Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың заңдылықтары мен қағидалары

Бүкілəлемдік интеллектуалды əлеует өзінің дүниетанымдық негізін білім мен ғылым біртұтас кеңістігіне жаңа философиялық пайыммен қағида шығаруға бағдарлап отыр. Бұл бағдардың нысаналы тірегі, субстанциясы зиялылық-креативтік көзқараспен қарап, əрбір  ғылымнан тұжырымдар шығару жеке тұлғалардың еншісіне бағынысты екенін аңғарамыз. Олай болса, студенттердің таным-түсінігінің деңгейліктеріне тəуелді тұжырымдар легі пайда болады.

Ғылым негізі тұтастай дерлік қайшылықтан тұрады. Əлем халықтарының ойлау өнері жайлы көзқарасының тұжырымдарын бір жүйеге түсіруге ықпал жасау қиындық келтірсе де, ұлттық психология нышаны жəне ұлт киесі болып қалыптасқан қазақи тəлім-тəрбиені ескермесек, оның сан ғасырлық жүйесін ілгерілету траекториясын күні бұрын жобаламасақ, парасатты ойлау өнері сағым қуғандай болар еді.

Жаһандасудан алшақ кете алмайтындығымыз диалектикалық заңдылық екенін ескерсек, парасатты ойлау өнері əлемдік кеңістіктегі жүйе сыңайында бір орталықтан үйлесім табуы, унификациялануы, басқарылуы, алгоритмделуі, құбылыстар мен үдерістерге түсуі біздерді терең ойға қалдырады.

Ойлау өнерінің жадау тартуының бір өткір мəселесі — ол аталған жүйенің əлі де болсын халықтық педагогика нысанында тарихи қағидамен бернеленбеуінде. Өйткені белгілі бір жанрға қатысты мəтіндемені тұтас, көкейкесті мəселеге қатысты проблемалы сұрақпен зерделеп, одан ой- тұжырым шығарудың орнына үзік-үзік цитата келтіру қанымызға сіңіп кетті. Осындай үдерістің салдарынан ойлау өнерінің мəйегі:

1) игілікті өмір сүруді қамтамасыз етер мүмкіндігі;

2) қоршаған табиғатттан нəр алу сауаттылығы;

3) табиғатқа ілтипатпен қарауы.

Жоғарыдағы ұлт мəйегінің жүйесі бүгінгі таңда өзінің табиғи қалпынан айрылды. Оның бір мысалы адамның өзіне-өзінің интеллектуалды-рухани күш-қуат нышаны ретінде сенімі сейіліп, ұдайы шаршап-шалдыққан жастарды көреміз.

Аталып өткен көкейкесті мəселенің туу себеп-салдарына көптеген дəлелді материалдарды кездестіреміз. Бірақ, өкінішке орай, ол тығырықтан шығу амалдары, ойлау өнері дегенге əлі де марғаулықпен қараудамыз.

Ұлттық тəрбиенің мəйегі дегенде біздер адамның қолынан келер жайттері бар да, келмейтін тұстары жоқ деген тұжырымның оған кесел екенін байқадық. Кеңестік дəуірден бері санамызға батпандап кірген бұл тұжырым мысқалдап шығатын түрі жоқ.

Антропоцентризмнің бағыты біздерді Ай мен Марсты миымызға сыйғыза алатындай сенім берді. Неғұрлым жалған ұстаным, жалған сенім миға орныққан сайын нағыз ғылыми пайым-парасат сағымдай жеткізбейді.

Бүгінгі таңда адамның қауқары шектеулі екеніне əлемдегі катаклизма, табиғи апаттар дəлел. Адам табиғатқа, микрокосмосқа тəуелді деген ұстаным — ұлттық тəрбиенің кредосы. Макрокеңістіктен адам өмір жолын дұрыс таңдай алуына ертедегі ата-бабаларымыз отбасы төңірегінде қам жасаған. Адам үшін қадірлісі — өсіп-өнген отбасы.

Отбасының сонау ежелгі түркі дəуірінен қалыптасқан ұлттық тəрбие мəйегінің  жүйесінен бүгінде жұрнақ та қалмағаны баршаға аян. Ол жүйені қалпына келтіру қолдан келе ме? — деген күрделі сұраққа жауап табу əлі ертерек. Десек те, оның жүйесін ежелгі дəуір көздерінен бағамдауға мүмкіндігіміз бар [1; 26].

Əрбір студенттің табиғи мүмкіндігіне қарай өзін-өзі танып, сол перцептивті қабылдау іс- əрекетіне сəйкес тұжырым құра білуі. Кеңестік дəуірден қалған тоталитарлық жүйе таңбасы — жоғарыдағы тұлғалардың иерархиялық түсінігі барлық өзінен төмендегілерге міндет ретінде ұсынылады. Нақтылап айтсақ, бəріміздің ой-тұжырымдарымыз бірдей болу тұрғысындағы үдеріс басымдықта екеніне бірталай адам көздерін жеткізді.

Əр тұлғаның гносеологиялық, аксиологиялық, онтологиялық пайымдамасы жинаған, трансформациядан өткізген тұжырым-түйініне бағынышты. Сол себепті диагностикасыз студенттерге көпдеңгейлікті тапсырмалар беруден сақ болған абзал.

Тұжырымдама тарихтан, əдебиеттен нақтылы жəне жаратылыстану пəндерінен шоғырланған көзқарас жəне студенттің əлем, қоғам жайлы дүниетанымын құрайды. Бұл бірталай  уақыт аралығында қалыптасады, өзін-өзі жоққа шығаруы қоғам өзгерісіне тəуелді болғандықтан, ол қалыптасқан көзқарасын, дүниетанымын жаңа философиялық тұрғыда жаңадан түзуі көзделеді. Міне, осындай көкейкесті өткір мəселе əлі де шешімін таппай келеді [1; 48; 2].

Тұжырымдама жүйесі бүтіндік, бейтараптылық, құралымдық, иерархиялық, ақпарат көз сияқты ұсақ бөліктерден тұрады.

Ұлттық тəрбие мəйегінің ерекшелігі — тектілік зауал (карма), яғни қарғыс алған тұқым, əулет, адам дегенді білдіреді. Сол себепті өштесу, кек алу, зұлымдық жасау жəне т.б. көлеңкелі іс- əрекеттерден аулақ болуға қатысты философиялық тұжырымдар басымдық мəнде екені аңғарылады. Ұлттық тəрбиенің қазақи болмысы оң жақтағы іс-əрекет, яғни жақсылық, ізгілік, мейірімділік, табандылық, айбарлылық, айқындылық, бастамашылдық, тəуекелдік жəне т.б. оңтайлы үдерістер адамға бақ-құт əкеледі деген тұжырым [3].

Аталып өткен тұжырымдарымызды анықтау үшін бірталай атқарып жүрген ұстанымдарымызды ортаға салуды жөн көрдік.

Ұлттық тəрбие индикаторы:

  1. Адамның мəдени деңгейіндегі танымның жүйелілігі:
  • жеке əлемдік көзқарас;
  • жалпы көзқарас;
  • кəсіптік көзқарас.
    1. Өзінің пəніне байланысты ғылыми деңгейін арттырудың танымдық, маңызын үзбей дамыту жүйесінің амалдары:
  • пəннің заңдылықтарын қоғам заңдылықтарымен ұштастыру;
  • жеке ұжымдық таным қабілеттері;
  • өздігінен танымдық деңгейліктерді шыңдау. Екіншісінің индикаторы:

Өндірістік жағдайларға оқытудың міндетті білім мөлшерлерін ыңғайлау:

  • идеологиялық;
  • құқықтық;
  • моральдық-этикалық;
  • саяси;
  • ғылыми;
  • өнер (мəдени);
  • діни.

Yшінші индикаторы:

  • салыстыру;
  • дəлелдеу;
  • шығармашылық;
  • рефлексиялау. Төртінші индикаторы:

Басқарудың өзi-өзін дамыту жолдары:

  • өздігінен жұмыс icтey мөлшерін, шапшаңдығын зерттеу;
  • жуық уақыт аралығындағы өз-өзін дамыту құрылымын жобалау;
  • өздігінен құрылған жұмысты өмірде пайдалану, бағдарлама жасау;
  • рефлексиялау. Бесінші индикаторы:

Өз-өзін дамыта басқару үрдісінің өнімді тəсілдері:

  • даму деңгейін зерделеу;
  • даму деңгейін жобалау;
  • оны жүзеге асыру бағдарламасы;
  • рефлексиялау.

Міне, жоғары оқу ғылыми жұмысының жеке студенттердің тұлғалық сипатын дамытуға бағдар берер жолдары жоғарыдағы талаптармен жүзеге асады. Бұдан кейін ұжымдық даму жүйесін қамтамасыз етерлік кеңістіктің сипатын айқындайды. Ол мынандай жүйеге құрылады:

  • ұжымдағы студенттердің мəдени деңгейін айқындайтын қабілет-қажеттіліктерін дамытудың амал-тəсілдері.

1. Олардың жалпы қажеттілігі мен қабілеттерінің, мəдени деңгейінің дамуындағы көріністері:

  • ұжымдық мақсатты дамытудың жүйесі;
  • ұжымдық бағдарламаның даму құрылымы;
  • ұжымдық ойлау əрекетін дамытудың маңызы;
  • ұжымдық рефлексиялауды дамытудың жолдары.

2. Осыдан студенттердің мынандай жеке ойлау əрекетін ұйымдастырудың жүйесі шығады:

  • жеке студенттің мақсатын үнемі дамыту;
  • жеке студенттің пəн арқылы меңгерген өзінше топшылауы мен бағдарын дамыту;
  • жеке студенттің қабілетін дамыту;
  • жеке студенттің қажетін дамыту.

Сөйтіп, студенттердің ойлау əрекетін танымдық деңгейліктерін үздіксіз үнемі артып отырылуына, олардың өзін үнемі дамытуына басшылық жасалады. Бұрын тоталитарлық басқару жүйесі тексерудің негізінде құрылса, жаңаша басқару əр адамның қабілетін ескере отырып, бойындағы бар қабілет пен қажеттіліктерін өздігінше дамыта отырып, іскерлігін  шыңдай түсуге бағыт береді.

Технология жүйесінде студенттер диагностиканы оқу қызметі мен бағытына негіздеп жүргізеді. Қандай тəсілмен көздеген мақсатты жүзеге асыруға болады? Miнe, осындай сұраққа жауапты ол екі тəсілмен шешеді:

  • айқын жүйелілікпен (қағидалар мен деңгейліктері ашылады, олардың өзара байланыстары), бұл тəсілді педагогика ілімінде таксономия дейді;
  • мақсатты өте анық ережемен, түсініктемемен сипаттау.

Мұндай əрекеттегі жүйе əр студенттің ең маңыздысын тepiп алуына, танымын терендетуіне, алғашқы мақсаттың кезеңдерін жіктеуіне, болашақтағы жұмысын айшықтауына бағдар жасайды. Нəтижесінде əр студент өзінің қабілеті мен қажет мөлшерін шығарып алып, қандай білім көлемін меңгергенін саналы түрде білетін болады. Бұл студенттерді өз-өзіне сын көзбен қарауға, əділдік əрекеттері күннен күнге дамытыла түсуіне мүмкіндік бермек.

Ойлау əрекетін дамыту технологиясы Жүсіпбек Аймауытов пен Мағжан Жұмабаев еңбектерінде де бар.

Басқаруды екі түрлі мəнде ұйымдастыруға болады:

  • студенттің танымдылық (когнитивті) деңгейін эксперименталды əдістермен (тест, компьютер).
  • эмоциялық деңгей (аффекті) [4,5].

Студенттермен қарым-қатынаста оқытушы мынандай етістіктерді қолданады: талда, жинақта, сарала, ең маңыздысын жүйеле, қажеттісін меңгер, өзіңше сипатта (интерпретировать), бағала, есіңе, жадыңа сақта, қайта құр, қолдан, өзіңше баянда т.б. келтірілген етістіктер жалпы мақсаттардың ұжымдық ойлау əрекетін жүзеге асыруға ықпал етеді.

Ал керісінше, жеке мақсат, жеке ойлау əрекетін ұйымдастыратын етістіктер мыналар: біл, əрекеттен, ойлан, түрлі жолдарын қарастыр, түрін өзгерт, дұрыс құр, алдын алып əңгімеле, өзекті мəселені ажырат, қайшылықты бөліп ал, қарапайым жолмен баянда, жүйеле, жүйесін бұз, түйсін, меңгер т.б.

Əрине, əр студенттің шығармашылық өзіне тəн дарыны болмаса, оны мың жерден дұрыс басқарғанмен, ешбір нəтижеге жетпесі түсінікті. Бірақ студенттің бойындағы қадір-қасиетін құндай білуіне, оны одан əрі дамыта алуына басшылық жасау қарым-қатынасы мүлдем басқа. Біздің келтіріп отырған сипаттамамыз — екіншісі.

Жалпы ортақ үндестік болмайынша, оқытудың жалпы, ортақ мақсат-мұратына жету мүмкін емес.

Жинақтау жұмысын төмендегіше жүйелеуге болады:

  • сыртқы жағдайларға сипаттама, рефлексиялау;
  • жуықта болатын нəтижелер, оған жеткізер мақсат пен мазмұн, əдіс-тəсілдер мен құралдар, технологиялар;
  • мақсаттың бағасын, салмағын шығарар белгі мен əдістердің белді-белді түрлері. Басқарудың ғылыми құрылымын пəнді пішіндеудің негізінде қарастырған:
  • жүйе (пəн);
  • межесі;
  • қасиеті;
  • көpceткiшi;
  • əдісі.

Ең бастысы, адам мен дүниені байланыстыратын барлық ғылым салаларына ортақ заңдылықтар мен қағидаларды сұрыптауды негізге алған. Ол үшін əр пəннің ішкі заңдылықтарының нeгiзгi тipeк нүктелерін ipiктеген.

Жоғары оқу орны ұжымы мұның бəрін əр пəннің ішкі заңдары мен ережелерінен іздейді. Оның жалпы жүйесі былай болып келеді:

  • дидактикалық;
  • табиғилық;
  • қоғамдық;
  • логикалық;
  • математикалық;
  • тілдік.

Қорыта келгенде, оқу жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушылары  жұмысын басқарудың ғылыми жүйесі даму кеңістігінің сипатына икемделе құрылғанына көз жеткізгендейміз. Студенттер өз ісін мақсаттылықпен жүргізу үшін жаттығу тапсырмаларын береді. Соның біреуін мысал ретінде келтіріп өтейік:

  • Дидактиканың өзекті мəселесі туралы қандай ой-тұжырым бар?
  • Оқыту мазмұны жөнінде нені еске сақтау керек?
  • Жоғары оқу орны қандай талаптар жүйесінде құрылуы қажет?
  • Бүгінгі жоғары оқу орны түрлерінің маңызы бар ма?
  • Кəсіптік білімнің бepepi не?
  • Қандай құжаттар арқылы оқытудың мазмұны айқындалады?
  • Оқу жоспарының ерекшелігі неде?
  • Əр бағдарламаның соңғы нəтижеге жеткізер мүмкіндігі бар ма?
  • Қалаған бip оқулыққа талдау жасай аласыз ба?
  • Бүгiнгi білім заңының мəні, алатын орны қандай?

Осы жаттығу арқылы окытушылардың танымдық деңгейлiктepiнe баға беріліп, шығармашылық, шебер, орта дəрежедегі оқытушылық жұмыстың құрылымы жинақталып, ол жоғары оқу орны құжаттарының негізіне айналды.

Жалпы ұжымның жұмысы төмендегідей блоктарға жіктеледі:

1. Дидактика нысанасының жүйесі:

  1. білім мазмұнының жүйeci;
  2. оқу жоспары, тұжырымдама, жарғы, заңы, бағдарлама, оқулықтар, қосымша əдicтeмeлiк нұсқаулар т.б.;
  3. білім мазмұнының өлшемдері;
  4. əр пəннің iшкi мазмұны.

2.  Оқу барысының маңызы:

  1. жалпы оқу барысының сипаттамасы;
  2. таным, ойлау əрекетінің əдіснамалық негiзi;
  3. студенттердің ақыл, ой-парасат деңгейінің даму ағымы;
  4. оқытудың мазмұны мен iшкi-сыртқы қозғаушы күші;
  5. оқу барысының талдамасы;
  6. оқыту сарыны.

3. Оқытудың заңдылықтары, қағидалары, epежeci:

  • оқытудың заңдылығы;
  • оқытудың принциптері мен epeкшeлiктepi;
  • оқытудың мазмұны мен негіздеу қағидалары.

4. Оқытудың əдіснамасы:

  • əңгіме əдici: түсіндіру əңгімелесу; оқулықпен жұмыс;
  • көрнекілік əдici: байқау, көру;
  • тəжipибeлiк: жаттығу, оқу-тəржімелік, шығармашылық.

1) Оқыту əдicтepi мен технологиялары нəтижеге бағдарлау:

  • алгоритмге түcipy (ретін);
  • оқытудың бағдарламалау тəсілі.

2) Студенттердің оқу əрекетіндегі шығармашылық құлшынысын ояту.

  • қатыс (коммуникация) құралдарынан кажетін жинау;
  • əдістері, технологияларды саралау.

5. Студенттермен жүргізілетін оқыту əдістерге ұйымдастырудың түрлері:

  1. Оқытудың дамыта жүргізілуінің түpлepi.
  2. Сабақтың үлгісі жəне құрылымы.
  3. Саяхат сабағы.
  4. Нақтылы заттарға сүйену сабағы.
  5. Сабақтың тиімділігін арттырудың жолдары:
  • ойын;
  • əсемдік пен қызығу сезімін ояту.

        6. Үйге берілетін тапсырманы ұйымдастыру.

        7. Қосымша сабақ өтудің əдісі.

        8. Оқытушының сабаққа əзірлігі.

Қорыта айтқанда оқу орны басшысы мен оның орынбасары жоғары оқу орнын басқаруды нəтижеге бағдарлаудың сұрыптап алғанын аңғарғандаймыз.

Жоғары оқу орнын басқарудың баяндылығы өзіне ыңғайланған мемлекеттік қалыпқа негізделе құрылған құжаттарына тікелей байланысты. Сол ceбeптi жоғары оқу орнының басқару iciнe қажетті құжаттардың құрылым-жүйесіне тоқталып өткен артық болмас.

 

 Әдебиеттер тізімі:

  1. Balasagun Zh. Kutty bilik, Almaty: Zhasushy, 1986, 72
  2. Kunanbayev A. Favourites, 2, Almaty: Zhasushy, 1968, р. 64.
  3. Aymauytov Zh. Psychology, Almaty: Rauan, 1995, р.
  4. Zhumatayeva Ye. Didactics of the higher school, Pavlodar: EKO printing house, 2006, р.
  5. Zhumatayeva Ye. Complete system of training of didactics at the higher school, Almaty: Nauka, 2001, р.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.