Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Түрктік этнолингвистикалық «шағатай» терминінің пайда болу тарихы

Бұл ғылыми мақаланың мақсаты — ғылыми əдебиеттерде қолданыста бар түрктік этнолингвистикалық терминнің пайда болу тарихын түркітанушылардың зерттеулері арқылы анықтауға əрекеттену.

Ғылыми қолданыста бар «шағатай» сөзінің тарихы өзіндік қызығушылықты туғызады, себебі атау əдеби, түсіндірмелік сөздіктерде берілмеген, жəне де кейбір, арнайы түсіндірмелік анықтамаларда да (этникалық атауларды жəне терминдерді білдіретін) жоқ [1]. Бұндай əрекеттердің орын алуына себеп болған жағдайларға тоқталатын болсақ, кейбір түркітанушылардың терминнің басшы атынан өндірілгенін көріп сақтықпен қарағанын көреміз, əсіресе ресей түркітанушылары мұндай тақырыптарды өзіндік ерекше деп санаған. Сондай-ақ «шағатай» атауы жəне тілі жөнінде ең бір құнды зерттеулерді ұсынған кеңестік ресей түркітанушыларының бірі Г.Ф.Благова, шағатайлық сөзінің пайда болуын басшы атауынан алу, өзбек атауы сияқты этнолингвистикалық терминді басшы атынан алу сияқты орынсыз деп санаған. Сонымен қатар бұл екі атаудың осы тұрғыдан бір қатарда кездесетіні де бар.

Генетикалық жағынан антропониммен байланысты сөз үшін, оның лексикалық жəне құрылымдық мағыналарынан басқа, нақты əлеуметтік-мəдени мағынасы ерекше маңызға ие болады, дегенмен мұндай жағдай, өзіндік тарихи жағдайларда орын алып, екінші орындағы мағына ретінде көрініс табады. Əрине, шағатай сөзінің дамуын зерттеу үшін тарихи жағдайлардың ескерілгенін ойдан шығармаған жөн, солардың негізінде «шағатай» антропонимі өзінің мазмұны жағынан дамып отырған.

Зерттеліп отырған жағдайда, сөздің мағынасын өзінің шығу тегі жағынан, яғни шағатай антропонимін монғолдыққа қаратып, нақты Шыңғыс ханның екінші ұлы деп, бірінші мағынасы деп атаймыз, оның иелігіне түркі халықтардың негізінен шоғарланған Мауераннахрдың (қазіргі Өзбекстан мен Тəжікстанның бір бөлігі), Жетісудің жəне Шығыс Түркістанның аймақтары қараған. Монғолдық жəне түрктік дəстүрлерде жəне де тарихи шындықпен бұл жерлер жиынтығы «Шағатай ұлысы» деп аталып, монғолдық антропоним иегерілді.

Бұл сөздің Орта Азия түрктік тілдеріне енуі түркі тілді халықтарда рулық немесе тайпалық бөлшектерді оның ру басы (немесе басшысы) атымен атау принципінің таралуының қолға алынуына түрткі болса керек. Сөйтіп, түркі тілді негізде зерттеуге алынып отырған шағатай атауы біріктіруші, рулық негізде екінші мағынасы қалыптасып, енді тек қана, ұрпақтары ғана емес, сонымен қатар Шағатай ханды қоршаған жақын ортасымен қолдаушылары жəне сарай қызметкерлері де қабылдай бастаған. Бастапқы уақытта бұл атау оны қабылдаушылардың қоғамдағы артықшылығын [2; 43–44] білдірген. «Шағатай» сөзін əдетте рулық атау ретінде мəні бар, тікелей бір адамның атына тіркеу кейінгі дəстүрлердің бірі ретінде дəлелденген, мысалы ХV–ХVІ ғғ. ширектерінде түркімендер арасында Ибраһим Шағатай, Хасан Али Шағатай дегендер белгілі болған. Мұндай əдіс ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейін топонимдік атауларда да кездескен, мысалы, Авез-мат-шағатай (Хорезм округының Шават ауданы) атты патронимдік мағынадағы тұрғылықты жер. «Шағатай» сөзін рулық атау ретінде қолдану негізінен этнонимдік қызметте іске асырылғанына саяды.

Біртұтас мемлекет шеңберіндегі Шағатай иелігі ұзаққа бармады, біртіндеп шағатай ұлысы екі бөлікке: Мауераннахр жəне Моғолыстан (Жетісу жəне Қашғар) болып, нақты ХVІ ғ. тіркелді [3]. Ал Шағатай атауын Мауераннахр иеленді. Мұнда монғол кезеңінен кейін де түркі жерінде Шағатай атауымен байланысты династиялардың дəстүрлері қызмет етуін тоқтатпады. Дəстүр қызметінің күші, көп уақыт бойы Темір əулетінің мауераннахрлық билеушілердің билігінде сұлтандық, өз заңдары мен құқықтарын бекітуге деген құштарлықтарымен түрткі болып отырған; олардың соңынан ерген кейінгі сұлтандар өз шығу тектерін Шағатай хан арқылы Шыңғыс ханға дейін көтеру əрекеттері байқалған. Бұл əрекеттің нышанын Захир ад-дин Мухаммед Бабыр руының генеалогиясынан көруге болады (ХV–ХVІ ғғ. ширектері). Бабырдың анасы Құтылық Нигар ханым Жүніс ханның екінші қызы, яғни Жүніс хан Шыңғыс ханның екінші ұлының ұрпағы, яғни Шағатай ханның... Əкесі жағынан Бабыр Темір ұрпағы, яғни Омар Шейх Сұлтан Абу Са ид мырзаның төртінші ұлы, ол Сұлтан Мұхаммед мырзаның ұлы, ол Миран шах мырзаның ұлы, ол Темірдің үшінші ұлы, кейінгі ресми генеалогиялық таратуларда Темірді де Шыңғыс ханның ұрпағы деп көрсеткен: «Монғол дəстүрінің иесі ретінде Темір Шыңғыс хан үйі туыстығына орасан зор мəн берген». Сөйтіп, Темуридтер өздерін Шағатайлықтардың тікелей жəне тура ұрпағы ретінде санаған; сондай-ақ 1370 жылы соңғы Шағатайлық өлтіріліп Темір Лэнг билікке келгеннен кейін де бүкіл ел Шағатай ұлысы деп аталуын тоқтатпаған [4].

Шағатай сөзі атауын ХІV ғасырда кейін де мемлекеттік-аудандық мағына түрінде қолдану жəне топонимдік тұрғыдан пайдалану сол бұрынғы, кеңінен тараған екінші мағынасымен байланысады, бұл мағына Мауераннахрдың өзіндік ерекше тарихи жағдайына қарай пайда болып, бүкіл Орта Азиядан асып таралды. Бұл жерде шағатай сөзін ерекше тарихи-мəдени комплексті атау тұрғысынан қарастырып отырмыз. Нақты осы комплекс атауымен ХV ғасырда пайда болған «шағатайлық түркілер» ұғымы байланысты, яғни Мауераннахрдың «əскери кастасы ретінде кейбір мүмкіншіліктерге ие болған көшпелі тұрғылықты халқын ғана емес», жалпы Мауераннахр түркілерін осылай атаған (Шағатай ұлысы атауымен).

Айтылып кеткен тарихи-əлеуметтік факторлардан басқа, бұл тарихи-мəдени комплекс ХІV ғасырдың орта шенінде орныққан мынадай белгілерді қалыптастырған, мысалы, Шағатай ұлысы территориясының ортаазиялық ядросын; уақыт өте отырықшылықтың белгілерін сезіндірген күшейіп келе жатқан қоғамдық тұрмыс (дегенмен, осыған қарамастан, «шағатайлық түркілер» асқан ұқыптылықпен бұрынғы көшпелі дəстүрлердің сыртқы салтанатты жоралғыларын сақтауды жалғастырған) [5], мұндағы белгілі мəдени-қоғамдастық «шағатай тілі» жəне Темір сұлтандары айналасында қызмет еткен сарай ақындарының «шағатайлық əдебиетін» еске түсіреді [6].

«Шағатай» сөзінің түркі тілдеріндегі семантикалық тұрғыдан дамуының екінші сатысына көшетін болсақ, келесі мағыналық градациясымен байланысады, яғни сөзді этнонимдікке жақын мағынасында пайдалану (дегенмен, сөзді осылай пайдалану, екінші қызметімен қарама-қайшылыққа түскені  белгілі,  осы  тұрғыдан,  Н.А.Аристов  бойынша  сөз  тайпа  атауынан  кең  мағынада,     тіпті «интернационалдық» қоғамдастық тұрғысынан берілген), ал, екінші жағынан, оның топонимге енуі де   белгілі.   Н.А.Аристов   бойынша,   шағатай   сөзін   топонимдік   тұрғыдан   пайдалану        оның «этнонимдік» қызметімен ескерілген [2; 151]. «Шағатайлық» тарихи-мəдени комплекстен көптеген ғасыр бойы Мауераннахрдың тұрғылықты халқының санасында оның тұрмыстық өмірімен біте қайнасып, шағатай сөзі этноним мен топонимге терең сіңіп қалған, бірақ В.В.Бартольдта шағатай термині Мауераннахрдың көшпелі немесе көшпеліктен сақталған дəстүрлерді атау үшін пайдаланғанына қарамастан, мұнда Шағатай ұрпағы хандары қалмаған уақыттың өзінде атау  өз күшін жоймағаны, кейін Темір династиясының басшыларымен Үндістанға қуылып, бірақ нағыз Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде Шағатайдан бастау алатын хандық династияда «шағатай» термині болмаған қызық жағдайлардың бірі екенін атап кеткен...» [7; 11,12]. Бұл жағдай «шағатай» сөзінің даму мағынасының тікелей түркі жерінде пайда болғанының дəлелі. Тіпті, Шайбан хан əскері Темір ұрпағы мемлекетінің соңғы сарқыншағын қиратып, шағатай атауының қандай да бір əлеуметтік негізін жойған кезде, ел «Шағатай ұлысы» деп аталудан қалған еді, түркілер мен тəжіктер — отырықшы тұрғылықты халық «өзбек басқыншыларына» «қарсылық» көрсетіп, өздерін өзбектерге қарсы «шағатайлық халық» деп атауын жалғастырған [8]. Нақты, осы уақытта, яғни ХVІ ғасырдың басында, Мұхаммед Салих шағатай елі атауын қолданған. Ұзақ уақыт бойы отырықшыларға көшпелілерді қарсы қою өзекті болып, шағатай атауы бірқатар ортаазиялық халықтарда жəне олардың оңтүстіктегі көршілерінде пайдаланылып, олардың этнонимдеріне əр түрлі деңгейде ене бастаған.

Мысалы, ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында Хиуа хандығында Шағатай өзіндік этникалық бірлік болды. А.Вамбери басты отыз екі таифелердің ішінде «Шағатайды» атаған [9]. ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейін шағатайлықтар өзбектердің басқа руларының өкілдерімен (барластармен — бір қызығы, бұларда, шығу тегі жағынан монғолдық) бір қыстақта (Дашнобод қ. Сурхандария облысы) тұрып, өз ерекшеліктерін қатал сақтаған, мəселен, өзара тобының ішінде некелесіп, Дашнобод қыстағы шағатайлық жəне барластық деп екіге бөлінген; сондай-ақ шағатайлықтар сол уақыттардың өзінде өз ауылдастарынан антропологиялық жағынан жəне жоғарғы мəдениетімен, шаруашылығымен ерекшеленген. Жалпы, көпке дейін шағатайлықтар деп өздерін Өзбекстанның оңтүстік жəне батыс аудандарының өзбектері мен тəжіктері атаған [10; 14–19], жергілікті халықтың түсінігінде бұл өзіндік атау оны қолданушылардың тіліне қарамастан, этникалық бірлікті емес, тарихи-мəдени комплексті білдірсе керек [10].

Солтүстік Ауғанстанда да тəжік-шағатайларының болғаны мəлім. Иранның оңтүстік-батыс бөлігінде шығу тегі түркі(-ік) тайпаларынан бастау алатын тұрғылықты этностардың  бірін шағатайлар деп аталған. Н.А.Аристов жəне Н.Г.Маллицкийдің хабарлауларынша, Үндістанның Арго жəне Делидің шеткі аймақтарында бірнеше мың адам өздерін шағатай тайпасына жатқызған, олар, шамалап қарағанда, бабырлық (бабуридские) шағатайлар болса керек; шығу тегі Мауераннахрлық (ХVІ ғ. басы), Үндістанды жаулап Ұлы Монғол империясын құруға қатысқан топ өкілдері деп айтылады. Ал түркімендердің шағатай-куллар деп аталатын руларының бір бөлігі — ХV ғасырда Темір дəуіріндегі түркімендер орналасқан шағатайлық арлат тайпасынан қашқан өкілден бастау алған [11]; ХХ ғасырдың бірінші жартысына дейін əр түрлі тайпаларда шағатай атауымен аталған рудың болғаны айқын. Сондай-ақ Алатау аймақтық басқармасының 1865 жылғы тізімі бойынша қазақтың Бопай руы құрамының шағатай деп аталған бөлігінен 1722 киіз үй саналып алынған [12].

Шығу тегі түркі жерінен бастау алатын «шағатай» сөзінің семантикалық дамуы жөнінде жиналған мəліметтер, сондай-ақ əдебиеттердегі этнографиялық мəліметтер «шағатайды» ХІІІ ғасырдағы Шыңғыс хан ұрпақтарын білдіретініне монғол ру-тайпаларының атауы деп қарастыруға мүмкіндік бермейді [13]. Сондай-ақ Шағатай атауының «үшінші» орында немесе этнонимикалық тұрғыдан пайдаланған мағыналарын, яғни шағатай атауының монғол дəуірінен қалған ру ретіндегі «жиынтық атауын» түсіндірме түрінде пайдаланған дұрыс емес. Бұл сұрақты шешу үшін, беделді авторлардың айтқандарын негізге алу, сөздің шын мағынасын талдау арқылы шешуге кедергі болуы мүмкін; мəселен В.В.Бартольдт: «ХІV ғасырдың басында шағатай сөзі ортаазиялық Монғол мемлекетін атау үшін ресми түрде пайдаланған» [14],— деп айтқан. Шын мəнісінде жаулап алынған халықтармен монғолдардың этнолингвистикалық ассимиляцияға түсуі Шыңғыстық Газан хан заманымен байланысты: «Монғол жерінен менің атам, Гулагу хан келгеннен бері екі, үш ру замандары өтті, енді біздерден кейін дүниеге келетін монғолдар өз тілдерін, сөздерін, жерлерін, ұрпақтарын білмейтін болады» [15],— деген.

Ортаазиялық топонимикада «шағатай» сөзінің бекуі оның аймақтық-мемлекеттік мағынадағы қызметінің, кейде «этнонимдік» қызметінің негізінде пайда болған. Шағатай атауымен тұрғылықты жерлердің атауы: Өзбекстанда Ташкент облысына қарасты Янгиюль ауданында, Самарқанд облысының Митан ауданында, Оңтүстік Хорезмда (Қыят-Шават ауданында), Бұқара округының Қаракөл ауданында екі тұрғылықты жер, Урта-Зеравшан округының Хатырчи жəне Қара дария аудандарында, Самарқанд облысының Митан ауданында Дам-Шағатай, Юкары-Шағатай, Шағатай- бони сияқты тұрғылықты жерлері анықталған. Ескі Ташкент микротопонимикасында: Шағатай-тепе, Шағатай-чакар, Шағатай-Янги-шаар, қалалық қарпа: Шағатай-дарваза, жер атауларынан: Шағатай Биль-тепа, Шағатай Қара-камыш, Шағатай Сор-кичар сияқты атаулар кездескен [16].

Шағатай атауы, дəстүрлі тарихи орталығынан аймақтық-мемлекеттік жəне тарихи-мəдени атау ретінде, неғұрлым алшақ тараған сайын топонимикалық тұрғыдан пайдаланылуы соғұрлым бөлектеніп, əрі сирек қолданылатын болған. Шағату жəне Шағатай топонимдері ретінде (бұл атаулартай тобы атауына жатады») Иранның солтүстік-батыс бөліктерінде кездескен [17]. Тарихи «Шағатай ұлысының» солтүстік-батысында «Бұғұлма уезінің Самарқант губерниясында Шағатай» ауылы кездескен, Туваның Танды ауданында Шағатай көлі орналасқан. Зерттеушілер тым  шалағай, екі бөлек орналасқан топонимдерді жеке-жеке зерттей келе, тарихи контекстен бөлек, Орта Азиядаға осы сияқты топонимдерді ескермей-ақ, монғолдық ескілікке, яғни Шағатай ханның «тікелей атымен», байланыстырады, дегенмен, бұл жерде антропонимнің мағыналық дамуының екінші немесе үшінші градациясы ұсынылған болу керек. Сондай-ақ мишарлық Шағатай топонимі əлдеқайда  өзінің алғашқы тар мағынасынан шығып қалған ескі антропонимнің этнонимдік пайдаланылуына сүйенсе керек.

Сөйтіп, бұрынғы «шағатай» антропонимінің көп мағыналығы бірден емес, біртіндеп тарихи түрде қалыптасты. «Шағатай» сөзі енді алғашқы пайдаланылуынан қол үзіп, Орта Азия тарихының бір бөлігіндегі жеке белгі болып қалды [18; 13]. «Шағатай» сөзі осы сияқты мағынасының шартылығынан біртіндеп қол үзіп, неғұрлым шынайы көп мағыналығына ие бола бастады: сөйтіп, этноним мен топонимге біртіндеп терең бойлап, ал «Шағатай ұлысы» күйреуінен хронологиялық жағынан алыстауы жəне де Темір əулетіндегі ұрпақтары «шағатай» сөзінің идеологиялық мағынасын жоя бастады, осыған байланысты оның полисемантикалық шарттылығы біртіндеп ұмытыла бастады.

Орыс жəне түркі халықтары аралық көп ғасырлық əр түрлі, əрі тығыз жағдайлардағы байланыстар шағатай сөзінің орыс тіліне бірнеше рет ауызша түрде енуіне алып келген. Алғашқы уақытта сөз орыс тілінің ішінде бірнеше фонетикалық нұсқалармен ұсынылған, бұл атаулар түпнұсқа сөздің  дыбыстық  мəнін  білдірді,  тіпті  ХV  ғасырдаға  бір  ғана  жазбада  сөз:  «чеготандық     жер», «чеботайлық жер», «чеготайға жол жоқ» [4; 14,25,36] деп бірнеше нұсқаларда берілген. Ақсақ Темірдің шығу тегі жөніндегі аңыз деректе оның иеленген жерлерінің ішінде: «чагадай, хорусани...» [19] аталған. Сондай-ақ ХV ғасырдың орта шеніндегі Троицк-Сергиев лаврының мұрағаттық деректерінде: «Чеготай/Чеадай» [20] деген адам аттары ұшырасқан. Сөйтіп, сөздің орыс тілінде фонетикалық өзгерісі оның консонантизмі мен вокализміне əсер етпей қоймай, тек қана алғашқы дауыссыз дыбыс өзгеріссіз қалған, сөз ертедегі орыс тіліндегі жазбаларда «ч» əрпімен берілген. ХV ғасырдағы (немесе біршама ерте уақыттарда) орыс-түркі халықтары аралық ауызекі байланыстарда сөздің алғашқы əрпінің «ч»-мен берілуі түркі тіліндегі сөз екенін нақты білдірген.

Сөздің орыс тіліне тəн емес алдыңғы тілдік «дж» аффрикатасымен берілуі біршама кейін пайда болған: бұл нұсқа орыс тіліне Шығыстан кітап тілімен, сонымен қатар Батыстан енген. Мұндай түрдегі, яғни «Джагатай», атауы орыс тілінде ХІХ ғасырдың бірінші ширегіне дейін сақталған, мысалы: «Ета полоса земли, обитаемая татарами, называется Азиятскою Татариею или Джагатаем, и разделяется на 1) северный Джагатай... 2) южный Джагатай... и 3) восточный Джагатай или Малую Бухарию» деген мəлімет бар. Енді Джагатай/Чагатай сөзін тірі орыс тілінде топонимикалық тұрғыдан пайдалану  мүмкін  болмады.  Бір  қызығы,  ХV  ғасырдың  орта  шеніндегі  орыс  ұлты     өкілдерінде

«Чегодай» немесе «Чеадай» сияқты адам аттары кездескен, сондай-ақ сөз ресми құжатқа антропоним ретінде, мысалы: «1589 жылдың 10 маусымындағы Феодор Иванович патшаның грамотасында Ыван Чеадаев» жөнінде айтылған, атақты фамилиядан жазушы-философ Петр  Яковлевич Чаадаев» шыққын [20, 30]; ХІХ ғасырдың 20-жылдарында Чаадаев — Чадаев/Чедаев [21] деп, əр түрлі оқылып жүрген. Бертін Чаадаевская, ХХ ғасырдың басында Пенза губерниясында Чагадаев сияқты фамилиялар кездескен.

Отандық тарихнама мен түркітануда зерттеуге алынып отырған кірме сөз өзінің екінші мағынасында тұрақтап, жаңа түркі тілінде Мауераннахр тарихындағы (ХІІІ–ХVІ ғғ.) нақты  бір кезеңді жəне ортаазиялық түркі жазба тілінің дамуын білдіретін, архаикалық көнеге айналды. Жалпы, сөздің жаңа туындылары саны жағынан көптігімен ерекшеленбеді, егер Чагатай/Джагатай сияқты антропонимдарды мысалға алмасақ, атау чагатайлықтар/джагатайлық, кейде чагатай- лылық/джагатайлылық [22] сияқты сын есімдерден тұрады, аз ұшырасатын таза кітаптық  сын есімдер: чагатайлық (орыс тілінде: чагатаей)/джагатайлық (орыс тілінде: джагатаец) (мысалы: П.М.Мелиоранский, А.Н.Самойловичта), чагатаизм (Ф.Е.Коршта), чагатаистика (А.К.Бобровковта) жəне де ескірген окказионалды, яғни ХХ ғасырдың 20–30 жж. пайда болған: чагатаистер, чагатаистиский.

Көп нұсқалы кірме сөздің терминологиясы фонетикалық унификациясын білдірді. Ал ХІХ ғасырда орыстың кітаптық тілінде нық бекіген джагатай шығыстанушылардың еңбектерінде сөздің түркілік айтылуын шынайы жеткізу қажеттілігі туындағанда чагатай нұсқасымен алмастырылып отырған. Үсті-үстіне əсер етіп отырған орыстың ауызша дəстүрінің ықпалымен чагатай/джатагай нұсқалары бір автордың еңбектерінде қатар пайдалануға алып келді. Термин нұсқаларының саны шамадан  тыс  көбейіп  кетуін  ғалымдар  əр  түрлі  жолдармен  шешуге  əрекеттенді.    В.В.Бартольдт «чагатайдың» дұрыс жазылуы нұсқасын мойындағанмен, орыс түркітанушыларын «орыс əдебиетінде нық бекіген» келісімді «джагатай» (туындаған) [7; 11] нұсқасын пайдалануға шақырған. Түркітану үшін маңызды этникалық жəне мəдени терминдерге үлкен мəн берген Ф.Е.Корш «чагатай» [23] деп оқылуына қатысты пікірін білдірген. ХІХ ғасырдың соңындағы орыс түркітануында чагатай/джагатай нұсқаларын лексикалық-семантикалық жасанды жолмен бөлектендіруге деген əрекеттерді көреміз (Н.А.Аристовтың жұмысынан көреміз). Ол «джагатайды» бірінші мағынадағы (монғолдық жеке адам есімі) кірме сөз етіп, екінші мағынасындағы атау (Джагатайлық ұлыс, джагатайлықтар, джагатайлық [диалект]) — түрктік айтылуы орыс тіліндегі берілуінен асқан айырмашылықпен берілмегендіктен, қауіптену қажеттілігі туындамаған: пайдаланудағы сөз жаңа түркі тілдерінде сирек ұшырасатын архаизм болып саналды; сондай-ақ дауысты аффриката анлаута тек қана кітаптық дəстүрмен бекіп отырған. Автор чагатай деп оқылуын үшінші орында этнонимикалық, топонимикалық қызметтегі мағынасы деп, мағыналық градацияға ұшырағанға дейін негізінен түркі тілдес халықтардың тіліндегі айтылуын жеткізу тұрғысынан қажетті деп санаған. Н.А.Аристовтың бұл əрекеттерін жақтап, жалғастырушылары да болды.

Шын мəнісінде, бұл əрекеттер бұл сөздердің мағыналық ерекшеліктерісіз орыстың кітаптық тілінде екі мағынаның да сақталуына ықпал етті.

Лингвистикалық пуризм тұрғысынан бұл терминнің үшінші бағыттағы отандық түркітанудағы дамуында кірме терминнің түркі тілдеріндегі айтылуынан жəне де тірі орыс тіліндегі жеткізілуінен фонетикалық қалыпты...: унифицаланған термин ретінде чагатай нұсқасы таңдап алынған (сондай-ақ батысеуропалық, əсіресе немістік терминологияның, нық бекіген Caghatai нұсқасының ықпалы болуы мүмкін). Бұл бағытты бастап қолдағандардың бірі А.Н.Самойлович болды, ол 1914 жылдан бұл нұсқаны пайдалана бастаған ғалым ХХ ғасырдан түркітануда басталған этнолингвистикалық терминдерді ретке келтіру процесіне үлкен жауапкершілікпен қарап, жиі бұл процестегі прогрессивтік тенденцияны алдын ала сезіп, қолданыста жүрген терминнен оны ауыстыруға ұсынылып отырған перспективті терминді көре біліп, біріншісінен бас тартуға мойынсұнған [24] (бұндай жағдай тек қана «чагатай» терминімен ғана емес, сонымен қатар түріктік, түркілік, османдық сияқты терминдермен де болғаны айқын). ХХ ғасырдың 20–30 жж. отандық түркітану мен алтайтану тілдерінде нық орнаған чагатай терминімен джагатай нұсқасын біртіндеп ығыстыруды байқаймыз. Жаңашыл түркітану чагатай нұсқасын көптен бері пайдаланып келеді, бірақ терминді тілге қатысты қолдану, пайдаланудағы əдістер, хронологиялық тұрғыдан пайдалану, мағыналық түсіндіруі, əлі күнге дейін бір анықтамасы табылмаған мəселе болып қалып отыр.

Сонымен, «чагатайлық тілі» ғалымдармен ойлап табылған термин емес, олармен қолдану үшін алынған термин. Көпке дейін түркітанушы-ғалымдар терминнің «дүдамалдығын», «көмескілігін», шарттылығын, белгілі бір уақытшалық ерекшеліктерін айтып келген. П.М.Мелиоранский терминнің жоғары да айтылған барлық кері аспектілерін көре отыра (шарттылығын да, автор үнемі тырнақша ішінде көрсеткен), бұл термин əзір ыңғайлы, сондықтан да кеңінен таралған деп, барлық шығу тегі мен  тілі  əзір,  нақты  анықтауға  келмейтін  ХІІІ–ХVІІІ  ғғ.  түркілік  ортаазиялық       шығармаларды «джагатайлық» деп атаған. Сөйтіп, П.М.Мелиоранский «джагатайлықты» осы тілдегі барлық қолжазбалар жарық көріп, зерттелгеннен кейін оларды біршама ғылыми жүйеге келтіруге болған жағдайға дейін пайдалануға болатын бастапқы толық емес ғылыми əдіс [25; 161] деп санаған болса керек.

Орта Азиялық түркі тілдері тарихы бойынша маңызды жұмыс атқарылғаннан кейін де, ХV ғасырдағы Орта Азия ақындары мен жазуышыларының мəтіндеріне, нақты «ХV ғасырдағы мəтіндердің өзара диалектикалық айырмашылықтарына» қатысты күрделі жағдай [26] анықталды. Сондай-ақ барлық шағатайлық қолжазбалардың ғылыми жүйелік жəне ғылыми тілдік талдауы əлі күнге дейін аяқталған жоқ, əлі күнге дейін осы жазба ескерткіштерде кездесетін грамматикалық түрлер каталогы, олардың сөздік құрамы анықталмаған.

Түркі тілдері тарихы мен олардың тарихи диалектологиясы сияқты маңызды мəселелерді өңдеу жағдайына қарамастан, ХХ ғасырдың 30-жылдарында бірқатар ғалымдар «шағатайлық» терминінен үзілді-кесілді бас тарқан. Бас тартуға себеп болған, шағатайлыққа «Шағатай гурунги» ұлттық тобының буржуазиялық-шовинистік қызметі нəтижесінде екінші рет берілген идеологиялық мəнге деген реакциясы болатын. Бірақ бұл топтың «шағатаизм» идеясы, оның ішінде өлі «шағатай тіліне» оралу ойы арта қалған еді. Себебі жаңа өзбек тілі асқан дамушылықпен іске асып жатқан жағдайда, «шағатаизм»  ешқандай  шынайы  қауіп  тудыруы  мүмкін  емес.  Ешқандай  жас  не  орта     жасатағы түркітанушылармен «шағатай» термині көптен бері ұмыт болған «Шағатай гурунгиларымен» ассоциацияға түскен емес. Осы екінші идеологиялық мəн осы жолы толықтай жойылды деп санаған.

«Шағатай тілі» терминінен түбегейлі бас тартаудың екінші бір жағы «өзбек/ескі өзбек тілі» терминнің кеңінен таралуы, бір қызығы, «жаңашыл өзбек тілі — ХІV–ХVІ ғғ. классикалық шағатай əдебиеті мен шағатай тілінің тікелей жалғасы» болып табылды. «Ескі өзбек тілі» термині ескертулермен Орта Азияның күрделі этнолингвистикалық тарихына терең бойлай бастады (мысалы, «өзбек» сөзі шығу тегіне қарамастан, ХV–ХVІ ғғ. мағынасын қазіргі уақыттағысымен байланыстыруға болмайды). Белгілі бір уақытта «шағатайлық тілді» Орта Азия территориясындағы бастапқы əдеби тіл, ал «ескі өзбек тілін» жаңа өзбек тілі базасы ретінде көрсету тұрғысынан қарама- қайшы көзқарастарды біріктіру, соның негізінде екі терминді бір жүйеге келтіру жұмыстары жүргізілген. А.К.Боровкин өмірінің соңғы он жылында жалпы «шағатайлық тіл» мəселесін қолдап, ортағасырлық кезең үшін «шағатайлықпен» қоса «ескі өзбек тілі» терминін пайдалануды жөн көрген, яғни «шағатайлық» замандағы (ХІ–ХVІ ғғ.) «ескі өзбек тілі» [18; 13]. Сөйтіп, осы сиқты көзқарастарды ескеру «өзбек-шағатайлық (тіл)» (жəне де біршама ертеректегі осындай түрдегі композита: «түркі-өзбектік (Орта Азиялық)») мағынасындағы компромистік, біріктіруші атауды тудырған болса керек [27].

«Ескі өзбек тілі» терминінің хронологиялық, кеңістіктік тұрғыдан экстенсивті түрде тамыр жаюйына «шағатайлық тілді» кеңінен талқылау себеп болды [28], бұл жағдай түркі тілдері тарихының кезеңдестіруге кедергі болды [29]. «Ескі өзбек тілінің» мұндай экстенсивтілігі Өзбекстанның КП (б)-ның Х съезінде бекіген принципке қарама-қайшы келгені жөнінде белгілі. Сонымен қатар «ескі өзбек тілі» терминін экстенсивті түрде пайдалануға қарсы жауап ретінде Орта Азия республикасының түркі тілді халықтарының лингвистері мысал ретінде «Бабырнаманы» тілі жағынан жаңашыл өзбек тіліне қарағанда қазақ тіліне жақын шығарма ретінде қарастыру тəжірибесін ұсынған [30; 115,116]. Мұндай жағдайлар өзінің тарихи дамуында жақын араласқа түскен туыс халықтардың мəдениетінің дамуында жиі ұшырасқан.

Кеңес дəуіріндегі біршама түркітанулық жұмыстарда ортағасырлық бір  немесе  екі тайпаның ғана емес, бүкіл Орта Азияның көптеген түркі тілді халықтарының жалпы жазба-əдеби тіліне жиі назар аударған, себебі бұл, ең алдымен, əдеби тіл болды, ал кішігірім тайпалардың жекелеген жазуларымен шектелу алға қойған мақсатты іске асыруға кедергі болды. Ортағасырлық түркі жазба ескерткіштерін классификациялауда шағатайлық (шығыс-түркілік) топты «аудандық-мемлекеттік құрылымдық принципі» бойынша басқалармен бір қатарда қоюға ұмтылыс байқалған [31].

П.М.Мелиоранский ХV ғасырдың соңында шағатай тіліндегі əдебиеттің «алтын ғасыры» болып табылатын Орта Азияның тарихи жағдайына қарай тұрғылықты халықтың «əр түрлі диалектілерде сөйлеп, бір-бірімен араласқа түскен этнографиялық əр түрлі түркі халықтарының мекендегенін, нəтижесінде сол уақыттағы түркі жазуына біршама диалектикалық өзгерістердің енгенін» [32; 3] хабарлаған. Бұл диалектикалық əр түрлілік бұрынғы Шағатай ұлысы мен «шағатай тілінің» таралу аймағына терең бойлап, географиялық кеңістікте бұрынғы территориялық белгілеулермен сəйкес келмеді [25; 161].

Ғалымдардың пайымдауынша, ортағасырларда жазба-əдеби тіл халықтың ауызша–тілдік бірлестігінен озып бара жатқанда, ал білімді топтар сөйленістегі тілде не жазуға болатынын санасына жүгірткенге дейін, кітаптық тіл өзінің жасандылығы жəне архаикалығымен, ескі үлгідегі жазуларға еліктеу арқылы, өзінің жеке өмірін жалғастырған болатын [33; 69]. Көптеген «шағатайлық» жазушылар айналымнан шығып қалған сөздер мен түрлерді өз шығармаларына енгізу арқылы ескі шығармаларға еліктеу, яғни өз туындысының тілін жасанды түрде архаикалық тұрғыдан мəнерлеген, ал зерттеушілер шағатай тілінің негізінен ескі ұйғыр тілін (яғни, қараханидтық-түркілік, қарлұқ- ұйғырлық əдеби тілден) немесе біршама ескі дерегі ретінде Ахмад Есевидің хикметтері жазылған қыпшақ-оғыз тілін көрген [34]. А.Н.Кононов «шағатайлық тілдің шығу тегін Орта Азияның қараханидтік (Х–ХІІ ғғ., Қашқар) жəне алтынордалық (ХІІІ–ХV ғғ., Сыр-Дарияның мен Хорезм) кезеңдерінің ескі əдеби тілінің нормалары мен дəстүрлерінен бастау алады деп тұжырымдаған» [35]. Мұнан өткендегі «шағатай» тілінің бір мағыналы байланысы байқалмайды.

Түркі тілдері топтарының ұлттар пайда болғанға дейінгі əдеби тілдерінің дамуы жолында — түрлері жағынан ұқсас болып келуі немесе осы дамудың ғылыми дискуссиялардағы ерекшеліктері жөніндегі пікірлер түркітанушылардың осы салаға деген көңілінің аууына алып келеді. Өзбек əдеби тілінің тарихын кезеңдестіру жəне де «шағатайлық» тілі мен жаңашыл əдеби өзбек тілінің өзара байланыстарын  анықтау  үшін  абстракциялық  əр  түрлі  деңгейлердегі  «əдеби  тіл  ұғымын тарихи- мəдени құбылыс» жəне сол немесе басқа тарихи кезеңдегі «бұл құбылыстың нақты манифестациясы» ұғымы деп қарастыру тəжірибесін ескеру, өте қызықтыраралық... екен.

Жоғарыда жүргізілген зерттеу əдістері қолға алынғаннан кейін, өзбек халықтарының (сол уақыттағы) əр түрлі кезеңдерде мəдени байланыс құралы ретінде əр түрлі «тілдік органдардың» (осы уақытқа дейін пайда болған бірліктермен бастан-аяқ ұқсастығы байқалмайтын, көбінесе диалектілік) пайдаланылғанын түсіндіруге мүмкіншілік туып отыр. Бұл жағдайды түсіндіру жолында жекелеген ғалымдар əрекеттер жасады. Мысалы, Орта Азиялық ескі əдеби тілдер ескі өзбек тілінен бұрын пайдаланылған қараханидтық жəне алатынордалық тілдер, ал шағатайлық тілді «ескі өзбек тілімен» (ХV ғ.) бір қатарда көрсету ұсынылған.

Əсіресе бұл тұрғыдан Т.Салимов: «Біздің республикамыздың тілі мемлекеттік тіл болып тарихи жағдайларға байланысты саналады, бірнеше ғасырлар шегінде өзін түркілік, ұйғырлық, шағатайлық, қыпшақтық, өзбектік деп өз атауын ауыстырған болатын» деген ойын білдірген. Бұған  қоса сол немесе басқа тарихи даму кезеңдеріндегі өзбек халықтарының тілінің атауымен бірге тілік орган, мəдени байланысының құралдары тұтастай өзгерген. Мұндай тəсіл біршама шыншыл ақпараттарды алуға өз септігін тигізеді. Себебі, Е.Э.Бертельс айтқандай, проф. Саади Навои өзбек немесе, тіпті, қызық болып көрінетіндей, ескі өзбек тілінде жазған деп көрсету, олар сөйлемеген, сөйлеуі мүмкін емес те жағдайлары аталмыш тəсіл қолға алынғанда керек жоқ болып қалады [36; 455] деген.

Сонымен қатар Т.Салимовтың хабарламасындағы «тілдік органдар» тізбесіне, яғни «əдеби өзбек тілі» сияқты, тарихи-мəдени құбылыс дамуы жолында парсы жəне тəжік тілдерімен толыққанын ескеру керек. Тарихи даму кезеңдеріндегі Орта Азияның бірқатар түркі халықтарының мəдениетінде екі тіл қатарынан пайдаланылған, бұған байланысты Навоидың «Мухакамат ал лугатайн»   еңбегінде:

«Түркілердің уəзірлерінен бастап бектеріне дейін сарт тілін меңгерген, бұл  тілді күнделікті сөйленісте пайдаланады, сондай-ақ кейбіреулері тіпті қызыл жəне көркем тілде де сөйлейді. Түркілік ақындар болса, парсы тілінде жарқын өлеңдер мен қызықты əңгімелер құраған» [36; 190] деген мəлімет бар. Навои «Маджалис ан-нафа-ис» еңбегінде түркі ақындарының 90 % парсы тілінде, «ал түркі тілдерін білетіндері де, жиі екі тілді қатарынан пайдаланған» деп жазған, сондай-ақ Навоидың өзі де жас кезінде «екі тілдің білгірі» деген атқа ие болған [36; 27]. Кейін де парсы əдеби тілі Хиуа хандығынан басқа, бұрынғыдай Орта Азиядағы өзбек хандықтарында ресми тіл болып қалған, Хиуа хандығында ХІХ ғасырдың ортасына дейін тəжік тілі қолданылған. ХVІ жəне кейінгі ғасырларда да сарай ақындары мен Бұхар хандығының ақындары өз шығармаларын парсы тілінде жазуды жалғастырғаны белгілі.

Сонымен, өзбектің əдеби тіліне өзбек əдеби тілі тарихын зерттеушілерге  тарихи-мəдени құбылыс деп қарау тəсілін қолдау тұрғысынан дəлел болатын мəтіметтердің кең екенін ескеріп, қабылдау дұрыс шешім болып саналытынын ескеруі керек. Зерттеушілер алдында түркітанулық көзқарас тұрғысынан парсы (тəжік) тілінде, екі тілде жазылған түркі ақындарының шығармаларын зерттеу мəселесі тұр. Мұндай зерттеулер нəтижелері қолда бар терминологияны сақтай отырып, əдеби өзбек тілі тарихының кезеңдестіруіне енгізілуі мүмкіншілігі бар.

Бұл айтылғандар П.М.Мелиоранскийдің «шағатайлық тілдің өзі ирандық элементтердің ықпалынсыз пайда болмаған» [32] деген пікірімен қоса құнды. Мұндай жағдайдың тууына, бірнеше ғасыр бойы иран-түркіаралық бейбіт көрші қарым-қатынастар тілдік мəдениетаралық араласуларға алып келгені белгілі [36; 72].

Араб тіліне келетін болсақ, аталмыш тілі діни тіл ретінде мұсылмандық діни міндеттерді орындау қажеттілігі бар аудандарға таратылды. Георгийдің айтуы бойынша: «Бұхарлықтардың бірталай өз діни қызметкерлерін иеленгенмен, көпестері араб тілінде тым жеңіл сөйлеген» [37],— деп ерекше атап өткен. Араб тілі ортағасырлық бүкіл ғылыми əдебиеттің негізі болды, тілді білмей мұсылмандық білімділікті түсіну мүмкін болмады [38]. Сəл кейінірек, араб емес түркілерден де араб- мұсылмандық мəдениеттің жетістіктерін қабылдап қана қойғандар емес, сонымен қатар оның дамуына да өз үлестерін қосқандар пайда болса бастады [32]. «Шағатайлық тілге» арабтық сөздердің кеңінен ене бастауына тек қана түркілердің араб тілін игеруі ғана емес, сондай-ақ жанамалық фактор, яғни парсы тілінің арабтық сөздермен молынан шұбарлануы себеп болды [39]. Сондай-ақ Навои шығармаларын, оның замандастары мен кейінгі авторлардың айтуы бойынша, түркі тілі біршама таза түрінде берілген дегенмен, түркітанушылармен қатар ирантанушылар мен арабтанушылардың араласуы қажеттілігі туындайды. Əзір түбегейлі бір ғана Навои тілі грамматикасындағы парсы, тəжік жəне араб тілдерінің орын алуы зерттеліп отыр.

П.М.Мелиоранскийдің айтуы бойынша, «шағатайлық тілге», бір жағынан, «əр жердегі жəне əр уақыттардағы сөздер мен түрлердің» [32] араласып енуі, екінші жағынан — «мұсылмандық білімнің» (араб жəне бірқатар парсы) өзінше енуі, бұл тілді ұлттар пайда болғанға дейінгі көптеген түркі халықтарында мəдени байланыс құралы мақсатында пайдаланудың алғышарттары пайда болған [40]. Осы тұрғыдан өзіндік ерекше «шағатайлық тілді» түркі тілді халықтардың мəдени байланысының құралы деген анықтаманы В.Н.Татищев, сол халықтардан шыққан ғалымдардың айтуы бойынша, алға тартып: «Бұхаралықтар жəне Астрахан, Қазан халықтарының оқымыстылары шағатайлық тілді татарлық диалектілердегі басты деп санайды....» [41].

Не дегенмен де, сол ХV ғасырда А.Навоидың мəдени байланысы құралы ретіндегі стандартты «шағатайлық тілі» немесе түркілердің тілі, қандайда бір көрнекі өзгертулерсіз сол мақсатта ХVІ ғасырда Шейбани ханмен өзбектерде қабылданды; өзін «шағатайлық тайпаның» өкілі деп санаған Мұхаммед Салих ақын, Шейбани ханның қызметінде жүріп, «Шейбанинаманы» сол Навои  мен Бабыр шығармаларының тілінде жазғаны белгілі.

Сөзсіз, ортағасырларда, кейде кейінгі кезеңдерде де пайдаланылған «шағатайлық тіл» Орта Азия халықтарының əдеби тілдерінің жəне де татар тілінің қалыптасуына зор ықпал еткен, ал, М.Мансуроглының  ойы  бойынша,  ескі  анатолиялық-түріктерінің  əдеби  тілі  ХV  ғасырға       дейін «шағатайлық   тілмен»   тірі   байланысты   сақтаған.   Осы   айтылғандарды   негізге   ала       отырып, «шағатайлық тіл» ортағасырлық түркілік тілдерге мүмкін болмаған жағдайдың өзінде енуі əбден мүмкін... [42]. Кейбір жағдайларда аталмыш тіл Орта Азиялық түркілік тілдермен, диалектілермен жəне де ХІV–ХХ ғғ. синь-цзяньдық-ұйғырлық əдеби тілдермен салыстырылуы мүмкін [43].

Жалпы, шағатай тілінің зерттелуінен бұрын ол тілді оқыту, үйрету мəселесі жоғары тұр. Себебі тіл лингвистикалық тұрғыдан зерттеу нəтижелері біршама белгілі, бірақ бұл зерттеулер қорытындылары тілді үйренуге беретін көмегі қаншалықты деген сұрақ туындайды. Ал аталмыш тілді оқи білу, тарихшылар үшін, оның ішінде қазақ тарихын зерттеушілер үшін аса маңызды. Мысалы, ежелгі, тіпті ортағырларлық түркі тілінде жазылған шығармаларды зерттеген түріктанушылардың сол тілдерге берген бағаларына мəн бертетін болсақ, олар түркі, оның ішінде шағатай тілінде жазылған еңбектерге жеке-жеке тарихи ескерткіштерге сияқты қараған. Яғни бірінен кейін бірі жазылған екі еңбекке жеке-жеке ескерткіштерге сияқты қарағандарын айтқан. Мысалы, өз заманның шағатай тілінің маманы түркітанушы П.М.Мелиоранский зерттеуші ретіндегі өзіне берген бағысында байланысты В.В.Бартольдтың «зная тюркские языки и преподавав, он себя чувствовал не историком и не лингвистом, а именно исследователем литературных памятников» деген пікірі, шағатай тілін зерттеу тəселдерін белгілі бір жүйеге келтіру, біршама анықталған жұмыстардың бірі болса керек.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

  1. Türkological Collection / Board: A.N.Kononov (exe.edit.), S.G. Klyashtorny et al. — Moscow: Publishing House of Sci- ence GRVL, 1972. — P. 167.
  2. Aristov A. Notes on the ethnic composition of the Turkic tribes and nations and information about their numbers. — St.Petersburg, 1897 // Live old. — 1896. — Vol. 3, 4. — P. 43, 44 (Reprint from the magazine)
  3. The history of the Uzbek — T.I.: From ancient times to the middle of the XIX century / Еxe.edit. J.G.Gudyamov. — Tashkent: Fan, 1967. — P. 431.
  4. Nikitin А. Hozhenie three sea Nikitin 1466–1472 Second edition, enlarged and revised / Ed.Ed. VP Hadrian-Peretz. — Moscow-Leningrad: Publishing House of USSR Academy of Sciences, 1958. — 284 p.
  5. Samoilovich N. Mongolian-shamanic ritual zavorazhivaniya horsetails at the beginning of the XVI century. (Baburovskoe description) // Living Antiquity. — Mosсow, 1911. — Vol. 3, 4. — Р. 431,432.
  6. Petrushevsky P. From the history of Bukhara in the XIII century // Ser. of Oriental Sciences. — 1949. — Vol. 1. — P. 111,112.
  7. Bartoldt V.V. Ulugbek and his time / Zap. Russian Academy of Sciences. — 1918. — 8 ser. — T. 8. — № 5. — Р. 11,
  8. Borovkov A.K. Alisher Navoi as the founder of the Uzbek literary language / Collection of articles Alisher Navoi. — Leningrad: USSR Academy of Sciences, 1946. — Р. 103,104.
  9. Vamberi Journey Through Central Asia: a description of a trip from Tehran through the Turkmen steppes on the eastern shore of the Caspian to Khiva, Bukhara and Samarkand, done in 1863 /A.Vamberi. — St.Petersburg: BI, 1865. — P. 171.
  10. Karmysheva H. Some of the data to the ethnogenesis of the population of the southern and western regions of Uzbekistan / Brief reports of the Institute of Ethnography, USSR Academy of Sciences. — 1957. — T. 27. — Р. 34.
  11. Bartoldt V. Essays on the history of the Turkmen people // Works. — Vol. 2. — Part 1. — Moscow: Publishing House of Science, 1964. — P. 594.
  12. Aristov N. Еxperience determine the ethnic composition of the Kirghiz-kaysakov Great Horde and Karakirgiz // Living — 1894. — Vol. 3, 4. — Р. 395–396.
  13. Nominhanov D. Mongolian elements in ethnonymy and place names of the Uzbek SSR // Zap. Kalmyk. Niiya. — Elista, 1962. — Vol. 2. — Р. 268–273.
  14. Bartoldt V.V. History of the cultural life of Turkestan. — Leningrad: AN SSSR, 1927. — P.
  15. Samoilovich A. Kratky sketch grammar Mountain Language «Bolkar» / ZVORAO. In 1913. — Vol. 21. — Р.
  16. Mallitsky N. Tashkent mahalla and mauza // Proc. V.Bartoldt — Turkestan friends, disciples and admirers. — Tashkent,— Р. 108–121.
  17. Savina V.I. The types of derivation of names of Iran // Toponymy East. — Moscow, 1964. — Р. 151,
  18. Borovkov K. Vocabulary Central Asian tefsira XII–XIII centuries. — Moscow: Publishing house: Oriental Literature, 1963.— 368 р.
  19. Karamzin N.M. History of the Russian state. — Vol. 5. — St.Petersburg, 1819. [Elektraonny resource] // Karamzin. History of the Russian State: [site]. URL: http://www.bibliotekar.ru/ karamzin / index. Htm (date accessed 06/13/2012). — P. 94,
  20. Veselovsky B. Toponymy in the service of history // Historical Notes of the USSR. — Vol. 17. — Moscow, 1945. — Р. 30, 31.
  21. Chernyh Y. A note on the name of «Woe from Wit» / Reports and reports of the Philological Faculty of Moscow State University. — 1948. — Vol. 6. — Р. 46, 47.
  22. Yudin P. On the tribal structure and the Mogul moguls Mogulistan and ethnic ties with the Kazakh and other neighboring nations // Ed. Kazakh Academy of Sciences. Sor. societies. Sciences. — Alma-Ata, 1965. — Vol. 3. — Р. 52–65.
  23. Korsch E. Regarding the second article of Professor. PM Melioransky of Turkish elements in the language of «Lay» // Proceedings of the Academy of Sciences ORYAS. — 1906. — T. 11. — Book 1. — Р. 297.
  24. Samoilovich A.N. Iranian heroic epic in the literatures of Turkic peoples of Central Asia // Ferdovsi (934–1934). — Leningrad, 1934. — 169.
  25. Melioransky M. Turkish dialects and literature / In.: F.A.Brockhaus, I.A.Ephron. Encyclopedic Dictionary. — T. 34. — St. Petersburg, 1902.
  26. Borovkov A.K. The study of Turkic languages in the USSR // Problems of Linguistics. — Ed 10. / Ed. calls.: S.Akhmanova, N.Baskakov etc. — Moscow: USSR Academy of Sciences, 1961. — Р. 14.
  27. Kormushin I.V. Category causative in the Altaic languages / Ph. D. thesis. — Leningrad, 1968. — P.
  28. Abdurakhmanov G.A. Study starotyurkskomu syntax. — Moscow: Nauka, 1967. — P.
  29. Shukurov S. Current and future verb tenses in written monuments of old Uzbek language / Ph. D. thesis. — Moscow, 1960. —4.
  30. Musabayev G.G. Modern Kazakh language. Vocabulary. — Alma-Ata: Kazakh Academy of Sciences, 1959. — 142
  31. The study of the medieval monuments of Turkic writing (XI–XVI ) / A.Zajaczkowski // Problems of Linguistics. — 1967. — № 6. — P. 83–89.
  32. Melioransky P.М. Arab scholar of Turkish language. — St. Petersburg: BI, 1900. — 85 р.
  33. Shakhmatov A.A. Essays on the modern Russian literary language. — Ed. 4. — M.: Uchpedgiz, 1941. [Elektraonny resource] // Shakhmatov A.A. Outline of the modern Russian literary language: [site]. URL: http://www.twirpx.com/file/294761/ (date accessed 06/13/2012)
  34. Artamoshina D. Conditions of formation and some features of the language of the Central Asian poets — the forerunner of Navoi // Turco-Mongolian linguistics and folklore. — Moscow, 1960. — Р. 7.
  35. Kononov N. A valuable work on the old Uzbek language grammar // Social Sciences in Uzbekistan. — Tashkent, 953. — P. 64.
  36. Bertels E.E. Selected Works. — Moscow: Oriental Literature Publishing House, 1960. — 556
  37. George Description of the Russian state living people. — Part 2. — St. Petersburg, 1776 / Sovrem. ed.: A description of all living people in the Russian state, and their everyday practices, usages, clothing, shelter, exercise, fun, faith and other memorability. — Moscow: The Library of RUSAL, 2007. —P. 64.
  38. Bertels Е.Е. Creative career of the poet / Cont. edit. B.N.Zakhoder. — Moscow: USSSR Academy of Sciences, 1956.— P. 70.
  39. Bertels Е.Е. Persian Poetry in Bukhara / Literature of the East in the Middle Ages: instructional materials for .. / Comp. A.Z.Khabibullina. — Kazan: Kazan state. Univ., 2007. — P. 11.
  40. Melioransky M. A brief grammar of the Cossack-Kyrgyz language. — Part 1. — St. Petersburg. Imperial. Academy of Sciences, 1894–1897. — P. 4.
  41. Tatishchev V.N. History of Russia. — T. 1. — Moscow: AST: Ermak, 2005. — P.
  42. Blagova G.F., Danyarov H.D. By «Turks» of Uzbekistan in their relationship to the language of old Uzbek literature // Problems of Linguistics. — Moscow: USSR Academy of Sciences, 1966. — Р.
  43. Katanov F. Omens and superstitions of the Turks of Chinese Turkestan, on the phenomena of nature // Collected papers of Professor V.R.Rozena students on the day of the 25th anniversary of his first lecture of 13 November 1872–1897. — St. Petersburg: Imperial Academy of Sciences, 1897. — P. 30.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.