Интеграция

Мақала Орталық Азия аймағындағы елдердің өзара жақындасу үдерісінің ерекшеліктерін және Қазақстанның негізгі ұсыныстарын қарастыруға арналған. Әлемде жаһандық деңгейдегі өзгерістердің орын алып атырғанын түсіне отырып, аймақ мемлекеттері интегра­ цияның қажет екендігін мойындайды. Туындаған жаңа үндеулер мен сұрауларға тек жұмыла отырып қана жауап беруге болады. Ол Орта­ лық Азия аймағына да қатысты. Алайда өз мақсаттары мен мүдделеріне ие бес мемлекет үшін ортақ тіл табысу оңай мәселе емес. Аймақ­ тағы жақындасу болашағы, негізінен, интеграциялық бастамалардың көшбасшысы   болып   саналатын   Қазақстан мен өзіндік салмақты «даусымен» ерекшеленетін Өзбекстан арасындағы қарым­қатынас­ тар призмасы арқылы қарастырылады. Аймақтағы жетекші рөл үшін бәсекелесуші осы екі мемлекеттің өз мүдделерін үйлестіруі – басты анықтаушы факторлардың бірі. Сонымен қатар, экономикалық және саяси кеңістікті қалыптастыру мәселесімен қоса, мәдени кеңістік жә­ не адами капиталды дамыту мәселелеріне де көңіл бөлінеді.
2015

Мақалада экономикалық интеграцияның еуропалық тәжірибесі және оның ЕЭО қалыптасуы мен дамуын қабылдау түрлері қарасты­ рылады. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикадағы мемлекетаралық инновациялық кеңістігін қалыптастыру мүмкіндігі бағаланады. Бұл жұмыста заманауи интеграциялық үдерістерге тал­ дау жүргізіледі. Зерттеудегі негізгі екпін екі түрлі интеграциялық топтарды салыстыруға жасалған: Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) және Еуропалық одақ (ЕО). Және де бұл мақалада Еуропалық одақ және Еуразиялық экономикалық одақ экономикалық интегра­ цияның ерекшеліктері салыстырмалы талданады, сонымен қатар қатысушы елдер үшін салдары зерттеледі. ЕО толығырақ талдануы жас еуразиялық интеграцияға болашақтағы қателіктердің алдын алу­ ға мүмкіндік береді. Бұрыңғы социалистік мемлекеттердің уақыт өте және сауатты интеграциялануы өзекті болып қалған тарихи байла­ ныстардың жаңғыруына ықпал етеді.
2016

Бүгінгі күні Еуропалық Қауымдастық мемлекеттердің басқа интеграциялық топтарының арасында ең жемісті болғандықтан оның интеграциялық үлгісін «классикалық» деп біледі және бұл үлгіні құрайтын интеграция сатыларын да «классикалық» деп атауға болады. Ол дұрыс та шығар! Ал әлемнің басқа бірде-бір аймағында бұл үлгіні мемлекеттер барлық ниеттеріне қарамастан қайталай алмады.
2009

Кластер — бұл өздері өндіретін өнімнің бəсекелестік қабілеттілігін арттыру мақсатында ғылыми жəне қаржы мекемелермен, жергілікті басқару өкілеттіліктерімен тығыз байланыста болатын кəсіпорындардың аумақтық-салалық ерікті бірлестіктері. Кластер кəсіпорындардың бизнес жүргізу жағдайларының өзгеруіне жəне рыноктағы сұранысқа тез арада икемденуіне мүмкіндік береді. Жүйелік талдаулар нəтижелері көрсеткендей, агроөнеркəсіп кешенін жетілдірудің жəне дамытудың ең тиімді жолы — бұл жүйелі түрде дамушы кəсіпорындар құру жəне оларды кластерлік модельдер мен кластерлік технологиялардың көмегімен біріктіру. Қызылорда облысында мұндай жүйені құруға толық негіз бар. Қазақстанның агроөнеркəсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006–2007 жылдарға арналған тұжырымдық негізгі мақсат ретінде отандық өнімнің ұлттық басымдылығын қалыптастыру мен дамыту негізінде АӨК салаларының өнімділігі мен табыстылығы анықталған.
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.