Семантика


Сөйлем — күрделі құбылыс. Сондықтан да қазіргі қазақ лингвистикасының маңызды мақсаттарының бірі сөйлемді жан-жақты зерделеу болып табылады. Сөйлемнің түрлі аспектілерінің ішінде құрылымдық-семантикалық аспектіні зерттеу қазіргі кезеңде өзекті мəселеге айналды. Сөйлемді құрылымдық-семантикалық аспектіде зерттеу əлемдік лингвистикада XX ғасырдың 50- жылдарынан, бұрынғы кеңестік орыс тіл білімінде XX ғасырдың 70-жылдарынан қолға алына бастаса, түркітануда, қазақтың тілтану ілімінде бұл əлі де тың жатқан тақырып.
2009

 Құрылымдық синтаксис деңгейіндегі талдаулар модалділік санатының грамматикалық табиғатын толық ашып көрсете алмайды. Себебі бұл санаттың грамматикалық ерекшелігі, модалді мағынаның астары көп жағдайда сөйлем аралық байланыстан, контекст аясындағы салыстырудан дараланады. Модалділікті контекст шеңберінде талдау қажеттігін, ішкі себептері мен қол жеткізер мүмкіндіктерін, оның функционалдық мəнін С.Құлманов пікірімен ұштастырып, төмендегіше саралап көрсетуге болады: «Біріншіден, модалділік категориясын оны тура білдіретін конвенционалды құралдардан басқа осы семантикалық мазмұнды, осы коммуникациялық функцияны жанама түрде білдіретін бейконвенционалды құралдарды да жатқызуға болады. Кейбір модалдік мағыналар оларды білдіретін құралдардың семантикасына байланысты болмауы да мүмкін...
2010

Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі əрбір грамматикалық топтағы сөздердің семантикалық жəне грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Сөз тіркестерінің табиғатын құрылымдық (структуралық) жəне семантикалық аспектіде зерттеудің қажеттілігі мына мəселемен байланысты: сөздің байланысуында оның тұлғалық жағы ғана емес, сөздің ішкі мағынасы да маңызды роль атқарады. Яғни сөз тіркесінің құрамындағы сөздер мағына жағынан бір-бірімен байланысты болғанда ғана өзара тіркесе алады. Бұл жөнінде Л.Теньер былай деп жазады: «Синтаксической связи без связи семантической не существует» [1].
2010

Сөздің контекстуалдық байланысы, түрлі сөз таптарының семантикалық жəне синтаксистік деңгейдегі тіркесімділігі мен валенттілігі сөз таптарын синтагматикалық тұрғыдан қарастыруда аса маңызды рөл атқарады. Валенттілік теориясындағы өзекті мəселелердің бірі — валенттіліктің сөз таптарына қатысты анықталуы. Жалпы лингвистикалық зерттеулердің басым көпшілігінде, оның ішінде неміс грамматикасында валенттілік құбылысы синтаксистік тұрғыдан етістікпен байланысты қарастырылып, нəтижесінде басқа сөз таптарының валенттілік сипаты назардан тыс қалды. Алайда сөз таптарының ішінде зат есім, сын есім, үстеулердің валенттілік құбылысымен байланысы, валенттілік теориясындағы орны, валенттілік құрылымы туралы мəселелердің зерттелуі Б.А. Адмони, О.И. Москальская, О. Бехагель, тағы басқа ғалымдардың еңбектерінен бастау алады.
2010

Мақалада қазақ тіліндегі окказионализмдердің жалпы тіл біліміндегі топтастырылуына қысқаша шолу жасалды. Соның ішінде семантикалық окказионализмдердің жасалу ерекшелігі жан-жақты қарастырылды. Авторлар олардың көркем шығармада қолданылуына тоқталып, окказионализмдердің сөз мағынасының кеңеюіне тигізер ықпалын қарастырды. Жинастырылған мысалдар негізінде жазушының тілдік ерекшеліктері, яғни стильдік, сөз қолдану, көріктеу құралдарын қолдану ерекшеліктері, талданды.
2015

Мақалада туынды сөз семантикасының қалыптасу ерекшеліктері мен мəн-мағыналық қызметі қарастырылды. Автор негіз сөз бен туынды сөздің арасындағы мағыналық байланысты жəне туынды мағынаның дамуы барысында қалыптасатын мағыналық айырмашылықтарына тоқталды. Сонымен бірге туынды сөз мағынасының қалыптасуына қатысты ғалымдардың ойлары берілді. Туынды сөздердің семантикасының қалыптасуында əр түрлі деңгейде сақталып, қатынасқа түсетін құрамындағы семаларды талдап анықтама беріп, сөздің семантикалық күрделілігі осы семаларға байланысты екендігі айтылды. Сөзжасамдағы семантикалық өзгерістің себептері жан-жақты талданды.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.