Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Классикалық еуразияшылдық идеясы: қайнар көздері, қалыптасу жəне даму кезеңдері

Дүниенің екі бөлігі — Еуропа мен Азиядан тұратын жер жаһандағы ең үлкен құрлықты атау үшін алынған «Еуразия» термині жағрапиялық, тарихи, саяси мəнді ұғым болып келеді. Еуразияшылдық идеясы Шығыс пен Батыс арасындағы өзара əрекеттесу мен өзара ықпалдасу ретінде қарастырылуы бүгін ғана бастау алған жоқ. Бұл идея ХІХ ғасырда Еуропада кең таралды. Осы кезде Германия мен Францияда Шығысқа қатысты қызығушылық ерекше болып, ориенталистика қалыптасты. Ресейде бұл идея өз қолдаушыларын ХІХ ғ. тапты. Бұлардың еңбектері кейін ХХ ғасыр басындағы еуразияшылдар үшін теориялық негіз болды. Десек те, еуразияшылдарда алдыңғыларға қарағанда нақты идеялық-дүниетанымдық жəне əлеуметтік-саяси доктринасы болды. Соның нəтижесінде өткен ғасырдың басында еуразияшылдар қозғалысы қалыптасты, алайда оның ғұмыры қысқа болды.

Еуразияшылдар қозғалысының тұжырымдамаларында Еуразиядағы Ресей рөлін айқындау мəселесі негізге алынғанымен, оның басты идеясының ерекшелігі ресейлік мемлекеттілікті құруда славян этносы ғана емес, түрік, монғол, фин-угор тайпалары да үлкен рөл атқарғандығында болды.

«Еуразияшылдар» деп атау туралы ұсынысты П.Н.Савицкий жасаған. Алайда бұл атауды бастапқыда көпшілік ғалымдар қолдаған жоқ. Мəселен, Г.В.Фроловский көзқарасы бойынша, бұл атау орыс мəдениетінің православиялық мəнісін тұмшаласа, Н.Трубецкой өзінің досы Р.Якобсонға жазған хатында «еуразияшылдық» атауы кездейсоқ жəне сəтсіз алынғанын айта келе, дегенмен, осы атауды «көзге түседі жəне түсінікті,  сондықтан  үгіт жасау  мақсатына жарамды» деп  мойындайды [1; 64].

Еуразияшылдық көзқарастың бастау көзіне слаянофильдік алынғаны мəлім. Мұны еуразияшылдардың өздері де мəлімдеген болатын. Олар Ресей туралы кез келген ой-пайымдаулар славянофилдер мен батысшылдардың көзқарастарына қарай қалыптасады деп санады. Еуразияшылдар славянофилдер сияқты орыстың ұлттық мүддесін жеке құндылық ретінде қарастырды. Алайда олар слаявнофильдіктің орыс мəдениетіндегі маңызды мəнісі бар «азиялық» элементті назарға алмай, тек қана славяндыққа сүйенуді дұрыс емес деп есептеді.

Еуразияшылдар славянофилдердің орыс мəдениетін православиямен байланыстырып қарастыруларын жақтады, бірақ олардың сол мəдениеттің маңызды ерекшеліктерін айқындаған басқа этностармен байланысын тиісінше бағаламағанын айтты.

Əрине, еуразияшылдық идеясының бастау көздері көпқырлы. Алайда еуразияшылдық ағымы белгілі бір ортақ мектепті болған жоқ. Бұл ағымның əрбір өкілі бұл идеяға өз жолымен келді. Мəселен, П.Н.Савицкийдің ізашарлары В.И.Ламанский, Д.И.Менделеев, Л.И.Мечников, П.Б.Струве, ал Г.В.Вернадскийдің ізашарлары В.О.Ключевский, С.Ф.Платонов, М.К.Любавский, Н.П.Кондаков жəне тағы басқалар болды. Егер еуразияшылдар алдында тұрған «Шығыс-Батыс-Ресей» мəселесін алатын болсақ, онда бұл мəселенің басты негізін салушылар болып, Н.Я.Данилевский мен К.Н.Леонтьев табылады.

Жалпы, еуразияшылдық Н.С.Трубецкойдың 1920 жылы жарияланған «Европа и человечество» еңбегінен басталды. Николай Трубецкой өз еңбегінде батысшылдыққа қарсы келетін ой-пайымдаулар жасады. Ол «еуропалық мəдениет адамзат баласының мəдениеті еместігін, бұл белгілі бір этникалық топтың тарихы нəтижесі» деп тұжырымдады [2]. Сондай-ақ Н.Трубецкой мұнда барлық мəдениеттер үшін тарихи дамудың нақты бір заңдылықтары болмайтынын айтты. Яғни, оның пайымдауынша, кез келген мəдениет бірегей, төл, ерекше болып келеді жəне оны еуропалық мəдениет «деңгейі» арқылы өлшеу мүлде дұрыс емес.

Шын мəнісінде, əрбір халықтың өзіндік мəдениеті болатыны жəне де мəдениеттерді    «жоғары», «төмен» деңгейлерге бөлу ақылға сыйымсыз екендігі сөзсіз. Сондықтан еуразияшылдық идеясының теориялық тұрғыдан қалыптасуына зор үлес қосқан Николай Трубецкойдың жоғарыда келтірілген ой- пікірлері толық ғылыми негізді.

Осындай көзқарасты еуразияшыл жəне жаңа славянофилдіктің негізін қалаған Николай Яковлевич Данилевский ұстанды. Ол Еуропаны адамзат өркениетінің жалпы немесе қалай  болғанда да оның ең жақсы жақтарын құраушы деп ойлау əділ еместігін, Еуропа тек қана ұлы герман- романдық өркениеттің саласы, оның синонимі деп көрсетті [1; 38]. Дəл осы тұжырымдаманы қазіргі кездегі ресейлік еуразияшыл идеолог А.Дугин де былайша дəйектейді: «Біздің (орыстардың. — Автор) еліміздің тарихында моноұлтты мемлекет болған емес. Алғашқы кезеңнің өзінде-ақ орыс халқы славян, түркі жəне фин-угор тайпаларының араласуынан қалыптасқан. Содан кейін Русьтің күрделі этномəдени ансамбліне Шыңғысханның, монғол-татарлардың қуатты серпіні араласқан. Орыстарда монополиялы мемлекет болатындай этникалық жəне нəсілдік тұтастық болған жоқ. Біз көптеген халықтардың, соның ішінде құдіретті түркі факторларының мемлекеттік құрылымға қатысуының арқасында белгілі бір бүтіндікке айналып отырмыз. Еуразияшылдық философиясының негізінде осындай көзқарастар жатыр» [3].

ХІХ ғ. орыс ойшылдарының еңбектерінде еуразияшылдық мəселесі тек кейбір қырларынан қарастырылса, ал ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басында орыс зиялылары арасында өзіндік «дүниетаным» қалыптастырған бірқатар протоеуразиялық теориялар туындады. Олардың арасында əр түрлі саланың өкілдері болды: ойшылдар, жазушылар, ғалымдар, жаратылыстанушылар, тарихшылар жəне т.б.  Бұл кезде еуразияшылдықтың теориялық негізі өзара байланысты үш идея бойынша құрылды:

1) ресейлік тарихтың «көпхалықтық» субъектісі жəне оның тұтастығы;

2) халық пен мемлекет өмірінің алып отырған территориясының табиғи жағдайымен терең байланысы;

3) ресейлік мемлекеттілік генезисінің Шыңғысхан империясында қарастырылуы.

Еуразияшылдар идеялық ұстаным бойынша славянофильдерге көп жақын болды. Олар батысшылдыққа қарсы болды. Алайда, олар батысшылдыққа ашық қарсы шыққанымен, олардың славянофилдікке деген көзқарастары екіұшты болды. Бір жағынан, еуразияшылдар өздерін славянофильдер ұстанған дəстүрлі орыс философиялық жəне тарихи ойдың жалғастырушылармыз деп санады. Сондай-ақ олар славянофилдердің «шіркеу, қоғам жəне адам» деген бірлік идеясын да сөзсіз қолдады. Бірақ еуразияшылдар славяндық бірлік идеясын жоққа шығарды. Өйткені олар орыс өркениеттілігінде «тұрандық элемент» бар болғандықтан, ол тек таза славяндық бола алмайды деп санады [4].

1921 жылдың тамыз айы еуразияшылдықтың туындаған уақыты болып есептелінеді. Осы кезде София қаласында төрт автордың — Н.С.Трубецкой, П.Н.Савицкий, П.П.Сувчинский мен Г.В.Флоровский мақалаларының алғашқы ұжымдық жинағы «Исход к Востоку. Предчувствия и свершения. Утверждение евразийцев» деген атпен жарияланады.

Еуразияшылдық түрлі білім салаларының өкілдірін: философ, дінтанушы, мəдениеттанушы, экономист, өнертанушы, тарихшы, географ, жазушыларды біріктірді. Атап айтқанда, еуразияшылдықтың рухани көшбасшысы князь Н.С.Трубецкой — мəдениеттанушы, лингвист, философ. Еуразияшылдықты қоғамдық-саяси қозғалыс ретінде ұйымдастырушы П.Н.Савицкий — экономист, географ. Қозғалысқа философ жəне публицисттер — Г.В.Флоровский, В.Н.Ильин, Б.Н.Ширяев, тарихшы жəне əдебиеттанушылар — Г.В.Вернадский, Д.П.Святополок-Мирский, В.П.Никитин, өнертанушы — П.П.Сувчинский, жазушылар — В.Н.Иванов, Э.Хара-Даван, құқық- танушы — Н.Н.Алексеев жəне тағы басқалар енді.

Еуразияшылдықтың қарқынды дамыған кезеңі — 1920 жылдар. Еуразияшылдар өз ілімдері атауының шығу себебіне келгенде, оның мазмұны «Еуразия» жəне «Азия» деген жағрапиялық терминдердің жалаң бірігуімен жанаспайтындығын атап көрсетті. Яғни, оның мəні алғаш рет А.Гумбольдт қолданған мəнде емес, «өркендеу өрісі», тіршілік мекені, өзгеше өркениет мағынасында түсіндіріледі немесе орыс халқы мен «Ресей əлеміндегі» еуропалық та емес, азиялық та емес, еуразиялықтың нақ өзі болып табылатын халықтардың табиғи жəне əлеуметтік байланыстарының өзара ықпалдасу аймағы деп ұғынылады.

Жиырмасыншы жылдары П.Н.Савицкий, Н.С.Трубецкой сынды жəне т.б. еуразияшыл ғалымдар «еуразияшылдық» терминін тек жағрапиялық түсінік ретінде қарастырған жоқ. Олардың пікірінше, Ресей — Еуропа да, Азия да емес, өзінің табиғи ерекшелігі тұрғысынан Еуропа мен Азиядан елеулі айырмашылығы бар, айрықша «орташа құрлық».

Этнограф-лингвист Николай Сергеевич Трубецкойдың пайымдауынша, Еуразия — жағрапиялық, экономикалық жəне тарихи тұтастық. Еуразия халықтарының тағдыры бір-бірімен біте қайнасып, қиюласып кеткен.

Жалпы алғанда, еуразияшылдық идеясының тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі — Қазан төңкерісіне дейінгі кезең. Екіншісі — Қазан төңкерісінен кейінгі ресей эмигранттары мұрындық болған кезең. Үшіншісі — Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең. Бұл үш кезеңнің өн бойында еуразияшылдық идеяның дем берушілері — тарихшылар Г.В.Вернадский, Л.П.Карсавин, Л.Н.Гумилев, құдайшыл Г.Ф.Флоренский, географ П.Н.Савицкий, шығыстанушы В.П.Никитин, этнограф Н.С.Трубецкой сияқты көрнекті тұлғалар тұрды.

Еуразияшылдық идеяның бірінші кезеңінде ұлы орысшылдық пиғыл бел алып жатты. Батыс пен Шығыстың, яғни роман-германдар мен азиялықтардың, ортасындағы Ресейдің айрықша рөлі болу керек деген идея күн тəртібіне қойылды.

1922 жылы «На путях. Утверждение евразийцев» атты екінші жинақ жарияланды.

1923–1927 жылдар аралығында «Еуразия дəуірнамасының» үш саны шығады. Ол — діни, ұлттық, экономикалық, мəдениеттану, əскери мəселелерді қамтыған мақалалар жинағы болды. Жиырма шақты жыл ішінде ондаған монография, брошюра, «Еуразия хроникасы», «Еуразия жобалары», «Версты» журналдары, Парижде апталық «Еуразия» газеті шығарылады.

Еуразиялық баспа қозғалысқа қатысушылардың еңбегін Берлинде, Парижде, Прагада, Белградта, Софияда    жариялап    тұрды.    Көптеген    елдерде    еуразия    үйірмелері    құрылып,    семинар  мен конференциялар өткізілді, еуразияшылдардың идеясын насихаттайтын дəрістік оқулар ұйым- дастырылды.

Еуразияшылдық идеяның екінші кезеңінде сол алғашқы ой-тұжырымдар жаңаша серпінмен одан əрі жалғасты. Себебі ресей эмигранттары социалистік жүйенің ұстанымдары азиялық тұрғындардың ойынан шығып, одан əрі еуразияшылдық идеяның жүзеге асуын жеделдетеді деп үміттенді. Олар Еуразия кеңістігінде Ресей ділінің үстемдік құруы ашық айтылып, Ресейді «айрықша мəдени-тарихи əлем» деп жариялай бастады.

Еуразияшылдардың алғашқы еңбектері Кеңестер Одағында да назардан тыс қалған жоқ. Мəселен, 1929 жылы Қызыл профессура институты «Марксизмді жаңаша сынауға қарсы» деген жалпы атаумен жинақ шығарады. Сол жинақтағы «Орыс эмигранттарының марксизмді  сынауы» деген үлкен мақала тұтастай еуразияшылдыққа арналды. Олар бұл қозғалысты: «Ақ эмиграцияның Еуропада «көшіп жүрген» анағұрлым оңшыл бөлігі, сондай-ақ КСРО-дан қуылған профессураның анағұрлым реакцияшыл бөлігі» сипатындағы ағым деп көрсетті. Алайда, кейіннен «еуразияшылдық» ұғымы 1980 жылдың соңына дейін кеңестік əдебиет беттерінде мүлде сөз етілмеген.

Еуразияшылдардың көзқарасы мынаған тоқайласады: Ресей туралы пайымдай отырып, оның бастапқы киевтік-мəскеулік «жаратылысы» туралы емес, Еуразия «мекен-құрлығы» туралы, сол құрлықтың алыс қиырларындағы көптеген этностар мен мəдениеттерді бауырына басқан, əрі тұтастығын сақтап, бірлігін бұзбаған Еуразия туралы сөз қозғаған орынды болмақ. Еуразияшыл идеологтар орыс мəдениетін Еуропа мəдениетінің бөлшегі деп қараған жоқ, Батыс пен Шығыстың үлгісін тең дəрежеде бойына сіңірген өзіндік бет-бейнесі бар мəдениет ретінде қарастырды [5].

Еуразияшылдардың пікірі бойынша, Ресейдегі мəдениет бастауының шешуші факторы əуелі, татар-монғол шапқыншылығымен, ал, кейіннен орыстардың Сібірге, одан кейін көптайпалы Азияға экспансия жасауымен, тіпті Америка жеріне ішкерілей енуімен байланысты. Орыс халқын еуропалықтарға да, азиялықтарға да жатқызуға болмайды, ол мүлде ерекше этникалық қауым болып табылады. Орыс мəдениеті мен мемлекеттілігінің осындай бет-бейнесі Ресейдің өзгеше тарихи жолын жəне батысеуропалық дəстүрмен сəйкеспейтін ұлттық-мемлекеттік бағытын айқындайды.

Үшінші кезеңде еуразияшыл идеяның көңіл қалауынан гөрі, нақтылы тарихи жағдайлармен көбірек санасқанын аңғаруға болады. Яғни, əлемдік бəсекелестікке Еуразия халықтары өздерін мүдделестер, тағдырластар ретінде сезініп, əлеуметтік-экономикалық жəне саяси-мəдени одақтастықты еуразияшылдықтың өзекті постулатына айналдыра бастады. Əсіресе КСРО ыдырағаннан кейін еуразияшылдық идеяның бұл сияқты жаңа бағытына тəуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың тікелей ұйытқы болғаны белгілі. Бұл мəселеде Л.Н.Гумилев Еуразия ойкуменін тарихи тағдыры біртұтас, əлемнің алтыдан бір бөлігі ретінде қарастырды. Осы орайда ол Ресей тарихындағы Ұлы Дала рөлін мүлде жаңаша парақтады. Атап айтқанда, орыс тарихында бел алып жататын «татар-монғол езгісі» деген идеядан бірінші болып бас тартты. Ол үшін Ресей деген Монғол ұлысынан кейінгі біртұтас Еуразия империясының православтық вариациясы еді. Мұндай идея өзінен-өзі Ресейдің тарих сахнасына шығуындағы Еуразия көшпелілерінің рөлі деген екінші идеяны дүниеге келтірді. Міне, еуразияшылдық мəселесінде Л.Н.Гумилев осындай идея арқылы өзін ұшқыр, ойлы ғалым ретінде əйгілей алды. Ол бұрынғы саяcи-идеологиялық еуразияшылдықты дəлелді тұжырымдамасы бар ғылымға айналдыра білді [6].

Еуразияшылдық идеясын ұстанушы орыс зиялылары алдымен еуразияшылдық топ, одан қозғалыс болып қалыптасып, одан саяси партия құрған болатын. Олар Ресей мен дүниежүзіне жаңа жағрапиялық жəне тарихи түсініктеме беріп, оны ресейлік немесе «еуразиялық» деп атайды.

Еуразияшылдық идеясының қалыптасуына теориялық негіз болған Н.С.Трубецкойдың  «Европа и человечество» атты еңбегінде Ресей империясының құлауының себептері қарастырыла келе, бұған зиялылардың ұзақ уақыт бойы еуропалық мəдениеттің ықпалында болуы əсер етуі мүмкін деген мəселе көтеріледі. Сондай-ақ Н.Трубецкой бұл еңбегінде Батыс мəдениеті əмбебап жəне жалпыадамзаттық бола алмайтындығын атап көрсетті.

Н.С.Трубецкой 1922 жылы қазан айында Венаға кетеді. Ол Вена университетінің славян филологиясының профессоры болып тағайындалады. Николай Трубецкойдың еуразияшылдық көзқарастары салыстырмалы-тарихи тілтану саласында жүргізген ғылыми ізденістеріне де ықпал етеді. Ғалым — тілдік одақ теориясының авторы. Оның тұжырымдауынша, бір жағрапиялық мəдени- тарихи аймақтардағы бірнеше тілдерде ортақ шығу тегіне қарамастан, ерекше ұқсастық болады.   Бұл — ұзақ уақыт бойы көрші өмір сүру жəне қатар дамудан туындайтын ұқсастық. Сондықтан Н.С.Трубецкой «еуразияшылдық» ұғымының анықтамасын: «Бұрын Ресей империясы, ал қазір КСРО атанған мемлекеттің ұлттық субстраты деп осы мемлекетті мекендейтін жəне көпхалықтық ерекше сипатымен ерекше ұлттық белгіні иеленген халықтардың бірлігін, тұтастығын айтамыз. Осы ұлтты — еуразиялық, оның мекенін — Еуразия, ал ұлтшылдығын — «еуразияшылдық» дейміз!» — деп айқындады.

1925 жылы жарияланған «Наследие Чингисхана» деген еңбегінде Н.Трубецкой Ресей мемлекеттілігі тек қана орыстармен құрылмағанын, бұған сондай-ақ Еуразияны мекендеген басқа халықтар да қатысқанын, əсіресе мұнда үлкен рөл атқарған Шыңғысхан империясынан қалған мұра екендігін айтты [7]. Осындай көзқарасты славянофилдер көсемдерінің бірі — А.С.Хомяков те ұстанды. Ол «Русьті монғолдардың бағындыруы орыстар үшін бақытты болды» деді жəне Ресейдің болашағын тек Шығыспен байланыстырды.

Жалпы, Н.С.Трубецкойдың еуразияшылдық идеясына қатысты ұстанған пікірлерінің негізгі өзегін оның келесідей айтқан ойы құрады: «Восточнославянские племена занимали первоначально лишь незначительную часть той громадной территории, которую занимает современная Россия. Сла- вяне заселяли первоначально только небольшую западную часть этой территории, речные бассейны, связующие Балтийское море с Черным. Вся прочая, большая часть территории современной России была заселена преимущественно теми племенами, которые принято объединять под именем «туранских» или «урало-алтайских». В истории всей названной географической области эти туранские пле- мена играли первоначально гораздо более значительную роль, чем восточнославянские, русские пле- мена. Даже в так называемый домонгольский период туранские государства в пределах одной Евро- пейской России (царство волжско-камских болгар и царство Хазарское) были гораздо значительнее варяжско-русского. Само объединение почти всей территории современной России под властью од- ного государства было впервые осуществлено не русскими славянами, а туранцами-монголами».

Петр Николаевич Савицкий «Европа и Евразия» деген мақаласында Н.Трубецкойдың «Европа и человечество» кітабы бойынша пікірін білдіреді. Ол толығымен кітаптағы Батысқа қарсы көзқарасты жақтай отырып, еуропоцентризмнен тек саналы түрде ғана емес, сонымен қатар романо-германдық мəдениетке іс жүзінде Ресей мəдениетін қарсы қою қажеттігіне мəн берді.

П.Савицкий Еуразия халықтары арасындағы этникалық байланыс туралы «Поворот к Востоку» атты мақаласында: «Ресейдің өзі де енді «Шығыс» емес пе? Русьтен тамырында хазар, қыпшақ, татар немесе башқұрт, мордва немесе шуаш қаны араласпаған адамды таба аласыз ба?» — деп жазған еді. Ол еуразияшылдық идеясының негізін салушылардың бірі болды. Ол 1920 жылы Болгарияға қоныс аударады. Осы кезде Софияда жарыққа шыққан «Исход к Востоку. Предчувствия и свершения. Утверждение евразийцев» атты бірінші еуразиялық жинақтың шығарылуына қатысады. Ал 1921 жылдың соңында Чехословакияға кетеді, онда Прага Орыс заң университетінде приват-доцент болып қызмет жасайды.

Петр Савицкий жиырмасыншы жылдары большевиктер биліктен кетеді дегенге сеніп, басқа еуразияшылдармен бірге Ресейге келуді жоспарлаған. 1927 жылы «Трест» арқылы Мəскеуге құпия келеді. Ол бұл сапардың мақсаты жөнінде былай деген болатын: «Менің осы сапардағы көздеген мақсатым Мəскеудегі «еуразияшылар» тобымен байланысу жəне Кеңес үкіметіне қарсы күресудің бірлескен жоспарын жасау болды». Алайда П.Савицкий ОГПУ-дың «Трест» операциясының құрбаны болады.

Ғалым отызыншы жылдары Прага неміс университетінде орыс, украин жəне ресейтанудан сабақ береді. 1940 жылы Прагада орыс гимназиясының директоры болады.

1945 жылы Праганы Кеңес əскері азат еткеннен кейін СМЕРШ органдарымен бұрынғы ақгвардияшыл ретінде тұтқындалып, ұшақпен Мəскеуге жіберіліп, онда 8 жылға лагерьге қамалады. 1956 ж. босатылып, ақталған кезінде Мəскеуде қалудан бас тартып, Чехословакияға қайта оралады. Онда ол аударма жұмыстарымен айналысады. Елуінші жылдары Л.Н.Гумилевпен хат жазысып тұрған. 1960 ж. Батыста «П.Восток» бүркеншік есімімен өлеңдер жинағын шығарады. Өлеңдерінде лагерьде болған күндері туралы жазғаны үшін 1961 жылы ЧКР Мемлекеттік  қауіпсіздік органдарымен қайта тұтқындалады. Бірақ əлемдік қауымдастықтың араласуымен тұтқыннан босатылады. Осылайша, еуразияшыл ғалым П.Н.Савицкий өмір бойы кеңес үкіметі тарапынан қуғын- сүргінге ұшыраған.

Николай  Яковлевич  Данилевский  де  еуразияшылдық  идеясын  қалыптастырушылардың  бірі.

«Мəдени-тарихи түрлер» ұғымы Н.Данилевский ілімінің негізі болды. Ол тарих жүзіндегі негізгі мəдени-тарихи түрлерді былайша бөлді: 1) египеттік; 2) қытайлық; 3) ассирия-вавилон-финикиялық, немесе халдей немесе ежелгі-семиттік; 4) үнділік; 5) ирандық; 6) яһудилік; 7) гректік; 8) римдік; 9) жаңа-семиттік, немесе аравийлік, жəне; 10) герман-романдық, немесе еуропалық, сонымен қатар өз дамуын жетілдіріп үлгермеген мексикандық жəне перуандық.

Н.Данилевский герман-романдық жəне славяндық түрлерге ерекше көңіл бөлді. Славяндық түрдің болашағы туралы тұжырымдап, болашақта герман-романдық түрдің құлдырауына орай Ресейде славяншылдық тарих төріне шығатындығын дəлелдеді. Ол славян халықтарының герман халықтарына қарағанда үш ерекшелігі бар деп тұжырымдады, атап айтқанда, олар:

1) этнографиялық; 2) діндарлығы; 3) тарихи тəрбиедегі ерекшелігі.

Николай Данилевскийдің айтуынша: «Əрбір славян орыс, чех, серб, хорват, словенец, болгар (поляк) үшін — Құдай мен оның Қасиетті шіркеуінен соң — славян идеясы идеядан жоғары, бостандықтан жоғары, ғылымнан жоғары, білімнен жоғары, жер бетіндегі барлық игіліктерден жоғары болуы керек». Əрине, Н.Я.Данилевскийдің идеялық ұстанымының негізінде славяншылдық басым болды.

«Россия и Европа» деген еңбегінде Н.Я.Данилевский Ресей тарихын Еуропа елдерімен үздіксіз байланыста қарастыра отырып, Батыстың саяси, мəдени экспансиясынан сақтану қажеттігі туралы жазды. Сондай-ақ ол мұнда еуропоцентристік көзқарасты сынға алды.

Вернадский Георгий Владимирович еуразияшылдық қозғалысына 1923 жылы қосылады. Ол еуразияшылдық тарихи тұжырымдамаларының авторы болды. Г.Вернадскийдің нағыз еуразияшылдық туындылары қатарында «Начертание русской истории», «Опыт истории Евразии», «Звенья русской культуры» атты еңбектерін атауға болады [8].

Георгий Вернадский тұжырымдамасы Дала мен Еуропаның өзара қарым-қатынасы контексінде Еуразия континентінің дамуына негізделді.

Г.Вернадскийдің «Русское масонство и царствование Екатерины ІІ» атты монографиясында сол уақыттағы Ресейдегі масондықтың ықпалын саяси жəне мəдени тұрғыдан қарастырады. Ғалым Ресей тарихындағы монғол шапқыншылығы мəселесіне келгенде, оның зардаптарымен қоса, жағымды жақтарын да атап көрсетті. Оның тұжырымдауынша, монғол шапқыншылығы орыс жерлерінің біріктірілуіне, Ресейдің оңтүстікке жəне шығысқа бет бұруына, орыс халқының өмір сүру кеңістігінің кеңеюіне əсер етті.

Жалпы алғанда, еуразияшылдық доктринаның постулаттарын Г.В.Вернадский былайша айқын тұжырымдады:   «Азиялық»   жəне   «еуропалық»   Ресей   арасында   табиғи   шекара   жоқ.     Демек, «еуропалық» немесе «азиялық» деп бөлшектенетіндей, екі Ресей де жоқ. Тек «еуразиялық», немесе Ресей Еуразия, деп аталатын бір ғана Ресей бар» [6; 2]. Сондықтан оның ғылыми еңбектері «Еуразия тарихы бұл Орман мен Дала арасындағы үнемі өзара əрекеттесу: «Орман мен Даланың»  бірлігі» деген қағидатқа сүйеніліп жазылды.

«Южная Россия впервые была политически организована киммерийцами (1000–700 гг. до н.э.), затем скифами (700–200 гг. до н.э.) и сарматами (200 г. до н.э. – 200 г. н.э.), затем последовали готы (200–370 гг. н.э.), смененные гуннами (370–454 гг. н.э.)... Скифское государство было скорее конфе- дерацией сильных кочевых родов. Как социально, так и по легальному статусу оно соответствовало государству, базировавшемуся на родовом законе» [9], — деп пайымдады Георгий Вернадский. Ол Еуразия тарихындағы біртұтас мемлекет құру үрдісін кезең бойынша зерттегенде Сақ мемлекетінен бастап КСРО-мен аяқтады.

Қорыта айтқанда, классикалық еуразияшылдық идеясының теориялық негіздерін қалыптастыруда орыс ғалымдары — Н.С.Трубецкой, П.Н.Савицкий, Н.Я.Данилевский, Г.В.Вернад- скийлердің үлесі зор болды.

Классикалық еуразияшылдықтың негізін салған орыс ғалымдарының басымы еуразияшылдықты тарихи жəне саяси тұрғыда қарастырды. Сондай-ақ олар Еуразиядағы көне түріктердің саяси, тарихи жəне мəдени рөлдерін айқын көрсетті.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Evraziystvo problems, Аstana: ENU Publ., 1998, 232
  2. Тrubetskoi N.S. Europe and mankind. — Sofia, 1920. [ER] /www.primeestate.lv. URL: http://oboguev.tripod.com/nstev.htm (date of the address 18.03.2013), р.
  3. Dugin А.N. Nazarbayev's Euroasian mission, Аstana: Astana, 2005, 256
  4. Personov V.M. Evraziystvo: social philosophy and historiosophy // Еvrasia, 2011, № 4, р.45,
  5. Abdimanapov S.A. Life and L.N.Gumilev's scientific activity, Аstana: ЕNU, 2004, р.
  6. Akseleu S. Gumilev // Egemen Kazakhstan, 2004, 1
  7. Lavrov S.V. N.Gumilev and evraziystvo // Evrasia, 2010, № 3, р. 44.
  8. Galperin Russia and steppe: George Vernadsky and evraziystvo. — P. І., Russia and Golden Horde. Contribution of Mongols to medieval Russian history. P. ІІ / Trans. from Eng. D.M.Kostina / Originator М.К.Коigeldiev, Аlmaty: Sanat, 2005, р. 187.
  9. Vernadskii G.V. Tracing of the Russian history. — Мoscow: Algoritm, 2002, р.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.