Азық-түлік қауіпсіздігі

ХХ ғасырдың 60­70 жылдары ғылыми айналымға енгізілген «жа­ һандық мәселелер» түсінігі әрбір адам мен тұтас адамзатқа қатысты мәселе ретінде анықталады. Аталған мақалада жаһандық азық­түлік қауіпсіздігінің себептері мен өзекті мәселелері Қазақстан Республи­ касы агроөнеркәсіптік кешенінің нақты мысалдарымен қарастыры­ лады. Азық­түлік қауіпсіздігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер ре­ тінде азық­түліктің жан басына шаққандағы өндірісі мен тұтынылуы, азық­түлік импортының құрылымы мен импорттық азық­түліктің жан басына шаққандағы тұтынылуы, сондай­ақ республика тұрғындары­ ның азық­түліктің негізгі түрлерімен қамтамасыздану деңгейі алын­ ған. Азық­түлік қауіпсіздігін орнықтыру мәселесінің негізгі қиыншы­ лықтары оларды шешуге аса зор қосымша шығындар қажеттілігімен байланысты болып отыр. Ал мұның өзі рыноктық қатынастар жағда­ йындағы бәсекелестік шығындарды кеміту арқылы максималды пай­ да алу заңдарымен үйлеспейді. Олай болса, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлеріндегі экономикалық және әлеуметтік мүдделер қайшылықтарын шешу жаһандық проблемаларды еңсерудің мән­ мазмұнын құрайды.
2015

Азық-түлік қауіпсіздігі әрқашан жалпы қоғамның және нақты бір индивидтің негізгі міндеттерінің бірі, себебі мұның негізінде барлық адам әрекеті тіректенетін өзін сақтау жүйесі жатыр. Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі ғаламдық ахуалы адамзат өміріне айтарлықтай қауіп төндіруде. Жер бетіндегі адамдардың саны өскен сайын, азықтүлікпен қамтамасыз ету мәселесі де шиеленісе түсуде. Сондықтан  да азық-түлік дағдарысы және оның алдын алу – әлем жұртшылығын алаңдатып отырған басты  мәселелердің  бірі.  Азық-түлік  қауіпсіздігі әр елдің ұлттық  қауіпсіздігінің бір бөлігі болып табылады. Өйтке-  ні, бірде-бір мемлекет халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етпей тұрып, елдің экономикалық, саяси немесе ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін емес. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу өнеркәсібі экономиканың негізгі бір саласы ғана емес, сонымен бірге ол – азық-түлік қауіпсіздігінің де кепілі.
2015

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекетік басқару органдарының қызметі мемлекеттің саясатын құрайтын белгілі бір бастамалардың негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттің белгілі бір мақсатқа жетуі үшін ішкі бірлігін, негізгі құрылымын, мәнін анықтайтын бастаушы идеялар мемлекеттік басқарудың қағидалары деп аталады.
2010

Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесі тек елімізде ғана емес дүниежүзілік мəселе болып отыр. Жалпы əлемдік көкейкесті мəселелерінің бірі ол азық-түлік тапшылығы болып тұр. Азық-түлік тапшылығы Африка елдері мен Азияның кейбір елдерінде белең алып отыр. Бұл мəселені шешу мақсатында БҰҰ-ның азық-түлік тапшылығының алдын алу туралы самиттерін өткізді. Осыған сəйкес БҰҰ-ның азық-түлік бағдарламасы бойынша ашаршылыққа ұшырап отырған елдерге көмек көрсетуде. Осы өзекті мəселе бойынша дамыған АҚШ жəне Еурорпа елдері ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетіп, ірі фермерлеріне бəсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге мүмкіндік беріп жатыр.
2010

Мақаланың мақсатына сəйкес елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің, оның ішінде мал шаруашылығының жағдайы зерттелген. Əлемдік деңгейде өзекті проблемалардың біріне айналып отырған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында Қазақстан тарапынан қабылданған шараларға, мəселенің қазіргі жай-күйіне, болашағына қатысты қоғамдық жəне ғылыми пікірлерді талдау қажет. Өзіміздің байырғы мал тұқымдарын көбейту арқылы ауыл шаруашылығында, азық-түлік қауіпсіздігін қорғау мəселелері қарастырылған.
2013

Ғылыми мақалада ТМД мемлекеттеріндегі азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етудің мəселелері қарастырылды. Зерттеу барысында анықталған ТМД елдерінде қабылданған заңдардың кемшіліктеріне тоқталып, азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету заңнамалар жетілдіру үшін ұсыныстары талқыланды. ТМД-дағы аграрлық саясатындағы агроөнеркəсіптік кешенін бағдарламаларына талдау жүргізіліп, аграрлық сектордағы мəселелерді шешу жолдары анықталды.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.