Энергетика

Бұл мақалада еуропалық одақ мысалында жаңаратын энергия көздерін игеру, оларды пайдалануҚазіргі ресей-жапон қарым-қатынастарының ерекшелігі екі ел арасында екінші дүниежүзілік соғыстан кейін   əлі күнге дейін бейбіт келісімге қол қойылмауында. Екі тарап арасындағы көптеген салалардағы ынтымақтастықтың толық мəнінде өз мүмкіндіктерін пайдаланбауына бүгінгі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан аралдар мəселесі өз əсерін тигізіп келеді. Оңтүстік Курил аралдары тобына енетін Хабомаи, Шикотан, Итуруп, Кунашир аралдарының тиістілігіне жапон тарабының өз талаптарын қоюы ынтымақтастықты нығайтуға бөгет жасауда. Алайда екі ел басшыларының аталған мəселе бойынша келіссөздер үстелінде бас қосуы мəселенің шешімін табуда алға жылжу болып табылады. Тек Ресей мемлекетімен ғана емес, Қытай Халық Республикасы жəне Оңтүстік Корея мемлекеттерімен аумақтық даулары бар Жапония үшін Ресеймен экономикалық, энергетикалық ынтымақтастықты үдемелі дамытуды көздеуде. Соңғы жылдары сауда-экономикалық қатынастарда жоғары көрсеткіштерге жетуі соның жарқын көрінісі болып отыр.
2014

Бұл мақалада  еуропалық  одақ  мысалында  жаңаратын  энергия  көздерін  игеру,  оларды  пайдалану-  ды ұйымдастыру жəне болашақ үдерісіне ғылыми талдау жасалынды. Еуропалық одақтың қазіргі энергетикалық саясатында энергияның балама көздерінің орны мен рөлін, осындай балама көздерді дамыту болашағы мен шегін көрсетуге талпыныстар жасалынады. Еуропалық одақтың энергияның балама көздеріне белсенді түрде көңіл бөлуінің себептері қарастырылады. 2008 жылы қабылданған «ЕО-ның жаңа энергетикалық саясатына» энергияны үнемдеу жəне игеру арқылы «ЕО-ның өз энергия ресурстарын барынша пайдалану» стратегиялық міндеті қойылған болатын. Дəстүрлі энергия көздерімен (қайта қалпына келмейтін, сарқылатын) қатар балама энергия көздерін энергия баланста 2020 жылы 20%-ға дейін жеткізу көзделді. Мақалада, сонымен қатар энергияның балама көздерінің негізгі түрлеріне (жел, күн, биомасса энергиясына, кіші су электр станцияларына), осы саладаға қол жеткізген жетістіктер мен оны игеруге қатысты болжамдарға талдау жасалынады.
2014

Мақалада қазақстандық-американдық ынтымақтастықтың стратегиялық серіктестік деңгейіне өтуімен екі жақты диалогтың жаңа мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін айқындау тұрғысынан экономикалық қарым-қатынастар мазмұнының сипаты ашылып, даму үдерісі қарастырылған. Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың энергия қорлары саласындағы ықпалдастығының кейбір жетістіктері мен мәселелеріне талдау жасалған. Энергетика ресурстарын дамыту мен әртараптандыру бойынша Қазақстанның АҚШ жоспарында алатын орны ерекше және және бұл келесідей факторлармен негізделген: республика дамуының тұрақтылығы мен болжамдылығы, ықтимал инвестициялық климат, экономикалық өсуі, көп жақты және прагматикалық көзқарасқа негізделген сыртқы саясат, демократиялық үдерістердің оңды серпінділікпен дамуы. Қазіргі таңда Қазақстан – АҚШ қарым-қатынастары әлемдік саясаттың түйінді мәселелері бойынша ұстанған бағыттарының, сондай-ақ ықпалдастықтың басым салаларындағы ұзақ мерзімдік ұлттық мүдделерінің жақындығымен ерекшеленетіндігі атап өтіледі.
2014

Бұл мақалада энергетикалық қауіпсіздіктің анықтамасы мәселесі қарастырылған. Энергетикалық қауіпсіздік анықтамасы мәселесіне қатысты түрлі авторлардың еңбектері, бірқатар мемлекеттердің және түрлі халықаралық ұйымдардың құжаттарындағы анықтамалар келтірілді. Энергетикалық қауіпсіздік әлемдік саясаттағы маңызды мәселелердің біріне айналды, алайда ұғымының жалпы танылған тұрақты анықтамасы жоқ. Энергетикалық қауіпсіздік анықтамасындағы айырмашылықтар, бірінші кезекте, тараптар мүдделеріндегі өзгешеліктерімен байланысты. Бір мемлекет экспорттаушы болса, екіншісі – импорттаушы, яғни олардың мүдделері де әр түрлі. Мұнайды жеткізуші өнім бағасының жоғары болуын қаласа, тұтынушы төмен болуын қалайды. Энергетикалық қауіпсіздіктің ортақ анықтамасына келу әлі де мүмкін болмаса да, тараптар арасында ортақ қағидалардың бар екендігін байқауға болады. Ең бастысы, энергетикалық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздікттің маңызды құрамдас бір бөлігі болып табылады. Ал энергетикалық қауіпсіздікті әлемдік деңгейде орнату үшін барлық тараптар ымыраға келуі тиіс.
2014

Каспий аймағы – энергетикалық және геосаяси жағынан алғанда өте маңызды стратегиялық кеңістік. Мақалада Түркияның Каспий мен Орталық Азия аймағына қатысты жүргізіп отырған саяси-энергетикалық стратегияларын қарастырамыз. Түркия Ресейдің Каспий мен Орталық Азиядағы энергетикалық саясатын теңгеріп, Иранның аймақтық саясатымен бәсекелесе алатындай салмақты ойыншыға айналуда. Түркия – ықпалы артып, экономикалық әлеуеті өсіп келе жатқан күштердің бірі. Түркияның саясаты тек энергетикалық жолдар мен құбырларды бір-біріне жалғайтын көпір рөлін атқаруға ғана бағытталмайды. Түркияның саясаты Еуропа, Кавказ, Каспий, Орталық Азия, Иран, Араб аймақтарының экономикалық энергетикалық мүмкіндіктерін барынша кең көлемде пайдаланып қалуға бағытталған.
2014

Мақалада жаңа деңгейге шыққан Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық, әсіресе энергетикалық және мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық қарастырылады. Бүгінгі күні Қытайдың жоғары қарқынды экономикасы отын-энергетикалық кешенінің дамуымен толық қамтамасыз етпеуде. Елде энергия көздерінің жетіспеушілігі арта түсуде, бұл оны энергия көздердің нетто-импортерлер санатына өтуге әкелуде. Ауылшаруашылығының қажеттілігін энергия көздерімен қамтамасыз ету мемлекеттің сыртқы саяси стратегиясы факторларының біріне айналдыруда. Қытайдың энергетикалық дипломатиясының негізгі түйіні – елдің қажеттілігін тұрақты және жоғары тиімді энергия көздерімен, яғни мұнай және табиғи газбен қамтамасыз ету. Ал Қазақстанның мұнай-газ саласы жоғары инвестициялық тартымдылықты сақтай отырып, белсенді түрде өсу арнасында. Сонымен бірге мақалада энергетика саласындағы ынтымақтастық екіжақты қатынастарды дамытуда зор мәнге ие екендігі де атап өтілген. Тараптар өзара тиімді қағидаттар негізінде энергетикалық ынтымақтастықты үздіксіз кеңейтумен қоса әлі де тереңдетуге ниет білдіретіндіктері айтылады.
2014

Мақалада жаңа Энергетикалық Одақтың негізгі концепциялары мен даму болашағы қарастырылған. Энергетикалық саясат Еуропалық Одақтың қазіргі саясатының ең өзектілерінің біріне айналуда. Энергия экономикалық өсуді, ғылым мен техникадағы прогресті, тұрмыстағы қолайлылықты қамтамасыз етуші таптырмас индустрия бөлігі. Сондықтан, энергетикалық қауіпсіздік қандай да болсын елдің басты толғандырушы мәселесі болып табылады. Қазіргі кезде энергетикалық прогреске кедергі жасап отырған бірнеше факторлар бар: нарықтың интеграциялануының жоқтығы, ішінара келісілмеген ұлттық саясатты жүргізу, үшінші тарап болып табылатын ЕО құрамына кірмейтін елдерге қатысты ортақ бағдардың  болмауы. Сондай-ақ, Еуропадағы энергетикалық қауіпсіздік осы ресурстарды тасымалдаушылардан тәуелсіз болуымен тығыз байланысты. ЕО тұтынатын энергияның 53% импорттайды. Ал кейбір елдер бір ғана газ тасымалдаушыға тәуелді болып келеді. Энергетикалық Одақтың шектелмелі стратегиясы әртүрлі салалардағы шараларды жалпы реттелген  стратегиясына  біріктіреді.
2015

Бұл мақалада энергетикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілері мәселесі қарастырылған. Энергетикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілеріне қатысты түрлі авторлардың еңбектері мен көзқарастары қарастырылып келтірілді. Энергетикалық қауіпсіздік халықаралық сауда, жеткізілім және бағамен байланысты бірқатар күрделі факторлардан шығады. Сол себептен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мәселенің шешу жолдарын іздестіруде оны жан-жақты, соның ішінде теориялық зерттеу маңызды қадамдардың бірі болып отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттер бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, энергетикалық фактор бүкіл әлемге бірдей әсер етеді. Сондықтан энергетикалық қауіпсіздік мәселесі қазіргі заманғы халықаралық қатынастарда ерекше назарды қажет етуде. Энергетикалық қауіпсіздік тұжырымдамасын өңдеуші халықаралық қатынастар теориясында реализм мен неореализм, либерализм мен неолиберализм ерекше бөлініп, соның ішінде реализм халықаралық қатынастардағы энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін қозғайтын үстем теория болып табылады. Теориялық  аспектілер Г. Моргентау,  К. Уолц, Р. Гилпин, Б. Бузан сынды тұлғалардың еңбектерінде көрінісін табады.
2015

Ұсынылып отырған мақалада автор энергияны экологиялық­құ­ қықтық тұрғысынан қарастырады. Энергияның адамзат алдындағы стратегиялық қажеттілігін ескере отырып автор сонымен қоса энер­ гияны құқықтық зерттеу керектігіне назар аударады. Қазіргі уақыт­ тағы түсінік бойынша энергия материалдық зат болмағанын өзінде, адамзат қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне ие игілік болып табылады. Қойылған мақсаттарға жету үшін автор нәтижесінде тұ­ жырымдамалық қорытындылар жасалынатын нақты міндеттерді өз алдына қояды. Қорытындысында, экологиялық және энергетикалық заңнаманы интеграциялау мақсатында экологиялық­энергетиалық ресурс ұғымын интерпретациялауды ұсынады. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижесі болып автордың энергия экологиялық құқықтық қа­ тынастардың объектісі бола алады деген тоқтамға келуі.
2015

Мақала қазіргі кезеңдегі бейбіт атомның дамуын талдауға арналған. Әлемдік нарықтардың тұрақсыз жағдаяттары,  жетекші  өндірістік және дамушы мемлекеттердің экономикасының дағдарыстан кейін қалпына келу үдерісінің төмен қарқыны әлемдік энергетикадағы жағдайға әсер ете отырып, оның жаһандық энергетикалық кеңістікте даму болашағын айқындау мәселесін өзекті етті. Соңғы он жылдардағы маңызды феномен – әлемдік энергетикалық теңгерімінде атом саласының меншікті салмағының өсуі болып отыр. Мақалада теориялық көзқарастар және атом энергетикасын қалыптастыру саясаты зерттеледі. Қысқаша түрде атом саласының эволюциясы қарастырылып, төрт кезеңге бөлінеді. Атом энергетикасының басқа энергия көздерінен басымдығы көрсетіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ядролық-энергетикалық әлеуеті талданып, Қазақстанда бейбіт атомды пайдалану және дамытудың маңыздылығы анықталады. Атом энергетикасының даму динамикасы көрсетіп отырғандай, ол болашақта көптеген мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі факторының біріне айналуы әбден  мүмкін.
2015

«Оңтүстік дәліз» жобасының стратегиялық маңызы және жаһан­ дық энергетикалық қауіпсіздік жүйесіндегі маңызы мен рөлі аталып көрсетіледі. Еуропалық Одақтың энергожеткізілімдерді әртараптан­ дыруға байланысты саясаты және осыған байланысты жобаны қол­ дауы белгіленеді. Келешекте бұл дәліз арқылы Таяу Шығыстан да табиғи байлықтарды тасымалдау мүмкіндігі қарастырылады. Табиғи газдың көміртексіз электрэнергетикасына өтудегі резервтік отын ре­ тінде қарастырылуы қозғалады. Еуропалық Комиссияның «Оңтүстік дәліз» жобасына қатысты берген бағасы мақалада көрсетілген. Еуро­ палық Одаққа мүше елдердің энергетикалық саясаты да аталады. Дәліз жобасына енетін газ құбырларының маршруттарына да мән беріліп, қатысушы елдердің компанияларының пайыздық үлесі де аталып көрсетіледі. Орталық Азияның мұнайы Еуропалық Одаққа энерготасымалдаушыларды жеткізуде әртараптандырудың шынайы нұсқасына айналып отырғаны да мақалада белгіленіп  көрсетілді
2016

Орнықты даму Концепциясы 1984 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысының бастамасы бойынша қоршаған ортаны қорғау және даму жөніндегі Халықаралық комиcсиямен БҰҰ-ң екінші Стокгольмдық (1972 жыл) Конференцияcынан кейін даярланған болатын. Комиссия міндеті 2000 жылға дейінгі және одан арғы мерзімге арналған қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұзақ мерзімді стратегия ұсыныстарын; әлемдік қоғамдастықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің тиімді шешімін табуға болатын әдістер мен құралдарды жасау болды. Орнықты даму жөніндегі ойлар «Біздің ортақ болашақ» атты 1987 жылы БҰҰ-ң Бас Ассамблеясына ұсынылған қоршаған ортаны қорғау мен даму жөніндегі Халықаралық комиссия Баяндамасында көрініс тапқан.
2010

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.