Дәстүр

Мақалада қазақ əдебиетінің көркемдік дамуының аса маңызды асыл арнасын құрайтын ежелгі дəуір рухани мұрасы жан-жақты қарастырылған. «Қорқыт ата кітабының» үлкен тарауы «Байбөрі баласы Бəмсі Байрақ туралы жырда» бейнеленген ежелгі қазақ салттарының ұлттық тəлім-тəрбиедегі құндылығы талданды. Сондай-ақ əдеби дамудың көркемдік арналары тарихи сабақтастық тұрысынан сараланды. Бүгінгі күнге дейін жетіп қана қоймай, сан ұрпақты ұлттық рухта тəрбиелеп келе жатқан мəдени мұраның əдеби жəне тарихи бірліктегі өзектілігі қазақ жəне көне дəуір əдебиеті дамуының көркемдік үдерісімен бірлікте екшеленді.
2012

Мақалада қазақ тіл біліміндегі антропоцентристік бағыт аясындағы тіл мен таным бірлестігі, сөз құдіреті, қазақ халқының ментальдық ерекшеліктерінен ақпарат беретін тілдік бірліктер — кісі есімдерінің — жалпыадамзат мəдениетінің бір бөлшегі ретінде, халықтың өзіне ғана тəн тұрмыс- тіршілігінен хабар беретіні жайлы сөз болады. Авторлар «əлемнің тілдік бейнесінің» халқымыздың сан ғасырлық рухани-мəдени құндылықтарын, жүріп өткен жолын, өмір сүру салтын, дəстүрін бейнелейтін, солардың негізінде қалыптасқан тіл бірліктері — прецедент есімдерде сақталатынына назар аудара келіп, қазақ антропонимикасындағы прецедент есімдердің көрінісіне тоқталды.
2014

Мақалада қазақ халқының дарынды ақыны Махамбет Өтемісұлы поэзиясындағы фольклорлық дəстүр мəселесі сөз болады. Ақынның шығармашылығының құндылығы, жаңашылдығы сараланды. Махамбет поэзиясының дəстүрі тереңде екендігі, оның шығармашылығы жыраулар поэзиясымен үндестігі жан-жақты зерттелді. Ақын творчествосындағы тарихилық мəселесі арнайы сөз етілді.
2015

Мақалада тұрмыс-салт ертегілеріндегі дəстүрлі сарындардың қолданылу аясы жүйелі түрде айқындалған. Сондай-ақ олардың түрлері анықталып, ертегілердегі алатын орыны ғылыми тұрғыда сараланып көрсетілген. Əсіресе сиқырдың нəтижесінде жануарлардың өзге жаратылысқа айналуы немесе шешендік пен тапқырлықтың шығарманы көркемдеудегі рөлі тəрізді маңызды мəселелер нақты мысалдар қолдану арқылы өзінің оң шешімін тапқан.
2015

Мақалада сал-серілер бейнесі арқылы ұлттық рухани мəселесі қарастырылған. Сал-серілер — ғасырлар бойы ұлт мақтанышына айналған қайталанбас талантты өнер иелері. Қазақ халқының суырып салу өнері ұлттық рухани мұраға айналды. Атап айтсақ, Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Құлтума, Естай, Қанапия сияқты өнер тарландары ХІХ ғасырдың ІІ жартысында жəне ХХ ғасырдың І жартысында ұлттық музыка мəдениетінде жəне қазақ əдебиетінде маңызды орын алады.
2015

Мақалада ұлы қазақ даласында дүниеге келіп, артында өшпес із қалдырған ірі тұлғалар өмірінің өнегесі мен мұраларына педагогикалық сипаттама беріле отырып, олардың тұлғалық болмысындағы көпмəдениеттілігі, көптілділігі көріністері баяндалады. Ұлы тұлғалар əл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Иассауи, Ш.Уəлиханов, Ы.Алтынсарин жəне тағы басқа тұлғалар еңбектері мен өсиеттерінің туындауына олар өмір сүрген ортаның ықпалы мен тілдік шеберліктерінің нəтижесі ретіндегі туындыларына сипаттамалық талдау жасалды. Ірі тұлғалар өмірі мен еңбектеріндегі идеялары ұрпақтар сабақтастығы барысындағы адамзат қоғамының дамуына өзіндік із қалдырып, бір- бірінен кейін жалғасын тауып жатқан мұраларының маңыздылығы сипатталды. Ұлттық мəдени ортаның тұлға қалыптастыруға қаншалықты ықпалының болғандығы олар болмысының ерекшеліктеріне тоқталу арқылы баяндалды. Сонымен қатар көптілді білудің көпмəдениетті игеруге тікелей негіз болатындығы сөз болады.
2015

Ұлттық дəстүрлердің көркем мəдениеті жəне өнер тарихы дəстүрлері арқылы студенттердің шығармашылық іс-əрекеттерін жетілдірудің маңызы қарастырылған. Жоғары білім беру жүйесінде болашақ өнер мамандарының шығармашылық іс-əрекеттерін жетілдіруге қатысты өнердегі дəстүр сабақтастығы, қазіргі заманғы түбі бір, діні, ділі бір халықтардың көркемөнер мəдениеті ғылыми- өнертанымдық тұрғысынан зерттелген. Студенттердің түркітектес халықтар мəдениеті жəне өнері негізінде өнертанымдық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған байланыстардың маңыздылығы айқындалған. Бұл бағыттағы оқытушылар мен студенттердің өнерді оқыту саласындағы қазіргі мүмкіндіктерінің оқу үдерісінде толық ашылуы əдістемесі сарапталған. Өнерді оқыту əдістемесі мен оқу бағдарламаларының сəйкес келуі жəне түркітілдес халықтары мемлекеттерінің өнер тарихын оқытуда оқу жоспарын жақындастыру, бірыңғай ету жайлы жолдары ұсынылған.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.