Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əлеуметтік педагог қызметінің психологиясы

Қазіргі замандағы мектеп қолдауды жəне оқушылардың əлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу жүйесінің дамуын қажет етеді. Бүгінгі таңдағы ақиқаттың динамикалығынан, қақтығыстығы мен белгісіздігінен туындаған проблемалардың салдарынан қазір өзін əлеуметтік қорғаныста, аманшылдықта сезінетін халықтың əлеуметтiк топтары iс жүзiнде жоқ. Өкінішке орай, осы жағдай, ең бастысы, балаларға қатысты жəне, біріншіден, бұл балаларды əлеуметтік қорғау жəне балаларға əлеуметтік көмек көрсету салаларындағы мамандардың жұмысын күрделендіреді. Ал екінші жағынан қарағанда, дəл осы жағдай проблеманы кəсіби бағалай алатын жəне оларды шешуге көмек көрсете білетін əлеуметтік қызмет мамандарына, əлеуметтік педагогтарға, əлеуметтік жұмыскерлерге деген сұранысты арттырады. Сондықтан қазіргі таңда əлеуметтік педагогиканың жəне əлеуметтік педагогика облысындағы мамандарды дайындау жүйесін қалыптастыру осындай маңызды мəнге ие болып отыр.

Əлеуметтік педагог қызметінің бір ерекшелігі, оқушы өз проблемасын жəне оның неден туындағанын əрдайым сипаттай алмайтындығында. Осы орайда əлеуметтік педагог проблемалық мəселенің туындау себептерін өзі анықтап, «диагнозды» өзі қоюы қажет.

Əлеуметтік педагог өзінің кəсібі бойынша, мүмкіндігінше, проблеманың алдын алуға ұмтылады, дер кезінде оны туындатқан себептерін анықтап, оларды жоюға, əр түрлі сипаттағы жағымсыз құбылыстардың (əлеуметтік, физикалық жəне т.б. сипаттағы) превентивті түрде алдын алуды қамтамасыз етуге тырысады. Əлеуметтік педагог оған көмек сұрап келуді күтпейді. Этикалық формада ол жанұямен қарым-қатынасқа өзі түседі [1]. Əлеуметтік педагог əсерінің нысаны жанұядағы бала, жанұяның ересек мүшелері жəне жанұяның өзі, жалпы, ұжым ретінде болуы мүмкін. Əлеуметтік педагогтың қызметі əлеуметтік-педагогикалық көмектің үш құрамын: білім беру, психологиялық жəне делдалдықты құрайды [2]. Білім беру əлеуметтік педагог қызметінің  екі бағытын   құрайды:   білім   берудегі   көмек   жəне   тəрбие.   Бұл   жағдайдағы   көмек   пайда болған проблемалардың алдын алуға жəне педагогикалық мəдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Тəрбиедегі көмек əлеуметтік педагогпен, ең бірінші, кеңес беру, сонымен қатар уақытындағы көмек мəселелерін шешуге арналған, оны нығайту мақсатында жəне оның тəрбие əлеуетін неғұрлым кең қолданылуына арнайы тəрбиелік жағдайларды жасау жүзінде өткізіледі.

Əлеуметтік-педагогикалық көмек құрамына екі компонент кіреді: əлеуметтік-психологиялық көмек жəне түзету (коррекция).

Əлеуметтік педагог өз қызметінде үш негізгі рольді атқарады.

Кеңесші — өзара қарым-қатынастың мүмкіндіктері, даму жайлы ақпарат жəне тəрбие бойынша педагогикалық кеңестер береді.

Консультант — мəселе аумағындағы заңнама бойынша кеңес, тұлғааралық қарым-қаты- настардан, нақты мəселеге бағытталған тəрбие əдістерінен ақпарат береді, қалыпты даму жəне тəрбиеге қажетті жағдайларды жасау тəсілдерін түсіндіреді.

Қорғаушы — адамның толық азып-тозуымен (маскүнемдік, нашақорлық, балаларға деген қаталдық)     түйiсiп     қалған     уақытта     жəне     соның     салдарынан     балаларға тұрмыс-салттың жайғаспағандығы, ықыластың жоқтығы, ата-аналардың адамгершiлiк қатынасының болмауы мəселелерiнен туындайтын жағдайларда құқығын қорғайды [3].

Педагогикалық қызметке өзара байланысты ұғымдарға, қағидаларға, идеяларға жəне əдістерге нақтылы жиынтыққа қолдануға түрткі болатын өз əрекеттерін жүзеге асыруда білім беретін мекемелердегі жетекшінің, маманның бағыты. Бұл сонымен бірге кешенді педагогикалық құрал жəне өзіне келесіні қосады:

  • қазiргi тəжiрибенiң негiзгi ұғымдары;
  • қызметтiң қағидалары, қабылдаулар;
  • бiлiм беру қызметiнің құрастырушы əдiстерi.

Мұндай контекстіде əлеуметтік-педагогикалық жол социумға сүйене отырып, педагогикалық үрдісті жүзеге асыруды (оқыту жəне тəрбиелеу) жəне əлеуметтiк институттармен өзара əрекеттесудi анықтау арқылы оның тəрбиелік əлеуетін, тəрбиеленушілерді əлеуметтік маңызды қызметтерге жəне əлеуметтік қатынастарға қосуды, əлеуметтік қажеттіліктерді қалыптастыруды жəне тұлғаның əлеуметтiк қабiлеттiлiктерiнiң дамытуын болжайды. Əрине, бұл жол жанұяның жəне басқа да əлеуметтiк институттардың мүмкiндiктерiн (əр түрлi бiлiм беретiн тəрбиелiк құрылымдар, қоғамдық ұйымдар, халықты əлеуметтiк қорғау мекемелері, қайырымдылық қорлары жəне т.б.), тұлғаның микроортасын жəне жалпы социумды қолдануды талап ететінi анық. Ол адам құқығын қорғауды, оның қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін дамытуды, руханилығын қорғауды  қамтамасыз  етеді, əр түрлі жеке орта жағдайларға оларды шешу жəне балаларды қорғау мақсатында педагогикалық құзырлы кiрiсудің механизмдерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұндай қызмет — бұл нысананы көздеген, ғылыми негізделген, педагогикалық түрде ұйымдастырылған адамның қоршаған əлеуметтік ортамен құрылған қарым-қатынасының жүйесі, өзінің тұлғаға деген көп факторлы əсерімен. Салдары ретінде ол өзіне «ортадағы тұлғаны», «социумдағы тұлғаны», «əлеуметтік қатынастар жүйесіндегі тұлғаны», «əлеуметтік қызмет құрылымындағы тұлғаны» сипаттайтын сұрақтардың талдауын қосып алады.

Əлеуметтік-педагогикалық жол қалалық социумға жəне оның тұлғаның дамуындағы тəрбиелік потенциалына сүйенуді болжайды [4]. Ол социумның потенциалын қолдану негiзiнде тұлғаның кей мəселелерiнің шешілуінде деп айтуға болады:

  • адамды əлеуметтік маңызды қызметіне, жаңа əлеуметтік қатынастарға қосу арқылы;
  • тұлғаның бойында əлеуметтік қажеттіліктерді қалыптастыру, оның əлеуметтік қабілеттіктерін дамыту арқылы;
  • қаланың əлеуметтік       институттарымен          ағымдық      жəне      созылмалы   қасиетіндегі   жеке мəселелерiнiң шешiлуі үшiн іскерлік қарым-қатынасын қалыптастыру арқылы.

Сайып келгенде, бұл жол педагогика ғылымында жəне тəжірибесінде қалыптасқан тұлғаға жəне оның салыстырмалы түрде педагогикалық (білім беру) құрылымындағы (балабақша, мектеп, қосымша білім беру мекемелерінде, жоо) қалыптасуына деген тар көзқарасты жеңуiне мүмкiндiк туғызады. Оның контекстінде адамның құрылымдық-функционалдық байланыстары педагогикалық түрде бақыланатын білім жəне тəрбие əрекеттерінің бастысы ретінде қарастырылады.

Білім беруде мекемелермен жалпыға міндетті білім міндеттерін атқарудан басқа, мұндай жол, əрине, вариативтi бiлiмнiң жүзеге асырылуын да, əлеуметтік қорғауындағы балалардың əр түрлі категорияларына көмекті де, ата-аналарға социумның потенциалын қолдану негізінде  көмек көрсетуді де қосып алады.

Əлеуметтік-педагогикалық жол бірқатар қағидалар негізіндегі кəсіби қызметті қамтамасыз етеді:

  1. Əлеуметтік əріптестік жəне əлеуметтік қызметті ұйымдастыру жəне басқарудағы қызметтестік қағидасы барлық субъектілердің тəрбиенің жалпы мақсаттарының жəне оларға қол жеткізу жолындағы күш-жiгердi бiрiктiру негізінде өзара қатынасының құрылуын болжайды.
  2. Мəдени сəйкестік қағидасы максималды түрде тəрбие жəне білім берудегі құндылық, балалар мен жастардың толыққанды дамуы жəне олардың жасампаздық қызметіндегі өзін шығармашылық көрсетуі ретінде Қазақстанның бай мəдени потенциалын қолдануды білдіреді.
  3. Табиғи сəйкестік қағидасы балаға табиғаттың бір бөлігі ретінде қарауды білдіреді (жеке физикалық жəне психикалық ерекшеліктерін ескеру), баланың табиғатпен бірліктегі жəне келісімдегі тəрбиесін болжайды.
  4. Жастарға басқа нұсқадағы жолдар ұсынылатын қажетті жағдайларды жасау негізіндегі тəрбиелік əсердің жанамалық қағидасы.
  1. Тəрбиеде қалалық социумның потенциалына сүйену қағидасы бірдей қабылдау қажеттілігін жəне əлеуметтік тəжірибені қолдануды, нақты өлкедегі оның позитивті қалыптасуын көрсетеді.
  2. Жобалау, болжау жəне модельдеу қағидасы тəрбие дамуының полимəдени жəне көп ұлтты социумдағы стратегиялық жəне тактикалық болжауына немесе тəрбие мен оның элементтерінің жұмыс жасау жағдайларын жасауға бағытталған.
  3. Ұжымдағы тəрбие қағидасы қатысушылар арасында бiрлескен тiршiлiк əрекетiнiң үрдісінде қалыптасатын бірдей құқықтағы қатынастар жүйесі ретінде анықталады. Өзінің бүтіндігінің арқасында ұжым ерекше түрмен өзінің əр субъектісіне ықпал етуі мүмкін, жалпы қоғамдағы бейiмделу жəне жекелеу тəжiрибесін жинауға мүмкiндiк бередi.
  4. Ұрпақ деңгейіндегідей білім жүйесіндегі, тəрбиедегi мирасқорлықтың қағидасы тəрбие үрдісінің үзiлiссiздiгін, тəрбиеленушілердің мəдени-тарихи отандық құндылықтар мен салт- дəстүрлерді жеке иемдену (интериоризация) қажеттілігін көрсетедi.

Əлеуметтік педагог қызметінің мəні неде? Жалпы, біз үшін бұл қызмет салыстырмалы түрде жаңа кəсіби қызмет болып табылады [5]. Оның ресми түрде мойындалуынан кейiн елімізде жоғары оқу орындарында мамандардың кəсіби дайындығы үшін əлеуметтік педагогика факультеттері құрыла бастады.

Бұл мамандыққа қарағандардың көбі дилемманың алдында жиі тұрады:

  • егер бұл педагогикалық мамандық болса, онда неге əлеуметтік педагог кейбiр өлшемде əлеуметтiк қызметкердiң мiндетiн орындайды, балалар мен ересектерге əлеуметтік-құқықтық, медициналық-əлеуметтік, психоəлеуметтік жəне əлеуметтік-мəдени деңгейлерінде əлеуметтік- педагогикалық көмекпен айналысады?
  • егер бұл əлеуметтік жұмысқа қатысты мамандық болса, онда неге ол əлеуметтік тəрбие сұрақтарын қарастырады жəне білім беру мекемесіндегі штатында болады?

Бұл мамандық əлеуметтік жұмыс аумағында дəстүрлі түрде дами отырып, одан шынайы түрде айырылып кеткен. Кең ұғымда ол əлеуметтік жұмыстың құрылымдық бөлігі болып табылады. Педагогикалық құрамдасының бөлінуі негізінде жəне социуммен оның кірігуінің арқасында əлеуметтік-педагогикалық жұмыс жетілдіру құралы болған əлеуметтік-педагогикалық компонентке айналды. Дəстүрлі түрде елімізде əлеуметтік-педагогикалық жұмыс білім беру өрісіне таралады, демек, оның негізгі нысаны оқушылар, олардың жанұялары жəне білім беру мекемесінің педагогикалық ұжымдары болып табылады.

«Əлеуметтік-педагогикалық» «психологиялықтан» бастапқы тұлға қосылатын шаралардың ұйымдастырылған жүйесі көмегімен социумның потенциалды мүмкіндіктерін қолданудағы белсенді бағытымен ерекшеленеді. Мұнда тұлғаға дəл осылай əрекет етуіне ынта тудыратын  қоршаған ортаның əсері жүзеге асады.

Əлеуметтік-педгогикалық компонент педагогикалық теориялық негіздерге жүгінеді, дегенмен адамның ішкі дүниесіне осыған қажетті жағдайларды қамтамасыз ету жолы арқылы мақсатты əсер етуді ұйымдастыру үшін психологияның мүмкіндіктерін қолдануды болжайды. Соңғысы адамның психикасының өзгеруі мен дамуының заңдылықтары білімінің, жеке психологиялық ерекшеліктері немесе əлеуметтік топтың негізінде құрылады. Бұл мағынада мұндағы «психологиялық» деңгейде басталған жұмыс жалғасады, сол себепті (таза педагогикалық əсерге қарағанда) неғұрлым тұлғаға əсер етуде жұмсақтығымен (психологиялығымен) ерекшеленеді. Осымен маманның əлеуметтік- педагогикалық қызметіндегі қорғаушылық функциясының беделдігі жəне психологиялық білімге деген көбінің ұмтылысында жəне əлеуметтік педагог қызметіндегі психологиялық білімінің ролін арттыруда байқалатын əлеуметтік педагог мамандығының феномені түсіндіріледі. Дей тұра, əлеуметтік педагог шынында педагог, арнауы бойынша ол үшін қиын жағдайдағы, оларға тұлғаның өзін қосу жəне ондағы белсенді қатынасуына қажетті жағдайларды жетілдірудегі мақсатқа сай адамның жаңа ерекшеліктерін қалыптастыру үшін шаралар жиынтығын ұйымдастыруға қабілетті маман болып қала береді [6].

Əлеуметтік педагог қызметіндегі «психикалық» жəне «психологиялықтың» орны, ролі бастапқы анықтаушылық болып табылады, себебі ол осы негізде əлеуметтік-педагогикалық проблеманың өзін анықтайды жəне тұлғаға əрі қарай əсер етудің схемасын құрастырады, басқаша айтқанда, өзіндік «проблеманы емдеу» гипотезасын құрады, алдын ала азды-көпті мысалды немесе нақты өзгерістерінің нəтижесін болжай, бастапқы тұлға бөлігі болып табылатын шаралар жиынтығын жоспарлайды жəне жүзеге асырады.

Əлеуметтік-педагогикалық əсерінің жетістіктілігі əлеуметтік педагогтың адамдағы проблемалық жағдайының туындауының шынайы себептерін айқындай алуына жəне оны жоюдағы қажетті ресурстарды, мүмкіндіктерді, ең бастысы тұлғаның жеке ресурстарын  табуына байланысты.

Əлеуметтік-педагогикалық қызметінің басты мақсаты тұлғаның əлеуметтік белсенділігіне жету жəне оны қалыптастыру болып табылады. Əлеуметтік-педагогикалық жұмысының соңғы нəтижесі əлеуметтік-педагогикалық əсердің нысаны болатын, оның сапалы бөлімдерінің — тұлғаның əлеуметтік белсенділігі болып табылатын тұлғаның өзінің белгілі бір өзгерісі болуы қажет. Соңғысы тұлғаның əлеуметтік тəжірибені өз бетімен меңгеру қабілетін, оған дұрыс жауап беру жəне өзінің тəжірибелік қызметінде белсенді түрде қолдануды, өзінің жеке проблемаларын дербес жəне өз бетінше шешуді білдіретін тұлғалық ерекшелік ретінде қарастырылады, ал өзінің тəжірибесін жинақтау жəне жетілдіру дəрежесі бойынша əлеуметтік тəжірибеге оны бірқатар жоғары деңгейдегі жаңа потенциалды мүмкіндіктермен өзгерту жəне байыту арқылы позитивті əсер ету.

Əр кəсіби қызмет қоғам өмірінің қандай да бір саласында (өткізілу орны), қандай да бір халықтың категориясы (қызметтің нысаны) арқылы жүзеге асырылады. Сайып келгенде,  біз қызметтің бағытына қол жеткіземіз, ал нəтижесінде əлеуметтік-педагогикалық қызметінің негізгі бағыттары болып табылады: жанұямен, конфессиялармен немесе конфессияларда, мектептерде, денсаулық сақтау бөлімдерінде, интернат типіндегі мекемелерде, жетім балалармен, денсаулық мүмкiндiктерi шектеулi балалармен, пенитенциарлық мекемелерде жəне т.б. əлеуметтік- педагогикалық қызметi. Қызметтің əр бағытында маман бірдей нəтижеге қол жеткізуге ұмтылады — тұлғаның (жанұяның, мектеп оқушыларының, денсаулықты сақтау мекемелері қызметкерлерінің, интернат типіндегі мекемелерінің немесе жетім балалардың) əлеуметтік белсенділігіне, оның əлеуметтену деңгейіне, əлеуметтік ортаға бейімделгіштігіне.

Мұнда əр түрлі типтегі мекемелерде, халықтың түрлі категорияларының арасында əр түрлі этимологиялы əлеуметтік-педагогикалық проблемаларының шешілуі кезінде жұмыс түрлі тəсілдер арқылы өткізілетінін атап өту маңызды, олар: психоəлеуметтік, əлеуметтік-медициналық, əлеуметтік- құқықтық, əлеуметтік-мəдени, тəрбиелік жəне т.б. Олардың барлығы бір қызмет аясында жүзеге асырылғандығымен жəне солай болған соң бір мақсатты көздейді. Қызметтің əр түрлі тəсілдері психоəлеуметтік жұмыстың əлеуметтік-медициналықтан, əлеуметтік-құқықтық жұмысының мəдени- тынығудан, ақпараттық-тəрбиеліктен жəне т.б. ерекшеленетін оның жеке мақсаттарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Олардың əрбіреуі қызметтің жалпы мақсатына өзіндік үлесін қосады.

Ағымдық мəселені бір қызмет аясында əр түрлі мазмұндағы өзіндік құралдармен халықтың əр түрлі категорияларының арасында шешуде, халық тобының ерекшелігімен, олардың проблемаларының сипатымен анықталатын əр түрлі мақсаттарға қол жеткізіледі. Түрдің түрден қызмет мақсатымен жəне нəтижесімен өзгешеленетіндігін ескере отырып, осы деңгейде  біз əлеуметтік педагог қызметінің түрлерін бөліп көрсете аламыз:

  • психоəлеуметтік;
  • əлеуметтік-медициналық;
  • əлеуметтік-құқықтық;
  • мəдени-тынығу;
  • ақпараттық-тəрбиелік жұмыс.

Осы кəсіби қызметтің əрбір түрінің өзіндік мазмұны бар:

Ақпараттық-тəрбиелік жұмыс — бұл балалар мен жеткіншектердің білім берудің əр түрлі деңгейлеріндегі жалпы, кəсіби жəне арнайы білімдерді меңгеру үрдісінде өмірлік қабілеттіктерін қолдауға, қалыптастыруға бағытталған ақпараттық, тəрбиелік, дамытушы құрамының көп салалы шараларының кешені.

Əлеуметтік-құқықтық жұмысының негізгі мазмұны социумның басқа əлеуметтік институттарымен (балаларды қорғаудағы ұйымдастырушылық-құқықтық жəне гуманитарлы мүмкіндіктер, балалар мен жасөспірімдердің бостандығының, жалпы мемлекеттік құқықты қорғауда, сонымен қатар білім беру мекемесіндегі социум құрылымының басқа да мүмкіндіктерін белсенді қолданумен құқықтық шеңбердің əрекеттілігін дамыту жəне қамтамасыздандыру) біріге отырып, жүзеге асыру болып табылады.

Психоəлеуметтік жұмысының мазмұнын қатысушыларда түрлі факторлардың əсеріне психологиялық тұрақтылығының білім үрдісін, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің нақты социум жағдайындағы білім алуы, тəрбиесі, дамуы мен өзін-өзі жетілдіру сұрақтары бойынша психологиялық    көмектің    əр    түрлерін    көрсетуді    қалыптастыру    мен    қолдауға   бағытталған диагностикалық, ақпаратты-аналитикалық, жолдамалық, қайта қалыпқа келтіру мен реабилитациялық жəне болжаулық шаралары құрайды.

Мəдени-тынығу жұмысы саласында əр түрлі əлеуметтік-мəдени жанрындағы, позитивті эмоционалдық жағдайларды өнер мен халық шығармашылығының, социум тіршілігінің алдыңғы тенденцияларын айқындайтын, əр түрлі құралдарымен ынталандыру негізінде білім жəне тəрбиелік үрдісі қатысушыларының əлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға бағытталған жан-жақты қызмет жүзеге асырылады.

Медициналық-сауықтыру жұмысы физиологиялық, интеллектуалды жəне білім беру мекемелері оқушыларының қоршаған əлеуметтік ортамен жəне медициналық-сауықтыру ресурстары мен социумның мүмкіндіктерін белсенді түрде қолдану негізіндегі кəсіби қызметпен қатынасы үшін маңызды басқа да қабілеттерін қолдауды жəне əрі қарайғы дамуын қамтамасыз етеді.

Жоғарыда көрсетілген əлеуметтік-педагогикалық қызметінің (тағы бір  ерекшелігі) бағыттарының жəне түрлерінің əрқайсысындағы қызмет мақсаттары мен міндеттерінің жүзеге асырылуы, бірдей жұмыс формаларын (құралдарын) қолдану арқылы іске асырылатынын атап өту қажет, олар: диагностика, көмек, профилактика (алдын алу), қолдау, кеңес беру, делдалдық, сүйемелдеу, коррекция (түзету), реабилитация жəне т.б. Яғни, əлеуметтік-педагогика қызметінің формалары өзінің арнауы бойынша əлдеқайда кеңірек. Олар, қызметтің басқа сипаттарына қарағанда, неғұрлым жалпы сипатқа ие. Бұл факт əлеуметтік педагог қызметінің  төмендегідей формаларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

  • əлеуметтік-педагогикалық диагностика;
  • əлеуметтік-педагогикалық көмек;
  • əлеуметтік-педагогикалық қолдау;
  • əлеуметтік-педагогикалық алдын алу;
  • əлеуметтік-педагогикалық кеңес беру;
  • əлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу;
  • əлеуметтік-педагогикалық түзету;
  • əлеуметтік-педагогикалық реабилитация;
  • медициналық-əлеуметтік-психологиялық консилиум;
  • делдалдық [7].

Қызметтік жолға сəйкес тұлғаның кез келген белсенділігінің негізінде оның қажеттіліктері жатады. Бұл жағдайда — тəрбиенің нəтижесі ретінде пайда болатын, ол үшін мағыналы сипаттар ретінде, нəтижесінде тұлғаның өзі де дамудың маңызды құралы, оның əлеуметтік қажеттіліктері.

Мақсаттарды жəне кəсіби қызметтің талқылаудағы түрін талдаудан, əлеуметтік педагог қызметі тұлғада пайда болатын ағымдық жəне созылмалы қасиеттегі проблемалардың шешілуінің мүдделігінде қолданылатын, социумның потенциалды мүмкіндіктерін жүзеге асыру құралы ретінде іске асады деп айтуға болады.

Болашақ ұрпақтың тəрбиесі объективтi түрде тек мамандардың ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғамның міндеті. Бұл ұстаным əлеуметтiк — барлық адамдардың практикалық тəжiрибесі педагогикалық контекстінің жоғарылауына айтарлықтай ықпал етедi.

Балалар мен жастардың əлеуметтік-педагогикалық қозғалысының астында үлкен болашақ жатыр, себебі ол қазіргі замандағы тəрбиенің негізгі бағыттарына сай, себебі қоғам  талаптарын ескере отырып, жас адамға мəдениет əлемінде біздің заманымызда аса өзекті болып табылатын мінез- құлық, идеал үлгілеріне бағдар береді.

Сайып келгенде, əлеуметтік педагог қызметі, əсіресе оның психологиялық тарабы күрделi мемлекеттiк мəселелер шешiмiнде — оқушылардың мiнез-құлығындағы ауытқулардың алдын алу жəне келешек Қазақстан азаматының тұлғасын құрастыруда маңызды буын болуына қабiлеттi.

 

 Әдебиеттер тізімі: 

  1. Sheptenko A., Voronina G.A. Technique and technology of work of a social pedagogue. — Moscow: Academy, 2001. — 208 p.
  2. Dictionary of the social pedagogy and social work / Compiler: F.Bettmer and other. — Omsk: OmGPU, 1998. — 119 с.
  3. Kulichenko R.M. Social pedagogue: professionalization of activity. — Tambov: Pub. TSU named after G.R.Derzhavin,— 240 p.
  4. Zelenov L.A. Sociology of city: educational material for stud. Higher educational establishments. — Moscow: Gumanit. Centr VLADOS, 2000. — 182 p.
  5. Mardahaev V. Social pedagogy: [a textbook for institutes of higher education on a direction of training and special...] — Moscow: Academy, 2006. — 205 p.
  6. Rean A. The social, pedagogical and psychological problems of «street» children and teenagers in Russia // Magister. — 1999. — № 6. — Р. 1–5.
  7. Torohtiy S. Social pedagogy and social-pedagogical activity: the relationship and interdependence // Materials of the all- Russian Congress of social pedagogues with international participation, 2009. March, 18–21. / Ed. M.A.Galaguzova:in four parts. 1. — Ekaterynburg: Ural state pedagogical Univercity, 2009.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.