Ақпарат

Қоғам көпсатылы жүйені білдіреді және қалыпты қызмет атқарушы үшін дұрыс ақпарат қажет болатын анықталған жүйешіктен тұрады. Осында тікелей байланыс үшін үлкен болып табылатын жүйеде, баспасөз, кітаптар, радио, телефондық байланыс, телеграф, пошта сияқты құралдар ақпараттық қызмет атқарады. Олардың қызметі бұқаралық ақпарат құқығы түсінігін қамтиды.
2010

Қоғамның қазіргі таңдағы дамуы ақпараттық процесстер мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жəне азаматтардың қызметін қамтамасыз етудің қажетті атрибутына айналғандығымен ерекшеленеді. Өзінің маңыздылығы бойынша ақпараттық ресурстар табиғи, қаржы, еңбек жəне өзге ресурстармен қатар мемлекеттің жəне қоғамның маңызды потенциалын құраушы болып табылады.
2012

Ғылыми мақалада сөз бостандығы құқығы мен ақпарат еркіндігі, яғни ақпарат алу еркіндігі құқықтарының арақатынасы, өзара байланысы мен құқықтық  табиғатының ерекшеліктері қарастырылған.
2013

Бұл мақалада қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Қазақстан Республикасында экологиялық ақпаратқа азаматтардың қолжетімділік құқығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері қарастырылған. Автор жаһандану заманында халықтың экологиялық мәселелер туралы хабардар болуының экология саласындағы міндеттерді шешу үшін маңыздылығын атап көрсетеді. Экологиялық ақпаратқа жол жетімділікті қамтамасыз етуге байланысты конвенция мен отандық заңнамалардың кейбір нормаларына талдау жасаланады. Әрі қарай аталған нормалардың тәжірибеде жүзеге асырылу мәселелеріне тоқталып өтіледі. Сонымен қатар, автор мақаланың соңында қалыптасқан жағдайға байланысты өзінің ойымен бөліседі.
2014

Қазіргі әлем қоғамдастығының ақпараттық серпіліс дәуіріне аяқ басқандығына бәріміз куә болудамыз, себебі заманауи өркениет адам қызметінің барлық салаларында дерлік қолданылатын жаңа телекоммуникациялық технологияларға тікелей бағынышты. Олар азаматтардың өмір салтын, олардың қарым-қатынас жасау тәсілін де өте қатты өзгеріске ұшыратты. Алайда мұндай  прогрестің  қоғам  үшін  жағымсыз  жақтары да жоқ емес – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, соның ішінде жеке өмірін қорғау сияқты тұлғалардың ажырамас құқығы сияқты ұғымдар ақпараттандыру саласы үшін мәнсіз терминге айналды. 
2015

Ақпарат қазіргі қоғам өмірінің алғашқы негізі, қоғам қызметінің нәтижесі мен өнімі болып табылады. Ақпаратты құру, жинақтау, сақтау, беру және өңдеу оны өндіру құралдары: электронды есептеу техникасы, телекоммуникация құралдары мен байланыс жүйесі аясындағы үдерісті ынталандырады. Осы аталғандардың барлығы адам қызметінің әртүрлі салаларындағы ақпараттық үдерістерді жүзеге асырудың әдістері мен құралдарының жиынтығы болып табылатын, жаңа ақпараттық технологиялардың анықтамасының ауқымды ұғымына кіреді. Яғни, ақпарат қоғамдық қатынастардың өніміне айнала отырып, тауар қасиетіне ие болып, сатып алу сатудың заты ретінде қарастырылады.
2015

Мақалада жаңа қолданыстар мен терминдердің бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ), оның ішінде баспасөз беттерінде қолданылу ерекшеліктері қарастырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жиі қолданылатын терминдер мен кірме сөздер, жаңа қолданыстар талданды. Терминдердің қалыптасып, нормалануы, бір жүйеге түсіп, қалыптануы (кодификация) тұрақты қолданылып, дамуына БАҚ-тың тигізетін əсер-ықпалы нақты тілдік деректермен дəлелденген. Авторлар БАҚ-тың қазақ тілінің терминологиясын қалыптастырып, дамытудағы орны, терминдерді нормаландырып, тұрақтандырудағы қызметі ерекше, ал мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтуде ұлттық терминологияны реттеудiң, жүйелеу мен дамытудың маңызы зор деген қорытынды жасады.
2015

Мақалада ХХ ғасырдың 30-жж. Батыс Қазақстан облысының мерзімді баспасөзінде жарық көрген мақалаларға талдау жасалды. Облыстық «Екпінді құрылыс», Орда аудандық «Жаңа жол» газеті, Жанғала аудандық «Социалды еңбек», Маңғыстау ауданының «Колхоз жолы», Жымпиты аудандық «Қызыл Ту» газеттерінде жарияланған мақалаларды сараптай келе, автор сталиндік саясаттың осы басылымдарға жəне авторларына жасалған қысастық, қуғын-сүргінге нақтылай тоқталады. Мереш Даулетияров, Серікқали Жақыпов, Боран Айтмағамбетов, Əділбай Жылкелдин сияқты Батыс Қазақстанның баспасөз тарихында орны бар қоғам қайраткерлерінің өмір тарихы мен себепсіз қудалаудың нəтижесінде осы азаматтардың тағдырының қилы заманға тап болғанын ашына жазды.
2016

Мақалада халық шығармашылығының деректілік, насихатшылдық қырлары нақты мысалдар арқылы айқындалды. Халық шығармашылығының көне түрлеріндегі наным-сенімдер мен сол уақыттағы халықтың тұрмыс-тіршілігі, дəстүр-салты оның ақпараттық табиғатын ашу арқылы жан-жақты сараланды. Сөз өнері түрлері, оның ішінде айтыс жырларының мəтіндік нұсқаларының ақпараттық сипатына ғылыми пайымдаулар жасалды.
2016

Мақалада Қырғызстан елінің тəуелсіздік алғаннан кейінгі БАҚ даму жолы қарастырылған. 2011 ж. дейінгі елдің журналистика саласындағы тың өзгерістері мен жетістіктері жайлы сараптаулар жүргізілген. БАҚ-ның электронды жүйеге өту кезеңіндегі қиыншылықтар мен оларды жеңу жолдары баяндалған.
2016

Қазақстан қоғамының қазіргі заманғы даму кезеңінде ғылымның жəне білім берудің дамуы əлеуметтік-экономикалық жүйенің бəсекелі маманды даярлау жағдайында алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына енді. Қазақстан Республикасында 2005–2010 жылдарға арналған білім беру дамуының мемлекеттік бағдарламасына сəйкес прогрессивті технологияларды жəне оқыту жүйелерін жасау жəне енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады. Қоғамның барлық саласында іс қағаздарын сауатты жүргізу мəселесі өзекті болып отырған қазіргі кезде жоғары оқу орындарында мамандар даярлаудың осы бағытында ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігі жоғары нəтижеге қол жеткізуге ықпал етері сөзсіз. Сондықтан студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытуды жетілдірудің бірден-бір жолы ол кəсіби даярлау процесінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
2009

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқу моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Кəсіптік жəне техникалық білім беру кəсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы тиіс. Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс» [1], — деп атап көрсетуіне сай, қазіргі қоғамдағы ақпараттану жағдайында келешек маманның ақпаратты зерттей білуі мен ақпараттық мəдениетін қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына, оларды пайдалану қабілеттілігін жетілдіруде ақпараттық технологияларды пайдаланудың маңызы зор. Бүгінде ақпараттық технологиялар саласының заманауи жетістіктерінің негізінде білім беруді ақпараттандырудың озық тенденциялары байқалуда. Ақпараттандыру проблемалары ашық білім берудің объективті заңды сипаттамасы болып отыр.
2010

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.