Құқық

Абайсыз кінə нысанымен жасалатын қылмыстарды зерттеу құқықтық ғылымның дара, ауқымды бөлігін құрайды. Соңғы өркениетті дамыған жылдары аталған қылмыстарды алдын  алудың əлеуметтік мəні артуда. Оларды болдырмау — маңызды əлеуметтік-экономикалық міндеттердің бірі. Қылмыстық абайсыздықтың аса қауіптілігіне, өсу қарқынына көңіл бөле отыра, қазіргі криминологтар мен социологтар абайсыз əрекеттердің басымшылық мүмкіндігін болжайды, өйткені қасақана қылмыстардың азаюын көздейтін факторлар табиғатының түрлілігінен абайсыз қылмыстар үшін тиімсіз болуы ықтимал. Абайсыз қылмыстардың салдарынан туындайтын моралдық-саяси зардап қасақана қылмыстардың криминогендік роліне ие болуы мүмкін, себебі қылмыстық ұқыпсыздық, мемлекеттік жəне қоғамдық мүлікке деген салғырттық милиондаған залалмен өрнектелетін, мүлікті талан- тараждауға əкеп соғады. Қазіргі қол жеткізілген білім деңгейін ескерсек, абайсыз  қылмыстарды алдын алу мəселелерін кешенді зерттеудегі шешуші ролді əлеуметтену, психология, қылмыстық құқық, криминология жəне басқа өзара байланысты ғылымдар иеленеді.
2009

Қазақстан өз алдына дербестік алып, егеменді ел болғаннан бері талай оңды өзгерістердің куəсі болып келе жатырмыз. Осы кезеңдерде еліміздің тұрғындарының басқа салалармен қоса рухани аумақтада көптеген ұмтылыстары байқалады. Мұның бір көрінісі ретінде көпшіліктің дін жолына назар аударып, біреулері оны өмір сүру жолы таңдап алу құбылыстарының кейінгі жылдары жиілеуін алуға болады. Бұл мəселе мемлекет тарапынан да назарға алынбай қалған жоқ. Қазіргі кезеңде жалпы бұқаралық ақпарат құралдарында дəстүрлі діндердің (ислам, христиан, иудаизм) ешқандай кедергісіз уағыздалып, халықты жат ағымдардан сақтандырып, олардан ажырату үшін дін ережелерінің тəптіштеп түсіндірілуі осының куəсі. Əрине, белгілі бір наным-сенімді қабылдағаннан кейін адамның онда бекітілген ережелермен өмір сүруге тырысуы заңды құбылыс. Мысалға, қазақ халқының басым бөлігі өзінің тіршілігіндегі маңызды оқиғаларды діни рəсімдермен байланыстырып өткізуге деген сұранысы қазіргі уақытта тіптен күшейіп отыр. Олар неке қию, той жасау, баланы  сүндетке отырғызу, құрбандық шалу жəне т.б. оқиғаларды өз нанымдары бойынша құдай тарапынан қабыл болып, оның ризалығына ие болулары үшін діни тəртіпте дəлме-дəл істеуге тырысуда.
2009

Адам құқықтары көптеген мыңжылдықтар бойы адамзаттың басты назарында болды. Жеке тұлғалар мен биліктің өзара қатынас əдістерін іздеу үрдісі тұрақты түрде жүріп отырды. Адам құқықтарының мəселесі өмірге, ар-намысқа, тұлғаның қол сұғылмаушылығына, нанымның бостандығына құқығы адам өмірінің қажетті шарты болғандықтан, əрқашанда өткір таптық шайқастардың, əр түрлі соғыстар мен көтерілістердің себепшісі болды. Адамзат дамуының əрбір са- тысында жаңа ұрпақ, өзінің құқықтарын қорғай отырып, субъектілерге таралған бостандық шеңберін кеңейту      жəне   мемлекеттік       органдар       мен     лауазымды   тұлғалардың        тарапынан       туындайтын немқұрайлық əрекеттерін шектеуге қол жеткізуге талпынғандығы сирек емес.
2009

Кеңес Одағының ыдырауы салдарынан өріс алған 90-шы жылдардағы тоқырау мəселелерінен толық арыла қоймаған Орталық Азия (ОА) мемлекеттерінің даму стратегияларында бірінші кезекте əлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу міндеттері, сондай-ақ халықаралық аренадағы өзіндік орнын анықтау арқылы халықаралық қауымдастыққа өз ерекшеліктерімен тартылу мəселесі тұрды. Осындай жағдайлар барысында жəне қазіргі халықаралық қауымдастықтың бағалауы бойынша, даму жолындағы қоғам сұраныстарына бірден-бір жауап бере алатын  демократиялық құрылымдардың Орталық Азияда тапшы болуы мəселесімен бірге, 2001-ші жылдардан бастау алатын Ауғанстандағы əскери операциялар нəтижесінде дəстүрлі емес қауіптердің аймаққа тартылып кетуі мүмкін деген қауіппен ОА мемлекеттеріне халықаралық саясаттың назары  ерекшеленді. Халықаралық қауымдастыққа аймақ елдерімен тығыз қарым-қатынаста ынтымақтасу қажет болды, ал Түрікменстанды есепке алмаған жағдайда, барлық ортаазиялық мемлекеттер өз  кезегінде ұлттық жəне аймақтық қауіпсіздік мүдделерін ескере отырып, халықаралық құрылымдар мен акторлар арасындағы өзара қатынастарын нығайтуға тырысты.
2009

Қазақстанның мемлекеттік жүйесін қалыптастыруда сот жүйесін қайта құрудың орны ерекше. Алайда тарихи тəжірибенің көрсеткішіне құқықтық жүйенің қызметінің ұйымдастыру мен оның қызметіне байланысты ойластырылмаған іс-əрекеттер өзінің тиімсіз жемісіне алып келіп соғады. Өрескел қателерді қайталамау үшін біздің аса бай тарихымызды пайдалануымызға болады, оның ішінде Кеңес өкіметінің тарихын да бізге үлкен тəжірибе береді. Сонымен қатар соңғы кезде Кеңес өкіметінің даму тарихына қоғам тарапынан қате баға берілуде. Мұның дəлелі есебінде ХХ ғасырдағы алып мемлекеттің тарапынан жасалған қате іс-əрекеттердің жемісі бүгінгі таңдағы қоғамымыздағы дағдарыстың бірден-бір себебі болып отыр. Қазіргі таңдағы тарихи зерттеулерге қарасақ, соның ішінде «ішкі» тəжірибеге байланысты «суық соғыстың» идеологиялық бағыты батыстың тарихи кезеңімен сəйкес келеді. Кеңес өкіметінің кезеңіндегі ГУЛАГ-тың тарихы, өткеніміздегі, зардап шегу, қоғамға аса зор қайғы-қасірет төндірген жəне тоталитарлық репрессиялық жүйемен ерекше есімізде қалды. Сондықтан да, Кеңес өкіметі қоғамындағы сот жүйесінің алар орны мен маңыздылығын ғылыми тұрғыдан зерттеу ерекше маңызға ие болып отыр. Мысалға əскери  трибуналдардың Ұлы Отан соғысындағы дамуы мен алар орны, сонымен қатар əскери əділет жəне кеңестік сот жүйесін зерттеу соңғы кезге дейін жекелей қолға алынған емес.
2009

1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы егеменді Қазақстанды жаңа саяси жəне экономикалық жүйені қалыптастыруға бағытталған демократиялық, зайырлы, құқықтық, əлеуметтік мемлекет ретінде бекітті. Конституция халықаралық-құқықтық актілердің басымдылығын мойындап, мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам жəне адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары болып табылатынын жоғары заңдық деңгейде бекітті. Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам құру жолында жеке тұлғаның құқықтық қорғалуына, адам жəне азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайтуға алғы дəрежелі маңыз бөлінуі қажет. Қандай да болсын іс жүргізу ретінде қылмыстық іс жүргізу қызметінің саласына тартылған тұлғалардың құқықтарын қорғау мəселелері ерекше назар аударуды керек етеді. Олардың шешімі қылмыстық қудалау органдарының зорлық-зомбылық үшін жағдайларды болдырмауға, аталмыш тұлғалардың іс жүргізу құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын күшейтуге бағытталуы қажет. Қылмыспен күресті күшейтуде тергеу органдарының маңызы зор.
2009

Əрине, еліміздегі заңға қарсы іс-қимылдарды, демек, қылмыстарды ашу мен тергеу барысында, ұйымдастырушы-басқарушылық қиындықтарды жою тергеуші мен жедел қызметкерлердің іздеу- барлау мен ақпараттық-зерттеу қызметін жүзеге асыру мен жетілдіруге, олардың тактика- психологиялық мүмкіндіктерін маңызды түрде жоғарылатуға жайлы жағдайлар туғызады. Бұл, өз кезегінде, құрылған іздеу топтарымен қылмыстарды ашу мен тергеу барысында қалыптасқан жағдайларды тиімді шешу нəтижелелерін жəне іздеу-бөгеу шараларының тиімділігін жоғарылатады. Іздеу топтары дегеніміз — ішкі істер органдарының жедел  қызметкерлерін жəне қылмысты ашу бойынша іздеу жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында қатыстырылатын басқа тұлғаларды (жəбірленушілерді, куəларды жəне тағы басқаларды) қамтитын, қылмыстық іс бойынша анықталған міндеттерді шешуге арналып құралатын арнайы ұйымдастырылған құрылымдар.
2009

Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына кіруі мен шығуы мемлекеттік шекарадағы халықаралық жəне жолаушылық жөнелтілімдер үшін ашық өткізу пунктері арқылы төлқұжат немесе оны алмастыратын құжаттар бойынша, егер Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының визасы болған жағдайда жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының кіруі үшін берілетін визалар (кіруші) жəне Қазақстан Республикасынан шығуға берілетін визалар (шығушы)  Қазақстан Республикасының арнайы уəкілетті органдарымен, соның ішінде шекаралық, консулдық мекемелерімен беріледі, бұлар жоқ болған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы уəкілетті өкілдіктерімен рəсімделеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы Қаулысымен бекітілген шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің жəне болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тəртібі
2009

Қазіргі таңда саяси-құқықтық үрдісте мемлекеттік билік институттарын реформалауда саяси- құқықтық тəртіптің ұлттық дағдысына сай негіздерін қарастырмайды. Мемлекеттік билікті концепциялауда Қазақстан заң ғылымы мен саяси ғылымы ұлттық дəстүрді менсінбей,  көбінесе батыс елдерінде бұрын жүргізілген реформаларға негізделіп, жалпы əмбебаптық  өркениеттік модельге келістіру, басқаша айтқанда, мемлекеттік-құқықтық институттардың тарихи дамуын қарастырмай жəне ұлттық ерекшелігін ескермей, оларды түсініксіз, қазіргі мемлекет типіне сай емес, өзіндік айрықшылығы бар жəне заманға сай біркелкі сəйкестендірілген схемаға келмейді деп бастартатын болды. Кез келген саяси-құқықтық билік қандайда мəдени өркениеттік кеңістікте өз ерекшелігімен тəнті етеді: олардың өзара жақындасуы (араласуы) ұлттың дəстүрлі тіршілік болмысын, əлеуметтік көзқарасын жəне мəнді саяси-құқықтық жүріс-тұрысы моделін жаңадан пайымдаумен түсіндіріледі. Демек, ұлттық саяси жəне құқықтық аясын институционалды қайта құру тұрғысынан қарауды талап етеді.
2009

Мұсылман ғалымдары — муджтахидтер мұсылман құқығының қалыптасуында маңызды ролге ие. Муджтахидтер негізінен саудамен айналысып, мемлекеттік қызметте болмаған. Сол себептен мұсылман құқығы «төменнен» тəжірибеден емес, «жоғарыдан» доктринадан пайда болған деген пікір қалыптасқан. Мемлекеттің қызметі тек тиісті мазхаб бойынша мұсылман құқығының нормаларын санкциялаумен ғана шектелген. Мұсылман соттары (қади) істерді қарау кезінде Құран мен сүннеттің нормаларын тиісті мазхабтың негізін салушылардың жəне олардың ізбасарларының еңбектеріне сəйкес қолданды. X ғасырда иджтихадтың дамуы нəтижесінде мұсылман құқығының негізгі қайнар көзі   болып  доктрина   табылды.
2009

Қазақстан Республикасының Үкіметімен 18 жыл ішінде мемлекеттік билік аясын реформалауға, жекелей алғанда орталық жəне жергілікті билік органдарының функцияларының бөлінуіне, жергілікті мемлекеттік билік органына заңмен бекітілген құзыреттері шегінде өз еріктіліктің берілуіне бағытталған заңдық-құқықтық негіз құрылды («Қазақстан – 2030» Даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейін дамуының стратегиялық жобасы, 2005–2007 жылдарға арналған Үкімет бағдарламасы, 2002–2006 жылдарға арналған Аймақтық саясат концепциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы). Қазақстанның дамуының «Қазақстан – 2030» Стратегиясында мемлекеттік функциялардың орталықсыздандырылуы мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүйесінің құрылуы Республика Президентімен басымдықтардың бірі ретінде анықталды. «Билікті орталықтан алудың жəне өкілеттіктерді өздері шұғылданатын объектілерге тікелей қатысты неғұрлым төменгі деңгейлерге ойыстырудың қажеттігі айдан анық», — деген Елбасы бұған жыл сайынғы жолдауларында да тоқталып отырды.
2009

Біздің елімізде көптеген адам өміріне қауіпті қылмыстар (кісі өлімі, қарақшылық, терроризм т.б.) қаруды қолдану арқылы жасалады. Бұлардың ішінде отпен атылатын қару арқылы жасалған қылмыстар ерекше қауіп туғызатыны белгілі. Сондықтан да отпен атылатын қаруды жəне одан атылатын оқ-дəрілерді теориялық деңгейде зерттеу өте маңызды. Осыған байланысты біздің жұмыс отпен атылатын қару мен оқ дəрілерді криминалистикалық зерттеуге арналған. Отпен атылатын қару мен оқ-дəрілерді зерттеу қылмыстарды саралауға жəне кейбір жағдайларда қылмыс құрамының бар не жоқ екенін анықтауға септігін тигізеді. Сондай-ақ қылмыс құрамының объективті жақтарымен бірге, субъективтік жағын да анықтауға осы отпен атылатын қаруды зерттеу көмектеседі. Мысалы, абайсызда немесе қасақана кісі өлтіру, өзін-өзі өлтіру жəне бақытсыз жағдайға ұшырау сияқты жағдайларды анықтау.
2009