Заңнамалар


Қазақстан Республикасының жер қатынастарын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Жер кодексі жəне соған сəйкес қабылданған басқа да нормативтік-құқықтық актілер реттеп отырады. 2003 жылы 20 маусымда қабылданған ҚР Жер кодексі – жеке меншік құқығын ауыл шаруашылық жерлеріне тарату арқылы жеке меншік құқығымен берілетін жерлердің ауқымын кеңейтті. Қазіргі таңда нарықтық қатынастардың дамуы, жер пайдалану құқығының артуы, экологиялық жағдайдың шиеленісуі, сонымен қатар күннен-күнге жер дауларының көптеп кездесуіне байланысты жерді пай- далану мен оны құқықтық қорғау саласындағы заңдарды реформалау барысы əлі де жалғасын табу- да. Əрине, қоғам дамыған сайын мемлекеттің заңдары да заман талабына сай əзірленіп, реформалануы тиіс.
2013

Мақалада Қазақстанның конституциялық заңнамасының қалыптасу кезеңдері мен оның кеңеске дейінгі (1900-1917 жж.) және кеңестік кезеңдерде (1917 жылдан 80-жылдардың соңына дейін) дамуы қарастырылған. Тиісінше әрбір кезеңнің ерекшеліктері ашылып, тиісті конституциялық-құқықтық актілерге талдау жасалған. Қорытындысында кеңеске дейінгі және кеңестік кезеңдегі конституциялық заңнаманың маңызы мен рөлі тура- лы жалпы түйін беріліп, олардың егемен, тәуелсіз Қазақстанның конституциялық заңнамасының құрылуы мен қалыптасуында негіз болғандығы баяндалған.
2014

Мақалада Қазақстан Республикасында жосықсыз бәсекелестік, монополияландыру, бәсекелестік қатынастарды реттеудің негіздері айқындалып, нарық субъектілері мен тұтынушылардың құқықтарын шектелген монополистік қызметтен, мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс- әрекеттерінен және жосықсыз бәсекеден қорғаудың құқықтық негіздері қарастырылған. Сонымен қатар, нарық субъектісіне немесе оның іскерлік беделіне залал келтіретін теріс немесе бұрмаланған мәліметтер, тұтынушыларды тауардың сипаты, дайындалу әдісі мен орны, тұтынушылық қасиеттері, тауар сапасы немесе оны өндірушілер туралы жаңылыстыру, нарық субъектісінің өндіретін немесе сататын тауарларын басқа нарық субъектілердің тауарларымен сыпайы емес түрде салыстыруға сараптама жасалған.
2014

Мақалада Қазақстанның конституциялық заңнамасының қалыптасуы мен дамуының үшінші кезеңі, яғни 1990-1993 жылдарда конституциялық заңнаманың дамуы қарастырылды. Тиісінше мақалада бұл кезеңде қабылданған конституциялық-құқықтық актілер сараланып, олардың мазмұны мен маңызына сипаттама берілді. Қорытындысында 1990-1993 жылдарда қабылданған конституциялық заңнаманың маңызы мен рөлі туралы жалпы түйін беріліп, олардың егемен, тәуелсіз Қазақстанның конституциялық заңнамасының құрылуы мен қалыптасуында негіз болғандығы баяндалды.
2014

1995 жылғы ҚР Конституциясы 1993 жылғы Конституцияның орнына келді. Ол мемлекет пен қоғамның демократиялық негізде жаңаша дамуына, қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық салаларының түпкілікті жаңғыруына негіз қалады. Бұл Конституцияның ең түбегейлі қағидаттарына қысқаша тоқталсақ, 1993 жылғы Конституцияға қарағанда Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік билікті жүзеге асыру мемлекеттік органдарға берілетіндігін, оның өзінде тек сайланбалы органдарға ғана емес, биліктің үш тармағының барлық органдарына берілетіндігін бекітті. Белгілі ғалым, профессор С.С. Сартаев айтқандай, «ел басқарудың тұрақты да дәйекті формасының негізін қалады» [1, 10].
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.