Қауіпсіздік

Бұл мақалада Корей Халық Демократиялық Республикасы ядролық бағдарламасының пайда болуының себептері мен алғышарттары қарастырылады. Корей түбегі ХХ ғасырдың ортасынан бастап қақтығыс территориясы мен Азия Тынық мұхиты аймағындағы қатынастардың шиеленісу аумағы болып табылады. Орын алған жағдайдың алғышарты бұрын біріккен мемлекеттің толықтай бір-бірімен бақталас екі мемлекетке бөлінуіне алып келген 1950-1953 жылдардағы Корей соғысы екені сөзсіз. Жұмыста Корей соғысы аяқталып, елдің екіге бөлінуінен кейін Корей түбегі КСРО мен АҚШ арасындағы саяси, экономикалық және идеологиялық күрестің сахнасына айналғандығы жазылған. Сонымен қатар, халықаралық қауымдастықтың Корей түбегіндегі жағдайға назар аудартатын маңызды факторларының бірі бірнеше ядролық дағдарыстың пайда болуының себепшісі және көп жылдардан бері Азия Тынық мұхиты аймағы қауіпсіздік жүйесінің тұрақсыздандыру факторы ролін атқарып келген Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы талқыланады.
2014

Бұл мақалада жалпы геосаяси, мәдени және діни кеңістікті құрайтын Солтүстік Африка және Батыс Азия территориясында орналасқан Араб әлемі елдерінің халықаралық ақпарат көздеріндегі бүгінгі болмысы қарастырылады. Араб әлемі соңғы жылдары бірнеше оқиғаларды бастан өткерді. Таяу Шығыс Йеменнен Бах- рейнге дейін және Ливиядан Тунис пен Мароккоға дейінгі революцияға кез болып отырды. Араб елдеріндегі саяси оқиғалар ХХІ ғасырда халықаралық қатынастарға тікелей ықпал етуші мәселелерге айналып отыр және халықаралық ақпарат көздерінде де маңызды тақырыптардың бірі. «Араб көктемі» деп танылған саяси оқиғаларды халықаралық ақпарат көздерімен сараптау қажеттілігі мақаланың өзектілігін айқындайды. Халықаралық БАҚ араб әлемінің бүгінгі болмысын сипаттауда және араб халықтарының хақты талап еткен үнін жеткізуде шешуші рөл атқарудағы көріністері мақаланың пәні болып табылады.
2014

Бұл мақалада Оңтүстік Азия аймағындағы және Үндістанның қауіпсіздік мәселелері қарастырылады. Оңтүстік-Азия субаймағындағы мемлекеттер  арасындағы  Үндістанның  географиялық,  демографиялық және экономикалық көрсеткіштері бойынша көшбасшылық жағдайы оның белсенді аймақтық саясатымен айқындалады. Оңтүстік Азиядағы саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесіндегі Үндістанның ұстанымы кешенді аймақтық қауіпсіздік үшін маңызы зор болып табылады. Бір жағынан қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Оңтүстік Азияның геосаяси және экономикалық маңызының артуы, екінші жағынан Оңтүстік Азиядағы аймақтық мүдделер мен Үндістанның ұлттық мүдделерінің тығыз ара-қатынасы осы мақаланың өзектілігін айқындайды. Ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Үндістанның саясаты аталмыш мақаланың пәні болып табылады.
2014

Анархиялы халықаралық жүйеде әлем елдері жаһандық дең­ гейде жоғарғы беделге ие биліктің болмауынан, өмір сүруді жалғас­ тыру үшін өз қауіпсіздіктері мен күш­қуатын  нығайтуға  тырысуда.  Бұл мақалада «Ұлттық мүдде» концепциясы аясында реалист, неореа­ лист көзқарастарда маңызды орны бар және біреулер (классикалық реалистер) халықаралық саясатпен сыртқы саясаттың ең басты мақ­ саттарының бірі деп санайтын, басқалар (неореалистер) болса мем­ лекеттің өмір сүруіне негізгі тіреуіш беретін бір құрал деп есептей­   тін «күш» терминіне көңіл бөлдік. Өйткені ұлттық мүдденің қорғалуы үшін мемлекеттің күш­қуаты мықты болуы қажет. Мұндай тұжырым­ даманы басшылыққа ала отырып мақсатымыз маңызды тарихи оқиға­ ларға жай ғана шолу жасап шығу емес, аталған мемлекеттердің үлкен күш болуына әкелген мәселелерді қарастырып, елдердің бұл дәреже­ ге («ұлы немесе алып күш» дәрежесі) қалай жеткенін көрсету болып табылады. Сәйкесінше бұл талдау үлкен күштердің жалпы сыртқы саясатын түсінуімізге зор ықпалын тигізеді деген ойдамыз.
2015

Бұл мақалада энергетикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілері мәселесі қарастырылған. Энергетикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілеріне қатысты түрлі авторлардың еңбектері мен көзқарастары қарастырылып келтірілді. Энергетикалық қауіпсіздік халықаралық сауда, жеткізілім және бағамен байланысты бірқатар күрделі факторлардан шығады. Сол себептен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мәселенің шешу жолдарын іздестіруде оны жан-жақты, соның ішінде теориялық зерттеу маңызды қадамдардың бірі болып отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттер бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, энергетикалық фактор бүкіл әлемге бірдей әсер етеді. Сондықтан энергетикалық қауіпсіздік мәселесі қазіргі заманғы халықаралық қатынастарда ерекше назарды қажет етуде. Энергетикалық қауіпсіздік тұжырымдамасын өңдеуші халықаралық қатынастар теориясында реализм мен неореализм, либерализм мен неолиберализм ерекше бөлініп, соның ішінде реализм халықаралық қатынастардағы энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін қозғайтын үстем теория болып табылады. Теориялық  аспектілер Г. Моргентау,  К. Уолц, Р. Гилпин, Б. Бузан сынды тұлғалардың еңбектерінде көрінісін табады.
2015

Мақалада қазіргі кезеңдегі Human security шеңберіндегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының аймақтық қауіпсіздік саясатының дамуы зерттеледі. Авторлар, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі аймақтың дамуына тікелей әсер ететін мәселелерді екі категорияға бөліп қарастырады. Бірінші категорияға жеке тұлғаның өмір сүруіне ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық мәселелерді, ал екінші категорияға экологиялық қауіпсіздік мәселелерін  жатқызады. Мақалада, аталған әлеуметтік-гуманитарлық және экологиялық мәселелердің жеке тұлғаның өмір сүру деңгейі мен сапасына үлкен ықпал ететіні дәлелденеді. Босқындар, миграция, адам сату және денсаулық сақтау мәселелеріне кеңінен талдау жасалып, соңғы кездегі статистикалық мәліметтер көрсетіледі. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың маңыздылығы анықталады. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университетінің  мақсат-бағыттары айқындалады.
2015

Мақала тұтастай әскери күш-қуатты, оның ішінде қарулы күштерді қолданудың мақсаттарын, міндеттерін, нысандары мен тәсілдерін айқындайтын мемлекеттік саяси және қорғаныс құжаттарына (ұлттық қауіпсіздік, стратегияларына талдау жүргізудің негізінде Б.Обама әкімшілігінің әскери саясатының мәнін қарастыруға арналған. Жаһандық деңгейде превентивті әрекеттер доктринасын негіздеу мен оны жүзеге асыру жолдарын іздеу АҚШ қорғаныс идеологиясының жалпы үдерісі ретінде атап өтуге болады. Аталған құжаттардың басты нұсқауы – бұл соғыс сипатының өзгерісін, соңғы жылдары жиналған әскери әрекеттер тәжірибесін, соғыс пен бейбітшілік арасында-  ғы шектің жойылуын ескере отырып, қарулы күштердің жауынгерлік мүмкіндіктерін арттыру мен ұйымдастырушылық өзгерісі арқылы АҚШ қарулы күштерін жаңа шынайылылыққа бейімдеу.
2015

Мақала қазіргі кезеңдегі бейбіт атомның дамуын талдауға арналған. Әлемдік нарықтардың тұрақсыз жағдаяттары,  жетекші  өндірістік және дамушы мемлекеттердің экономикасының дағдарыстан кейін қалпына келу үдерісінің төмен қарқыны әлемдік энергетикадағы жағдайға әсер ете отырып, оның жаһандық энергетикалық кеңістікте даму болашағын айқындау мәселесін өзекті етті. Соңғы он жылдардағы маңызды феномен – әлемдік энергетикалық теңгерімінде атом саласының меншікті салмағының өсуі болып отыр. Мақалада теориялық көзқарастар және атом энергетикасын қалыптастыру саясаты зерттеледі. Қысқаша түрде атом саласының эволюциясы қарастырылып, төрт кезеңге бөлінеді. Атом энергетикасының басқа энергия көздерінен басымдығы көрсетіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ядролық-энергетикалық әлеуеті талданып, Қазақстанда бейбіт атомды пайдалану және дамытудың маңыздылығы анықталады. Атом энергетикасының даму динамикасы көрсетіп отырғандай, ол болашақта көптеген мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі факторының біріне айналуы әбден  мүмкін.
2015

Құқық теориясының, оның ішінде еңбек құқығы теориясының қазіргі даму деңгейінде құқық қағидасына деген жалпы, өзара келісілген, бір ортақ көзқарас әлі де қалыптаспаған. Кездесетін тұжырымдамаларды негізгі үш топқа бөлуге болады: біріншілері, құқық қағидасының құқық нормаларында белгіленгеніне немесе белгіленбегеніне қарамастан негізгі бастапқы идея болып қала береді дейді[1]. Екіншілері, құқық қағидасының идея арқылы анықталуына, белгіленуіне қарсы екенін білдіреді[2]. Ал үшінші топ зерттеушілерінің көзқарасына сәйкес, құқық қағидасы – бұл қоғамдық қатынастарды реттеудің жалпы бағыты мен мазмұнын анықтайтын, заңнамада бекітілген негізгі бастама, идея[3].
2009

Орнықты даму Концепциясы 1984 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысының бастамасы бойынша қоршаған ортаны қорғау және даму жөніндегі Халықаралық комиcсиямен БҰҰ-ң екінші Стокгольмдық (1972 жыл) Конференцияcынан кейін даярланған болатын. Комиссия міндеті 2000 жылға дейінгі және одан арғы мерзімге арналған қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұзақ мерзімді стратегия ұсыныстарын; әлемдік қоғамдастықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің тиімді шешімін табуға болатын әдістер мен құралдарды жасау болды. Орнықты даму жөніндегі ойлар «Біздің ортақ болашақ» атты 1987 жылы БҰҰ-ң Бас Ассамблеясына ұсынылған қоршаған ортаны қорғау мен даму жөніндегі Халықаралық комиссия Баяндамасында көрініс тапқан.
2010

Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы мен кең таралуы 20-21 ғасырлардың жетістіктері ғана емес, олар адамзат эволюциясынаң барлық орын алып отырды. Экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің қазіргі таңдағы қоғамдық жағдайын ғалымдар ақпараттық қоғамның құрылуы деп сипаттайды. Жақын болашақта Қазақстан да осындай мəртебеге ие болатынына еш күмəн жоқ. Ғылыми-техникалық прогресс адамның қызметінің əртүрлі салаларына кіре тұра, 20-ғасырдың екінші жартысына қарай «ақпарат» ұғымы өзге сипатқа, маңызға ие болды. Осындай өзгерістердің басты себебі компьютерлік техника саласындағы революциялық өнертабыстар болып табылады. Осындай өнертабыстардың нəтижесі ретінде адамдардың қатынастарының жаңа түрі – ақпараттық қатынастар пайда болды.
2011

Берілген мақалада табиғатты пайдаланудағы қауіпті басқарудың бір шарасы ретінде экологиялық сақтандырудың тиімділігі, табиғатты пайдалану қаупі, экологиялық сақтандырудың негізгі ерекшелігі қарастырылған,сақтандыру саласындағы тəжірибелік қызметтің қазігі кездегі əдістерін жетілдіруге арналған ұсыныстар берілген. Соның ішінде жер қойнауын пайдалану саласындағы экологиялық сақтандыруға назар аударылған.
2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.