Білім беру

Бүгінде қалыптасқан тарихи-əлеуметтік жағдай қоғамдық-саяси құрылым жан-жақты дамыған, білікті, нарық талабына шыдап бере алатын, талғамы, интеллектуалды деңгейі жоғары маманды дайындау бағытында педагогтарға үлкен талап қойылып отыр. Педагогтардың білім беру үрдісіндегі мақсаты — тек белгілі пəн бойынша білім беріп қана қоймай, осы жинаған білім қорын əр түрлі жағдайда орнымен қолдана білуге, мəнді қорытынды шығара білуге үйрету, өз бетімен байыпты, ұшқыр əрекет жасауға баулу.
2009

Халықымыздың мыңдаған жылдар бойы қалыптасу тарихында рудан тайпаға, тайпалар одағынан ұлтқа айналу процесінде оның рухани дүниесі де дамып, ұлттық өнері болған жəне ол басқа ұлттарға үлгі боларлықтай асыл қасиеттері мол жинақталған. «Халық өнерінің мұрасы» деген ұғым көп мəселені қамтитын, əсіресе халықымыздың ұлттық өрнек өнерінің дəстүрін жаңа биікке көтеруге ат салысу — өнерге қатысты мекемелер мен зиялы қауымның ортақ мақсаты.
2010

Тіршілік нысандарына деген жалпы қамқорлық адамдарға қарым-қатынаста жүрегімен елжіреу сияқты сезімдерді дамытады. Табиғатқа қамқорлық адамға деген қамқорлықтың биік мақсаттарына бағынады. Қатыгездік, жануарлар мен өсімдіктерге ақылсыз көзқарас (қырып-жойып), табиғатқа зиян келтіру — адамгершілікке жат. Олай болса, бұл этикалық нормалардан ауытқушылық.  
2010

Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған үндеуінде «мемлекетке қажетті барлық басты ерекшеліктердің ішінде білімге зор мəн беріледі. Себебі білім беру ұлттық қауіпсіздіктің кепілі болып саналады» дейді. Ал Қазақстан үкіметі қабылдаған «Білім туралы» Заңның «Білім жүйесі» аталатын екінші бөлімінде «білім беру жүйесінің басты міндеттері: Қазақстан Республикасына шын берілген, адал патриот азамат даярлау... олар мемлекеттік белгілердің мəні мен маңызын терең түсінген, халықтық дəстүрлерді қастерлейтін... халықтар достығының негізінде тəрбиеленген, халық, отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын сезінген... Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқы мен басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт-дəстүрі мен əдет-ғұрыптарын қадір тұтып игеруге пейілді азамат болуы керек» делінген [1].
2010

Қазақстан Республикасының Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында «білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі құдіретті мəдениет үлгілерін дүниеге əкелген, əрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап əкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді» делінген [1].
2010

Қазiргi кезде нақты айқын болып отырған жайт, бiз жоғары оқу орындарында қаншама қажеттi жəне пайдалы бiлiм бергенiмiзбен, адам оны үнемi толықтырып отыруға тура келедi; сондықтан да қазiргi педагогикалық жəне қоғамдық-саяси əдебиеттерде «кредиттік түрде білім алу», «мамандықты үздіксіз жетiлдiру», «электрондық кітапхана», «электрондық оқулық» ұғымдары кездесетiнi тегiн емес.
2010

Қазіргі уақытта қазақ тілінің қоғамдық маңызы артып, функционалдық қырынан дамудың жаңа белесіне қадам басты. Бұл жағдай мемлекеттік тілді кəсіби бағытта оқытып үйретуде оның функционалдық қызметіне баса назар аудару қажеттілігін туғызды. Жоғары оқу орындарында кəсіби қазақ тілінің сапалы да саналы меңгертілуі əр түрлі факторларға байланысты. Кəсіби тілді үйрету үрдісі студенттерді жалықтырмайтындай, қызықты да тартымды болуын ескерген жөн. Бұл орайда студенттердің мамандығына сай кəсіби сөздік қорын байытуға, оның тіл үйренуге деген ынтасын арттыру арқылы көздеген нəтижеге жетудің мүмкіндіктерін қарастыру қажет.
2010

Бүгінгі заман талабы білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Өркендеп бара жатқан əлемдік мəдениетпен иық теңестіре алатын ел болу үшін ұлттық рухтағы қағидалары мен əлемдік білім беру технологияларын ұштастыра қолдану қажеттігі туындап отыр. Қазіргі білім берудің стратегиялық мақсаты өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен əрекет етуге қабілетті, барлық істе сауатты (іскер) тұлғаны тəрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен күнге басты талапқа айналып, осы əдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді.
2010

Қазақстан Республикасы ғасырлар тоғысуында дербес мемлекетке айналды. Мемлекеттің саяси, əлеуметтік жəне экономикалық жүйесі əлемдік өркениет көкжиегінде құрылды. Ғаламдану мен кірігу заманындағы бүгінгі өркениеттің аса бағалы көп сипаттарының ішінде Қазақстанның басқа мемлекеттермен тығыз байланыста болатын бағдары бар. Сол себепті ана тілімен қоса көп тілді жеткілікті дəрежеде меңгеру жəне білім мен ғылымның барлық саласында білікті болу біздің жаңарған қоғамымыздың көрсеткіші, алға қарай даму сатысындағы қажетті құбылыс болмақ [1].
2010

Экологиялық білім беру — көп сатылы үрдіс, ол кешенді тұрғыдан қарастыруды қажет етеді. Біріншіден, адамның, қоғамның табиғатқа əсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қалыптастыру. Екіншіден, жеке тұлғаның адамгершілік дүниетанымын тəрбиелеу. Үшіншіден, сарамандық іс-əрекетте экологиялық білім жүзеге асуына ықпал ететін ерекшелік факторын қалыптастыру. Сондықтан экологиялық білім мазмұнына орай органикалық химия курсына қатысты қамтылатын негізгі ұғымдар мөлшерін анықтауға тура келеді [1].
2010

Қазіргі уақытта еліміздің білім беру жүйесінде білім беру құрылымын оңтайландыруға бағытталған жəне нарықтық қоғам құру талаптарына толық сəйкес келетін өзгерістер болып жатыр. Қазақстандағы ондаған жылдар бойы қалыптасқан дəстүрлі білім беру үлгісі елімізде жəне бүкіл əлемдегі болып жатқан аса зор жəне шапшаң коғамдық-экономикалық өзгерістерге ілесе алмауының мүмкіндігі күн өткен сайын ерекше сезілуде. Бүгінгі күні коғам білім беру жүйесінен жан-жақты дамыған, өздігінен жұмыс істей алатын, ерекше жағдайларда əрекет жасай алатын жəне үздіксіз білім алуға талабы бар жастарды дайындауды талап етуде.
2011

Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасында орта білім беру жүйесінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесінің 5 жəне 10 балдық екі бағалау жобасын қабылдады [1]. Жаңа бағалаудың 10 балдық жүйесі білім беру нəтижелерін неғұрлым дəл бағалауды қамтамасыз етіп, оның ішінде оқушылардың оқу қызметінің əр түрлі тəсілдерін меңгеруін бағалауды қамтамасыз етеді.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.