Құндылықтар

Мақалада Қазақстан қоғамының жаһандану үдерісіндегі құндылық бағдарлары мен социомəдени даму тенденциялары қарастырылған. Жаһанданудың көп қырлы феномен екендігі аталып өтеді. Əлемді жаһандану үдерісі қамтығанын, тəуелсіздік алған елдердің əлемдік қауымдастықта интеграцияға ұмтылуларын атайды. Жаһанданудың біздің  қоғам  үшін  жаңа  саяси  стратегия-  сын тауып, Қазақстан халықтарының дəстүрлі мəдениетінің құндылықтарын батыс қоғамының құндылықтарымен қоса алып жүретін, бəсекеге қабілетті халықтың мəдениетін жаһандану контексінде қалыптастыру керектігі қарастырылады.
2012

Мақалада Алматы қаласының жастарының еңбек құндылықтарын зерттеу барысында 7 ауданда жүргізілген сауалнама нәтижелері ұсынылады. Жастардың кәсіби еңбек жолында басымдыққа ие болған жоғары жалақы, жұмыстың қызықты болуы, жұмыс орнының сақталу кепілдігі құндылықтарының жастардың өмірі мен еңбек етуіне ықпалын айқындай келе, оған әсер ететін факторларды қарастырады. Еңбек жолында кездесетін тәуекелдер мен мүмкіндіктерге қатысты жастардың көзқарасы, еңбек сапасының маңыздылығы сөз болады. Жастардың еңбексүйгіштігі, еңбекке төзімділігі мен талабы сипатталған. Жастар арасында кәсіпкерлікке қатысты көзқарасты сараптай келе, оның қоғамға алып келетін пайдасы туралы дәйекті пікірлерін ұсынады. Жастардың кәсіпке бет бұруына кедергі болатын факторлардың маңыздылығы бойынша бағалайды. Жастардың өз кәсібін аша алмау себептері аталып, кәсіби мобильділік пен кәсіби тәжірибенің олқы тұстары көрсетілген. Авторлар жастарды еңбекке ынталандырудың тиімді жолдарын да жастардың көзқарасы бойынша бөліп көрсеткен. Жастарды жетістікке жету жолындағы еңбекке берер басымдылығы зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып сарапталған. Жастар санасындағы еңбек пен ақшаның арақатынасын анықтауға тырысқан. Авторлар еңбек мәселелерін ерте бастан реттеу үшін жасалуы тиіс әрекеттерге қатысты өз тұжырымдарын ұсынады.
2014
Жастардың кейбір еңбек құндылықтарының құрылымы мен мазмұнына социологиялық талдау

Бұл мақалада қазіргі өзгермелі процестер жағдайындағы жастардың құндылықты бағдарларының динамикасы талқыланады. Қала жағдайында бұл үрдістер өзекті мәселеге айналады. Бүгінде жастардың қазіргі замандағы құндылықты бағдарларын зерттеу ерекше маңыздылыққа ие. Себебі, өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық процестер құндылықтарға әсер етпей қоймайды. Бұл жағдай әлемдік глобализация процестерінің әсерінен күшейе түседі. Мұнда сол глобализация процесінің көрінісі ретінде ірі қалалар маңызды объектіге айналады. Осы тұста, қала жағдайындағы үрдістердің қала тұрғындарына, әсіресе, жастарға әсер етуіне әлеуметтік талдау жасалынып, кемшілігі мен артықшылығы анықталады. Жастардың құндылықтарын зерттеуде ұсыныстар беріледі.
2014