Сыртқы сауда

Қиыр Шығыс дәстүрлі түрде Иранның экономикалық дипломатиясында басым сипаттағы бағыттың бірі болып табылады. Негізгі сауда әріптестері ретінде – Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттері болып саналады. Иранның осы елдермен сауда айналымы соңғы кезде тек тұрақты даму тенденциясында ғана емес, оның сандық көрсеткіштерінде де байқалады. 2007 ж. сауда айналымының жалпы көлемі 42 млрд долл. АҚШ белгісінен артты. Оның ішінен 20 млрд долл. – Қытаймен, 14 млрд долл. – Жапониямен, 8 млрд долл. – Оңтүстік Кореямен. Осы жағдайда сауда айналымының тірегін ирандық экспорт құраса, оның негізгі бабы – мұнай болып есептеледі [1].
2009

Мақалада Қазақстанның сыртқы саудасының сыртқы жағдайы, халықаралық экономиканың даму болашағы туралы мəселелер ашылған. Сыртқы сауда экономикалық өсудің факторы ретінде экономиканың қалыптасуы мен дамуында маңызды рөл атқарады. Еуразиялық экономикалық одаққа кіру ахуалы бойынша сұрақтар қарастырылған. Əлемдік сауда туралы деректер Қазақстанның негізгі экспорттаушы ел екенін растайды, алайда ол бірқатар елдерден əлдеқайда артта қалып келе жатыр. Бұл ретте Қазақстанның əлемдік экспорттағы экспорт үлесінің өсу қарқыны бойынша рейтингтегі орныққан орны тұрақты емес. Соңғы он жылдықта (2003–2013) экспорттың құрамында күрделі өзгерістер байқалмады. Қазақстанның сыртқы саудасында осы күнге дейін оң сальдо сақталып келеді. 2013 жылы ол сальдо 33,6 млрд долл. тең болды.
2015