Филология

Мақалада қазақ тілін шет тілі оқытуда ақпараттық технологиялардың тиімділігі жан-жақты талданып көрсетілген. Сонымен қатар авторлар тіл оқытуда инновациялық технологиялардың атқаратын қызметі айрықша екендігін айтқан.
2015

Мақалада қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері жүйесінің моделі сызбалар арқылы көрсетілді. Автор қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың теориялық негіздері оқушылардың қазақ тілін меңгеруі барысында жүйелі ойлауын дамытып, мектепте алған білімінің өмірдің қай саласында да тірек болуын қамтамасыз ететін тиімді əдістемелік жүйе жасауға жəне қолдануға мүмкіндік беретініне тоқталды. Зерттеуде психология жəне педагогика ілімдері байланыстырыла қарастырылды.
2015

 Мақалада Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романындағы тартыс пен характерді ашу үшін, ең алдымен, Абай өмір сүрген заман жан-жақты қарастырылды. Р.Тоқтаровтың шығармашылық жолы, əр жылдары жарық көрген романдарының тақырыптық, көркемдік сипаты туралы қысқаша айтылады. Ең бастысы — осынау романдар шоғырында «Абайдың жұмбағы» шығармасының алар орнына ерекше екпін түсірілді. «Абайдың жұмбағы» романының құрылымы мен кейіпкерлер жүйесі, мінез бен тартыс т.б. пайымдала келіп, авторлық ұстаным, негізгі идеяның жүзеге асуы, Абай феноменінің даналыққа ұласып, жалпақ жұрт үшін жұмбаққа айналуы, басқа да мəселелер авторлық көркемдік тəсілдер аясында қарастырылды.
2015

Мақалада Шыңжаң қазақтары арасындағы беделді тұлға, халықтың жан күйер ақыны Зият Көбегенұлының өмірбаяны, шыққан тегі, шығармашылығын, көпке таныс бола бермеген кейбір қырын негіз ете отырып, өзге ақындардан өзгеше ақындық стилі, даралық қасиеті таныстырылды. Автор шешен ақынның ел ішінде тап бермеде тауып айта алатын қабілетімен, өлең арқылы айтқан тəлім-тəрбиесімен ерекшеленген талай айтыстары, қоғамдағы келеңсіздіктерді сынай сөйлеген өлеңдерінен мысалдар келтіріп, қолданған теңеу, эпитет, салыстырулар жарастығын көрсетті. Əр жылдардағы жинақтарының мазмұны мəнерін талдап қарастырды.
2015

Мақалада ХХ ғасырдың қырқыншы жылдарындағы қазақ əдеби сынының өзекті мəселелері мен жазушы С.Мұқановтың шығармашылығы ғылыми тұрғыда зерделенді. Көркемдік даму үдерісін, қаламгер шығармашылығын сын талқылауынан өткізудегі, тоталитарлық жүйе қысымындағы сын табиғаты жүйелі талданды. Əдеби сынның жанрлық тұрғыдан ізденістерімен қатар, С.Мұқановтың көркем туындылары мен сын мақалалары жан-жақты қарастырылды. Сондай-ақ сынның проблемалық мақала, полемикалық мақала, əдеби шолу, тағы басқа түрлерінің жандана бастауы жан-жақты сарапқа салынды.
2015

Ғұлама ойшыл жəне терең білімді ғалым ретіндегі əл-Фарабидің бейнесін қалпына келтіруге ұмтылыс жасалған. Оның əлемдік ғылым тарихындағы орны ашылған. Əл-Фарабидің философиялық көзқарастары баяндалған, олардың философиялық ойдың одан əрі дамуына ықпалы көрсетілген. Əл-Фарабидің ойларының ерекшеліктері жəне оларда рационализм мен демократизмнің ұштасуы суреттелген. Аталмыш ойшылдың əлемдік өркениетке қосқан үлесі қарастырылған. Өзі өмір сүрген кезге дейінгі жəне тарих пен саз ілімінің барлық тұстары жүйеленген тұғырлы еңбек жазғаны көрсетілген. Əл-Фарабидің барлық адамдар өз ой қабілеттерін дамытуда тең екендігін уағыздайтын, олардың өз білімдерін жетілдіруге бағыттайтын ілімдік ұстанымдары айрықша көрсетілген. Шығыстың ұлы ойшылының шығармашылық мұрасы барлық əлем үшін зор екендігі айрықша айтылған.
2015

Мақалада сал-серілер бейнесі арқылы ұлттық рухани мəселесі қарастырылған. Сал-серілер — ғасырлар бойы ұлт мақтанышына айналған қайталанбас талантты өнер иелері. Қазақ халқының суырып салу өнері ұлттық рухани мұраға айналды. Атап айтсақ, Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Құлтума, Естай, Қанапия сияқты өнер тарландары ХІХ ғасырдың ІІ жартысында жəне ХХ ғасырдың І жартысында ұлттық музыка мəдениетінде жəне қазақ əдебиетінде маңызды орын алады.
2015

Шығыстың ғұлама ғалымы Əбу Насыр əл-Фарабидің сан қырлы ғылыми қызметі туралы қысқаша деректер келтірілген. Оның өз уақытындағы ғылымның барлық салаларының құрамдас бөлігі болып табылатын əдебиеттану, тіл білімі, поэзия, лингвистика саласындағы зерттеулеріне айрықша көңіл бөлінген. Оның өзі өмір сүрген оныншы ғасырдан бастап қазіргі кезге дейін Батыс пен Шығыстың көптеген көркем сөз шеберлері айтып өткен жəне айтып жүрген дарынды ақын екендігі көрсетілген. Көрнекті ғалымның əдеби шығармашылығын өткен ғасырдың 70-жылдарынан қазіргі кезге дейін зерттеген қазақстандық əдебиеттанушыларының зерттеу нəтижелері суреттелген.
2015

Мақалада қазіргі тəуелсіз қазақ əдебиетінде өз бағытын айқындап, стилін танытқан жазушы Асқар Алтай шығармашылығы ғылыми тұрғыда қарастырылған. Жазушының «Кентавр», «Альпинист»,«Казино» сынды шығармаларын негізге ала отырып, сюжеттік құрылымы талданды. Жалпы қазіргі таңдағы көркем шығармадағы сюжеттің рөлі мен дəстүрлі прозадан ерекшелігі, мотивпен байланысы айтылды. Көркем шығарма сюжеті жөніндегі əдебиеттанушы-ғалымдардың пікірлері сараланды.
2015

Мақалада қазақ есімдерінің, оның ішінде бейресми есімдерінің тарихы жайлы сөз болады. Автор аңыз-ертегі кейіпкерлері мен ру, тайпа атауларынан бастау алатын бейресми есімдер тарихын тілші, тарихшы, этнолингвист-ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, дəуірлерге бөледі. Əр кезеңнің есімдер табиғатының ерекшелігіне, олардың түрлі қоғамдағы, ортадағы көрінісіне тоқталады. Бейресми есімдердің І дəуірі — көне түркі заманын, яғни V–VІІІ ғасырлардағы антропонимдерді қарастыра отырып, осы дəуірдегі ең басты ерекшелік – есімдердің ауысып отыруы туралы деректерді келтіреді. Мысалдар негізінде кісінің өз есімі мен бейресми есімінің шекарасын нақтылайды.
2015

Мақалада тіл біліміндегі сөз жəне фразеологизмдердің варианттары қарастырылды. Автор тіл білімінде варианттылық мəселесін қарастырған ғалымдардың ой-тұжырымдарын негізге ала отырып, көркем шығарма тіліндегі фразеологизмдерге тілдік талдау жасаған. Фразеологизмдердің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, лексика-грамматикалық варианттарын тілдік деректер арқылы дəлелдейді. Фразеологизм варианттарының көркем шығарма тілінде қолданылуы кең əрі өрісті екендігін жəне олардың жазушы қолданысында стильдік бояуының арта түсетінін мысалдармен көрсетеді.
2015

Əке туралы сағынышпен естелік жазғанда көңіл əуені сан-саққа шарықтап, асқар тау əкенің асыл да абзал, қымбат та ұмытылмас мінез-қасиеттерімен, ақыл-кеңестерімен, елдік намыс-мүдделерімен қайта табыстырып, тарих қойнауына оралмастай боп сіңген сонау бір қызық та, шыжық күндерді нақпа-нақ жауһар күйінде жəудіретіп еске салып, еңселендіретіні таңырқарлық құбылыс екендігі баршамызға аян. Осы орайда айтарымыз атақты ғалым Рашит Əл-Каренидің (Кареновтің) əкесі Саттар Қараұлының 100 жылдығына орай «Əке рухымен сырласу» атты монографиясын жарыққа шығаруы1.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.