Франчайзинг

Азаматтық заңнамада шет тілінен енгізілген заңдық терминологияларды қолдану бүгінгі күні заң ғылымында өзекті мəселеге айналды.
2021

Кəсіпкерліктің инновацияға негізделуі осы заманғы талапқа жəне тұтынушылар сұранысына сай қызметтер мен тауарлар ұсынысымен шартталатынын ескерсек, ол салада инновациялық тəсілдемелерді, ерекшеліктерді қолдану қажет. Сондықтан да əсіресе шағын жəне орта бизнес саласында маңыздылықты атқаратын франчайзингтік жүйенің ролі зор. Франчайзинг арқылы кəсіпкерлік саланың дамуына «тың» əрі жаңа серпін беруге болады, əлемге танымал, сапалы болып саналатын беделді сауда маркаларындағы өнімдердің отандық нарыққа енуі жəне де оларды өндіру бойынша тəжірибелілікті меңгеру жас мемлекетіміздің экономикасын жандандыруға жаңа мүмкіндіктердің бірін қамтамасыз етеді. Мақалада осы франчайзинг шартының қалыптасуының теориялық аспектілеріне жалпы сипаттама берілген.
2012

Мақалада франчайзингтік бизнестің теориялық негізі мен қалыптасуындағы ерекшеліктері жəне оның жүйе тұрғысындағы көрінісі мен үрдістеріне зерттеулер жасалған. Франчайзингтік бизнесті құрудағы ерекше үлгі ретіндегі ұғымдары мен маңызды құрылымдары, басқа бизнес түрлерімен салыстырғандағы айрықшылықтары қарастырылған. «Франчайзинг» түсінігіне эволюциялық зерттеулер мен сипаттамалар жасалынып, қазақстандық бизнес жүйедегі «франчайзингтік бизнес» ұғымдарына сипаттамалар мен талдамалық, салыстырмалық түйіндер көрсетілген. Франчайзингтік бизнестің қызмет атқаруындағы негізділікті қамтамасыз етуші терминологиялардың сипаты топтастырылып, автор тарапынан зерттеушілік танытылған. Франчайзингтік кəсіпкерлік саладағы жан-жақтылықты танытатын қызметтің ерекшеліктері көрсетілген.
2013
Франчайзингтік бизнес: қалыптасу үрдісі жəне ерекшеліктері