Тәрбие

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінде «қазақстандық жастарды патриотизмге, биік мəдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тəрбиелеу» туралы айтылады. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап-міндеттер бүгінде жас ұрпаққа отансүйгіштік тəрбие беру ісінің жалпы ұлттық сипатқа ие болып отырғандығын көрсетеді. Бұл бағыттағы күрделі тəрбие үдерісі əр отбасынан бастау алып, білім беру жүйелерінде үздіксіз, кешенді жүргізілуін талап етеді. Отансүйгіштік тəрбие жалпы тəрбиенің құрамдас бөлігі жəне, біздің анықтауымызша, жасөспірімдердің патриоттық, жоғары азаматтық сезімін қалыптастыруға бағытталатын мақсатты ұйымдастырылған жəне басқарылатын психологиялық-педагогикалық үдеріс болып табылады [1].
2010
Тег: Тәрбие
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын өз еліне деген патриоттық сезімге тəрбиелеу

Кəсіби құзыреттілікті қалыптастыру процесі жоғары оқу орындарының əрбір мамандықтарының өзіндік ерекшеліктеріне сəйкес стратегиялық, тактикалық жəне оперативтік оқу-əдістемелік іс- əрекеттерге негізделеді. Осы іс-əрекеттер бойынша оқыту технологиясының құрылымдық мазмұны айқындалады.
2010
Тег: Тәрбие
Студенттерді шығармашылыққа тəрбиелеуде ескеретін кейбір мəселелер

Қазақ тағылымының ұстанған негізгі бағыты — ата-бабалардың үлгі-өнегесі, дүниеге шынайы көзқарасы, бостандыққа, еркіндікке, тəуелсіздікке, дербестікке ұмтылысы. Бұл алдан күткен арманы, ойға алған негізгі мақсаты. Тəрбие — ұрпақ үшін күрес құралы. Қазақ өмірі — тəрбие оқулығы. Біздің халқымыз ерте заманнан бері бала тəрбиесіне ерекше мəн беріп, жас жеткіншектің нағыз адам болуына өз қамқорлығын жасаған. Сондықтан «Баланы жастан» деген нақыл сөз қалдырған. Жас баланы жастайынан өз ана тілінде сөйлетіп, таза сөйлеуге, еңбекке, кішіпейілділікке, үлкенді сыйлауға үйретуде халық педагогикасының алатын орны ерекше. Сондықтан да мектеп өзінің тəрбие жұмысын атқаруда, оқу үдерісі барысында өзге жол іздемей-ақ халық педагогикасына бой бұруы ке- рек. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, эстетикалық тəрбие жұмысы оқушының өмірінде маңызды рөл атқарады. Себебі эстетикалық тəрбие əр баланың бойында өмірлік белсенді позиция қалыптастыруда, ел алдындағы, ата-ана алдындағы борышына саналы қарауға зор ықпал жасайды. Эстетикалық тəрбие жоғарыда айтылған салт-дəстүр, тіл өнері негізінде жүргізілген уақытта ғана оқушыға үлкен əсер етеді.
2011
Тег: Тәрбие

Білім беру қызметінде тəрбиелеу міндетін атқару əр түрлі əдістердің көмегімен орындалады. Қазіргі отандық педагогикада тəрбиелеуді басқару əдістері тəрбиеші мен тəрбиеленушінің арасындағы жеке тұлғаның үйлесімді дамуына бағытталған сабақтастық ретінде қарастырылады. Тəрбиелеудің ықпалынан туындаған əдістің таңдауы тəрбиешінің тəрбиеленушімен қатар, басқа да себептердің арақатынасымен жəне тəрбиелеу үрдісінің мағынасымен түсіндіріледі. Тəрбиені басқару үрдісі өте күрделі əрі қарама-қайшылыққа толы болғандықтан, ұстаздық əсердің сансыз тəсілдерін топтастыруда бірыңғай мағыналық негізді табу қиын. Бұдан тəрбиелеу үрдісінің бір немесе бірнеше жағын негізгі сапасына қарай жіктеп алынатындығы белгілі болғандығы аян.
2011
Тег: Тәрбие

Студенттердің тəрбиесін əлеуметтік-жеке тұлғалық басқару тұжырымдамасы бойынша тəрбиелеу əрекеттестігіндегі нысан мен үрдіс жағдайына ғылыми негізделген көзқарас жүйесі бойынша түсіну қажет. Жоғары оқу орнындағы тəрбиелеу үрдісінің əлеуметтік-жеке тұлғалық басқару тұжырымдамасының басты көріністегі ғылыми негіздемелері студенттердің тəрбиесін ұйымдастыру əдісі мен түрлерін, функцияларын, принциптерін, заңдылықтарын анықтау болып табылады.
2011

 Мемлекеттің экономикалық жəне əлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтардың білім деңгейімен анықталатыны белгілі. XXI ғасыр — жаһандық жаңалықтар мен білімнің дəуірлеу ғасыры, өйткені ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде, сондай-ақ əлемдік нарықтағы, əлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруде айырықша маңызды рөл атқарады. Жоғары білімді дамыту процесі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің əлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру жəне ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады. Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесінің бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау болып табылады.
2012

 Мақалада тарихта аты қалған Білге, Күлтегін, Тоныкөк сықылды батырлар мен ІХ ғасырдағы түркі халқының ұлы ойшылдарының еңбектеріндегі отбасы педагогикасының ғұмырлық маңызы, отбасындағы қыз бала мен ер бала тəрбиесіне жауапты ата-ананың рөлі, қазаққа мұра болып қалыптасқан діл, тектілік, ұлттық рух, дін, ұлттық мінез-құлық, балаға өмір бойы азық болатын тəрбиенің қайнар көзі отбасындағы тəрбие, отбасы өмірінің материалдық жəне рухани құндылықтары туралы білім беру мəселелері жан-жақты қарастырылған.
2015

Мақалада отбасылық тəрбиенің ерекшеліктері, баланы əлеуметтендіру факторы ретіндегі отбасылық қатынастардың сипаттамалары, отбасылық тəрбиенің мəнері, отбасылық тəрбиенің педагогикалық негіздері ашылып көрсетілген. Отбасы адам өзінің онымен байланысын бүкіл өмірінде сезініп өтетін, баланың қоршаған ортаға деген пікірі реттелетін, адамгершіліктің бастапқы сабақтарын алатын алғашқы тəрбие институты ретінде көрініс берген. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, ата- ана беделі, бала тəрбиесіндегі ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс мəселелері қарастырылған.
2015

 Мақалада бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тəлім-тəрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттары, ұлттық құндылықтарымызды əлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тəрбиелеу мəселелері сипатталған. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тəрбиелеуге байланысты жанұя, мектеп, сынып жетекшілерінің тəрбие туралы беретін білім негіздері қарастырылған. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы, ұлттых рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мəдениетін қалыптастыру жайындағы түсініктер келтірілген.
2015
Тег: Тәрбие

Мақалада бала өміріндегі ұлттық тəрбиенің рөлі туралы айтылған. Сол мақсатта ұлттық ойындардың, ұлттық мерекелердің, тілдің, салт-дəстүрдің маңызының ерекшелігі жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар осы айтылғандардың арасындағы сабақтастық жəне байланыс жақсы көрсетілген. Қазіргі замандағы көкейкесті мəселелерді шешуге байланысты ұлттық тəрбие арқылы Отанды сүюге балаларды баулу, үлкендерді сыйлау жайлы ойлары жұмыста жүзеге асырылған.
2015
Ұлттық тəрбиенің бала өміріндегі маңызы

Мақалада педагогика мен практиканың жалпы өзара заңдылықтары қарастырылды. Авторлардың пікірінше, педагогикалық практика теорияға негізделуі керек. Бұл мəселеде зерттеушілер практика мен теория біртұтас ұғымды қалыптастырады деген қорытындыға келді. Тəжірибе көрсетуі бойынша, негізгі тапсырма адамзатқа білім беру болып табылады. Оқушылардың тұлғалық жəне оқытушы мен оқушы арасындағы гуманистік сенім қарым-қатынас құруды сақтау оқытудың басты міндеті болып табылады.
2015
Тег: Тәрбие

Мақалада түрік халықтарының тəжірибесінде тəрбиені зерттеудің теориялық əдіснамалық, əлеуметтік, тарихи-педагогикалық қажеттілігі жалпы көзқарастары бар. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез- құлқын бойына сіңірген, қоғамдық, саяси, əлеуметтік бітімі қанық, моральдық, этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой-толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ əдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дəстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады. Автор қоғам мүшелерінің мінез-құлық жəне əдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы көркем туындыны талданған.
2015
Тег: Тәрбие