Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кеңес дəуіріндегі Қазақстандағы бөгде сана ілімдері

Сана — философиялық ұғымдардың бірі. Бұл ұғым философияда объективті шындықты бейнелеудің адамға тəн жоғары формасы ретінде түсіндіріледі. Философияда «сана» ұғымының күн тəртібіне  қойылуы  сонау  ерте  замандардан  басталды.  Философия  тарихына  үңілсек,  «сана» жəне «материя» ұғымдарының қатынасы турасында ойшылдардың үлкен екі топқа бөлінгендігін аңғаруға болады. Оның бірі сананың материядан тəуелсіздігін жəне оның біріншілігін мойындайтын идеализм ағымы болса, екіншісі, керісінше, материяның санадан тəуелсіздігін жəне оның біріншілігін жақтайтын материализм ағымы еді. Идеалистер мен материалистер арасындағы тартыс философия тарихының өң-бойынан көрінеді. Тіпті, диалектикалық материализм өкілдері философияның негізгі мəселесін сананың материяға қатынасы деп біржақты анықтады. Біржақты дейтініміз философияның негізгі мəселелері тек сананың материяға қатынасынан көрініс табуы мүмкін емес, себебі философия бұл қатынастар төңірегіндегі ғана сұрақтармен айналысып қоймайды. Оның айналысатын мəселелер аумағы тым кең. Біз білетін барлық ғылымдардың нақты зерттеу объектісі, пəні, заңдары, түсініктері (категориялары), сүйенетін ұстанымдары, зерттеу  жүргізудің əдіс-тəсілдері бар. Егер     философияға Еуропа ойшылдарының көзімен қарайтын болсақ, əсіресе марксизм ілімі, философия, сөзсіз, ғылым болып табылады. Себебі философияның да зерттеу объектісі, пəні, түсініктері т.б. басқалары бар.

Бірақ философия тек ғылым ғана емес, оның ғылыми тұсынан гөрі, дүниетанымдық негіздері басымырақ. Философия — дүниетаным. Əр халық өзін қоршаған əлемді тануға, өзінің дүниедегі орнын түсінуге тырысатыны белгілі. Халықтың дүниені тануға, оның қыр-сырларын  біліп, түсіндіруге деген талпынысы, құлшынысы сол халықтың дүниетанымын құрайды. Халықтар бір- бірінен дүниетанымдарындағы ерекшеліктерге байланысты бөлінеді, мəселен, қазақ халқы, орыс халқы. Алайда философияға ғылым ретінде қарайтын ойшылдар халықтардың дүниетанымдарындағы бұл ерекшеліктерді есепке алмай, Еуропа философиясының түсініктерімен (категорияларымен) қамтылған сұрақтарды философиялық мəселе деп анықтайды. Бірақ Еуропа философиясымен мойындалған түсініктер мен ұғымдар əлемнің барлық халықтарының дүниетанымын анықтауда əмбебап өлшем бола алар ма екен?

Əлемдегі əр халықтың дүниеге деген өзіндік көзқарасы болатыны белгілі. Қандай да болмасын халықтың өзіндік ойлау жүйесі, дүниені бейнелеу тəсілі бар. Дүниені бейнелеуді, объективті шындықты бейнелеуді сана деп атаймыз. Ол ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мəдениеттің, философияның негізін құрайды. Халықтың ойлау мəдениетінде сол ұлттың рухани ерекшелігі, тыныс-тіршілігі, дүниетанымы, адамдардың өзара қатынасы, құндылықтарды түсіну мен қабылдау формасы өрнектеледі. Жеке бір халықтың ойлау мəдениетінің болуымен қатар, сол халықтың ойлау жүйесін өзінің дүниетанымының негізіне айналдырған, ұлттық ойлаудан нəр алған данышпандары да болады. Сондықтан халықтың дүниетанымын басқа бір халықтардың дүниетанымымен салыстырып, бір халықтың дүниетанымында қамтылмай қалған сұрақтарды, түсініктерді екінші халықтың дүниетанымынан тауып алып, біріншісіне қарағанда екіншісінің дүниетанымы философияға жақынырақ деп анықтауға болмайды, бұл жалған түсінік. Жалған түсініктен аса алмаған кейбір ойшылдарымыз қазақ халқының философиясына «əмбебап сана» негізінде келіп, қазақ философиясының ерекшелігін түсінбей, қазақ халқының философиясының болғандығына күмəнмен қарайды. Қазақ философиясына еуропалық философияның өлшемдерімен қарау орынды ма? Əрине, орынсыз. Еуропа халықтарының өз түсінігі бар, қазақ халқының өз түсінігі бар. Қазақ халқын басқа халықтардан ерекшелейтін оның өзінің ұлттық дүниетанымы, бұл — оның төл санасы. Егер оның дүниетанымына бөгде жұрттың дүниетанымын телісек, бұл сырттан келген бөгде сана болады. Төл сана, яғни ұлттық дүниетаным, ұлттық ойлау тілге байланысты. Ұлттық ойлаудың басты    ерекшелігі — оның тілінде. Неміс ойшылы М.Хайдеггер айтпақшы, «тіл — болмыстың үйі». Тіл «қарым- қатынас құралы» ғана емес, тіл — халықтың сана-болмысының көрінісі, оның рухы, жаны. Тіл арқылы ұлт өз болмысын, өмір тіршілігін, дүниеге көзқарасын бейнелейді.

Отарлаушы елдердің не себепті отар елінің ұлттық ана тілін өшіруге күш салатыны белгілі болды. Олардың ұлттың тілін құртудың астарында отар елдің елдігін, бірлігін бұзу, ұлттық рухын құлдырату ниеті жатыр. Себебі отарлау басқаның жерін басып алу немесе байырғы географиялық атауларды өзгертумен шектелмейді. Отарлаушылар отарлаған елдерін өздеріне қарсы бас көтертпеу үшін бірінші кезекте халықтың елдік санасын, ұлттық намысын жоюға тырысатыны тарихтан белгілі. Бойында намысы бар халық құлдыққа көнбейді, қарудың күшімен бағындырғанымен, келешекте бəрібір азаттығы үшін күреске шығады. Осыны болдырмау үшін отарлаушылар елдің төл санасына қатыстылардың барлығын бөгде сана арқылы тоз-тозын шығарып, бұзуға, халықтың тарихи-мəдени жадын ұмыттырып мəңгүрттендіруге тырысады. Отарлаушыларға тəн бұл сипатты Қазақ елін Ресейдің отарлау саясатынан көруге болады.

Қазақ жерін Ресейдің, дəлірек айтсақ, Ресей патшалығының отарлау пиғылының көрінуі сонау XV–XVI ғасырлардан басталып, ХІХ ғасырдың аяғында толықтай аяқталды. Қазақ елін отарлау Ресейде патшалық билік құлап, Кеңес үкіметі құрылғаннан кейін де жалғасын тапты.

ХХ ғасырдың əлемнің барша халықтарының тарихында алатын орны ерекше. Бұл ғасырда дүниежүзілік тарихтың бет-бейнесін анықтаған ірі-ірі оқиғалар орын алған болатын. Солардың бірі Ресейдегі 1917 жылы 25 қазанда жүзеге асқан социалистік төңкеріс еді. Қазан төңкерісін жұмысшы табының жағдайы жақсаратын, бүкіл еңбекші бұқараның мүддесі көзделетін, əлеуметтік теңсіздікке орын болмайтын социалистік қоғам орнату үшін Лениннің басшылығымен большевиктер жасады. Төңкерістен кейін большевиктер көп ұлтты Ресей еңбекшілерінің арасынан өз жақтастарының санын арттыру мақсатында «Ресей халықтары құқықтарының декларациясын» жəне «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» деген екі саяси құжат қабылдады. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге   құқылы екендігі айтылып, ұлттық жəне этникалық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттарды өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Қазақ зиялылары дүниені дүр сілкіндірген бұл өзгерістерді пайдаланып, қазақ халқын отарлық құлдықтан алып шыға алатын жол іздеді. Алаш партиясының астына біріккен қазақ зиялылары ойларын іске асыру үшін нақты бағдарламалар қабылдады. Олар Қазақ Ұлттық Автономиясын құруға белсене кірісті. Олардың ойынша, Ресей — демократиялық-федеративтік мемлекет, ал қазақ елі сол елдің құрамындағы автономды мемлекет болуы керек. Бірақ Ленин бастаған большевиктерге Ресейдің құрамындағы халықтардың өз алдына ұлттық мемлекет құруы қажет емес еді. Олардың көздегені жаңадан большевиктік империя құру еді. Большевиктердің саясатының демократиялық идеяға жанаспайтынын Ə.Бөкейханов: «Ел басшыларының жауапсыздығын біз Николай тұсында көріп едік. Большевиктер төрағасы Ульянов- Ленин, сол Николай секілді, жеке билеп төстейді. Николай сияқты халықты тілсіз хайуанға балайды. Большевиктер Петроград пен Мəскеу Думасын қуып таратты. Ал, оларды халық сайлаған болатын. Демократия — шетел тілінің сөзі, ол халық билігі деген мағына береді. Большевиктер халық билігін «буржуазия сарқыншағы» деп есептейді» [1], — деп ашып айтты. Халық билігін «буржуазия сарқыншағы» деп санайтын большевиктер үшін демократияның мүлдем керегі жоқ. Демократияда халықтардың құқығы жəне теңдігі сақталады, ал патшалық империяның орнын басқан, халқы құлдықта өмір сүретін Кеңестік империяда халықтардың құқығы мен теңдігі сақталуы мүмкін емес- тін. Жəне демократия болуы үшін экономикада да демократия болуы керек. Экономикадағы демократия əр түрлі меншік иелерінің өмір сүруіне мүмкіндік береді. Ал Кеңестік социалистік империяның мақсаты меншік иелерін болдыру емес, керісінше, «барлық байлықты, орталықтандыру, өндіріс құрал-жабдықтарын мемлекеттік меншік деп жариялау, өндірілген өнімді де мемлекеттік мүлік деп бақылауға алып, адамдарға үлестіріп беру. Сөйтіп материалдық игіліктерді өндірушілерге əлеуметтік бақылау орнату» [2] еді.

Жоғарыда қазақ елін отарлау саясаты патшалық Ресей құлап, Кеңес үкіметі құрылған соң да жалғаса берді деген едік. Ресейдің отарлау пиғылын анық аңғарған қазақ зиялылары Қазан төңкерісінен кейінгі уақытта бар күштерін халыққа миссионерлік пиғылдан ада оқу-білім үйретуге жұмсады. Себебі қазақ зиялылары отарлық бөгде сана қазаққа ағартушылық арқылы келіп жатқанын анық көрді. Олардың бұл ойлары отаршылдарға ұнамады. Отаршылдарға отарындағы елдің ғылым, өнер үйренуі қажетсіз. Отар елдің ғылым жетістіктерін үйренуі, дербес ғылымының дамуы, күштінің қаруың меңгеруі үстемдік етуші елге қауіпті. Осыны болдырмау үшін түркі халықтарының бірлігіне сызат түсіріп, қазақ зиялыларын əр түрлі себептермен қудалау басталды. Қазақ зиялыларын қудалау Кеңес үкіметі құрылғаннан кейінгі кезеңде ашықтан ашық жүргізілді. «Панисламизм», «пантүркизм» ұғымдары қалыптасты. Кеңес билігі қазақ халқының интеллигенция өкілдерін тікелей бақылауында ұстап, ұрымтал сəт пайда болғанда, «халық жауы» деген жаламен көзін құртып отырды. Мəселен, А.Байтұрсынұлы № 1 «пантүркист» ретінде И.В.Сталиннің тікелей бақылауында болды. Ғұмыр бойы қудалануда болған А.Байтұрсынұлы 1937 жылы 6 желтоқсанда «халық жауы» ретінде атылды. Оның барлық еңбектері пантүркистік, антикеңестік пиғылда деген жала жабылып, жиналып-теріліп өртелінді. Қазақ үшін араб əрпі негізінде жасаған əліпбиін Сталин «пантүркистік идеяны бойына сақтаушы» деп бағалап, бұл əліпбидің орнына 1926 жылы латын жазуын, 1940 жылы кириллица жазуын енгізді. Тіпті, оның атын атап, шығармаларын сақтаған азаматтар ұлтшыл буржуазия өкілі, халық жауы деген айыппен лагерьлерге қамалып, ит жеккенге айдалып, ату жазасына кесілді. Бұл тек А.Байтұрсынұлының басына түскен нəубет емес, қазақ зиялыларының бəріне келген нəубет еді.

Нағыз нəубет социализм идеясының қазақ халқының өміріне батпандап кірген шағында орнады. Жоғарыда айтылғандай, Ресейде болған Қазан төңкерісінің негізінде социалистік идеяны жүзеге асыру əрекеті жатты. Төңкеріс арқылы жеке меншікті жойып, өндірушілер экономикасына мемлекеттік бақылау орнату. Сол арқылы қоғамдағы таптық қанауды болдырмау, əлеуметтік теңсіздікті жою.

Əлеуметтік теңсіздік адам баласын сонау бағзы заманнан бері ойландырып келе  жатқан құбылыс. Əлеуметтік теңсіздік болмайтын қоғам құру туралы утопистік сарындағы идеяларды Платонның «Атлантида», Т.Мордың «Утопия», Т.Кампанелланың «Күн қаласының тұрғындары», А.Сен-Симон, Р.Оуэн, Э.Кабенің еңбектерінен аңғаруға болады. Коммунизм де утопиялық идея. Əлеуметтік теңсіздіктің шығу көзі неде дегенге келсек, бұған жауапты қазақ ойшылы Ғ.Есімнің мына бір ойынан табамыз. «... Ол тек таптық қанауға байланысты ұғым емес. Əлеуметтік теңсіздік қоғамда неліктен болады дегенге келсек, ол адам табиғатына, болмысына қатысты екенін мойындау керек. Бес саусақ  бірдей  емес  демекші,  əр  адамның  қабілеті  əр  түрлі»  [3],  —  дейді  Ғ.Есім.  Ол  əлеуметтік теңсіздіктің себебін адамның болмысынан, қабілетінің əр түрлілігінен көреді. Адамның қабілетінің əр түрлі болуы табиғи заңдылық. Табиғи заңдылықты адамдар өзгерте алмайды. Социализм адамдардың қабілеттеріндегі əр түрлілікті елемей, оларды теңестіруге тырысты. Адамдарды теңестіру оның болмысына жасалған қарсы əрекет. Социализмнің адамның табиғатына қарсы идея болғандығын Ресейдің Уақытша үкіметінің Премьер-министрі болған, Ленин «революция үшін ең қауіпті  адам» деп атаған А.Ф.Керенский де айтқан болатын. Ол: «Социализмге материалистік тұрғыдан келген марксизм тек бір ғана таптың — пролетариаттың ілімі болды. Адамның өзінің қайталанбас ерекшеліктерін есепке алмайтын, оны азат етуді тарихи процестің этикалық жəне философиялық басты мақсаты деп есептемейтін бұл ілімнің орыс идеясына үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Материалистік теориялар адамды үлкен құбыжық машинаның кішкентай тетіктеріне айналдырады» [4], — дейді.

А.Ф.Керенский социализмді орыс идеясына үш қайнаса сорпасы қосылмайды дейді. Неліктен? Себебі социализм идеясы Батыс Еуропадан келген идея еді. Ғ.Есім: «Социализм Қазақ еліне қайдан келіп еді дегенге келсек, Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің іс — тəжірибесіне назар салуымыз керек. Бұл екеуі 1848 жылдың 21 ақпанында «Коммунистік партияның Манифестін» неміс тілінде жариялады. Социализмнің утопиядан саяси мəнге айналуы туралы ілім осы Манифестен бастау алады. Манифест «Еуропаны Елес кезіп жүр, ол коммунизм елесі» — деп басталған» [3; 62] — деп, социализм идеясының қайнар көзін анықтайды. Идея Еуропада жасалған, Ресейде алғашқы  болып осы идеяны жүзеге асыру əрекеті орындалған. Қазақстан сол кезде Ресейдің отары болғандықтан, социализм идеясының біздің елге Ресейден келуі түсінікті жайт. Ресейде коммунизм идеясының кең таралуы оның еуропашылдығынан, яғни олардың еуроцентристік ойлардың жүйесінде болғандығынан, болар.

Ресейдің еуроцентристік көзқарас шеңберінде болғандығын М.С.Бурабаевтың мына бір ойы дəйектей түседі: «Наша республика, вопреки воле народа, в составе СССР оказалась в системе мифического российского евроцентризма. В ходе колониальных захватов и  становления современного Запада сложилась система идеологических мифов, названная евроцентризмом. Он утверждает, что Запад — единственная цивилизация, прошедшая в своем развитии «правильный» путь, который неизбежно должны пройти все остальные культуры и цивилизации. В конце этого пути все человечество обретет одну и ту же «правильную» систему хозяйства и общественного устройства по типу Запада» [5]. Еуропа елдерінің ғылымда, техниканың дамуында қол жеткізген жетістіктері ұшан-теңіз. Жəне дүниежүзілік өркениеттің дамуына Еуропа ғылымының шешуші үлес қосқанын да білеміз. Бірақ дүниежүзілік өркениетке əр ұлттың қосатын үлесі барын да ұмытпаған жөн. Еуроцентризм басқа ұлттардың өркениетке қосатын үлестерін көрмейді, ол үшін Еуропа өркениеті негізінде жасалатын өркениет қана бар, ал оған сəйкес келмейтіндері дамудың алғашқы сатысында немесе жабайылық деңгейде ғана. «Евроцентризм не сводится к какой-либо из разновидностей этноцентризма, от которого не свободен ни один народ. Это — идеология, претендуюшая на универсализм и утверждаюшая, что все народы и все культуры проходят один тот же путь и отличаются друг от друга лишь стадией развития. Евроцентризм, получивший мощную идеологическую поддержку от науки (в виде дарвинизма), широко распространился в ХІХ веке» [5; 94], — дейді М.С.Бурабаев. Еуроцентризм əмбебап сана қалыптастыруға ұмтылады. Ол көзқарас бойынша Еуропа өркениетінің жүріп өткен жолынан басқа дұрыс жол жоқ. Барлық этностардың түсінігі, дүниетанымы, санасы еуроцентризмнің өлшемдерімен, түсініктерімен өлшенуі керек. Еуроцентризмнің кемшілігі — оның əмбебап болғысы келетіндігінде. Бұл ұмтылыс біршама жүзеге асқанымен, əмбебаптық деңгейге жетуі мүмкін емес. Себебі əр этностың өзіндік санасы, өзіндік болмысы, өзіндік танымы, өзіндік тыныс-тіршілігі бар. Этностың осы ерекшеліктерін əмбебап сана жасап берген «өлшемнің» қалыбына салып өлшеуге болғанымен, этностың төл «өлшемдері» əмбебап «өлшемдердің» арнасынан түптің-түбінде асып шығады. Ойымызды социалистік сананың Қазақ елінде орнауы арқылы дəйектеп көрелік.

Социализм идеясы Қазақ еліне Ресей отаршылығы арқылы енді. Патшалық Ресей құлағаннан кейін теңдік, əділдік орнатамыз, таптық қанауды жоямыз деген жалған ұранмен халықты алдаған Кеңес үкіметі отаршылықтың тың формасын алып келді. «Тек қана идеологиямен өмір сүретін» (Н.А.Бердяев) Ресей отаршылығының идеологтары К.Маркстың қоғамдық экономикалық формациялар туралы ілімін еуроцентристік пиғылда түсіндірді. Маркстың бұл ілімі бойынша, қоғамдық экономикалық формациялардың бес түрі бар, олар: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық,  капиталистік  жəне  коммунистік  формациялар.  Таптық  қанау  формацияның   алғашқы қауымдық жəне коммунизм түрінен өзгесінде болады. Олардың дəлелдеуінше, Қазақстан қоғамында капиталистік формация қалыптаспағандықтан, олар əлі мүдделері бір-біріне қарама-қарсы таптары бар феодалдық-патриархалдық формацияда өмір сүріп отыр. Сондықтан шаруаларды феодалдардың қанауынан құтқару қажет. Бұл, əрине, Ресей отаршылығының өздерінің отарлық  саясатын бүркемелеп қалу үшін жасаған жалған түсінігі еді. Ғ.Есімнің ойынша, «қазақ халқының болмысында бай жəне кедей дегендер болғанымен, тапқа бөліну болмаған. Қауымдық-рулық тұрмыста болған қазақтарға таптық қанау деген беймəлім құбылыс болатын. Бір-біріне анталаған долы ашулы таптар болмағандықтан, қазақ ауылындағы əлеуметтік теңсіздік бір халықты екі жаратын дүлей күшке айналмаған. Кедей мен бай арасындағы қатынас реттеліп, ушықпай шешіліп отырған» [3; 109]. Ғ.Есімнің ойына сүйенсек, Қазақ жерінде таптық қанау болмаған, тіпті феодалдық қатынастар да орын алмаған. Егер Қазақ жерінде феодалдық құрылыс болмаса, онда қандай қоғамдық құрылыстың болғаны? Жəне феодализм дегеніміздің өзі не еді?

«Феодализм — (лат. Feodum, feudum; көне герм. Fihu, fehu — меншікті мекен, мүлік, мал, ақша + fd — иелік, иелену) — қоғамдық даму сатыларының маркстік теориясына сəйкес əлемдік экономика дамуының тарихи бес кезеңінің бірі, капитализмнің алдындағы əлеуметтік-экономикалық формациясы. Феодализм өндірістің басты құрал-жабдығын — жерді феодалдардың меншіктенуіне жəне осы иеліктердегі ұсақ жеке шаруашылықты жүргізуші шаруалардың — өндірушілердің оларға жеке басының тəуелділігіне негізделген» [6]. Феодал болуы үшін оның атадан балаға қалған немесе корольдің, басқа да жер иеленушінің жер беруі нəтижесінде заңдастырылып, хатталып қойылған жеке меншік жері болуы керек. Олар шаруалар еңбегін пайдаланып, жалдамалылар ұстайтын. Бұл мəндегі «феодал» ұғымының мазмұнына сəйкес қазақ феодалы болмаған. «Қазақ ауылы ішінде, яғни қауымдық-рулық меншік ішінде, екі меншік бар. Бірі байдың малы, екіншісі əрбір отбасының малы, ал жер ортақ. Байдың малы да ортақ мал, өйткені өзгелер (малы шағын кедейлер, жалға жүретіндер) осы байдың малын, былайша айтқанда, ортақ малды бағып-қағып содан еңбек ақы алады. Демек, бұл өмір сүру үшін қажетті дəулет. Байдың малы болмаса, табыс көзі қайдан болмақ. Табыстың бұл — бір көзі. Екіншісі, əркімнің өз малы бар, оған өзі ие. Сөйтіп əркімнің жеке меншігі бар жəне ортақ малға (бай малына) əрқайсысының үлесі бар. Ортақ мал тұрмыс өзегі» [2; 90–91], — дейді Ғ.Есім. Мұндай қауымдық-рулық тұрмыста таптық қанау қайдан болсын. Қазақ қоғамы феодалдық-патриархалдық формацияда жəне таптық қанауда өмір сүреді деп марксизм-ленинизм ғалымдары шатасты немесе

«Қазан төңкерісінің жеңісі қазақ жерінде толық байқалмады. Əр қазақ отбасын репрессиялау керек. Барлық қазақтар Кеңестерге қарсы» деп топшылаған Ф.Голощекиннің қазақ жерінде «Кіші Қазан» төңкерісін өткізуін жасырып қалу үшін мұндай жалған түсінікті əдейі қалыптастырды. Феодалдардың езгісінен шаруаларды құтқарамыз деген желеумен Қазақстанда 1928 жылы байлардың малын күштеп тартып алып, ұжымдастыру жұмысын бастап кетті. Байлар қолдарындағы малдарынан айырылды, қарсылық тудырғандары атылды, жазаланды, кейбіреулері Қазақстан территориясынан жер ауып кетті. Қазақтардың күн көріс көзі мал өсіру болғандығы белгілі, малынан айырылған қазақтар 1931– 1932 жылдары аштыққа ұшырады. Бұл қазақтарды қыру үшін қолдан жасалған аштық еді, осы жылдары қазақтардың жартысынан астамы қырылды.

Кеңес дəуірінде қазақ елінде социалистік қоғам құру жолында орын алған халықтың ашаршылыққа ұшырауы, қазақ зиялыларының репрессияға ұшырауы, тағы да осы сияқты отарлаудың зардаптары айтылмай, керісінше, социализмді орнатудың дұрыстығын дəлелдейтін теориялық негіздер жасалынып отырды. Соның бірі жоғарыда айтылған қазақ жеріндегі феодалдық- патриархалдық формацияның болғандығын көрсету еді. Маркс формациялар теориясын Еуропаға қатысты қолданғанын білеміз. Оның айтуынша, бұл формациялардан мазмұны бөлек  азиаттық өндіріс тəсілі де бар. Маркстың бұл пікірін біле тұра, марксизм-ленинизмнің жандайшаптары қазақ жерінде феодализм болғандығын дəлелдеумен болды. Қазақ байлары халықты қанаушы жауыз феодал ретінде түсіндірілді. Сол арқылы Ресейді отарлаушы ел емес, керісінше, өз еліндегі қанаушылардан құтқарушы, қазақтың көкірек көзін ашушы, қазаққа теңдік əперуші ел ретінде көрсетпекші еді. «Егер де Қазақстанда феодализм болмаса, онда қазақтар арасында тап күресінің болмағаны, Сырым Датов шаруаларды бастап феодалдарға шықпаған, ол ұлттық намыс, жігері бар байды, бекті, төрені, қара халықты орыстың отарлау саясатына қарсы күреске бастап шыққаны шындық болмақ. Онда большевиктердің қазақ шаруасын феодалдар қанауынан  құтқарғаны шындыққа жатпайды. Қазақстанда жүргізілген коллективтендіру халыққа қарсы саясат. Социализм халыққа теңдік, азаттық емес, бодандықтың жаңа түрін əкелгені ақиқат болғаны» [2; 89], — деп Ғ.Есім тарихтың не себепті бұрмаланғандығын, не себепті теріс тұжырымдар жасалынғанын дөп басып анықтап берді. Осы кезде марксизм-ленинизм ілімдеріне сай келетін ғалымдардың еңбектері асыра дəріптеліп, оған мазмұны келмейтіндер терістеліп отырылды. Барлық ғылым салалары, тарих, гуманитарлық-қоғамдық ғылымдар идеологиялық сүзгіден өтті. Ғылымға еуроцентристік өлшеммен қаралды.

Əлемде отар ел тек Қазақ елі болмағандығын тарихтан білеміз. Еуропаның «дамыған» елдері Африка, Оңтүстік жəне Солтүстік Америка елдерін, Австралия, Үндістан т.б. елдерді басып алып, отарларына айналдырғаны мəлім. Отарлаушы елдер отардағы елдердің тарихын, дүниетанымын өзінің отаршыл (еуропалық) көзқарасы бойынша түсіндіріп, өздерінің үстемдіктерін, жетістіктерін əрдайым көрсетіп отырады. Осы тұрғыда Үндістанның ағылшын отарлығына қарсы күресінің көшбасшысы Дж. Нерудің мынандай бір пікірі бар. Ол: «Үндістандік ұлтжандылықтың жатжұрттық билікке қарсы бірігуі заңды əрі солай болуға тиісті құбылыс еді. Соған қарамастан, біздің зиялыларымыз ХІХ ғасырдың аяғына дейін саналы түрде немесе оны қаперіне алмастан империяның ағылшындық идеологиясын қалай қабылдап келді десеңші. Өзінің барлық уəжін соған  негіздеп құрды, тек ішінара ғана оның кейбір сыртқы сипаттарын сынаумен шектелді. Тарих, экономика жəне басқа да пəндер мектептер мен университеттерде оқылатын Британ империясының көзімен жазылды жəне оның біздің өткеніміз бен бүгінгі күндеріміздегі көптеген кемшіліктерімізге иек сүйей отырып, ағылшындардың жасап берген жақсылықтары мен олардың «ұлттық парызы» баса көрсетілді. Біз белгілі мөлшерде осынау жалған пайымдауды қабылдадық, тіпті оған іштей қарсы тұратын күннің өзінде ол бізге өз ықпалын жасады. Өйткені менің елімнің тарихы ағылшындардың көзқарасымен жасалған тарих еді» [7], — деп жазыпты.

Қазақ елінің тарихы да солай жазылды. Ресейдің қоластына қосылмай тұрғандағы Қазақ хандығының тарихы бұрмаланып, мемлекеттігінің болғандығына күмəнмен қаралса да, қазақ халқының тарихына, тіліне, дініне, ұлттық мəдениетіне отаршылық жасап берген əмбебап өлшемдердің арнасында қалып қоймай, төл өлшемдер негізінде келіп, қазақ тарихына оң көзқараста болған көптеген қазақ зиялылары болды. Сондықтан олар көп қудалануға ұшырады. Мəселен, Е.Бекмаханов Кенесары Қасымұлы көтерілісін зерттеуге арналған «ХІХ ғасырдың 20–40-жылдардағы Қазақстан» (1947) атты еңбегі үшін 1952 жылы 4 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Сотының шешімімен 25 жылға бас бостандығынан айрылды. Қазақ халқының өткені туралы жақсы көзқараста болған көптеген қоғамтану ғалымдары, жазушылар, өнер қайраткерлері А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Сүлейменов, Е.Смайылов, Ə.Əбішев, Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, С.Беғалин, Қ.Сəтпаев, М.Əуезовтер саяси жəне буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп нақақтан танылған айыптармен қудалануға ұшырады. А.Құнанбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, «Зар заман» ойшылдары, Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Т.Рұсқұлов сынды азаматтардың атын атауға мүлдем тыйым салынды. Одан беріде, 1975 жылы, О.Сүлейменовтың славян халықтарының ХІІ ғасырда дүниеге келген жазба ескерткіші «Игорь жасағы туралы жырды» зерттеуге арналған «Аз и Я» кітабы төңірегінде шыққан үлкен шуды да айтып өтсек болады. О.Сүлейменов тілді тарихи деректану ғылымының негізгі зерттеу объектісі ретінде алып, сол арқылы жырдың пайда болған уақытының ерекшеліктерін, сол кезеңде Русь пен Даланы мекендеген халықтардың арасындағы қарым- қатынасты, олардың бір-біріне тигізген əсерін көрсетті. «Жырдың бүгінгі күнге жеткен бірнеше тізімдерінің «Ипатьев, Лаврентьев тізімдері, əсіресе «Задонщина») түпнұсқаларын  салыстыра отырып, мынадай қорытындыға келеді. «Күтпеген жерден тіл куəлік береді екен. Христиан дəуіріне дейін славяндардың түркілермен бейбіт қатынаста болғандығына тіл дəлел болады. Олар бірге мал бағып, жер жыртқан, кілем тоқып, киім киген, бір-бірімен сауда жасасқан, ортақ жауға бірігіп қарсы шапқан, ортақ əріптермен жазған. Бірге əн салып, ортақ аспаптарда ойнаған. Сенімі де ортақ болған. Оған дəлел жырдың өзі — «Игорь жасағы туралы жырдың» тілі» [8]. Х–ХІІ ғасырларда славян халықтарының тілі, мəдениеті, дəстүрі үшін далалықтардың ықпалының мол болғандығын О.Сүлейменов өзінің «Аз и Я-сында» бұлтартпас нақты деректермен дəлелдеп берді. Бұл болса қазақтарды, оның ата-бабалары «далалықтарды» жабайы санайтын шовинистер үшін «мазақ» еді. Қалайша «жабайылар» славяндармен бірге мал бағып, жер жыртып, сауда-саттық  жасасады? Қалайша ортақ əріптермен жазып, əн салып, ортақ аспаптарда ойнайды, сенімі ортақ болады? Қалайша «далалықтар» славян халықтарының мəдениетіне, тіліне, дəстүріне əсер етеді? Мүмкін емес. Бұл орыс еуроцентристері үшін мүмкін емес болса да, тарих үшін, ғылым үшін шындық еді. Тарихи шындықты мойындатпай тұрған олардың бойында қалыптасып қалған үстемдік саналары еді.

Сонымен, ХХ ғасыр қазақ халқына басында отарлық езгіден құтылар мүмкіндігін де берді, кейін сол мүмкіндікті қолынан тартып алып та қойды. Қазақ елін патшалық Ресейдің отарлау саясаты   мен Кеңестік дəуірдегі отарлау саясатының мақсаты бір болғанымен, Кеңестік дəуірдегі отарлық саясат жойқын көрінетін сияқты. Бұған елдегі болған төңкерістер, Бірінші жəне Екінші дүниежүзілік соғыстар, «бай-кулактармен» күрес, ұжымдастыру саясаты, 1931–1932 жылдары əдейі жасалған ашаршылық, қазақ зиялыларын репрессиялау, коммунизм құрудағы асыра сілтеулер т.б. дəлел бола алады. Отаршылықтың бұл «науқандары» қазақ халқының ұлттық рухының құлдырауына əкелді, тіпті, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кетуге сəл-ақ қалды. Бұл əрекеттері аздай қазақтың санасын, мəдениетін, тілін, дінін ұмыттыруға бағытталған бөгде сана ілімдері — социализм, коммунизм, еуроцентризм — құрудың алдында тұрған халықтың санасын, рухани құндылықтарын, дүниет- анымын өзгеріске түсірді, олар тұрғысында өзгеше көзқарас қалыптастырды. Бақытымызға орай, отаршылықтың осындай түрлі-түрлі қулық-сұмдықтарын басынан өткізген қазақ құрып кетпей, тəуелсіздікке дейін шыдап бақты.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Kamzabekuly D. Spiritual basis of Alash. — Аlmaty: Еl-shejire, 2008. — 357
  2. Garifolla Esim. History of Kazakh philosophy. — Almaty: Kazakh universitety Рubl., 2006. — 216
  3. Garifolla Esim. Novel about sin and guilt. — Аstana: Еlorda, 2010. — 126 p.
  4. Atabaev K. Condemned truth («АZiYa» why it was under the rage Headquarter?) // Parasat. — 1999. — № 8. — 19
  5. Burabaev М.С. Agyn Kasymjanov — founder of rebirth of stude about Faraby on the historical birthplace of Abu Nasr Al- Faraby in Kazakhstan. The Party blights historical and cultural memory of turannation. — Аlmaty: Samara-print, 2009. — 91
  6. National Encyclopedia. — Vol. 9. — Аlmaty: Main editor of «Kazakh encyclopedia», 2007. — 561 p.
  7. Heritage of humanity s mind. Ten volume. World historical thought. — Аstana: Foliant, 2006. — 423 p.
  8. Кеrensky А. It is ought to response any way // Parasat. — 1998. — № 3. — P.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.