Оқыту

Бұл мақалада шет тілін кәсіптік бағытта оқытудың ерекшелігі, тиісті оқу әдісі мен тақырыптардың материалдары таңдалып, болашақ кәсіби маманға қажетті қабілеттіліктерді дамытудың жолдары қарастырылады
2015

Мақалада қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін жаңашаландыру әдістері мен ерекшеліктері қарастырылған. Осы бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар туралы жазылған.
2015

Бұл мақалада шет тілін үйрену барысында мәтінмен жұмыс істеу ерекшеліктері, тиісті оқу әдістері, және кәсіби маманға қажетті қабілеттіліктерді дамыту жолдары қарастырылады
2015

Бұл мақалада интегративтік – модульдік әдіс негізінде фармация мамандықтары студенттеріне физикалық және коллоидтық химияны оқыту процесінің теориялық моделін дайындау тиімділігі айтылған.
2015

МақалаДа фармацевтикалык пәнДерДы оқытуДа CBL инновациялық тәсілДерДі қолДану және болашақта кәсіби мінДеттерін білікті, сапалы орынДайтын, уақыт талабына сәйкес маманДы қалыптастыруға бағытталған фармацевтиқалық пәнДер курсының әДістемелік жұмысы қарастырылған.
2015

Мақалада болашақ дәрігер студентті кәсіби түрде құзіретке бағдарланған бағыт бойынша дайындаудың жоғарғы оқу орындарында ұсынылған әдістерін зерделеу қарастырылған
2016

Қазақстан Республикасының 2015- жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсетілген шараларды біртіндеп іске асыру мақсатында білім беру саласында еңсерілген жұмыстардың бар екені  белгілі. Егер тұжырымдаманың іске асырылуының бастапқы кезеңіне жоспарланған бастауыш жəне негізгі білім берудегі (1-10 сынып) бағыт-бағдар анықталып, қажетті бағдарламалармен қамтамасыз етілді десек, келесі кезектегі кəсіптік білім беру (11-12 сыныптар, ЖОО дейінгі кəсіптік оқу орындары, ЖОО) мəселесінде бірқатар педагогикалық, дидактикалық, ұйымдастыру жəне  басқа да мəселелердің шешілуі қажет.
2010

Мақалада инновациялық педагогикалық технологиялардың ғылыми негіздері туралы пікірлер айттылған. Мысал ретінде студенттерді магистратураға, оқуды озық университеттерде жалғастыруға ұсынуға қажет олардың рейтингін анықтаудың жаңа əдісі келтірілген.
2012

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Осыған орай Қазақстан Республикасының  Президенті  Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына «бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп қазіргі білім саласына артылатын салмақты көрсетіп берді [1].
2012

Мақалада С. Қожахметов жəне оның педагогикалық мұраларындағы дидактиканың дамуының жолдары көрсетілген. Оның еңбегіндегі «Жалпы педагогика жəне педагогика», «Оқыту технологиясы жəне оқыту үдерісінің субъектілері», «Педагогика тарихы» бағыттары бойынша еңбектері қарастырылған. С. Қожахметовтің педагогикалық білім беруді дамытудағы қосқан үлесіне талдау жасалынған.
2012

Мақалада мектепке дейінгі ұйымда əдістемелік жұмысты басқару мəселесінің тарихына шолу жасалып, əдістемелік жұмысты басқаруды жаңаша құру мəселесін қолға алу жайлы ой қозғалады. Көптеген зерттеушілердің білім беру жүйесін басқаруда екі нəрсеге айрықша тоқталатыны туралы көрсетіледі. Мектепке дейінгі ұйымды басқару жүйесінде əдістемелік жұмыстың маңыздылығы мектепке дейінгі тəрбие мəселесі бойынша тарихи-əдістемелік, ғылыми-теориялық арнайы зерттеулерге тоқталады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы əдістемелік жұмыстың даму жолына назар аударылып, оның бірнеше кезеңдеріне сипаттама беріледі. Педагогика ғылымында əдістемелік жұмысты басқаруды жетілдірудің тиімді құралы ретінде педагогикалық диагностика қарастырылады. Педагогикалық жəне əдістемелік еңбектерге шолу жасау барысында педагогикалық диагностика негізінде басқарудың тиімді əдістері мəселелері анықталады. Мектепке дейінгі ұйымда əдістемелік жұмысты басқаруда əдістемелік жұмысты диагностикалауда басқарудағы мақсаттар негізінде əрекет көрсетіледі. Тəрбиешілердің білім беру мен тəрбиелеудегі табысты нəтижелерін анықтау; тəрбиешілердің білім беру мен тəрбиелеу барысында жіберген кемшіліктерді анықтау; білім беру мен тəрбиелеу нəтижелерінің қойылған мақсаттарға сəйкес келмейтінін айқындаған жағдайда түзету жұмыстарын жүргізу; білім беру мен тəрбиелеу үдерісінің келесі кезеңдерін жоспарлау; тəрбиешілерді жұмыстағы табыстары үшін мадақтау көмегімен қызығушылығын тудырып, келесі қадамдардың күрделілігін реттеу; білім беру мен тəрбиелеу шарттарын жақсарту жолдары. Мектепке дейінгі ұйымдағы əдістемелік жұмысты педагогикалық диагностика негізінде басқару педагогикалық үдерісті тəрбиешілер мен тəрбиеленуші балалардың ерекшеліктері мен əр педагогтің дамуына тұлғалық бағытталу тəсілін қолдануға, оның əдістемелік көмек қажет ететін тұстарын ұғынуға, педагогтің күшті жəне əлсіз жақтарын анықтауға, оны жеке іс-əрекет түрінде бекітуге нақты тəсілдер белгілеуге мүмкіндік беретіндігіне көңіл бөлінеді.      
2013

Білім берудің негізгі жетістігі, ол білімгерлердің ойлау қабілетін дұрыс ұйымдастыра білу. Оқу көрнекілігі – оқу материалын меңгеру сипатына әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Оқытушының баяндауымен түсіндірілген сабақтан алынған білімге қарағанда, көрнекілікті пайдалана отырып, оқытылған сабақтар бі­ лімгерлердің білімін жоғарылататыны белгілі. Оқу үдерісінде көр­ некілікті пайдалану оқытушымен тығыз байланысты. Білімгерлер мұғалімнің айтқан оқу материалдарын, алған білімдерін өздері эксперименттер арқылы, құбылыстар мен үдерістерді нақтылап, көре ала­ ды. Көрнекілік құралдар студенттердің оқуға деген қызығушылығын арттырады. Мақалада саңырауқұлақтар бөлімінен көрнекіліктерді пайдалану ерекшеліктері мен әдістері келтірілген. Қазіргі таңдағы саңырауқұлақтар бөліміндегі өзгерістерге шолу жасалған. Саңырауқұ­ лақтардың түрлерін (қаракүйе, ақұнтақ, қастауыш, зең саңырауқұлақтары, астықтың сызықты таты), көрнекілік ретінде пайдаланудың ерекшеліктері көрсетілген. Сонымен қатар, астықтарды зақымдайт­ ын (фузариоз және макроспориоз) ауруларының қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері  берілген.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.