Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ хандығы: қалыптасуы, дамуы, күйреуі.Қазақ хандығының 550 жылдығына орай

Қазақ хандығы — халқымыздың ұлттық сипаттағы мемлекеті

2015 ж. Керей мен Жəнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толып отырғаны баршаға аян.

Алғашқы қазақ хандары құрған мемлекеттің басқару жүйесі сол заманға сай болды. Соның арқасында осынша үлкен аумақты биледі. Керей мен Жəнібек құрған хандық Кенесары заманына дейін төрт ғасыр бойы өмір сүрді.

Өкінішке орай, кеңестік ойлау тұрғысы тарихымыздағы ұлы тұлғаларды: хандарды, билерді, байларды халықтың қанын сорғыш шынжыр балақ, шұбар төстер етіп көрсетті. Əулие, Тəуіп, атақты бақсылардың істері діни көзқарастың сарқыншағы түсінігімен шектелді.

«Хан» сөзі біздің ұғымымызда қолында қанды қылышы бар, ақылы кем, өз бетімен іс тындыра алмайтындар болатын. Əділетсіз, тақ үшін ғана өмір сүріп отырған, халықпен санаспайтын, оның мүддесін қорғамайтын адам ретінде көрсетілді. Аузы дуалы «билеріміз» ханның қолшоқпары түрінде берілді. Ал «қазақ байларына» деген көзқарас тіпті «ерекше» болатын. Санамызда надан, қатыгез, адамгершіліктің қарапайым белгілерінен де жұрдай адамдар бейнесі қалыптасты.

Хандық үкімет көшпелі өркениет елдеріндегі алғашқы мемлекеттік басқару жүйесі, Үкіметтің бұл басқару түрі алғаш ру-тайпа көсемдерінің іскерлігінен, ақыл-парасаттылығынан, ел басқара білу қабілетінен туған. Ондай көрнекті адамдарды халық сайлаған [1].

       

  Хан өзінен кейінгі сұлтан, билердің көмегімен билік жүргізген хандық билік мұрагерлікпен беріліп, тек сұлтан атағы бар адам ғана хан тағына отырған. Ол Шыңғыс тұқымдарына ғана берілген.

Қазақ қоғамында хан сайлауына ерекше мəн берілген. Сайлауға сұлтандар, ұлысбектер, билер, ақсүйектер, беделді халық өкілдері қатысқан.

Ертеден келе жатқан салт бойынша хан сайлайтын адамды ақ киізге отырғызып, ең беделді сұлтан-билер үш рет көтеріп «Хан! Хан! Хан!» — деп айғайлаған. Одан кейін сол киізді «тəбəрік» деп, бір жапырақтан бөлісіп алған.

Ханның бес құқығы мен бес міндеті келесідей болған:

 

Хан бұл құқықтары мен міндеттерін «Хан кеңесінде» өзінің кеңесшілері, əскербасшылары арқылы жүзеге асырған. Хандықты билеуде Құрылтай жиналысының маңызы зор болған:

Құрылтай жиналысы

    Ұлыс сұлтандары ұлыстың əскерін құрып, оған қолбасшы болған. Оның аумағының жері де билеуші  сұлтанның  меншігі  болды.  Ұлыс  тұрғындарын  «ел»  немесе  «халық»  деп  атаған.  Жерін «жұрт» деп атаған. Ұлыстың белгілі аты болмаған, ұлыс иесінің атымен атаған.

Қазақ халқы əлеуметтік құрамы жағынан екі топқа бөлінген [1; 58]:

  1. Феодалдар — бұларға Шыңғыс тұқымынан шыққан ақсүйектер-сұлтандар, қожалар жатты. Бұлардың екінші сатысында — билер, бай-шонжарлар, батырлар, ақсақалдар тұрды. Ақсүйектерді «төре», немесе «оғлан», деп атаған:

 Қазақ халқы əлеуметтік құрамы

Ақсүйектерге қарама-қарсы халықтың өзге тобын қарасүйек деп атаған. Бұларға жергілікті ру- тайпа адамдары жатты. Қарапайым халық сұлтандардың атын атамай, «төре», немесе «тақсыр», деп атаған.

  1. Қарапайым халыққа — қараша, қара кісі, шаруа, бұқара, құл-құтан деген сөздер қолданылған. Қараша — мал-мүлкі, өзіндік құқығы бар еркін адам. Хандық қоғамның төменгі сатысында қатардағы малшылар тұрды. Бас бостандығы жоқ ер адамдарды құлдар, ал əйелдерді күңдер деп атаған. Соғыс кезінде қолға түскен тұтқындар немесе қарызын, алым-салығын өтей алмаған адамдар құлдықта жүрді. Құлдардың ешбір куəлік беруге құқығы болмаған. Қожайыны оған қандай қаталдық жасап жатса да, оларды ешкім қорғамаған.

Керей мен Жəнібек (Əз Жəнібек) — алғашқы қазақ хандары

15 -шы ғасырда бүгінгі Қазақстан аумағында Шыңғыс хан ұрпақтарының — Орда, Шибан жəне Тоқай-Темір əулеттері арасында тайталасқан күрес жүріп жатты. Жошының бесінші ұлы Шибан ұрпақтары үшін бұл күрес неғұрлым табысты болды. Шибан əулетінің өкілі Əбілқайыр 1428 жылы жаңа саяси құрылымның билеушісі болып жарияланды, бұл мемлекет тарихи əдебиетте хандықтың негізін салушының есімімен «Əбілқайыр хандығы», немесе «Көшпелі өзбектер  мемлекеті», деген атау алды. 1459 жылы Əбілқайырмен болған көпжылғы күрестен кейін, Жошы ханның үлкен ұлы Орда Еженнің ұрпақтары, Орыс ханның немерелері, Керей мен Жəнібек қол астындағы тайпалармен Жетісу жеріне көшіп кетті.

Қазақ тарихының атасы Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551) өзінің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде Қазақ хандығының құрылуын хижраның 870 ж. деп көрсетеді. Бұл біздің жыл санауымыз бойынша 1465–1466 ж. сəйкес келеді.

Ата дəстүр бойынша Қазақ хандығының тақ иесі жасы үлкен Керей хан болды да, қазақ тарихындағы айрықша тұлға Жəнібек Орданың ақыл иесі болады. Оның тарих бетінде Əз Жəнібек хан аталуындағы «Əз» сөзі — арабтың ғазиз деген сөзінің өзгерген түрі болып, қадірлеу, сыйлауға қаратылған. Демек, ол көсегесін көгерткен ақылды да əділетті əміршісіне деген елінің естен кетпес ескерткіші үшін Əз Жəнібек хан деп аталғаны хақ.

Керей мен Жəнібек өз ұлыстарымен атамекені Сыр бойына оралып, осында Керей ханның басшылығымен алғашқы Қазақ Ордасының іргесі бекіген. Оның маңындағы ру, тайпаларға бөлінген халықтар осында өз еркімен қосылып іргелі елге айналды. Хан жанында дала  данышпаны Асан Қайғы отырды. Керей хан Болатұлы 10 жылдай билік құрып, Хантауда жерленген.

Жəнібек Барақұлы — Қазақ Ордасының тұңғыш ханы Кереймен бірлесіп, Қазақ мемлекетінің іргесін қалаушылардың бірі. Əкесі Барақ XV ғасыр басында Ақ Орда мен Алтын Орданы билеген. Жəнібектің ата-бабалары ел билеп, мемлекет билеушісі, хандық құрған адамдар болса, өзі 1473–1480 жылдары қазақ ханы болды.

Керей хан мен Əз Жəнібек хан екеуі қол ұстаса қимылдап, Қазақ  хандығының күш-қуатын еселеп арттырып, мəртебе-мерейін аспандата көтерді. Қазақ Ордасының астанасы қасиетті Түркістан қаласы, біртұтас қазақ халқының ұраны — «Алаш», мемлекеттің таңбасы — «Төре таңба» болып белгіленді.

Басқаруға қолайлы болу үшін жалпы қазақ қауымы үш жүзге, жүздер ұлыстарға, ұлыстар арыстарға, арыстар тайпаларға, тайпалар руларға, рулар аталарға, аталар ауылдарға бөлінді. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, тайпаларды билер, руларды рубасылар, аталарды ақсақалдар, ауылдарды ауылнайлар басқарды.

Үш жүзді Ұлы хан биледі. Жалпы Қазақ хандығы дəуіріндегі (XV ғасырдың басты жарымынан XVIII ғасырдың соңғы жарымына дейін) хандардан Ұлы хан əулеті есімінде Əз Жəнібек хан, ол қазақ жұртының іргесін бекітіп, Ордасын орнықтырған Ұлы хан ғана емес, сол халықтың бар жақсылығына ұйытқы болған Асыл рух, Ұлы əулеттің де негізін салушы. Қазақ Ордасының құдіретті əміршілері, қазақ халқының ұлы Перзенттері: Қасым хан, Хақназар хан, Тəуекел хан, Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жəңгір хан, Əз Тəуке хан, Абылай хан, Көкжал Барақ сұлтан, ең соңғы Кенесары хан — барлығы да осы əулие Əз Жəнібек ханның тікелей ұрпақтары екендігін атауға болады [2; 107].

1468 жылы қарсыластарының күшейіп кетуінен қорыққан Əбілқайыр хан қазақ хандарына қарсы жорыққа шықты, алайда жолда ауырып, қайтыс болды. Ол өмірден өткеннен кейін Əбілқайыр хандығы құлады. Бұл жағдай 1469–1470 жылдары қазақ хандарының Шығыс Дешті Қыпшақ жеріне қайта оралуына мүмкіншілік берді. Бұл жерде оларға қарсылық ұйымдастыру Əбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбанидың ғана қолынан келді. Қазақ хандарының онымен күресі    алма-кезек нəтижемен XV ғасырдың соңына дейін созылды. Өзбек тайпаларының бір бөлігін басқарған Шибан ұрпақтары Мұхаммед Шейбани басшылығымен XVI ғасырдың басында Қазақстан аумағынан Орта Азияға кетті. Онда олар Əмір Темірдің ұрпақтарын талқандап, жаңа мемлекет құрды.

Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығы

Əз Жəнібектен кейін хан тағына оның баласы емес, аға баласы ретінде Керейдің ұлы Бұрындық отырды.

Сыр бойы қалаларының көпшілігі Жəнібек хан кезінде-ақ Қазақ хандығына қаратылған болатын. Бұрындық хан өзінің сенімді серігі, ержүрек əскербасы Қасыммен тізе қоса отырып, бұрынғы Көк Орда иелігіндегі аймақты түгелімен өзіне қаратып алуға тырысты.

Көк Орданың ежелгі астанасы Сығанақ, қасиетті Түркістан, ежелгі Отырар, атақты Сауран, Сайрам қамалдары, халықаралық сауда жолы — Жібек Жолы бойындағы ірі  сауда орталықтары Қазақ хандығы иелігіне өтті. Бұларды қайтарып алу мақсатымен Мұхаммед Шайбани хан (Көк Орда ханы, Əбілқайырдың немересі) күш жинай бастады. Кезінде Ақсақ Темірдің иелігінде болған Орта Азияның бір бөлігін, Ауғанстан мен Қорасанды жаулап алған Шайбани, күшін топтап, Қазақ хандығына кезекті шабуылын дайындады. Тарихи деректерде Шайбани ханның Қазақ  хандығына төрт рет шабуыл жасағаны айтылады. Қазақтарды үлкен шығынға ұшыратқаны — Шайбани ханның 1509 жылғы жорығы. Жер бедеріне қанық, əр маусымдағы елдің орналасу жағдайын жақсы білетін олар қазақтарға үнемі қыс кезінде, ел қыстауда, жұрт арасындағы қатынас қиын болатын кезеңге сəйкестеп шабуыл жасап отырды. Қақаған қыста Сырдарияның көкше мұзынан тікелей өткен жүз мың əскер қазақ елін тежеусіз тонап, елге зор шығын əкелді. Қазақ қолы елін табандылықпен корғады. Бұрындық ханның өзі бастаған қазақ сарбаздары бұл ұрыста ерліктің небір үлгілерін көрсетіп, елін жасанған жаудан қорғап қалды.

1510 жылдың кысында Шайбанидың Ұлытау бағытында жасаған шабуылы Қасым қолының темір қыспағына тап болып, күйрей жеңіледі. Сөйтіп, Қазақ Хандығы Сыр бойы қалаларының көпшілігін өзіне қаратты [3].

Сонымен, Бұрындық ханның бастауымен Қасым қазақ əскерінің бас колбасшысы  ретінде, əкелері Керей мен Жəнібек құрған мемлекеттің тəуелсіздігін сақтап, оның күш-қуатын арттыруға бар қабілеттерін жұмсады. «Бір жеңнен — қол, бір жағадан — бас шығарудың» арқасында елдің елдігін сақтай алды.

Қазақ хандығының Қасым хан тұсындағы дəуірлеу кезеңі

Қасым хан Қазақ Ордасының негізін салушы тарихи тұлғалардың бірі — Керей ханның немере інісі Əз-Жəнібек ханның бел баласы. Анасының есімі — Жаған-бегім: Шайбани ханның інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңлісі.

Сол кездердегі тарихи деректерде Қасымның тоғыз ағайынды болғандығы айтылады.  Олар: Əдік, Қасым, Еренджі, Махмұд, Жаныш, Таныш, Қамбар, Ұснақ, Жəдік.

Осы ержүрек ағайындылар ішінде батырлығымен де, ақылымен де дара шыққан — Қазақ Ордасының болашақ ханы Қасым сұлтан болады. Оның өмірінің хандық дəуірі 1511 жылдан басталады.

Қасым хан Қазақ мемлекетін күшейтуді, оның жерін кеңейтуді жəне халқының санын көбейтуді мақсат етті. Оларды абыроймен орындады да. Қасым тұсында Қазақ Ордасы жері бұрынғы Көк Орда жерінен де кеңейді. Сыр бойы қалаларының көбі, дарияның орта ағысындағы басты-басты қалалар қазаққа қаратылды. Қасым өзі билік құрған тұста Өзбек хандығынан Сырдария бойын, Моғолстаннан Жетісу өңірінің үлкен бөлігін, Ноғай Ордасынан Ембі, Жайық пен Еділ аралығын өз хандығына қосты.

Өз тұсында Қасым хан Ордасын бірде Жетісуда, Қаратал өңірінде, бірде Шу бойында, енді бірде Арқада, Ұлытау етегінде, кейде батыста, Жайық жағасына ауыстырып отырды. Бұл да халқының жиын ортасында жүрген Қасымның өзіндік саясатының бір көрінісі еді. Осы мезгілде мемлекет шекарасы батыста Жайыққа дейін, оңтүстік-шығыста Іле мен Қаратал өзендерінің аралығына дейін, Ұлытаудан ары Еміл мен Ертіске дейін, оңтүстікте Сайрамға дейін жетті. Қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен-тұрағын негізінен Қасым хан кезінде орнықтырды. Қасым ханның тұсында оның қол астына қараған халықтың саны бір миллионға жетті [2; 108].

Ежелден халқымыздың төл заңдары болғаны анық. Қазақ хандығының іргесін қалаушы бабаларымыздың бірі  Қасым  хан қазақ халқының əдет-ғұрыптық ереже  тəртібіне  мəнді   өзгерістер енгізіп, дамытып, зор «Жарғы», яғни заң, жасады. Кейін келе жұрт оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кетті. Бұл заңға кірген ережелер: Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу); Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза қолдану); Əскер заңы (қосын құру, аламанның міндеті, қара қазақ, ердің құны, тұлпар ат); Елшілік жоралары (майталмандық, заңгерлік, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, əдептілік); Жұртшылық заңы (ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бекеуіл, тұтқауылдардың міндеті).

Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес мемлекет есебінде Батыс Еуропаға мəлім болды. Қырым, Астрахан, Қазан хандықтарымен, Мəскеу княздықтарымен дипломатиялық қатынастар орнады. Жұртшылық хан билігінің күшін сезініп қана қоймады, ұлыстың кұдірет-қуатын да анық пайымдайды, ешкімнің де шетте, қараусыз, қорғансыз қалмайтынын ұғады, елдің тұтастығын да айқын таниды [4].

Қасиетті Қасым хан 1521 жылы қыс айында 78 жасында қайтыс болып, Сарайшық қаласында жерленді.

Хақназар (Ақназар) ханның Қазақ хандығын 42 жыл басқаруы

Қасымнан кейін (1521–1538 ж. арасында) мирасқорлық жолмен аз жыл хан тағына отырып, аз жыл ел билеген Мамаш, Таһир, Бұйдаш, Ахмет, Тоғым хандар тұсында жетесіз басшылық, егесіздік көрген ел аңдыған аларман жаудың оңай олжасына айналған кер заманның кезі еді.

Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523–1532) хан болды. Оның айрықша елшілік жəне əскери қабілеті болмады. Маңғыт жəне Монғол хандарымен əскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сəтсіз басталды. Қазақ хандығы оңтүстіктегі жəне солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. Таһир ханның інісі Бұйдаштың (1533–1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.

Бір кездегі Керей мен Жəнібек негізін салып, Бұрындық (Мұрындық) пен Қасым əрі қарай шыңдаған елдік қасиет өзінің арнасынан жаңыла жаздап, қыл үстінде тұрғанда қазақ халқының бағына, кешікпей-ақ кешегі қасқа жолды Қасым хан дүние салғанда жас қалған ұлы Хақназар (Ақназар) хан (1538–1580) ел тізгінін ұстады. Қазақ Ордасының қайтадан нығаюы, Қасым хан заманындағы деңгейін тауып, іргелі, қуатты ұлысқа айналуы — Хақназар ханның есімімен байланысты.

Хақназар ханның Қазақ хандығын шық шығармай 42 жыл басқаруынан-ақ, оның барша іс- əрекетінен асқан шеберліктің қасиеті айқын аңғарылады. Қазақ хандығының 300 жылдан артық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау əскери- саяси істер жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды, оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.

Өз əкесінің ізімен жүріп, оның ұлы ісін мұрат тұтқан хан Қазақ Ордасының іргесін одан əрі бекітіп, кемелді мемлекетке айналдырды. Орда шегін Еділге дейін кеңейтті. Шығыстан əлсін-əлсін шабуыл жасап тұратын қалмақтардың бетін қайтарды. Сол кездегі қуатты мемлекет Моғолстанға қарсы табанды күрес ашып, жеңіске жетті. Оңтүстікте қазақтың қапысын аңдып  отырған Өзбек, Бұхар хандықтарына қарсы күрес ашып, Түркістан мен Сауранды, Ташкентті қазақ жеріне қосып алды.

16-шы ғасырдың орта кезінде Еділдегі орыс басқыншылығы кезінде Қазан хандығы мен Ноғай ордасы ыдырап жатқан кезде Қазақ хандығы күшейе түсті. Башқұрт, қырғыз халқы Қазақ ордасының бауырлас қолтығына енді. Хақназардың құдіретті есімі орыс патшасы Иван Грозныйға да мəлім болды.

Ақназар ханның тұсында хан ордасы жүргізген тиімді ішкі, сыртқы саясаты арқасында Қазақ хандығының, оның көшпенді қазақ жұртының алыс-жақын елдерімен — бірінші кезекте іргелес, Хиуа, Сібір, Қазан хандығы мен Моғолстан елдерімен, сол тараптағы Баласағұн, Асфара, Тараз, Самарқан мен Бұхар, Өргеніш, іргедегі Сығанақ, Сауран, Баршынкент пен Исфиджаб, Яссы, Маданкент сияқты көптеген кент, шаһарлармен сауда-саттық, мəдени байланысы орнықты.

Шығыстан келер қалың жау — ойрат, шүршіт, қалмақтарға, күнгей жақтан қаптайтын қызылбасқа қарсы жосынды-жорықтар тынған тылсымды-тыныш, бейпіл-бейбіт жылдарда Арқа  мен Шу бойы, Жетісу, Талас, Қаратаудан базар-ошарлатып қалың малын айдаған қазақтың күнгейдің көк күмбезді, зəулім қақпалы қала, шаһарларынан тай-тай пұл, қант-шайы мен жиһаз-тауарларын артқан түйелі керуендері кең даланың шартарабына қаздай тізіліп келіп жатты [5].

Хақназар ханның қазақ ұлысының тəуелсіздігі мен оның ықпалды мемлекет жолындағы мақсат, мүддесі көп еді. Алайда Қазақ Ордасының одақтасы, Ташкент уалайатының əміршісі Баба сұлтан кезекті жорық үстінде Хақназарды жəне оның бірнеше батырларын опасыздықпен өлтірді.

Шығай жəне Тəуекел хандардың тұсындағы Қазақ хандығы

ХV–ХVІ ғасырлар Қазақ хандығы тарихының маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Бұл ғасырдағы Қазақ хандығының саяси тарихын шартты түрде 1457–1470 жж. хаңдықтың құрылуы, 1470–1521 жж. аралығы күшеюі мен нығаюы, 1521–1538 жж. хандықтың «уақытша əлсіреуі», 1540– 1598 жж. хандықтың кайта көтерілуі немесе этникалық территориясының қалыптасуының аяқталу кезеңі деп бөлуге болады. Əрбір кезеңнің басты белгілерін хандықтың сол тұстардағы ішкі жəне сыртқы саяси жағдайының қандай болғандығы, жекелеген хандардың жүргізген саясаты, сонымен қатар билік басындағы хандардың жеке тұлғалық қасиеттері арқылы анықтауға болады. Керей мен Жəнібек, Бұрындық, Қасым, Хақназар, Шығай, Тəуекел хандардың билік құрған кезіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайы осыған дəлел [6].

Хақназар хан қаза болғаннан соң, оның орнына Жəдік сұлтанның баласы Əз Жəнібек немересі Шығай (1580–1582) хан болды.

Белгілі ғалым Қойшығара Салғараұлы Шығайдың хандық билікке келуінің үш себебі бар деп көрсетеді. Олар: «Біріншісі — Шығай сұлтанның өзінің жеке басының елге сыйлылығы. Оның көзсіз батырлығы жөнінде халықтың (XIX ғ.) əлі күнге дейін жыр қылып, тамсана айтатынын дəлел етуге болады. Екіншісі — Шығайдың ұлдарының (Тəуекел, Есім, Ондан жəне т.б.) хандыққа тіреніш, ханға демеу болғаны. Үшіншісі — Шығай Қазақ хандарының іргелі тұқымы Жəнібектің кенже  ұлы Жəдіктің баласы болды. Жəне де Абдолланың əкесі Ескендірдің таққа отырып, ал, баласы оның атынан барлық істі тындыруы сияқты, Тəуекел де өз əкесін хан етіп, өзі барлық істерге белсене қатысып жүрген» [7], — дейді.

Шығай хан билік құрған кезінде Хақназарды өлтірген Бұхар ханы Абдолла II (1557–1598) тұсында Ташкент маңын билеген Норазахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтаннан өш алумен болды. Сол жорық кезінде қаза тапты.

Бірақ көптеген тарихшылар Шығай хан Мауреннахрда, өз елінен тысқарыда қайтыс болды дейді, осыған байланысты түрлі пікірлер айтады.

Мысалы, тарихшы М.П. Вяткин Шығайдың Мауреннахрға келуін, оның Бұхара хандығына өтуі деп қабылдайды да, оны қазақ ханының өз қуатының əлсірегенін сезіп, Абдолладан пана іздеуі деп түсіндіреді. Ал, А.П. Чулошников қазақтардың Талас өзені жағасында Баба сұлтанмен  күресте жеңіліс табуы оларды сыртқы қатынастарда əлсіретіп тастады, өйткені оларға  бүлікші Баба сұлтанмен  Шағатай  ұрпақтарынан  шыққан  моғол  хандары  екі   жақтан   қауіп   төндірді  дейді. В.П. Юдин Шығай ханды қазақтардың өзге хандары қуып жіберген дейді. Ал, М.Х. Əбусейітова Шығай ханды қазақтардан бөлініп, халқына қорғанды болып, Шайбанилер арасына кетіп, жалғыздықта өлген Тахыр хан секілді дүниеден өтті деген тұжырымдар жасайды. Осы пікірлерді Қойшығара Салғараұлы ешбір негізсіз деп тауып: «Шығай хан Абдолла сұлтаннан Ходжентті алып, мұнда Нақшбанд ұйымының сопыларының коршауында болған. Ол сырттан қаңғып өлмеген, ресми түрде қазақтың ханы атанған күйінде, өз жөнімен, өз ажалымен, өз иелігі Ходжентте жарық дүниемен қоштасқан» [7], — дейді.

Барлық жағдайды саралап қарасақ, қазақтың ханы болған, көпке сыйлы, кəрі адам, балалары да болашақ хандар Тəуекел, Есім сұлтандар өз əкелерін қаңғытып, өлімге душар  ету ата салтымызда жоқ. Сондықтан да Шығай ханды қаңғып өлді деуге негіз де жоқ секілді.

Деректер бойынша, Шығайдан көп ұрпақ қалған. Оның əйелдері де көп болған. Қадырғали Жалайыр өз еңбегінде (Шежірелер жинағы / Шағатай — қазақ тілінен аударып, алғы сөзін жазғандар Н. Мингулов, Б. Көмеков, С. Өтениязов. — Алматы, 1997, 121-б.) Шығай ханның үш əйелін ерекше атап өтеді. Біріншісі — Байым бегім. Одан Сейдіқұл сұлтан, Онан сұлтан, Алтын ханым; екіншісі   —шағатайлық  Яқшым  бегім.  Одан  Тəуекел  хан,  Есім  хан,  Сұлтан-Сабырбек  ханым;  үшіншісі    —

Бұрындықтың қызы Дадим ханым. Одан Əлі сұлтан, Сұлұм сұлтан, Ибрахим сұлтан, Шахым сұлтан. Шығай қайтыс болғаннан кейін хандық билікке оның ұлы Тəуекел келді. Тəуекел (Тевеккел,

Тевкел, Тауке, Тукай) шағатайлық Яхшым бегімнен туылған Шығай ханның ұлы. Оның тұсында Ресей мемлекеті мен Қазақ хандығы арасында дипломатиялық қатынас күшейе түсті. Ресейдің мұндағы мақсаты: Қазақ хандығымен одақтасып, Сібір ханы Көшімге қарсы күресу, осы одақтасты пайдаланып, Орта Азия хандарымен келіссөз жүргізу еді. Тəуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін белсене күресті.

1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сырдария бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижан, Ахси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты. Тəуекел хан алғаш рет 1594 жылы Мəскеуге достық қарым-қатынас орнату мақсатында Құлмұхаммед бастаған қазақ елшілігін жіберді [8].

1598 жылы Тəуекел хан  Шайбанилердің  жерін  жаулап  алу  үшін  белсенді  қимылға  көшеді. Ол Түркістаннан Мауреннахрдағы Ахси, Əндіжан, Ташкент, Самарқандты Мийанқалаға дейін басып алып, Есім сұлтанды 20 мың əскермен Самарқандта қалдырады. Ал, өзі 70–80 мың əскермен Бұхараға беттейді. Бұхарада небəрі 10–15 мың əскермен Пір Мұхаммед (Шайбанилық сұлтан) қаланы   бекітіп, 11 күн бойы қаладан шықпайды. Он екінші күні Бұхараның барлық халқы шығып, кескілескен күрестен кейін Тəуекел ханның əскері жеңіліс табады. Мұны естіген Есім сұлтан ағасына артқа шегін деп өтінеді. Сөйтіп, олар шегініп, жорыққа қайта дайындалады. Осыдан кейін Пір Мұхаммед əскері Тəуекел əскерінің артынан қуып келеді. Екі жақ əскері ашық далада Ұзын сақал деген жерде қайта соғысады.

Бір айдай күрестен кейін, көп сұлтандар мен ерлер қаза табады. Осы күресте Тəуекел хан да қатты жараланып, Ташкентке оралады. Сөйтіп, осы жерде Қазақ ханы көз жұмады.

16-шы ғасырдың соңында Мауреннахрды билеп-төстеген Шайбанилық əулеттің дəуірлеуі аяқталды, ал қазақтарды бастаған Тəуекел хан өзінің жеңісімен көздеген мақсатына жетті. Осылайша, Қазақ хандығы бір ғасыр бойы Түркістан аймағы үшін күресті, ол күрестің босқа кетпегендігін тарихтың өзі дəлелдеп берді. Міне, XVI ғ. Қазақ хандарының жүргізген саясаты тарихта өз таңбасын қалдырды. Ал талай-талай қиян-кескі жағдайларды басынан өткеріп келе жатқан Қазақ хандығы бұл кезеңнің қиындықтарына да төтеп беріп, өз тəуелсіздігін сақтап қалып, өміршең Қазақ мемлекеті екенін тарихта тағы бір дəлелдеді.

Алты Алашқа белгілі «Есім хан салған ескі жол»

Еңсегей бойлы ер Есім — қазақ ханы, Шығай ханның ұлы, ол Қазақ хандығына Түркістан шаһарын түпкілікті астана етіп, билік жүргізген. Сұлтан кезінде-ақ ағасы Тəуекел ханмен бірге Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді Қазақ хандығы құрамына қосқан. Ол 1598 жылы Тəуекел Бұхара жорығында қайтыс болысымен таққа отырады. 1599 жылы Бұхар хандығымен шарт жасасып, Ташкент қаласын, Ферғананы бағындырып алды. Ташкент қаласы содан бастап 200 жыл бойы Қазақ хандығының билігінде болды. Есім хан сонымен бірге Шығыс Түркістан Қашғар, Турфан, Чалыш уəлаяттарында алты жылдай болып, сол елдің билеушісі Абд əр-Рахымның саяси билігінің нығаюына жəрдем жасады. Абд əр-Рахымның қызын өзі алып, інісі Күшік сұлтанның қызын оған беріп, сол замандағы дəстүр бойынша билік статусын заңдастырды. Абд əр-Рахыммен бірге Ақсу секілді үлкен бекіністерге шабуыл жасап, көптеген шаһарларды құзыретіне қаратады. Демек, Есім хан — Қазақ хандығының аумақтық тұтастығын ұлғайтып, мемлекет билігін өрістеткен, сол кезеңде Орта Азия геосаясатына өзгеріс енгізген айтулы тұлға [9].

Есім хан заманында Əз Жəнібек əулетінен шыққан Тұрсын сұлтан Ташкентте қосымша хандық құрып, бұрын Қазақ Ордасына қосылып оның дұшпандарына қатты тойтарыс берсе де, ақыры, ант бұзып Есім ханға қарсы шықты. Өзі жоқта оның елін шапты. Бұрын талай теріс іс-əрекетін кешірген Есім хан бұл жолы оған кешірім жасамады. Ташкентте оның басын алды. Осы сəтте хан жанында болған атақты қазақ ақыны əрі батыры Марқасқа жырау болған. Аты көпке белгілі Жиембет жырау да Есім жанында жүріп, ханның кейбір артық кеткен істерін қатты сынап отырған.

 Бірнеше жүз жылға созылған қазақ-қалмақ соғыстары да осы Есім хан тұсында кең жайылып, ол бітіспес қанды жорықтарға ұласты.

«Қасымның қасқа жолы» XVII ғасырға дейін өзгеріссіз жетті. Бұдан соң Алашқа белгілі «Есім хан салған ескі жол» халыққа кеңінен танылды. Өйткені Есім хан елді тыныштандыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға қан, құн төлеу, барымта алу, құлды сату, зекет, ұшыр жинау, айып салу т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын «Есім хан салған ескі жол» деп атады:

«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» қалмақ заманына дейін жетті. Еңсегей бойлы ер Есім хан Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи (Ясауи) жанына жерленген.

Халық ардақтаған Салқам Жəңгір хан

1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан кейін орнына Жəңгір хан болған. Ол басы үлкен, кеудесі кең, аласа адам болған екен. Сол себепті халық арасында оны «Салқам Жəңгір» деп атаған. Оның тұсында ойрат-жоңғарларының көсемі, батыр Хұнтайшының күшейген кезі-тін. Олар Қазақ хандығына бірнеше рет жорық жасады.

Еңсегей бойлы ер Есім ханның ұлы, халық ардақтаған «Салқам Жəңгір» XVII ғасырда болған қазақ-жоңғар соғыстарында тамаша əскери қайраткерлігімен, соғыстың көптеген əдіс-айлаларын қолдану арқылы ірі қолбасшы ретінде айқын танылды. Салқам Жəңгірдің қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда айрықша еңбек сіңірген, тəуелсіздігін сақтау жəне бекіту жолында ұмытылмас ұлы қызметтер атқарғанын тарих ешқашан жоққа шығара алмайды.

Жəңгір заманындағы тарихта алтын əріппен жазылып қалған ұрыс — 1643 жылғы жоңғар-қазақ майданы еді. Кейін «Орбұлақ шайқасы» деген атпен қалған осы соғыста Жəңгір хан бастаған 600 қазақ жауынгерлері 50 мыңдық дұшпан қолын өз жеріне өткізбей қойды. Бұл ерлік, біріншіден, қазақ жасағының туған жеріне деген отаншылдық жоғары рухы мен намысы десек, екіншіден, Жəңгір сияқты соғыс өнерін жетік меңгерген қаһарман қолбасының əскери шеберлігі еді. Осындай қиын сəтте Самарқаннан 23 мың қолды бастап Жалаңтөс баһадүрдің келіп жетуі қазақ сарбаздарының рухын көтеріп жіберді [10].

Қазақтың ұлы хандарының бірі Жəңгір хан 1652 жылы қан майданда қаза тауып, Түркістанда жерленген.

Жəңгір ханның қазасынан соңғы 30 жыл, дəлірек айтсақ, 1652–1680 жылдардың аралығында Бахадұр хан билік құрды. Бұл тұтас қазақ тарихындағы ең күңгірт кезең болып есептеледі. 1680 жылы Салқам Жəңгір ханның бел баласы Тəуке хан (1680–1715) халықтың қалауымен ақ киізге көтеріліп хан болды.

Ұлылығымен бүкіл халыққа үлгі көрсеткен қасиетті Əз Тəуке хан

Əз Тəуке — қазақтың ұлағатты ұлы ханы, аса көрнекті мемлекет қайраткері. Қасиетті Түркістанда хан сайланған Тəукенің негізгі мақсаты Қазақ мемлекетін халықаралық деңгейге дейін көтеру еді. Сондықтан да ол таққа отырып, əке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тəукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мəнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытатын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде еді. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді. Тəуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша ерекшеленеді. Бірі — елдің  іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел алдырмағаны. Екіншісі — елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тəртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торы шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып- өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты.

Тəуке хан билігінің ерекшелігі:

  • хандықтың бөлшектенуі тоқтатылып, бір орталыққа бағындырылды;
  • жоңғар шапқыншылығы бəсеңдеп, тыныштық орнады;
  • «Жеті жарғы» заңын жасады;
  • көрші елдермен достық қатынаста болуды көздеді: қырғыз, қарақалпақ, орыс мемлекеті. Негізгі мақсаты:
  • билердің көмегімен хан билігін нығайту;
  • бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құру;
  • билер кеңесін ішкі жəне сыртқы саясаттағы аса маңызды мəселелерді шешетін басқару жүйесіне айналдырды;
  • билер кеңесі: Битөбеде (Түркістан маңында), Мəртөбеде (Сайрам маңында), Күлтөбеде (Ангрен маңында) өткізілген;
  • даулы мəселені шешуді билер сотына жүктеді;
  • құрылтай Күлтөбеде өткізілді. Сұлтандар билігін шектеуге тырысты;
  • Тəуке хан ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды. Олардың даналығы ойрат жаулап алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруге, хандықты ауыр сыннан аман алып өтуге бағытталды;
  • үш жүздің басын біріктіруде билер кеңесі үлкен рөл атқарды;
  • «Билер кеңесі» жергілікті атқарушы өкіметке айналды.

Əз Тəукенің мəңгі ұмытылмас жұмыстарының бірі əйгілі «Жеті жарғы» деп аталатын (шамамен 1684–1685 ж. жасалған) құқық жүйесі болды. Тарих дерегі сол кезде Тəукенің қасында Ұлы жүз Əлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек, Кіші жүз Байбекұлы Əйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, Қарақалпақ Сасық би, Қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, əділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады [11; 221].

Осы кемеңгер билерді қатыстыра отырып жасаған «Жеті жарғы» («жарғы» сөзі  «əділдік» ұғымын білдірген) көшпелі қоғамның, қазақ халқының мінезі мен тұрмысына, əдет-салты мен ұлттық мүддесіне толық сай келді. Жарғы «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолындағы» заң негізінде толықтырылып жасалған болатын. Бұл заң жылына бір рет қазақ елі, ру, тайпа басшыларын Құрылтайға шақыратын шешім шығарды [12]:

 «Жеті жарғы» заңының мəні мен мазмұны

 «Жеті жарғы» заңының мəні мен мазмұны

  «Жеті жарғы» заңының мəні мен мазмұны

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев «Жетісу далаларында көшіп-қонып жүрген...» (Назарбаев Н. «Тарих толқынында» кітабынан. — Алматы: Атамұра, 1999, 211–215-б.) атты мақаласында [13] Тəуке ханның «Жеті жарғысы» туралы былай ой толғайды: «1459 жылы Жетісуға жай ғана жекелеген тайпалар тобы емес, Жəнібек пен Керей ұлысының халқын құрайтын рулар мен тайпалардың бірлестігі бөлініп көшіп келді. Олар жай бір саяси топ қана емес, құрама бірлестік типтес субэтникалық қауымдастық болатын. Сол жылы Жетісудың кең-байтақ даласында қалыптаса бастаған қазақ жұрты өз атауымен қауышты. Сол кезден бастап Жəнібек пен Керейді қолдаушылардың тарихы «қазақ» атауының тарихымен біте қайнасып кетті. Сөйтіп, Жəнібек пен Керейдің 1466 жылдары қазақ мемлекеттігін құруына жағдай жасалды.

Қазақ құқығының тарихында сол заманнан жеткен үш заң ескерткіші бар, олар аңыз бойынша Қасым мен Есім хандардың есімдеріне байланысты айтылатын «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» жəне Тəуке ханның «Жеті жарғысы». «Жеті жарғыға» XVII ғасырдағы қазақ қоғамының саяси жəне əлеуметтік өмір қажеттерінен туған қаулылар енді. Осынау құқықтық ескерткіштер қазақ халқының дербес мемлекеттік алып, бірлесуге құлшынған сан ғасырлық арманын айқын көрсетті».

Тəуке хан тұсында қазақ-ойрат қатынастары шиеленісті: Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, Созақ жоңғарлармен күресте стратегиялық тірек бекетіне айналды.

XVIIғ. аяғы мен XVIII ғ. басы — жоңғарлар Жетісудің бір бөлігін жаулап алып, Сарысу өзені алқабына дейін жетті.

1710 ж. — үш жүздің өкілдері жауға қарсы күресте бірлесу мақсатында Қарақұм  жиынын өткізді. Бірыңғай халық жасағы құрылып, жоңғарлар шығысқа ығыстырылды.

1715 ж. (кейбір деректерде 1718 ж.) — үш жүзді билеген Тəуке ханның қазасынан кейін жоңғар шапқыншылығы күшейе түсті.

Белгілі тарихшы-ғалым Хангелді Əбжанов «Қазақ мемлекеттігі тарихын дəуірлеу ұстанымдары» атты еңбегінде Қазақ хандығы туралы өз ойын былай түйіндейді: «XV ғасырдың екінші жартысында (1465–1466 жж.) Қазақ хандығы Еуразияның сайын даласында кем дегенде екі мыңжылдық тарихты артта қалдырған мемлекеттер мен заңдардың қасиетін, мəнді белгілерін, қағидаларын, салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын қабылдай, бойына сіңіре, жетілдіре жалғастырып, өзіне ғана тəн қадір-қасиетімен, даралануымен алғашқы қадамын жасады. Басқаша айтқанда, біздің ұлттық мемлекетіміз өткені бұлыңғыр, алды көк тұман, қу тақырда құрылған, сайда саны, құмда ізі жоқ азаматтарды бір шаңырақтың астына біріктіре салған саяси-құқықтық бірлестік емес. Сондықтан да Қазақ хандығы пайда болғанға дейінгі мыңжылдықтарды түркілену, исламдану, қазақтану дəуірі, бір сөзбен түйіндесек, жер-ананың қазақты, оның мемлекетін дүниеге əкелуге толғатқан ғасырлары десек қателеспейміз.

Жер-ананың, тарихтың алтын құрсағында мыңдаған жылдар тербетілген Қазақ хандығы Шу мен Қозыбасыдағы алақандай аумаққа туын тіккенде, сəбилік, балалық, жеткіншектік өсу сатыларын артта қалдырып үлгерген еді. Бабаларының тəжірибесі мен тағылымын бойына жия дүниеге келген ол бірден төл тарихының классикалық дəуірін бастап кетті. Классикалық дəуір үш ғасырға жуық созылып, 1718 ж. Тəуке ханның қайтпас сапарға аттануымен аяқталды» [14].

Өзінің ұлылығымен бүкіл халыққа үлгі көрсеткен қасиетті хан Əз Тəуке көз жұмар алдында «Қазақтың ұраны — бірлік болсын» деген өсиет қалдырыпты. Ұлы ханның мəңгі тыныстаған жері  —Түркістан.

Əз Тəукеден кейінгі қазақ хандары

Əз Тəуке қайтыс болғаннан кейін оның орнына інісі Қайып сұлтан хан болып көтеріледі. Бірақ ол қазақ жұрты алдында Əз Тəукедей беделді болмады.

1717 жылы Қайып хан мен Кіші жүздің ханы Əбілқайыр Қазақ Ордасының отыз мың қолын бастап Дүрбіт-Ойраттарға қарсы соғыс ашады. Өшіккен қатулы жауына қарсы жоспарсыз өр кеуделікпен жасаған бұл шабуылдың арты жеңіліспен, қалың қолды қынадай қырғынға ұшыратып өздерінің сопа бастарын ғана амандап, ауыр халмен аяқтайды.

Сынықты сылтау деп білген жоңғарлар келесі 1718 жылы Қайып ханға жазалау жорығын жасап, кең көлемді майдан ашады. Қазақ жасақтарын Арыс, Бөген, Шаян өзендерінің бойында əлденеше мəрте ойсырата жеңіп, бүкіл оңтүстік ойрандап кетеді. Көп ұзамай 1718 жылдың  соңында бағы тайған Қайып хан қайтыс болады [2; 113].

Билер, шонжарлар Қайып ханның орнына Əз Тəукенің ұлы, жігерсіз Болатты хан сайлайды. Кезінде орыс зерттеушісі А.И. Левшин: «Тəуке ханның баласы, Əбілмəмбеттің əкесі Болат туралы еш мəлімет таба алмадым, соған қарағанда, ол атағын шығаратындай ештеңе жасамаған сияқты» деген болса, А.И. Левшин еңбегімен таныс М. Тынышбаев Болат ханды «жігерсіз, жылдам шешім қабылдай алмайтын    адам»    ретінде    сипаттайды.    Зерттеушілер    пікірлері    XVIII    ғасырдағы  «Елім-ай» дастанындағы: «Сəмеке, Қайып, Болат дəрменсіз боп, кездейсоқ ел жағдайы оңа алмады» деген жолдармен де толықтырыла түседі [15].

Болат ханның тұсында жоңғарлардың бағына, қазақтардың сорына қазақ жүздерін билеген Кіші хандар өз алдына дербестеніп, Ұлыстың орталық хандығының билігі əлсіреп, саяси жақтан бөлшектенді.

Орта жүзді Самеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан, Кіші жүзді Əбілхайыр хан биледі. Бұл хандарға қараған сұлтандар да дербестікке бой ұрды. Сөйтіп, бөлшектенген бытыранды хандар мен сұлтандар жауға қарсы күш біріктіре алмады. Қазақ хандығының өзара қырқысқан «алты бақан алауыздығын» пайдаланған жоңғарлар 1723 жылғы көктемнің басында əйгілі ақ мешін жұтынан тұралап шыққан қазақ еліне 70 мыңнан аса əскерді жеті жерден бір мезгілде төгіп жіберді. Таудан құлаған селдің тасқынындай жолындағыны жайпап өткен бұл сүргін шабуылдың нəтижесінде қазақ елі Түркістан, Ташкент бастаған 20 шақты қаласынан, бүкіл оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірінен айрылды.

Жоңғарлар Ұлы жүзді қырып-жойып, Орта жүз, Кіші жүз жерлеріне жетті. Халық басы ауған жаққа кетті. Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтары Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы Хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алқакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. «Елім-ай» деген қасіретті əн осы кезден қалған. Халық бірігудің қажеттігін түсінді.

Тарихи деректер бойынша, бұл кезде қазақ даласына аты əйгілі Шақшақ Жəнібек, Қанжығалы Бөгенбай, Бəсентиін Малайсары, Тайлақ батыр, Өтеген батыр жер-жерде қол жиып, жасақ құрып, ұрымтал кезде қалмақтарға тұтқиылдан шабуыл жасап жүрген. 1726 жылы қазақ елінің сұлтандары, əйгілі батырлары, билері жиналып, қалмақтарға тойтарыс беру жөнінде бүкіл Қазақ жасағы құрылады. Бұл жасақтың бас қолбасшысы болып Əбілқайыр сұлтан сайланады.

Ел намысы жүректерін кернеп, қан майданға шыбын жанын шүберекке түйіп түскен қазақ аламандары Бұланты өзенінің бойында жəне Балқаш көлінің күнгей жағында (көлден 120 шақырымдай Аңырақай деген жерде) қалмақтың қалың қолын жеңіп шығады.

Бірақ бастары бірігіп ұлы жеңіске жеткенімен, енді бұдан былайғы билікке, жоңғарға қарсы күресті ұйымдастыру тізгініне келгенде хан, сұлтандар — Əбілқайыр, Сəмеке, Əбілмəмбет, Жолбарыс, Көкжал, Барақ өзара таласып, бір-бірімен мəмлеге келе алмай айрылысады. Бұдан кейін қазақ елі жеке-жеке хандардың, сұлтандардың иелігіндегі əлденеше ұлыстарға бөлініп, Қазақ Ордасындағы хан тағы иесіз қалды.

Тарихта өшпес із қалдырған Абылай хан

Абылай хан — XVIII ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Ресей үшін Бірінші Петр қандай болса, Қазақстан үшін ол да сондай тұлға. Абылайдың дара тұлғасы, қолбасшылық таланты мен саяси көрегендігі қазақ халқының жоңғар шапқыншылығы мен Ресей, Қытай империяларының көз алартуына қарсы күресіне байланысты. Қалыптасқан күрделі тарихи кезеңде көзге түсті. Абылай қазақ халқының тағдыры талай қыл үстінде, қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін ұйымдастырып, 1723 ж. қырғыннан абдыраған Үш жүздің басын қосып, анталаған жауға тойтарыс берді. Сол арқылы қазақтың келешегіне жол салды.

Абылайдың аты көзі тірісінде аңызға айналып, қазақ үшін қасиетті Алаш сияқты жауынгерлік ұранға айналды. Абылай есімін атағанда барша қазақ атаулының жадына «бостандық», «егеменді ел», «қазақ халқы», «туған жер», «Отан», «ел бірлігі» сияқты қасиетті ұғымдар оралады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Абылай аңсаған азаттық» атты өз толғамында («Егемен Қазақстан», 2 қазан 2013 ж., 1-б.): «Абылай Керей мен Жəнібек хандар тіккен Қазақ ордасын еңселі ел ету ісіне саналы ғұмырын арнады. Қазақ хандығы деген ұланғайыр жерімізді жаудан азат етіп, еліміздің етек-жеңін бүтіндеді. Оның қазақ халқының тұғыры берік, жұлдызы жарық ел болуын аңсап, осы қасиетті мақсатқа жету жолында найзаның ұшын ғана емес, дипломатияның күшін де жұмсаған заманының аса көрнекті ханы болғанына тарих куə.

Алмағайып сұрапыл заманда есеңгіреген елге ес кіргізіп, бір тудың астына біріктіре білген Абылай ерлігі мен ақыл-парасатын қатар жұмсаған сарабдал саясаткерлігінің арқасында қазақ халқын жойылып кетуден сақтап қалды. Осылайша, туған халқының кемел болашағын аңсаған ол өз дəуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел алдындағы перзенттік парызын атқарып кетті», — деуі тегін емес.

Абылай (шын аты Əбілмансұр) көпке дейін шыққан тегін, өзінің хан тұқымынан екенін жасырып келген. Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүріп, Сабалақ деген ат алады. Алайда көреген дана би Сабалақтың жай тұқымынан емес екенін түсінген. Ақылымен, батырлығы, табандылығымен көзге түседі. Сабалақ Бөгенбаймен танысады. Бөгенбай Сабалақты көргенде адамның да, малдың да асылы екенсің деп айтады:

Шырағым-ай, көзің отты бала екенсің!

Мінезің қазақтағы хан екенсің,

Жазға салым қалмаққа аттанамыз,

Соған да керек болар жан екенсің, —

деп батасын беріп, астындағы Нарқызыл атты тұлпарын сыйға тартқан екен [16].

1728–1732 жж. Сабалақ (Əбілмансұр) Бөгенбай батырдың қасына еріп, атқосшысы бола жүріп əр түрлі шайқастарға қатысып, тəжірибе жинап машықтанады. 1733 жылы Сарыарқаға басып кірген қалмақпен Орта жүз қолы Өлеңтіде шайқасады. Қалмақ жақтан Қалдан Серен туысы (бір  деректерде — баласы) Шарыш батыр бірнеше қазақ батырларын өлтіріп елеңдеп тұрады. Ызаға булыққан Бөгенбай батыр елу жастан асқан шағына қарамастан, жауға қарсы шықпақшы болады. Сол уақытта топ арасынан Сабалақ шығып, қалмақ батырымен айқасуға Бөгенбайдан рұқсат сұрады. Атасының рухын көмекке шақырып «Абылайлап» Шарышқа қарсы ұмтылған Сабалақ қас жауын өлтіреді. Осы оқиғадан кейін Əбілмансұрға «Абылай» деген ат қояды.

1734 ж. Түркістанның билеушісі Сəмеке қайтыс болады, орнына Əбілмəмбет барады, ал Абылайды халық Орта жүздің ханы етіп сайлайды. Осылайша Бөгенбай батырдың батасын алған Сабалақтың бағы жанып алғашында Орта жүзді, кейіннен бүкіл Үш жүзді билеген, тарихта өшпес із қалдырған Абылайдың саяси өмірі басталады.

1741 ж. Абылай аң аулап жүрген кезінде жоңғарлардың тұтқынына түседі. 1742 ж. ол жоңғарлардың тұтқынынан босайды. 1743 ж. Абылай жоңғарларға қарсы күресті қайта бастап, Ресей жəне Цинь империясымен байланыс жасайды.

1753–1754 жж. қазақ жеріне қауіп Қытай елінен төнген еді. Қалмақтарды қырып, жоңғар жерін қанға бояған Цин əскерлері ендігі жерде көрші халықтарға өзін мойындатуды көздеді. Қазақ жеріне Қытай əскерлерінің баса көктеп кіруіне себеп болған Жоңғар мемлекетінің тағына үміткер Əмірсананы қолға түсіру еді. Жоңғар халқының ұлт-азаттық соғысын басқарған Əмірсана жеңіліс тапқаннан кейін Абылайдан қамқорлықты өтініп қазақ жерін паналап келген болатын. Абылай хан қазақтың ата жауы – қалмақтардың басшысы Əмірсананы қолдап қазақ жеріне жасырады. 1756 жылы мамыр айында Қытай богдыханы Цяньлунь Абылай ханға хабар жібереді.

«Цзянцзюн бастаған он мың қолды екі бағытпен сенің жеріңе жіберіп отырмын. Егер сен Əмірсананы жасырып отырған болсаң, ұстап бермесең, өз обалың өзіңе күліңді көкке ұшырамын» (Цинская империя. Ч. 1. — Алматы, 1989. — С. 86). Елдің игі жақсылары қазақтар үшін Қытаймен соғысу, ежелгі жау жоңғармен болған қақтығыстардан əлдеқайда ауыр болатынын жақсы түсінді. Дегенмен, қытай богдыханы қазақтың күшін бағаламады. Алғашында Абылай бастаған қол Бетпақ далаға дейін шегініп, Дардана мен Хадаха деген екі генералының əскерлерін сусыз далаға апарып, артынан Бөгенбай бастаған нөкерлермен қоршап алады. Сусыз айдалада азық-түліксіз  əлсіреген қытай əскерлері соғыссыз беріледі. Бірақ, Абылай хан үш бимен ақылдаса келе, бірде бір қытай əскеріне тиіспей, шекараға дейін шығарып салады. Осылай сəтсіз аяқталған қытайдың екі генералының жорығы үшін барлық атақ пен шенінен айырылады. Қытай əскер басшысы қазақтарды оңайлықпен тізе бүктіре алмайтынын байқады. Жаңадан сайланған қытай қолбасшылары Дардана мен Хадаханың тағдырын қайталамау үшін Абылаймен келіссөздер жүргізіп, тез арада бейбітшілік орнатуға мүдделі болды.

Қазақ билеушілері де Қытаймен соғыс, елді əлсіретіп басқа да жан-жақтан анталаған жауға оңай олжаға айналдыра алатынын жақсы түсінді. Бір жағынан, Ресейдің қазақтарды  бодандыққа айналдыру мақсаты бар, жерсіз жүрген орыстілділерді жедел түрде, топырлатып қазақ жеріне қоныстандыруы, екінші жағынан — Қоқан хандығынан ауыр езгіге түскен Ұлы жүзді азат ету қажет еді. Осындай жағдайда елді сақтап, тəуелсіз мемлекет болып қала беру үшін жалғыз амал дипломатия екенін Абылай өте жақсы түсінді [17].

Жоңғар шапқыншылығы тұсында жастайынан жауға аттанып, батырлығымен ел ықыласына бөленген Абылай сол ежелгі дұшпанның ордасының күйреуі тұсында да (1745–1757 жж.), кейіннен 1771 жылы Еділ қалмақтарының (торғауыттардың) шығысқа қарай үдере қашқан үлкен көші оқиғасында да қазақ жасақтарын жорыққа бастаған жаужүрек қолбасшы ретінде көрінеді. Торғауыт қалмақтарына жасаған жорықтардан кейін Абылай Үш жүздің ханы аталады. Оның осы бір айтулы оқиғалар тұсындағы істері тарихи жазба деректерде кең сақталған жəне халық аңыздарының мазмұнына да арқау болған [18].

Х. Əбжанов пен Қ. Əбуевтің «Абылай: көне шындыққа жаңа көзқарас» деген мақаласында мынадай қызық дерек келтірілген: «1771 жылы Əбілмəмбет хан дүние салуына байланысты дəстүр бойынша оның балаларының бірі хан сайлануы тиісті еді. Алайда Үш жүздің өкілдері жиналып, бүкіл қазақтың ханы етіп Абылайды сайлады.

Ал патша үкіметі болса, онымен келіспейтінін білдірді. Өйткені қазақты жаулап алудың отарлық саясатын ғана көздеген ол хандық билігінің нығаюына, Үш жүздің басының бірігуіне қайткенде жол бермеуге күш салған-ды. Патша үкіметінің көздегені — Қазақ елін бірімен-бірі бақас бірнеше хандыққа бөлу жəне келешекте хандықты, яғни тəуелсіздікті мүлдем жою еді. Сондықтан  болар, Ресей патшайымы II Екатерина Абылайдың оған арнайы жазған хатында  келтірілген деректерге құлақ аспады. Онда Абылай өзінің Əбілқайыр мен Əбілмəмбет хандардың заңды мұрагері екенін айта келіп, былай деген: «1771 жылы Түркістан қаласындағы мұсылмандар əулие тұтатын Қожа Ахмет мазарының басында біздің дəстүр бойынша намаз оқып, Үш жүздің хандары мен сұлтандары жəне Ташкент пен Түркістан провинциясының басқа да қалаларының өкілдерінің қатысуымен мені бүкіл Үш жүздің ханы етіп сайлады». Осыған қарамастан, II Екатерина қол қойған Грамотада Абылайды тек Орта жүздің ханы етіп тағайындағаны көрсетілген. Сонымен қатар патша өкілдері Абылайдың сөз етілген Грамотаны алуға жəне өзінің бодандығын қайта мойындау шартына қолын  қоюға Петербургке немесе Орынборға келуін талап еткен. Абылай болса, көнбеді. «Мені Үш жүздің ханы етіп халқым сайлады, ендеше бұған қоса айрықша бір куəлік алудың қажеті жоқ», — деп жауап қайырған [19].

Абылай хан 1781 жылы қайтыс болады. Оның денесі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи мазарына жерленеді.

Абылай қасына Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Тəттіқара ақын сияқты ұлы руханият өкілдерін топтастыра білді. Абылайдың ұрпақтары арасында қазақтың соңғы ханы Кенесары, сұлтан Шыңғыс, ғалым Шоқан Уəлиханов сияқты Алаштың біртуар тұлғалары бар.

Түйіндей келгенде, Абылай хан көзі тірісінде бытыраңқы жүздердің басын біріктіре алды. Қазақ хандары билігі тарихында Абылай «ұлы» хан ғана емес, сонымен қатар Қазақстан территориясының қауіпсіздігін, дипломатиялық қатынастарды нығайта отырып, өз беделі мен көрегендік саясатының арқасында сақтай алған дарынды тұлға болды. Абылайдың билігі тұсында халықтың барлық əлеуметтік топтарының жағдайы қарастырылып, олардың мүдделері ескерілген болатын. Абылай — қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалушы, біріктіруші, дарынды қолбасшы мен білікті мəмлегер (дипломат) жəне аты аңызға айналған ірі тұлға ретінде халық есінде қалды.

Қазақ елінің ұлы ханы Абылай өлген соң Қазақ хандығының бөлшектенуі

Қазақ елінің соңғы ұлы ханы Абылай өлген соң, бөлшектене бастаған ұсақ хандықтарға Ресейдің қысымы ұлғайып, олардың ішкі аймақтарына бекіністер салына бастады. Онымен қатар Қоқан хандығы тарапынан да оңтүстік Қазақстанға шабуылдар жиіледі. Ресейдің əлімжеттігіне жауап ретінде қазақтардың бірде толастап, бірде өршіп, ұзақ жылдарға созылған, бірақ бір орталыққа бағынбаған, бір-бірімен байланыссыз ұлт-азаттық қозғалысы 1783–1858 жж. орын алды [Сырым Датов (1783–1797), Қаратай сұлтан (1797–1814), Арынғазы сұлтан (1816–1821), Саржан сұлтан (1824– 1836), Исатай – Махамбет (1836–1837), Кенесары хан (1837–1847), Есет (1853–1858), Жанқожа (1856– 1857) т.б.].

1798 ж. Қазақ хандығына тəуелді Ташкент бегі Жүніс қожа көтеріліс ашып, Қазақ хандығынан бөлінді. Ол кейін Қоқан ханына бағынды. Осы хандық 1801–1822 жж. қазақ елінің оңтүстігін Ұзын- Ағашқа дейін жаулап алып, Қазақ хандығының астанасы Түркістанды өзіне бағындырды. Ұлы жүз Қоқан хандығының құрамына кірді. Кіші жүздің Еділ мен Жайық аралығы Ішкі орданы, кейін Бөкей хандығы аталған бөлігін Ресей бөліп алып, оны Астрахан генерал-губернаторына бағындырды. Бүл классикалық протекторатта Жантөре Айшуақұлы (1802–1809), Бөкей (1811–1819), Жəңгір (1824–1845) хандар тақта отырды. Ішкі орда хандық ретінде 1811–1845 жж., ал əкімшілік тұрғысында 1876 ж. дейін өмір сүрді.

Абылай ханнан кейінгі хандарды Ресейге бағынышты яки бағымсыз тұрғысынан екі түрге жіктеуге болады [20]. Біріншісі — Ресейге бағынышты жəне олардың хан лауазымын Ресей   бекіткен

«ресми хандар»: Орта жүзде Уəли 1781–1823 (кей деректерде 1819 ж. қайтыс болған) жж., Ғұбайдолла 1823–1825 жж.; Кіші жүзде Жантөре, Бөкей, Жəңгір; Ұлы жүзде Ханқожа 1783–1799 жж., т.б. Бұлардың ішінде Ғұбайдолла Ресейге қатысты тəуелсіз саясат жүзгізуге ұмтылғаны үшін Сібірге жер аударылды. Екіншісі — Ресейге бағынбаған, олардың хандығын Ресей мойындамаған «ресми емес хандар»: Кіші жүзде Қаратай — 1797–1814, Арынғазы — 1816–1821; Орта жүзде Қасым — 1825–1840 (кейбір деректерде 1828 жылдан бастап), Кенесары — 1841–1847 жж. жəне Ресейге де бағынбай, хандарды да мойындамаған Қазақ елінің шығысындағы сұлтандар жəне тайпа  басшылары.

«Ресми емес» хандығына Көкшетау, Ақмола өңірлері (оның өзі де толық емес) қарады. 1835–1840   жж. «ресми» хандар қарадан шыққан аға сұлтандармен алмастырылды.  Қазақ елінің басқа    аймақтарына «ресми емес» хандар жəне Ресейге де, хандарға да тəуелсіз тайпа басшылары, не сұлтандар билік жүргізіп келді.

«Ресми емес» хандарды Хиуа, Қоқан хандықтары, Бұхара əмірі мойындап, олармен дипломатиялық қатынаста болды. Қытай өкіметі «ресми емес» хандарды жəне «ресми» хандар Уəлиді, Ғұбайдолланы, Ханқожаны да хан деп мойындап, олармен дипломатиялық қатынаста болған. Тіпті, Қытайда жалпы Қазақ хандығының елшілігі Ресей мен Қытайдың 1883 жылы Шəуешек келісіміне дейін сақталғандығы туралы деректер баршылық.

Кенесары Қасымұлы — Қазақ хандығының соңғы ханы

Кенесары Қасымұлы — мемлекет қайраткері, əскери қолбасшы, қазақ халқының 1837–1847 жж. ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Қазақ хандығының соңғы ханы.

Ол 1802 ж. Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Ата-тегі жағынан Кенесары — Шыңғыс ханның 27-ші ұрпағы, əйгілі Абылай ханның немересі (сызбаны қара) [21].

Кенесарының арғы аталары Шыңғыс ханның Жошы деген үлкен баласынан  тарайды. Абылайдың əйелі қалмақтың Хочу мерген ноянның қызы Топыштан Қасым сұлтан туады. Кенесары осы Қасым сұлтанның баласы. Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған. Қасым сұлтан мен бəйбішесі Айкүмістің алты баласы болған. Ал Кенесарының інісі Наурызбай Қасым сұлтанның екінші əйелінен өмірге келген. Кенесары Қасымұлы өзге бауырлары секілді көшпелі əскери ақсүйектер қауымының дəстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып тəрбиеленді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеттігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш-жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте мойындатқан.

1827 ж. бастап Абылайдың ұрпақтары қазақ хандығын патшалық Ресей езгісінен босату жолындағы күресте белсенділік танытты. Кененің əкесі Қасым мен үлкен ағасы Саржан бастаған жасақтар орыс ауылдары мен керуендеріне шабуыл жасап тұрды, қазақ ауылдарын отарлық бұғаудан босатты. Міне, солардың жолын жалғастырушы Кенесары Қасымов та мемлекет тəуелсіздігінің өте маңызды іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбектер атқарды. Мемлекет мүддесін қорғау жолында жауды жеңіп, тəуелсіздікке қол жеткізу үшін халықты біліктілікпен басқару көп септігін тигізетінін ол жете түсінді.

Кенесары Қасымов өз айналасына ең адал кеңесшілер мен батырларды, халық арасынан отарлық езгіге қарсы күрестегі ең беделді, белсенді азаматтарды топтастыра білді.

Қиын-қыстау шақтағы ортақ мүдде — ұлттың азаттығы үшін осындай əрекетке баруының өзі ұлылық емес пе?! Патшаның «бөліп ал да, билей бер» деген саясаты қазақ даласына кеңінен таралуы елдің қатты наразылығын туғызуы, оның жақтастарын көбейтуі заңды еді. Сонымен бірге Кенесарыға қарсы шыққан рулар да болды.

  Кенесары қолы алғашқы əрекетін 1838 жылдың көктемінде Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Қамал бастығы əскери старшина Карбышев пен Ақмола аумағының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин төнген ажалдан құтылып кетті. Кенесары енді Торғайға бет бұрды. Кенесары Қасымов патша өкілдеріне жазған хаттарында бұл əрекетін Ресей шекараларына жақындауға  ұмтылу,  сол  арқылы  келіссөз  процестерін  жеңілдету  деп  түсіндірді.  Шын    мəнінде батырдың негізгі мақсаты — 1836–1838 жж. Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болып өткен Кіші жүзді жалпы халықтық көтеріліске қосу болды.

1841 жылы Кенесары хан тағына отырғаннан кейін, көтеріліске қатысушылар əскери қимылын үдете түсті, олар қоқандықтардың елеулі күштері бекінген Жүлек, Ақмешіт, Жаңақорған, Созақ қамалдарын қоршауға алды.

Кенесары өзінің басты мақсаты — азаттыққа қол жеткізу үшін ортақ жауға қарсы Үш жүздің күш біріктіре күрес жүргізуі керек екенін түсінді. Алайда ұлт-азаттық күрестің 1844–1845 жж. қарқыны үдей түскен кезеңде де қазақтардың басы толық бірікпеді. Көтерілістің бас кезінде-ақ қазақтар қарама-қарсы екі топқа бөлінді: бірі Кенесары жағында болса, екіншісі патшаның жүргізген саясатын қолдады.

Кенесары Қасымов хан, саясаткер, дипломат ретінде қазақтың үш жүзі руларының едəуір бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Оның əскерінің жалпы саны кейде 20000 адамға дейін жетті. Халықтың бас көтеруіне Орта жүздің көптеген сұлтандары мен билері қосылды.

Кенесары бастаған халық көтерілісінің ауқымы кең болды, ол XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басындағы азаттық жолындағы өзге қозғалыстардан қазақ рулары көп қоныстанған негізгі аудандарды қамтуымен ерекшеленеді.

Кенесары мемлекет құрылымына көп көңіл бөлді, елді басқаруда жаңа құрылымдар мен ережелер енгізді, сонымен бірге істен шығарылған құрылымдарды қайта қалпына келтірді. Əскер қатарында қатаң тəртіп орнатты. Əскерді ұзақ дала соғыстарына бейімдеу үшін мыңдықтар мен жүздіктерге бөліп, басқару құрылымын құрды. Ол қажет ақпараттарды жеткізіп тұратын тыңшыларына да сүйенді, саяси күрес пен дипломатияның тиімді əдістерін қолданды. Мемлекеттің ішкі саясатын хан өзі қатаң бақылауға алды, ру аралық қақтығыстардың жолын кесті.

Үш жүздің қазақтарының біріккен ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қатты алаңдатты. 1843   жылы 27 шілдеде Николай I «империя құрамындағы қазақ хандығына қарсы ең көлемді əскери қозғалыстарға рұқсат беретін басқа мемлекет болмауы тиіс» деген қарарға қол қойды.

Бір кезеңде патша əскерлерімен жəне ымыраға келмес сұлтандармен күрес жүргізген Кенесары 1843–1844 жж. біраз жеңістерге қол жеткізсе де, шегінуге мəжбүр болды. Шегіне келе Кенесары қырғыз жеріне шекаралас Ұлы жүздің аумағына орналасты. Ханның келесі бағыты қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда ол манаптар тарапынан күшті тойтарысқа тап болды.

1847 жылы Кенесары хан Тоқмақ маңындағы екі жақтың күші тең емес шайқаста қаза болды [22].

Ұлы Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісінде қандай қолбасшы, тарихта қандай ұлы тұлға болғандығы туралы орыс тарихшысы Н.Н. Середа өз зерттеулерінде жан-жақты ашып жазған. Ал ағылшындық Томас Аткинсон Кенесары Қасымұлы туралы былай деп жазды: «Кенесары қазақтардан ғажайып жауынгерлер даярлады. Найза мен айбалтаны тамаша игерген, шапшаңдығына көз ілеспейтін жігіттері өзінен күші басым жаудан қаймықпай соғысып, жеңіп шыға беретінін естігенім бар. Егер білікті офицерлері болса, қазақтар əлемдегі ең əйгілі атты əскер құрар еді. Оларға тарихта даңқы асқан Шыңғыс хан жиһангерлерінің керемет қасиеттерінің бəрі тəн». Ресейдің əскери тарихшысы В. Потто кезінде Кенесарыны қазақтардың Шамилі деп те атаған. Кенесары Қасымұлының өмірі мен азаттық жолындағы күресі көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болды. Нысанбай ақынның «Кенесары Наурызбай дастаны» 1875 ж. сұлтан Жантөриннің тəржімесімен «Орыс географиялық қоғамы Орынбор  бөлімшесінің  жазбаларында»  орыс   тілінде   жарияланды.   XX   ғасырдың  30-жылдары М. Əуезов «Хан Кене» пьесасын, 60-жылдары І. Есенберлин «Қаһар» романын жазды. 1888 ж. Ташкентте «Кенесары мен Садық» деген атпен шыққан Кенесарының баласы сұлтан Ахмет Кенесариннің естеліктер жинағы да құнды еңбек болды. Кеңес үкіметі тұсында Кенесарының күрес жолына іргелі ғылыми-зерттеу арнаған тарихшы-ғалым Е. Бекмаханов саяси  қуғын-сүргінге ұшырады [11; 202].

Кенесары Қасымовтың сіңірген тарихи еңбегі — ол қазақ халқының салт-дəстүрін сақтай отырып, оны бостандық пен тəуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары ханның саясаты жəне идеологиясы ұлттың даму жолындағы өзекті мəселелерді шешуге бағытталды. Сондықтан да Кенесары Қасымұлы тұлғасына жаңаша қарап, оның шынайы бағасын беру ісі Қазақстан тəуелсіз мемлекетке жеткеннен кейін ғана қолға алынды. 2002 жылы Кенесары ханның туғанына 200 толуына орай халықаралық ғылыми конференция өтті. Астана қаласында Кенесары ханға ескерткіш қойылған жəне атымен аталатын көше бар.

Қорыта келе айтарымыз, қазақ елінің соңғы ханы Кенесары опат болғаннан кейін ғана, Қазақ хандығы 1847 ж. жойылды деп есептеу керек. Қазақстанды Ресей 1865 ж. толық жаулап алды. 1868 жылдан отарлау басталып, ол 1991 жылға дейін созылды.

Қазақстан Жоғарғы Кеңесі 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанды тəуелсіз Республика деп жариялады. 200 жылдай патшалы Ресейдің отары, 70 жылдан астам Кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан егеменді ел болды. Бұл күн — Қазақстан тарихына алтын əріптермен жазылды.

 

 Əдебиеттер тізімі

 

  1. Тайшығашова С. Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы (XV–XVIII ғасырлар) // Қазақ тарихы. — 2009. — № 2. — 57–59-б.
  2. Нəукенұлы Б. Тарихтағы қазақ хандары // Қазақ тарихы. — 2005. — № 1. — 106–115-б.
  3. Ғизатов Ж. Қасым хан // Қазақ тарихы. — 2005. — № 4. — 23–27-б.
  4. Ахметова С. Қазақ хандығының нығаюы // Қазақ тарихы. — 2005. — № 5. — 91–92-б.
  5. Тұрысов Е. Ақназар ханның ақ жолы // Егемен Қазақстан. — 2013. — 6 наур.
  6. Жаппасов Ж., Тасилова Н. Шығай жəне Тəуекел хандардың тұсындағы Қазақ хандығының саяси тарихындағы өзгерістер // Ақиқат. — 2013. — № 6. — 100–104-б.
  7. Салғараұлы Қ. Шығай хан // Түркістан. — 1996. — 5 маусым.
  8. 8    Тұрғынбекқызы А. Қазақ хандығы // Қазақ. — 2010. — № 34–35 (495–496). — 20–27 тамыз. — 9-б.
  9. Тойшанұлы А. Еңсегей бойлы ер Есім // Жұлдыз. — 2012. — № 11. — 259–262-б.
  10. Даутбаев М. Қазақ шежіресі. — Шымкент: ЖК «Байтасов Б.С.» баспасы, 2012. — 96 б.
  11. Қазақ халқының тарихи тұлғалары: Қысқаша анықтамалық. — Бірінші кітап. — Алматы: Өнер, — 304 б.
  12. Сағынғалиева Б. Тəуке хан тұсындағы Қазақ хандығы // Қазақ тарихы. — 2010. — № 5 (104). — 58–60-б.
  13. Назарбаев Н. Жетісу далаларында көшіп-қонып жүрген... // Қазақ тарихы. — 2006. — № 2. — 5–6-б.
  14. Əбжанов Х. Қазақ мемлекеттігі тарихын дəуірлеу ұстанымдары // Ел. — № 46 (71). — 2006. — 16 қараша. — 3-б.
  15. Мұқтар Ə. Əбілмəмбет хан туралы жаңа пайым // Егемен Қазақстан. — 2012. — 15 қараша.
  16. Айдарқұлова А. Абылай хандығы // Қазақ тарихы. — 2010. — № 4 (103). — 56–57-б.
  17. Шəмші Ж. Абылай хан туралы тарихи деректер // Қазақ. — № 42 (662). — 2013. — 18 қазан. — 6-б.
  18. Қасқабасов С., Əбсадықов А. Аңызға айналған ардағымыз // Егемен Қазақстан. — 2013. — 28 мамыр.
  19. Əбжанов Х., Əбуев Қ. Абылай: көне шындыққа жаңа көзқарас // Егемен Қазақстан. — 2013 ж. — 20 ақп.
  20. Жолбағаев Е. Керейден Кенесарыға дейін, немесе Қазақ хандығының құрылуы, отарлануы жəне жойылуы хақында //Парасат. — 2007. — № 7. — 27–29-б.
  21. Қуандық Е.С. XIV жəне XX-шы ғасырлар аралығындағы қазақ елінің тарихы бойынша лекциялар: Оқу құралы. —Алматы: Дəуір, 2013. — 592 б.
  22. Тарихи тұлғалар: Танымдық-көпшілік бас. // Құраст.: Б.Тоғысбаев, А.Сужикова. — Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2006. — 376 б.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.