Сөздіктер

Зерттеу мақсаты — азаматтық заңнама ережелерін қалыптастыру мен əрекет етуінде заң техникасы ережелерін сақтаудың маңыздылығын көрсетіп, шешу жолдарын ұсыну болып табылады
2021

Мақалада «ар» мен «ұят» ұғымдарының ағылшын және қазақ тілдеріндегі мағынасына салыстырмалы талдау жасалған.
2022

Мақала-пікірде Польшаның Краков каласында жарық көрген «Қазақша-полякша сөздіктің» көлемі, мазмұны мен кұрылымы талданып, оның саяси, димпломатиялық, мəдени, біліми, ғылыми мəні мен маңызы көрсетілді. Сөздік Шығыс пен Батыстың қарым-катынасы үшін қажетті еңбек ретінде сипатталды. Аталмыш сөздіктің лексикатану тарихында алатын орны бағаланып, тілтанымдық, лингвомəдениеттік, лингвокогнитивтік, тарихи, əдістемелік жақтары да талданды. Автор 2011 ж. жарық көрген «Қазақша-полякша сөздікті» қазіргі заманауи талаптарға сай екендігін айта келе, қостілді сөздіктің ішкі дүниесі, құрылымы əрі классикалық, əрі жаңашыл деп бағалады.
2016