Мемлекет

Мейірбике көп тараған мамандықтардың бірі болуына қарамастан, бүгінгі күні, жер жүзі орта медперсоналмен қамтамасыз етілуден таршылық көріп отыр
2015

Мақалада, ұрықтың антенатальды өлімімен аяқталған жүкті әйелдердің медициналық карталарына жүргізілген талдау нәтижелері баяндалған
2015

Бұл мақалада қазіргі таңда Қазақстан Республикасында тіркелген клиникалық практикада аутоиммудық, дерматологиялық ауруларды емдеуде және офтальмологияда қолданылатын
2015

Ұлтаралық жанжалдардың көбісі қазіргі жаңа қоғамда көп таралған құбылыс болып келеді. Бұл мəселе тек бүгін ғана туындаған жоқ. Адамзат тарихында соңғы 5 мың жыл ішінде 3,5 млрд. адам дүние салған 15 мыңға жуық соғыс пен қаруланған жанжалдар болды. Халықаралық Стокгольм институтының зерттеулері бойынша ХХ ғасырдың 80-жылдары болған жанжалдардың көбісі этносаралық болды.
2011

Түркістан өлкесінде кеңес өкіметінің орнап, оның одан әрі қарай дамуында республиканың Халық Комиссарлары Кеңесінің рөлі ерекше болды. Түркістан республикасының басқару жүйесінде Халық Комиссарлар Кеңесі жоғары атқарушы билік тармағын қалыптастырды. Түркістан республикасы 1918-1924 жж. аралығында өмір сүргені көпшілікке мәлім. Осы уақыт аралығында Халық Комиссарлары Кеңесінің даму тарихын шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады.
2009

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысының ерекшеліктері негізінен 30 тамыз 1995 жылы жалпы халықтық референдумда қабылданған қазіргі қолданыстағы конституциямыздың 1 бабында көрініс тапқан болатын. Аталған конституцияның тиісті бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1, 6 б], – деп көрсетілген. Міне, бұл Қазақстан Республикасының экономикалық, саяси, мемлекеттік және құқықтық жүйесінің негізін айқындайтын басты ұстанымдар. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын айқындайтын аталған негіздер әлемдік тәжірбиенің, яғни мемлекеттік құрылысты қалыптастырудың сан ғасырлық сыннан өткен көрінісін бейнелейді. Демократиялық бағытта дамуды қазіргі таңда барлық дамыған мемлекеттер өздерінің негізі заңдарында бекітіп, жетілдіру үстінде.
2010

XX ғасырдың басындағы сұрапыл жəне ұлт пен мемлекет үшін шешуші кезеңде көптеген зиялы азаматтар арасында Тұрар Рысқұлов та тарих сахнасына шықты. Қазақстанның қазіргі оңтүстік облыстарының аумақтары кіретін Түркістан өлкесінде Кеңес үкіметін орнатуға, Түркістан АССР-нің мемлекеттік-құқықтық тұрғыдан қалыптасуына, өңірдің саяси-əлеуметтік жағдайының жақсаруына атсалысқан, кейіннен Түркістан Республикасында түркі тілдес халықтарының ортақ мемлекеттілігін, олардың саяси дербес болуы үшін көп еңбек еткен азаматтың бірі – осы Тұрар Рысқұлов болатын. Оның текетіреске толы, өмірінің соңына дейін елі мен жұртының қамы үшін күрескенін халық жадынан шығармайды.
2011

Мемлекеттік қызмет мемлекеттің негізгі институттарының бірі болып табылады жəне өзінің табиғаты бойынша терең тарихқа ие. «Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл- ауқатының артуы» атты Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауында елбасымыз мемлекеттік қызметтің жаңа заңнамалық жəне институционалдық базасы құрылуы тиіс мемлекеттік қызмет  жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтады. Осыған байланысты мемлекеттік қызметтің əртүрлі аспектілерінің құрылуы мен қызмет етуін анықтау тек мемлекеттік басқару аясындағы мамандарға ғана емес, сонымен қатар білімді адамдардың кең ауқымына да қажет болып отыр. 
2011

Өркениет жағдайында қоғамды сипаттайтын маңызды ерекшелік – тəуелсіздікке деген ұмтылыс: біртіндеп нығаятын (үзілістермен, кейін қарай бұрылыстармен, қиыр жолдармен) жеке адамның автономиясы, жеке меншікке негізделген экономиканың тəуедсіздігін, жеке адамның қоғамды басқаруға қатысуы (түрлі формалардағы халықтық билеу).
2011

Мемлекет өзінің əрбір даму кезеңінде əртүрлі өзгерістерден өтеді. Соның нəтижесінде оның функциялары да дамып жəне өзгеріп отырады. Мемлекеттің бір функциясы өмірге келіп жатса екіншісінің мəні жойылып жатады. Сондықтан да мемлекет теориясында функционалдық əдіс бастапқы əдістердің бірі болып табылады. Мемлекеттің жалпы теориясында ең өзекті əрі маңызды сұрақтардың бірі болып оның функциялары табылады. Мемлекеттің мəні мен əлеуметтік тағайынының нəтижесінде мемлекеттің функциясы анықталады.
2010

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезі Қазақстанның мемлекет жəне құқық тарихында шешуші əрі тағдырлы кезеңге айналғаны баршаға мəлім. Себебі, Ресейдің империялық саясаты, одан кейін Кеңестік Ресейдің жүргізген реформаларының нəтижесінде Қазақ жерлері, оның ішінде қазақ халқының тозы шығып, бытыраңқылыққа айналдырылған болатын. Кейіннен, 1924 жылы орын алған Орта Азия республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу науқанының нəтижесінде қазақ жерлерінің қайта қосылуына, ұлттық бірлік болмысын қайта жаңғыртуда, елім, жерім дейтін талай азаматтар дүниеге келді.
2010

Қоғамдық ғылымның кез келген мəселесін қарастыру барысында көптеген ұсақ-түйек сұрақтар мен əртүрлі жан-жақты көзқарастар арасынан қажеттісін іріктеп алу үшін негізгі тарихи байланысты білген абзал — «кез келген сұраққа белгілі құбылыстардың қалай жүзеге асқаны тұрғысынан жəне оның дамуы тұрғысынан қарап, құбылыстың неге айналғанын білуге болады» [1; 7]. Мемлекет мəселелерін зерттеушілер арасында мемлекеттің пайда болу процесіне қатысты бірлік тұрмақ, қауымдастық та жоқ. Мемлекеттің шығу тегіне қатысты жалпы түсініктермен қатар, кейде тіпті кереғар көзқарастар да кездеседі. Кейбіреулердің мемлекеттің пайда болуын терең жəне жан- жақты түсінуге қажетті фактілерді саналы түрде бұрмалайтындығы да рас. Осыған байланысты ХХ ғасырдың басында көрнекті мемлекет танушы Л.Гумплович былай деп жазады: «Егер мемлекет түсінігі саяси бағыттарды көрсетуге, саяси бағдарламаларды мазмұндауға сайылса, саяси құштарлықтардың орындалуына қызмет етсе, онда ол мемлекеттің шығуы таза тарихи акт ретінде бұрмаланғанын білдіреді. Мемлекеттің пайда болу мəселелерін «жоғары идея» деп аталатындардың пайдасына саналы түрде бұру жиі кездеседі» [1; 38].
2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.