Құқық

Қазақстан Республикасы мен ТМД елдеріндегі (Ресей, Украина, Беларусь) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамаларға салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізілді: ұлттық қауіпсіздік туралы, көлік туралы, көліктің жеке түрлері туралы заңдар, заңға бағынышты нормативтік- құқықтық актілер, Қазақстан Республикасымен ратификацияланған көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық конференциялар (келісімдер), «Көліктегі қауіпсіздік туралы» ТМД Модельдік заңы. Заңнамаларға жүргізілген талдаулар көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелері ТМД елдерінде əрекет ететін көлік туралы заңдарда ішінара реттелгенін көрсетті.
2014

Мақалада Қазақстан Республикасы əскери саясатының конституциялық-құқықтық реттелу мəселелері қарастырылған. Автор əскери саясат жəне қауіпсіздіктің конституциялық-құқықтық нормаларының қорғау жəне қамтамасыз ету сұрақтарына ерекше көңіл бөлген. Сондай-ақ Қазақстан өзінің тəуелсіздігін жариялап, əлем қауымдастығына толыққанды мүше болуына байланысты өзінің мемлекет ретінде қалыптасуын нақты жағдайда бекіту тікелей мемлекеттік саясатқа да байланысты болғаны жайлы сөз етті.
2014

Мақалада Қазақстан Республикасы əскери саясатының конституциялық-құқықтық реттелу мəселелері қарастырылған. Автор əскери саясат жəне қауіпсіздіктің конституциялық-құқықтық нормаларының қорғау жəне қамтамасыз ету сұрақтарына ерекше көңіл бөлген. Сондай-ақ Қазақстан өзінің тəуелсіздігін жариялап, əлем қауымдастығына толыққанды мүше болуына байланысты өзінің мемлекет ретінде қалыптасуын нақты жағдайда бекіту тікелей мемлекеттік саясатқа да байланысты болғаны жайлы сөз етті.
2014

Мақала адвокат-қорғаушының қылмыстық іс жүргізу субъектілері арасындағы ерекше маңызға ие қатысушы екені белгілі. Себебі айыпталушының, сезіктінің немесе жəбірленушінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. Сол себепті осы əрекеттерді жүргізу барысында дəлелдемелер жинау жəне дəлелдеу процесіне қатысудағы үлкен мəселелер мен ауқымды іс-шаралар ұсынылады. Жалпы, дəлеледеме жəне дəлелдеу — қылмыстық процестің маңызын анықтайтын негізгі мəселелер. Оларға көптеген зерттеулер арналған. Сондықтан дəлелдемелерді жинау туралы мəселелерді қарастыру аса қажет.
2014

Мақалада тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетігін құқықтық реттеудің мəселелері, сондай-ақ ұлттық заңнаманы жетілдіру жолдары қарастырылды. Автор теориялық ұстанымдар мен азаматтық заңнаманың нормаларына салыстырмалы талдау жүргізу жолымен тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ұғымы мен құқықтық тəсілдерін анықтау бойынша, сонымен қатар заңнаманы қолдану тəжірибесінің тиімділігін жоғарылатуға бағытталған ұсыныстарын жариялады.
2014

Мақалада Қазақстан Республикасының білім жүйесіне сипаттама беріліп, түрлі деңгейде білім берудің ерекшеліктері қарастырылған. Ақылы білімнің мемлекет пен қоғам үшін пайдасы мен зияны көрсетілген. Ақылы білімнің дамуына салыстырмалы талдау жасалған. Ақылы білімнің ұлттық адами капиталды қалыптастырудағы рөлі айқындалған. Қоғам мен мемлекеттің элитасы жəне адами əлеует мəселелері зерттелген. Ақылы білім беру қолданыстағы заңнамада қаншалықты бекітілген жəне қандай заңнамалық олқылықтар бар екендігі айтылған. Зерттеу нəтижелері бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасалған.
2014

Мақалада құқықтық мемлекетті қалыптастыру кезеңінде азаматтардың қоғамдық бірлестіктерге бірігу құқығының ерекшеліктері қарастырылған. Аталмыш тақырыпты ашу барысында автор Қазақстан Республикасының заңдары мен конституциялық негіздеріне сəйкес адам жəне азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мəртебесіне жəне олардың түрлері мен нысандарына түсінік берген. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы азаматтарының бірігу құқығын реттейтін жəне оған кепілдік беретін қазақстандық заңдарды жүзеге асыру үшін бірқатар мəселелерге қатысты ұсыныстар жасаған.
2014

Мақалада Қазақстан Республикасындағы əскери қызметшілерді əлеуметтік қорғаудың конституциялық-құқықтық реттелу мəселелері қарастырылған. Автор əскери саясат жəне қауіпсіздіктің конституциялық-құқықтық нормаларының қорғау жəне қамтамасыз ету сұрақтарын қарастырды. Сондай-ақ Қазақстан өзінің тəуелсіздігін жариялап, əлем қауымдастығына толыққанды мүше болуына байланысты өзінің мемлекет ретінде қалыптасуын нақты жағдайда бекіту тікелей мемлекеттік саясатқа да байланысты болғаны жайлы сөз етті.
2014

Мақалада азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартудың негізіне алынатын зиян келтіру қағидасы мен кінə қағидасы деп аталатын екі түрлі тұжырымның айырмашылықтары, артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылды. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық құқық ғылымындағы «кінə» ұғымына қатысты əр түрлі көзқарастарға талдау жүргізілді. Соның нəтижесінде автор зиян келтірушінің кінəлі жауапкершілік қағидасын қолдай отырып, деликтілік құқықтық қатынастағы тараптардың кінəсі осы міндеттемелердің құқықтық табиғатына қарай кеңірек көрініс табады жəне өзіне тəн ерекшеліктерге ие болады деген қорытынды жасайды.
2015

Мақалада Қазақстан Республикасында қызметкерлердің еңбек құқықтарының қазіргі таңдағы қорғалу дəрежесі қарастырылған. Авторлар Қазақстан Республикасы еңбек құқығының ерекшеліктерін ескере отырып, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауды жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар мен қорытындылар жасауға тырысқан. Сонымен қатар қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауды реттейтін еңбек заңнамасының нормаларын, аталған нормаларды қолдану барысында пайда болатын теориялық жəне практикалық мəселелерді зерттеген.
2015

Мақалада көп партиялықты, өкілдік демократияны, сонымен қатар ұлттық идеологияны жетілдірудің конституциялық негіздері қарастырылған. Авторлардың ойынша, осы факторлар жаһандану кезінде мемлекеттілікті нығайтудың негізі болып есептеледі, жазу барысында авторлар еліміздің таңдаулы мемлекеттанушыларының еңбектеріне сүйенген.
2015

Мақалада автор Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының бала асырап алуының құқықтық тетігін қарастырған, сондай-ақ асырап алынған қазақстандық балалардың шетел отбасыларындағы құқықтарының қорғалуына бақылау жасау мəселелерін зерттеген.
2015