Заң шығару

Тиісті мақалада заң шығармашылығының құқықтық реттеу жүйесінде алатын орны көрсетіліп, «заң шығару қызметі» мен «заң шығару процесі» терминдеріне түсінік беріледі, олардың арақатынасы зерделенеді. Оған қоса, мақалада ҚР Парламентінің заң шығару  процесі кең мағынада және тікелей мағынада қарастырылады. Тікелей мағынада заң шығару процесі Республика Парламенті қабырғасында басталатын, жүзеге асырылатын қызметтерді қамтитындығы, ал кең мағынада заң шығару процесі Парламент Мәжілісінде заң шығару бастамашылығы құқығын жүзеге асырудан басталатын әрекеттерден өзге оған дейін болатын, нақты айтсақ заң шығару бастамашылығы құқығын жүзеге асырғанға дейін атқарылатын әрекеттерді де қамтитындығы анықталды. Заң шығару процесін кең мағынада түсіну оның екі кезеңді: Парламентке дейінгі және Парламенттік кезеңді қамтитындығын көрсетеді. Сонымен қатар, мақалада заң шығару процесінің шегі анықталады, Қазақстан Республикасының заң шығару процесінің нормативтік реттелуі сараланып, оның сатылары көрсетіледі
2015

Қазақстан халқы – басты, негізгі заң шығарушы субъект болып табылады. Ол халықтың мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылатындығы туралы конституциялық мəртебесінен туындайды. Конституцияға сəйкес Қазақстан халқы – мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы. Халық билікті тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ өзіне тəн билікті жүзеге асыруды белгілі бір субъектілерге береді /1/.
2011

Мақалада объективтік фактордың түсінігі мен мәні ашылып, заң шығармашылығына қозғау салатын, заңның мәтінінің қалыптасуына әсер ететін объективтік негіздер баяндалды. Әрі заң шығару қызметінің объективтік негіздермен байланыстығы, оның қажеттігі ашылып, оларға тәуелді болып табылатындығы анықталды.
2014

Мақалада ҚР Президентінің заң шығару бастамашылығы құқығының реттелу жағдайы, оны жүзеге асырудың тәртібі қарастырылған. Сонымен қоса, ҚР Президентінің парламент қарауына енгізетін заң актісінің жобасын әзірлеу және оны мәжіліс қарауына енгізу мәселелері сараланған.
2014

ҚР Конституциясы 53-бабының 3-тармағына сәйкес палаталардың бірлескен отырысында ҚР Парламенті Президентке оның бастамасы бойынша әр палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы. Қазақстанда заң шығару өкілеттігін беру институты бірінші рет 1995 жылғы Республика Конституциясында бекітілді. Дегенмен, заң шығару құқығын беру басқа мемлекеттерде біраз уақыттан бері қолданым табуда.
2015

Қоғамды жүйелік-құрылымдық жағынан қайта жасақтау жағдайында кезек күттірмейтін мәселе – азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру, сонымен қатар заң шығару қызметін жаңғырту мен жетілдіруде құқықтың жаңашыл рөлін айқындау. Осы ретте Қазақстандағы қайта жасақтау, жалпыға ортақ әрі тиімді заң шығару қызметімен қамтамасыз еткенде ғана алға жылжуы мүмкін. Заң шығарушының қоғам алдындағы рөлі құқықты жүзеге асырушы нақты актілердің қызметімен немесе заң шығару қызметімен шектелмейді, сонымен қатар ең жоғары деңгейдегі қоғамға ықпал ету арқылы танылады. Құқықтық мәдениет, ол да мәдениеттің басқа салалары секілді ұдайы бағаланып отырады.
2015

Қазақстан 1990 жылы мемлекеттік егемендігін алуы уақытында бұрынғы кеңестік мемлекеттері сияқты сол мемлекеттерге тән жоспарлы экономика мен айтарлықтай дамыған заңнамалық жүйеге ие болды. Тәуелсіздік алумен еліміз инвесторлар үшін қолайлы және жағымды режим қалыптастырып, ұлттық мүдделерімізге қайшы бола тұра, жер қойнауын пайдалану туралы заңнама жүйесін қалыптастырды және құқықтық реформаны бастап кетті.
2015

Заң шығару қызметі – бұл заң шығарушы субъектілердің заң актілерін жасауға бағытталған саналы, мақсатты қызметі. Заң шығармашылық қызмет санаға негізделген қызмет болғанымен оны қандай да бір жағдайлар себеп етеді. Ол жағдайлар адамдардың еркіне, санасына бағынышты да, одан тыс, тәуелсіз жағдайда да болуы мүмкін. Қоғамдағы кез-келген қызмет, процесс секілді заң шығару қызметі де өмірде болып жатқан түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық т.с.с. процесстерден туындайды,олармен өзара тығыз байланыста болады.Қоғамда болып жатқан жағдайлар құқықтық ережелердің қалыптасуына, оның мазмұнына сөзсіз әсерін тигізеді. Олай болса, заң шығару қызметі қоғамдағы түрлі процесстердің нормативтік байқалуының жолы болып табылады. Заң актілерін шығара отырып, заң шығарушы орган қоғамның экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани т.б. дамуының деңгейіне сүйенеді.Бұл заң шығарушылардың заң шығармашылығына байланысты жүріс-тұрысы, іс-әрекеті негізделген болып табылатындығын көрсетеді. Заң шығарушы қандай да болмасын әрекетті толығымен өз қалауы бойынша негізсіз таңдай алмайды. Ол әрқашанда белгілі бір қажеттілікпен байланысты болады.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.