Қауіпсіздік

Елбасының Қазақстан халқына жылсайынғы жолдауында экономиканы қозғаушы күш ретінде кəсіпкерлікке көңіл көп бөлінеді: «Диверсификацияның өзегі – кəсіпкерлік болып табылады. Біз өз мойнына тəуекел алатын, жаңа нарықтарды игеруге тырысатын, инновациялар енгізуге дайын күшті кəсіпкерлер санатын көргіміз келеді. Тек кəсіпкерлер экономиканы модернизациялаудың қозғаушы күші болып табылады» [1].
2012

Бұл ғылыми мақалада автор экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объективтік жағы бойынша саралау мəселелерін ҚР күшіндегі жəне жобаланып жатқан қылмыстық заңнамасы негізінде қарастырған. Автор экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстарды объективтік жағынан жаңа редакцияда толықтыруға тырысқан: ҚР ҚК-нің 277,278,279,294 баптары жəне ҚР ҚК-нің (жобасы) 329,330,331,348 баптары. Автор зерттеудің нақты нəтижелерін ҚР бағдарламалық құжаттарымен, отандық жəне шетелдік ав- торлар пікірлерімен, шетелдік қылмыстық заңнаманы қолданудың практикасымен жəне эмпирикалық мəліметтермен анықтаған.
2013

Осы мақалада əркімнің өмірін, денсаулығын сақтауға деген құқығын іске асыру мəселелеріне қатысты ұлттық заңнамалық нормалардың халықаралық стандарттарға сəйкестігі зерттеуге алынды.
2013

Экологиялық қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету мəселелерінің адамзат өркениетінің даму жолында ұзақ əрі күрделі тарихы бар. Мемлекетімізде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының бірқатар тетіктері қалыптастырылды. Қоршаған ортаның қауіпсіздігі – ол тиісті ортаның антропогендік жəне басқа да факторлардың қатерлі əсерінен қорғалуының жай-күйі. Со- нымен қатар қоршаған ортаны қорғау динамиканы құраса, ал экологиялық қауіпсіздік табиғатты тиімді, кешенді пайдалану жəне қоршаған ортаны тиісті деңгейде қорғалу нəтижесін құрайды. Тиісті нəтижеге жету немесе адам баласының талабын қанағаттандыратын қауіпсіздік көрсеткішінің сақталуы, осы бағыттағы заң нормаларының тиімді болуымен тікелей байланысты.Адамзат өркениеті дамуының бүкіл тарихы көрсетіп отырғандай кез келген мемлекеттің қатардағы адамдарының əл- ауқаты, ең алдымен, оларды қоршаған табиғи ортаның қауіпсіздік дəрежесіне байланысты екендігін анық көрсетіп отыр.
2013

Ғылыми мақалада ТМД мемлекеттеріндегі азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етудің мəселелері қарастырылды. Зерттеу барысында анықталған ТМД елдерінде қабылданған заңдардың кемшіліктеріне тоқталып, азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету заңнамалар жетілдіру үшін ұсыныстары талқыланды. ТМД-дағы аграрлық саясатындағы агроөнеркəсіптік кешенін бағдарламаларына талдау жүргізіліп, аграрлық сектордағы мəселелерді шешу жолдары анықталды.
2013

Мақаланың мақсатына сәйкес елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеудің өзекті мәселелері зерттелген. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі және болашағына қатысты қоғамдық және ғылыми пікірлері талданған. Соңында осы мәселені шешу жолдары қарастырылған.
2013

Нақты мақалада Қазақстан Республикасындағы азық-түлік қауіпсіздігі, ветеринарлық қауіпсіздік және азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың және азық-түлік айналымында гендік түрлендірілген өнімдерді пайдаланудың құқықтық мәселелері қарастырылды. Еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қолданыстағы заңнамаларды жетілдіруге ұсыныстар жасалды
2013

Мақалада құқықтық және пенитенциарлы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұғымы мен арақатнасы қарастырылады. Пенитенциарлық процестің негізгі субъектілері заңды теңдігі, оның заңдылығы мен тұтқынның және қылмыстық жазаны орындаудың пенитенциарлық құралы тұтқынның және сотталушының өкіну процесінің субъективті түрін еркін таңдай алумен анықталады. Сотталушының, тұтқынның және қызметкерлердің құқығының қамтылғандығының нақты тепе-теңсіздігі сотталушының өзін қорғау құқығын белсенді күшейта алады, соның ішінде прокуратураға, соттарға, құқыққорғау органдары мен ұйымдардың әрекетін бақылаушы, адам құқығын қорғау Еуропалық сотына арыз беруіне болады. Пенитенциарлық қауіпсіздікті қамсыздандырудың мәні пенитенциарлық құқықтың құқықтық күштілігін құрайды, ол заңда белгіленген заңдылық, адамгершіліктік, демократияшылдық, құқықтық шындық, теңдік, өкіну және т.б. материалдық жиынтықтар құқықтық құбылыстардың принциптері мен белгілері. Бұл қауіпсіздікті құрайтын материалдық жиынтық – пенитенциарлық процестердің, қатынастардың, олардың өмір тіршілігіндегі субъектілері мен басқа да элементтерінің қорғалған жағдайы.
2014

Кез келген мемлекет үшін өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қашан да өзекті болып, заман талаптарына сай күрделене түсіп, мемлекет және қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын жүйелі саясатқа айналды. Жаһандану үрдісі күшейген сайын ұлттық қауіпсіздік мәселесі, әсіресе экономикалық қауіпсіздік бағыты ерекше орын алды. Өйткені әлемдік қауымдастықта егеменді ел ретінде әрекет ету мемлекеттің экономикалық қуаттылығы, ал түбінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің бірден-бір көрсеткіші – ұлттық экономикалық даму деңгейі болады. Қазақстан Республикасындағы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шешімдерді жасау және оны жүзеге асыру мемлекеттік басқару органдарының құрылымы мен функцияларына тікелей байланысты. Ең бастысы, олар Қазақстан Республикасындағы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұзақ мерзімдік және ағымдағы міндеттеріне, функциялар мен жауапкершіліктің нақты бөлінуіне қойылатын объективті талаптарға, міндеттер қайталауларын жоюға, орындаушылық тәртіпті реттеуге жауап беруге  тиіс.
2014
Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттік басқару жүйесінің рөлі

Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік жақтарын доктри­ налды талдау жасау їшін оның міндетті және факультативтік белгілерін нақты қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарай ашудан бастау керек. 
2015

Қазіргі уақытта ауылшаруашылығы жануарларының инфекциялық    және    инвазиялық    (ішек-құрт)    ауруларына шалдығуы, малдың қыс мезгілінде көтерем болып өлуі, ветеринарлық құжатсыз басқа жақтан мал тасымалдау, сату және ол туралы жергілікті ветеринарлық мамандарға хабарламау, тағы басқа жағдайлардың тіркелуі тікелей мал иесінің жауапкершілігінің төмендігінен орын алып отыр. Осындай себептердің салдарынан адам мен жануарға ортақ жұқпалы аурулармен (бруцеллез, туберкулез) және биогельминтозды (эхинококкоз, описторхоз, трихинеллез, дерматомикоз) аурулардың облысымыздағы тұрғындар арасында таралуы белең алуда.
2015

Радиациялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің маңызды элементі және ол қазіргі және болашақ ұрпақтарды радиациялық ластанудың зиянды әсерінен қорғау жағдайын білдіреді. Тарихи және саяси тұрғыда қалыптасқан себептерге байланысты Қазақстан үшін радиациялық қауіпсіздік мәселесі ерекше мәнге ие. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан алғашқы мемлекеттердің бірі. Дегенмен, ядролық қаруды қолданудың салдары әлі де  орын  алуда.  «Айталық, тек Семей ядролық сынақ полигонында 40 жылдық жоспарлы ядролық қаруды сынақтан өткізу мерзімінде 500 ядролық және термоядролық жарылыстар орын алғаны жақында ғана белгілі болды. Жарылған зарядтардың жалпы қуаты тротил эквивалентінде 18 мегатоннаны құрайды. Бұл аймақтың тек экологиялық жүйесіне ғана зиян келтірілген жоқ, сонымен қатар Семей, Курчатов қалаларында, Знаменка, Қайнар, Саржал, Долан, Қарауыл, Шаған елді мекендерінде тұратын әртүрлі жастағы жарты миллионға жуық адам радиациялық ластанудың құрбанына айналды. Бұл жағдай радиациялық қалдықтардың аэрозольды және диффузды түрде тасымалдануы (мал жайылымдары, жем-шөп даярлау және т.б.), сондай-ақ жабайы аңдардың түрлі жолдармен тасымалдауы салдарынан орын алуда [1].
2015