Спорт

Дене тәрбиесіндегі оқыту дегеніміз – адамның дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнаулы білім жүйесінің қимыл- әрекетке үйрету, қалыптастыру, меңгеру, жетілдіру үрдісі.
2014

Ад амз ат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде дамыды
2014
Тег: Спорт

«Мы ставим великие цели во благо нашего народа, и поэтому я призываю все политические партии, общественные объединения, всех Казахстанцев активно участвовать в работе по достижению главной цели Стратегии-2050
2014

Мақалада авторлар денешынықтыру мұғалімдерінің педагогикалық құзыреттілігін қарастырған жəне «құзыреттілік», «біліктілік» ұғымдарының ара-қатынасын ашқан, практикалық тұрғыдан тəжірибе жүргізген. Қазақтың спорт жəне туризм академиясында, Алматы қаласының №122 мектеп-гимназиясында, Алматы қаласы И.В. Панфилов атындағы №54 Қазақстан-Ресей гимназиясында, Жамбыл облысы Меркі ауданындағы №20 орта мектебінде жүргізілген тəжірибелік жұмысының нəтижелері көрсетілген.
2012

Мақалада ойын теориялары мен технологиялары К. Гросс, Штерн, И. Кант, К. Бюллер, Бойтендайк, З. Фрейд сияқты белгілі және т.б. ғалымдардың философиялық­психологиялық көзқарастарына сәй­ кес қарастырылады. Ойынның психологиялық мазмұны мен маңызы А. Фрейд, М. Клейн және К. Левиннің түсінуіндегі негізгі ұстанымдық айырмашылықтар тұрғысынан айқындалған. Ойынның құрылымы көр­ сетілген. Жұмыстың негізгі бөлімі дидактикалық және ұлттық ойын­ дардың маңыздылығына және олардың жасөспірімдерге тигізетін жағымды әсерін ашуға арналады. Олардын нақты сипаттамасы, соның ішінде оқу мазмұнындағы түрлі жіктемелері көрсетіледі. Дидактика­ лық ойындардың сапасы талданады және оларды кұрастыру қағида­ лары ұсынылады. Жұмыста ұлттық ойындардың физикалық, интеллек­ туалдық және эмоционалдық дамудың көзі ретіндегі орнына ерекше мән беріледі. Ұлттық ойындарға сипаттама бере отырып, авторлар «Ақсүйек», «Ханталапай», «Арқан тартыс», «Тоғыз құмалақ», «Асық ойыны» және «Алтыбақан» сияқты ойындарды баланың интеллектуал­ дық тұлғалық дамуына да әсер ететін ойындар деп белгілейді. Кесте­ де «Асық» ойыны мен компьютер ойындарының салыстырмасы түрінде ұлттық ойындардың басымдылығы, олардың қазіргі жасөспірімдердің психологиялық денсаулығына тигізетін жағымды әсерлері көрсетіледі. Авторлар бұларды тарихи қалыптасқан және жасөспірімдердің өзіндік санасына оң әсер ететін ойындар ретінде қайта жаңғыртуды ұсынады.
2015
Тег: Спорт
Ұлттық ойындардың жасөспірімдердің психологиялық денсаулығына әсері

Мақалада білім алушы жастардың дене, соның ішінде, күш қасиеттерін жетілдіру жолдары, әдістері және тестілеу түрлерінің нәтижелері жайлы сөз қозғалады. Қазіргі кезеңде жастардың әлжуаздығы, заманауи ерекшеліктеріне беріле, отырықшы өмір сүру дағдылары осы салада жұмыс істейтін педагог мамандар, дәрігерлер үшін өте түйткіл мәселе болуда. Сондай кері әсерлерді болдырмау жолдарының бірі ретінде, жастарға күш қабілеттіліктерін дамыту  үшін жасалынған тәжірибе мен оның нәтижелері жайлы ауқымды материал берілген. Атлетикалық гимнастикамен айналысудың осы кезеңінде күш қабілеттіліктерін мүмкіндігінше жоғары деңгейде дамытуға болады. Осы жасақталған тәжірибелік әдістеме, педагогикалық тәжірибе барысында нақты нормалау арқылы, тексерілушілер қолданатын күш жаттығуларының әсерлі тиімді параметрлерін өзіне қосулары қажет екендігі анықталды: демалыс, қайталау саны, серия саны, демалыс сипаты.
2015
Күш  мүмкіншіліктерінің даму деңгейін жоғарылататын атлетикалық гимнастика арқылы білім алушы жастардың дене тәрбиесі  үдерісін жетілдіру

Қазақ халқының өз өмiрiне лайықты көптеген спорттық ойын-серуені болған. Аң аулау дəстүрі сонау көне заманда адамдардың күнкөріс кəсібімен бірге туғаны белгілі. С.Мұқановтың пікірінше, «көшпелі елдердің тіршілігіне көз салсақ, малшылық пен аңшылық егіз туғанға ұқсайды. Əйтсе де ең алдымен аңшылық пайда болған. Себебі үй хайуандарының өздері алғашында тағы хайуандар болғаны мəлім. Адамзат ең алғаш рет соларды аулап, тірідей ұстағандарын қолға үйреткен де, үйренбегендерін аулап, пайдалануын доғармаған» [1; 86].
2009
Тег: Спорт