Кәсіпкерлік

Мақалада Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін қолдану арқылы инвестициялық белсенділікті жандандырудың жағдайлары мен алғышарттары қарастырылған
2017

Аталмыш мақалада өңірдің бәсекеқабілеттілігі мен инновациялық әлеуетті жоғарылату үшін экономикалық қатынастардың рөлі, ұйымдық-экономикалық механизмдерін жетілдіру бойынша негізгі бағыттары қарастырылған.
2017

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының экономикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына заңды талдау жасалынады.
2018

Мақалада шағын орта бизнестің қызметтері мен мәселелері, бәсекелестікті дамыту тенденциялары, шағын бизнеске тән негізгі артықшылықтар мен ерекшеліктер, шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін цифрландыру жүйесінің қажеттігі қарастырылған
2018

Мақалада өңірлерді дамыту бағдарламаларын әзірлеу қажеттілігі анықталып, оларды әзірлеудегі артықшылықтар мен кемшіліктер көрсетілген
2019

«Инновациялық қызмет» түсінігі –инновациялық процесс бөлігі. Тәжірибеде маркетингтік қызмет инновациялықпен қатар болуы да мүмкін. Кейде ол алға шығуы да ықтимал, мысалы  енгізу процесінің басталмаған кезінде саралау жүргізу, жарнама жасаушылармен жұмыс жүргізу, т.б.Сондықтан балама ретінде инновациялық қызметтің бастамасын жаңаны енгізу кезеңімен біріктіруге болады.
2009

Кəсіпкерлік - экономиканың барлық салалары мен аумақтарына таралған көп қырлы экономикалық қызметтің түрі. Кəсіпкерлік бастамаға негізделген əрекет болғандықтан өндірістің барлық кезеңдерінде кездеседі. Бір-бірінен тəуелсіз болғанымен кəсіпкерлік қызметтің бұл түрлері бір-бірімен ұштасып жатуы мүмкін. Кəсіпкерлік қызметтің қандай да түрі нақты ұйымдастырушылық нысанда жүргізілуі мүмкін жəне əртүрлі құқықтық реттеу механизмдері қолданылады. Нарықты экономиканың дамуы қоғамдық қатынастардың өзгеруіне себеп болып, шаруашылық қызметті реттейтін көптеген заңдар мен нормативтік актілердің өзгеруіне жəне жаңадан қабылдануына себеп болды. Кəсіпкерлік қызметтің пайда болуына жəне дамуына негіз болған актілер қатарына «Қазақ КСР-ындағы шаруашылық қызмет бостандығы мен кəсіпкерлік қызметтің дамуы туралы», «Жеке кəсіпкерлік қызметті қорғау жəне қолдау туралы» заңдар жатқызсақ. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы ерікті кəсіпкерлік қызмет құқығын тек бекітіп қана қоймай, оның негізгі кепілдіктерін де бекітті. Сонымен қатар кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың құқықтық негізі болып ҚР Конституциясына сай қабылданған Азаматтық Кодексті айтуға болады.
2010

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан нарықтық реформа бағдарламасында шаруа (фермер) қожалығының қалыптасып дамуына үлкен көңіл бөлінген. Сөз жоқ, бұл факторлар ауыл шаруашылығы құрылымдарының түбегейлі өзгеруіне негіз болды. Бүгінгі таңда əлемдік тəжірибеде шаруа (фермер) қожалықтары аграрлық салада ең тиімді, əрі кең тараған шаруашылық жүргізуші нысан ретінде танылып отыр. Олар кəсіпкерлік үлгідегі экономикалық жəне құқықтық дербестік негізінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші шаруашылық ретінде де түсіндіріледі.
2011

Кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында, əсіресе оның бастапқы кезеңдерінде кəсіпкерлердің азаматтық айналымға қандай атпен қатысып отырғаны үлкен маңызға ие болады. Осындай жағдайда аты баршаға мəлім, өнімді əрдайым тұтынушылардың сұранымына ие, тұрақты бизнесі бар компанияның фирмалық атауын, өндіріс құпияларын жəне айрықша құқықтардың өзге де объектілерін пайдаланған тиімді. Бұл – кəсіпкер мен компанияның арасындағы кешенді кəсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартын жасасу мен орындау арқылы мүмкін болады. Кешенді кəсіпкерлік лицензия шарты рента, лизинг, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттарымен қатар жаңа шарттық институттарға жатады.
2011

Кəсіпкерлікпен айналысу қызметтерін заңды тұрғыда жүзеге асыруда жауапкершіліктің маңызы зор. Кəсіпкерлік қызмет түрлері мемлекеттік тіркеуден өту қажет,онсыз кəсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кəсіпкерлік саласында құқықтық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартудың басты шарты болып, кəсіпкерлік қызметінің оңтайлы жүргізілуі мен заңды талаптар негізінде жүзеге асырылады. Кəсіпкерлік кəсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысана арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Осыған орай іс-əрекеттің заңға қайшы болу мəселесін шешкен кезде, оны жасаған тұлғаның қылмыстық жауапкершілікке тартылудың жолдарын көрсету. Мақалада, кəсіпкердің əрекеттерінде қылмыс құрамының бар екендігі анықталуы үшін олардың жасаған əрекеттермен анықтау кезіндегі құқық бұзушылық нормаларын нақтылау жолдары қарастырылады.
2012

Кəсіпкерлік немесе шағын бизнес, туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725–1730 жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кəсіпкерлік теория əр түрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды, олар бірте-бірте кəсіпкерлік бұл адамның тəуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта келгенде, жаңа кəсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді. Алғашқыда «кәсіпкерлік» термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тəуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алған адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион кəсіпкерлікті өз мойнына тəуекелді алумен байланыстырып, капитал салушы кəсіпкерлер мен өз еңбегін, ресурстарын қолданушыларды ажыратып отырды. Ол кəсіпкерді өзіне-өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін жұмыс істеу қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кəсіпкерге айналады. Кантиллионның пікірінше, кəсіпкерлердің басты ерекшелігі — олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеуі.
2011
Қазақстан экономикасындағы кəсіпкерліктің қалыптасуы мен түрлері