Халықаралық қатынастар

Қазақстан мен Қытайдың арасындағы экономикалық қатынастардың негізгі бағыты энергетикалық сала болғандықтан, мақала екі елдің мұнай саласындағы байланыстарына талдау жасайды. Мақала Қазақстан мен Қытайдың арасындағы мұнай саласындағы қарым-қатынастарының қырлары мен ерекшеліктерін қарастырады. Қытайдың мұнай компанияларының Қазақстан мұнай нарығындағы үлесін анықтайды. Мұнай құбырлары құрылысының кезеңдері мен екі елдің мұнай саласындағы перспективаларын талқылайды.
2012

Мақалада Қытай Халық Республикасының Африкадағы сыртқы саясатының негізгі қағидаларына жəне оның даму ерекшеліктерінің сипаты мен негізгі кезеңдеріне сараптама жасалды. ҚХР мен Африка елдерінің өзара қатынастарының қалыптасуы барысындағы негізгі қытайлық жетекшілердің африкаға қатысты қабылдаған концепциялары қарастырылады. Сонымен  қатар  ҚХР мен Африка елдерінің өзара байланыстарының дамуы барысында қабылданған екі жақты дипломатиялық қатынастарын анықтайтын қағидалар да қарастырылады.
2012

Қытайдың еркін экономикалық аудандарының тəжірибесі елімізге пайдасы зор, сондықтан мақала мəселеге тарихи тұрғыдан талдау жасайды. Мақала Қытайдың еркін экономикалық аудандардарының даму үдерісін, негізгі кезеңдерін қарастырады. Еркін экономикалық аудандардардағы жағдайды талқылайды. Инвестиция құю, шетелдік капиталды тарту мəселелерін қамтып, сыртқы экономикадағы жағдаймен сабақтастырады.
2012

Осы мақала Қазақстанның ИЫҰ СІМК төрағалығы кезіндегі рөлін қарастырады. Сонымен қатар еліміздің «Іс-əрекеттердің онжылдық бағдарламасы» шеңберінде салған үлесі мен іс- əрекеттері талқыланады. Қазақстан мұсылман əлеміне модернизация, заманауи даму үдерістерімен дем беріп, Батыс елдерімен қатынасты, ынтымақтастықты дамытуда көпір сияқты іс атқарып, ЕҚЫҰ төрағалығында жинаған бар тəжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар «ислам бірлігі» тұжырымдамасына талдау жасап, оның араб əлемінде бой алған «Араб көктемі» атымен танымал 2011-2012 жж. толқулардан кейін өзектілігін жəне ықпалын сараптайды.
2012

Мақала Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Алматыда 2004 жылғы 22 қазанда өткен мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің екінші кездесуде Кеңес аясында сенім шараларын жүзеге асыру принциптерін бекіткен АӨСШК Сенім шаралары тізімдемесі (Каталог) қабылдаған əскерисаяси өлшеміне арналған. Бұл жас ұйымның шеңберінде: 2004 жылдың 22 қазанында қабылданған Сенім шаралары тізімдемесіне (Каталог), АӨСШК Төртінші Сыртқы істер министрлері кездесуі қорытындысы бойынша қабылданған Декларациясына, АӨСШК Үшінші министрлік кездесудің Қорытындысы жəне «АӨСШК: Азиядағы қауіпсіздік архитектурасын құру идеясын жүзеге асыру» атты ғылыми-тəжірибелік конференциясының Есебі сынды құжаттарға сараптама жасалынды. АӨСШК мүше-мемлекеттердің қауіпсіздік саласы мен əскери-саяси өлшемдегі əрі қарай дамуындағы ынтымақтастығын айта келе, автор келешекте əскери-саяси өлшем Сенім шаралар тізімдемесінің маңызды бағыттарының біріне айналуы үшін тəжірибелік жұмыстар атқаруы тиіс деген қорытындыға келді.
2013

Мақала Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендер мəселесіне арналған. Екі ел арасындағы су мəселесінің бүгінгі жай-күйі, оларды шешуге бағытталған шаралар барысы, аталмыш мəселені шешу жолында тараптар үшін кездескен қиыншылықтар мен кедергілер кеңінен талданған. Трансшекаралық өзендердің Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы үшін стратегиялық маңызы аталып, олардың тараптар үшін экономикалық тиімділігі, өзендерді дұрыс пайдаланбаудың экологиялық салдары жəне мəселенің басқа да тұстарына баға берілген. Қазақстан мен Қытай Елбасыларының, ведомстволар, министрліктер басшыларының өзара сапарлары барысында трансшекаралық өзендер мəселесін шешуге қатысты қол қойылған құжаттарға сараптама жасалған. Сонымен қатар мақалада трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану бойынша құрылған сарапшылар тобы жұмысының белгіленген əрекеттері мен нəтижелері қарастырылған.
2013

Түркияның аймақтық деңгейдегі ғана емес, сондай-ақ халықаралық геосаясаттағы ұстанымын нығаютудың негізі ретінде энергетикалық факторды атауға болады. Түркияның экономикасы, өнеркəсібі мен сыртқы саяси ықпалының күшеюі үшін ең қажетті шарт – жаңа қуат көздерінің қамтамасыз етілуі болып табылады. Түркия импорттайтын қуат көздерінің жартысын Ресейден жеткізілетін табиғи газ құрайды. Түркия Ресейдің табиғи ресурстарына, əсіресе газына шектен тыс тəуелді болып кетпеу үшін жаңа, балама энергетикалық, көліктік, логистикалық жобаларын жүзеге асыруға мəжбүр. Бұл жобаларға TANAP, BТЕ, Nabucco, TAP, Транскаспий құбырлары сияқты жаңа энергетикалық шешімдер жатады. Түркия келешекте Ресейге энергетикалық тəуелділігін мақсатты түрде азайтып, Əзірбайжан, Түрікменстан, Иран, Ирақ, Қазақстан сияқты зор əлеуетке ие шикізат экспорттаушыларына арқа сүйегісі келеді. Ресей өз шикізатын Түркия сияқты айтарлықтай ірі нарыққа экспорттауға мүдделі. Түркия болса, энергия көздерін үзіліссіз түрде жеткізіп тұратын Ресей сияқты сенімді серіктеспен жақсы қарым-қатынаста болғысы келеді. Ресей Түркияның бағасы төмен, сапасы жоғары тауарларын сатып алуға мүдделі болса, Түркия да Ресейдің тұрақты бағаға сатылатын қуат көздерін сатып алуға үлкен қызығушылық танытып отыр.
2013

Орталық Азия аймағында аймақтық ынтымақтастықты ілгерілетуі,  шекаралық  қақтығыстардың  реттелуі, лаңкестікке қарсы күрестің тиімділігі жəне Ауғанстандағы жағдайдың тұрақтандырылуы АҚШ-тың стратегиялық мүдделеріне сай келеді жəне АҚШ аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Қазіргі таңда АҚШ өз бастамалары арқылы Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне аймақтық интеграция мəселелеріне аса зор көңіл бөлуде. АҚШ-тың «Жаңа жібек жолы» жобасында экономикалық даму мен қауіпсіздік проблемаларын кешенді түрде шешу үшін Орталық Азия аймағына Орталық жəне Оңтүстік Азияны байланыстыратын өзек ретінде Ауғанстанды қосу арқылы жаңа аймақтық қатынастар жүйесін дамыту көзделуде. Мақалада АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясатына жасалынған жəне оның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан мен АҚШ-тың екіжақты қатынастарына тигізетін ықпалы қарастырылған.
2013

Мақалада Жапонияның Орталық Азияға саясаты жан-жақты қарастырылады. Жапония ОА-ның табиғи байлығына мүдделі екендігін жасырмайды жəне бірнеше жылдар бойы өз мүдделерінің негізін түсінуге мүмкіндік жасап келеді. Осыған орай, мемлекеттердің əрбірімен қатынастар орнату олардың толықтай ресурстық мүмкіндігіне тəуелді болды. Осы салада дамуға ресми көмек бағдарламасы шеңберіндегі қаржылық көмек те белгіленді. Бір қарағанда осы аймақтағы Жапония саясаты оның географиялық алыс орналасуы себепті болашағы жоқ болып көрінеді. Дегенмен Жапонияның доктриналарын, концепциясы мен бастамаларын сараптай отырып, ОА-дағы жапондық саясат бүгінгі күннің уақытша қатынастары емес, ертеңгі күннің ұзақ мерзімді болашағы деп сенімділікпен айтуға болады. Дипломатияның бүкіл тарихы бойынша Жапония ешқашан да «бір рет қолданатын» акциялармен шектелген емес, ал оның саясаты əрдайым ұзақ мерзімді шараларды жасауға бағытталды.
2013

Экологиялық мəселелерді шешу жəне қоршаған ортаны қорғау Еуропалық Одақ қызметінің бүгінгі таңдағы маңызды бағыты болып отыр. Бұл салада кең ауқымды экологиялық қағидалар, тетіктер жəне құралдар жүйесі дамыған, тəжірибеде жемісті жүзеге асырылып жатқан заңнамалар, нормалар бар. Əрине, табиғатты қорғау шараларын ұйымдастыруда унификацияланған əдістердің негізінде жүзеге асырылуына тырысады, бірақ əр- түрлі мемлекеттерде өзіндік ерекшеліктер сақталып қалады. Салыстырмалы түрде алсақ АҚШ жəне Канадада экологиялық саясат əртүрлі бағдарламалар, жоспарлар, ұсыныстар негізінде жүзеге асырылса, Батыс Еуропа елдерінде, соның ішінде Францияда экологиялық саясатты жүзеге асыруда заңдар жүйесіне басты көңіл бөледі. Мақалада Францияның экологиялық саясатының тарихи, халықаралық жəне еуропалық деңгейі аясында қалыптасуы, өзгеруі, жетістіктері қарастырылады. Францияның экология саласындағы проблемалары, институттары жəне ластану түрлері – пəнаралық зерттеу жүргізуге мүмкіндік берді.
2013

Бұл мақалада Ресей Федерациясы мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыстардың дамуы жəне ынтымақтастықтың негізгі аспектілері қарастырылған. Негізгі назар Ресей Федерациясы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастың қалыптасып дамуы жəне екі жақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, оның ішінде саяси, экономикалық мəселелеріне бөлінген. Ресей мен Еуропалық Одақ қатынастары əлемдік саясаттың кез келген мəселелерін түрлі деңгейде талқылауға мүмкіндік беретін көрнекті институционалды архитектурадан тұрады. Ресей мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынас белгілі жемістерін беруде. Оның дəлелі экономикалық, саяси, əлеуметтік, қауіпсіздік саласындағы жасалған көптеген келісімшарттар, өзара жасалған бағдарламалар жəне олардың жүзеге асуы. Автор Ресей үшін Еуропалық Одақтың, Еуропалық Одақ үшін Ресейдің алатын орны мен рөліне тоқталады, ынтымақтастықтың барысы жəне оның жолында туындаған мəселелерді көрсетеді.
2013

Бұл мақалада Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алматылық келіссөздер  сарапталады.  Сонымен бірге қазіргі кезеңдегі Иранның ядролық саласына əлемдік қауымдастық тарапынан қалай назар аударылатындығы мен Иранның уранды байыту жөніндегі өндірістік қуаттылығына деген МАГАТЭ көзқарасы қарастырылады. Мақалада, сондай-ақ осы елге қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қабылдаған бірқатар қарарлары да, яғни ядролық қаруды құру мақсаты үшін пайдалануы мүмкін болатын уранды байыту бойынша өндірістік қуаттылықты арттыруға байланысты бағдарламаны жүзеге асыруды тоқтатуға шақыруы да аталып өтіледі. «Алтылық» пен Иран арасындағы келіссөздерге қатысты кейбір мемлекеттердің ұстанымы да баяндалады. Иран өз кезегінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің талаптарын орындамауына қыр көрсету мақсатында кең көлемдегі өндірістік нысандарында уранды байыту бойынша жəне басқа да ядролық жанармайдың қуаттылығын арттыруға бағытталған жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Ирандық тарап мұны тек қана бейбіт мақсатқа арналған деп дəйектеуде.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.