коммунизмді тежеу» доктринасын жүзеге асыру қажеттілігіне осы аймақтағы өзгеріске түскен геосаяси жағдай əсер еткен болатын. Аймақтағы геосаяси жағдай Кеңес Одағының милитаристік Жапонияға қарсы соғысқа қатысуы нəтижесінде Азия халықтарының ұлт-азаттық қозғалыстарына қозғаушы күш ретінде ықпал етуі нəтижесінде өзгеріске түсті.

АҚШ-тың Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік саясатын анықтаған келесідей геосаяси өзгерістер орын алды: Қытайда азаматтық соғыс басталды жəне оның нəтижесінде кеңестік саясатты қолдаушы жаңа мемлекеттің пайда болатындығы айқын болды, 1945 жылы 17 тамызда тəуелсіз Индонезия Республикасы құрылды, 1945 жылы 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды, 1945 жылы қазанда Лаостың тəуелсіздігі жарияланды. Осындай геосаяси өзгерістерді ескере отырып, АҚШ «коммунизмді тежеу» доктринасын жүзеге асыруға кірісті. Соғыстан кейінгі бастапқы жылдары Трумэн əкімшілігі КСРО-ның ықпалына қарсы тұруда аймақтық саясатта Қытайға сүйенуге ұмтылған болатын. Алайда 1949 жылы ҚХР-дың құрылуы АҚШ-тың аймақтық саясатта кеңестік ықпалға қарсы тұруда өзге одақтастарды іздеу қажеттілігін байқатты. Осы одақтастыққа американдық басшылық Жапонияны тартуды жөн деп тапты. АҚШ-тың Жапонияны əскери-саяси одақтасқа айналдыру саясаты оның елдегі оккупациялық саясатынан бастау алған болатын. Жапонияға қатысты бейбіт реттеу мəселесінде жеңген мемлекеттерден құралған Қиыршығыстық комиссияның бас қолбасшысы Макартурдың жетекшілігімен жүзеге асқан АҚШ-тың оккупациясын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады: біріншісі — Американың Қиыр Шығыстағы негізгі қарсыласы мен бəсекелесін жоюға ұмтылған 1945–1948 жылдар аралығын қамтиды. Екіншісі — Қытай Халық Республикасының құрылуынан кейін жəне Кореядағы соғыстан кейін Жапонияны өзіне бағынышты одақтасқа айналдыру, яғни, «кері бағыт» деп аталған саясат жүзеге асқан 1948–1952 жылдар аралығын қамтиды [4].

АҚШ-тың Жапониядағы оккупацияның бірінші кезеңіндегі мақсаты мемлекетті демократизациялау   жəне   демилитаризациялау   болды.   Американ   басшылығының   осы  мақсаты «Оккупацияның бастапқы кезеңіндегі АҚШ-тың Жапонияға қатысты саясатының негізгі қағидалары» деген құжатпен анықталды. Құжаттың мазмұнында атап көрсетілгендей: «Оккупация мақсаттары ретінде Жапонияның АҚШ-қа жəне əлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндірмеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ өзге мемлекеттердің құқықтарын құрметтейтін жəне БҰҰ-ның Жарғысының идеалдары мен қағидаларында көрініс тапқан американдық мақсаттарды қолдайтын бейбіт жəне жауапты үкімет құру белгіленді» [5].

Құжаттағы көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін американдық үкімет əр алуан ішкі экономикалық жəне саяси реформаларды жүзеге асырды. Солардың бірі — Жапонияның соғыстан кейінгі тағдырын анықтаған жаңа Ата Заңының қабылдануы. Ата Заңға 1946 жылы қазанда қол қойылып, өз күшіне екі палатаның бекітуімен 1947 жылы 3 мамырда енді. Осы құжаттың мазмұнын дайындауда Жапонияда оккупациялық саясатты жүзеге асырған Трумэн əкімшілігі шешуші рөл атқарды. Сол себепті оның мазмұнында көрініс тапқан өзгертулер, ең алдымен, американ мүдделерін қамтамасыз еткен болатын. Атап көрсетерлік осындай маңызды өзгертулердің бірі — Жапония Ата Заңының 9-бабына сəйкес Жапонияның халықаралық дауларды шешудің жолы ретінде соғыстан бас тартуы жəне өзінің қарулы күштерінің болуына тыйым салынуы [6].

Жапониядағы АҚШ-тың ықпалына бағынышты мемлекетке айналдыру мақсатында генерал Макартурдың бастауымен ел ішінде жер реформасы, жаңа Додж линиясы бойынша экономикалық көмек көрсету сияқты шаралар да жүргізіле бастады. Сонымен қатар милитаристік идеялар мен кеңестік ойларды ұстанған қозғалыстардан да саяси тазалау жүргізіле бастады. Осы саясат арқылы Трумэн əкімшілігі оккупацияның бірінші кезеңінде Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ықпал ету аймағын кеңейту мақсатында Жапониядағы рөлін күшейтуге əрекеттенді. Генерал Макартурмен жүзеге асқан оккупацияның екінші кезеңі Жапониядағы АҚШ-тың белсенділігімен сипатталды. АҚШ үшін кешегі соғыстағы қарсыластың кейінгі жылдарда одақтасына айналдыру қажеттілігі туындады. Трумэн əкімшілігі Жапонияның қайта əскери күш-қуатын қалпына келтіру  мақсатында экономикалық көмек көрсетіп қана қоймай, Жапониядағы АҚШ-тың əскери қатысуын қамтамасыз ететін жəне екі тараптың əскери-саяси одағын қалыптастыратын құқықтық негізді  орнату қажеттілігін ұғынды [7]. Гарри Трумэн əкімшілігі АҚШ пен Жапонияның əскери-саяси қарым- қатынастарының құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған дайындыққа қызу кірісті. Осы əкімшілік тұсындағы екі мемлекеттің əскери-саяси одағының қалыптасуын айқындаған келесідей маңызды құжаттар қабылданды:

  • 1951 жылы 4 қыркүйекте Сан-Францискодағы Жапонияға қатысты бейбіт келісім-шартқа қол қойылды;
  • 1951 жылы 8 қыркүйекте АҚШ пен Жапонияның арасындағы қауіпсіздік кепілдігі туралы келісім-шартқа қол қойылды;
  • 1951 жылы қауіпсіздік келісім-шартының 3-бабына сəйкес қабылданған 1952 жылы 28 ақпанда жапондық территорияда американдық қарулы күштердің орналасуы шарттары туралы əкімшілік келісім қабылданды.

1951 жылы 4 қыркүйекте қабылданған Сан-Францискодағы Жапонияға қатысты бейбіт келісім- шартқа келісу туралы ресми мəлімдеме АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д.Ачесонның ағылшын сыртқы істер министрі қызметін атқарған Э.Бэвинмен кездесуден кейін 1949 жылдың күзінде жасалынды. Олар біріккен мəлімдемеде АҚШ пен Англия қысқа мерзімде Жапониямен бейбіт келісім-шартты дайындауға кірісу қажеттілігі туралы ортақ пікірге тоқтады. Жапониямен жасалынатын келісім-шарт туралы мəселе Трумэн мен Макартурдың Уэйк аралындағы 1950 жылдың қазанындағы кездесудегі келіссөздердің кезінде де талқыланды. Бұл сұхбатта бейбіт келісім-шарттың жалпы ережелері анықталды. КСРО мен Қытай осы шартқа қол қоюға қатысуға бас тартуы мүмкіндігіне қарамастан, конференция міндетті түрде өтуі тиіс деп шешілді. Қандай да жағдайда болмасын американдық əскерлерді Жапонияның территориясында тағы да бірнеше жылға қалдыру шешілді [8].

1951 жылы 4 қыркүйекте Сан-Францискода Жапонияға қатысты бейбіт келісім-шарттың шарттарын қарастыру мақсатында 52 мемлекеттің өкілдері бас қосты. Конференцияға ҚХР, Монғол Халық Республикасы, КХДР жəне Қиыршығыстық Республика шақырылмады. Үндістан жəне Бирма қатысудан бас тартты. Конференция барысында Жапонияның тағдырын анықтаған бейбіт келісім- шартқа 1951 жылы 8 қыркүйекте КСРО, Польша жəне Чехословакиядан басқа 48 мемлекет қол қойды. Шарт 7 бөлім, 27 баптан құралды. Бірінші бөлімнің шарттарына сəйкес келісім-шарттың күшіне енген мерзімінен бастап Жапония мен одақтастар арасындағы соғыс жағдайы аяқталған деп жарияланады. Жапония Корея тəуелсіздігін мойындады жəне Курил аралдары, Сахалиннің    оңтүстік бөлігі, Спратли аралдары, Формоза аралы жəне Тынық мұхиттағы өзге де аралдардан бас тартты. АҚШ үшін аса маңызды болған баптарға келер болсақ, бұл, Трумэн атағандай, «келісім-шарттың жүрегі» болған 5–6 баптар еді. 5-бапқа сəйкес Жапония БҰҰ-ның Жарғысындағы негізі қағидаларға сүйене отырып, əрекет етуге міндеттенді. 6-бапқа сай барлық оккупациялық əскер Жапониядан міндетті түрде 90 күндік мерзімде шығарылуы тиіс. Алайда бұл шарт Жапониямен жасалынған екіжақты немесе көпжақты келісімдердің нəтижесінде жəне соларға сəйкес жапондық территорияларда шетелдік қарулы күштердің орналасуына жəне сақталуына кедергі бола алмайды» [5]. 6-бап арқылы АҚШ-тың қарулы күштерінің Жапонияда қалуына, яғни əскери қатысуын жалғастыруына жəне сол арқылы «коммунизмді тежеуге» бағытталған саясатын жүзеге асыруға жағдай жасалынды.

АҚШ пен Жапонияның арасындағы əскери-саяси одақтың негізін қалаған келесі маңызды екіжақты құжат — 1951 жылғы қауіпсіздік кепілдігі туралы келісім-шарт. Оған 1951 жылы 8 қыркүйекте Жапония тарапынан премьер-министр Есида мен АҚШ тарапынан мемлекеттік хатшы Ачесонның қатысуымен АҚШ-тың жапондық территориядағы əскери орналасуын сақтау туралы бабын толықтыру мақсатында қол қойылды. Жапония мен АҚШ арасындағы əскери-саяси байланыстарды орнатқан осы келісім-шарт преамбула жəне бес баптан құралды. Келісім-шарттың преамбуласында: «Өзіндік жəне ұжымдық қорғанысқа құқығы бар егемен ел ретінде Жапония «өзінің қорғанысы бойынша уақытша шара ретінде Құрама Штаттардың өз əскерлерін Жапонияда жəне оған жасалынатын шабуылдың алдын алу үшін мемлекетке жақын аумақтағы  территорияда орналастыруын қалайды», — деп атап өтілуі арқылы келісім-шартқа қол қойылудың себебі түсіндіріледі.

Басты бапқа айналған бірінші бапқа сəйкес АҚШ өзінің жерасты, əуедегі жəне теңіз күштерін Жапонияда жəне оған таяу жатқан аймақта орналастыруға құқығы болды. Бұл күштер халықаралық жағдайдағы бейбітшілік пен Қиыр Шығыстағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне Жапонияға сырттан жасалынатын əскери шабуылдан қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін», сонымен қатар «Жапониядағы ішкі тəртіпсіздіктер мен төңкерілістерді басу үшін» пайланылмақ. Яғни, осы бап арқылы іс жүзінде екі тараптың одағының əскери сипатқа ие болып, пайда болған мəселелерді АҚШ-тың қарулы күштерінің қолдауымен шешуі анықталды. 2-бапқа сəйкес Жапонияға Американың алдын ала келісімінсіз басқа мемлекеттердің базаларын орналастыруға жəне өз территориясын үшінші бір мемлекеттің қарулы күштеріне транзит ретінде пайдалануына рұқсат беруге тыйым салынды. Екінші баптың негізінде АҚШ Жапонияда өзге мемлекеттердің ықпалында болуына кедергі жасауға жəне өзінің толыққанды бақылауын орнатуға əрекеттенді. Келісім-шарттың 3-бабы бойынша Құрама Штаттардың Жапониядағы жəне оған таяу жерлердегі қарулы күштерінің орналасуын  реттейтін нақты шарттар екі үкіметтің арасындағы əкімшілік келісіммен анықталады. Соңғы 4,5-баптарға сəйкес келісім-шарттың мерзімі шектелмеді жəне оның күшіне енуі өзара бекітілу грамоталарымен алмасуынан кейін жүзеге асатындығы жайлы айтылған [9]. Осы бап арқылы американдық басшылық Жапониямен əскери одақты ұзақ мерзімде сақтауға мүдделілігін байқатты.

Президент Г.Трумэн əскери-саяси одағының қалыптасуына ықпалын тигізген келесі құжат — 1952 жылы 28 ақпанда жапондық территорияда американдық қарулы күштердің орналасуы шарттары туралы əкімшілік келісім. Бұл келісімге АҚШ пен Жапония 1951 жылғы қауіпсіздік кепілдігі туралы келісім-шарттың 3-бабына сəйкес қол қойған болатын. Келісім мазмұнына сəйкес Құрама Штаттары Жапония территориясында кез келген көлемдегі əскерлерді ұстауға жəне қалаған қаруды пайдалануына, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында əскери база ретінде территорияны кеңейте алу құқығына ие болды. Яғни əкімшілік келісім АҚШ-тың Жапониядағы ықпалын күшейтіп, оның толыққанды бақылауын орнатуына мүмкіндік туғызды. Келісім-шарттың негізінде Жапония өз юрисдикциясындағы біраз жерлерінен айырылды. Американдық əскери қызметшілерге жəне олардың отбасыларына экстерриториалдық құқығы жəне өзге де маңызды басымдылықтар берілді» [10].

Трумэн əкімшілігі тұсында қол қойылған Сан-Франциско бейбіт келісім-шарты, 1951 жылғы Қауіпсіздік кепілдігі туралы келісім-шарт жəне 1952 жылғы Жапондық территорияда американдық қарулы күштердің орналасуы шарттары туралы əкімшілік келісім нəтижесінде АҚШ Жапонияның территориясында қарулы күштерін еркін қолданып, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы болашақ əскери жоспарларын жүзеге асыруда плацдарм ретінде Жапонияны пайдаланудың негіздерін қалай бастады. АҚШ өз əскерін күшейтіп қана қоймай, өз мүдделеріне сəйкес қолданылуы мүмкін Жапонияны əскери тұрғыдан мықты əрі шикізаттық тапсырыстарды орындауда маңызды рөл атқара алатын деңгейдегі экономикалық одақтасқа айналдыруға ұмтылды. Осы мақсаттардың жүзеге асуы жəне  АҚШ-тың  Азия-Тынық  мұхиты  аймағына  қатысты  стратегиялық  əскери  жоспарын   жүзеге асырудағы Жапонияның рөлінің артуы біріккен келесі əрекеттерден көрініс тапты.

Біріншіден, Кореядағы 1950–1953 жылдардағы соғыс барысында жапондық компаниялар американдық қарулы күштердің тапсырыстарын орындап, Американың стратегиялық жоспарларын жүзеге  асыруда септігін тигізді. Жапония территориясы Кореяда БҰҰ-ның туының астында əрекет  еткен американдық əскерлердің маңызды шебіне айналды. АҚШ тарапынан əскери тапсырыстар арта түсті. 1952 жылдың мамырынан Эйзенхауэр билік басына келген 1953 жылдың маусымына  дейінгі аралықта Жапониядан Кореяға 2 мыңдай əр алуан калибрлі қарулар, 7656 танкіге қарсы қолданылатын «Базук» сияқты мылтықтар, 400 мың реактивті снарядтар, 2,3 млн миналар, 2,2 млн гранат т.б. дайындалып, жіберілген. Яғни 1950 жылдың маусымында басталған Кореядағы соғыс барысында қару-жараққа жəне əскери материалдармен қамтамасыз етуде жапон өнеркəсіптеріне сұраныс арта түсті. Нəтижесінде АҚШ-тың оккупациялық кезеңіндегі 1950–1952 жылдары жапон экономикасына американдық тапсырыстардан түскен табыс 2,5 млрд долл. жетті [11]. Сонымен қатар осы жылдардағы американдық əскери тапсырыстар «қырғи-қабақ соғыс» барысындағы Жапонияның əскери-өндірістік күш-қуатының қалыптасуына жағдай жасады.

Екіншіден, Жапония мен АҚШ-тың арасындағы 1952 жылғы жасалынған əкімшілік келісімнің негізінде шешім қабылдаудың механизмі ретінде Жапон-американдық біріккен комитет құрылады. Комитетті құрудағы мақсат — АҚШ-тың əскерлерімен қолданылатын базалар мен объектілерді, жаттығу полигондары мен порттарды, жер учаскелері мен ғимараттарды эксплуатациялауға қатысты жəне Жапониядағы американдық қарулы күштердің қызметі туралы мəселелерді талқылау үшін бас қосу. Құрамына Жапония тарапынан СІМ- нің Американдық департаментінің төрағасы мен Ұлттық қауіпсіздік басқармасының (ҰҚБ) құрылыс бөлімшесінің бастығы, ал АҚШ тарабынан Жапониядағы американдық қарулы күштердің штабының бастығы мен елшінің кеңесшісі кіреді жəне екі апта сайын бас қосып тұратын болып шешілді. Үшіншіден, АҚШ-тың əскери қатысуына жағдай жасалынды жəне Жапонияның дербес қарулы күштерінің негіздері қалана бастады. Яғни американдық əскерлер 18 аудан, 35 əуежай, теңіздегі маневрлар үшін учаскелер, порттар тағы басқа да əскери жаттығуға қажетті көлік жəне байланыс құралдарымен қамтамасыз етілді.

Трумэн əкімшілігі екі мемлекеттің əскери-саяси одағы мəселесінде одақтасының да əскери қарулануы   мəселесіне   ерекше   көңіл   бөлді.   1951   жылдың   қаңтарындағы   жапондық  тараппен «қауіпсіздік келісім-шартына» келісу туралы келіссөздерде-ақ, американдық үкіметтің арнайы өкілі Дж. Даллес АҚШ-пен екіжақты əскери одаққа келісудің шарты ретінде Жапонияның 350 мыңдық армияны құруын жəне өз қорғанысы мен аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде басты жауапкершілікті алуын талап етті. Алайда Жапония үкіметі ел Ата Заңының 9-бабын ескере отырып, елдің əскери күш-қуатын арттыру саласында өзіндік бағыт ұстанып, ұлттық қарулы күштерді бірте- бірте жəне реттелген дамытуды көздеді. Сол себепті Жапониядағы қарулы күштерге байланысты өзгертулер енгізілді. 1950 жылғы 8 шілдедегі оккупациялық əскерлердің штабы негізінде 1950 жылғы 10 тамыздағы Жапон кабинетінің жарлығына сəйкес құрылған 75 мыңдық «резервтік полицейлік корпустың»  атауы  өзгертілді.  Яғни,  1952  жылы  27  мамырда  «Резервтік  полицейлік   корпустың» «Қауіпсіздік корпусы» атауына өзгеретінін жəне ондағы адам санының 110 мыңға көбейтілетіндігі туралы заң қабылданды. Қарулы күштердің құрамдас бөлігі болған Теңіз қауіпсіздігінің басқармасы да «Теңіз қауіпсіздігінің корпусы» атауына өзгерді.

Қорытындылар болсақ, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде американдық президенті Г.Трумэн əкімшілігі өз сыртқы саяси стратегиясында əскери-саяси одақтастыққа айрықша көңіл бөлді. Əсіресе Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік жүйесінде Жапониямен əскери-саяси байланыстардың рөлі зор болды. Трумэн əкімшілігі Жапониядағы оккупациялық саясаты барысында өзінің толыққанды бақылауын орнатып, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы геосаяси мүдделерін жүзеге асыру мақсатында Жапониямен əскери-саяси одақтастық байланыстардың құқықтық негізін қалады. Сонымен қатар американдық басшылық аймаққа қатысты əскери-саяси жоспарларын Корея соғысында Жапонияны шикізатпен қамтамасыз етудің əрі өзге аймақтағы мемлекеттерге өз ықпалын кеңейтуде плацдарм ретінде пайдалануға кірісті. Яғни, АҚШ президенті Г.Трумэн билік басында болған 1945–1952 жылдар аралығы АҚШ пен Жапонияның арасындағы əскери-саяси саладағы құжаттардың қабылдануы мен бірлескен əрекеттері арқылы əскери-саяси ынтымақтастықтың қалыптасу кезеңі болуымен ерекшеленді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Zhinn G. The USA after the Second World War. — Мoscow: Nаuка, 1967. — 359
  2. Buharov B.I. Тhe formation of American-japanese (1945–1952). — Мoscow: Nаuка, 1963. — 126
  3. National Security Strategy-68: United States Objectives and Programs for National Security. April, 14. 1949. // Papers relating to the foreign relations of the United States. — Washington: New York Press, 1950. — Р.
  4. Gary D. Allinson. Japan’s Postwar history. — New York: Cornell University Press, 1997. — 40
  5. The basic principles of the US policy toward Japan at the beginning period of occupation // Collection of documents concern- ing Japanese capitulation. 1943–1946 year. — Мoscow: Nаuка, 1947. — 85
  6. Constitution of Japan of 1947 year [Electronic resourse] // National Diet Library: [site]. URL: http: //www. go.jp/constitution/e/etc/c01.html
  7. International Relations in the Far East after the Second World War years. — Vol. 2 /Edited by. Е.М.Zhukov, М.I.Slаdкоvskyi et al. — Мoscow: Мisl, 1978. — 178
  8. Lеshке V.G. Japanese-american ally: the results of three decades. — Мoscow: Nаuка, 1983. — 157
  9. Security Treaty Between the United States and Japan, September 8, 1951 [Electronic resource] // Avalon Document Collec- tions: [site]. URL: http://www.yale.edu/lawweb/avalon
  10. Аdministrative agreement of 1952 year [Electronic resource] //Avalon Document Collections: [site]. URL: http://www.yale.edu
  11. America: past and Present / Robert A.Divine. — USA: Longman Press, — 2002. — 1014

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.