Спорт

Мақалада білім алушы жастардың дене, соның ішінде, күш қасиеттерін жетілдіру жолдары, әдістері және тестілеу түрлерінің нәтижелері жайлы сөз қозғалады. Қазіргі кезеңде жастардың әлжуаздығы, заманауи ерекшеліктеріне беріле, отырықшы өмір сүру дағдылары осы салада жұмыс істейтін педагог мамандар, дәрігерлер үшін өте түйткіл мәселе болуда. Сондай кері әсерлерді болдырмау жолдарының бірі ретінде, жастарға күш қабілеттіліктерін дамыту  үшін жасалынған тәжірибе мен оның нәтижелері жайлы ауқымды материал берілген. Атлетикалық гимнастикамен айналысудың осы кезеңінде күш қабілеттіліктерін мүмкіндігінше жоғары деңгейде дамытуға болады. Осы жасақталған тәжірибелік әдістеме, педагогикалық тәжірибе барысында нақты нормалау арқылы, тексерілушілер қолданатын күш жаттығуларының әсерлі тиімді параметрлерін өзіне қосулары қажет екендігі анықталды: демалыс, қайталау саны, серия саны, демалыс сипаты.
2015

Қазақ халқының өз өмiрiне лайықты көптеген спорттық ойын-серуені болған. Аң аулау дəстүрі сонау көне заманда адамдардың күнкөріс кəсібімен бірге туғаны белгілі. С.Мұқановтың пікірінше, «көшпелі елдердің тіршілігіне көз салсақ, малшылық пен аңшылық егіз туғанға ұқсайды. Əйтсе де ең алдымен аңшылық пайда болған. Себебі үй хайуандарының өздері алғашында тағы хайуандар болғаны мəлім. Адамзат ең алғаш рет соларды аулап, тірідей ұстағандарын қолға үйреткен де, үйренбегендерін аулап, пайдалануын доғармаған» [1; 86].
2009

Мақалада зерттеу нысанына алынған мəселе — қазіргі фольклортанудағы өзекті тақырыптардың бірі. Қазақ ауыз əдебиетінде жеке сала болып қалыптасқан жəне əлі де болса жалғасын тауып келе жатқан балалар фольклорының көкейкесті мəселелері ғылыми тұрғыда қарастырылған. Автор балаларға арналған ойын түрлері мен өлеңдердің жас ұрпақты тəрбиелеудегі алатын орнына тоқтала келіп, олардың жеке тұлға қалыптастыру жолындағы психологиялық, педагогикалық маңызына зерттеу жасаған. Балаларға арналған қазақтың халық ойындарының түрлерін жəне оларға байланысты өлеңдердің шығуы мен айтылу ерекшеліктерін саралады. Ұлтымыздың байырғы балалар ойындары бүгінгі дамыған қоғамға сай өзгеріске ұшырауына нақты көңіл аударылған. Қазақтың байырғы балалар ойындарын қазіргі кездегі заман дамуына сай түрленуі мəселесін салыстырмалы тұрғыда талдаған.
2015

Мектеп оқушылары арасында спортты жаппай дамыту — оқушылардың спорттық шеберліктерін арттырудың ең маңызды жағдайларының бірі. Екінші жағыннан мектептегі спорттың кең өріс алуы дене тəрбиесі жөніндегі барлық жұмыстарды жақсартуды қамтамасыз ететін факторлардың бірі болуы тиіс. Мектептегі спорт кең қанат жаюы керек пе, керек емес пе, бұл мəселе мектеп тəрбиесінде əлдеқашан оң шешімін тапқан. Мектептегі спортты мойындау — бүкіл дене тəрбиесі жүйесінің даму нəтижесі.
2009

Өз ұрпағын ерлікке тəрбиелеуде халқымыз ел игілігі болатын еңбекті, ел қорғайтын батырлықты мадақтап, жоғары бағалаған. Халық елді қорғау адамгершіліктің асқар шыңы деп тұжырымдайды. Халқымыздың дəстүрінде елді қорғаушы елдердің ерліктерімен қатар, елі үшін жан аямай еңбек еткен саналы жандардың еңбектерінде үлгі-өнеге ретінде қастерлеген. «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі», «Отызында орда қорғай алмаған, қырқында қырдан аса алмайды», — дейді халық. Сондай-ақ ерлік қасиеттерді қаһармандықты батырлық жырларда қастерлей насихаттайды [1].
2010

Еліміздегі жастардың арасында футболдың үлкен танымалдығына байланысты онымен тұрақты шұғылдану нəтижесінде ұлдар мен қыздар ағзасындағы болатын морфологиялық жəне функционалық өзгерістерін жан-жақты білу аса маңызды. Осы мəселеге бірқатар зерттеулер арналған (В.В.Гориневская, Т.А.Цветаева, Г.И.Цинцадзе, Р.Е.Мотылянская, И.Н.Преображенский, Ю.Ф.Буйлин, А.И.Головина). Алайда көптеген аталған зерттеу жұмыстарында сол кездегі жаттығу жүктемелер мөлшері жəне жылдамдығы аз болған. Көптеген жылдардағы зерттеулерде бірқатар жұмыстарда мəселенің жекелеген жақтары қамтылған. Жүргізілген зерттеулерде футбол ерекшелігі, соның ішінде ұзын бойлы ойыншыларды таңдауда да көрсетілмеген.
2010

Қазақ халқы — материалдық (қазба байлық) мұраға қоса мəдени-рухани қазынаға да аса бай халықтардың бірі. Ұлттық ойындарды бүгінгі замандастарымыз бен жас ұрпақтарымыздың оқып- үйірене отырып, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата-бабаларының психологиялық бол- мысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарына саралап, жете білуіне, дəстүрлер жалғастығын өрістете отырып, өткен мен бүгінін байланыстыра білуіне септігін тигізбек. Қазіргі тарихи ғалымдардың дəлелдеуі бойынша, күні бүгін бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласы жаратылған күннен, демек Қазақстан жеріне қалыптасқан алғашқы қауымдастық құрлыстан басталады.
2010

Бүгінде қоғамдық қатынастардың нарықтық жағдайда қайта құрылумен байланысты жеке тұлғаны мəдени кеңістікте тəрбиелеп жетілдіріп қалыптастыру актуалды мəселе болып отыр. Бұл мəселенің философиялық, психологиялық жəне педагогикалық аспектілері бар. Рухани адамгершілікке тəрбиелеудің мақсаты жастардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады. Тəрбие өмірбақи үздіксіз жүретін үрдіс болса да, қазақ халқына жетілген тұлғаның сипатын «Сегіз қырлы бір сырлы» деген бір ауызбен түйіндеген. Өйткені адамның тəндік жəне жандық сипатын бірлікте қарастырған [1].
2010

Қазіргі кезеңдегі студент-спортшылар дайындау жүйесі өзіндік мақсаты, міндеттері, құралдары, əдістері, ұйымдастыру түрлері мен материалдық-техникалық шарттары бар. Студенттерді ең жоғары спорттық нəтижелерге жеткізу күрделі де көп факторлы құбылыс болып табылады. Сонымен қатар студент-спортшыны жарыстарға дайындайтын ұйымдастырылған педагогикалық үрдіс қажет. Əйел футболшылардың жалпыкомандалық жаттығуымен қатар, жеке ойыншылардың арнайы дайындауын қамтамасыз еткен де жөн. Футболшылардың техникалық дағдылары қарапайым, жылдам болуға тиісті. Бұл дағдыларды əбден жетілгенге дейін ойыншылардың жеке ерекшеліктерімен сəйкестендіре дамыту қажет [1].
2012

Мақалада дене тəрбиесі жүйесін қайта құрудың педагогикалық жолдары қарастырылған. Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыратын бағдарламаны құру үшін жалпы білім беру мекемелері оқушыларының дене тəрбиесін құру концепциясы талданды. Экологиялық ахуалдың нашарлауы, қоғамдағы əлеуметтік-экономикалық дағдарыс секілді мектеп оқушыларының денсаулығына теріс əсер ететін факторлар анықталды. Сондай-ақ салауатты өмір салты адамгершілік-рухани байлықты, тиімді қимыл-қозғалыс тəртібін тəрбиелейтіндігі сипатталған. Дене тəрбиесі мен сауықтыру іс- шараларындағы білім, біліктілік жəне дағдыларды игеру деңгейіне жүргізілген талдау оларды салауатты өмір салтының маңызды көрсеткіштері болып табылатындығын анықтады
2012

Мақалада бала өміріндегі ұлттық тəрбиенің рөлі туралы айтылған. Сол мақсатта ұлттық ойындардың, ұлттық мерекелердің, тілдің, салт-дəстүрдің маңызының ерекшелігі жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар осы айтылғандардың арасындағы сабақтастық жəне байланыс жақсы көрсетілген. Қазіргі замандағы көкейкесті мəселелерді шешуге байланысты ұлттық тəрбие арқылы Отанды сүюге балаларды баулу, үлкендерді сыйлау жайлы ойлары жұмыста жүзеге асырылған.
2015

Мақалада мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың денсаулығының жақсаруына бағытталған бірқатар денсаулық сақтау технологиясының бағыттары қарастырылған. Ғылыми-əдістемелік əдебиеттер мен авторлардың қоршаған ортаның бала денсаулығына əсеріне байланысты зерттеулері денсаулық сақтау технологияларын жетілдіруге мүмкіндік жасады. Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тəрбиенің тəжірибесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, əлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты мегзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тəрбиелеу негізгі міндеттердің бірі болып саналады.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.