Педагогика

Мақалада авторлар Ч.Фриз жəне Р.Ладоның аудиолингвалдық əдісінің даму тарихын қарастырды жəне оның қазіргі əдістемеде алатын орнына тоқталып өтті. Сонымен қатар аудиолингвалдық əдісінде қолданылатын оқыту мазмұны, əдістемелік қағидалары мен тəсілдері талданған. Оқытудың негізгі мақсаты ретінде Ч.Фриз жəне Р.Ладо шетел тілін жан-жақты меңгеруді атап көрсетеді, яғни ауызша жəне жазбаша тілдесудің барлық түрлерін меңгеруді.
2014

 Мақала шетел тілін oқытуда сөйлесім іскерлігін кейбір интерактивті əдістерді, яғни диалог, монолог қoлдану арқылы, үйретуге жəне жаңа тақырыпты түсіндірудегі ең тиімді жолдардың бірі — рөлдік ойынға арналған. Сөйлеу тілі дегеніміз — əдеби тілге жататын бейресми жағдаятта қолданылатын, сөйлеушілердің тікелей қатысуымен жүзеге асатын машықты сөз. Айтылым — ойын жеткізу қажеттілігі, маңызды іс-əрекеттің өнімді түрі. Сабақта өз ойын жеткізу тілегі қарым-қатынас үшін алғашқы жағдай болып табылады. Екіншіден, студентке тілдің көмегімен маңызды мəселелерді шеше алатындай жағдай жасау керек. Оқытушы студенттердің ауызекі сөйлеуін жетілдіру жəне дамыту үшін барлық мүмкін тəсілдерді қолданады.
2014

Мақалада қазақ тіліндегі дыбыстардың дифференциалды белгілеріне оқыту барысында модельдеу əдісін қолдану қажеттілігі айқындалды. Авторлар «модель» жəне «модельдеу əдісі» түсініктерінің негіздерін анықтады, қазақ тіліндегі дыбыстардың дифференциалды белгілерінің модельдерін көрсетті.
2014
Тег: Оқыту
Қазақ тілі дыбыстарының дифференциалды айырым белгілерін оқыту үдерісінде модельдеу

Мақалада кəсіптік оқыту педагогтарын инновациялық іс-əрекетке даярлау мəселелері қарастырылған. Инновациялық іс-əрекет ұғымына талдау жүргізіліп, оның жаңашыл идеяларын, жаңашыл əдіс- тəсілдерін оқу-тəрбие үрдісіне өз кəсіби тəжірибесіне, мектеп жағдайына, тəлімгерлердің білім дəрежесінде байланысты əрекеті негізінде ұсынылған. Авторлар кəсіптік оқыту педагогтарына берілетін білім мазмұны оның болашақ кəсіби қызметіне қажетті білім, білік жəне дағдыларды игеру барысы мен нəтижесін қамтамасыз ету жолдарын, яғни болашақ кəсіби қызметіне даярлаудың қажетті шарттарын, көрсеткен.
2015
Кəсіптік оқыту педагогтарын инновациялық іс-əрекетке даярлау мəселелері

 Мақалада оқу-тəрбие үрдісінде тиімді əдіс-тəсілдерді таңдай отырып, мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тəрбие беру жұмыстары қарастырылған. Авторлар зерттеу жұмысында экология жайында алғашқы қарапайым ұғымдарын қалыптастыру жолдарын сипаттаған. Жұмыс түрлері балабақша бағдарламасына сай жоспарланған. Оқу-тəрбие үрдісіндегі экологиялық тəрбие беру жұмыстарында пəнаралық байланыстың (дүниетану, бейнелеу өнері, тіл дамыту жəне музыка) тиімділігі көрсетілген. Кешенді сабақ түрлерін ұтымды жақтары талданды. Зерттеу барысында Талдықорған қаласының № 42 балабақшасы негізінде жүргізілген эксперименттік-тəжірибелік сабақтар сипатталған.
2015

Мақалада оқушылардың шығармашылық деңгейін жетілдіру алғашқы əскери дайындық сабағы арқылы педагогикалық технологияны пайдалану сұрақтары қарастырылды. «Педагогикалық технология» түсінігінің мазмұны мен мəні талданған. Авторлар оқушылардың машықтанудағы түрлі технологияларды оның оқыту мазмұнына, жас жəне психологиялық ерекшеліктерін таңдауына негізгі назарын аудара білді.
2015

Мақалада оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мəселелері қарастырылған. Авторлар өскелең ұрпақ тəрбиесіндегі педагогикалық үдерістің негізгі фаторларының бірі ретіндегі ұлттық ойындардың түрлерін зерделеген. Мəдениетті шығармашылық тұрғыдан игерудің жалпыға бірдей түрі ретіндегі қазақтың ұлттық ойындары жəне оның дамытушы функциялары туралы жинақталған түсінік тұжырымдалған. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мəселелері жөніндегі психологиялық-педагогикалық аспектілерге талдау жасалған.
2015
Тег: Спорт

Мақалада «құзыреттілік» жəне «құзыретті мүмкіндіктер» (компетенции) ұғымдары қарастырылды. Болашақ дəрігер оқу-үйретіміне құзыреттілік, құзыретті мүмкіндіктер бағытын енгізу қажеттілігі айқындалып, кезігетін қиыншылықты проблемалар талқы-сарапқа салынды. Дəрігер-педагогтарды оқыту үдерісінде құзыреттілік бағытын қолдануды үйретудегі біздің əдістемеміз мысалға алынды. Тəжірибелік жұмыстар нəтижелерінде дəрігердің, оқытушының жəне оқытушы-дəрігердің пəндік, пəнаралық, тұлғалық жəне əлеуметтік құзыреттіліктері белгіленді. Мамандыққа сəйкес тəжірибелік сабақтарды құзыреттілік бағытында ұйымдастыру талқыланды.
2015
Тег: Құзырет

Мaқaлaдa құзырeтті мaмaн дaярлaудaғы зaмaнaуи тexнoлoгиялaрдың қoлдaну мaңыздылығы тeoриялық тұрғыдa қaрacтырылғaн. Coнымeн қaтaр бoлaшaқ мaмaн иeлeрінің бoйындa білімділік, біліктілік, caнaлылық, жaуaпкeршілік қacиeттeрін cіңірудe, кəcіби құзырeттілікті қaлыптacтырудa зaмaнaуи тexнoлoгиялaрды қoлдaнудың рөлі нeгіздeлгeн. Білім мeн ғылымның дaмуы aдaмзaт өркeниeтінің өлшeмі бoлғaндықтaн, aвтoрлардың қазіргі кезең тexнoлoгиялaрды қaрacтыруы мəceлeнің өзeктeлігін aнықтaуғa жəнe oқу үдeріcі үшін мaңыздылық дəрeжecін көрceтугe мүмкіндік бeрeді.
2015

Мақалада мəдени динамика үшін анағұрлым қажетті мəдени қарым-қатынас жасау формаларының бірі мəдениет сұхбаты туралы мəселе қарастырылды. Авторлар мəдениеттер сұхбатының деңгейлерін, түрлерін жəне типтерін, мəдениетаралық тілдесудегі коммуникативтік шиеленістердің себептерін қарастырды. Заманауи əлеуметтік мəдени жағдаятта адамның əлеуметтік мəдени жəне психологиялық аспектілерде бейімделуі оның қоғамға енуінің ажырамас бөлігі болып табылады жəне бейімделудің екі аспектісі де адамның интеграция стратегиясының артықшылығы мен табыстылығы туралы сеніміне байланысты деген мəселені тілге тиек еткен.
2015

Мақалада ұлы қазақ даласында дүниеге келіп, артында өшпес із қалдырған ірі тұлғалар өмірінің өнегесі мен мұраларына педагогикалық сипаттама беріле отырып, олардың тұлғалық болмысындағы көпмəдениеттілігі, көптілділігі көріністері баяндалады. Ұлы тұлғалар əл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Иассауи, Ш.Уəлиханов, Ы.Алтынсарин жəне тағы басқа тұлғалар еңбектері мен өсиеттерінің туындауына олар өмір сүрген ортаның ықпалы мен тілдік шеберліктерінің нəтижесі ретіндегі туындыларына сипаттамалық талдау жасалды. Ірі тұлғалар өмірі мен еңбектеріндегі идеялары ұрпақтар сабақтастығы барысындағы адамзат қоғамының дамуына өзіндік із қалдырып, бір- бірінен кейін жалғасын тауып жатқан мұраларының маңыздылығы сипатталды. Ұлттық мəдени ортаның тұлға қалыптастыруға қаншалықты ықпалының болғандығы олар болмысының ерекшеліктеріне тоқталу арқылы баяндалды. Сонымен қатар көптілді білудің көпмəдениетті игеруге тікелей негіз болатындығы сөз болады.
2015
Тег: Дәстүр

Мақалада жалпы бiлiм бeрeтiн орта мeктeптe матeматикалық бiлiмдi жeтiлдiрy мəсeлeлeрi бүгiнгi күнгi маңызды мəсeлeлeрдiң бiрi рeтiндe қарастырылды. Матeматикаға оқытy үрдiсiн ақпараттандырy талданды. Матeматика пəнi мұғалiмiнiң əдiстeмeсiн жeтiлдiрy бойынша ғылыми-пeдагогикалық eңбeктeргe талдаy жасалған. Авторлар мeктeп матeматикасын оқытyда ақпараттық тeхнологияларды пайдаланy нəтижeлeрiн көрсeткeн.
2015