Батырлар




Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында алыс жақын шетелдердегі мұрағаттар қорындағы қазақ тарихына қатысты құжаттары, ресми іс -қағаз құжаттамалары, нормативтік құжаттар
2014

Қазақ даласындағы патша үкіметінің отаршылдық саясатынан туындаған саяси жағдай Сырым тархан бастаған ұлт-азаттығы көтерілісіне ұласқан болатын.
2014

XVII ғасырдағы Қазақ хандығының шекарасы шығыс, солтүстік-шығыста Балхаш көлі және Ертіс өзенінің жоғарғы ағысының беті
2018

Ноғайлы дәуірі Еуразиядағы кең далада ерекше роль атқарған көшпелі қоғамның саяси және құқықтың дамуында маңызды із қалдырған кезеңнің бірі болып табылады. Ноғайлы дәуіріндегі көшпелі қоғамының, қоғамдық ойының маңызды мұраларының бірі батырлар жыры екендігі белгілі. Батырлар жыры осы кезеңде айшықталып, негізін қалады десек артық айтқандық емес. Ежелгі дәуірлерден бері жырланып келе жатқан барлық түркі халықтарына ортақ батырлар жырының дәстүрі осы кезеңде айшықталды.
2009

18 ғасырдағы қазақ халқының елі мен жерін қорғауда өшпес ерліктің өнегесін қалдырып, халқы құрметтеп Қабанбай, Дарабоз, Хан батыры атандырған ірі қолбасшы, жасақтың бас сардары, тарихи тұлға Қаракерей Қабанбай батыр еді. Халқымыздың ерлік шежіресіне байланысты немесе «Ақтабан шұбырынды...» кезіндегі зұлмат пен нəубет қатар келген тұстағы тарихқа үңілген қаламгерлер мен тарихшылар назарынан Қабанбай батыр тысқары қалмаған. «Айтуларға қарағанда, Қабанбай жоңғарларға қарсы соғысқа 103 рет кірген. Бұл ұрыстардың көбінде батыр жеңіспен оралып, елдің алқауына бөленген. Ел алдындағы ерлігін еске алып, Абылай хан өзінің айтқан серті бойынша оған «Дарабоз», «Хан батыры Қабанбай» деген құрметті атақтар берген» [1; 38], — дейді Шыңжаң өлкесінің тарихшылары батырға қатысты шығарылған еңбектерінде. Академик М.Қозыбаев: «Абылай ханның даналығы мен көрегендігі осы бір дала демократиясы мен хандық диктатураны бір жүйеге сая білді. Бөгенбай батыр бастаған, Қабанбай қостаған жаужүрек батырлар Абылайдың семсер ұстаған қолы болса, Бұқар мен Төле би бастаған шешендер мен көрегендер тобы Абылайдың сезімтал жүрегі болды» [2; 31], — деп жазады.
2011

Мақалада қазақ əдебиетінің көркемдік дамуының аса маңызды асыл арнасын құрайтын ежелгі дəуір рухани мұрасы жан-жақты қарастырылған. «Қорқыт ата кітабының» үлкен тарауы «Байбөрі баласы Бəмсі Байрақ туралы жырда» бейнеленген ежелгі қазақ салттарының ұлттық тəлім-тəрбиедегі құндылығы талданды. Сондай-ақ əдеби дамудың көркемдік арналары тарихи сабақтастық тұрысынан сараланды. Бүгінгі күнге дейін жетіп қана қоймай, сан ұрпақты ұлттық рухта тəрбиелеп келе жатқан мəдени мұраның əдеби жəне тарихи бірліктегі өзектілігі қазақ жəне көне дəуір əдебиеті дамуының көркемдік үдерісімен бірлікте екшеленді.
2012

Мақалада ХVІІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар шапқыншылығында аты шыққан Жидебай батырдың ерлігі туралы айтылады. Өзінің туған өлкесі, яғни Іленің бір сағасы Жиделі бойын, жаудан тазартқан Жидебай бейнесі сомдалған жырлар талданады. Авторлар тарихи мəліметтер мен жазба мұрағат деректеріне, шежірелік деректерге сүйене отырып, Жидебай батырдың өмір сүрген кезеңін, қайтыс болған уақытын, сол кезеңдерде болған азаттық қозғалыстар мен шайқастарды, Жидебай батырдың шапқыншылық замандағы жүргізген азаттық соғысын, басқа да тарихи оқиғаларды сипаттады.
2014

Кенесары ханның басшылық етуімен 1837–1847 жылдары жүргізілген ұлт-азаттық қозғалысының негізгі мақсаты Абылай хан тұсындағы аумақтық тұрақтылықты қалпына келтіру болып табылатындығы айтылған. Кенесары Қасымовқа қазақтың үш жүзі руларының едəуір бөлігін өз туы астында біріктіре алғандығына көңіл бөлінген. Оның жасақтарының текшілдері арасында атақты халық батырлары болғандығы көрсетілген. Қазақ жерлерін əскери отарлауға, Қоқан бектерінің озбырлығына қарсы жүргізілген жаппай күрестің ұлт-азаттық сипат алғандығы туралы қорытынды жасалған.
2015

Қозғалыстың жаппай жүргізілуі, кең көлемділігі, айқын саяси сипат алуы ХІХ ғасырда Кенесары Қасымов бастаған көтерілістің ерекшеліктері болып табылатындығына көңіл бөлінген. Қареке (Орта жүз) руынан шыққан Мəнжі батыр Кенесарының сенімді серігі болғандығы айтылған. Мақалада батырдың ерліктері жəне оның халық арасында айрықша танымал болғандығы суреттелген. Əсіресе оның Ақтау бекінісіне шабуыл жасаған кездегі ерлігі ерекше көрсетілген. Кенесары ханның басшылығымен жүргізілген көтерілістің қазақ халқының қарсыласу күшінің зор екендігін, елдің бостандығы мен тəуелсіздігін қорғап қалу үшін жан берісуге дайын екендігін көрсеткендігі туралы қорытынды жасалған.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.