Кәсіпкерлік

Əлемдік тəжірибеге жүгінсек, дамушы елдер экономикасын дамытушы фактор ол кəсіпкерлік болып табылады. Шағын кəсіпкерлікті дамытудың басты мақсаты — ел экономикасын қарышты дамытып, халық қажеттілігін қанағаттандыру, сонымен қатар нарыққа өтімді тауар жіберу. Жалпы елімізде шағын кəсіпкерлік дамыса, қоғамда бəсекелестік те дамиды, қосымша жұмыс орындары ашылып, тұтыну секторы да кеңейеді. Шағын кəсіпкерлік халық шаруашылығының барлық салаларын, яғни, құқықтық, қаржы, əлеуметтік-экономикалық мəселелерді қамтитындықтан, болашақта ел дамуының қайнар көзі болып табылмақ. Жалпы кəсіпкерлік қызмет — дамушы сектор. Кəсіпкерлік секторды одан əрі дамыту үшін елімізде мынадай мəселелерді дамытқан жөн: мемлекет тарапынан кəсіпкерлікке қолдау көрсету, кəсіпкерлікті қолдайтын ұйымдар санын көбейту, бизнес- инкубаторларды, маркетингтік жəне басқару саясатын, кəсіпкерлік құқықты əлі де болса жетілдіру қажет. Қазақстан Республикасындағы шағын жəне орта кəсіпкерліктің мониторингі көрсеткішін қарастырсақ: 2011 жылдың қаңтар-қазанында өткен жылғымен салыстырғандағы өнім шығарылымы (салыстырмалы бағада) 2,6 %-ға, белсенді субъектілер саны 4,4 %-ға өсті, жұмыспен қамтылғандар саны 3,5 %-ға төмендеді. 2011 жылдың қаңтар-қазанында шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілердегі өнім шығарылымы 6755,1 млрд теңгені құрады. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кəсіпкерлердің үлесі — 64,8 %-ды, шаруа (фермер) қожалықтары — 24,7 %-ды, шағын кəсіпкерліктегі заңды тұлғалар — 9,3 %-ды, орта кəсіпкерліктегі заңды тұлғалар 1,2 %-ды құрады.
2012

Батыс елдерде фирма өсімінің кезеңдік теориясы кең таралған, ол «ұйымдық тəртіп» аумағындағы зерттеу нəтижесінде туып, фирма дамуының кезеңдік сипаттарын ерекшелеу негізінде фирма өлшемін сапалық анықтаудың кеңеюіне жол берді. Фирма өсімі теориясының бір нұсқасы кəсіпорын мөлшерін анықтаумен тікелей байланысты болмаса да, бекітудің сапалы нұсқасын дамыту үшін қолданады. Осы теорияның бір нұсқасы кəсіпорын өсімі кезеңінің индикаторы ретінде өнімді дамыту стратегиясында көзделді. Көптеген авторлар компанияларды бір өнімді өндіруге бағытталған шағын фирмадан бастап, өнімнің үлкен өндірісі бойынша қызмет диверсификациясына бағытталған ірі кəсіпорындар — конгломерат-компания түрінде қарастырады (технология, қызмет, «ноу-хау»). Өнім дамуының кезеңін сипаттау үшін фирманың жылдық табысының оның өндіріске кеткен барлық шығындарының қатынасына тең «мамандандыру коэффициенті» қолданылады.
2012

Мақалада Қазақстан Республикасында кəсіпкерлікті инновациялық негізде жүргізудің ілімдік жəне тəжірибелік мəселелері қарастырылған. Кəсіпкерліктің инновациялық түрлері ретінде венчурлік, концессиялық, лизингтік жəне франчайзингтік бағыттары алынған. Қазақстандағы инновациялық кіші кəсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалыптастыру мен дамытуда кедергі болатын факторлар талданған. Инновациялық кəсіпкерлік субъектілерінің дамуына қол жеткізу үшін қажетті жағдайлар ұсынылған. Шағын жəне орта инновациялық кəсіпорын ғылыми ұйымдар аумағында құрылуы мүмкін екендігі дəлелденген. Еліміздегі кəсіпорындарының инновациялық белсенділігінің меншікті салмағы екшеліп сараланған.
2014

  Мақалада мемлекеттік-жекеменшік əріптестік механизмі арқылы нарықтық экономика жағдайындағы қоғамдық жəне жеке мүдделерді іске асырудың бағыттары зерттелген. Мемлекеттік-жекеменшік əріптестік Қазақстанның ұлттық жобаларын дамытуға септігін тигізетін əдіс ретінде анықталған. Еліміздің инновациялық қызметін белсендіруде мемлекеттік-жекеменшік əріптестігінің ерекшеліктері қарастырылған. Ұлттық жобаларды стратегиялық басқарудағы мемлекеттік-жекеменшік əріптестікті дамытудың жетілдіру жолдары ұсынылған.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.