Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ХХ ғ. 70–80 жылдарындағы қазақ ауылы: күнделіктілік тарихы

Ауыл тарихы — қазақтар этнографиясында тұтастай зерттелмеген тақырып. Ауыл тарихын күнделіктілік тарихының əдіс-тəсілдеріне сүйеніп зерттеу тиімді, əрі өзекті. Ең бастысы, ауыл тұрғындарының күнделікті өмірі, тыныс-тіршілігі бірінші орынға шығу керек. Яғни  кеңестік ауылдың əлеуметтік, экономикалық, саяси орны, ауыл тұрғындарының заман оқиғаларына деген көзқарасы, ара қатынасы, айналысқан жұмыс түрлері, күнделікті тұрмысы, нəтижесінде ұлттық құндылықтардың шеткі аймақтарда сақталуы немесе əрі қарай дамуы, өзгеруі зерттелу қажет.

Зерттеу алдынан деректер қорын анықтап алу маңызды. Тақырып бойынша дəстүрлі деректерден: эго-құжаттар: биографиялар, мемуарлар, күнделіктер, хаттар, интервью алу арқылы ақпарат берушілер мəліметтері, мерзімдік басылымдардағы əр түрлі мазмұндағы мəліметтер, санақ деректері, халық фольклоры: халық афоризмдері, мақал-мəтелдер, əр түрлі мекеме, ұйымдардың мұрағат қорларындағы құжаттар, кеңестік өнер: суреттердегі көріністер, портреттер, фотосуреттер: журналдардағы фотосуреттер маңызды; сондай-ақ күнделікті тұрмыстық заттай деректер: тұрмыс жəне еңбек заттары, «жұмыс орны археологиясы», «ауыл археологиясы» жəне т.б. зерттеу объектісі саналады. Аталған деректер күнделіктілікке нарраттивтік əдебиетте жоқ ақпараттарды береді. Жергілікті тарих деректерін ескеру тəжірибесі жазба деректер мен тарихи деректерді, яғни этнографиялық, заттай деректерді, тең дəрежеде зерттеу қажеттілігін көрсетіп отыр. Қажет деректер кешенін анықтап, іздеп тауып алу күрделі міндеттердің бірі. Сондай-ақ жоғарыда аталған деректер ақпараттық мазмұны жағынан тым жұпыны. Мұндай жағдайда деректерді зерттеудің қосалқы əдістерін анықтау қажет, əдіснамалық тəсілдерді шамасынша қолдану зерттеу жұмысы жандандыра түседі.

Деректанулық тұрғыдан ақпараттар сапалы талдау жұмысынан өтіп, қосалқы деректердегі мəліметтермен салыстырылады. Сондай-ақ зерттеу объектісі бойынша бұрын жазылған арнайы жұмыстар   бірінші   қатарда   ескерілу   керек,   мысалы,   Ғ.Тоғжановтың   «О   казахском   ауле» [1], «Казахский   национальный   аул»,   А.Тұрсынбаевтың   «Казахский   аул   в   терх   революциях»  [2], А.Қанапинның «Культура и быт казахского аула» [3] еңбектері аталмыш мəселе бойынша маңызды.

Негізі бөлім

Ауыл əдебиетте: «... шығыс халықтарында, əсіресе ерте көшпелі, жартылай көшпелі өмір сүрген қазақ, қырғыз, түркімен, башқұрт, татар, қарақалпақ, алтай, кавказ (дағыстан), монғол, тағы басқа. елдерінде қоғамның белгілі бір əлеуметтік құрамы» [4; 581], ауыл дəстүрлі қоғамдағы елді мекен ретінде қазақ елінің ең төменгі əлеуметтік қауымы», — деп белгіленген. Ауылдың елді біріктіруші ретіндегі маңызы: «Ауыл түбі — бірлік, қауым түбі — тірлік», «аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деген мақал-мəтелдерге негіз болған. Дегенмен, ауыл атауының шығу тегі мен мағынасындағы мəні, əрі қызметі жеке дара, егжей-тегжейлі зерттеліп, түсіндірілуі маңызды. Дəстүрлі қазақ қоғамынан бастау алатын ауыл Кеңес үкіметінің 70–80-жж., тұрақты даму шағында, заман  талабы  бойынша  колхоз,  совхоз,  бөлімше  (отделение)  деп  аталған;  сондай-ақ   этникалық, этнографиялық, экономикалық жəне рухани жақтары біршама өзгерген. Ал түсіндірмелік энциклопедияларда кеңестік ауыл бірнеше түрге бөлінеді (төменірек көрсетілген), халық ауызында шалғай орналасқан елді мекендер «ауыл» аталып келеді.

Этникалық жағынан ауыл əрбір ру, тайпа ішінде аталастық, туыстық жақындығына қарай құралған. Ауылдың эволюциялық дамуымен бірге əлеуметтік кейпі өзгеріп отырған. Алғаш ет жақын аталастар ауыл бірлестігінің негізгі арқауы болғанымен, бері келе осындай аталас ауыл ішінде жекжат, жамағайын немесе əлсіз, тұрмысы нашар кедейлер де келіп кіріп қоңсы болған. Мұның соңғылары тіршілік қамы үшін бірін-бірі сауғалап, сүйеніш етіп отырды. Əдетте көшпелі ауыл бірнеше жеке-жеке үйлерден құралды, көлемі жағынан олар бес-алтыдан он-он бес шаңыраққа дейін жетіп жəне мал басына, жер көлеміне, суат мөлшеріне қарай ауылдағы үй саны бірде аз, бірде көбірек болып, көктем, жаз, күз айларында көшіп-қонып жүрген.

Этнографиялық жағынан ауыл үйлері алқа-қотан тігіледі, мал қоралау, өргізу үшін ауылдың бір жақ шеті ашық қалдырылады. Ауыл маңында міндетті түрде бұлақ немесе құдық, басында қауға, үлкен ағаш науа болды. Ауылдың көшіп-қонудағы басты мақсаты — мал тойындыру. Қоныс неғұрлым жиі аударылып, өріс жаңғырып отырса, мал соғұрлым күйлі, семіз, сүтті болды. Қазақ жылдың төрт маусымының өрісін сонылығына, суатының молдығына қарай — өре жимас, майқұйрық, балапан, көксала, кең қоныс, ақ бастау, егінді бұлақ, тоңаша, миялы, қопалы деп аталған. Көшпелі ауылдың арқасы жазылар шақ — көктем. Малы қыстан аман шығып, төлдеп, көкке аузы толғанда, шаруа негізгі азығы аққа тойынады. Осы арада келіп: «Қыс қысыл, жаз жазыл», — дейді. Жас төл аяқтанып бойдақ мал қара құйрық болып, жылқы түлеп, қара тіл болғанда, түйенің өркеш- қомы толығып, қара қайысқа айналған кезде, көктеуден жайлауға қарай бет алатын «қозыкөш» басталады. Бай, ауқатты ауылдың жазғы көші сəнді, салтанатты келді. Жылқы көш алдында, қой мен сиыр соңында айдалады. Көш басында үлкен үй — қара шаңырақ артылған атан түйе, оған іркес- тіркес басқа түйелерге артылған жүк қаз-қатар жүреді.

Экономикалық жағынан ауылдың көшіп-қонуы, от-суы, қонысы, жайлауы, өрісі біртұтас болғанымен, əрбір үйдің жеке меншігінде, малы, үй-мүлкі мен ұсақ шаруашылығы болды. Сондай-ақ ауыл ішінде əрбір шаруаның малына, əл-ауқатына қарай қоғамда алатын орны да, тіршілік жағдайы да əр түрлі келді. Осыдан келіп, ауыл ішінде өзара: бай, орта шаруа, кедей, батырақ деген жікке бөліну туды. Əдетте ауылдар ру басы, ел билеуші ауыл иесінің атымен аталған. Ауылдың құрамында байдың 8, 12 қанат өз үйі (бəйбішесімен) — үлкен шаңырақ, ас үй, қонақ үй, кейде тоқаланың үйі жеке болады. Жиі əрбір əйелінің (тоқалдарының) үйі жеке ауылды құрап, мұнда жақын, жамағайындарының, қойшы-қолаң, жылқышы, түйеші үйлері қоныстанған. Бай немесе ауқатты қазақ (жуан) малды, əрі белгілі би немесе сұлтан-ақсүйек дəрежесінде, ауыл иесі саналған. Бай ауылдың малдары жеке-жеке отарларды құрап, малды кедейлер баққан. Сонымен қатар орташа дəрежедегі ауылдар бір көтеріліп көшуге, сатуға, өсімге малы бар ауқатты шаруалардан құралған. Ауыл тұтастығы бірігіп көшу, ас-сусынның ортақтығында ғана емес, түрлі шаруашылықты, яғни, қой тоғыту, жүн қырқу, киіз басу, пішен шабу сияқты тіршілікті атқаруда бір-біріне қол ұшын беруден тұрған. Кедей ауылдардың малы шағын, көшіп-қонуға ат көлігі кем болған соң, бір жерді тұрақтап, сартап саналған. Тіпті тап-тақыр жатақ ауылдары да кездескен, олар тозығы жеткен 20–30 түтіннен құралып, егін салумен айналысқан. Сондай-ақ ХVІІІ ғасырда оңтүстік өңір кедей жатақтары бірігіп егін салып, отырықшылыққа бейімделе бастаған, негізінен бидай мен тары өсірумен шұғылданған. ХІХ–ХХ ғ. басында диқаншы қазақ ауылдары көріне бастаған, олар бау-бақша өсірген. Мұндай диқан-бақшашы қыстақ ауылдар оңтүстік Қазақстанда болған.

Рухани жағынан ауыл дербес, көшпелі мектеп, жалдамалы молда ұстаған. Ауылда кілем, алаша, бау-басқұр, шекпен тоқитын, зергерлік–ұсталық ететін ұсақ қолөнершілер болған. Бұл дəстүрлі ұлттық өнер мен мəдениеттің тоғысқан жері. Ауылдың ішкі жəне сыртқы жағдайы қоғаммен бірге дамып отырған.

Негізгі мақсат кеңес жылдарындағы қазақ ауылдарының ішкі мазмұны мен қоршаған қоғамдағы орнын зерттеу болғандықтан, бұрынғы дəстүрлі қазақ ауылының сипаты қалай жəне қаншалықты өзгергенін салыстыру үшін маңызды. Кеңестік саясатпен жаңа елді мекендер салып, халықты орналастырып, сол мекенді көркейту мақсатты түрде іске асты.

Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру 1929 жылдың соңында басталды. Көшпелі қазақ ауылының ерекшелігі ескеріліп жаппай отырықшы мекенге айналдыру  жоспарлы түрде жүргізілді.

Дəстүрлі қазақ ауылдары аз дегенде 5–10 көбі 20 түтіннен шашырап орналасса, кеңес саясаты шаруашылық шараларды іске асыруы үшін ірі елді мекендерді ұйымдастыруды қолға алды. ХХ ғ. 30– жылдарында тығыз шоғырланған отырықшы қазақ ауылдары пайда болды.

1940 жылға дейін республикада 7296 колхоз, 192 совхоз, 307 МТС ұйымдасты. Жаңа ауыл егін өсіруге қолайлы жерлерге орналасты, онда іріленген елді мекендерде 100 жəне одан да көп үйлер салынып, жаңа ұйымдасқан елді мекендер өнеркəсіп, көлік, мəдени құрылыстар жүйесімен қатамасыз етілді. Облыстық, аудандық əкімшілік орталықтары мен совхоз, колхоздардың экономикалық қарым- қатынасы күшейді, елді мекендер арасындағы қатынас жолдар салынып, телеграф, телефон, радио байланысы жақсарды, электр қуатымен қамтамасыз етілді. Ірі өзен мен көлдер, жасанды су қойнаулары алқабында өндірістік поселкелер пайда болды. Шардара, Бұқтырма, Қапшағай су қоймалары іске қосылып, Ертіс–Қарағанды каналы алқабында суармалы егіншіліктің дамуына байланысты жаңа совхоз, колхоз, орталықтары салынды. Қазақ темір жолдары мен ұзындығы 1500 км созылған Өзен–Гурьев–Куйбышев мұнай құбыры бойларында көптеген өндірістік жұмысшы поселкелері, т.ж. станциялары, разъездер пайда болды. Каспий, Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөл көлдері жағалауларында балық колхоздары, жұмысшы поселкелері ұйымдастырылды. Қазақстанның солтүстүгінде, атап айтқанда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар, Целиноград облыстарында, тың жерлерді игеруге байланысысты 584 ірі жаңа совхоз ұйымдастырылды. 1971 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша, Қазақстанда 191 аудан, 178 поселкелік совет, 1923 ауыл- селолық кеңес, оларға қарайтын 1609 совхоз, 424 колхоз, олардың жеті мыңдай бөлімшесі, ферма бригадалары болған. Ауылдық жерлерде барлығы 6627 мың (1970 ж. қаңтар) халық тұрды. Қазақ жеріндегі бұрынғы ауылдар рулық, аталастық, туыстық жағынан құралса, бұл ауылдарда көп ұлттың өкілі мекен етті [4; 582]. Дегенмен, қазақтар бөлігі өз туыстарымен ықшамдасып, бір-біріне жақын немесе бір ауыл ішінде тұрақтады.

Кеңестік ауылдар бірнеше формалар мен типтерге бөлініп көрсетілген, мысалы: Солтүстік далалық аудандарда ауыл өзен, көл жағалауларында, кейде су айырықтарына орналасқан. Бұл ауылдар — жаңа астық поселкелері. Ірі селолардың төңірегінде бөлімшелер мен бригадалардың шағын мекендері қоныстанған. Олардың арасында фермалар мен егінші қостары бар. Қазақстанның оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аудандарында өзен аңғарлары мен су жайылатын жигендегі көк желекті жерлерге орналасқан елді мекендердің шеті шөл даламен шектескен. Тау етегіндегі суармалы егіншілік дамыған аудандардың поселкелері өзендер мен каналдар бойында шоғырланған. Тау ішінде маусымдық ұсақ елді мекендерде (омарта, жайылым мекендер, орман  күзетшісі) болды. Қазақстанның орталық жəне батыс шөлейт аудандарында бірінен-бірі шалғай орналасқан ұсақ елді мекендер тобы басым болды. Алтай тауының етегі мен қойнауына орналасқан селолар тым үлкен елді мекенді құрады. Сондай-ақ Каспий, Арал теңіздері, Балқаш, Алакөл жағалауларында, аралдарында жəне оларға құятын өзендердің сағасында балық аулайтын колхоздар мен балық зауыттарының ірі поселкелері қызмет етті.

ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңде қазақ жеріндегі көшпелі ел мен отырықшы халық мекендерінің типінде үлкен айырмашылық болды. Кейін республика елді мекендерінің түрі оның шаруашылық қызметіне байланысты, ауыл елді пункттері мынадай түрлерге бөлінді:

  1. совхоздар мен   мемлекеттік   ауыл   шаруашылығы   орындардың   орталық   усадьбалары   мен      бөлімшелері;
  2. колхоздардың орталық усадьбалары мен бригадалары;
  3. əкімшілік аудандардың орталық поселкелері;
  4. маусымдық мекендері, фермалар, қоныстар, жайылым учаскелері, омарта т.б.;
  5. ауыл шаруашылығына қатысы жоқ ұсақ т.ж. станциялары, разъездер, рудниктер жаныдағы елді мекендер [4; 582]. 

Революцияға дейінгі қазақ ауылдарының тіршілігі көбіне мал өсіру төңірегінде болса, кейін əр өңірдің табиғи ерекшеліктері ескерілген, əрбір облыс, аудан ауыл шаруашылығы саласы мамандандырылған. Мысалы, сулы өңір: Зайсан, Алакөл, Балқаш көлдерінің алқаптарындағы, Бұқтырма, Күршім, Нарын, Ертіс, Жайық, Есіл, Нұра, Арыс өзендері сағаларындағы елді мекендердің кəсібі сан алуан: мал бағу, егін салу, бау-бақша өсіру, балық аулау, орман шаруашылығы. Ал, Алтай мен Нарында марал, омырта өсіру, Іле мен Сырдария, Қаратал бойында күріш егу, Арыс, Келес өзендері жағалауларында мақта, жүзім, жеміс-жидек, Шу, Талас, Ақсу, Тентек өзендері суымен қызылша өсіру дамыған. Кеңестік ауыл дəстүрлі көшпелі қазақ ауылынан өзгеше құрылғанмен де, дегенмен мал өсіруші совхоздар мен колхоздарда жартылай көшпелі ауыл бейнесі сақталды. Яғни малдың қажеттілігін ескеріп, қыста қыстауда, көктем, жаз, күз айларында мал өрісін алмастыру үшін көшкен. Көшу үдерісі мен тұрмыс мəдениеті бұрынғы заманмен салыстырғанда жаңартылған, біршама механикаландырылған. Көштің өзі машинамен атқарылды, қауғалы құдық орнына механикаландырылған құдық қойылды. Сондай-ақ малшылардың мал бағу еңбегі біршама жеңілдетілді. Малшылар қыс уақытында совхоз, колхоз орталықтарынан алыс шоғарланғанмен, ауыл басындағы мектеп, клуб, аурухана, дүкен, монша толығымен тұрмыстық қызмет көрсету мақсатымен салынды. Яғни, қызметтік орындар малшы отбасыларының қажеттілігін өкімет талабымен бірінші орында ескерді. Жалпы ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің басым көпшілігі колхоз, совхоз орталықтарында тұрды. Кеңес өкіметінің саясатымен жаңа көшелер ашылып, бірнеше бөлмелі үйлер тұрғызылды. Кеңестік экономикалық саясаттың ауыл шаруашылығының дамуына негізгі көңілді бөлуі   өкімет   тарапынан  қолға   алынғанын  КПСС  24-съезіндегі   Л.И.Брежневтің  баяндамасында:

«Ауыл шаруашылығының өндіргіш күштерінің өсуі, ауыл шаруашылығы еңбегінің бірте-бірте индустриялық еңбектің бір түріне айналуы, деревня мəдениетінің өрге басуы жəне село тұрмысының қайтадан құрылуы — осының бəрі шаруаның əлеуметтік қабілеті мен психологиясын  өзгертуге бастап отыр. Шаруаның бойында жұмысшыға ұқсас қасиеттер барған сайын көбірек пайда болуды. Еңбегі машиналармен жəне механизмдермен тікелей байланысты колхозшылардың саны көбеюде, колхозшы шаруалардың білімі арыта түсуде» [4; 583] деп сипатталған.

Жоғарыда айтып кеткендей, ауыл елді мекендерін тұрғындарының айналысатын кəсібіне қарай бірнеше топқа бөлуге болатын:

  1. Тұрғындары ауыл шаруашылығымен шұғылданатын ауыл шаруашылығы мекендері.
  2. Ауыл шаруашылығына қатысы жоқ мекендер. Темір жол станциялары, разъездер, орман шаруашылығы мен жеке кəсіпорындар маңындағы пункттер, дачалар, кішігірім курорт поселкелері.
  3. Жартылай ауыл шаруашылығында қалғаны халық шаруашылығының басқа салаларында жұмыс істейтін аралас түрдегі ауылдық мекендер (негізінен аудан орталықтары қарады). Сонымен қатар егіншілік аудандарда — дала қосы, алыс мал жайылымдарында қыстау мен жайлау жəне балық кəсібімен шұғылданатын, яғни маусымдық мекендер де қызмет етті.

Ауыл тіршілігі көбіне мал өсіру төңірегінде болса, Кеңес үкіметі өңірдің табиғи ерекшеліктерін ескеріп, əрбір облыс, аудан, ауыл шаруашылығының əр саласын мамандандырды əрі техникаландырды.

Ауыл шаруашылығын аудандастыру нəтижесінде Қазақстан жерінің табиғи–климаттық жағдайы ескеріліп, табиғи–шаруашылық аймақ деп аталатын, алты ірі аудан белгіленді, олар:

  • далалық-егіншілік аймақ — Солтүстік Қазақстан, Көкшетау облысы, Қостанай, Целиноград, Павлодар облысының кейбір солтүстік аудандары. Негізінен астық өндіреді, сиыр өсіру (сүт, ет өнімдерімен байланысты). Шаруашылықтың қосалқы түрі — қой, құс жəне т.б. өсіру;
  • қуаң далалық егіншілік жəне мал өсіретін аймақ — Орал, Ақтөбе, Павлодар, Семей облыстарының солтүстік жəне Целиноград облыстарының оңтүстік аудандары. Негізінен астық өндіру жəне қой мен сиыр (ет, сүт өнімдерімен байланысты) өсіру, қосалқы шаруашылықтың түрлерімен айналысу;
  • шөлейттегі мал өсіретін аймақ — Орал, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды жəне Семей облыстарының оңтүстік аудандары. Қой, сиыр, жылқы өсіру, ет өнімдерімен байланысты. Егіншілік — қосалқы кəсіп, негізінен малға жемшөп дайындау;
  • шөлдегі мал өсіретін аймақ — Гурьев, Қызылорда облыстары, Ақтөбе облысының Байғанин, Шалқар аудандары, Шымкент облысының Созақ ауданы, Жамбыл облысының Сарысу, Талас, аудандары, Алматы облысының Балқаш ауданы. Ет өнімін алу үшін қой, сиыр, жылқы өсіру, елтері үшін қаракөл қойын өсіру. Суармалы егіншілікпен шұғылданып күріш жəне жемшөп дақылдарын егуі;
  • Тянь-Шаньның таулы жəне тау бөктеріндегі аймақ — Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Шымкент облыстары, Семей облысының таулы аудандары. Табиғи жағдайының өзгешелігіне жəне ірі қалалар мен кəсіпорындардың дамуына байланысты мұнда ауыл шаруашылық əр түрлі бағытта дамыды. Басқа аудандардан ерекшелігі — техникалық (мақта, қант, қызылша, темекі) дақылдар мен көкөністер, жеміс өсіру дамыды. Ірі қалалар мен кəсіпорындардың маңында сиыр, қой өсіру дамыды; құс фабрикалары болды;
  • Алтайдың таулы жəне тау бөліктеріндегі аймақ — Шығыс Қазақстан облысы жатты, мал жəне егін шаруашылығы бірдей дамыды, оңтүстігінде мал шаруашылығы жақсы дамыды.

Кеңес жылдары колхоз, совхоз санын көбейту төңірегінде атқарылған шаралар бірқатар заңдармен бекітіліп, біршамасының мазмұнында ауыл тұрғындарының күнделікті өмірі ескерілген. Мысалы, 1969 жылғы үлгі жобаның кейбір бөлімдері ауыл тұрғынының жағдайымен байланыстырылып құрылған, яғни колхоздың мақсаты мен міндетінен бастап: колхозға мүше болу, тұрғындардың құқы мен міндеттері; жер жəне оны пайдалану; колхоздың қоғамдық меншігі; колхоздың өндірістік шаруашылық жəне қаржы қызметі; еңбектің ұйымдастырылуы жəне ақы төлеу, еңбек тəртібі; колхоздың жалпы өнімі мен табысын бөлу; колхозшыларды əлеуметтік қамсыздандыру, мəдениет пен тұрмысты жасарту, колхоздың ұйымдары мен тексеру комиссиясы [4; 585]. Жарғы бөлімдері негізінде атқарылған іс-шаралар нəтижесінде сақталған құжаттар мен сол уақыттан осы заманға келіп жеткен кеңес адамының санасындағы ақпарат ауыл  күнделігі тарихы үшін маңызды.

Жарғыда айтылған талаптарды жандандыру үшін ауыл тұрғындарының білімі мен мəдениетін көтеру жəне ауыл салаларына қажет мамандар мен кадрларды дайындап шығару жəне қызметке қосу 70-жж. байқалды. Мысалы, 1969 ж. ауыл шаруашылығы кадрын дайындайтын 6 институт: 1. Қазақ ауыл шаруашылығы институты. 2. Алматы зоотехникалық мал-дəргерлік институты. 3. Семей зоотехникалық мал дəргерлік институты. 4. Целиноград ауыл шаруашылығы институты, филиалы Қостанай қаласында ашылды. 5. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты. 6. Жамбыл гидромелиорациялық институты қызмет етіп, нəтижесінде 34,2 мың студент білім алды. Сонымен қатар колхоздар мен совхоз басшы кадрлары білімін жетілдіру факультеті, яғни Ауыл шаруашылығы институты 1969–70 жж. 550 совхоз директоры жəне колхоз басшылары (председателі), 1,3 мың ауыл маманын дайындады. Институт жанында осы салаларды дамыту мақсатымен аспирантура қызмет етті. Сондай-ақ 34 техникум, оның жанында 28 ауыл шаруашылығы мектебі, əр түрлі кəсіптік маман дайындайтын бір жылдық 5 мектеп, механизатор дайындайтын 252 жергілікті кəсіби-техникалық училище [4; 590] қызмет етті. Мұндай мəліметтер кеңестік ауыл тұрғындары құрамының түбегейлі өзгергенін жəне күнделікті тұрмысының мəдени тұрғыдан көтерілгенін көрсетеді; кеңестік ауыл қазағының заман ағымына қарай қаншалықты өзгергенін анықтауды салыстыру жұмыстарын жандандыра түседі.

70–80 жж. ауыл тұрғындарының күнделікті шаруашылықта айналысқан жұмыстарының түрлерін «Ауыл шаруашылығы мекемелері жұмысшылары мен қызметкерлері кəсіподақтарының» Орталық Комитетімен келісе отырып, «КСРО Министрі кеңесінің еңбек жəне жалақы мəселесі жөніндегі мемлекеттік комитеті» бөлген үш топтан көреміз:

  • өсімдік жəне мал шаруашылықтарында механикаландырылған жұмыстар;
  • өсімдік шаруашылығында көлікпен жəне қолмен атқарылатын жұмыстар;
  • мал шаруашылығына көлікпен жəне қолмен атқарылатын жұмыстар.

Бұл жұмыстардың сипатталынуына қарап, ауыл тұрғындарының күнделікті өмірде атқарған іс- əрекеттерін көруге болады. Мысалы, біріншілері жерді өңдеу, тыңайтқыштарды, тұқымды дайындау, шашу, себу, жер дақылдарын шабу жəне жинау жəне мал шаруашылығындағы жұмыстар жатады. Бұл жұмыс түрлері ауыр немесе жеңілдігіне, маман дəрежесінің болуына қарай, жұмысшының денсаулығына зиян етуіне, өндірістік технологиясындағы зияндығы ескеріліп 1–6 разрядқа бөлінген. Сонымен қатар егістік жерге тыңайтқышты трактормен шашу — 4, дəнді тазарту — 2, электрқырықтықпен қой қырқу — 3, электр моторы бар тасымалмен дəнді үю — 1 разрядта саналған. Жалпы, аталған топта 229 жұмыс санап алынған, оның ішінде 6-ы — 1 разрядқа, 25-ы — 2, 36-ы — 3, 68-ы — 4, 82-ы — 5, 12-ы 6 разрядқа қараған. Екіншілеріне 1) көлікпен орындалатын жұмыс түріне: жерді өңдеу, тұқым себу, егістік өнімдер мен отырғызылған ағаштарды күту, егін шабу, көлік тасу жəне орман жұмыстары қараған; 2) қолмен орындалатын жұмыстарға: жалпы шаруашылық жұмыстар, тұқымды себу, тыңайтқышты шашуға дайындау, егістікті суару, күту, ору, жеміс ағаштарын отырғызу, күту, жинау жəне т.б. Мұнда 640 жұмыс саналып алынған, оның ішінде 79-ы — 1, 192-ы — 2, 205-і — 3, 119-ы — 4, 36-ы — 5, 9-ы 6 разрядты саналған. Үшіншісіне, мал төлін, үй құсын, қолда бағылатын қымбат тері аң, бал арасын күту, мал азығын дайындауға байланысты жұмыстар жатқан, оның ішінде сауыншының жұмысы — 5, сиырдың төлін бағу — 4, сақманшы — 3, мал шаруашылығына көмекші — 2, су жылыту 1 разрядқа қараған. Мұнда 150 түрі саналып алынған: 3-і — 1, 30-ы — 2, 48-і — 4, 30-ы — 5, 2-і 6 разряқа қараған [4; 590]. Бір қызығы, көрсетілген жұмыс дəрежелерін көтеріп не түсіруге тиым салынған, мұндай жағдайды жоғарыда көрсетілген ұйым шешкен. Аталған ауыл шаруашылығы жұмыс топтары мен оның ішінде атқарылған түрлері Қазақстанның барлық географиялық аудандары қарастырылғанын көрсетеді; сонымен қатар 70–80- жж. ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысында атқарған жұмыс түрлері анықталып отыр. Аталған жұмыс басты-басты түрлеріне қарай маусымдарға бөлінген, сондықтан ауыл тұрғындарының жаз, қыс, көктем жəне күн айларында тиянақты түрде қандай кəсіппен негізінен шұғылданғанын жəне күнделікті тұрмысы қандай кестеден тұрғанын анықтауға болады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Тогжанов Г. О казахском ауле. — Кызыл–Орда, 1927; Казахский национальный аул. — М.,
  2. Турсынбаев А. Казахский аул в трех революциях. — Алма-Ата: Казахстан,
  3. Канапин А. Культура и быт казахского аула. — Алма-Ата,
  4. Қазақ совет энциклопедиясы / Бас ред. М.Қ.Қаратаев. — Алматы, 1972 — 1-т.: А.Аяпов. Сурет жəне карталар мен қоса. — 648 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.